Жаңалықтар
«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды 20.05.2025
«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» "Ашық бюджет" порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды»:1. 806001 «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»Ссылка:https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=3883232Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/996182?lang=kk
«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды 20.05.2025
«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды.Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:456 001 "Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/38823492) 456 002 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер"https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/3882559456 003 "Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру"https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/3882638Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/996167?lang=kk
«Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды 20.05.2025
«Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды.Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:1) 451001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855173&budgetState=PROJECT2) 451005 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855173&budgetState=PROJECT3) 451006 «Тұрғын үй көмегін көрсету»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855291&budgetState=PROJECT4) 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855726&budgetState=PROJECT5) 451010 «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855737&budgetState=PROJECT6) 451011 «Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, төлеу және жеткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855746&budgetState=PROJECT7) 451014 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855756&budgetState=PROJECT8) 451017 «Аз қамтылған мүгедектігі бар тұлғаларды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнайы көлік құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ санаториялық-шипажайлық емдеу қызметтерімен, ымдау тілі мамандарымен және науқасты оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілермен қамтамасыз ету.»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3549120&budgetId=3855783&budgetState=PROJECTАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/996129?lang=kk
Пәкістан теміржол Министрімен кездесуге 20.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Кистафиннің Пәкістан темір жол министрі Мұхаммад Аббасимен кездесуі өтті. Көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Екі тарап Ауғанстан арқылы ҚР мен ПИР арасындағы теміржол қатынасын дамыту жөніндегі бастамаларды қолдап, бұл екіжақты ғана емес, өңірлік форматта да сауданы нығайтуға ықпал ететін болатынына сенім білдірді.Тиімді, қауіпсіз және орнықты дәліздерді, оның ішінде транзиттік мақсаттағы маршруттарды құруға баса назар аудара отырып, теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі нақты жоспарлар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/996037?lang=kk
Әскери жиын: әнші Ибрагим Ескендір мен алып күш иесі Тимур Спатаев әскери форма киді 20.05.2025
Астанада 99255 әскери бөлімінің базасында запастағы әскери міндеттілердің кезекті жоспарлы оқу-жаттығу жиыны басталды. Әскери жиынға шақырылған астаналықтар жеке құрамды жинау пунктіне келіп, әскери киім-кешек алды. Жұмылдырылған ресурстарды хабардар ету, қабылдау және шақыру барысында әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен елордалық аумақтық қорғаныс бригадасының өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.– Жиынның негізгі мақсаты - жұмылдыру ресурстарын дайындау және қайта даярлау, әскери міндеттілердің далалық білімін және олардың іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру. Жиын бригада басқармасы басшылық құрамының жұмылдыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу саласындағы білімдерін жетілдіруге бағытталған, – деп түсіндірді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Фархат Құрманғажинов.Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасына даярлықтан өту үшін 70 әскери міндетті офицер мен 30 сержант шақырылды. Олардың арасында әртүрлі кәсіптер мен қызмет түрлерінің өкілдері бар.– Он сегіз жыл Қарулы күштердің түрлі әскери бөлімдерінде қызмет еттім. Бүгін елорда әкімдігінің бұйрығымен әскери жиынға шақырылдым. Мұндай іс-шаралардан ешқашан қашпауымыз керек. Біздің көпшілігімізде пандемия кезінде жиыннан өту тәжірибесі бар. Біз, запастағы офицерлер, жастарға үлгі болуға тырысамыз, – деді «Толағай алыптары» жобасының авторы запастағы майор Тимур Спатаев.Жиынға шақырылған белгілі әнші запастағы аға лейтенант Ибрагим Ескендірдің айтуынша, әскери міндеттілер өздерінің кәсіби шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыруы қажет.– Жастар өз елінің тірегі болуы керек. Жиынға өз Отанын сүйетін және оның алдындағы жауапкершілікті сезінетін нағыз жауынгерлер шақырылады. Алдымызға қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындайтынымызға сенімдімін, – деді И. Ескендір.Әскери міндеттілердің он күндік жиыны жұмылдыру және күзет ротасын жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру тақырыптарын пысықтауды көздейді. Бұдан басқа, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында жауынгерлік үйлестіруді жүргізу, әскери және мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады. Жиын 2025 жылдың 23 мамырына дейін жалғасады.Астананың қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери міндеттілер үшін әскери жиын кезінде орташа айлық жалақы сақталатынын еске салды. Оқу бағдарламасын сәтті меңгергендерге кезекті әскери атақтар берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/995971?lang=kk
«Аңызға айналған ұстаз» еске алу кеші 20.05.2025
2025 жылғы 14 мамырда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ әдебиетін оқытуда өзіндік мектеп қалыптастырған дара педагог, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұлт ұстазы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 80 жылдығына арналған «Аңызға айналған ұстаз» атты еске алу кеші өтті.Көрермен назарына Қанипа Омарғалиқызының өмір жолы мен ұлт руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегі жайлы бейнематериалмен ұсынылды. Жүректерге жол тартқан бұл шара – тек еске алу ғана емес, кемел тұлғаға тағзым, парасат биігінен үн қату болды.Кеш аясында Қанипа Омарғалиқызының шәкірт жүрегіне шырақ жаққан ұстаздық болмысы жайлы тағылымды естеліктер мен жүрекжарды лебіздер айтылды. Ұлт ұстазының ұлағатты жолы, әдебиетке қосқан үлесі мен жаңашыл әдістемелік мектебі жайында пайымды пікірлерімен:Қазақстан Республикасының Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, 2007 ж. Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлына сөз берілді.Ұлағатты ұстаздың көзін көрген, еңбегін бағалаған қаламгер ағаларымыздың бірі Ақанов Сағымбек, өз естеліктерімен бөлісіп, ұстаз бейнесін сан қырынан ашты.С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры - Картаева Айжан Маратбекқызы Хан апа жайында, оның ұстаздық жолы туралы сөз сөйледі.Қанипа апайдың шәкірті Қуаныш Еркін ұстазы жайлы естелігімен бөлісіп, арнауын арнады. Әр айтылған сөз – Қанипа Омарғалиқызының рухына арналған құрмет пен тағзымның жарқын көрінісі болды.Сонымен қатар, Қанипа апайдың туған сіңлілері Жаңыл апай, Бақыт апай және Бақытгүл Омарғалиқызы апайлары жайлы жүрекжарды сөз сөйлеп, отбасы, өскен ортасы, тұлғалық болмысынан сыр шертті.Ақындар жыр арнап, әндер шырқалды. Шәкірт жүрегінен түлеген сағыныш пен сыйластық, әріптестердің құрметке толы лебізі – ұстаз рухына арналған шынайы алғыс іспетті өрілді.Қанипа Бітібаеваның есімі – қазақ әдебиетін ұрпақ бойына сіңірудегі жаңашылдық пен жанкештіліктің символы. Ол – оқытушы ғана емес, әдебиетпен тыныстаған, шәкірт жүрегіне шырақ жаққан шамшырақ еді. Оның ұстаздық болмысы – әдебиетпен өрілген тағдыр, жүректерге сәуле сыйлаған шынайы шырақ екені тағы бір мәрте дәлелденді.Кеш соңында Жамбыл атындағы гимназия оқушылары Қанипа Бітібаеваға арналған Серік Ғабдуллаұлының «Алтын адам» атты тебіреністі жырын ерекше ықыласпен оқып, ұстаз рухына деген мәңгілік тағзымды жүрекпен жеткізді. Шәкірт үні мен ақын сөзі үндесе өріліп, тыңдарманды толғаныс пен тағзымға бөлеп, кеш пердесін рухты жырмен жапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/995974?lang=kk
Қосшы қаласының қоғамдық мәдени - спорт кешені еліміздің 20 өңірінен келген мәдениет басқармаларының басшыларын қарсы алды 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Креативті Қазақстан: өңірлердегі креативті индустрияларды дамыту» атты оқыту бағдарламасына еліміздің 20 өңірінен келген креативті индустрияларды дамытуға жауапты басқарма басшыларына Қосшы қаласының креативті хабта экскурсия жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/995953?lang=kk
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары Сіздерді « Курчатов қаласы әкімінің аппараты» 20.05.2025
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары Сіздерді « Курчатов қаласы әкімінің аппараты» ММ Ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:122 001Аудан (облыс мәніндегі қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметhttps://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogramgovAgencyId=3647268&budgetId=3868532&budgetState=PROJECT122 001Аудан (облыс мәніндегі қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметhttps://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogramgovAgencyId=3647268&budgetId=3868464&budgetState=PROJECАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/995925?lang=kk
15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі 20.05.2025
БҰҰ бастамасымен құрылған бұл күн әлемде 1994 жылдан бері тойланып келеді.Отбасы балаларды тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды сақтау мен өскелең ұрпаққа тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Отбасында кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, қолдау, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды біледі.Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әрбір Қазақстандық отбасына бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/995927?lang=kk
«Бейнелеп би тілімен бар әлемді...» 20.05.2025
13 мамыр күні филармония төрінде «Гәкку» би ансамблінің «Бейнелеп би тілімен бар әлемді...» атты есептік концерті өтті.«Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаеваның жетекшілік етуімен талай асуларды бағындырып, сахна төрлерінде өнер көрсетіп жүрген Халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі бүгінгі есептік концертінде қазақ халық билерінен бастап, басқа халықтардың билері мен заманауи би үлгілерімен толысқан бай репертуарын өнер сүйер қауымның назарына ұсынды.Концерттің шымылдығы К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында биыл 100 жылдығы атап өтіліп отырған композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» негізінде қойылған «Аққу» биімен ашылды. Сонымен қатар өнер тарланының «Көш керуен» (қоюшы Меңтай Тілеубаев), «Көңілді бикештер» шығармалары ансамбльдің мың бұралған бишілері Айдана Нұрланова, Камила Бекмұхамбетованың жеке орындауында көпшіліктің назарына ұсынылды.Кеш барысында А.Жайымның «Сағыныш» (қоюшы Г.Ордабаева), «Аян» қырғыз биінің, «Парящие девушки» әзірбайжан биінің, «Думанды дала» биінің тұсауы кесілді.Көрермендер қазақ би өнерінің алтын қорына енген Шара Жиенқұлованың «Айжан қыз», Дәурен Әбіровтің «Қоштасу», Заурбек Райбаевтың «Қос алқа», Айгүл Татидің «Сылқылдақ» билерін бірегей бишілер Тұраханова Аружан мен Нұрғожина Динара, Жанабаева Елдананың және ансамбльдің орындауында тамашалады.Дәстүр мен жаңашылдық тоғысып, бір арнаға құйылып төгілген концерттік бағдарламаға ұлы өнерге нық қадам басып келе жатқан «Аманат» би мектебінің ізбасар бишілері де қатысып, өнерлерін ортаға салды.Әсемдік пен нәзіктік, үйлесім мен сұлулық шынайы көрініс тапқан концерт көптің көңілінен шыққаны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/995934?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті 20.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Танмай Лалмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады.Атап айтқанда, олар Нью-Делиде, соның ішінде «Орталық Азия-Үндістан» Диалогы аясында өтетін алдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын салыстыруға» тағы бір мүмкіндік беретінін атап өтті.Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында ҚР Елшісі үнді дипломатын Қазақстандағы әлеуетті инвестициялық жобалармен таныстырды. Т.Лал өз кезегінде Қазақстан экономикасына үнділік инвестицияларды, атап айтқанда, Үндістанның ірі компанияларын тартуға көмектесуге дайын екенін білдірді.Елдер арасындағы өзара тиімді жан-жақты әріптестікті кеңейтудегі шарттық-құқықтық базаның маңыздылығын айта отырып, әңгімелесушілер қол қоюға дайындау мақсатында қазіргі уақытта тараптар әзірлеп жатқан келісімдердің жобаларын қарауды жеделдету қажеттігі туралы келісті.Келіссөздер қорытындысы бойынша Елші А.Есқараев пен Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Лал екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/995899?lang=kk
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы 20.05.2025
2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.Апта бойы еліміздің әр өңірінде мектептер мен колледждерде ақпараттық кездесулер, жастар денсаулығы орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер мен тренингтер, сондай-ақ мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылуда. Аталған іс-шаралар жыныстық жетілу, жеке гигиена, контрацепция, қауіпсіз қарым-қатынас, отбасын жоспарлау және зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папилломавирусына (HPV) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцина егу басталды.Спикердің айтуынша, бұл – аурудың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі таңда Алматы облысында осы диагнозбен тіркелген әйелдердің саны 1100-ден асты. Бұл жағдай аурудың өзектілігін айғақтайды.Бедеулік мәселесіне тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) секілді заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, мыңдаған отбасыға үміт сыйлауда.«Репродуктивті денсаулық апталығы – бұл жастардың, ата-аналардың және бүкіл қоғамның назарын денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағыттайтын маңызды алаң. Бұл – тек ақпарат тарату емес, сонымен қатар алдын алу, ерте диагностика және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруды көздейтін бастама. Осындай кешенді жұмыс арқылы біз жастардың денсаулығын сақтап, болашақ ұрпақтың амандығына негіз қалаймыз», – деді спикер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/995841?lang=kk
«Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті 20.05.2025
Бүгін аудандық Жыраулар үйінде аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлының төрағалығымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті.Конференцияға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Абдрахманов, бөлім басшысы Альсеит Иманқұлов, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Құрақбаев, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.Мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру, бюджет қаражатының жұмсалуын тиімді бақылау және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында өткізілген жиындаТексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылау бөлімінің басшысы Альсеит Аманжолұлы «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі» туралы баяндама жасаса, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Амангелдіұлы «Мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді пайдалану салаларын атап өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Әбдірахманқызы «Мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында сөз қозғап, қаржы тәртібі мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын түсіндірді.Конференция қорытындысында әр баяндамашыларға ұсыныс-пікірлер айтылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/995810?lang=kk
Әрбір чек-жеңіске жету мүмкіндігі! 20.05.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған 2 ауқымды акцияның іске қосылғаны туралы хабарлайды.1. "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті "Amian"мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.2. "Бәйге" жаңа акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін-мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.Сатып алыңыз-сканерлеңіз — жеңіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/995820?lang=kk
Тараз қаласында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сотталғанға телефон жеткізу әрекетінің жолын кесті 20.05.2025
Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері режимдік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін дер кезінде тоқтатты.Қысқа мерзімді кездесу кезінде сәлемдемені тексеру барысында, жеткізу мен кездесулерді бақылау бөлмесінде (ЖКБ), Ұлттық ұланның кезекшіліктегі әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері бірлесіп, ылғал майлықтардың қаптамасынан 1 ұялы телефон мен 2 USB зарядтау шнурын тапты.Сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын тапсыруға тырысқан.Тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.Айта кету керек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының маңызды міндеттерінің бірі саналады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/995784?lang=kk
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жұмыс сапарымен Бастаушы ауылына барып, жергілікті тұрғындармен есептік кездесу өткізді. 20.05.2025
Аудан әкімі Бастаушы ауылының тұрғындарымен кездесті.Ашық форматта өткен кездесуде ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.Кездесу барысында тұрғындар:• Ауыл ішіндегі апатты ескі тоғайларды анықтап кесу;• Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті қоршауға қаражат бөлу қажеттігін;• Ауылдағы футбол алаңын қоршау мәселесін көтерді.Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша жауап беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныстары жергілікті бюджет пен алдағы жоспарларға сәйкес қарастырылатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/995785?lang=kk
Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі 20.05.2025
Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады. Іс-шара 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші өз өнімін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады.Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод» танымал бренді, «Аq Dam» ұлттық тәттісі, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс пен туризмге арналған киім мен жабдық, «Balausa Jewelry» зергерлік бұйымы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлық батарея өндіруші, толықтай қазақстандық брендпен әзірленіп, жиналған алғашқы ирригациялық машина өндіруші «Su bereke», «Аврора» дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттарды әзірлеу мен өндіру көшбасшысы, «Almaty Turmystyq Tehnika zavody» ЖШС тұрмыстық техника өндіру зауыты және тағы басқалар бар.Сонымен қатар, «Ulttyq ónim» шеңберінде отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған панельдік сессиялар өтеді. Оларға жетекші қазақстандық және халықаралық спикерлер қатысады. Қатысушылар Қазақстандағы бизнес үшін өзекті трендтерді, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды.Сондай-ақ, көрме барысында «Халық Таңдауы» атты тәуелсіз, дәм тату байқауы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер мен ерлердің киімдерінің топтамасын көрсету, кәсіпкерлердің шеберлік сыныбы, көрмеге қатысушылар ұсынатын күнсайынғы ұтыс ойыны мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.Айта кетсек, көрмеде кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекеттік саясатты табысты іске асырудың аз ғана бөлігі көрсетіледі. Тек 2024 жылы ғана «Даму» қоры арқылы мемлекеттің қолдауымен 1,7 трлн теңге несиемен 29,5 мың жоба қамтылған екен. Ол үшін 590 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 25,4 трлн теңгеге өнім шығарылып, 1,7 трлн теңге салық төленген. 9,7 мың жұмыс орны құрылған. Барлығы «Даму» қорының құралдары арқылы мемлекеттің қолдауына 225,3 мың адам ие болды. Берілген несиенің жалпы сомасы 14,1 трлн теңгелік жобалар. Осының арқасында 220 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 1,2 млн-нан астам жұмыс орны сақталды. Шамамен 130 трлн теңгеге өнім шығарылып, 9,0 трлн теңге салық түсті.«Ulttyq ónim» өткізу отандық тауарлар мен қызметтерді танымал етуге және ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналып отыр. Жыл сайын көрмеге қызығушылық артуда. 2022 жылы келушілер саны 20 мыңнан асса, 2023 жылы 22 мың. Сату көлемі де артып, 2022 жылы 70 млн теңгеден 2023 жылы 74,1 млн теңгеге жетті.Көрмеге кіру тегін. Тек сол көрмеде немесе «Ulttyq ónim» сайтында алдын ала онлайн-форматта тіркелу қажет. Тіркелу үшін сілтемеЕлорда тұрғындары мен қонақтарын «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысып, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!Орны: EXPO халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1)Салтанатты ашылуы: 16 мамыр, сағат 09:00-де.Көрменің жұмыс уақыты: 2025 жылғы 16-18 мамыр, сағат 08:00-18:00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/995792?lang=kk
Қазақстанның бітімгерлік әлеуетін күшейту: БҰҰ конференциясында Руслан Жақсылықов контингенттің өкілеттігін кеңейту туралы мәлімдеді 20.05.2025
Біріккен Ұлттар Ұйымының Берлиндегі министрлік конференциясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің бітімгерлік қызметі туралы баяндама жасады. Биылғы жылы Берлин министрлерінің кездесуі БҰҰ құрылғанына 80 жыл толуына және бейбітшілікті сақтау жөніндегі көшбасшылар саммитінің 10 жылдығына орай өтіп отыр.Оған БҰҰ Хатшылығының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылығы мен лауазымды адамдары, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты.Кездесуде БҰҰ-ның маңызды, өміршең, сенімді және тиімді құралы ретіндегі бітімгерлік рөлін сақтау, оның қатаң қаржылық шектеулер жағдайындағы экономикалық тиімділігі және қақтығыстар динамикасының өзгеруіне байланысты бірқатар басқа да аспектілер талқыланды. Тараптар бейбіт тұрғындарды қорғау, стратегиялық коммуникациялар, бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әйелдердің бітімгерлік операцияларға қатысуы саласында пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстанның қазіргі мүмкіндіктері мен бітімгерлік әлеуеті туралы баяндама жасады. Ол кездесуге қатысушыларды географияны кеңейту және ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің ұйымның бітімгерлік миссияларына қатысуын әртараптандыру туралы хабардар етті. - Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан бейбітшілік, тату көршілік, барлық серіктестермен және халықаралық институттармен сындарлы диалог орнату саясатын ұстанады. Голан жоталарында дербес ұлттық бітімгерлік контингентін өрістету біздің еліміздің БҰҰ-мен бітімгерлік саласындағы өзара іс-қимыл деңгейін сапалы арттырды және Қазақстанның қорғаныс ведомствосы тарихындағы маңызды кезең болды, - деп атап өтті өз сөзінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Қорғаныс ведомствосының басшысы сондай-ақ бүгінгі таңда Қазақстанның бітімгерлік операциялардың орталығын ғана емес, Қарулы күштердің басқа да оқу орталықтарын пайдалана отырып, бітімгерлерді даярлаудың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін айтты.Қорғаныс министрі Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ операцияларының қажеттіліктері үшін стратегиялық тасымалдау жөніндегі әлеуетін іске қосу туралы бастама көтерді, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына осындай мүмкіндіктері бар елдермен авиациялық ғана емес, сонымен қатар әскери-теңіз, Құрлық компоненттерін де тиісті үлгілік ұзақ мерзімді келісімдерді (меморандумдарды) әзірлеудің орындылығын қарауды ұсынды.Бұл бірегей алаңда конференция тарихында БҰҰ-ның ресми тілдері: ағылшын, француз, испан, орыс, араб және қытай тілдерімен тең дәрежеде қазақ тіліндегі баяндама тұңғыш рет жасалғанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/995793?lang=kk
ҚАЗТЕСТ 20.05.2025
2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында Қостанай облысында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтеді.Толық ақпарат алу үшін 54-12-38 телефоны арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/995795?lang=kk
Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті отандастар! 20.05.2025
Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз!Жеңіс күні – халықтың қаһармандығының, ерлігі мен төзімділігінің символы, бұл әрбір отбасының жадында мұқият сақталатын естелік.Барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін, өшпес ұлы ерліктері мен қайсарлықтары үшін тағзым етеміз!Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен амандық тілейміз! Туыстарыңыз бен жақындарыңыз әрқашан қастарыңызда болып, әрбір жаңа күн тек қуаныш пен жан тыныштығын әкелсін.Жеңіс жолында құрбан болған ерлердің жарқын бейнесі мәңгі есте қалады! Үлкен Нарын ауданы мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/995797?lang=kk