Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті жергіліктендірудің перспективалары Малайзияда талқыланды 19.05.2025
ҚР Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Hovid» малайзиялық фармацевтикалық компаниясының штаб-пәтеріне барып, оның басшылығымен кездесті.«Hovid» – 80 жылдан астам тарихы бар, Малайзиядағы фармацевтика саласының жетекші компанияларының бірі. Компания 400-ден астам өнім түрін, оның ішінде дженериктерді, рецептсіз сатылатын дәрілерді және биологиялық белсенді қоспаларды шығарады. Компания өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады, бұл оның өнімдерінің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. «Hovid» халықаралық GMP және ISO стандарттарына сәйкес сертификатталған заманауи өндірістік қуаттарға ие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді дамытуда.Кездесу барысында қазақ дипломаттары еліміздің фармацевтика нарығының мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын таныстырды. Тараптар «Hovid» компаниясы мен Қазақстанның фармацевтикалық және дистрибьюторлық компаниялары арасындағы ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады. Әсіресе өндірісті жергіліктендіру, технологиялар алмасу және өнімді Қазақстан нарығына жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994419?lang=kk
AI’preneurs 2025: Жасанды интеллект бағытындағы стартаптарды дамытуды көздейтін акселерацияның екінші легі басталды 19.05.2025
 Astana Hub-та жасанды интеллект (AI) саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі – AI’preneurs бағдарламасының екінші легі басталды. Бағдарлама IT-кәсіпкерлер, инноваторлар мен салалық мамандар арасында қызығушылық тудырды: 2025 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен 360 өтінім қабылданды.Іріктеу нәтижесінде бағдарламаға 58 қатысушы өтті. Олардың орташа жасы – 33. Қатысушылар қатарында технология мен бизнес саласында тәжірибесі мол мамандар бар. Мұнда практикалық дайындығы мықты кәсіпкерлер, корпоративтік сектор қызметкерлері мен фрилансерлер жиналды. Олардың арасында халықаралық компаниялар мен технологиялық жобаларда жұмыс істегендер де бар.«AI’preneurs – жай ғана акселератор емес, бұл – ертеңгі күннің мәні мен технологиясын жасайтын адамдарға жасалған инвестиция. Бүгінде жасанды интеллект айналасындағы экожүйе тез дамып келеді. Біз, мемлекет ретінде, мықты командалар мен таланттарға даму үшін нақты алаң ұсынуымыз керек. Осы ретте, қатысушылар өз идеяларын нақты AI-өнімдерге айналдыру үшін жан-жақты қолдауға ие болады. Біз оларды деректер жиынтықтары мен есептеу қуаттылығынан бастап, SAFE келісімі аясындағы бастапқы инвестицияларға дейін маңызды ресурстармен қамтамасыз етеміз. Бұл бастамалар – Мемлекет басшысы қойған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай 10 мың AI-маман даярлау, 5 технологиялық "юникорн" шығару және жыл сайынғы IT-қызметтер экспортын $5 миллиард жеткізу көзделді”, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Бағдарлама оффлайн форматта Астанада өтеді. Басқа қалалар мен елдерден келген қатысушыларға бағдарлама кезеңінде тұрғын үй беріледі. Оқыту мерзімі үш айды қамтып, білім беру іс-шаралары, салалық сарапшылардың жеке кеңестері мен жобалар бойынша белсенді практикалық жұмыс жүргізіледі.Бағдарлама жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған ұлттық бастама аясында жүзеге асырылуда және AI технологияларын қолданатын кәсіпкерлер экожүйесін қалыптастыруға сеп болады.Еске салсақ, AI’preneurs бағдарламасының бірінші легі жоғары қызығушылық пен қатысушылардың әлеуетін нақты көрсетті. Былтыр 250 өтінім ішінен 50 маман іріктеліп, 21 команда құрылды. Соның ішінде 9 команда акселерацияны сәтті аяқтап, Seed Money аясында қаржыландыруға ие болды.AI’preneurs бағдарламасы туралы толық ақпаратты Astana Hub платформасынан табуға болады.Дереккөз : ҚР ЦДИАӨМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/994420?lang=kk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/994667?lang=kk
«Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» облыстық тәжірибелік семинар 19.05.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері үшін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  №37 көпбейінді  орта мектеп базасында 2025 жылдың13 мамырында «Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.Семинардың мақсаты - мектепалды даярлық сыныптарынан, балабақшадан мектепке көшу кезінде сабақтастық пен сәтті бейімделуді құру, жас ерекшеліктерін ескере отырып үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету және жеке даму картасын толтыру бойынша  іс – тәжірибелермен  бөлісу.Cеминарда спикерлер мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің мектепке сәтті бейімделуі  және бастауыш буын арасындағы сабақтастық бойынша ашық сабақтар, шебер сыныптар көрсетіп, баланың жеке даму картасын толтыру бойынша  іс- тәжірибелерімен  бөлісті.Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994431?lang=kk
Малайзияда автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 19.05.2025
ҚР Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев Малайзияның жетекші автокөлік өндірушісі – «Протон» компаниясы жүзеге асырған «Протон Сити» көпфункционалды қалашығына жұмыс сапарымен барды. Аталған нысанда компанияның бас кеңсесі, өндірістік кешені, сондай-ақ қызметкерлердің өмір сүруіне қажетті әлеуметтік инфрақұрылым орналасқан.Сапар барысында қазақ дипломаттары зауыттың жұмысымен және өнім желісінің кеңейтілуіне байланысты даму жоспарларымен танысты. «Протон» компаниясы өндірілетін барлық автокөлік үлгілерін, соның ішінде алғашқы малайзиялық электр көлігін ұсынды.Кездесу аясында қазақстандық тарап Малайзия компаниясына еліміздің экономикалық әлеуеті мен қолайлы инвестициялық климаты туралы ақпарат берді. Келіссөздер барысында Қазақстан Елшісі мен компания басшылығы «Протон» өнімдерін қазақстандық нарыққа шығару және өндірісті кезең-кезеңімен жергіліктендіру мүмкіндігін талқылады. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдіріп, жұмыс бағытын жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994400?lang=kk
Грузияда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті 19.05.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 1 мамыр - Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Грузияның астанасында «Бір шаңырақтың астында» атты іс шара өтті.Кезінде Қазақстанда тұрған түрлі ұлт өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, елімізде болып жатқан жаңа өзгерістермен бөлісті.Қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінің негізгі мазмұнымен таныстырылды, жалпы оларға Ассамблеяның жұмысы, осы күзде өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің басты бағыттары мен  ұлтаралық және дінаралық келісім бойынша еліміздің бастамалары жөнінде айтып берілді.Елімізде 30 жыл тұрып тарихи отанына оралған Инга Перадзе  туған жерін, қазақ халқын тек үлкен жылылық сезіммен еске алатынын, сағынатынын ерекше сезіммен жеткізіп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысқан әзербайжан, грузин, татар, орыс, түрік өкілдері  Қазақстанда бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүргендеріне тоқталып, қай жерде жүрсе де өздерінің екінші отанын дәріптейтіндерін жеткізді.  Отандастарымыз Жанат Кшаева мен Гүлмира Күренкеева ұлттық ою-өрнектерге арналған шеберлік дәріс өткізіп, олардың қазақ халқының тұрмысы мен өміріндегі мән-мағынасы туралы айтып берді.Іс-шара барысында қатысушыларға әнші Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекенім» әніне арналған Қазақстанның әр алуан табиғаттың, киелі орындары мен мәдениетін көрсететін бейне-клипі көрсетілді. Бұл арқылы көрермендер Ұлы даланың ең көрнекті танымал туристік жерлеріне визуалды саяхат жасай алды.Сондай-ақ Қазақстанға арналған фото-көрме ұйымдастырылып, еліміздің мәдениеті, өнері, туристік саласына арналған арнайы кітаптар мен анықтамалар жиналғандарға табысталды.Достық пен бірлік мерекесі ән мен биге ұласып, қатысушылаға ерекше көңіл-күй сыйлады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/994395?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына орай: еңбек ардагерлеріне құрмет пен марапат 19.05.2025
Самар ауылдық округінің әкімі М.Дюсупов округ мамандарымен бірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагерлерін құттықтады. Айтулы мерекеге байланысты ардагерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.Бұл ардақты жандар — батырлық тарихтың тірі куәгерлері. Біз олардың елге сіңірген еңбегі мен бейбіт өмірге қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Ардагерлерге құрмет көрсету арқылы біз тарихи жадымызды сақтап, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ерлік пен елге деген адалдықты дәріптейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/994372?lang=kk
«Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті 19.05.2025
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан үлкен жоба.Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан бастаған акция бүгінде қазақ әдебиетінің ең  таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келеді. Жобаны жалғастыру мақсатында 12 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №1 Абай атындағы орта-мектеп лицейінің фойесінде «Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті. Мектеп оқушылары кітап көрмесін тамашалап, өз ойларымен бөлісті.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/994341?lang=kk
ҰЭМ: жыл басынан бері 586 млрд теңгеден астам қаржы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 19.05.2025
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен бизнестің қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп, 2025 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 4 898 жобаға 586 млрд теңгеге қолдау көрсеткен.Бұрын айтылғандай, ағымдағы жылғы сәуірде «Даму» қоры арқылы кепілдік беру қорлары жұмысын бастады. Мұның біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі шағын және орта бизнес жобаларына, екіншісі 7 млрд теңгеден асатын ірі жобаларға арналған.Бүгінгі таңда 8 банкпен келісім жасалған. Кепілдік қорына алғашқы 537 млн теңге жарнаны Freedom Bank салып отыр. Сонымен қатар, Halyk Bank, ForteBank пен Банк Центркредит банкі тиісінше 2 млрд, 1,8 млрд және 1,6 млрд теңгеден үлес қоспақ.ШОБ-қа арналған Кепілдік қоры ашылғаннан бері 230 жобаға 27,7 млрд теңге несие берілген. Бұл ретте кепілдік сомасы 13,9 млрд теңге. Жобалардың 70%-дан астамы жаңа өндірісті іске қосуға, жабдық сатып алу мен құрылысқа, инвестициялық мақсатқа арналған. Ең көп қолдау көрсетілген, шамамен 40% өтінім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сондай-ақ, көлік және логистика, денсаулық сақтау мен білім беру саласында да сұраныс жоғары деңгейде.Кепілдік беру бойынша 2025 жылдың басынан бері «Даму» қоры жалпы сомасы 256 млрд теңге, жалпы кепілдік сомасы 178 млрд теңгеге 2 017 жобаға қолдау көрсетті.Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудан ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен несие беруге көшу шеңберінде биыл қаржы көлемін 750 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен үш еседей артық. Сондай-ақ, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% жаңа бағдарлама іске қосылмақ. Ол бойынша өңдеу өнеркәсібі, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика сияқты басым сектордағы жобаларға қаржы бөлінеді.Бүгінде қолданыстағы жеңілдікпен несие беру бағдарламасына сай, 755 жобаға 53 млрд теңге қолдау көрсетілген.Бұл ретте микро және шағын бизнеске берілетін 200 млн теңгеге дейінгі несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сақталады. Осы арқылы экономиканың басым саласындағы шағын кәсіпорындарға көмек жасалмақ.Бүгінгі таңда сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 2 126 жобаға 276 млрд теңге берілді. Қаражаттың негізгі бөлігі бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде басым саланы қолдауға жұмсалды: өңдеу өнеркәсібіндегі 595 жобаға 90,8 млрд. теңге, көлік және қоймалауда 576 жобаға 52,8 млрд.теңге, білім беруде 158 жобаға 28,5 млрд. теңге несие бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/994325?lang=kk
Алаяқтар интернет желісінде жиі пайдаланатын 5 қулық 19.05.2025
Интернеттегі алаяқтық жыл сайын күрделене түсуде. Алаяқтар сіздің ақшаңызға немесе деректеріңізге қол жеткізу үшін сатушылар, сатып алушылар, банк қызметкерлері және тіпті жақын адамдар ретінде жасырын әрекет етеді.Біріншіден, алаяқтық қарапайым хабарландыруынан басталуы мүмкін. Адам сол бойынша хабарласады, ақша аударады да, ақырында қаражатсыз қалады.Екіншіден, алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жиі қоңырау шалады. Олар сенімді сөйлейді, қауіп-қатер төндіріп тұр деп сендіреді және жылдам әрекет етуге шақырады.Үшіншіден, жалған инвестициялар белсенді қолданылады: олар оңайтабыстабуғауәде береді, салым салудынемесебанктікқосымшаға кіруге мүмкіндік беруді ұсынады.Кейбір жағдайда алаяқтар фишингті – жалған сайттар мен хаттарды пайдаланады, олардың бір қарағанда ресми сайттардан айырмашылығы жоқ. Адам сілтеме бойынша өтіп, деректерді енгізеді, нәтижесінде шотқа кіруге мүмкіндік беретін барлық ақпарат қылмыскерлердің қолына түседі. Сондай-ақ, мессенджерлердегі «достардан» хабарламалар келуі мүмкін – олар қарызға ақша сұрайды, ұтыс ойынына қатысу немесе сауалнамаға жауап беруді өтінеді, содан кейін шоттағы ақша есептен шығарыла бастайды.Өзіңізді қорғау үшін, ең алдымен, цифрлық гигиенаны сақтау керек. Ешқашан SMS кодтарын, құпия сөздерді және карта деректемелерін жібермеңіз. Логинді немесе кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын міндетті түрде тексеріңіз. Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеп алу керек. Ал бастысы, егер сізге қысым жасалып жатқанын сезінсеңіз немесе сізді асықтырып жатса, ақша аударуға асықпаңыз.Өзіңізді қалай қорғауға болады SMSкодтарын,PINкодтарын,картаданCVVжәнебасқадеректердіешкімге хабарламаңыз.Логинменкілт сөзді енгізбес бұрынсайттыңмекенжайын тексеріңіз.Күдіктіхабарламалардансілтемелергеөтпеңіз.Қосымшаларды текресми платформалардан жүктеңіз.Ешқашанқысымменақшааудармаңыз–тіптіқоңыраушалушыөзінполиция қызметкері немесебанкқызметкері ретінде таныстырса да.БарлықоперацияларбойыншаSMS ескертулерін орнатыңызжәнекредиттік тарихтытексеріңіз.Құрбан болған жағдайда не істеу керек Егерсізақшанынемеседеректеріңізді берсеңіз – дереубанкпенполицияға хабарласыңыз.Неғұрлымжылдамәрекет етсеңіз, қаражаттықайтаружәнеқылмыскерлердітоқтатумүмкіндігісоғұрлымжоғары болады.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.   Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/994335?lang=kk
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Меңдіқара ауданының әкімдігінде аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы өтті. 19.05.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/994338?lang=kk
2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді 19.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.«Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат ИбрайхановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/994287?lang=kk
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық жұмыстар 19.05.2025
Құрметті пайдаланушылары!   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 13 мамыр сағат 21:00-ден 14 мамыр сағат 06:00-ге дейін «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ тарапынан Бірыңғай интернет шлюзі жабдығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.Осыған байланысты, аталған уақыт аралығында Комитеттің келесі ақпараттық жүйелерінің: «ЭШФ», «АСТАНА-1», «Кеден», «СӘАЖ», «Е-терезе», «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «СТК» жүйелерінің уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, сондай-ақ ҚР басқа мемлекеттік органдарымен «ЭҮСШ» арқылы интеграцияда қиындықтар туындауы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/994269?lang=kk
«Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен келеді! 19.05.2025
Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театры 2025 жылдың 14 мамыр күні сағат: 19:00 де «Екі тағдыр – бір өмір» автобиографиялық драмасы, 15 мамыр күні, сағат: 11:00 де «Үй таңдаған лақ» ертегісі, кешкі сағат: 19:00 де «Өмір-ғайып» мелодрамасымен . 14 мамыр сағат 14.30-да БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.Театр, өнер сүйер қауымға Серік Жүзбайдың «Өмір-ғайып» мелодрамасын, Ермаханова Ақботаның «Екі тағдыр – бір өмір» автобиографиялық драмасын, Әлібек Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» ертегісін ұсынады.Бұл қойылымдарда кез-келген адам өмірінде орын алатын оқиғалар көрініс табады. Өмірдің мәні, адам тағдыры мен таңдау еркіндігі туралы ой салады. Инклюзивті театр сахнасындағы ерекше жандардың өнері шынайылық пен рухтың биіктігін паш етеді. Қойылымға келген әрбір көрермен қойылымдардан шынайы эмоция алып, көтеріңкі көңіл күймен қайтары сөзсіз.Театрдың мақсаты – мемлекетіміздегі физиологиялық ерекшеліктері бар жандардың талантын ашу, сахна кеңістігінде олардың шығармашылық әлеуетін арттыру, қоғам ұзақ уақыт  байқамаған мүмкіндіктерін жүзеге асыруларына түрткі болу. Қазақстанның түкпір-түкпірде жиналған ерекше жандардың театр шаңырағында басын қосып тұрақты жұмыспен қамтып, өмір мен өнерге деген құштарлығын арттыру.Театрдың гастрольдік сапар шегудегі бас мұраты ерекше қажеттілігі бар жандардың өмірде де, өнерде де орны ерекше екенін көрерменге жеткізу және дәріптеу. Инклюзивті қоғам құрып, мүмкіндігі шектеулі жандардың еңсесін көтеріп, өзге де қалаларда ерекше жандарға арналған өнер ордаларының ашылуына себепкер болу.Орталық Азияда аналогы жоқ «Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған тұрғындары мен қонақтарын ерекше әрі әсерлі қойылымдарымен қуантуға асығады!Қойылым Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театры сахнасында өтеді.Сіздерді театр ұжымының қойылымдарын тамашалауға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/994271?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдепті сақтау міндетті 19.05.2025
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдепті сақтауға, өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге міндетті.Ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі, сонымен бірге өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.            Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтауға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.        Марат Бейсенов, Павлодар облысы бойыншамемлекеттік кірістер ДепартаментініңӘдеп жөніндегі уәкілі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/994247?lang=kk
Самар ауданының № 32 өрт сөндіру бөліміне ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен жаңа техника келіп түсті. 19.05.2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сай Самар ауданының №32 өрт сөндіру бөліміне ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен жаңа техника әкелінді. Шараға Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов қатысып, өрт сөндіру көліктерінің жағдайымен танысты. Аудан басшысы төтенше жағдайлар мен тілсіз жаудың алдын алудың маңызын ерекше атап өтті. Өскемен қаласынан жеткізілген “УРАЛ” маркалы 6 тонналық екі өрт сөндіру көлігін №32 өрт сөндіру бөлімінің мамандары пайдалануға қабылдап алды. Бұл төтенше жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/994248?lang=kk
MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды 19.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.  Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді  қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды. «Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды. Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/996557?lang=kk
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қазақстандық бизнес-делегациясының сапары 19.05.2025
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстандық бизнес-делегация сапары аясында Дубайдың Сауда палатасының іскерлік қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтті.Делегациялар Алматы қаласы «Атамекен» Өңірлік кеңесінің төрағасы Шоқанов Н.Н. және «Dubai Chambers» Президенті, Атқарушы директоры Мохаммад Али Рашид Лута бастауымен болды.Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей іскерлік байланыстар орнату және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/994215?lang=kk
Жазғы демалыс – денсаулық пен дамуға жол 19.05.2025
Жазғы демалыс– әрбір оқушы асыға күтетін ерекше кезең. Балалардың бұл уақытты пайдалы, қауіпсіз әрі қызықты жағдайда өткізуі үшін 2025 жылы өңірде кең ауқымды жазғы демалыс пен сауықтыру науқаны ұйымдастырылады.Жалпы білім беретін мектептер жанынан тамақсыз жұмыс істейтін 408 жазғы алаң мен қосымша білім беру ұйымдары жанынан 30 алаң ашу жоспарланып отыр. Жазғы лагерьмен 295 410 бала қамтылады деп күтілуде. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 23 мыңға көп. 2024 жылы 400 алаң жұмыс істеп, оларда 271 918 оқушы демалған болатын.Әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік жағдайы төмен 128 566 оқушының 111 850-сі, яғни 87%-ы жазғы демалыспен қамтылады. Олардың қатарында жетім балалар, қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар, девиантты мінез-құлыққа бейім жасөспірімдер бар.Жазғы науқанға дайындық аясында лагерь басшылары, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен семинарлар өткізіледі. Жауапты тұлғаларға барлық нұсқаулықтар мен ұсыныстар жеткізілді.Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес міндетті білім беру қорынан бөлінетін қаржы есебінен облыстық бюджеттен жекелеген санаттағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 282 млн 310 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір ата-ана баласын лагерьге өз қаражаты есебінен жібере алады. Өткен жылы мемлекеттік қаржыландырудың арқасында 1275 бала демалса, «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының қолдауымен тағы 2421 бала жазғы демалыспен қамтылды.Маусымдық лагерьлердің барлығы 1 маусымнан бастап жұмысын бастайды және 31 тамызға дейін жалғасады. Балаларға тамақтану ақылы негізде ұсынылады, егер олардың әлеуметтік санатына сәйкес өзгеше көзделмесе. Жазғы демалыстың маңызды бөлігі – мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы болады: спорттық жарыстар, эстафеталар, шахмат және үстел ойындары бойынша турнирлер, шығармашылық байқаулар, шеберлік сабақтары, экскурсиялар, зияткерлік ойындар, квесттер, тақырыптық кештер, концерттер, театр қойылымдары мен би кештері ұйымдастырылады. Негізгі мақсат – балалардың белсенді, қауіпсіз және пайдалы демалысына қолайлы жағдай жасау.Ойын-сауық және танымдық іс-шаралар вожатыйлармен, қосымша білім беру педагогтерімен, сондай-ақ мәдениет, спорт, кітапхана, музей, медицина және құқық қорғау органдарының мамандарымен ұйымдастырылады. Лагерь бағдарламасы аясында балаларды экскурсияларға шығару жоспарланған: музейлер мен мәдени орталықтарға бару, табиғи көрнекі орындармен танысу, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына сапарлар, фестивальдер мен жарыстарға қатысу. Барлық сапарлар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, педагогтер мен медицина қызметкерлерінің ілесуімен өтеді, ал балаларды тасымалдау лицензиясы бар тасымалдаушылар арқылы жүзеге асырылады.Барлық лагерьлерде тәулік бойы медициналық қызмет көрсетіледі. Медициналық кабинеттер жабдықталып, фельдшер немесе медбике тұрақты негізде жұмыс істейді, санитарлық жағдай бақылауға алынып, алдын алу тексерістері жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балалар шұғыл түрде медициналық мекемелерге жеткізіледі. Сонымен қатар, балалармен денсаулық, жеке гигиена және судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелер ұйымдастырылады.Балалардың қауіпсіздігі – әр лагерьдің басымдығы. Лагерь аумағында кіру-шығу тәртібі бақыланып, мүмкіндігінше бейнебақылау орнатылады, тәулік бойы күзет қызметі ұйымдастырылады. Өрт қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. Балалардың суға шомылуына тек арнайы жабдықталған жерлерде, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен ғана рұқсат етіледі.Белсенді демалыстан бөлек, лагерьлерде білім беру және шығармашылық іс-шаралар да ұйымдастырылады. Зияткерлік викториналар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер, көркем әдебиет оқу, қолданбалы өнермен айналысу, театр және музыкалық қойылымдар, шақырылған мамандармен дәрістер мен кездесулер – барлығы балалардың ой-өрісін кеңейтуге және қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сабақтар ойын түрінде, балалардың жас ерекшелігі мен қызығушылықтарын ескере отырып өткізіледі, бұл өздерін көрсетуге тағы бір мүмкіндік береді.Осылайша, 2025 жылғы жазғы сауықтыру науқаны ондаған мың баланы қамтып, әрбір баланың демалысын тек қызықты ғана емес, пайдалы етуге мүмкіндік береді. Бұл – өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға қосылған маңызды үлес, ең бастысы – ел болашағына жасалған қамқорлық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/994219?lang=kk
Дубайдағы жол және көлік басқармасының бас директоры Маттар Аль Таейрмен кездесу 19.05.2025
9 мамырда Дубайдың Жол және көлік басқармасының (RTA) Бас директоры Жоғары Мәртебелі Матар Аль Тайермен кездесу барысында 2025 жылғы Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға ресми шақыру табыс етілді. Форум еліміздің астанасында 29-30 мамырда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/994225?lang=kk
Камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі 19.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды дербес жою құқығын қамтамасыз ету болып табылатынын хабарлайды.Салық есептілігін талдау нәтижелері бои‌ынша кірістерді төмендету, шығыстарды заңсыз көтеру, салық мөлшерлемелерін дұрыс қолданбау, жеңілдіктерді негізсіз қолдану және т.б. анықталған жағдаида, камералдық бақылау хабарламалары жолданады.Хабарламаны орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келісілген жағдаи‌да қосымша салық есептілігі ұсынылуы қажет.Бұзушылықпен келіспеген жағдаи‌да бұзушылықтардың болмауы туралы түсініктеме ұсыну талап етіледі.Қазіргі уақытта камералдық бақылау бағыты адам факторын алып тастаи‌ отырып, автоматтандырылған қызмет көрсету үлгісіне қаита қалыптастырылған.Осылаи‌ша, растаи‌тын құжаттарды ұсыну және олар бои‌ынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару міндетін алып тастау арқылы тәуекелдің орташа дәрежесі бар хабарламаларды орындау тәртібі оңаи‌латылды.Сонымен қатар, камералық бақылау хабарламаларына жауап берген салық төлеушілерге қатысты банк шоттары бои‌ынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмеи‌тінін қосымша атап өткен жөн.Тиісінше, орташа тәуекел дәрежесі бар барлық хабарламалар автоматты түрде орындалды деп танылады.Өз кезегінде, салықтық тексерулер салық заңнамасын жүи‌елі түрде бұзатын және алдын алу шараларына (камералдық бақылау хабарламалары, хабардар ету) ден қои‌маи‌тын салық төлеушілерді қамтитын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/994229?lang=kk