Жаңалықтар
"Бәйге" акциясы 19.05.2025
Құрметті павлодарлықтар! Қазақстанда 2025 жылдың 1 мамырынан бастап "Бәйге" атты жаңа акция басталады. Осы акция шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген азаматтар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Науқан ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады."Бәйге" қорытындысы тоқсан сайын ең белсенді фискалдық чектердің ең көп санын жіберген 20 қатысушыны (әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір-бірден) айқындау жолымен өткізілетін болады.Қатысу үшін "Amian" қосымшасын орнатып, тіркеліп және тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлеу үшін фискалдық чектерді қосып отыру қажет.Сатып алу, қызмет алу кезінде Сіз үнемі бақылау-касса машинаны (БКМ) қолданумен және чек берумен кездесесіз, бірақ іс жүзінде көпшілігіңіз чек беруге қатысты тиісті мән бермейсіз.Чекті бермеу кәсіпкерлік субъектінің нақты кірісін төмендетуге ықпал етеді, бұл өз кезегінде бюджетке салық түсімінің толықтығына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың түспеуі мемлекет өзіне алған бағдарламалардың орындалуына тікелей әсер етеді. Сондықтан тауарларды сатып алу немесе қызметті алу кезінде чекті талап ету қажет. Бақылау чегі ұғымы – бұл сатушы мен сатып алушы арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайтын бақылау-касса машинасының бастапқы есеп құжаты.Сонымен бірге, чекті талап ете отырып, сіз бірінші кезекте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделеріңізді қорғайсыз. Мысалы, егер тауар сізді объективті себептермен қанағаттандырмаса, оны сатып алу фактісін растайтын бақылау чегі болған кезде айырбастауға немесе қайтаруға болады, ал ол болмаған жағдайда сатып алу фактісін дәлелдеуге тура келеді. Чекті қолға беру – бұл міндетті талап!Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті павлодарлықтарға саналы болуға және сатып алынған тауарға не көрсетілген қызметке бақылау чегін талап ету арқылы бюджетті толықтыруға жәрдемдесуге жүгінеді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1061482?lang=kk
Назарбаев Университетінің атқарушы вице-президенті А. Сәрінжіповтың сапары 19.05.2025
Назарбаев Университетінің Атқарушы вице-президенті Аслан Саринжиповтың сапары аясында Дубайдың Білім мен адами капиталды дамыту басқармасының Бас директоры Жоғары Мәртебелі Айша Миранмен кездесу өтті.Тараптар білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/994200?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЛОГ-ТУР ӨТТІ 19.05.2025
2025 жылдың 9–11 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған кезекті ақпараттық блог-тур ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде өтетін бұл шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Үндістан елдерінен және Қазақстанның әр өңірінен келген 30-ға жуық танымал travel-блогерлер қатысты.Үш күнге созылған тур барысында қатысушылар Шымкенттің тарихи-мәдени нысандарын аралап, қаланың қазіргі заманауи келбетімен және бай рухани мұрасымен танысты. Делегация мүшелері Сайрам тұрғын-алабындағы көне кесенелерді, «Shym-Qala» тарихи-мәдени кешенін, Тәуелсіздік саябағы мен Ордабасы алаңын, Қошқар ата өзенінің жағасын және «Қылует» этнографиялық музейін аралады.Сондай-ақ блогерлер Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда, Абай саябағында, Бейсбековтер отбасының «Алтын Орда» галереясында және Сейітжан қари Есжанұлы мешітінде болды. «Бәйдібек би» монументі, дендрологиялық саябақ және Шымкент зообағы да тур бағдарламасына енгізілді.Үшінші күні қатысушылар Қазығұрт тауының етегіндегі киелі «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» мекеніне барды. Тур табиғаты көркем «Alma-Tau» демалыс аймағында жалғасты.Бұл шара – Шымкент қаласының халықаралық аренадағы туристік беделін нығайтатын маңызды қадам. Қатысушылардың пікірінше, бұл блог-тур туризмді дамыту мен мәдени ынтымақтастықты арттыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/994166?lang=kk
2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 18.05.2025
2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н. В. Тимашованың «Меңдіқара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» ақпаратын тыңдады.Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы ақпаратын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/994110?lang=kk
Жоғарғы аудиторлық палатада энергетика саласындағы мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды 18.05.2025
Қазақстанда электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Оның қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғарғы аудиторлық палатаның отырысында қаралды.Аудиторлық іс-шаралар Энергетика министрлігін, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы- есеп айырысу орталығы» ЖШС және басқа да ұйымдарды қамтыды.Энергетика министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 233 электр станциясы жұмыс істейді. Дегенмен республика бойынша электр энергиясына сұраныстың 78%-ы жылу электр станцияларының есебінен қамтамасыз етіледі. Газтурбиналық станциялардың энергия өндірісі артып, олардың үлесі 9,6%-ға жетті. Гидроэлектр станцияларының жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі шамамен 8,5%-ды, ал жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3,9%-ды құрайды.Жоғары аудиторлық палатаның аудит қорытындысында өңірлерде энергия өндіру мен тұтыну арасында теңгерімсіздік бары атап өтілді. Қуаттардың басым бөлігі солтүстік аймақта орналасқан, ал тұтыну көлемінің төрттен бірі оңтүстікке тиесілі. Жалпы тек Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отыр.Энергетика саласындағы негізгі проблемалардың бірі – саланың дамуы үшін белгіленген жоспарлар мен іс-шаралардың орындалмауы. Атап айтқанда, тариф саясатының ашықтығын қамтамасыз ету, активтерді жаңғырту және т.б. Сала әлі де шетелдік жабдыққа тәуелді.Электр энергиясына сұраныс артуда, ал генерациялық станциялар тозып жатыр. Көбі кеңес заманынан бері жұмыс істейді. Олардың өнімділігі төмендеп, апат тәуекелі артып келеді. Жалпы елдегі барлық энергия өндіруші қуаттардың тозу деңгейі 55%, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозу көрсеткіші 76%-ға жеткен.Негізгі қорлардың тозуы энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге қауіп төндіріп, саланы жаңғырту үшін қомақты инвестицияны қажет етеді.2024 жылы қабылданған бағдарламалық құжаттар («Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы және 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар) жаңа қуаттарды іске қосу арқылы генерациялық қорлардың тозуын төмендетуді көздейді. Алайда қолданыстағы жабдықты ауыстыру мәселесі шешілмеген.Салада шамамен 4,5 мың маман жетіспейді. Негізгі себептері – жастардың қызығушылығының төмендігі және жалақының аздығы.«Мұның бәрі қолданыстағы қуаттарды жаңғыртуға және жаңа қуат көздерін салуға, сондай-ақ білікті кадрларды ұстап қалуға кедергі келтіреді », — делінген Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында.Энергетика министрлігінде электр энергиясын өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды мониторингтеу функциясы жоқ. Бұл энергия компаниялары үшін шекті тарифтердің негізділігіне әсер етеді.Аудит шекті тарифтерге, қуат пен теңгеруші нарықтағы тарифтерге қатысты кемшіліктерді анықтады. Электр станциялары үшін тарифтер жария тыңдаусыз бекітіледі, ал сметалар мен есептер жарияланбайды.«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (KOREM) теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату бойынша есеп айырысу орталығы ретінде белгіленген. Бірақ бұл операциялар ақпараттық қауіпсіздік бойынша тестілеуден өтпеген және өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген бағдарламалық қамту арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.Теңгерімдеуші нарықтағы тарифтер кейбір мәндерді таңдауда таңдаушылық пен субъективтілікке жол беретін формулалар негізінде бекітілген. Нәтижесінде тариф 34,7 млрд теңгеге негізсіз арттырылып, бұл шығынды түпкілікті тұтынушылар өтеген.Теңгерімдеуші нарықтағы теңгерімсіздік пен айыппұлдарды есептеу ашық емес. Формулалар күрделі және түсініксіз параметрлерге негізделген, бұл өтінім беру кезінде болжауды қиындатады.Электр энергиясы нарығында провайдерлердің саны артып келеді. Қазіргі уақытта олардың саны 18 заңды тұлғаға жеткен. Олардың қызмет құны реттелмейді, ал жеткізілетін электр энергиясының көлемі мен бағасы шарттық қатынастарға негізделген. Бұл тұтыну мен өндірудің нақты көлемдерін жасыруға мүмкіндік беріп, нарықтың ашықтығына нұқсан келтіреді.Тек 2024 жылдың өзінде провайдерлер нарық операторларын айналып өтіп, 187 ұйымнан 13,7 млрд кВт*сағ электр энергиясын (шамамен 200 млрд теңге) сатып алған және таратқан.Сондай-ақ майнерлердің бірыңғай сатып алушы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы- есеп айырысу орталығы» ЖШС-ны айналып өтіп, сыртқы компаниялардан теңгерімдеуші жеткізуші арқылы электр энергиясын сатып алғаны анықталды. 2024 жылдың өзінде олар 901 млн кВт*сағ (шамамен 13 млрд теңгеден астам) энергия тұтынған.Отырыста Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бұл мәселеге ерекше назар аударды.«Ең алдымен, Энергетика министрлігі тарапынан өндіріс көлеміне, тұтынуға және нақты тарифтерге мониторинг жүргізілуі тиіс. Аудит деректеріне сәйкес майнерлер Бірыңғай сатып алушыны айналып өтіп, 1 млрд кВт*сағ-қа дейін электр энергиясын тұтынып отыр. Энергия тапшылығы жағдайында майнерлердің электр қуатын осылай бақылаусыз тұтынуына қалай жол беруге болады?» — деді Әлихан Смайылов ҚР Энергетика министрлігінің өкілдеріне.Министрлік өкілдері майнерлерге қатысты қажетті лицензиялау механизмдері әзірленгенін атап өтті.«Лицензиялау – бір мәселе. Олар энергияны провайдерлер арқылы реттелмейтін бағамен сатып алады. Нәтижесінде шығындар тұтынушыларға жүктелуде. Баланстық провайдерлердің саны артып келеді. Бұл – халық есебінен еш қиындықсыз пайда табудың жолы. Ал сіздер бұған жол беріп отырсыздар. Бақылаудың тиімді механизмдері жоқ», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.Жобалаушылардың нарықты терең зерттемеуі және маркетингтік зерттеулер жүргізбеуі салдарынан «KEGOC» АҚ-ға 4 жоба бойынша мердігерлер жабдықты 2-3 есе қымбат бағамен жеткізген. Жалпы артық шығын 2,2 млрд теңге.Соңғы 10 жылда «Самұрық-Энерго» АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған. Бұл 2024 жылы бекітілген Даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады.Тоқтатылған жобаларға байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тиімсіз шығындары 199 млрд теңгені құрайды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭС құрылысы – 102 млрд теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 млрд теңге.Жалпы аудит нәтижесі бойынша:анықталған қаржылық заң бұзушылықтар 66 млн теңге;бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 млрд теңге;қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 млрд теңгені құрады.Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі бұзушылық тіркелді. Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/994125?lang=kk
«ESG-облигациялар шығару» тақырыбында тегін вебинар 18.05.2025
2025 жылғы 15 мамырда «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «ESG-облигациялар шығару» тақырыбындатегінвебинарөткізеді.Вебинар барысында төмендегідей мәселелер қаралады:ESGоблигациялардегенімізне және олардыңартықшылықтары қандай;KASE-де ESGоблигацияларыншығарупроцесіқалай жүреді;Верификация не үшін қажетжәнеолқалайөтеді;;ESGоблигацияларинвесторлардытартуғақалайкөмектеседі. Өтетін орны:ZOOMплатформасыKASEтарапынанбайланыс жасайтын адамдар:КамалхановАлдияр – Эмитенттерменжәнеинвесторларменжұмысдепартаментініңбасмаманы(моб.+7 708 928 8865).Тіркелу сілтемесі арқылы қолжетімді .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/994128?lang=kk
2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті 18.05.2025
2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша 2024 жыл бойынша атқарылған жұмысы туралы Меңдіқара аудандық мәслихаты төрағасының есебін тыңдады.Өзінің есебінде мәслихаттың төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев 2024 жылдағы жұмыс мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатына және 2024 жылға арналған Меңдіқара аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес мақсатты түрде өткізілгендігін атап өтті. Заңды түрде айқындалғандай, мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады.2024 жылда 20 сессия, сонымен қатар ZOOM арқылы 6 сессия өткізілген. 20 өткізілген сессиясынан кезекті - 4, кезектен тыс - 16. Барлық кезектен тыс сессиялар аудан әкімдігінің бастамасы бойынша шақырылды.Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н. О. Бажировтың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Сатыбалдайұлы Байғабұловтың баяндамасын тыңдады. Үшінші сұрақ бойынша «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы О. Ю. Азизованың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/994104?lang=kk
Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімінде ата-аналар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды 18.05.2025
Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонында әскерге шақырылушылардың туыстарымен өткен кездесуге жүзден астам адам келді.Бөлім басшылығы матростардың күнделікті өмірі, теңіз бөлімшелеріндегі қызметтің ерекшелігі туралы егжей-тегжейлі айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді.Қонақтар әскери бөлімнің казармасын аралап көрді. Асханаға барып, тамақтану рационымен танысты. Әскери техника мен қару-жарақ көрмесінде сарбаздарды оқытуда және күнделікті қызметте қолданылатын үлгілерді көрді.– Менің ұлым Әскери-теңіз күштерінде бір айдан астам уақыт қызмет етті. Оның элиталық әскери бөлімге келгеніне өте қуаныштымын. Сарбаздардың жатын орны жаңа. Бәрі тап-тұйнақтай таза екен. Біз оқу процесінің, тұрмыстық және тамақтану жағдайларының қалай ұйымдастырылғанын өз көзімізбен көрдік. Матростардың дастарханынан да дәм таттық. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, – деді Ақтөбе облысынан келген Анар Смайылова.Айта кету керек, өткен жексенбіде матростар ант қабылдады. Енді олар Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде – теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуылдау батальонында, коменданттық ротада және әртекті кемелер дивизионында қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/994109?lang=kk
Presight компаниясы Астанада өңірлік кеңсесін ашты 18.05.2025
Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға ресми сапары аясында Presight компаниясының Астанадағы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы негізгі бастамаларды іске асыру мақсатында Presight компаниясы Астанада кеңсе ашып, елдегі жобаларды қолдап, операциялық қызметін кеңейтуде. ЭКСПО аумағында орналасқан жаңа кеңсе Presight компаниясының БАӘ-ден тыс шетелдік өкілдігі болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік хаб ретінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кеңседе 40-тан астам қазақстандық маман еңбек етуде, бұл жергілікті кадрларды дамыту мен елдің цифрлық трансформациясына компанияның қосқан үлесін көрсетеді.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бин Мохаммед бин Зайдтың қатысуымен өткен ресми рәсім барысында Presight қатысқан үш келісімге қол қойылды:– Астана қаласы әкімдігі және ҚР Цифрлық даму министрлігімен жалпы құны 190 миллион АҚШ долларын құрайтын «ақылды қала» жобасын іске асыру туралы келісім;– Қазақстанның цифрлық трансформациясы аясында жоғары өнімді есептеу орталығын құру үшін екі Nvidia H200 суперкомпьютер кластерін жеткізу жөніндегі келісім.Presight жобалары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайта түсуде. Астанадағы Alem.AI орталығы базасында елорда инфрақұрылымының зияткерлік өзегіне айналатын жағдайлық орталық құрылады. Бұл заманауи платформа энергетика, қоғамдық қауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды басқару сияқты негізгі салаларда интеллектуалды мониторинг пен шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.«Presight компаниясының Астанада өңірлік кеңсе ашуы – Орталық Азиядағы инновациялар мен технологиялар орталығы ретіндегі мәртебемізді нығайтудың маңызды қадамы. Presight сияқты жетекші компаниялармен серіктестік цифрлық шешімдерді ғана емес, бүкіл қоғам мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл елімізде жасанды интеллект дамуына қосылатын маңызды үлес, оны әртүрлі салаларда қолдануға жол ашады», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.«Астанада кеңсе ашу – Presight-тың халықаралық кеңеюіндегі маңызды кезең. Қазақстан – Presight өз қызметін БАӘ-ден тыс бастаған ел. Бұл елдің цифрлық трансформациясын қолдауға және жасанды интеллект дамуына деген берік ұстанымымызды білдіреді. ЭКСПО аумағындағы шетелдік кеңсеміз Қазақстанның стратегиялық көрегендігіне, көшбасшылығына және адами капиталына деген сенімімізді көрсетеді. Жергілікті сараптаманы дамытып, елдің ақылды және технологиялық болашағына үлес қосатынымызға қуаныштымыз», – деді Presight бас директоры Томас Прамотедхам.Астанадағы «ақылды қала» жобасы Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтады және цифрландырудың жаһандық деңгейдегі үлгісіне айналады. Жоба қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, қалалық инфрақұрылымды нақты уақыт режимінде тиімді басқаруға, тұрақты энергия тұтынуға және азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған сервистерді дамытуға бағытталған. Айта кету керек, жобаның 60%-ы қазақстандық жеткізушілердің қатысуымен жүзеге асады, бұл жергілікті бизнестің белсенділігін және ел экономикасына қосқан үлесін айқындайды.Шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға жасаған ресми мемлекеттік сапары БАӘ мен Қазақстан арасындағы сенімге, стратегиялық серіктестікке және астаналардың цифрлық трансформациясына деген ортақ ұмтылыстарға негізделген берік екіжақты қатынастардың айғағы. Бұл сапар екі елдің өмір сапасын жақсарту мен тұрақты даму мақсатында озық технологиялар саласындағы ортақ бастамаларды ілгерілетуге деген ұмтылысын паш етеді. Presight пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық екі ел басшылығының толық қолдауымен іске асуда. Бұл серіктестік жасанды интеллект мүмкіндіктерін әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму үшін пайдалану жолындағы ортақ мақсаттарды көрсетеді.АнықтамаPresight - Абу — Даби қор биржасында (ADX) тіркелген, көпшілік акционері G42-БАӘ-де орналасқан жетекші технологиялық топ. Presight-жасанды интеллект технологияларына негізделген үлкен деректерді талдау саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания экономикалық дамуға және қауіпсіз, салауатты және тұрақты қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету үшін AI, аналитика және әртүрлі деректерді түсіндіру саласындағы сараптаманы біріктіреді. Генеративті AI негізіндегі шешімдер желісінің көмегімен Presight мемлекеттік және жеке ұйымдарға AI стратегияларын тезірек жүзеге асыруға және маңызды нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/994083?lang=kk
Қауіпсіздік күзетінде: ұландықтар мен өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден тұрғындарды эвакуациялады 18.05.2025
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өрт салдарынан қауіп аймағында қалған тұрғындарға көмекке келді.Патрульдеу кезінде әскери жасақ Әбілхайыр хан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен шыққан қою қара түтінді байқап, дереу әрекетке көшті. Лейтенант Жасурбек Абдуллаевтың басшылығымен олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қосылып, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.Сержант Мәлік Қолғанат пен қатардағы жауынгер Әбдібек Саматтың бастамасымен ұландықтар адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, көмек көрсетті. Өрт шыққан аумақты қоршауға алу үшін жақын маңдағы әскери жасақтар жұмылдырылып, оқиға орнына адамдар мен көліктердің кіруіне шектеу қойылды.– Қою түтін тұрғын үйдің ішін түгел жауып, арнайы құрал-жабдықсыз ішке кіру мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды сыртқа шығарып, бізге тапсырды. Біз оларды қауіпсіз жердегі медицина қызметкерлеріне жеткіздік, – деді рота командирінің орынбасары Жасурбек Абдуллаев.Әскери қызметшілер өрт толық сөндіріліп, адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіп жойылғанға дейін оқиға орнында кезекшілік атқарды.Өрт сөндірушілердің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің және медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел іс-әрекетінің арқасында жергілікті тұрғындардың өмірі мен денсаулығына төнген жалын қаупі сейілді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/994042?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Атырау қаласы тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру 18.05.2025
2025 жылғы 15 мамырда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің Атырау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.📍Кездесудің мекен-жайы: Атырау қ. Н. Балғымбаева атындағы коммуникациялар дамыту орталығында.14:30 – 15:30 - азаматтарды жеке қабылдау;15:30 – 17:00 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;17:15 – 17:45 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:WhatsApp: 8 (701) 100-44-66Электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz 📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 14 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (701) 100-44-66 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!#халықпенкездесуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/994047?lang=kk
Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Оңтүстік Америка елдерінің елшілері мен дипломаттарының 4-ші жыл сайынғы кездесуі өтті 18.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде БФР СІМ-де ҚР-ға жауапты департамент басшылығының қатысуымен Қазақстан, Аргентина, Боливия, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили және Эквадор елшілері мен дипломаттарының төртінші жыл сайынғы конференциясы өтті.Аталған кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде. жан-жақты пікір алмасу өтіп, болу және қарасты елдерімен ағымдағы жылғы ықпалдастық жоспарлары, атап айтқанда кезекті саяси консультацияларды ұйымдастыру мен шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов, өзінің алғы сөзінде дипломатиялық миссия басшылары мен өкілдеріне Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауы тұрғысындағы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жайында баяндап берді. Сонымен бірге Елші, қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ шарт-құқықтық базаны кеңейту перспективалары және консулдық қызметтер мен ҚР-дың Құрметті консулдары желісі бойынша ынтымақтастық жөнінде айтып өтті.Қазақ дипломаты әріптестеріне Оңтүстік Америка елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, мұндай форматтағы кездесулердің екіжақты және көпжақты диалогтың қосымша арнасы ретінде іс жүзіндегі маңызын атап өтті.Бұл ретте, Елші Президент Я.Орсиді ұлықтау рәсіміне қатысу үшін жуырда Уругвай Шығыс Республикасына және Аргентинаның жаңа СІМ басшылығымен кездесу және Қазақстан-Аргентина Іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысу үшін Аргентина Республикасына жасаған өзінің жұмыс сапарларының қорытындыларымен бөлісті. Осы орайда Уругвай және Аргентина елшіліктерінің өкілдеріне аталған елдердің астаналарында тиісті кездесулерді ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғыс білдірілді.Сондай-ақ Елші, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өткен және осы жылы Аргентина Парламентінің төменгі палатасында және Чили Парламентінің жоғарғы палатасында парламенттік достық топтарының құрылғанын атап өтіп, басқа елдердің өкілдерін өз мемлекеттерінің заң шығарушы органдарында осындай құрылымдарды құруда қолғабыс көрсетуге шақырды. Парламентаралық диалогтың оң мысалы ретінде Бразилия Парламентінің қос палатасында жұмыс істейтін «Қазақстан-Бразилия» парламенттік топтарының қызметі сөз етіліп, олардың делегацияларының Қазақстанға барып, Астанада Қазақстандық парламентшілермен бірнеше бірлескен отырыс өткізгеніне назар аударылды.Кездесу қатысушылары, өз кезегінде, Орталық Азия өңірінде Оңтүстік Америка елдерімен байланыстардағы Қазақстанның негізгі рөлін атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогты жан-жақты кеңейту мен тереңдетуге белсенді жәрдемдесуге әзірліктерін білдірді және Қазақстан Елшілігіне алдағы жоспарларды іске асыруда табыс тіледі. Тараптар, өз елдерінің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланыстарын сақтап тұруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/994016?lang=kk
Қазақстан Елшілігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту рәсімі өтті 18.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 12 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі «Жеңіс естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» тақырыбындағы соғыс жылдарындағы Қазақстандық батырларға арналған фотокөрмесін ұйымдастырды. Іс-шара 9 мамыр – Жеңіс күніне орайластырылып, кеңес сарбаздары мен сардарларының ерлігіне, батырлары мен олардың естелігіне арналды.Іс-шараға Бразилия Сыртқы істер министрлігі мен Оңтүстік Америка елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері, «Қазақстан-Бразилия» достық форумының мүшелері мен жергілікті журналистер қатысты. Көрме басталар алдында қонақтар Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, фашизмге қарсы Жеңіске қосқан лайықты үлесі жайлы айтып, биыл еліміз атап өтіп жатқан соғыс батырларының ерлігін атап өтті. Елші, Қазақстанда отандастарымыз жауынгерлік және еңбек ерліктерін құрметтеуге аса көңіл бөлетінін және табандылық пен қайсарлық көрсеткен батырлар есімдері халық жадында мәңгі сақталатына назар салды.Көрме барысында қонақтар назарына Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, Р.Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова тәрізді Кеңес Одағының және Қазақстанның белгілі батырларының фотосуреттері, қысқаша өмірбаяндары мен олардың ерліктері жайлы португал тілінде ақпарат ұсынылды. Фотокөрмені тамашалау, қазақстандықтардың ҰОС-қа қатысуы мен тылдағы еңбеккерлер туралы бейнероликпен сүйемелденіп, шара соңында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылған фуршет ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/994017?lang=kk
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға спортты қалай қолжетімді ету мәселесі талқыланды 18.05.2025
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына орын жетіспейді – осындай мәселемен тұрғындар облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жеке кездесуінде жүгінді. Жағдайды егжей-тегжейлі талқылау үшін өңір басшысы мемлекеттік органдар өкілдері мен белсенділердің қатысуымен арнайы кеңес өткізді.Кездесуде бейімделген залдардың, арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі мәселелері көтерілді, сондай-ақ осы әлеуметтік міндетті шешуге фитнес-бизнестің тартылуының жеткіліксіздігі туралы айтылды.Бүгінде облыста 5 мыңнан астам мүгедек спортпен шұғылданады, олардың 105-і ҚР ұлттық құрамасына кіреді. Облыстық мамандандырылған мектепте тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті бұзылған 430 адам спорттың 18 түрімен айналысады. Алайда, Ермағанбет Бөлекпаев атап өткендей, бұл жеткіліксіз: секцияға қатысушылардың көпшілігі – 18 жасқа дейінгі балалар, ал ересектер назардан тыс қалуда.– Біз мүгедектігі бар адамдар белсенді өмір салтын ұстануы үшін жағдай жасауымыз керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, бірақ бұл іске әсіресе фитнес және спорт саласындағы кәсіпкерлердің де араласқаны маңызды.Спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің айтуынша, жалпы бизнес бұл мәселеде байланысқа шыққысы келмейді.Белсенділер мүмкіндігі шектеулі спортшылардың атынан облыс әкіміне өз бастамаларын ұсынды.– Бізге жаттығуға арналған арнайы жабдықтар мен спорттық іс-шараларды өткізуге арналған орындар жетіспейді, – деп атап өтті бастамашыл топтың өкілі Қымбатбек Дұрлан. – Бұдан басқа, қалада тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарға бейімделген тренажерлар жоқ. Тренажер шығаратын цех ашуға болады. Және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құру.Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды әкімі Мейрам Қожуховқа осы мәселеде көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.Облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндеталиев мәселені уақытша шешу үшін белсенді өмір сүру орталықтары базасында мамандандырылған спорт залдары желісін құруды ұсынды.Әрбір айтылған ұсыныс бойынша нақты шаралар қабылданады – Ермағанбет Бөлекпаев осы мәселелерді шешуде жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол көп функционалды спорт кешенінің жобасы әзірленіп жатқанын, онда мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың бірнеше түрлерімен бір жерде айналыса алатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/994021?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында WorldSkills, AgroSkills және Abilympics чемпионаттары басталды! 18.05.2025
2025 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысында өңірлік чемпионаттардың салтанатты ашылуы өтті. Шараға қоғамдық, білім беру және бизнес өкілдері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өз сөзінде 2025 жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын атап өтті.Ол ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жоғары білікті мамандардың аса маңызды екенін және осындай чемпионаттар жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді. 13-15 мамыр аралығында 28 колледжден 170-ке жуық студент Өскемен қаласындағы Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерде өз шеберліктерін көрсетеді. Қатысушылардың жұмыстарын өңірдегі кәсіпорындардың білікті мамандары бағалайды, бұл бағалаудың объективтілігі мен жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және чемпионат демеушілерінің атынан бағалы сыйлықтар табысталады. Барша қатысушыларға сәттілік пен табыс тілейміз! Ең мықты, өз ісінің шеберлері жеңіске жетсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994028?lang=kk
Қостанай облысында мектепке дейінгі білім беруді дамыту 18.05.2025
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы атап өткендей, әр балаға қолайлы білім беру жағдайларын жасау қажет. Қостанай облысында жаңа балабақшалар салу, кезектілікті азайту және мектепке дейінгі білім беру саласына жеке инвестиция тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.Балабақшалардағы кезектілікті азайтуСоңғы жылдары өңірде балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта:• 2-6 жас аралығындағы балалардың 92%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған,• 3-6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы балабақшаларға барады.Қарқынды дамып келе жатқан аудандарда жаңа нысандардың салынуының арқасында мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы біртіндеп азайып келеді.Жаңа балабақшалардың құрылысы2024 жылы облыста 1 000 орындық 7 жаңа балабақша ашылды. Құрылыс жұмыстары Қостанай мен Рудный қалаларында жалғасуда.Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 280 орындық балабақша салынуда. Қазіргі уақытта нысанның 70%-ы дайын, абаттандыру жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, инженерлік желілер мен шатырды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Балабақшаның пайдалануға берілуі осы шағын аудандағы кезектілікті 75%-ға, ал қала бойынша 10%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.Рудный қаласында жаңа балабақша құрылысы жалғасуда, бұл да аталған елді мекендегі орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.Сонымен қатар, Арқалық қаласында балабақша салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.Жеке инвестицияларды тартуМемлекеттік бағдарламалардан бөлек, жеке сектор да мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға белсенді түрде үлес қосуда. Биыл жеке инвестиция есебінен бірнеше жоба жүзеге асырылмақ:• Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс шағын ауданында «СарыарқаАвтоПром» компаниясы өз қаражаты есебінен балабақша салуды жоспарлап отыр.• Береке шағын ауданында 280 орындық балабақша салу жөніндегі жобаны жеке инвесторлар қолға алмақ.Сонымен қатар, жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында балабақшалар үшін арнайы орындар қарастырылатын болады. Бұл кезектілікті айтарлықтай төмендетіп, балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жақын орналасуын қамтамасыз етеді.Жұмыс жалғасудаМектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту – өңірдің негізгі басымдықтарының бірі. Кешенді тәсілдің арқасында облыста мектепке дейінгі мекемелер саны артып, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/949961
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ 18.05.2025
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ семинар өткізді. Іс-шараға ХҚК өзара іс-қимыл және кәріз тазарту құрылыстарын басқару жобалары департаментінің директоры Макка Шингазиева қатысты.Семинардың мақсаты – Ұлттық жобаның негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ табиғи монополия субъектілеріне арналған қаржыландыру тетіктерін түсіндіру болды.Іс-шараға табиғи монополия субъектілерінің бірінші басшылары мен қаржы директорлары, бухгалтерлері, жергілікті атқарушы органдардың қаржы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.Семинар барысында мемлекеттік қаржыландыру мәселелері, коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау тетіктері және заңнамадағы өзекті өзгерістер қаралды. Спикерлер ретінде салалық ведомстволардың өкілдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының сарапшылары сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/950020
Қарағанды облысының спортшылары Парижде көркем жүзуден алтын медальға ие болды 18.05.2025
Париждегі әртістік (синхронды) жүзуден Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Виктор Друзин жеке еркін бағдарламада алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысты.Қазақстандық спортшыдан кейін құрмет тұғырына грекиялық екі синхроншы – Мариос Критсас пен Стильянос Фускис шықты.World Aquatics әлем кубогы жыл сайын өткізіледі және үш кезең мен суперфиналды қамтиды. 2024 жылы бірінші рет Бейжіңде өтіп, онда теміртаулық жас әрі болашағы зор жүзгіш Виктор Друзин Анна Павлецовамен дуэтте күміс медаль жеңіп алды. Ал «еркін соло» бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.Әлем кубогының екінші кезеңі Парижде өтті. Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің Теміртау бөлімінің оқушысы Виктор Друзин жеке орындауда күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші кезеңде Канадада алтын жеңіп алды. Және дуэтте қола медаль иеленді. Бұл Виктор Друзиннің ересек мансабы бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары үлгідегі алғашқы медалі болды.Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында командалық еркін бағдарламада да көзге түсті. Әлем кубогының бірінші кезеңінде олимпиадалық резервтің облыстық жүзу мектебінің оқушылары Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова және Милана Ашаханова өнер көрсетті. Осы жеңістен кейін қыздарымыз ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/950066
ҚР VI жастар спорттық ойындары: Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды 18.05.2025
ҚР VI жастар спорттық ойындарында елордалық Едіге Емберді күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Алматы қаласында ауыр атлетикадан VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды жарысқа еліміздің 17 өңірінен 212 спортшы қатысуда.Астана қаласының намысын қорғаған Едіге Емберді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 334 кг (149+185) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.Жастар спорттық ойындарында елордалық тағы бір спортшы жарыс жолына шығады.Айта кетейік, VI Жастар спорттық ойындары 6 наурызға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/950406
Қазақстан Президентінің Алматыда БҰҰ Орталығын құру туралы бастамасын БҰҰ-ға мүше мемлекеттер бірауыздан қолдады 18.05.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 наурыз – БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша Өңірлік орталығын құру туралы қарарды бірауыздан қабылдады. Құжатты Орталық Азия мемлекеттері атынан Қазақстан ұсынды. Біріккен Ұлттар Ұйымына 152 мүше мемлекет тең авторы ретінде қарарды қолдады. Бұл өз кезегінде бастаманың жоғары маңыздылығын және кең халықаралық консенсусін көрсетеді.БҰҰ ОМД Орталығын құру – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында алғаш рет ұсынылған бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Орталықты БҰҰ-ның 18 агенттігі жұмыс істеп тұрған Алматыдағы жаңа халықаралық ұйымдар ғимаратының базасында орналастыру ұсынылды.Мемлекет басшысы Қазақстан өңірдегі ең ірі экономика ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азияның орнықты дамуына, өңірлік интеграцияны ілгерілетуде шешуші рөл атқаруға мүдделі екенін атап өтті.Жаһандық басқарудағы орта державалардың өсіп келе жатқан рөлі Қазақстанның орнықты даму мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігерінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан әлемдегі жетекші күш орталықтары арасындағы маңызды көпір рөлін нығайтуды жалғастыруда және халықаралық ынтымақтастықтың катализаторы ретінде әрекет етуде.Сонымен бірге Ауғанстанның экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ел халқының орнықтылығы мен өркендеуі Орталық Азияның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Қазақстан ауған халқын тұрақты түрде қолдайды, елді қайта құру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және өңірлік ынтымақтастыққа интеграциялау үдерістерін жеңілдетуде.Орталық халықаралық және өңірлік күш-жігерді үйлестірудің, озық тәжірибе алмасудың, техникалық көмек көрсетудің және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі алаңына айналады. Ол нақты әрі қол жетімді нәтижелер үшін үкіметтермен, халықаралық ұйымдармен, жеке сектормен және азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс жасайды.Сонымен қатар Орталық БҰҰ жүйесін жандандыру процестеріне елеулі үлес қосып, өңірлік деңгейде Ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін болады. Оның жұмысы БҰҰ агенттіктері арасындағы үйлестіруді нығайтуға, жаһандық бастамаларды өңірлік қажеттіліктерге бейімдеуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған БҰҰ-ның ағымдағы реформаларына сәйкес келетін инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын болады.Бұл қарардың қабылдануы орнықты дамуға өңірлік көзқарасты жаһандық қолдауды көрсетеді және халықаралық қоғамдастықтың Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақтылық, өркендеу және жаһандық даму үдерістеріне интеграция жолындағы ілгерілеуіне жәрдемдесуге дайын екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950911