Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК: САУРАН ЖАСТАРЫ БІРЛІК ПЕН СПОРТТЫ ҰШТАСТЫРДЫ 18.05.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Сауран ауданының тұрғындары арасында кіші футболдан ашық біріншілік пен аудандық әуесқойлар футбол лигасының жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті.Шараны аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан әкімі:“Бірлік пен татулық — еліміздің басты құндылығы. Бүгінгі спорттық дода – тек жарыс қана емес, достықтың, ынтымақ пен татулықтың көрінісі. Әрбір командаға әділ ойын мен үлкен жетістіктер тілеймін,” – деді.Салтанатты жиында сондай-ақ, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков пен Сауран ауданы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Құрбанбай Рысбеков сөз алып, қатысушыларға жеңіс пен биік жетістіктер тіледі. Олар спорттың халықтар арасындағы достық пен түсіністікті нығайтудың тиімді құралы екеніне тоқталды.Жалпы жарысқа 12 ауылдық округтен 15 құрама команда қатысып, тартысты әрі қызықты ойын үлгісін көрсетті. Әр команда өз шеберлігін танытып, аудандық лиганың жаңа маусымын жоғары деңгейде бастады.Мұндай ауқымды спорттық іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, достық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ аудандағы этносаралық татулықты одан әрі арттыруға ықпал етеді.Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/985569?lang=kk
ҚАРАШЫҚТА ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ 18.05.2025
  Қарашық ауылында ел тарихындағы маңызды оқиғаларға арналған волейболдан облыстық турнир өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Ергешбайұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирді ресми түрде ашты. Өз сөзінде ол мерекелердің ел бірлігін арттырудағы маңыздылығына тоқталды.Облыс көлемінде ұйымдастырылған сайысқа аудандардан келген 7 команда қатысты. Әр команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылардың шеберлігі мен ынтымағы турнирдің негізгі рухын айшықтай түсті.Жарыс қорытындысы бойынша:• 1-орынды Қарабұлақ командасы,• 2-орынды Сауран ауданының командасы,• 3-орынды Сайрам ауданының командасы жеңіп алды.Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара ауыл тұрғындары мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, спорт арқылы достық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/985581?lang=kk
ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ 18.05.2025
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласындағы Әл-Фараби атындағы №10 және Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жай-күйімен танысты. Аралауға облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Арыстанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет қатысты. Білім ұяларының басшылары мектептердің инфрақұрылымы және материалдық-техникалық ахуалын баяндады. Оқушылар мен ұстаздарға жасалған жағдайлар сөз болды.Аталған мектептер қайта жөндеуді қажет етеді. Бейсенбай Дәулетұлы білім беру ұйымдары әрдайым назарда екенін және мектептің кез келген мәселесін шешу бағытында жұмыс жалғасатынын жеткізді. Облыс басшылығы көтерілген мәселелерді оң шешуге атсалысады. Ағымдағы және күрделі жөндеу барысындағы ғимараттардың құрылыс барысы қатаң бақыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/985611?lang=kk
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «БІРЛІК» СПОРТТЫҚ САЙЫСТАРЫ ӨТТІ 18.05.2025
Түркістандағы «Яссы» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай облыстағы этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті.Достық пен салауатты өмірді насихаттаған спорт додасы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.Сайысқа жалпы 11 команда қатысты. Атап айтсақ, Кентау, Арыс қалалары және Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының этнос жастарынан құралған командалар мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облысы өкілдігі мүшелері жиналды. Онда жастар спорттың 4 түрінен, атап айтқанда, шағын футбол, қол күресі, арқан тарту, кір тасын көтеруден бақ сынады.Спорттық шараның салтанатты ашылуында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов және «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева сөз сөйлеп, елдегі татулықты көздің қарашығындай сақтау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті.Таң азаннан кешке дейін жалғасқан тартысты бәсекеде қол күресінен Улугбек Нишантаев қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Ал Якуб Эльмаз 2-орынды иеленсе, Бобиржан Рустамбеков 3-орынды жеңіп алды.Арқан тарту сайысы жұрттың қиқу салып, қызу қолдау танытқан жарысы болғанын айта кеткен жөн. Бұл сайыста «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 2-орынды Жетісай ауданы, 3-орынды Сарыағаш ауданының құрамасы иеленді.Сондай-ақ кір тасын көтеруде Мухамадрасул Расулов топ жарды. Бұл сайыста Абдулло Анаркулов 2-орынды алды. Ал 3-орынды Мухторжан Сайдиганиев еншіледі.Ал шағын футбол бәсекесінде Төлеби ауданының құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлделі 2-орынды Сарыағаш ауданы, 3-орынды Келес ауданы құрамасы иеленді.Жарыстың қорытындысында жеңімпаздар арнайы марапатталып, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/985617?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР АЛМАТЫДАҒЫ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ШӘМШІ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ 18.05.2025
Биыл Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды. Осыған орай Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Алматы қаласындағы Республика сарайында «Ән аға – жан аға» атты концерт ұйымдастырып, әнсүйер көрерменнің ықыласына бөленді.«Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі фойеде Шәмші әндерін ойнап көрерменді қарсы алды. Әнсүйер қауым Шәмшінің өзі қолданған бұйымдары, киімдері қойылған ерекше көрмені тамашалады. Сондай-ақ Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан арнайы дайындалған фуршет дастарханы арқылы дәм ауыз тиді. Арнайы тақтайшалардан Шәмші әндерінің шығу тарихынан хабардар болды.Кеште алпыс жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері мен эстрада жұлдыздары ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады. Концерт барысында ән еркесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.Республика сарайының үш мың орындық залы көрерменге толып, қошеметі асқан шабыт сыйлады. Өнер ордасының келесі концерті бұрынғы кештерден де өзгеше және әсерлі болады деп жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/985625?lang=kk
109 ӨКІЛДЕРІ АСТАНАДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ 18.05.2025
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды.Call-орталықтың жұмысын жандандыру мақсатында мекеме басшысы Арман Асхатұлы Астана қаласына арнайы іссапармен барып, iKomek109-дың жұмысымен танысты. Ондағы мамандармен тәжірибе алмасып алдағы жоспарларды талқылады.– 2025 жылдың басынан бері 40 874 өтінім түсіп, 40 583-і дер кезінде жабылды. Ал 391-і орындалу барысында тұр. Облыс әкімінің хаттамасы негізінде «109 мониторинг» тобы өтініштердің сапалы орындалуын қадағалау үшін шалғай елді мекендерге барып, тұрғындармен кездесу өткізуде. Сондай-ақ насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта iKOMEK орталығымен бірлесе атқаратын жұмыстар ауқымды болмақ, – деді мекеме басшысы.Өтініштер 109 номерінен бөлек, Байланыс орталық turkistan_oblysy.109 инстаграм желісі, +7 701 13 13 109 whatsapp номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/985629?lang=kk
Қала тазалығын сақтауға үлес қосып, бүгін Ресурстық тіл орталығының мамандары сенбілікке шықты. 18.05.2025
Өздеріне бөлініп берілген Бауыржан Момышұлы атындағы көше бойына орналасқан 24, 26, 28 үйлердің маңын түрлі қалдықтан тазартты.Тазалықты сақтау — әрбір саналы азаматтың негізгі міндеті. Қоршаған ортамызды таза ұстайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/985666?lang=kk
Әдіскер-ғалымның мерейтойы тойланды 18.05.2025
Бүгін Назарбаев университетінде профессор Зейнехан Күзекованың 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.Конференция жұмысына елімізге танымал Т.Аяпова, З.Ерназарова, Е.Оразалиева, М.Жолшаева, Г.Құрманбай сынды белгілі ғалымдар, Тіл комитетінің төрағасы Е.Тілешов; «Қазтест», Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Қазтелеком» өкілдері, сондай-ақ онлайн түрде шетелдік ғалымдар қатысты. Қарағанды облысы атынан да бір топ делегация әдіскер-ғалымды арнайы құттықтап қайтты.Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының Қарағандыдағы өкілдігінің басшысы ретінде қарағандылықтар атынан сөз алған Жұпар Рысқұлқызы басқарма басшысының құттықтау хатын табыстап, игі тілегін білдірді. Зейнехан апайдың әдістеме ғылымын дамытудағы еңбегін Қарағандыдағы мемлекеттік тілді оқыту үдерісімен байланыстыра отырып, сөзін сабақтады. Делегация өкілдері арнайы апарған сыйлығын, сондай-ақ Ж.Жақан апайдың әлеуметтік желідегі оқырманы екеніне ризалық білдіріп, «Чипси мен шибауырсақ» жинағын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/985673?lang=kk
2025 жылы Электрондық еңбек биржасында 1 млн астам бос жұмыс орны жарияланады 18.05.2025
 Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарының қысқа мерзімді болжамын дайындады және жариялады, оған сәйкес Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09-дан 1,25 млн-ға дейін бос жұмыс орындары жарияланады, оның 243-350 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.2025 жылдарға арналған қысқа мерзімді болжам негізінде 2023-2024 жылдарға арналған Электрондық еңбек биржасының деректері пайдаланылды. Осы кезеңде Enbek.kz 2,1 млн бос жұмыс орны, оның ішінде білікті жұмысшылар үшін 1,5 млн бос жұмыс орны және жұмысшы мамандықтар үшін 524 мың бос жұмыс орны жарияланды.«Enbek.kz-тегі бос жұмыс орындарының ішінде Ұлттық кәсіптік жіктеуішіне енгізілген 2 232 мамандық қарастырылды. Бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ы білім беру және денсаулық сақтау салаларына, 8%-ы өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және сауда салаларына, 7%-ы құрылыс салаларына жатады», – деді ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.Оның айтуынша, өңірлер арасында Алматы (бос жұмыс орындарының 10%) және Астана (9%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8%), Түркістан (7%), Павлодар және Қостанай (әр облыста 6%) облыстары көш бастады.«Егер біз тек білікті жұмысты ескеретін болсақ, онда білім беру және денсаулық сақтау салалары бос жұмыс орындарының 45%, өңдеу өнеркәсібі – 9%, ал құрылыс, мемлекеттік басқару және сауда-әрқайсысына 6% құрайды. Айта кету керек, білікті қызметкерлер арасында әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер, күтушілер, мейірбике қызметкерлері мен күзетшілер жиі ізделді», – деп бөлісті Шумеков.Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1745986986 сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/987757?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ 18.05.2025
   1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ауданда ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.   Мереке аясында этнос өкілдерінің «Бір шаңырақ астында» атты тағам және мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады.  Мерекелік шара одан әрі спорттық сайыстармен, театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен жалғасты.     Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.   Мерекелік шара одан әрі театрландырылған қойылыммен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздардың және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды.  Жалағаш аспанын қуаныш пен шаттыққа бөлеген бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/987828?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 9 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ. 18.05.2025
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтарына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.https://www.facebook.com/share/r/1ALTuCXvc5/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/987848?lang=kk
Володар ауылдық округі әкімінің аппараты КММ 2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есепті талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. 18.05.2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Игілік» және «Продакшн» клубтарында «Бір шаңырақ астында» республикалық концерттік бағдарламасы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-volodarskiy/press/news/details/987851?lang=kk
Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларымен жұмыс істеу кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдары 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/987874?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері қоғамдық келісім мәселелері бойынша Ассамблея өкілдерімен кездесті 18.05.2025
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бейбітшілік пен ынтымақты ұлықтайтын, ел бірлігін паш ететін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ерекше мазмұнмен аталып өтуде.Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – мерекелік іс-шаралардың ақпараттық-идеологиялық мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту.Іс-шара барысында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нұрмағамбетов Марғұлан Мұхтарұлы және Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, сессия делегаты Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы қызметкерлермен ашық форматта сұхбат жүргізіп, Ассамблеяның құрылу тарихы, 30 жылдық жетістіктері және қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.Спикерлер өз сөздерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі бірлік пен келісімді сақтаудағы маңызды қызметіне тоқталды.Кездесу соңында тараптар қоғамдағы өзара түсіністік пен этностар арасындағы сыйластықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасқандығы туралы - Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987895?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарысына қатысты 18.05.2025
2025 жылдың 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған үлкен ауқымды іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласында кең көлемді мерекелік бағдарламалар өтті.Солардың бірі — Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарыс болды. Жарыстың басты мақсаты — көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен достығын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды нығайту.Аталған жарысқа түрлі сала өкілдерімен қатар Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Олар жоғары дайындықтарын көрсетіп, мәре сызығын сәтті кесіп өтті.Жарыс нәтижесінде ерекше көзге түскен ҚАЖ қызметкерлері медальдармен марапатталды. Бұл олардың тек қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, қоғам өміріне де белсене араласатынын дәлелдеді.Іс-шара соңында халыққа арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, олар көтеріңкі көңіл күймен бір сергіп, мерекелік атмосфераның ләззатын сезінді. - Мұндай бастамалар қызметкерлердің рухын көтеріп, ұжымдық ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, ел ішіндегі татулық пен қоғамдық келісім құндылықтарын бекемдей түсетіні сөзсіз, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987920?lang=kk
Қостанай облысындағы өрт қаупі бар кезең 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/987940?lang=kk
Қаратал ауданында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтілді 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/987951?lang=kk
Бір шаңырақ астында 18.05.2025
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, Игілік және Өндіріс клуб үйлерінде "Бір шаңырақ астында" атты мекелік концерттік бағдарлама өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/987979?lang=kk
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. 18.05.2025
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Көксу ауылының әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Көксу орта мектебінде іс-шара өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-koksu/press/news/details/988034?lang=kk
Қоғамдық кеңес отырысы өтті 18.05.2025
2025 жылғы 30 сәуірде Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиевтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Күн тәртібіне сәйкес облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жалқұл Сұлтанғали Нұрғалиұлы Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне байланысты  облыстық құрылыс басқармасының мемлекеттік саясатты жетілдіру және іске асыру жөніндегі есебі тыңдалды. Қосымша баяндаманы Қадырбеков  Керімхан Жанысұлы   Түркістан облыстық  Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық салалары жөніндегі комиссиясы төрағасы жасады. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері  Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандары құрылысының жай-күйі туралы» мәлімет берді. Құрылыс саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына сала басшылары жауаптар берді. Осы мәселені талқылау барысында айтылған ой-пікірлерді ескере отырып, ұсыным қабылданды. Күн тәртібіндегі басқа да 12 мәселелер  қаралып, қажетті ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/988104?lang=kk