Қоғам
23 наурыз - Тазару күні: Ұландық сарбаздар балалар үйі аумағын қардан тазартты 29.03.2025
23 наурыз күні елімізде Тазару күні атап өтілді. Бұл күні тазалық жұмыстары мен көмек көрсету акциялары ұйымдастырылады. Осы маңызды датаға орай, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының 15 сарбазы Астана қаласында орналасқан «SOS Астана балалар ауылына» арнайы барып, аумақты қардан тазартты.Білекті сарбаздар әп-сәтте жол жиектерін ретке келтіріп, үйілген қарды шығаруға септігін тигізді.- Біз осында балалар үйінің аумағын қардан тазарту үшін келдік. Бұл – біздің қоғамға, әсіресе балаларға деген қамқорлығымыздың бір көрінісі. Өзіміздің міндетімізді абыроймен атқарып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық, - деді қатардағы сарбаз Айбек Баратов.Балалар үйінің тәрбиеленушілері жауынгерлердің жасаған еңбегін жоғары бағалап, өз өнерлерін көрсетіп, алғыстарын білдірді. Бұл шара балалар үшін ғана емес, сарбаздар үшін де маңызды сәт болды. Әскери қызметкерлер мен балалар арасында жақын қарым-қатынас орнап, бір-біріне жылулық пен қамқорлық сезімі пайда болды.Мұндай қайырымдылық шараларының қоғамдағы маңызы зор, себебі олар жастарды ізгілікке тәрбиелеуге, сонымен қатар қоғам мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962340?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда әскери делегациясы келді 29.03.2025
Шетелдік делегацияның сапары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Руанда Республикасы Президентінің арнайы өкілі генерал-майор Жан Поль Ньирубутамамен қыркүйекте өткен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде болды.Руанда әскери қызметшілері ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жұмыс кездесулеріне қатысты.Тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы қолда бар әлеуетті атап өтіп, тең құқылы әріптестік қатынастарды орнатуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962339?lang=kk
Алматыда әскери оқу орнының жеке құрамы Тазару күнінде экологиялық акция өткізді 29.03.2025
"Наурызнама" онкүндігінің соңғы күні Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Тазару күні өтті. 1500-нан астам әскери қызметші, курсанттар мен мерзімді қызмет сарбаздары көшет отырғызуға, институт аумағын және оған іргелес аймақтарды абаттандыруға қатысты. Акцияны институт бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов басқарды.- Көгалдандыру - бұл қала экологиясы мен оның тұрғындарының болашағы. Біз үшін бұл бір реттік акция емес. Институттың әскери қызметшілері осындай іс-шараларға үнемі қатысып тұрады, - деп атап өтті ол.Экологиялық акция аясында 150-ге жуық ағаш отырғызылып, аумақтарды ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілді. - Біз қаланың орталық көшелерінің біріне көшет отырғыздық. Енді бірнеше жылдан кейін өсіп шығатын ағаштар қаланың келбетіне сәйкес келмек, – деді 2 курс курсанты Ерасыл Әскербеков.Әскери институттың жеке құрамы қаланы көгалдандыруға, жасыл желектерді күтуге, мемориалдық саябақтар мен скверлерді абаттандыруға үнемі қатысып тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962260?lang=kk
Тазару күні: табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық 29.03.2025
Наурыз – табиғаттың жаңару, жаңғыру кезеңі, адамдардың бірлігі мен ынтымағының мерекесі. Бұл ежелден келе жатқан мейрам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бастап жаңа форматта тойлануда. Он күнге созылатын «Наурызнама» тұжырымдамасы бұл мейрамға терең мағына беріп, оның ұлттық мәнін арттыра түсті.Бүгін, 23 наурыз – Тазару күні, қоршаған ортаның тазалығына және адамның ішкі жан дүниесінің үйлесімділігіне арналады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер, экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау шаралары өтуде.Бұл игі бастамадан облыс орталығы – Қонаев қаласының тұрғындары да шет қалмады. Белсенділердің, қоғамдық ұйымдардың және мекеме қызметкерлерінің бастамасымен кең ауқымды санитарлық тазарту акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Акция барысында «Жасыл қала Қонаев» ұйымы басшысының орынбасары Асхат Сарсембекұлы мұндай бастамалардың тек тазалықты сақтауға ғана емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға да септігін тигізетінін атап өтті.Облыс көлемінде өткен акцияның нәтижелері:•7635 адам сенбілікке қатысты;•152,5 тонна қоқыс шығарылды;•21 арнайы техника жұмылдырылды;•1040 ағаш отырғызылды.Бұл көрсеткіштер тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері айналамызды таза әрі көрікті ете алатынын айқын дәлелдейді. Тазару күні табиғатқа деген жанашырлықтың маңыздылығын еске салады. Өйткені ауламыздың, көшелеріміздің, саябақтарымыздың тазалығы – тек жайлылықтың ғана емес, қоғам мәдениетінің де көрсеткіші. Наурыз әр шаңыраққа татулық, жақсылық пен амандық әкелсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962221?lang=kk
Қапшағай қарағайлы орманы: жасыл болашаққа алғашқы қадам 29.03.2025
2025 жылғы 22 наурызда Қапшағай су қоймасының жағалауына 22 000 қарағай көшеті отырғызылды.Қазақстанда экожүйені қалпына келтіру және аумақтарды көгалдандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылғы 22 наурызда өткен ауқымды экологиялық акция. Жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылған жоба өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге, ауа сапасын арттыруға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. Көшеттер алғашқы сорғы станциясы маңында отырғызылды, болашақта бұл аумақта нағыз қарағайлы орман пайда болады.Іс-шараға 200-ге жуық ерікті қатысты, олардың қатарында бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар және жергілікті тұрғындар бар. Барлығы ортақ мақсат – өңірдің табиғи қорғаны бола алатын жасанды орман алқабын құру үшін жұмылды.Бұл бастама халықаралық климаттық күн тәртібіне және БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасына (UNEP) толық сәйкес келеді. Қарағайлы орманның қалыптасуы жасыл инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып, азаматтық қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы экологиялық мәселелерді шешудегі тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болмақ.Қапшағай қарағайлы орманы – бұл жай ғана орман емес, болашақ ұрпаққа қамқорлықтың белгісі және қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлескен күш-жігердің айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962220?lang=kk
Хорватияның Экономикалық палатасы мен Далмация өңірі Қазақстанмен іскерлік байланыстарды арттыруға ниетті 29.03.2025
Загреб, Сплит, 2025 жылғы 20–22 наурыз – Қазақстан мен Хорватия іскер топтарының байланыстарын дамыту және бұл үдеріске Хорватияның Экономикалық палатасының қатысуы Хорватиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Даулет Батрашевтың Хорватия Экономикалық палатасының вице-президенті Игор Показпен кездесуі мен Далмация өңірінің әкімшілік орталығы – Сплит қаласына жасаған жұмыс сапарының басты тақырыбы болды.Екіжақты әріптестікті әртараптандыру және сауда айналымын ұлғайту мақсатында Д.Батрашев пен Игор Показ осы жылдың сәуір айының соңында Астанада қазақстан-хорват бизнес-форумын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бұл форумға экономиканың әртүрлі секторларынан 28-ден астам хорват компаниясының қатысуы жоспарлануда.Хорватияның Экономикалық палатасының жүйесі кәсіпкерлер пайдалана алатын кең мүмкіндіктерге ие және елдің барлық өңірлерінде ұсынылған.Осыған байланысты 2024 жылы құрылған «Қазақстан–Хорватия» Іскерлік кеңесі аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін кең мүмкіндіктер бар.Сплит қаласының мэрі Ивица Пулякпен кездесу барысында экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жолға қою мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Қала басшылығына Сплит қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірілді. Сонымен қатар тараптар жыл сайын 5 миллионнан астам шетелдік турист келетін Сплиттің тарихи бөлігінде Қазақстанның инвестициялық және туристік әлеуетіне арналған көрме өткізу мүмкіндігін талқылады.Сплит университетінің басшылығымен қазақстандық студенттердің Теңіз зерттеулері факультетінде білім алу мүмкіндігі қарастырылды.Сапар аясында қазақстандық дипломат Далмация өңірінің бизнес және іскерлік топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/962212?lang=kk
"Оңтүстік" ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтады 29.03.2025
Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеевті Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Генералмен бірге майдангер үйіне "Оңтүстік" ӨңҚ әскери оркестрі келіп, құттықтау сәті музыкалық сүйемелдеумен өтті.Иван Федорович арнайы келіп қуантқандарына дән риза болды. Ардагердің айтуынша, ол әскери қызметшілерден Жеңіс күніне жақын құттықтау күткен еді, алайда наурыз қарсаңындағы музыкалық құттықтау тосын әрі әсерлі сыйлық болды.— Ардагерлерімізге ризашылық білдіріп, олардың көңіл-күйін көтеру үшін кез келген мерекеде келуге әрқашан дайынбыз. Олардың ерлігі — жауынгерлік рухымыздың және Отанға деген адалдығымыздың негізі, – деп атап өтті генерал-майор Ержан Ыбыраев.Әскери оркестр ардагердің сүйікті әуендерін орындап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Иван Федорович пен оның қызы Ольга әскерилерге жылы лебіздері мен арнайы іздеп келгені үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер ардагерлер үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.Әскерилер тек құттықтап қана келген жоқ, аға буынға құрмет көрсетудің маңыздылығын және ұрпақтан-ұрпаққа басты – мейірімділік, бейбітшілік пен жақындарына қамқорлық сынды құндылықтарды көрсете отырып, тарихи байланысты сақтау қажеттілігін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962210?lang=kk
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері әлемдік рекорд орнатуға қатысты 29.03.2025
Наурыз мейрамы күні Қазақ ұлттық киімін киген 5 мыңнан астам ақтаулық Каспий жағалауына "Қазақтың ұлттық киіміндегі ең көп адам" номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатуға жиналды.Бастаманы Ақтау өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, оның ішінде әскери полиция басқармаларының қызметкерлері белсенді қолдады. Бұл шара еліміз үшін де, ақтаулықтар үшін де маңызды сәт болды. Іс-шара қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне деген құрмет пен бірлікті көрсетті.– Best Fest Nauryz атты іс-шараға 5 мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында қала тұрғындары, түрлі сала қызметкерлері, түрлі этнос өкілдері, аға буын өкілдері бар. Біз, әскери қызметшілер де шет қалмадық. Қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға үлес қосқандардың бәріне алғысымды білдіремін, – деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы штабының офицері майор Бекболат Қойлыбаев.Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауындағы арнайы дайындалған алаңда өтті. Қатысушыларды тіркеуді және санауды Ұлыбританиядан келген Гиннестің рекордтар кітабының ресми өкілдері жүргізді. Бұл үрдіс бірнеше сағатқа созылды. Сарапшылардың айтуынша, барлық талаптар орындалды.Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін ұйымдастырушыларға Қазақстанның жаңа әлемдік рекордқа ие болғанын растайтын арнайы сертификат табыс етілді.Бұл жетістік халықаралық аренада қазақ мәдени дәстүрлерін дәріптеудегі маңызды қадам болды. Бұл іс-шараға әскери қызметшілердің қатысуы олардың қоғамдық бастамаларды қолдаудағы және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962203?lang=kk
Қазақстанның Ханойдағы жаңа жылдық әдет-ғұрыптарымен танысу 29.03.2025
19 наурызда Қазақстан мен Әзірбайжан Елшіліктері Ханой Сауда және туризм колледжімен бірлесіп, көптеген бірегей мәдени іс-шаралармен «Наурыз Мейрамы» жаңа жылдық фестивалін ұйымдастырды.Наурыз – 3000 жылдан астам тарихы бар және ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұра, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық мереке деп таныған Қазақстандағы ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн мен түннің ұзақтығы бірдей болатын көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған мереке, ол жаңа бастаманы, қараңғылықты жеңуді бейнелейді, бұл халықтар арасындағы бейбітшілікке, өркендеуге және ынтымақтастыққа деген ұмтылысты көрсетеді.Ай күнтізбесі бойынша Вьетнам жаңа жылы сияқты, Наурыз да отбасыларды біріктіруге, дастархан басында жиналуға, ізгі тілектермен алмасуға және маңызды дәстүрлі іс-шараларға бірлесіп қатысуға сылтау болып табылады.Іс-шарада қонақтар құнарлылықты, сәттілік пен жаңа бастамаларды бейнелейтін жұмыртқаларды сындыру рәсімін жасады, негативті жою үшін Наурыз отынан секірді және жаңа жылда молшылық пен өркендеуді бейнелейтін арпаның жасыл өскіндерімен және түрлі-түсті тәттілермен безендірілген Наурыздың дәстүрлі символы – Хонтра науасына шам жағылды."Наурыз-2025" фестиваліне Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, Әзірбайжан Елшісі Шовги Мехдизаде, Түркия Елшісі Корхан Кемик қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Дон Дэвид – Дүниежүзілік барбекю қауымдастығының Вице-президенті, Адриана Алацки - Гастромак президенті, Джордж Костич - Worldchefs құрметті мүшесі, Сулейман Курсак-жас аспаздар қауымдастығының президенті және Алан Пайен - Әмірліктердің аспаздық гильдиясының аға мүшесі, Халықаралық аспаздық қауымдастығының мүшесі, Worldchefs қазылар алқасы. қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/962160?lang=kk
Наурыз мерекесі Гонконг «PolyU» университетінде өтті 29.03.2025
Гонконгтық «PolyU» университетінде ҚР азаматтарының, студенттер мен шетелдік азаматтардың қатысуымен «Наурыз» мерекесі өтті.Іс-шара барасында қонақтардың қатысуымен концерт, ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар Қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрлері мен Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер түрлі күйлер, әндер мен билер орындады.Сонымен қатар, шетелдік азаматтар қазақстандық тағамдардың дәмін тәтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/962140
Қонаев қаласында Наурыз мейрамы аталып өтті 29.03.2025
2025 жылғы 21 және 22 наурызда Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып, оған Алматы облысының қаржы басқармасының қызметкерлері қатысты. Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге орталық алаңға киіз үй орнатылып; қазақ халқының дәстүрінен «Бата беру» көрінісі көрсетілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/962135?lang=kk
Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар! Қымбатты отандастар! 29.03.2025
Сіздерді бірлік пен жаңарудың, ырыс пен ынтымақтың, достық пен татулықтың бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Мазмұны терең философиялық мағынаға толы бұл мереке адамдарды еңбекқорлыққа, әдеп пен өнегеге, бауырмалдық пен ізгілікке баурайды, болашаққа деген сенімін оятады.Наурыз адамдарды ұлт пен ұлысқа бөлмей барша қауымды татулыққа тартып, ұлыстарды ұйысуға шақырады. Сол себепті Ұлыстың ұлы күні халықтар бірлігі мен татулығының бастауы болған. Шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналды.Бүгінде Қазақстан жаңғыру мен өркендеу жолын жалғастыра отырып, сенімді түрде алға жылжуда. Тәуелсіздігіміз нығайып, әрбір азамат береке бастауы – татулық пен тұрақтылықты қастер тұтып, қадірлей біледі.Бүгінгі таңда қоғамның негізін құрайтын бірлік пен келісім секілді құндылықтарды сақтау мен көбейту бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Еліміздің Қарулы күштері азаматтар үшін сенімді қалқанға айналды. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын әскеріміз жыл сайын заманауи және жоғары технологиялық сипатқа ие болып келеді.Бүгінгі мереке күні барша әскери қызметшілер мен әрбір қазақстандыққа мол бақыт, мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін! Наурыз әр шаңыраққа қуаныш сыйласын! Құрметпен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962113?lang=kk
Қонаевта Наурыз кең көлемде атап өтілді: 100 домбырашы Н. Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады 29.03.2025
Қонаев – Алматы облысының әкімшілік орталығында Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды. Орталық алаңда 25 киіз үй тігілді, олардың әрқайсысында қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге келген қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, наурыз-көже мен бауырсақ ұсынылды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мерекелік шараларға қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын Наурызбен құттықтады. Ол бұл мейрамның бірлік пен жаңару символы екенін атап өтті:«Бұл мереке бізді біріктіреді. Дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Себебі дәл осы құндылықтар халқымызды мықты әрі біртұтас етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.Мерекеге Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Түркия және АҚШ-тың бас консулдары мен атташелері, сондай-ақ Моңғолия мен Үндістанның консулдары қатысты. БҰҰ агенттіктері мен миссияларының өкілдері, белгілі мәдениет қайраткерлері де шарада бой көрсетті.Қонаев көшесінің бойында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері мен сауда қатарлары ұйымдастырылды. Қалалық саябақта ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Ал орталық алаң мерекенің басты ордасына айналды – үлкен сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.Көрермендерді ерекше таңғалдырған сәт – Қазақстанның халық әртісі, композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған Талғар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты орта мектеп оқушыларының қатысуымен, Республикалық “Күй күмбірі” челленджінде 200 жуық оқушы “Ата толғауы” күйін орындады.21 наурыз кешінде алаңда танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.Мерекелік шаралар бүкіл облысты қамтыды – барлық аудан мен ауылдық округтерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Наурыз мейрамы өңірдің барлық аудандық және қалалық орталықтарында 22 күні жалғасын тауып кеңінен аталып өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962112?lang=kk
Қонаев қаласында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті 29.03.2025
Көктемнің Наурыз мейрамына орай Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Оған облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары жас ерекшеліктеріне қарамастан қатысты. Жалпы, 6 жастан 60 жасқа дейінгі 500-ден астам адам дәстүрлі қазақ ойындарында өз күштерін сынап көрді.Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық және ұлттық спортты дамыту, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бастамаларын қолдау.«Мұндай спорттық жарыстар ұлттық дәстүрлерді сақтауға, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысуға, денсаулықты нығайтуға, жігер мен спорттық рухты дамытуға көмектеседі. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұрамыздың маңызды бөлігі болып табылады, жастардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Қазақ этникалық ойындары – бұл жай ғана спорт емес, сонымен қатар өмірлік қуаттың, белсенділіктің және табиғатпен үйлесімділіктің символы. Сондықтан жарыстар үлкен қызығушылықпен және құлшыныспен өтеді», – деп атап өтті Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Айбол Құлбаев.Барлық қатысушыларға ұлттық ойындарды ойнап көру мүмкіндігі берілді. Бұл Наурыз мейрамының қазіргі өмірмен үйлесімді өріліп, дәстүр сабақтастығын сақтағанын көрсетеді. Жарыстар арқан тарту, қошқар көтеру, ләңгі ойыны, қол күресі және асық ату бойынша ұйымдастырылды.Ең жас қатысушылар асық ату турнирінде бақ сынады. Кіші топ үшін нысанаға дейінгі қашықтық 3 метр, ал үлкен топ үшін 5 метр болды. Кім көп асық түсірсе, сол жеңімпаз атанды.«Ойынның ережесі қарапайым, бірақ дәлдік пен шеберлікті талап етеді. Белгілі бір қашықтықтан асықпен басқа асықтарды атып түсіру керек. Бұл – көшпенділердің көне ойындарының бірі, кейде оны көшпенділердің боулингі деп те атайды. Оның басты артықшылығы – арнайы жабдықтың қажет еместігі, яғни кез келген адам ойнай алады. Бүгінгі жарысқа 50-ден астам бала мен ересек адам қатысты. Көпшілігі тамаша дәлдіктерін көрсетіп, ойынға деген үлкен қызығушылықтарын байқатты», – деп бөлісті асық ату жарысының бас төрешісі Аблин Олжас.Ең әсерлі жарыстардың бірі – қошқар көтеру болды. Бұл сайысқа 18 жастан асқан ер адамдар ғана қатысты. 20-дан астам жас палуан өз күшін сынады.Барлық жарыстар қызу тартыста өтті, әрбір қатысушы бар күшін салып, үздік нәтиже көрсетуге тырысты. Спортшылар мен көрермендер бұл мерекенің денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға негізделгенін атап өтті.«Мен Қонаев қаласының спорт секциясында бірнеше жылдан бері шұғылданып келемін. Бүгін қол күресінен жарысқа қатыстым, себебі осы спорт түрінен қаламыздың чемпионымын және тәжірибемді арттыру үшін әр жарысқа қатысып отырамын. Осындай шараларды ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деп әсерімен бөлісті жарысқа қатысушы Нүркен Ерденов.Жарысқа тек әуесқойлар ғана емес, кәсіби спортшылар да қатысты. Олардың арасында армрестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның 11 дүркін чемпионы Айдын Бахтияров болды. Ол қол күресі мен қошқар көтеру сайыстарына қатысып, екі жарыста да жеңімпаз атанды.«Ұлттық спорт түрлері – бұл жай ғана жарыстар емес, көшпелі өмір мәдениетінің бір бөлігі. Мұнда күш, төзімділік, шеберлік және өзара қолдау маңызды. Мен үшін мұндай турнирлер – өзімді сынап көру, жарыстың қызығын сезіну және достарыммен бірге уақыт өткізу мүмкіндігі», – деді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айдын Бахтияров.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Алайда, ең басты марапат – көтеріңкі көңіл күй мен сергектік болды.Жарысты ұйымдастырушылар – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962110?lang=kk
«Достық» аллеясы 29.03.2025
Қонаев қаласында Наурыз мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық» аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды сәт халқымыздың бірлігі мен татулығын дәріптейтін үлкен мерекенің ажырамас бөлігіне айналып, ел ішіндегі ынтымақ пен келісімнің жарқын символына айналды.Ашылу рәсіміне мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Ассамблея мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев болды. Ол жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай игі бастамалардың ел ішіндегі ұлтаралық келісімді нығайтып, қоғамның бірлігін арттырудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асырып жүрген Ассамблея мүшелері де белсенділік танытты.Шара аясында қайың, жөке, терек және қара жаңғақ секілді 150-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл — еліміздегі этностар арасындағы достық пен татулықтың тамыр жайып, өсіп-өркендеп келе жатқанын білдіретін көркем нышан. «Достық» аллеясы қаланың көркін кіргізіп қана қоймай, қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылықтар — өзара құрмет, төзімділік пен үйлесімділіктің айғағына айналмақ.Наурыз мейрамы мен аллеяның ашылу салтанаты – халқымыздың бірлігі мен бейбіт өмір сүруге деген ұмтылысын айғақтайтын тағылымды шара. Мұндай мерекелер қоғамды ұйыстырып, дәстүрлерімізді ұлықтауға, көпұлтты еліміздің ынтымағын одан әрі нығайтуға мол мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962108?lang=kk
Гарвардта Наурыз мерекесіне арналған қазақстандық классикалық музыка концерті өтті 29.03.2025
Кембридж, Массачусетс штаты, АҚШ, 2025 жылғы 20 наурыз – Гарвард университетінде американдық музыканттардың орындауында Наурыз мерекесіне орайластырылған қазақстандық классикалық музыка концерті өтті. «Celebrating Kazakhstan's Cultural Heritage: Through Music, Tradition, and Performing Art» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы айтулы оқиға болды.Концерт қазақстандық диаспора өкілдерінің, сондай-ақ екі елдің өнер және мәдениет қайраткерлерінің басын қосты. Іс-шара бағдарламасы «Global Music Partnership» (GMP) компаниясының көркемдік директоры доктор Владимир Дё қолдауымен өткізілді.Өз сөзінде Владимир Дё ұлттық мәдени мұраны ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, музыканың елдерді біріктіруге қабілетті әмбебап тіл ретіндегі рөлін атап өтті.Концерт бағдарламасына дәстүрлі қазақ халық шығармалары мен замануи композиторлардың музыкасы кірді. Виолончельші Джастин Отлетт пен скрипкашы Ен-Ми Ли, сондай-ақ GMP ішекті ансамблі келесі атақты шығармаларды орындады: композитор Қуат Шілдебаевтың аранжировкасындағы скрипка мен ішекті оркестрге арналған «Қаракемер», композитор Ғазиз Жұбановтың қазақ халық әні «Япурай», композитор Евгений Брусиловскийдің № 1 ішекті квартетінен «Allegro molto», Дәулет Шәкіровтің аранжировкасындағы «Боз айғыр», қазақ халық әндері «Дудар-ай» және «Наз Қоныр».Дәстүрлі әуендер мен заманауи музыкалық интерпретациялардың үйлесімі көрермендердің ерекше ықыласына ие болып, америкалық аудиторияға Қазақстанның бай музыкалық мұрасын тереңірек танысуға мүмкіндік берді.Гарвардтың жаһандық музыкалық мұрағатының басшысы Элизабет Батиюкпен кездесуде белгілі қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың соло және ішекті скрипкаға арналған «Қаракемер» күйлерінің партитурасы таныстырылды. Бұл АҚШ-тың музыкалық академиялық топтарына музыкалық баяндаудың эпикалық нысанына негізделген бірегей қазақ фольклоры туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/962099?lang=kk
Су тасқынына қарсы шаралар жүзеге асырылуда: Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы дайындықты тексерді 29.03.2025
Көктемгі су тасқыны – барынша дайындық пен барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын талап ететін маңызды сынақ. Жағдайды бақылау мақсатында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданына барып, су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.Жұмыс сапары барысында өңір басшысы су өткізу құрылыстарын, қорғаныс бөгеттерін және ең осал учаскелерді аралады. Новоселов, Қарамырза және Октябрьский ауылдарындағы дайындық деңгейі бағаланды. Қарамырза ауылында ұзындығы 5 км болатын бөгет тексеріліп, оның тасқын судан қорғау қабілеті қаралды. Новоселов ауылында су бұру арнасының жағдайы және «Үлкен Чураков – Қарасу» облыстық маңызы бар жол учаскесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары назарға алынды.Тімтуір өзеніндегі гидротехникалық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Мамандардың айтуынша, өзендегі мұз штаттық режимде еріп, елді мекендерге қауіп төндірмейді. Тобыл өзенінде су тасқыны қаупі жоқ, су қоймалары су жинау режиміне көшті.Су тасқынына қарсы шараларға құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар су өткізбейтін қаптарды дайындап, нығайту жұмыстарын жалғастыруда.«Су тасқыны жағдайы бақылауда. Барлық шаралардың уақытында орындалуы маңызды, ең бастысы – халықтың қауіпсіздігі», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Су тасқынының ықтимал салдарын болдырмау бойынша жұмыстар жалғасуда, жауапты қызметтер толық дайындықта.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/962092?lang=kk
Елші М.Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары туралы 29.03.2025
20 наурызда Қазақстан Республикасының Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары барысында жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық оқушыларымен кездесті.Чемпионаттың ашылу салтанаты шеңберінде қазақстандық дипломат жас шеберлерге табыс тілеп, лайықты партиялар көрсететініне сенім білдірді.Турнирге 44 елден 470 қатысушы жиналды. Олар 17 жасқа дейінгі алты жас санатында жүлделерді сарапқа салады.Қазақстан делегациясы ең ірі құрамның бірі: 40 жас спортшы, оның қатарында әлем және Азия чемпиондары, сондай-а, рейтингтік көшбасшылар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/962090?lang=kk
Қостанай облысының елді мекендерді су басудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы 29.03.2025
2025 жылғы 21 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдай тұрақты, барлық тартылған қызметтер үйлесімді және үйлестірілген түрде жұмыс істеп жатыр.Айта кетерлігі, облыста су тасқыны жағдайына толық дайындық жасалған. Тәуекел тобындағы 92-ден астам елді мекен қамтылды. 46 шақырым білік салынып, 168 жаңа су өткізгіш құбыр, 20 км нөсер кәрізі тартылды, 27 ГТҚ жөнделіп, 50 бірлік жоғары өтімді техника сатып алынды.Жергілікті билік органдары су басу қаупін барынша азайту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.Қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, бұл тұрғын үйлерді су басудан сақтап қалу мақсатында жасалған бірден-бір маңызды шара.Материалдық-техникалық құралдар сатып алынып, халық пен малды эвакуациялау орындары әзірленді, шағын өзендердің арналарын тазарту жұмыстары жүргізіліп, неғұрлым осал жерлерде өзен жағалаулары нығайтылды, қажет болған жағдайда қорғаныс құрылыстарын шұғыл тұрғызу үшін инертті материалдар әзірленді.Су тасқынын жою үшін шамамен 3 мың адамнан тұратын топ құрылып, шамамен 400 бірлік техника, 120 бірліктен астам жүзу құралы және 330-дан астам мотопомпа жұмылдырылды.Жалпы, бүгінгі таңда 5 автомобиль жолын, соның ішінде республикалық маңызы бар 1 және аудандық 4 жолды су басу фактісі тіркелген.Барлық су басқан жолдар ерекше бақылауда. Қазіргі кезде «Құсмұрын-Новопавловка» жергілікті маңызы бар 1 жолды су шайған. Дәл осы уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және жақын арада жол жамылғысы жөнделетін болады. Жалпы, келісілген іс-қимылдың арқасында жедел, яғни бір күн ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туды. Мәселен, 19 наурыз күні сағат 16.00-де «Үрпек-Қабырга» жолы шайылып, келесі күні сағат 10.30-да жол жабыны қалпына келтірілді.Өткен жылғы су тасқыны туралы айтсақ, Қарасу ауданында 5 көл қосылып кетіп, жалпы ауданы 622 шаршы км жерді су басып кеткен еді.Бұл мәселені шешу үшін 30 шақырымдық су бұру арнасы салынған.Сондай-ақ, облыстың оңтүстік аймақтары да ерекше назарда. Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласындағы 30 елді мекенде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, бөгеттер тұрғызылды, 26 шақырым жерде қорғаныс біліктері нығайтылды. Жангелдин ауданында тасқын суларды қауіпсіз аймақтарға қайта бұруға бағытталған су бұру арналары салынды.Ауыл шаруашылығындағы шығынның алдын алу және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал басының саны мен көшіру маршруты көрсетілген малды эвакуациялау орындарының картасы әзірленді. Шаруа қожалықтары мен қыстаулардан жалпы саны 39 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Барлық орындар жем-шөп қорымен қамтамасыз етілген. Жергілікті билік ауыл шаруашылығы саласын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.Тобыл, Торғай өзендері мен бірқатар елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсаттарға 193 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен суды тұтыну және трансшекаралық өзендердегі қауіп-қатердің туындауы бойынша тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.Айта кетсек, екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі - 881 млн.м3 (63%), нормасы - 1,4 млрд. м3.Күтілетін ағын 360 млн. текше метрді құрап отыр. Су тасқыны кезеңіне дайындық және оны өткізу ерекше бақылауға алынған. Мамандар халықтың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, су тасқынының ықтимал қауіптерін барынша азайта отырып, үйлесімді жұмыс жасап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/962070?lang=kk
Әскери инженерлер Ақтөбе облысындағы Ойыл өзеніне уақытша өткел орнатты 29.03.2025
Инженерлік әскерлерге қарайтын 58012 әскери бөлімінің күш-құралдары Ойыл ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылды. Шұбарқұдық станциясына Қонаев гарнизоны инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері теміржол көлігімен жетті. Олармен бірге платформада понтон көпірі паркінің элементтері, соның ішінде понтон көпірінің сегменттері бар екі ауыр тонналық көлік (КрАЗ-255Б), жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасындағы екі сүйреткіш-моторлы қайық жеткізілді.– Бізде өткел жасау тәжірибесі бар. Өткен жылы біздің бөлім қатынас жолдарынан ажырап қалған ауылдардағы адамдарды, техника мен материалдық құралдарды тасымалдауға көмектесті, – деп түсіндірді понтонды-көпір батальонының командирі майор Наурызхан Төлеуов.Әскери инженерлер тобы жұмысқа кірісті. Әскери қызметшілер Ойыл, Ақтоғай, Қараой және Сарыбие ауылдық округтері тұрғындарының арасындағы қатынасты қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962050?lang=kk