Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қостанай облысы аумағында “Тазару күні” өтті 29.03.2025
Наурыз мерекесі аясында, 2025 жылдың 23 наурызында, Қазақстан аумағында аға буынға қолдау көрсету және жастар волонтерлігін дамытуға бағытталған бірнеше іс-шара өткізілді.Жангелдин ауданында «Тазару күні» аясында 60-тан астам қатысушы, оның ішінде мемлекеттік және корпоративтік қызметкерлер, сондай-ақ жастар өкілдері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады. Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған бұл іс-шара аясында сенбілік өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары, «Аманат» партиясының және жергілікті жастардың өкілдері қатысты. Акцияның мақсаты – өңірде тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ азаматтарды қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған белсенді әрекеттерге тарту.Жастар ресурстық орталығы мен «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» КМҚК жалғыз тұратын зейнеткерлерге арналған «Бірге көмектесейік» акциясын ұйымдастырды. Волонтерлер, олардың арасында студенттер мен белсенділер, қарт адамдардың үйлеріне барып, үй жинауға көмектесті. Іс-шара барысында Наурыз рухына сай жылы әрі мерекелік атмосфера қалыптасты. Волонтерлер қарт кісілерге тек тұрмыстық көмек көрсетіп қана қоймай, олармен жылы әңгімелесіп, көктем мерекесімен құттықтады.Қарабалық ауданында да Наурыздың 10-шы күні аталып өтіп, Тазару күні акциясы ұйымдастырылды. Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттері жалғыз тұратын зейнеткерге көмек көрсетті. Волонтерлер оның үйінің айналасын қар мен мұздан тазартып, қыс мезгілінде аса маңызды қолдау жасады. Бұл іс-шара жастар арасында патриотизмді нығайтып, аға буынға құрмет көрсетуді дамытуға зор үлес қосты.Бұл бастамалар қарт адамдарға қамқорлық жасаудың және Наурыз дәстүрлерін нығайтудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жастар арасында белсенді азаматтық ұстаным мен волонтерлікті дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/962444?lang=kk
Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді 29.03.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 25 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы және Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы), Африка Одағы жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ хаттамасының Бас директоры доктор Азиз Гелета Десаленмен кездесу өткізді.Кездесу барысында әңгімелесушілер екіжақты күн тәртібінің мәселелерін, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды талқылады.Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру үшін диалогты одан әрі қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/962443?lang=kk
Ботаникалық саябаққа тал егілді 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Ботаникалық саябаққа тал егілді. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, департамент, басқарма басшылары және Қорқыт Ата атындағы университет ұжымы қатысты. Осы күндері өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру жұмыстары қарқын алған.Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. "Наурызнама" онкүндігінің 19 наурызға белгіленген Жаңару күнінде «Жасыл желек» ағаш отырғызу, көркейту, көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Облыс аумағына 5920 түп тал отырғызылды. 23 наурыз-Тазару күні қала, кент және ауылдық округтерде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, 7000-ға жуық көшет егілді. Тазалық шараларына 20 мыңнан астам адам қатысты.Биыл өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін 23 530 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962439?lang=kk
Жалағашта да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданынына жұмыс сапары барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары болды.Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге, құрылыс, спорт салаларындағы жаңалықтарға тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын. Тұрғындар спортты өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендер қолжетімді болуы керек. Ал спорт адамның денсаулығын, күш-жігерін шыңдайды. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілгені белгілі. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион алдағы мамыр айында ел игілігіне табысталмақ. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар, Сырдария ауданының Бесарық ауылдарында жаңа кешендер іске қосылған еді. Наурыз мерекесі қарсаңында дәл осындай спорт кешені күні кеше Қармақшы ауданының Ақай ауылында және Шиелі ауданының Жақаев ауылында ашылды. Бүгін Ұлыстың ұлы күнінде Жалағаш ауданындағы жаңа спорт кешенін ел игілігіне табыстаудамыз.Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жерде шыныққан жеткіншектер болашақта дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың намысын қорғап, көк байрағымызды биікте желбіретсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жиылған халықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962438?lang=kk
Жалағашта «Нұр себеле, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өтті 29.03.2025
Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Мереке қонақ күткен ауылдың қарбалас сәтін, үлкен-кіші бас қосқан жиынның, өнерпаз қыз-жігіттердің көш-керуенін бейнелеген театрландырылған қойылыммен басталды. –Ақ қар кетті, қыс өтіп,Шырайлы шуақ жаз жетіп,Шаруаның бұл кенелген,Күн мейрамы ежелден,Құтты болсын, Наурыз!Көтер туын Наурыздың,Желбіресін көгімде,Береке мен бақ қонсын,Жалағаштай еліме!– деп ауылдың үлкені берген батаға жұртшылық түгелдей әумин десті. Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, биылғы жылдың ерекшеліктеріне, атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Хәкім Абайдың 180, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100, Ұлы Жеңістің 80, Байқоңыр ғарыш айлағының 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты маңызды мерейтойларды тағылымы ел жадында жатталатындай етіп өткізу өте маңызды екенін айтты.«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Мерекеде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962437?lang=kk
Сырдариялықтар «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарада бас қосты 29.03.2025
Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік.Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында Нағи Ілиясов ауылында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрі, еліміздің барлық өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңесте аграрлық саладағы мәселелер талқыланып, өңір жетістіктері өзге аймақтарға үлгі етілді.Негізінен аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдарында 14,5 шақырым ауыз су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Мұнан бөлек, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да біршама жұмыс атқарылды. Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Әрине, бұл – өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі ғана.Осы жылы да өздеріңіздің қолдауларыңызбен аудан халқының игілігіне бағытталған бастамалар іске асады. Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау лебізін жеткізді.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек ән шырқады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962433?lang=kk
Сыр елінде «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті.Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, көктемнің барлық бояуымен ерекше түрленді. Мереке өтетін орынға киіз үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылды. Халықтың көтеріңкі көңіл-күйі, ағайынның бір-біріне айтқан ақ тілегі, шашуын шашқан ақ жаулықты аналар, ақ батасын жаудырған ақсақалдар мереке ажарын аша түсті. Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің даму жолындағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға тоқталды.«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні Сырдан Сарыарқаға дейінгі, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ даламыз ақ тілектермен көмкеріліп, ақ дастархан жайылып, үлкендеріміз жас ұрпаққа ақ батасын береді. Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей!Наурыз мейрамы Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті!Биыл – еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жаңа бастамаларды қолға алдық, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімізде айтарлықтай өсім қалыптасты. Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Жергілікті кәсіпкерлер, меценаттар да туған жерді түлетуге, көркейтуге үлес қосып келеді.Ұлыстың ұлы күнінде тілеген игі тілектеріңіз қабыл болсын, істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!», – деді Н.Нәлібаев.Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына арналған «Жауһар жәдігер» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-байқауы да келушілерге ұсынылды.Аймақ басшысы Айбарша, Айбике, Айбибі есімді үшемнің тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің жаңа өмірге тәй-тәй басқан қадамына ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар «Түйе палуан» сайысы және ұлттық спорттың басқа да түрлерінен жарыстар болды.Мерекелік басқосу отандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962432?lang=kk
Вена қаласының филармониясында Наурыз мерекесі аталып өтті 29.03.2025
Вена, 2025 жылғы 24 наурыз – әлемге әйгілі Вена қаласының филармониясының Брамс залында көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамына арналған салтанатты концерт өтті. Қазақстан Республикасының Елшілігі Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған бұл шараға Аустрияның дипломатиялық корпусы, БАҚ өкілдері, іскерлік және мәдени орталар, сондай-ақ Венада тұратын қазақ диаспорасы мен студенттері қатысты.Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Елшісі Мұхтар Тілеуберді, Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамуратов және Аустриядағы қазақ диаспорасының өкілі Анар Әділбекова Наурыз мейрамының жаңару, бірлік және халықтар достығы символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.Мерекелік кеште "Mұрaгер" фольклорлық филармониясы мен "Інжу-Маржан" би ансамблінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Олар көрермендерге халық музыкасы мен билерге толы әсерлі бағдарлама ұсынды. Дарынды әртістер дәстүрлі және заманауи қазақ әндері мен күйлерін орындады. Әсіресе, "Торжорға", "Ақ жауын", сондай-ақ халық әндері "Көзінің мөлдірі ай" және "Ой көк" туындылары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Музыканттар бұл шығармаларды ұлттық аспаптар – домбыра, жетіген және қобызда орындап, сонымен қатар атақты аустриялық музыкалық туындыларды өз интерпретациясында ұсынды.Көктемгі жаңару мен үйлесімділікті бейнелейтін Наурыз мейрамы Қазақстан мен Аустрия арасындағы мәдени диалогтың жарқын үлгісі болып, екі ел халықтарының достық байланыстарын нығайтуға және өзара түсіністікті арттыруға септігін тигізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/962431?lang=kk
Ұлыстың Ұлы күні Қызылордада 135 отбасы баспаналы болды 29.03.2025
Ұлыстың Ұлы күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы 135 пəтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды Наурыз мерекесімен және қоныс тоймен құттықтады.«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей!Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті.Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталуда. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша өткен жылы республикада үздіктер қатарынан көріндік.Алдағы уақытта да бекем бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілейміз! Ұлыс оң, ақ мол болсын! », – деді Н.Нәлібаев.Рәсімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар, пәтер иелеріне қуаныш сыйлаған мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтауын жеткізіп, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов бата берді.Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатқа 2,5 мыңнан астам пәтер берілді. Осылайша тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті.Биыл халықты баспанамен қамту үшін 292 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді. Қосымша 3300-ден астам пәтер сатып алуға өтінім жолданды.Амал күні Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды. Бүгін баспанасы апатты деп танылған 135 отбасы жаңа пәтерге ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962421?lang=kk
Қармақшы ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Ақай ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар.Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы - Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962418?lang=kk
Азия елдерімен достастық тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесу 29.03.2025
Елші Арман Исағалиев Қатар Консультативтік Кеңесінің мүшесі, Азия елдерімен достастық тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесіп, екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/962416?lang=kk
Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылы газға қосылды 29.03.2025
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданының Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Облыс әкімі тұрғындарды Наурыз мейрамымен, көптен күткен қуаныш – ауылға "көгілдір отын" келуімен құттықтады.«Ұлыстың Ұлы күні Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қолға алынған, іске асқан байыпты бастамаларымыз бен жасампаз жобаларымыздың игілігін халық көруде.Өткен жылы облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асып, екі жарым жыл бұрынғы көрсеткіштің өсімін 206 пайызға жеткіздік.Президентіміздің қолдауымен бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Алдағы жылу беру маусымында көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су толық қосылады.Газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, 330 шақырым газ желілері салынды. Халықты газбен жабдықтау көрсеткіші 78 пайызға өссе, жыл соңына дейін 82 пайызға жеткіземіз.Ал, бүгін өздеріңізбен бірге Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосамыз. Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады.Ауылдарыңызға келген "көгілдір отын" халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Бүгінгі мереке барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін!», - деді Н.Нәлібаев.Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізді. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44 млрд 703 млн теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жоба биыл толық аяқталады.Көлік-логистика саласында да жетістіктер көп. Мемлекет басшысының қолдауымен "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес "Болат Өтемұратов қоры" 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста 126 млрд. 809 млн теңгеге 180 жобаның құрылысы жүрудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962413?lang=kk
Ұландықтар есірткісі бар адамды ұстады 29.03.2025
Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерімен бірге қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады.Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.- Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды, - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962409?lang=kk
«Жібек жолы» жобасының кезекті туристік пойызы Самарқандқа келді 29.03.2025
2025 жылғы 23 наурызда Самарқандқа "Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы" бағыты бойынша кезекті "Жібек жолы" туристік пойызымен 307 қазақстандық турист келді. Оларды Өзбекстан тарапы дәстүрлі түрде жылы және достық атмосферада қарсы алды. Қонақтар ежелгі қаланың бай тарихи мұрасымен, мәдениетімен және туристік көрікті жерлерімен танысады."Жібек жолы" жобасы-Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкентті байланыстыратын Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі. Ол өңірлік туризмді дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және туристер үшін қолайлы және қауіпсіз көлік жүйесін құруға бағытталған.  Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің өңірдегі туризмді дамыту жөніндегі уағдаластықтары шеңберінде ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/962386?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Каир, 2025 жылғы 24 наурыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах әс-Сисиге сенім грамоталарын табыс етті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында А. Жеңіс Мысыр басшысымен сұхбаттаса отырып, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Сонымен қатар қазақ дипломаты екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі дамуын атап өтті. Осы тұрғыда ол Мысырмен ынтымақтастықтың барлық салалардағы елеулі әлеуетін ескере отырып, серіктестікті одан әрі тереңдетудің оның осы лауазымдағы жұмысының ең маңызды бағыты екеніне назар аударды.Өз кезегінде Мысыр Президенті Қазақстан Елшісіне жаңа қызметінде табыс тілей отырып, Каир мен Астана арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/962369?lang=kk
Ұландықтар Ақтаудағы жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті 29.03.2025
Ақтауда жол-көлік оқиғасы орын алды: Lada автокөлігі жарықтандыру бағанасына соқтығысты. Көлік қатты зақымданды, ал жүргізуші мен жолаушы салонда құлыптаулы болды.Жақын жерде орналасқан 6656 Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері дереу көмекке келді. Ұландықтар зардап шеккендерді көліктен шығарып, қауіпсіз жерге көшіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.– Біз апатты бірден байқап, дереу әрекет етуге кірістік. Зардап шеккендер есін жиғанымен түрлі жарақат алды, сондықтан біз жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін шақырып, олардың келуін күттік, – деді әскери жасақ бастығы Решат Ғазымбеков.Сондай-ақ, әскерилер полиция келгенге дейін оқиға болған жерді бақылауды қамтамасыз етіп, ықтимал апаттың алдын алды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962363?lang=kk
Ұландықтар еңбек ардагерлерінің ауласын тазалады 29.03.2025
23 наурыз – Тазалық күнімен көктемгі Наурызнама мерекесінің онкүндігі аяқталады. Ол өмірдің жаңаруын қоғамдық мағынада бейнелейді. Адамдар өткен кезеңнің қорытындысын шығарып, болашаққа жоспар құрып, айналасын ретке келтіреді.Күн мен түннің теңелуіне арналған дайындық қоршаған ортаны тазартуды, елді мекендерді абаттандыруды және Жер-Анаға құрмет көрсетуді қамтиды. Осыған орай Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еңбек ардагерлерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.— Күн жылынған сайын қыста жиналған қар еріп, үйімді су басады деп алаңдап жүр едім. Бірақ сарбаздар ауланы жылдам әрі мұқият тазалап берді. Осындай мейірімді, қайратты және көмекке әрдайым дайын азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарына алғыс айтамын. Сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Ұлттық ұлан басшылығына ризашылығымды білдіремін, – деп бөлісті еңбек ардагері Галина Корейба.Айта кетейік, мереке қарсаңында ұландықтар тағы бірнеше ардагердің үйіне барып, ауладағы қарды тазартуға көмектесті.Айта кету керек, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Наурыз мейрамын атап өтуде белсенділік танытып, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен насихаттауға өз үлесін қосты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962362?lang=kk
Марокко Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады 29.03.2025
Рабат, 2025 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI Экономика мен өркениет диалогы жөніндегі кеңесшісі, ірі кәсіпкер Андре Азулемен кездесті.Кездесу барысында қазақ дипломаты екі ел арасында дін саласындағы жүйелі ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына назар аударып, А. Азулеге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыруын табыс етті. Сонымен қатар Марокконың алдыңғы съездерге белсенді қатысқанына тоқталып, Корольдіктің дінаралық диалогты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.А. Азуле шақыруды зор ризашылықпен қабыл алып, Съезге қатысуын растады. Қазақстан мен Марокконың конфессияаралық келісімді нығайту, бейбітшілік, толеранттылық пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілету бойынша көзқарастарының ұқсас екендігін алға тартып, бұл іс-шараға қытысуының маңызды екенін жеткізді. Алдағы уақытта бұл бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Съезд отырысының табысты өтуіне тілек білдіріп, аталған іс-шара сындарлы диалог және әлемдік дінаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаң болатынына сенімін білдірді.Андре Азуле – Үш мәдениет және үш дін қоры төрағасының орынбасары, Шимон Перестің Жерорта теңізі форумы мен бейбітшілік орталығының директоры, Өркениеттер мен діндер диалогына арналған Давос форумы аясында С-100 негізін қалаушы мүшесі. Мароккода өтетін жаһандық дінаралық конференцияларды ұйымдастырушысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/962357?lang=kk
Қазақстандық гимнастшылар Афинада өткен «Aphrodite Cup 2025» халықаралық турнирінде жарқын жеңіске жетті 29.03.2025
Афина, 2025 жылғы 23 наурыз – Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы 21–23 наурыз аралығында Афина қаласындағы Faliro Olympic Indoor Hall спорт кешенінде өткен «Aphrodite Cup 2025» атты X мерейтойлық халықаралық турнирге қатысты. Жарысқа әлемнің 27 елінен спортшылар қатысып, турнир көркем гимнастика бойынша халықаралық күнтізбедегі маңызды іс-шараға айналды.Қазақстан құрамасы жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлікті көрсете отырып, жалпы саны 18 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда:– 11 алтын медаль, соның ішінде 3-еуі топтық жаттығуларда,– 6 күміс медаль, оның ішінде 2-еуі топтық жаттығуларда,– 1 қола медаль.Турнирдің он жылдық мерейтойы аясында Қазақстан командасы «Aphrodite Cup» турнирінің барлық шығарылымына үзіліссіз қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды. Бұл марапат еліміздің спорт саласындағы жүйелі жұмысының, ұрпақтар сабақтастығының және халықаралық спорт аренасындағы орнықты қатысуының дәлелі болды.Жарыс барысында Қазақстан спортшыларын Грекия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Сұлтанғожин, Елшілік қызметкерлері, қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері қолдады. Олар спортшыларға шынайы қолдау білдіріп, сәттілік тілеп, мұндай халықаралық жарыстардың Қазақстанның оң имиджін ілгерілету мен елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.  Қазақстан РеспубликасыныңГрек Республикасындағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/962348?lang=kk
"Жас сарбаз" шығармашылық ұжымы Ташкентте өткен халықаралық байқауда Бас жүлдені жеңіп алды 29.03.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері Өзбекстан астанасында өткен "I Love Tu danse" халықаралық байқауында еліміздің абыройын асырды.Сапар, әсіресе жас әртістер үшін сәтті болды. Өнерлі ұжым бас жүлде — Гран-при, сондай-ақ 7-13 жас аралығындағы "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.— Бұл біздің ұжымның халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Балалар Ташкенттегі жарыстан ерекше бір шабыт алды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады, — деп атап өтті студияның көркемдік жетекшісі, 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.Халықаралық байқауға барлығы 36 шығармашылық ұжым қатысты. "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясы 2022 жылы Қорғаныс министрінің бастамасымен құрылғанын айта кету керек. Қазір 200-ге жуық бала хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра үйірмелеріне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962345?lang=kk