2026 жылдың 21 шілдесінде аудандық мәслихаттың аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
22.07.2026 12:47:54 267
2026 жылдың 21 шілдесінде депутат Б. Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста депутаттар «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы Алешин және Первомай ауылдық округтерінің бюджеттерін іске асыру мен 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» әкімдерінің есептерін және екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы (көшпелі отырыс) ауылдық округтің әкімін тыңдады, депутаттар ауылдық округке барып шықты. Бірқатар әлеуметтік объектілерді көріп шықты, білім процессіне және жылу маусымына дайындығын тексерді. Кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1261774?lang=ru