Қоғам
КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕЗЕКТІ РЕТ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ БЕРІЛДІ 24.02.2025
Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған еді. Реновация бағдарламасы аясында апатты және тозығы жеткен көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру сәтті жүзеге асуда.Бүгін аталған шағынауданның МПС көшесіндегі №9 үйде тұратын тұрғындарға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Тұрғындары жаңа қоныстарымен құттықтаған шаһар басшысы реновация бағдарламасы азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Айта кетсек, бағдарлама шартына сәйкес, тозығы жеткен тұрғын үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері тең пәтерлер алады. Тұрғын үйлер дайын күйінде беріледі. Аталған тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері Көксай шағынаудандағы 22 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/942572
ЖОСПАР 2025: САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 24.02.2025
Шымкент қаласында елді мекендер мен шағынаудандарды сапалы интернетпен қамту, мобильді байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл жоспарға сай бірқатар елді мекен тұрғындары талшықты оптика желісімен қамтылады.Бүгінде Тұран ауданының Жаңаталап елді мекенінде 120-дан астам үй талшықты оптика желісіне қосылды. 2000-ға жуық үйге интернет желісіне қосылуға техникалық мүмкіндік жасалынды. Бұл жұмыстарға жауапты жеке инвестор – «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы. Ал, Еңбекші ауданының Өтеміс елді мекенінде 150-ден астам үйге техникалық мүмкіндік жасалынып, 60-тан астам үй талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілді. Аталған аумақта «Транстелеком» компаниясы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.Жоспар бойынша «СпецАвтоматикаСервис», «Транстелеком», «Beeline», «I-Link net» компаниялары тарапынан, биыл жалпы 18 елді мекенге кең жолақты оптика желісі тартылады. Шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетке қосу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген. Сондай-ақ, шаһарда байланыс сапасы төмен нүктелерге базалық станция орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/942582
ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 12 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛ САТЫЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ 24.02.2025
Биыл қала аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің жедел саты қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда. Жоспар бойынша Әл-Фараби ауданында - 1, Тұран ауданында - 1, Қаратау ауданында - 10 тұрғын үйдің лифттері жаңартылады.Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 қондырғы ауыстырылған болатын. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, жедел саты бойынша шешімдер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келіскен жағдайда шығарылады.Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/942593
“ЖАСТАР” БАҒДАРЛАМАСЫ: 900 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ 24.02.2025
Шымкентте “Жастар” бағдарламасының іріктеу нәтижелері жарияланды. 2024 жылдың 27-29 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жастарды қамтитын бағдарлама бойынша 3841 азаматтың өтінімі қабылданды. Нәтижесінде, бағдарлама талаптарына сәйкес келген 2082 өтінім конкурсқа өткізілді. Қорытындысында балл көрсеткіші жоғары 900 азаматтың өтінімі мақұлданды.Оның ішінде 540 пәтер (60%) некеде тұрған азаматтарға берілсе, 360 пәтер (40%) некеде жоқ тұрғындар мен толық емес отбасыларына қаралды. Құжаттары конкурсқа өткен некесі бар азаматтар мен некеге тіркелмеген азаматтардың балдық көрсеткіштері екі бөлек қарастырылады. Некеге тіркелген азаматтар бойынша жинақ балдардың (минуттық тарификацияға сәйкес барлығы емес) ең төменгі көрсеткіші - 26, ең жоғары шегі - 47 балды құрады. Некеде жоқ азаматтар мен толық емес отбасылар бойынша жинақ балдардың (минуттық тарификацияға сәйкес барлығы емес) ең төменгі көрсеткіші - 16, ең жоғары шегі - 40 балды құрады. Конкурстың нәтижесі бойынша өтінім иелерінің ұялы телефонына СМС хабарлама жолданды. Ал азаматтармен жалдау шартын жасасу бойынша қосымша хабарлама алдағы уақытта жолданатын болады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/942772
Астанада Каспий теңізіндегі әскери қызмет шеңберіндегі сенім шаралары туралы келісімнің жобасы талқыланды 24.02.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Каспий маңы мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен келіссөздердің төртінші раунды өтті. Кездесу барысында тараптар Каспий теңізіндегі әскери қызмет саласындағы сенім шаралары жөніндегі келісімнің жобасын талқылады. Аталмыш құжатты қазақстандық тарап 2018 жылғы 12 тамызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша Каспий маңы мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын орындау мақсатында әзірледі. Келісім жобасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияда белгіленген қағидаттарды іске асыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/941977
Астанада «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті 24.02.2025
Елорданың Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық – бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауқымды іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қаласындағы орталықтарының басшылары, «AMANAT» партиясының белді мүшелері және мәслихат депутаттары қатысты.Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова биыл саяси маңызы бар күндерге толы екенін, осыған орай құнды іс-шаралар ұйымдастырылуы керек екенін ескере отырып, жыл меморандуммен бастағалы отырғанын айтты.«Биыл – мерейтой мен төл мерекелерге толы жыл. Соның ішінде Ұлы Жеңіске 80 жыл, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл және Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл. Ұйым осы жылдар ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара достықтың бірегей институтына айналды. Осы мерейтой аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты бірлесе кешенді жұмыс істеу, соның ішінде еліміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, түрлі этнос өкілдерінің өзара достығын әрі қарай нығайта түсу болмақ. », - деді AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.Бұдан соң партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек пен Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұрал Айдашев ортаға шақырылып, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық пен келісім туралы меморандумға қол қойылды.Дөңгелек үстел аясында этномәдени орталықтың басшыларымен жылдық жоспар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942366
Астанада әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы бөлімшенің құрылғанына 26 жыл толды 24.02.2025
Елордалық полиция департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің құрылған күні салтанатты түрде атап өтілді. Ол 1999 жылы құрылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты шараға мекеменің қызметкерлері мен ардагерлері, депутаттар мен үкіметтік емес сектор өкілдері жиналды.Бұл бөлімше алғашында әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны тоқтату мақсатында құрылған. Алайда 2025 жылдың қаңтарынан бастап арнайы бөлімшенің өкілеттігі кеңейтілді. Енді отбасының барлық мүшесін қорғауға арналады.«Бұл мекеме 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ биылдан бастап құрылымымызды өзгерттік. Бұрын бөлімше әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысса, қазір балаларды, қарттарды және ер адамдарды да қорғаймыз», - деді Астана қалалық ПД Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Гүлмира Шрахметова.Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлия Жүсіпова іс жүзінде қалай өтетінін айтты.«Қала бойынша бөлімшеде 48 адам бар. Біздің міндетіміз – зардап шеккендерге қатысты жұмысты үйлестіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу. Біз жұртқа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақтары немесе басына түскеноқиғалары болса хабарласуға болатын бөлімше бар екенін түсіндіреміз. Қазір адамдар бізге бөлімшенің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хабарласып жатыр. Сондай-ақ 111 сенім телефоны жұмыс істейді. Немесе 102 нөміріне хабарласуға болады», - деді Әлия Жүсіпова.Кездесуге қатысушылар жас қызметкерлермен тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында бірқатар полиция қызметкеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілсе, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942494
Елордалық мектеп оқушылары шешендік өнерден сынға түсті 24.02.2025
Ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында шешендік өнерден сайыс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Тілдерді және архивтерді дамыту басқармасы мен «Руханият» ҚМУ-дің ұйымдастыруымен өткен шешендік өнер сайысы елордадағы №71 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Оған лицейдің үздік жаттықтырушылары, мектепішілік және қалалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.Іс-шараның мақсаты – шешендік өнер мен қазақ тарихының маңызын жан-жақты насихаттау. Тілдік дағдыларға ерекше көңіл бөлінді.«Біздің студенттер арасында шығармашылықпен айналысатын балалар көп. Бірі сурет салуда үздік болса, енді бірі вокалға қызығады, ал біраз бөлігі шешендік өнерден талантты. Сондықтан мұндай іс-шаралар оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін нығайтуға септігін тигізеді», - деді мектеп директоры Майя Мұқашева.Сайыс жеңімпазы 7-сынып оқушысы Айару Есқожаева атанды.«Мұндай жарыстарда тәжірибем болса да сахнаға шыққанымда қобалжыдым. Меніңше, мұндай шаралардың пайдасы зор. Өзіміз үшін жаңа әрі қызықты нәрселер үйренеміз», - деді мектеп оқушысы.Жиын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942497
Елордалық қарияларға зейнетақы алатын күні алаяқтар шабуыл жасады 24.02.2025
Интернет және телефон алаяқтығымен күресу науқаны аясында елорданың Промышленный елді мекенінің тұрғындары мен «Қазақстанның қаржы мәдениеті» қоғамдық қорының төрағасы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Технологияның қарқынды дамып келе жатқанын және деректеріміздің қолжетімді болып келе жатқанын ылғи да есте ұстауымыз керек. Мысалы, алаяқтар тіркелу үшін жеке ақпарат талап етілетін ұтыс ойынын ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай айла-шарғылардан ешкім де қорғалған емес, сондықтан азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін үнемі хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Біз бұл мәселеге неғұрлым көп көңіл бөлсек, қазақстандықтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығы соғұрлым жоғары болады», - деп атап өтті қордың негізін қалаушы Юрий Ли.Кездесу барысында қатысушыларға түрлі алаяқтық схемалар, киберқылмыскерлер қолданатын айла-шарғылар, олардан қорғану жолдары айтылды.«Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу керек деп есептеймін. Бізге, яғни қарт кісілерге зейнетақымызды алған кезде, лотереяға қатысу үшін тауар сатып алудан бастап, банктік шоттарды жалған қорғауға дейін күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі нөмірлерден қоңыраулар түсе бастайды. Жақында маған қоңырау шалып, SIM картамның мерзімі өтіп кеткенін және оны тез арада SMS арқылы қайта ұзартуым керектігін айтты, бірақ мен алаяқты бірден таныдым. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мұндай тақырыптарды жиі талқылауымыз керек», - деді кездесуге қатысушы Нағима Жұмалиқызы.Жиын елордадағы Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942514
Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасы енгізілгеннен кейін қандай оң нәтижелерге қолжеткізілді 24.02.2025
Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасын енгізу нәтижесінде атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру қарқынды дамыды. Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласындағы кәмелетке толмаған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордалық Әділет департаменті 2024 жылы жеке сот орындаушылардың атқарған жұмысының қорытындыларын жариялады.«Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өндірісінде жалпы сомасы 3,5 трлн теңгені құрайтын 746 673 атқарушылық құжат болды. 341 514 атқарушылық құжат аяқталып, оның ішінде 188 123 іс толық орындалды. Орындалған құжаттардың жалпы сомасы 79,3 млрд теңгені құрады.«Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі арқылы 25 335 жеңілдетілген атқарушылық іс қозғалып, жалпы сомасы 539,2 млн теңгені құрады. Бұл азаматтарға 5 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді, себебі жеке сот орындаушысының қызметіне арналған қосымша шығындар алынып тасталды», - дейді спикер.Сөзін жалғай отырып, «Цифрлы сот орындаушы» жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы қозғап өтті. Айтуынша, адами фактордың азаюына процестердің толығымен автоматтандырылуы себеп болған, сондықтан сот орындаушыларға жеке барудың қажеттілігі жоқ.«Борышкерлерге цифрлық хабарлама жіберу – қарыз туралы ескерту SMS (1414) және EGov Mobile push-хабарламалары арқылы жолданады.Нысаналы шектеу – егер дәстүрлі жеке сот орындаушысы барлық банк шоттарын бұғаттайтын болса, жаңа жүйе тек қарыз сомасы шегінде бір ғана шотқа шектеу қояды.Ыңғайлы онлайн төлем – қарызды онлайн төлеуге болады, төлем жасалғаннан кейін шектеулер автоматты түрде алынады», - дейді ведомство өкілі.Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларды аттестаттау мәселесін де айтып өтті. 2024 жылы Астанада 258 жеке сот орындаушысы жұмыс істеді. Аттестаттау жылына кемінде бір рет өткізіледі және оған компьютерлік тестілеу мен әңгімелесу кіреді. Аттестациядан сәтті өткен үміткерлер жеке сот орындаушысы ретінде қызмет ету құқығына лицензия алады.«Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – сот актілерін орындаудың әділ, ашық және ыңғайлы жүйесіне көшуге жасалған маңызды қадам. «Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі азаматтардың қаржысын үнемдеуге және сот шешімдерін орындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр», – деп атап өтті Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, кәмелетке толмыған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942705
Креативті индустрияны мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды 24.02.2025
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов креаторлармен кездесу өткізді. Кездесуге продюсерлер, музыканттар мен дизайнерлер, суретшілер, аниматорлар, үстел ойындарын әзірлеушілер, авторлық құқық саласындағы сарапшылар және т.б. қатысты.Тараптар креативті индустрияны дамытуға бағытталған өзекті мемлекеттік бастамаларды талқылады. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған креативті индустрияны дамыту туралы заң мен экономикалық салаға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидалары айқындалған бұйрық жобасын сөз етті.Аталмыш шаралар шығармашылық секторды коммерцияландыру және халықаралық нарықта қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Сонымен қатар биыл Үкімет таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттау мен коммерцияландыруға жәрдемдесуді көздейтін арнайы қор құратын болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942081
Euronews: Қазақ ұлттық хореография академиясы – әлем назарында 24.02.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясы өзінің халықаралық беделін нығайтуда. Euronews ірі еуропалық жаңалықтар телеарнасы әлемнің 160 еліне таралатын Modern Nomads бағдарламасы аясында Қазақстанның балет мектебі туралы арнайы репортаж ұсынды.Modern Nomads – Euronews телеарнасындағы бағдарламалардың жаңа редакциялық сериясы. Бағдарламада репортер қазіргі заман мен дәстүрді үйлестіре отырып, халықаралық көзқараспен Қазақстанның түрлі мәдениет ошақтарына саяхат жасайды.Бағдарлама көрерменді ұлттық өнермен, сәнмен, сәулетпен, дизайнмен және елдің мәдени дамуының өзге салаларымен таныстырады.«Қазақ балетінің жас жұлдыздары Астана сахнасын бағындыруда» атты шығарылымда Euronews телеарнасы классикалық өнерді ұлттық дәстүрлермен үйлестіретін талантты жас әртістерге тоқталды. Қазақстан жаһандық балет орталықтарының біріне айналып келеді. Бұл ретте Қазақ ұлттық хореография академиясы жаңа таланттарды тәрбиелеу мен дамытуда шешуші рөл атқарады.Жаңа толқынның жарқын өкілдерінің бірі – Торғын Лебен. Ол жақында беделді еуропалық Budapest Ballet Grand Prix-2025 балет байқауында 1-орынға ие болды. Оның орындауы ұлттық өнерді жаңа деңгейге көтеріп, өз еңбегімен жастарды шабыттандырып келеді.Modern Nomads бағдарламасындағы қазақстандық балет мектебі туралы репортаж әртістерді жоғары деңгейде даярлап жатқанын көрсетіп, олардың халықаралық аренада танылуына ықпал етеді. Енді қазақстандық балетті, атап айтқанда, Қазақ ұлттық хореография академиясын шет мемлекеттер де жақсы танып-білетін болады.Бұл Қазақстанның хореографиялық білім беру жүйесінің жоғары деңгейде дамып жатқанын және әлемдік аренаға лайық әртістер даярлайтын мемлекет ретіндегі беделін нығайтады. Академия Қытай, Ресей, Италия, Франция және өзге де әлемдік хореография мекемелерімен ынтымақтастық орнатқан. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942562
Алматыда «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты көрме ашылды 24.02.2025
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай, «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Бұл маңызды мәдени іс-шара көрерменді көрнекті суретшілердің графикалық туындылары арқылы қазақ эпосы әлеміне терең бойлауға шақырады.Көрме Қазақстанның ұлттық әдеби және көркемсурет мұрасының маңызын көрсетуге, суретшілердің жаңа буынын тәрбиелеуге және көпшілікті қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыруға бағытталған.Көрмеде 90-ға жуық графикалық жұмыс пен ұлттық эпостың қазыналарын сақтайтын сирек басылымдар ұсынылды. Келушілер классикалық офорттан бастап, түпнұсқа графикаға дейінгі түрлі көркемдік техникамен жасалған батырлардың, арулар мен даналардың және мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерін тамашалады. Әр шығарма ұлттық аңыздардағы ерекше оқиғалар мен ондағы кейіпкерлердің образын ашып, суретшілерді әдеби туындыны терең түсінуге шабыттандырады.Көрмедегі ерекше жұмыстардың қатарында «Қобыланды батыр»,«Қазақ халқының эпостық жырларына иллюстрациялар», «Алпамыс батыр», «Бозжігіт», «Айман-Шолпан» және т.б. жырларға арналған графикалық парақтар мен иллюстрациялар бар. Олар жұмыстарында кейіпкерлердің эмоциясын әсерлі жеткізіп, шығармаларға мерекелік көңіл-күймен қатар ұстамдылық пен мағыналылық мазмұн берген.Жоғарыда аталған және өзге де көптеген графикалық туындылар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқының мәдени коды мен рухани құндылықтары сақталған эпостарға жаңа көзқараспен қарауға ықпал етеді.«Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесі келушілерге қазақстандық суретшілердің шеберлігін көрсетіп қана қоймай, ұлттық аңыздардағы ғашықтық, даналық, батырлық ұштасқан бай мәдени мұраны тамашалауға мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942773
Астанада студенттік волонтерлікті дамыту мәселесі талқыланды 24.02.2025
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Тұран-Астана» университеті «Студенттердің волонтерлік қызметке қосатын үлесі, саладағы сын-тегеуріндер мен келешегі» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды.Аталған іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында волонтерлік мәдениетті нығайту.Кездесуде волонтерлікті студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, жастар арасында сұранысқа ие жобалар мен оларды дамыту тәсілдері, волонтерліктің кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпалы секілді мәселелер көтерді.Студенттер білім беру платформаларын құрып, тәжірибелі волонтерлермен тұрақты кездесулер ұйымдастыруды және волонтерлікті насихаттау үшін әлеуметтік желілер мен цифрлық құралдарды белсенді пайдалануды ұсынды.Дөңгелек үстел волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға мүдделі студент жастарға арналған диалог алаңына айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942815
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ 24.02.2025
Биыл елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен маңызды басқосуда осы бағытта атқарылатын жоспарлар таныстырылып, өндірістік және әлеуметтік салаларда жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру үшін түрлі шаралар өткізілетіні айтылды. Жиында облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.– Өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлы аймақта ашылған және енді ашылатын өндіріс орындарында жұмыс істейтін жастарды даярлауды тапсырды. Осы мәселе басты назарда болуы тиіс. Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» жылын өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Басты міндетіміз – жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, жұмыс берушілердің жұмысшы мамандықтары кадрларын даярлауға және қолдауға қатысуын арттыру және имиджін көтеру. Салалық басқармалар, аудандық, қалалық әкімдіктер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бірлесе жұмыс атқарады. Сонымен қатар салалық басқармалар мен әкімдіктер өздерінің жоспарларын жасап, әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмысшыларға қолдау көрсетеді. Өңірдің еңбек нарығына болашақтағы сұранысқа ие «Мамандықтар атласы» жасалады. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз керек, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорындарда-кәсіби бағдар, орта, ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен ашық есік күндері және «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері мен экскурсиялар ұйымдастырылады. «Mamandyk Fest» фестивалі, «Мамандықтар жәрмеңкесі», «Дублер күні» жобасы, «One School One Skill» (бір мектеп - бір дағды) жобасы, «Jas SkillsTurkistan», «Junior Skills Turkistan» кәсіби шеберлік конкурстары мен пәндік олимпиадалар қолға алынды. Жастардың арасында «Жұмысшының бір күні» аймақтық жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі, «Жұмысшы мамандығы – табысты болашақтың кілті» форумы, «Мен кәсіпкермін!» облыстық конкурс, «НаурызFEST», фестивалі, «Бизнесидея» байқауы, «Чемпиондар» және «Еңбек кубогы» спартакиадалары және тағы басқа іс-шаралар жыл бойы өткізіледі.Сонымен қатар биыл «Бір колледж – бір өнім» деп аталатын жоба енгізе отырып, 5 колледждің базасында цехтар ашып, кіші кәсіпорындарға айналдыру жұмысы атқарылауда. Білікті жұмысшы маман дайындаудың құралы болып саналатын дуальды оқыту қолға алынған. Бүгінгі таңда, 35 колледжде дуалдық оқыту жүйесімен 64 мамандық бойынша 654 орта және кіші кәсіпорынның қатысуымен 10 353 білім алушы қамтылған.Инвесторлар мен кәсіпорындардың сұранысы негізінде жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мектептерде 10 бейіндік сыныптар және қосымша білім беру ұйымдарында техникалық клубтар ашылады. Колледждерге ребрендинг жасау, яғни білім мекемелерінің имиджін көтеру және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жүргізіледі.2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтары. 2025-2026 оқу жылына 15500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған. Соның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9500-ге ұлғайту жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942445
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БӘЙДІБЕКТЕ ӨТКЕН ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА 92 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 24.02.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Таза қала» кезеңі аясында Бәйдібек ауданда тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға аудан тұрғындары, түрлі сала мамандары мен «ЖасLife» еріктілер клубының ерікті жастары атсалысты.Шара барысында кіреберіс және ішкі көшелер, саябақтар, арықтар мен су өткізгіш құбырлар қоқыстан тазартылды.Бұған дейін Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсене қатысуға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырған болатын.– Ауданымыздың болашағы мен дамуы тек біздердің бірлескен күш-жігерімізге байланысты. Көркею мен дамуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір тұрғын жауапкершілікті өзіне міндет деп санаса, бәріміз бірге таза әрі әдемі ортада өмір сүретін боламыз. Сондықтан, сенбіліктер мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық мәдениетімізді дамытуымыз қажет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, сондықтан ауданымыздың тазалығы мен көркеюі үшін бірігіп жұмыс істеуге, айналамызды таза ұстауға, қоғамдық орындарды әрдайым күтіп-баптауға, үй аулаларын ретке келтіруге шақырамын, – деді аудан әкімі.Айта кетейік, бағдарлама аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 3000-ға жуық тұрғын мен белсенді жас қатысып, 28 техника жұмылдырылды. 41 шақырым көше бойы, 19 шақырым аяқжол, 16 балалар мен спорт алаңшасы, 8 көпір, каналдар мен өзен арналарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 92 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942451
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚҰРЫЛАТЫН ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНУДА 24.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында облыста жүзеге асырылып жатқан жобалардың қазіргі жай-күйі пысықталды. Сонымен бірге алдағы уақытта атқарылатын инвест-жобалар да сараланды. Мәселелер ашық айтылып, аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына, инвесторларға нақты міндеттер жүктелді.– Инвесторларға, кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Дегенмен жерді алып, жобаны кешіктіруге жол берілмейді. Жауапты басқармалар, жергілікті әкімдіктер инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеп, жобаларды уақтылы жүзеге асырулары керек. Екі тарап та өздеріне жүктелген міндеттерін орындаулары тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Созақ ауданында жүзеге асырылып жатқан «Катко» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің инвестициялық жобалары, «Буденовское» БК» ЖШС-нің уранды қайта өңдеу кешенінің құрылысы, «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС-нің күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысының қазіргі жағдайы талқыланды. Жұмысты жандандыру жүктелді. Бұл үш жоба жүзеге асқанда 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге Кентаудағы «КазОйлЭнерджи» ЖШС-нің түрлі-түсті кендерді және металлургия өндірістерінің өнеркәсіптік қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуда. 2026 жылы ашылады деп межеленген зауытта 1500 тұрғын жұмыспен қамтылмақ. «Kentau Redstar» мен «Turan Shenhua» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жобалары да талқыланды. Бұл өндіріс орындары іске қосылатын кез жақын. Ордабасы ауданында «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС-нің алюминий өнімдерін өндіру зауының құрылысы да қарқынды. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Төлеби ауданы мен Арыс қаласындағы жобаларды инфрақұрылыммен қамту мәселелері де қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 334,9 млрд. теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Экономиканың дамуына тың серпін беретін 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Аймақта жаңа зауыттар ашып, жұмыс орындарын көбейту бағытындағы ілкімді істер жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942533
ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА 24.02.2025
12025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш. Әбдіреева мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің экономикалық бөлімі басшысының м.а. К. Хофманмен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы көзқарастарымен алмасты.АҚШ Қазақстанның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы өсімін жоғары бағалады, әсіресе Әділет министрлігі департаменті мәртебесінің Комитет деңгейіне көтерілгенін атап өтті, бұл олардың пікірінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы мәселелерге ерекше назар аударғанын көрсетеді.Олар бұл сала инновацияларды дамытуда және инвестицияларды тартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, сондай-ақ 2006 жылдан бері«301 арнайы баяндаманы» бұзушы елдердің бақылау тізіміне кірмейтін Қазақстанның тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.Ш. Әбдіреева зияткерлік меншік саласын жетілдіруге бағытталған негізгі заңнамалық бастамаларды ұсынды. Марракеш келісімін ратификациялауға ерекше назар аударылды, бұл зағип және нашар көретін адамдардың білім мен мәдениетке қол жетімділігін жақсартады.Ол сондай-ақ «Apple», «Toyota», «Kit Kat», «Nesquik», «Procter & Gamble» и «Henkel AG & Co. KGaA» сияқты брендтердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін құқықтардың бұзылуына қарсы күрестің жанданғанын атап өтті.Тараптар зияткерлік меншік саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықты растады. Басым бағыттардың қатарында мамандардың біліктілігін арттыру, патенттік сараптама саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу, авторлық құқықтарды қорғау және контрафактілік өнімдерге қарсы күрес атап өтілді.ҚР мен АҚШ арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді әріптес ретіндегі ұстанымын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/942775
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюан инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу мәселелерін талқылады 24.02.2025
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер федерациясының төрағасы Ду Сунцюанмен кездесті. Кездесу Шанхайдағы Sunshine 201 мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру орталығында өтті, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, кеңес беру және бизнес-инкубация бағдарламаларына қатысу қызметтерін ұсынатын көпфункционалды платформа болып табылады. Сонымен қатар, орталықта жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалту және медициналық көмек көрсетіледі. Соңғы жылдары орталықта оңалту қызметтерінің тиімділігі 90% - дан астамға жетті.Ерболат Досаев Шанхай мүгедектер Федерациясының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін заңнаманы және инфрақұрылымды жетілдіру, жұмысқа орналасу тәсілдері, жұмыс орындарын квоталау тетіктері және қызметтерді автоматты түрде іріктеу үшін жасанды интеллектті пайдалану бөлігіндегі жұмыс тәжірибесі Алматы үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу ықтималдығын талқылады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалту және жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі жұмысындағы басымдықтардың бірі инклюзивті ортаны құру, барлық тұрғындар үшін олардың физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан оқуда, жұмысқа орналасуда және әлеуметтік бейімделуде тең мүмкіндіктер беру болып табылады. Қалада ерекше қажеттіліктері бар 56 мың адам тіркелген. Шанхайда 2024 жылы ерекше қажеттіліктері бар 613 100 адам тіркелген және сертификатталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942488
Алматыда биыл 20 шақырымнан астам веложол пайда болады 24.02.2025
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көліктің экологиялық таза түрлері үшін инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Биыл қалада 20 шақырымға жуық веложол салу жоспарлануда.Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, 2024 жылы қалада Сайын - Мөңке би жолайрығын салу аясында 2,4 шақырым веложол жабдықталды.«Ағымдағы жылы Абай даңғылын қала шекарасына дейін және Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту аясында 7,2 км жайластыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Райымбек батыр даңғылы бойынша BRT желісін салу аясында шамамен 15 км-ді жабдықтау жоспарлануда. Жалпы, велоинфрақұрылымды жүйелі дамыту 2030 жылға дейінгі Көлік қаңқасының мастер-жоспарында көзделген», - деп атап өтті басқарма.Бүгінгі таңда қалада 89 км велоинфрақұрылым (веложолақтар – 25,15 км, веложолдар – 63,8 км), 73 бағдаршам нысаны, велопайдаланушыларға қызмет көрсетуге бағдарланған 1025 жол белгісі жабдықталған. Айта кету керек, веложолдар желісін дамыту тұрғындарға балама жолдарды ұсына отырып, қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Бұл ауаның газдану деңгейін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар жолдардағы көліктердің санын азайтады, қаладағы жалпы көлік жағдайын жақсарта отырып, кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/942498