Қоғам
Маңғыстауда көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары талқыланды 21.02.2025
18 ақпанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Басқосуда 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен автомобиль жолдарын қорғау шаралары, су өткізу құрылыстары мен дренаж жүйелерінің дайындығы пысықталды.Отырыста облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев өңірдегі республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қорғалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 65 техника жұмылдырылып, 80 тонна бензин мен дизель отынының қоры дайындалды. Сонымен қатар, көлік қызметіне 9 құралым, 200 автокөлік және 300-ге жуық жеке құрам тартылған. Төтенше жағдай қаупі туындаған жағдайда 4 000-нан астам адамды тасымалдауға мүмкіндік бар.Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Александр Алексеевтың айтуы бойынша өңірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты су тасқыны қаупі төмен. Дегенмен, алдын алу шаралары қазірден басталып кеткенін атап өтті.- 2025 жылға су тасқынының алдын алу және зардаптарын жою мақсатында 1 800 тоннадан астам инертті материал, 4 200 қап және 150 тоннадан астам жанар-жағармай қоры дайындалды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарды тамақтандыру үшін 50 келісім жасалды. Қажет болған жағдайда оларды жатын орындармен және жеткілікті көлемде төсек орын жабдықтарымен қамтамасыз етеміз, — деді Александр Алексеев.Жиын барысында Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов Жармыш ауылынан батысқа қарай 1 шақырым жерде орналасқан «Сарықабақ» гидротехникалық құрылысына күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл бөгет ауылға жақын таулардан ағатын жауын-шашын, жер асты және бұлақ суларын жинақтауға арналған.- Жармыш ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөгетті жаңарту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда 17,6 гектар аумақты қамтитын құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл толықтай бітіруді жоспарлап отырмыз, — деді Ғалымжан Ниязов.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты органдарға көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Көктемгі су тасқынының алдын алу – өңіріміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Барлық жауапты мекемелер дайындық жұмыстарын күшейтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қатаң бақылауда ұстауы тиіс, — деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/941410
Торонтода PDAC 2025 көрмесі аясында халықаралық геологиялық форум өтеді 21.02.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі PDAC 2025 көрме алаңында «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы өтетінін хабарлайды.Бұл пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы жыл сайынғы ең ірі конференция. Іс-шара Қазақстанның геологиялық әлеуетін талқылау мақсатында салалық және мемлекеттік секторлардың жетекші сарапшылары мен мамандарын жинайды.Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан павильоны мен стендтерімен таныса алады.Өтетін күні: 2 наурызУақыты: 10:00 – 14:45Өтетін орны: Торонто, Metro Toronto Convention Center, North Building, Room 202B Сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://meetkazakhstan.com Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941236
Қуандық Қажкенов Рудный қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді 21.02.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Рудный қаласына жұмыс сапары аясында оның тұрғындарымен кездесу өткізді.Ашық диалог барысында ол Министрліктің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қазіргі жұмыстары туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Талқылауға жобалаушылар мен құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде қала ортасын дамыту және тұрғын үй қорын басқару тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер қозғалған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941564
Вице-министр Қуандық Қажкенов жұмыс сапарымен Рудный қаласында болды 21.02.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Рудный қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар жүзеге асырылған тұрғын үй нысандарын аралады.Сапар барысында вице-министр халықты сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат аясында салынған жаңа және қайта жөнделген тұрғын үй кешендерімен танысты.Ең алдымен Топорков көшесі, 160 мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй қаралды. Бұл ғимаратта 22 пәтер бар, оның 18-і көпбалалы отбасыларға арналған кең көлемді төрт бөлмелі пәтерлер. Ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарын «PRIME CONSTRUCTIONS» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізген.Ол Сандригайло көшесі, 59 мекенжайындағы «Алтын дән» тұрғын үй кешеніне барды. Бұл тұрғын үй кешенінде 98 пәтер бар, оның ішінде 27 – бір бөлмелі, 71 – екі бөлмелі. Бұл кешенге зейнеткерлер, жетім балалар, толық емес отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері қоныстанған. Тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын «QAZAQSTAN CONSTRUCTION HOLDING» ЖШС жүргізді.Сондай-ақ, сапар аясында «QC Holding» компаниясының «Аят» тұрғын үй кешенін қарап шықты. Бұл – 60 пәтерден тұратын заманауи алты қабатты тұрғын үй. Нысанда «QC Holding» компаниясы директорының орынбасары Нұрлан Күлшіков вице-министрге аяқталған жобалардың презентациясын ұсынып, қаладағы қазіргі құрылыс нысандарының іске асырылу барысы туралы баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941575
«Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 21.02.2025
Қазақстанда дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын көрсетуге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жарияланды.Байқаудың негізгі мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін насихаттайтын туындылардың жазылуына ықпал ету арқылы еңбек адамдарын насихаттау.Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуға тиіс. Сол арқылы қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасауға мүмкіндік беру.Байқауға бұрын соңды еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады. Конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың тамызына дейін жалғасады.Байқауға ұсынылатын шығармалар келесі мекенжай бойынша қабылданады: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76. Электронды пошта: erlikpenenbekdastany@gmail.comТолығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7727-397-61-97, +7727-397-61-15. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/941619
Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының алғашқы жаһандық жастар форумы өтуде 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары Федерациясы бойынша төрағалығы шеңберінде Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының бірінші Жаһандық жастар форумы (GYF) өтіп жатыр.Алаңға әлемнің түкпір-түкпірінен 150 қатысушы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ғылым, бизнес өкілдері мен жастар көшбасшылары және ЮНЕСКО-ның жетекші сарапшылары жиналды.Жобаның негізгі мақсаты – «2025-2030 жылдарға арналған ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары жастарының жол картасы: тұрақты болашақты бірге құру» құжатын әзірлеу және бекіту. Аталмыш құжат алдағы жылдарға тұрақты даму мақсаттарын іске асыру арқылы жастардың мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.Форум шеңберінде әлеуетті нығайту, жастардың мүмкіндіктерін арттыру, жасанды интеллектті пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды пайдалану, туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркем өнер бойынша білім беру сияқты маңызды мәселелер қаралатын болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/941692
Жетісу облысында тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ашылды 21.02.2025
Шығармашыл жастардың шабытын шыңдау, жастарды ақындық өнерге баулу мақсатында Жетісу облысында еліміздегі тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды.Мектептің басты ерекшелігі – аудан, ауылдағы жас талаптарды танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады.Әдебиет мектебіне шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Үш айға созылатын оқу бағдарламасын 200 бала оқып бітіреді деп жоспарланған.Сабақ соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады. Байқау қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/941729
Жайлы қалалық орта мен экологияны дамыту: Алматы Бейжіңнің озық тәжірибесін қолданады 21.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР-на жұмыс сапары аясында Бейжің мэрі Инь Юнмен кездесті. Келіссөз барысында тараптар қалалар арасындағы екіжақты серіктестікті нығайту мүмкіндігін талқылады. Әсіресе, көлік инфрақұрылымын дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту және жайлы қалалық орта қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылды.Келіссөздегі басты түйткілдің бірі қалалардың экологиялық жағдайы еді. Инь Юнның айтуынша, соңғы 20 жылда Бейжің атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізген. Бұл жүйелі экологиялық саясаттың, ғылыми тәсілдің және технологиялық инновацияның жемісі. Ластану деңгейін төмендету 2016 жылы қабылданған Бейжіңнің Бас жоспары негізінде қолға алынған. Бұл жоспар аясында метро жүйесін кеңейту, экологиялық таза көлік түрлеріне бағытталған ыңғайлы көлік жүйесін дамыту және төмен шығарындылар аймақтарын (LEZ) құру көзделген, бұл экологиялық талаптарға сай келмейтін көлік құралдарының қозғалысын шектейді.Бейжің мэрімен әңгіме барысында Ерболат Досаев қазіргі уақытта Алматыда да атмосфералық ауаны қорғау, нүктелі құрылысқа жол бермеу, қаланың көлік қаңқасын қалыптастыру және жылдам рельсті әрі қоғамдық көлікті дамыту бойынша шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Алматы әкімі 2023 жылдың мамыр айында Алматының жаңа Бас жоспары қабылданғанын, оның соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы қайта қаралмағанын хабарлады. Бұл жоспардың негізінде тарихи орталыққа жүктемені азайтуға бағытталған полиорталықты даму қағидаты жатыр. Мұндай шаралар қалалық ортаны теңгерімді дамытуға мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласып, Алматы мен Бейжің арасындағы серіктестіктің дамуы Қазақстан мен Қытайдың екі қаласының экономикалық өсуі мен тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/941678
Алматыда метроның желілерін салу кезінде қытайлық жетекші компаниялардың тәжірибесін пайдалана алады 21.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытай Халық Республикасына (ҚХР) жұмыс сапары аясында China Railway Construction Corporation (CRCC) Басқарма Төрағасы Дай Хэгэнмен кездесу өткізді, оның барысында тараптар көлік инфрақұрылымы және ауқымды құрылыс жобаларын іске асыру саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Айта кетейік, CRCC әлемдегі ең ірі техника өндіруші, ең қуатты және ауқымды халықаралық құрылыс корпорацияларының бірі болып табылады. 2024 жылы CRCC корпорациясы Fortune Global-500 рейтингінде 43-ші орынға ие болды. Компания ҚХР-да теміржолдардың үштен екісін және метроның бестен үш бөлігін салды. CRCC-де 700-ден астам бірліктегі қалқаны парк бар. Құрастырмалы металл конструкция болып табылатын бұл жоғары технологиялық машиналар метро және басқа да жерасты құрылыстарды салу бойынша жұмыстарды тиімді және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. CRCC -тің негізгі бөлімшесі-20-шы Бюро (China Railway 20th Bureau Group Co.). 20-шы Бюрода 16 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 70 жыл ішінде бұл ұйым бүкіл әлем бойынша мыңдаған ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. 20-шы Бюроның филиалы Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді.Кездесу барысында Ерболат Досаев Алматының ұзындығы 13,4 км әрі 11 станциясы бар метро жұмыс істейтін Қазақстанның жалғыз қаласы екенін хабарлады. Қолданыстағы желілерді кеңейту және батыс және шығыс бағыттарда метроның екі тармағын салу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.«Алматы үшін метрополитен желілерін салу жөніндегі жобаны қысқа мерзімде іске асыру маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, құрылыс аясында әлеуетті серіктестер тізімін қалыптастыру кезінде біз ең алдымен қытайлық компаниялардың, оның ішінде кез келген жобаларды «кілтпен» тапсыратын әрі сапалы іске асыруға сенімділік беретін CRCC корпорациясының тәжірибесі мен мүмкіндіктерін зерттедік. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады», - деп атап өтті Ерболат Досаев. CRCC басқарма төрағасы Дай Хэгэн ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, CRCC компаниясы Қазақстанда жалпы сомасы шамамен 650 млн АҚШ долларын құрайтын бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатқанын атап өтті.«CRCC Қытайда жетекші орынға ие және әрқашан ынтымақтастыққа ашық. Бүгін бірнеше қытайлық компаниялар Алматыда жобаны іске асыруға қатысуды жоспарлап отыр және біз тең шарттармен бәсекелесуге ниеттіміз. Бай тәжірибенің арқасында Алматыда жобаларды сәтті жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", - деді Дай Хэгэн.Айта кетейік, Алматыда метрополитен салу мәселесі талқылау сатысында тұр. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыру және одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/941687
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Шанхай мэрі Гун Чжэн екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 21.02.2025
Шанхайда Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Шанхай мэрі Гун Чжэнмен жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Шанхай мэрі Гун Чжэн 2024 жылы Шанхайдың ЖӨӨ 5% - ға артып, 750 миллиард АҚШ долларынан асты деп хабарлады. Бүгінгі таңда Шанхай Қытайдың халықаралық сауда, экономикалық, қаржылық, порт және ғылыми-инновациялық орталығы бола отырып, бес негізгі бағыт бойынша қарқынды дамып келеді.Кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Шанхай үйлесімді, теңгерімді дамудың үлгісі екенін атап өтті. 2022 жылы бекітілген «Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» 2017 жылы қабылданған Шанхайдың 2035 жылға дейінгі Мастер-жоспарымен үндес. Екі құжат та полиорталықтық дамуға, экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды арттыруға, бизнес пен халық үшін қолайлы орта құруға, қауіпсіз көлік жүйесін дамытуға бағытталған.Келіссөздер барысында тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға, атап айтқанда екі қала арасында бауырластық қатынастар орнату туралы Келісімге қол қоюға дайын екендіктерін білдірді. Бұл қадам өткен жылы қол қойылған ниеттер туралы Хаттаманың логикалық жалғасы болады, сондай-ақ Алматы мен Шанхай арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа кезеңінің перспективаларын ашады.Кездесу соңында қатысушылар 2025 жылы China Eastern Airlines әуекомпаниясының Алматы-Шанхай тікелей әуе қатынасын іске қосуы екіжақты байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болатынын атап өтті-бұл мәселе қазір ҚХР Ұлттық азаматтық авиация қызметінің қарауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/941697
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен China Eastern Airlines төрағасы Ван Чжицин Алматы – Шанхай тікелей рейсін ашу мүмкіндігін талқылады 21.02.2025
Шанхайда Алматы әкімі Ерболат Досаев пен China Eastern Airlines Co., Ltd. төрағасы Ван Чжицин кездесті. Келіссөз нәтижесінде Алматы мен Шанхай арасында тікелей әуе рейсін ашуға жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойылды.China Eastern Airlines – штаб-пәтері Шанхайда орналасқан Қытайдың мемлекеттік әуе компаниясы. Ол Қытайдың үш ірі әуе тасымалдаушысының бірі және SkyTeam ғаламдық авиациялық альянсының мүшесі. Компанияның әуе паркі шамамен 780 ұшақтан тұрады, ал бағыттар желісі 175 елдегі 1 150-ден астам бағытты қамтиды.Кездесу барысында Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей рейсті іске қосу мүмкіндігі талқыланды. Бұл рейс Алматыны Азияның жетекші іскерлік және туристік орталығының бірі – Шанхаймен байланыстырады. Қазір Қытайдың Ұлттық азаматтық авиация қызметімен қажетті келісімдер бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Кездесу аясында Ерболат Досаев Алматы мен Шанхай арасындағы бауырлас қалалар ретінде әріптестік қатынастың нығайып келе жатқанын атады. 2024 жылдан бастап қалалар түрлі салада белсенді ынтымақтастық орнатуда. 2025 жылдың Қазақстандағы Қытай туризмі жылы деп жариялануы қос тарап үшін жаңа бірлескен бастамалар мен туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.Қытай Алматы үшін басым нарықтың бірі болып қала береді. 2024 жылы Алматыға Қытайдан шамамен 100 мың турист келді, ал алдағы жылдары бұл көрсеткіш артады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Алматы Бейжің, Үрімжі, Сиань, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе рейстерімен байланысқан, айына 151 рейс орындалуда. Қытайлық Tongcheng Travel агенттігінің Алматыны «2025 жылдың болашағы зор жаңа бағыты» деп тануы да өсіп келе жатқан туристік қызығушылықтың дәлелі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/941705
«Damubala 2025»: Алматыда бағдарламаға өзгерістер енгізілді 21.02.2025
2025 жылдан бастап Алматыда «Damubala» бағдарламасының механизміне кейбір өзгерістер енгізілді.Оферта шартының мерзімі өзгердіЕнді жеткізушілермен келісімшарттар жыл сайын жасалады. 2025 жылдың 15-21 қаңтары аралығында ҚР «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарына сәйкес мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс қызметтерін көрсетуші жеткізушілерді қабылдау жүргізілді. 22 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қолданыстағы және жаңа жеткізушілердің өтінімдері қарастырылып, мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес бағаланды.Сонымен қатар, оферта шартына сәйкес, келісімшарттар жыл сайын қайта жасалады. Бұл өзгеріс ваучерлерді әділ бөлуге, үдерістің ашықтығын арттыруға және жеткізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Бұрын оферта шарттарында мерзім белгіленбейтін. Аудан әкімдіктері жеткізушілермен кездесулер өткізіп, енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.Балалар сабақтарын жалғастырады2025 жылдың басынан бері Алматыда оферта жаңарту үдерісі жүріп жатыр. Дегенмен, барлық жеткізушілер 2025 жылдың 1-21 қаңтар аралығында көрсеткен қызметтері үшін ақы алады.Бағдарламаға қатысатын балалар сабақтарын жалғастыра бередіАлматы мәслихаты 2025 жылға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыруға 15,1 млрд теңге бөлді.Міндетіне салғырт қараған жеткізушілер тізімнен шығарыладыАлматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп, қызмет көрсетушілердің жұмысына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, міндетіне салғырт қараған жеткізушілер туралы барлық мәлімет құқық қорғау органдарына жіберілді.Осылайша, бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі ретінде қазіргі жеткізушілермен қайта келісім жасау және жаңа өтінімдерді қарастыру шаралары қолға алынды. Әрбір жеткізуші өз инфрақұрылымының үйірме немесе секция түріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растауға тиіс.Сабақтарға қатысуды бақылау енгізіледіВаучерлер жеткізушінің баланың заңды өкілімен келісімшартқа отырғанына қарай 2025 жылдың соңына дейін беріледі. Одан кейін балалардың сабаққа қатысуын нақтылау үшін арнайы жүйеге қосылу қажет. Сондай-ақ, ваучерлер ай сайынғы лимит негізінде, белгілі бір санына қарай үлестіріледі. Былтыр Алматыда балалардың сабақтарға нақты қатысуын растау үшін биометриялық сәйкестендіру (Face ID) жүйесі енгізілген болатын. Осыған байланысты, 2025 жылы жеткізушілермен келісімшарт жасау кезінде балалардың 100% Face ID жүйесіне қосылуы міндетті шарт болмақ. Қала әкімдігі тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне, яғни Алматы аудандарының әкімдіктері басқаратын бағдарламаның операторларына сенуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/941710
Алматыда иесіз және бұралқы жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек қызметі іске қосылды 21.02.2025
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызмет» КМК иесіз және бұралқы жануарларға жедел ветеринарлық көмек көрсету қызметінің іске қосылғанын хабарлады.Жаңа қызметтің негізгі мақсаты – шұғыл ветеринарлық көмекті қажет ететін төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және зардап шеккен жануарларды ветеринарлық клиникаларға тасымалдау.Қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жабдықпен жарақталған екі арнаулы бригада құрылды. Жедел ветеринарлық көмекті қажет ететін негізгі жағдайлар мыналар:• ЖКО немесе құлау салдарынан болған ауыр жарақаттар;• Улану;• Асқынулар мен инфекцияларға әкелуі мүмкін жарақаттар мен шағулар;• Жедел аурулар, оның ішінде коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу бұзылыстары.Ветеринарлық көмек қараусыз қалған иесіз және бұралқы жануарларға көрсетіледі. Жануарларды тасымалдау үшін қажетті құралдармен жабдықталған екі арнайы жүк көлігі пайдаланылады. Олар ұсақ жануарларға арналған торлармен, зембілдермен, алғашқы медициналық дәрі-дәрмектермен, таңу материалдарымен және диагностикалық құралдармен жабдықталған.Жедел ветеринарлық көмек қызметінің байланыс нөмірлері: 8 708 595 64 04, 338 27 59, Алматы қаласының Бірыңғай қызметі – 109.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/941715
Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі 21.02.2025
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім — 100 жаңа тұлға»айдарын жалғастыруда. Бүгінгі айдардың кейіпкері — Қостанай ауданы Александр мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков.Жас өнертапқыш ұстазы Виталий Базаркиннің жетекшілігімен су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін «Smart Bridge» инновациялық жүйесін құрастырды. Бұл идея Викторға 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан кейін келген.Автоматтандырылған жүйе су деңгейінің критикалық көтерілуінің алдын алады: датчиктер алдымен қауіпті тіркейді, ал бағдарламаланған Arduino микроконтроллері көпірді бірден көтеру механизмін іске қосады, оны тіпті күшті ағынмен де бұзудан қорғайды.«Менің мақсатым — адамдар мен инфрақұрылымның су тасқынына дайын болуына көмектесетін жүйені құру. Жобаны жасау барысында көтеру механизмін таңдау қиындық тудырды, бірақ оны сәтті жүзеге асыра алдық», — дейді Виталий Базаркин.Болашақта Виктор көпірді көтеру функциясын және шұғыл қызметтерге автоматты түрде хабарлама жіберетін радио интеграцияны қосу арқылы модельді жетілдіруді жоспарлап отыр, бұл дабылға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.Жоба қазірдің өзінде жоғары бағаланып, «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» Республикалық инновациялық идеялар байқауында «Өнеркәсіп саласындағы техникалық құрылыс» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/941168
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТИМУР МҰРАТОВ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 21.02.2025
Бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысына Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов келді. Сапар барысында ол Ақсу қалалық ауруханасының жұмысымен танысып, халықпен кездесу және балалар шығармашылығы үйінде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.Жеке қабылдау барысында вице-министр көп балалы ер адамның өтінішін қарады, ол ұлына операция жасауға жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ, баланың анасы Астана қаласында атопиялық дерматит бойынша мамандандырылған ем алу үшін квота беруді сұрады. Вице-министр осы мәселелердің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, олардың шешімдері оның жеке бақылауына алынғанын атап өтті.Журналистермен кездесуде өңірлік және республикалық маңызы бар мәселелер көтерілді. БАҚ қозғаған маңызды мәселелердің бірі медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыруға қатысты болды. Бүгінгі таңда Павлодар облысының 35 мемлекеттік медициналық мекемесінің 32-сі медицина қызметкерлерін сақтандыру шарттарын ресімдеді. Бұл мәселе жергілікті денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.Сонымен қатар, кездесу барысында медициналық анықтамалардың электрондық форматқа, оның ішінде еңбекке жарамсыздық парақтарына көшуі, өңірдегі кезектілік және кадр тапшылығы мәселелері,Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта қандай шаралар қабылдап жатқаны сияқты жаңалықтар талқыланды.Ертең, 19 ақпанда вице – министр өңірдің бірқатар медициналық нысандарына, оның ішінде №1 Павлодар қалалық ауруханасы мен облыстық балалар ауруханасына баруды, сондай-ақ өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау үшін облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/941357
Алматы облысы Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуда 21.02.2025
Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь арасында кездесу өтті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамуда. Қытайлық инвестициялар өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда маңызды рөл атқарады. ҚХР-мен келесі жобалар сәтті жүзеге асырылды: • ТОО «КИК Жібек Жолы» – тамшылатып суару технологияларын енгізу (7,5 млрд теңге, 450 жұмыс орны). • ТОО «КИК Жібек Жолы» – құрғақ сүт өндіру зауытының құрылысы (7,5 млрд теңге, 27 жұмыс орны). • ТОО «КИК Жібек Жолы» – құрама жем өндірісі зауыты (7,5 млрд теңге, 60 жұмыс орны).Болашақ жобалар қатарында: • CITIC CONSTRUCTION CO., LTD – 26 мың га суару жүйелерін салу және жаңғырту (234 млрд теңге). • SHANGHAI STRATCH BIOTECHNOLOGY Co., Ltd және EURASIAN CONTINENTAL BRIDGE Co., Ltd – фруктоза, мальтоза және лактоза өндіретін зауыт құрылысы (206,5 млрд теңге, 2 000 жұмыс орны). • Fufeng Group – астықты терең өңдеу зауытының құрылысы (1 000 жұмыс орны). Қытайлық инвесторлар өңірдегі ірі өнеркәсіптік жобаларға белсенді түрде қатысуда: • ТОО «Жетісу Вольфрам» – вольфрамды өңдеу зауыты (135 млрд теңге, 350 жұмыс орны). • ТОО «Kelun Kazpharm» – фармацевтикалық фабрика құрылысы (7,5 млрд теңге, 450 жұмыс орны). • ТОО «Qazmetproduct» – болат сым өндірісі (359 млн теңге, 60 жұмыс орны). Алдағы уақытта іске асырылатын өнеркәсіптік жобалар: • BAOXIN (Жамбыл ауданы) – металлургиялық өнімдер өндірісі (106 млрд теңге, 500 жұмыс орны). • TBEA – трансформатор зауытының құрылысы (50 млрд теңге, 500 жұмыс орны). • ТОО «Baulong quice» – арнайы техника құрастыру (52 млрд теңге, 1 366 жұмыс орны).Қытай Алматы облысының негізгі туристік серіктестерінің бірі болып табылады. 2024 жылы өңірге 11 700-ден астам қытайлық турист келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 43%-ға артық. Кездесуде бірлескен туристік маршруттар құру, инфрақұрылымды дамыту және қытайлық инвесторларды қонақүй бизнесіне тарту мәселелері талқыланды. Келіссөздер барысында Қытайдың Алматы облысы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысуы басты тақырыптардың бірі болды. Ұсынылған жобалар қатарында: • Алатау және Қонаев қалаларында инженерлік желілердің құрылысы және жаңғырту (162 млрд теңге). • Облыста 6 электр қосалқы станциясын салу (36 млрд теңге). Мәдени байланыстарды нығайту аясында Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Бейжіңде атап өтілетіні жарияланды. Бұл шара екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге бағытталған.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты әріптестікті дамытуды жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/941289
Заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізіледі 21.02.2025
Қару-жарақ бастығының басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін жеке қорғану құралымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау жеке қорғаныс құралдарын Тыл бастығы басқармасының жабдықтау нормаларынан алып, оларды Қару-жарақ бастығы басқармасының мүлік тізбесіне береді.Нормалар қойылған міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілердің өмірін барынша сақтау үшін құрамалар мен әскери бөлімдерді жеке қорғаныс құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Олардың қатарында оқ өтпейтін кеудешелер, модульдік бронды түсіру жүйесі, дулыға, қорғаныс қалқандары, көзді қорғау жиынтықтары және т.б. бар.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 5 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15451597 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/941471
Кеніште қаза тапқан азаматтардың отбасына барып көңіл айтты 21.02.2025
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шыңғысов, Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Қапарова, Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Балмағамбетов, Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі М.Бөрібаев, Ұлытау ауданының әкімі А.Мырзабеков, Ұлытау ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы С.Баймағанбетов, Ұлытау облысының бас имамы Б.Жансарин, ардагерлер кеңестерінің төрағалары Т.Бүкіров, М.Қазамбаев, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Ардагерлер кеңесі» төрағасы А.Мулаков, Б.Балқыбайұлы мешітінің бас имамы Е.Такеев қаза болған кеншілердің отбасына барып көңіл айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/941308
ҚР Премьер-Министрі қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның есебін тыңдады 21.02.2025
«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды. «Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», — деп атап өтті Премьер-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/941311
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 21.02.2025
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстарымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған оқу-ағарту бағытындағы арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.Бағдарлама аясында қаланың білім беру ұйымдарында қоршаған ортаны қорғауға арналған арнайы білім мен тәрбие беру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, түрлі іс-шаралар өткізілуде.Атап айтқанда, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында экология тақырыбына арналған ашық сабақтар, танымдық кездесулер және экоакциялар ұйымдастырылуда.Сондай іс-шаралардың бірі бүгін Шымкенттегі №35 орта мектеп пен №72 орта мектепте өтті. Онда оқушылар экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған арнайы іс-шараларға қатысты.Одан бөлек, М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Сана тазармай – қала тазармайды» атты жастарға арналған арнайы экологиялық акция өтті. Бұл іс-шараға ЖОО студенттері, белсенді жастар мен экология саласының мамандары қатысып, экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.Білім беру ұйымдарында өткізілген кездесулер барысында белсенді жастар мен арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, оқушылар мен жастарды экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлу, олардың табиғатқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, болашақта экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам құруға үлес қосуға шақырды.Іс-шараларды ұйымдастыруға білім беру мекемелері, жастар ресурстық орталығы мен қоғамдық ұйымдар атсалысты.«Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты - тұрғындар мен жастарды жалпықалалық экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға тарту. Қала тұрғындары мен жастарының экологиялық мәдениеті мен санасын қалыптастыру және жетілдіру, экологиялық таза өмір салтын насихаттау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/941245