Enbekshi QazaQ

Қоғам

Елордалық ұстаз Мысырда өткен әлем чемпионатында екі алтын медаль алды 14.02.2025
Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатына Астана қаласының Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Айгүл Тұрғанбайқызы екі алтын медаль алып, көк байрағымызды желбіретті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.20-ға жуық мемлекеттен келген әйелдер ішінен 54 жастағы ұстаз жасының үлкендігіне қарамастан ел намысын қорғап 100 кг ауыр зілтемірді көтеріп, рекордтық көрсеткішті бағындырды. Айгүл Тұрғанбайқызы спорттың бұл түріне 52 жасында келген. Бір жарым жыл ішінде ауыр атлетиканы меңгеріп, бұған дейінде бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.«Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, бастапқыда мені Қытайдан келген қатысушы деп ойлады. Алайда, рекордық көрсеткіш көрсеткенімде Қазақстаннан келгенімді біліп, барлығы қошемет көрсетті», - дейді Айгүл Тұрғамбайқызы.Өткен жылы Мемлекет басшысының қолынан білім саласына айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған Айгүл Тұрғанбайқызы ата-аналары мен оқушыларына білім мен қатар спортты да меңгеріп, адам бойында жатқан жаңа қырларын кез келген жаста аша біліп, әлемді бағындыруға болатынын көрсеткісі келетін айтады.Айта кетейік, алдағы уақытта спортшы ұстаз Африкада өтетін жарыста ел намысын қорғайтын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/934685
Елордалық театр ұжымдары ерекше экологиялық челленджді бастады 14.02.2025
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Менің аулам» челленджін бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараның мақсаты – өз кезегінде ұжым ауланы таза ұстауға, отбасы мүшелерін ортақ бір іске жұмылдыруға, балалардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры аталған челленджді Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымына жолдап, тазалық пен жауапкершілік дәстүрін жалғастыруға үндеді.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында осындай игі істі бастаудағы мақсатымыз – мәдениет мекемелері ұжымдарының аулаларды тазалап қана қоймай, өз отбасымен бірге пайдалы уақыт өткізуіне, сонымен қатар жас ұрпақты да жауапкершілікке, еңбекке баулуына үндеу. Өйткені өнер адамдарының көбінесе қойылымдары болады, жанұяға уақыт бөлуге көп уақыттары бола бермейді. Біз челенджді ұйымдастыру негізінде отбасы институтын дамыту, оның ішінде балаларға тәрбие беру сияқты аспектілерді қарастыруды ұйғарадық. Жалпы, бұл игі істі әр жұма сайын бір мәдениет мекемесі қолдайтын болады. Мәселен, «Менің аулам» челленджін келесі жұма Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымы қолдап, әрі қарай жалғастыру үшін «Жастар сарайы» ұжымына жолдайтын болады», - деді мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева.Оның айтуынша, Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 14 мекеме бар. Яғни, әрбір мекеме жұма сайын осы челленджді жалғастырып отырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/934741
Астаналық боксшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды 14.02.2025
Елордалық боксшы Бақберген Алиасқаров халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Сербия астанасы Белград қаласында бокстан өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл 62-ші рет ұйымдастырылған айтулы додада Қырғызстан, Словакия, Македония, Марокко, Сербия, Молдова және Қазақстан елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.Астана қаласының намысын қорғаған 75 келіге дейінгі салмақтағы Бақберген Алиасқаров лайықты өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.Жалпы, қазақстандық боксшылар бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/934990
Астана құрамасы нысана көздеуден ел чемпионатында үздік үштікке енді 14.02.2025
Шымкент қаласында бір аптаға созылған нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл – мергендер үшін биылғы алғашқы ірі жарыс. Осы сыннан іріктелген спортшылар алдағы Азия Кубогы мен Әлем Кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын болады.Әйелдер арасындағы 10 метрге пневматикалық винтовкамен ату сайысында жүлдегерлер арасындағы айырмашылық санаулы ұпаймен шешілді.Алтын жүлде – Шымкент қаласы;Күміс жүлде – Алматы қаласы;Қола медаль – Астана құрамасы.Команда сапында Әлия Аушамова, Әмина Амантаева, Дарина Болатова үздіктер қатарынан көрінді. Олар жалпы 1821,9 ұпай жинады.Осылайша, Астана құрамасы 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, чемпионаттың үздік үштігіне енді.Айта кетейік, жарысқа еліміздің 8 өңірінен 160-қа жуық спортшы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/934995
ХАБАРДАРЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ОБЫРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН 14.02.2025
Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған хабардарлық апталығы бүгін Қазақстанда басталып, 2025 жылғы 17 ақпанға дейін жалғасады.Акцияның шеңберінде бүкіл ел бойынша балалар обырының проблемасы туралы білімді арттыруға, пациенттердің отбасыларын қолдауға және қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылады.Әкімдіктердің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қалалардың орталық көшелерінде, LED-экрандарда, медиабордтарда және медициналық ұйымдарда ерте диагностиканың маңыздылығына, емдеудің заманауи әдістеріне және осы аурумен күресетін балаларды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне назар аударатын арнайы бейнероликтер көрсетіледі.Акцияның мақсаты - қоғамның назарын кішкентай пациенттер мен олардың отбасыларының алдында тұрған мәселелерге аудару, сондай-ақ уақтылы көмек пен хабардарлық көптеген балалардың өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салу.«Біз ақпараттандыру өзгерістерге алғашқы қадам деп санаймыз. Бұл апта балалар обырымен күрестің маңыздылығын еске салып қана қоймай, қоғамның, дәрігерлер мен мемлекеттік құрылымдардың күш-жігерін біздің қолдауымызға мұқтаж балаларға көмектесу үшін біріктіру мүмкіндігі», - деп атап өтті акцияны ұйымдастырушылар.15 ақпанда атап өтілетін Халықаралық балалар обырмен күрес күні үміт пен бірліктің символына айналды.Қазақстан бұл жаһандық бастамаға елеулі үлес қосып, хабардарлық деңгейін арттыруға және адамдарды маңызды істің айналасына біріктіруге көмектеседі.«Help Today» ҚҚ, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, «Қазақстан педиатрларының одағы» ҚБ акциясын ұйымдастырушылар барлық қазақстандықтарды осы бастаманы қолдауға және балалармен және олардың отбасыларымен ынтымақтастық білдіруге шақырады. Біз бірге оларға салауатты болашаққа мүмкіндік бере аламыз!БАҚ үшін байланыс: + 77017272477 Эльмира Алиева «Help Today» ҚҚ#Хабардар болу апталығы #Балақай # 15феврал #Қазақстанжарыққа қарсыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935034
Өңірлік өнім көлемі өсті 14.02.2025
Абай облысында 2024 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнімнің көлемі 104,2 пайызды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды. Отырыста экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мария Осадчая өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылға қойылған міндеттер туралы баяндады. Мария Осадчаяның сөзіне қарағанда, жалпы өңірлік өнімдегі жоғары үлес өнеркәсіп, ішкі сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және қоймалау салаларына тиесілі.«Облыстың сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың 11 айында 2,9 млрд. АҚШ долларын (1,5 трлн теңге) құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 227,2%- ға өсті. Экспорт 303,8%, импорт 123,7% ұлғайды. Сыртқы тауар айналымының басым бөлігі Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясымен арада болып отыр. Мемлекеттік бюджетке 2024 жылы облыстан 478,9 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті. Нәтижесінде 2023 жылмен салыстырғанда жалпы өсім 186,3 % құраса, оның ішінде салық түсімдері 194,3%», -деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мария Осадчая өз баяндамасында.Салық түсімдері 236,8% өсіммен республикалық бюджетке 343,3 млрд теңге (2023 жылы – 145,0 млрд теңге), жергілікті бюджетке – 121% өсу қарқынымен 135,6 млрд теңге түсті (2023 жылы – 112,1 млрд теңге).2024 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібін есепке алмағанда, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері орындалды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылы 1,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 100,3%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 453,3 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі - 107,7% құрады. Барлық аудандарда жоспар орындалды. Сүт өндірісі 2,5% - ға, ет өндірісі 2,3% - ға өсті. Жалпы облыста өткен жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бюджеттік қаражат есебі және «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 48,7 млрд теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілді.Облысымызда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 363,2 мың шаршы метрді құрап, өсу қарқыны - 100,2% жетті. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жалпы ауданы 80 мың ш. м. құрайтын 1 068 жалға берілетін пәтерлер сатып алынды.«Облыстың инвестициялық жобалар пулына енгізілген 3 жобаны биыл қолданысқа беру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «СемАз» ЖШС «Әкімшілік-өндірістік корпус базасында өндірісті оқшаулау үлесін ұлғайта отырып, көлік құралдарын құрастыру бойынша өндірістік алаң құру», «Qazaq astyq Group» ЖШС «Күнбағыс майын құю және буып – түю желісімен тазарту цехын салу», «Казполиграф» ЖШС «Қағаз және картон бұйымдарын өндіру» жобаларын іске қосу арқылы 327 жаңа жұмыс орны ашылмақ», -деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.Шағын және орта бизнесте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 101,7% - ға өсіп, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 105,4 мың адамға өсті. Былтыр «Даму» қорымен кәсіпкерлерге 9,8 млрд теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Облысқа салынған инвестицияның көлемі де 2023 жылмен салыстырғанда 107% артық.Аймақ басшысы баяндама соңында жауапты тұлғаларға алға қойған міндеттерді тиянақты әрі уақытында орындауға тапсырма жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/935012
Облысымызда жылу маусымы қалыпты 14.02.2025
Абай облысында жылу маусымы штаттық режимде өтуде. Сондай-ақ жылу көздеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов баяндады.Бүгінде облыс орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты сағатына 100 Гкал асатын 4 ірі және сағатына 100 Гкал кем 41 жылу көздерімен қамтамасыз етіледі. Автономды қазандықтардың саны 330. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 401,8 шақырым болса, оның 322 шақырымы Семей қаласына тиесілі. Семей қаласын жылумен жабдықтауды 21 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК №1 ЖЭО жүзеге асырады. Одан бөлек 76 орталық жылу пункттері бар.«Жылу маусымы басталғаннан бері жылумен жабдықтау желілерінде тіркелген технологиялық бұзушылық айтарлықтай азайды. Нақты айтар болсақ, 2023-2024 жылдардағы күзгі қысқы кезеңге қарағанда 46%, жылу көздерінде 78% дейін төмендеді. Сондай-ақ электрмен жабдықтау желілерінде тіркелген авариялық ажыратулар өткен жылу маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз. Авариялық қызметтердің қызметкерлері технологиялық бұзушылықтарды уақтылы және нормативтік регламенттер шеңберінде жойып отырады», - деді облыстық басқарма басшысы.Өңірдің көмірге жалпы қажеттілігі 1 млн 247 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тұрғындарға қажетті көмірдің 83%, жылу көздері үшін 56%, әлеуметтік нысандар үшін 100% жеткізілді. Облыстың коммуналдық-тұрмыстық секторы және жылу көздеріне көмірді уақтылы жеткізу үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлескен кесте бекітілген. Тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір сататын 16 пункт жұмыс істейді (12 теміржол тұйығы және 4 ірі қойма). Барлық нысандар қажетті техникамен, жүк көлігі үшін кіру тұрақтармен жабдықталған. Басқарма облыстың елді мекендеріне көмірдің қажеттілігі мен жеткізілуіне күнделікті мониторинг жүргізеді.«2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында облыста 22 жоба ақталды. Осы жобалар шеңберінде 26,1 шақырым жылу желілері мен 17 жылу көздерінде жұмыс жүргізіліп, жоспардың 100 % орындалды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 14,7 шақырым қайта жаңарту, 4,8 шақырым желілер мен 10 жылу көздеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2024 жылы облыстың жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 60,3%-ға дейін төмендеді. Ал 2025 жылы қалған жобаларды толық аяқтау, сондай-ақ екі жаңа жобаны іске асыру нәтижесінде тозуды 57,6% дейін төмендету күтілуде», - деді Жандос Маратұлы өз баяндамасында.Әкімдік отырысында облыс кәсіпорындары мен заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі талқыланды. Осыған байланысты аймақ басшысы нақты шараларды қолға алып, қарызбен күресті күшейтуді тапсырды.«Атқарушы билік өз тарапынан облыс тұрғындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етуге бар күшін салады. Жылу мәселесі менің жеке бақылауымда. Дегенмен, тұтынушылар өз жауапкершілігін сезінуі тиіс деп есептеймін. Коммуналдық қызметке уақытында төленген өтемақы жылу маусымын ойдағыдай аяқтауымызға септігін тигізетіндігін ескергеніміз жөн. Осыған орай өз орынбасарларым мен басқарма басшылары, қала және аудан әкімдеріне берешекті өтеу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын», -деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/935019
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі 14.02.2025
Абай облысында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев ваучерлік қаржыландырудың маңыздылығын және оны енгізу тетіктерін таныстырды. Жаңа жүйенің басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, ата-аналарға балабақшаны еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету.Кездесуге Семей қаласының 70-ке жуық балабақша меңгерушілері қатысты. Жалпы, Абай облысында 176 балабақша бар, оның ішінде 85-і жеке меншік. Семей қаласында 71 балабақша жұмыс істесе, олардың 56-сы жекеменшікке тиесілі. Жаңа қаржыландыру жүйесі осы балабақшалардың барлығын қамтиды.Шараға Астана қаласынан арнайы келген «Қаржы орталығы» АҚ мен «Indigo» ақпараттық жүйесінің өкілдері қатысып, ваучерлік қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы баяндама жасады. Олар жаңа жүйенің мектепке дейінгі білім беру сапасына қалай әсер ететінін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа жүйеге көшу бойынша жан-жақты ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл өзгеріс мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға және ата-аналар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/935067
2024 жылғы жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу жұмыстарының нәтижелері және 2025 жылға арналған жоспарлар бойынша қорытынды кеңес 14.02.2025
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде (ҚАӘ) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу мәселелері бойынша қорытынды кеңес өтті. Іс-шараға ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚАӘ, еліміздің әуежайлары мен әуекомпанияларының өкілдері қатысты. Қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың құқықтарын сақтауға бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістер енгізу мәселелері, 2024 жылы жолаушыларға, багажға және жүктерге жерүсті қызмет көрсету бойынша ҚАӘ тексерулерінің қорытындылары, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Сондай-ақ, әуежайлар тарапынан 2024 жылға арналған формальдылықты жеңілдету желісі бойынша кеңестердің жаңартылған бағдарламалары мен қорытынды хаттамаларын ұсынуды қоса алғанда, формальдылықты жеңілдету бөлігінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тексерулер жүргізу жөніндегі ИКАО әмбебап бағдарламасы бойынша алдағы аудитке дайындық мәселесі көтерілді."Алматы халықаралық әуежайы" АҚ, "Қорқыт Ата Әуежайы" АҚ, "Шымкент әуежайы" АҚ өкілдерінің Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларындағы жаңа жолаушылар терминалдарының жұмыс тиімділігі туралы баяндамалары айтылды. Өткен жылы отандық әуекомпаниялар 14,3 млн жолаушыны тасымалдады (2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп). Қазақстан әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 29,7 млн адамды құрады (2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп). Өсіп келе жатқан жолаушылар ағыны аясында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жолаушыларды тасымалдау технологиялық процестерді үнемі жетілдіруді, инфрақұрылымды жарамды күйде ұстауды және жаңартуды, сондай-ақ жолаушыларға багажды және жүктерді өңдеуде қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлерді тұрақты оқытуды талап етеді.Осыған байланысты ҚАӘ өкілдері жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу саласындағы жердегі қызмет көрсетуді бақылау шеңберінде тексеру кезінде авиация инспекторлары анықтаған бұзушылықтардың негізгі түрлерін айтып берді.Жиында "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ бірінші басшысы Меруерт Жолдыбаева жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған Ақтау әуежайындағы "BEST AIRPORT SERVICE" пилоттық жобасының нәтижелерін ұсынды. Ақтау әуежайы басқа әуежайларды жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жобаға қосылуға шақырды.ҚР Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орайластырылған кеңестің соңында ҚР әуежайлары мен әуекомпанияларының жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Авиация саласын дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін, сондай-ақ іске берілгендігі үшін оларға ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры атынан Алғыс хаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/934783
Қозыбаев университеті әлемдік сарапшылармен Қазақстанның ұлттық игіліктер геномикасы жобасын іске қосады 14.02.2025
Қозыбаев университеті әлемдік сарапшылармен Қазақстанның ұлттық игіліктер геномикасы жобасын іске қосадыҚозыбаев университеті ұлттық игіліктер геномикасы бастамасын іске қосады. Қозыбаев университеті заманауи геномдық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстанның бірегей түрлерін зерттеуге және сақтауға бағытталған «Ұлттық игіліктер геномикасы» ауқымды жобасының басталғаны туралы хабарлайды. Бұл жоба – Мемлекет басшысының университеттерді озық ғылыми-зерттеу орталықтарына трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам.Жоба геномика саласындағы жетекші әлемдік маман, профессор Род Вингпен (Director of Arizona Genomics Institute; Professor and Eugene Butler Endowed Chair, AAAS Fellow, CSSA Fellow; Full Professor, KAUST, Saudi Arabia) серіктестікте іске асырылуда. Бастама шеңберінде өңірде мекендейтін сирек кездесетін және осал түр – Каспий итбалығынан бастап Қазақстанның ұлттық игіліктерінің ДНҚ-сын ретке келтіру жоспарлануда. Бағдарламаның бастамашысы және үйлестірушісі – өсімдіктер геномикасы бойынша маман, доктор Сәуле Мусурова. Сондай-ақ жобаға құрылымдық биологияға маманданған физик доктор Влада Харченко (Альберт Эйнштейн Медицина колледжі, Нью-Йорк, АҚШ) қатысады. Доктор Харченко биотехнологияда бірегей сараптамаларға ие және жобаға тек зертханалық зерттеулерде ғана емес, сонымен қатар білім беру қызметінде де қосылады: ол студенттерге генетика және биотехнология саласындағы қазақстандық ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыруға көмектесетін дәрістер мен семинарлар өткізеді. «Ұлттық игіліктер геномикасы» жобасының мақсаты: ✅ Сирек кездесетін түрлердің геномдарының реттілігін аяқтау, бұл олардың генетикалық әртүрлілігін зерттеуге және сақтау стратегияларын жасауға мүмкіндік береді. ✅ Ұзақ мерзімді биоәртүрлілікті сақтау бағдарламалары үшін пайдаланылатын генетикалық ақпарат базасын құру. ✅ Заманауи технологияларды қолдану – ДНҚ-ны алу және талдау үшін Қазақстандағы және Arizona Genomics Institute (AGI) қуатын және жергілікті платформаларды пайдалану.✅ Білім беру бастамаларын дамыту – жетекші әлемдік ғалымдармен дәрістер мен тәжірибелік сабақтар арқылы оқу процесіне халықаралық тәжірибені енгізу. 📌 Зерттеудің негізгі нысандары: 🌷 Грейг қызғалдағы – Қазақстанның бірегей өсімдігінің генофондын қорғау үшін реттілігін анықтау. 🦭 Каспий итбалығы – климаттық өзгерістердің түрдің геномдық тұрақтылығына әсерін зерттеу. Қазақстан қар барысы, Грейг қызғалдағы және Каспий итбалығы сияқты флора мен фаунаның бірегей түрлерінің отаны болып табылады. Бұл түрлер экологиялық, мәдени және ғылыми құндылықты білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/934823
Жетісу облысында өткен жылы 7700-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды 14.02.2025
Өткен жылы Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарының қолдауымен 35 жасқа дейінгі 7 695 жас жұмысқа орналастырылды. Солардың арасында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өтіп, жұмысқа тұрған, грант алып, кәсіп ашқан жастар да бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтыр жастар арасынан қоғамдық жұмыстарға 1 322 адам, жастар практикасына 1 150 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 125 адам, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша 575 адам, «Ұрпақтар келісім-шартымен» 31 адам жұмысқа тұрғызылған. Бұдан бөлек, грант алғандар да, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар да бар.Мәселен, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген облыстағы 318 жастың бірі – талдықорғандық Айгерім Төребаева. Бала күтімі демалысынан кейін Айгерім журналистік дипломын ысырып қойып, өзін басқа салада сынап көргісі келді. Сөйтіп Талдықорған қаласының Мансап орталығы арқылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жолдама алып, «Ташенова» ЖК оқу орталығында кірпік өсірудің қыр-сырын меңгерді. Үш айлық курстың мерзімі аяқталған соң аталған шағын кәсіпкерлік нысанына жұмысқа қабылданды. - Өзім көп балалы анамын. Балаларым жас болғандықтан, солардың күтімімен біршама уақыт үйде отырдым. Кейін сұлулық әліміне бет бұрып, жаңа кәсіп үйренсем деп жұмыспен қамту органына жүгіндім. Соның арқасында өткен жылдың тамыз айында отқыту курсынан өтіп, сертификатымды алдым. Маған жоғары білікті мамандар кірпік өсу ісін егжей-тегжейлі үйретті. Сұлулық салонында аз ғана уақыттың ішінде өзімнің жақсы маман екенімді көрсете алдым, қазір өзімнің тұрақты келушілерім бар. Кез келген уақытта адам өзі қалаған жаңа кәсіпті меңгере алады екен, оған ешқашан кеш емес. Соған көзім жетті. Осындай мүмкіндіктерге жол ашып отырған мемлекеттік бағдарламалардың бар болғаны қуантады, - дейді көп балалы ана Айгерім Төребаева.Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, өткен жылы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру бағытында өңірде өткізілген кездесулер мен түсіндіру жұмыстарына 3 мыңнан астам жас тартылған. Осы орайда түрлі гранттарға қатысып, өз ісін ашуға талпынған жастар да аз емес. Мысалы, психолог және логопед-дефектолог мамандықтары бойынша жоғары білім алған Айым Сайлаубекова мамандығына сай жұмыс іздеп жүрген кезінде жастарға арналған гранттар бар екенін естіп-білген.- Бір күні әлеуметтік желіден жастарға конкурс негізінде гранттар берілетіні туралы ақпаратты көзім шалды. Осы конкурсқа халыққа пайдасы тиетін жоба ұсынып, бақ сынап көрсем деген ой келді. Сөйтіп ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық орталық ашу жобасын ұсынып, 3 млн. теңге грант ұтып алдым. Бірден Талдықорған қаласынан осындай орталық аштым. Орталыққа керек жабдықтардың бәрін гранттың қаржысына сатып алдым. Қазір орталықта бейімделген дене шынықтыру, сенсорлық интеграция, логомассаж қызмет түрлері жасалып, логопед, дефектолог, психолог, нейропсихолог мамандар сабақ жүргізеді. Қазір орталықта 12 адам жұмыс істейді, - дейді «Сана» орталығының жетекшісі Айым Сайлаубекова.Жалпы өткен жылы жастар бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант берілген. Гранттар «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша ұсынылып, жастардың өз ісін ашуға жәрдем етті.Осы ретте өңірде жастардың, әсіресе NEET санатындағы жастардың өмірден өз орындарын табуына ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының деректеріне сәйкес өткен жылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту мақсатындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарында 635 адам жұмыс атқарды. Жоба аясында барлық аудан-қалаларда «Экодесант», «Тазалық тыңшысы», «Жайқалсын жас терек», «Жасыл бақ – таза қала» атты акциялар ұйымдастырып, тазалық шаралары жүргізілді.Сонымен қатар 83 «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, 4 081 адам тұрақты жұмысқа орналасты.Бұған қоса, облыс мектептеріндегі әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлар жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға, алдағы үлкен өмірге дұрыс қадам жасауға жәрдемдесуде. Бұл да жастар саясатына өзінің оң ықпалын тигізіп отыр. Атап өтсек, бүгінде облыстағы менторлық жоба аясында 126 адам еңбек етеді. Олар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, нашақорлық пен лудоманияның, суицидтің, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты, мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау, креативті ойлау, қаржылық сауаттылық сияқты 9 бағытта жұмыс істейді.Еске салсақ, жалпы өткен жылы Жетісу облысы бойынша 35 643 жұмыс орны құрылды, оның 22 719-ы – тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 27 794 адам қамтылды, 23 286 адам жұмысқа орналастырылды, оның 13 261-і тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды және «Вестник Жетісу» газеті мен «Сана» балалар орталығынан ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/934869
Петропавл маңында айналма каналдың құрылысы басталды 14.02.2025
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Жиында ТЖД, «Қазгидромет» басшыларының және селекторлық режимде аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды."Су тасқыны – өңір үшін өте маңызды мәселе. Былтырғы жағдайдың қайталануына жол бермеу қажет. Дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде: жөндеу және инженерлік жұмыстар бір күнге де тоқтаған жоқ, тіпті қыста да жалғасты", - деді облыс әкімі. Инженерлік жұмыстар жоспары аясында 109 іс-шара қарастырылған, оның ішінде келесі жұмыстар атқарылды: ✅ 8 қорғаныс бөгеті нығайтылды✅ Облыста 80 км бөгеттер мен үйінділер салынып, күшейтілді✅ Автожолдарға 108 су өткізу құбыры мен тюбингтер орнатылды✅ 10 км су ағызу арықтары мен каналдары тереңдетілді✅ 4 км шағын өзен арналары тазартылды✅ 214 км нөсерлік кәріз жүйесі тазартылып, жөнделді✅ Бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын Өткен жылғы су тасқынының ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша шаралар жүзеге асуда: 🔹 Петропавл су торабы маңында айналма канал құрылысы басталды. Бұл Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Су тасқынын ерте кезеңде бақылап, облыс орталығының шағын аудандарының су басуын болдырмау үшін артық суды алдын ала ағызу қарастырылған. 🔹 Соколовка және Большая Малышка ауылдары маңында өзен арналарының түбін тереңдету және жағалауды тазарту жұмыстары жүргізілуде. 🔹 Профилактикалық жару жұмыстары жүргізіледі. Петропавл қаласы мен 8 аудандағы Есіл өзені мен шағын өзендердің 49 учаскесінде мұз кептелісінің алдын алу және еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстары жасалады."Қазір бүкіл облыс үшін жауапты кезең. Мемлекеттік органдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Дайындық жұмыстары мұқият жүргізілуі тиіс, әсіресе инертті материалдарды, қаптарды және арнайы техниканы алдын ала дайындау маңызды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру қажет", - деп атап өтті өңір басшысы.Алдағы уақытта аудандарда кеңестер өткізіліп, негізгі міндеттер мен басым жұмыстар нақтыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/934416
Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесінің жыл сайынғы отырысы 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жыл сайынғы жалпы отырысы өтті.Энергетика, экология, мұнай және газ мәселелері жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы ретінде ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бірлескен жұмыс тобының 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша аралық қорытындылар жасады.Газды алауда жағу мәселелерін реттеу жөнінде жұмыс тобы құрылды.Қазақстан 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы аясында мұнай-газ секторын декарбонизациялау бағытын жалғастыруда. Вице-министр 2023 жылы Қазақстан жаһандық метан міндеттемесіне қосылғанын және бұл қадам елдің климаттың өзгеруіне қарсы халықаралық күш-жігерге бейілділігін білдіретінін атап өтті.Газды алауда жағуды азайту бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде алауда жағылатын газ көлемі 2006 жылғы 3,1 млрд м³-ден 2024 жылы 0,3 млрд м³-ге дейін төмендеді.Сонымен қатар Каспий теңізі мен Жайық өзені деңгейінің төмендеуіне байланысты тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылды. Ғылыми институттар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен инфрақұрылым мен өндіруші кәсіпорындарға теріс әсерді барынша азайтуға бағытталған шаралар әзірленуде. Сондай-ақ су ресурстарын сақтау үшін тиімді шешімдерді енгізуге арналған бейімделу стратегиясы жасалып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/934657
Әскер спортшысы Азия ойындарының шаңғы жарысында қола еншіледі 14.02.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Олжас Климин Қытайдың Харбинінде өтіп жатқан Азиада-2025 ойындарының шаңғы жарысында қола жүлдеге ие болды. 10 шақырым қашықтықта еркін стильде жарысқа 46 спортшы қатысты. Ең үздік уақыт көрсеткішін жапондық Харуки Ямасита көрсетті. Оның жерлесі Такацугу Уда мәреге екінші болып жетті. Үшінші орынды Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Олжас Климин олжалады.Азиаданың шаңғы жарысы бағдарламасында 12 ақпанға жоспарланған ерлер мен әйелдер эстафетасы өтеді. 11 ақпанда биатлоншылар жарысқа шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934742
«Қыс-2025» оқу-жаттығуы: қазақстандық әскерилер жауынгерлік іс-қимылдарды қысқы жағдайда пысықтады 14.02.2025
Түркияның Карс провинциясында жауынгерлік дайындықты нығайтуға және оған жұмылдырылған күш-құралдардың үйлесімділігін арттыруға бағытталған «Қыс-2025» халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды. Әскери маневрлерге Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Италия, Пәкістан, АҚШ, Түркия және т.б. әскери контингенттер қатысты. Әскери қызметшілер асулар мен қарлы алқаптарды еңсеріп, елдімекендерде «ұрыс қимылдарын» жүргізді. Қалың қардан жолдың анық көрінбеуі мен күннің суықтығы бөлімшелердің қозғалысын қиындатты. Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жедел тобы корпус пен бригаданың командалық пунктерінде шешім қабылдауға тартылған болатын. Офицерлердің миссиясы практикалық әрекеттерді жоспарлау және қыстағы төтенше жағдайларды ескере отырып, сақтық шараларын жасау болды. Офицерлер логистика мәселелерін пысықтап, бұйрықтар мен түскен есеп-қисапқа баға берді. «Ақбаба» полигонындағы маневрлерге барлығы екі мыңға тарта сарбаз бен офицер, майдан және армия авиациясы, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, танктер мен сауытты транспортерлермен қоса ондаған техника жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934743
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫМЕН ЖӘНЕ «UMC» КҚ-МЕН ӨҢІРДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 14.02.2025
ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Ержан Нұрлыбаев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы және «UMC» КҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты Меморандумға қол қойылды.Меморандум жасасудың мақсаты - әдістемелік және консультациялық медициналық көмекті ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру курстарында, мастер кластарда және қосымша білім берудің басқа да түрлерінде UMC қызметінің клиникалық бағыттары бойынша Ұлытау облысының денсаулық сақтау мамандарын оқыту болып табылады.UMC тікелей көмек көрсету үшін Ұлытау саласындағы өз мамандарының (дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың) ай сайын 2-ден 4 аптаға дейінгі мерзімге 12 ай бойы тұрақты болуын қамтамасыз етеді.Олар диагностикада, пациенттерді емдеуде және хирургиялық араласуда практикалық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда UMC клиникаларына жіберіледі. Бұл ретте жергілікті дәрігерлер, орта медициналық персонал республикалық клиника мамандарының мастер кластарда кәсіби деңгейін арттыратын болады.Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін Ұлытау облысынан Астана қаласындағы «UMC»-ке мамандардың кетуін ұйымдастыруға міндеттеме алды.«Қазақмыс» корпорациясы меморандум шеңберінде іс-шаралар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жәрдемдесетін әлеуметтік жауапты серіктес рөлін атқарады.Меморандумға ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Е.Ш. Нұрлыбаев, облыс әкімінің орынбасары А. С. Ыдырысов, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС сенімхатының негізінде «Өркен Ассистанс» ЖШС директоры А. К. Боранбаева, «UMC» ҚҚ директорының медициналық орынбасары В. Х. Алтынова қол қойды.«UMC» КҚ мамандары мен технологиялық мүмкіндіктерінің жоғары әлеуеті Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласын дамытуда қуатты серпін болмақ. Высокий потенциал специалистов и технологических возможностей КФ «UMC» станет мощным импульсом в развитии здравоохранения области Ұлытау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/934767
ШЫМКЕНТТЕ 1130 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚУДАН ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ 14.02.2025
Шымкентте жедел жәрдем станцияларының 1130 қызметкері диспетчерлік қызмет жұмысының алгоритмі, шақыртуларды өңдеу, науқастардың әртүрлі санаттарына сапалы медициналық көмек көрсету, сыни жағдайларда балалар мен ана өлімінің алдын алу бойынша білім мен дағдыларды қамтитын модульдер бойынша оқудан өтті.Денсаулық сақтау министрі тапсырмасының шеңберінде оқыту қорытындысы бойынша шұғыл қызмет мамандары үшін алынған білім мен дағдыларды аттестаттау өткізілді.Бейінді мамандардан тұратын сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парақтары бойынша сұрақтар қойды, әртүрлі жағдайларда симуляциялық құрылғыларды пайдалана отырып, фельдшерлердің біліктілік деңгейін тексерді.Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды, сондай-ақ пациенттерге шұғыл көмек көрсету барысында туындауы мүмкін штаттан тыс жағдайларға талдау жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/934771
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді 14.02.2025
Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс қорытындысы қаралды.Ведомство басшысы Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы хабарлады. Ішкі істер министрі соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ахуалдың едәуір жақсарғанын атап өтті.- Қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді. 90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз, - деді министр.Тәуелсіздік жылдары ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады. Статистикалық деректер осы тенденцияны растап, криминогендік жағдайдағы елеулі өзгерістерді көрсетіп отыр.Төмендеу ауыр қылмыстар, оның ішінде тонау, ұрлық, зорлау және адам өлтіру сияқты қылмыстарға да қатысты. Мысалы, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды.Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді.Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады. 1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыстар саны 5588-ді құрап, 4,5 есе төмендеді.Сонымен қатар министр қылмыс түрлерінің өзгергенін және заманауи технологияларға бейімделгенін атап өтті.- Алаяқтық кең таралуда. Бұл барлық қылмыстардың 42%-ын құрайды. Адамдар пайда табуды көздеп, күмәнді инвестициялар мен пирамидаларға ақша салады. Негізгі себептер — халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі және азаматтардың полицияға кеш хабарласуы. Бұл көптеген елдерге тән құбылыс, - деді Ішкі істер министрі.Ержан Саденов министрлік осы қауіппен белсенді күресіп, алдын алу шараларын жақсарту және халықтың киберқылмыстар бойынша хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қаралды. Қазіргі құрамдағы кеңес үш жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарының қызметін жақсарту бойынша көптеген маңызды қадамдар жасалды.Айта кету керек, жалпы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайтуда шешуші рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/934546
Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жеке тасымалдаушы вагондарда арнайы бейнебақылау жүйесін орнатып жатыр 14.02.2025
Жеке тасымалдаушы жолаушы вагондарында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, «Сары-арка компани» ЖШС жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен пойыз бригадалары жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Орал-Астана» бағытында қатынайтын 10 вагонда қосымша бейнебақылау жүйесін орнатуда.Бұдан басқа 2024 жылы компания қосымша тағы 10 жолаушы вагонында бейнебақылау жүйесін орнатты.Компания вагондардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатумен қатар жолаушы вагондарының паркін жаңарту жұмыстарын да жүргізуде.Жалпы тасымалдаушыда "Орал-Астана" бағытында қатынайтын сыйымдылығы 600 орындық 30-ға жуық вагон бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/934643
ТЖ вице-министрі Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексерді 14.02.2025
Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысында орналасқан елордалық агломерацияны инспекциялады. Жұмыс сапары барысында ол Аршалы және Целиноград аудандарында болып, негізгі гидротехникалық құрылыстарды аралап, ықтимал су тасқынына дайындық деңгейін бағалады. Атап айтқанда Жібек Жолы ауылының 7 шағын ауданында Астана су қоймасына, су өткізу құрылыстарына, сондай-ақ қорғаныш жер білігінің құрылысын инспекциялады. Жыл сайын бұл елді мекенді су басу қаупі туындайды, сондықтан қосымша қорғаныш шаралары қабылдануда. Сонымен қатар вице-министр Тайтөбе ауылы мен Қосшы қаласындағы инженерлік жұмыстардың барысын тексерді, Целиноград ауданының бірқатар елді мекендеріндегі инженерлік құрылыстарды да қарады. «Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайды мониторингілеуді жалғастырамыз және жергілікті жерлерде іс-қимылды үйлестіреміз», - деп Кеген Тұрсынбаев атап өтті. Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов алдағы су тасқыны қаупі бар кезеңге күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Өз кезегінде Целиноград, Аршалы аудандары мен Қосшы қаласының әкімдері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/934590