Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жеке тасымалдаушы вагондарда арнайы бейнебақылау жүйесін орнатып жатыр 14.02.2025
Жеке тасымалдаушы жолаушы вагондарында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, «Сары-арка компани» ЖШС жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен пойыз бригадалары жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Орал-Астана» бағытында қатынайтын 10 вагонда қосымша бейнебақылау жүйесін орнатуда.Бұдан басқа 2024 жылы компания қосымша тағы 10 жолаушы вагонында бейнебақылау жүйесін орнатты.Компания вагондардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатумен қатар жолаушы вагондарының паркін жаңарту жұмыстарын да жүргізуде.Жалпы тасымалдаушыда "Орал-Астана" бағытында қатынайтын сыйымдылығы 600 орындық 30-ға жуық вагон бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/934643
ТЖ вице-министрі Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексерді 14.02.2025
Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысында орналасқан елордалық агломерацияны инспекциялады. Жұмыс сапары барысында ол Аршалы және Целиноград аудандарында болып, негізгі гидротехникалық құрылыстарды аралап, ықтимал су тасқынына дайындық деңгейін бағалады. Атап айтқанда Жібек Жолы ауылының 7 шағын ауданында Астана су қоймасына, су өткізу құрылыстарына, сондай-ақ қорғаныш жер білігінің құрылысын инспекциялады. Жыл сайын бұл елді мекенді су басу қаупі туындайды, сондықтан қосымша қорғаныш шаралары қабылдануда. Сонымен қатар вице-министр Тайтөбе ауылы мен Қосшы қаласындағы инженерлік жұмыстардың барысын тексерді, Целиноград ауданының бірқатар елді мекендеріндегі инженерлік құрылыстарды да қарады. «Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайды мониторингілеуді жалғастырамыз және жергілікті жерлерде іс-қимылды үйлестіреміз», - деп Кеген Тұрсынбаев атап өтті. Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов алдағы су тасқыны қаупі бар кезеңге күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Өз кезегінде Целиноград, Аршалы аудандары мен Қосшы қаласының әкімдері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/934590
Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді 14.02.2025
«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текшее метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі - 22,1 млрд текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде.Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.«Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда «Тәуір» қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен «Қарашалан-1» каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді.Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік жоспарлаушының көмегімен тегістелді, бұл орташа өнімділікті гектарынан 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін арттыруға септігін тигізді.Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру үшін шаруалардың инфрақұрылым жүргізу, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын дихандар үшін су армалысуға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.Айта кету керек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастапа Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы кезеңінде ХАҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді. Құжат 10 түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шараны қамтиды.Президенттің тапсырмаларын іске асыру 2000 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Солтүстік Арал теңізінің су көлемі мен ауданының ұлғаюы судың минералдануын азайтады, бұл оның биологиялық әралуандығын сақтауға көмектеседі және Қызылорда облысының балық шаруашылығының дамуытуға ықпал етеді.Су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын дамыту Солтүстік Аралға қосымша су көлемін жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі.Арал теңізінің тартылған аумағын көгалдандыру топырақ эрозиясының алдын алады және құмды, тұзды дауылдармен күресуге көмектеседі.Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/934374
Қаңтар айында ЭЕБ-да білім беру саласының қызметкерлеріне жоғары сұраныс байқалды 14.02.2025
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) жұмыс берушілер мен ізденушілердің белсенділігі әртүрлі болды: егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды.Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды.Бұл ретте қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейінқысқарып, екі еседен астам төмендеді.Сонымен қатар ұсыныс тарапынан түйіндеме санының өсуін барлық біліктілік топтары көрсетеді, ал біліктілігі жоқ жұмысшылар желтоқсанға қарағанда 60,4 мың түйіндемені (+338%) көбірек орналастырды.Желтоқсан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының оң сальдосы 11 өңірде байқалады. Жұмыскерлерге сұраныстың ең көп өсуі Шымкент қаласында (2,6 мың бос орынға немесе +86%), Ақмола (1,5 мыңға немесе +50%) және Батыс Қазақстан (1,5 мыңға немесе +46%) облыстарында тіркелді. Сұраныстың ең көп төмендеуі Түркістан (11,2 мың бос орынға немесе -63%), Ақтөбе (-2,3 мың, немесе -36%) және Жамбыл (-1,7 мың, немесе -30%) облыстарында болды.Қаңтар айындағы еңбек нарығындағы ұсыныстардың өсуі нәтижесінде елдің барлық дерлік аймақтарында түйіндеме профициті қалыптасты. Ол Түркістан (6,5 мың бос жұмыс орны және 25 мың түйіндеме), Қызылорда (2,3 мың бос жұмыс орны және 14,3 мың түйіндеме), Жамбыл (4 мың бос жұмыс орны және 10,3 мың түйіндеме) және Маңғыстау (3,4 мың бос жұмыс орны және 12,7 мың түйіндеме) облыстарында ерекше байқалды.Білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды, олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап), авиациядағы инженер (~693 мың теңге) және бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды, ал жүмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге), ұшқыш (~1,1 млн теңге), сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады.Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/934072
Жеке медициналық кітапшалар енді HR Enbek порталында онлайн режимінде қолжетімді 14.02.2025
HR Enbek еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисінде жұмысқа орналасу үшін қажетті медициналық кітапша қолжетімді болды. Құжат азаматтар үшін «Жеке медициналық кітапшалар» бөлімінде, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің келісімін ала отырып, сұрау салу арқылы қол жетімді.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық кітапшалардың (санитарлық кітапшалардың) электрондық форматын енгізді.Электрондық жүйе қызметкерлердің 15 санатын қамтиды, оның ішінде қоғамдық тамақтану, дәріханалар, санаторий қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету саласының жұмыскерлері мен медициналық персонал бар. Бұл санаттар үшін тұрақты физикалық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі.Бұдан кейін санитарлық кітапшаның электрондық нұсқасы HR Enbek порталына енгізілді, бұл жұмыс істеу үшін тұрақты медициналық тексеруден өтуді қажет ететін азаматтардың жұмысқа орналасуын жеңілдетуге тиіс.Жеке тұлғаның үшінші тұлғаларға беру үшін дербес деректерді өңдеуге келісімі мобильді азаматтар базасында тіркелген қызметкердің нөміріне SMS жіберу арқылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дербес деректеріне қол жеткізуді бақылау сервисімен жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Сондай-ақ, бұл келісу HR Enbek порталында немесе AppStore және GooglePlay арқылы жүктеуге болатын мобильді қосымшасында ЭЦҚ көмегімен беріледі.Кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелері бар жұмыс берушілерге Smart Bridge арқылы «Қызметкердің жеке ісі» тегін сервисіне қосылу мүмкіндігі беріледі.Естеріңізге сала кетейік, «Қызметкердің жеке ісі» сервисі HR Enbek порталында 2022 жылы іске қосылған және жұмыс берушіге қызметкердің келісімімен жеке куәліктен, білімі, жұмыс тәжірибесі, фото, медициналық анықтамалар және т. б. ақпарат сияқты дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беру арқылы әңгімелесу және жұмысқа орналастыру процестерін жеңілдетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/934491
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті 14.02.2025
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.Бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934342
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды.Командамыздағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934352
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері 14.02.2025
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934357
КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ 14.02.2025
Шымкент қаласында 7-20 ақпан аралығында А. Пушкин атындағы кітапханада «Кескіндеме және би өнері – Шымкент тарихынан» атты көрме өтеді.Көрме аясында өмірлері Шымкент қаласымен тығыз байланысты болған суретші Григорий Пономаренко мен балет әртісі, педагог Ұлан Мирсеидовтың шығармашылығы таныстырылатын болады.Көрмеде суретші Григорий Пономаренконың соғыстан кейін соңғы кеңестік кезеңге дейінгі негізгі жанрлардағы туындылары ұсынылады. Оның картиналарында 1950-1990 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы зор сүйіспеншілікпен, шеберлікпен және тарихи шынайылықпен бейнеленген.Ұлан Мирсеидов (1952–2013), Шымкент қаласының тумасы, қазақстандық студенттер мен балет әртістеріне халықаралық байқауларға жол ашқан көрнекті педагог. Ұлан Мирсеидовты «чемпиондар ұстазы» деп атайды, өйткені оның шәкірттері халықаралық аренада алғаш рет жүлделі орындарға ие болды, ал қазақ балет мектебін әлемдік балет қауымдастығы мойындады. Ұлан Мирсеидов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ерлер классикалық биінің стилін қалыптастырды.Көрме Шымкент қаласы әкімдігінің, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Бейнелеу өнері мүзейі» МКҚК, А. Пушкин атындағы кітапхананың, «QazElles» Франциядағы қазақстандық әйелдер ассоциациясының, «MPL» компаниясының және жеке коллекционерлердің қолдауымен өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/931732
ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАР БҰЗЫЛУДА 14.02.2025
Биыл Шымкентте заңсыз салынған 10 бизнес нысаны бұзылады. Олардың ішінде “қызыл сызықта” бой көтерген және құрылыс талаптары ескерілмей, рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар.Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Ж.Адырбеков көшесі, 18 шағын ауданы мекен-жайдағы жеке кәсіпкер К.А.Егембердиеваға тиесілі құрылыс нысанына тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, кәсіпкердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы және 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен аталған нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз қанағаттандырылып, бүгін 2 қабатты ғимарат бұзылуда.Қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 115 құрылыс нысаны бойынша 286 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Былтырғы жылы сот шешімімен 4 құрылыс нысаны бұзылған. Биыл 8 құрылыс нысанын бұзу туралы сот шешімі қабылданған, сот шешімдерінің орындалуы сот орындаушылардың қарауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/931991
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ 14.02.2025
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкенттегі энергиямен қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды аралап, қаланың активімен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша кеңес өткізді.Әкімдіктің мәліметі бойынша, бүгінде 29 км жылу желісі және 330 км электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторлары ауыстырылды. Кеңес барысында тек желілердің ғана емес, электр подстанцияларының құрылысы да Ұлттық жобаға енгізілуі ұсынылып, мақұлданды. Осылайша, Шымкентте 400 км-ден астам ескірген электр желілерін ауыстыру және қуаты 125 МВт болатын жаңа «Қызылсу» электр подстанциясының құрылысы қарастырылып жатыр.Кейін Вице-премьерге әкімшілік-іскерлік орталықтағы қазандықтың жұмысын көрсетіп, қазіргі таңда ол қаланың 10%-ын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырғаны жеткізілді. Жергілікті билік 2027 жылға дейін қолданыстағы 5 қазандыққа қоса жалпы қуаты 120 Гкал болатын 4 қазандық орнатуды жоспарлап отыр, бұл қалаға жылу беру көлемін 20%-ға арттырады (150-ден 530 үйге дейін).Сонымен қатар, Канат Бозумбаев өңірдегі жалғыз ТЭЦ-3 станциясын аралап, ол қалаға 70% жылу және 30% электр энергиямен қамтамасыз ететінін атап өтті. ТЭЦ-3-тің қалаға дейінгі жылу желісінің жалпы ұзындығы 60 км-ге жуық, ал олардың тозуы 90%-ды құрайды. Осыған байланысты, Ұлттық жобаға осы жылу желілерінің 17 км реконструкциялауын қосу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/933090
ҚАЛА ӘКІМІ ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 14.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұдан бөлек, келісім туризмді дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның тұрақты дамуына маңызды қадам болмақ.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент әкімі Қазақстандағы Франция Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Франция мен Шымкент компаниялары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934249
ФРАНЦУЗ КОМПАНИЯЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БІРЛЕСКЕН ИНВЕСТЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ 14.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұдан бөлек, келісім туризмді дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Шымкенттің тұрақты дамуында маңызды қадам болмақ.Бұдан бөлек, шара аясында гастрономиялық кешкі ас ұйымдастырылды. Онда әйгілі француз шеф-аспазы Карлос Марсал мен қазақстандық шеф-аспаз Артём Канцев қонақтарға қазақ және француз тағамдарын заманауи үлгіде ұсынды.Бұл шара Париждегі Мишлен жұлдызына ие мейрамханалардың бірінде қазақ ұлттық асханасының таныстырылымы өткен халықаралық жобаның жалғасы болды. Кешкі астың басты мақсаты – екі елдің мәдени және гастрономиялық мұрасын біріктіру.Кездесу Мемлекет басшысының инвестиция тарту, инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу шарттарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент әкімі Қазақстандағы Франция Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Франция мен Шымкент компаниялары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934250
Атырауда «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды 14.02.2025
Төтенше жағдайдың алдын алуда оқуды үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасқан. Мұнда екі күн бойына профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.Тасқын кезінде күштер мен объектілерді басқаруда жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін пысықтау, жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, ҚР ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев және күштік құрылымдар мен еріктілер қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Оқу-жаттығу жиынын ашқан Қайрат Нұртаев облыста төтенше жағдайлардың алдын алу үшін атқарылған жұмыстарға тоқталып, штаб жұмысына сәттілік тіледі.- Атырау облысы әкімдігі тарапынан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жарақталуына аса мән беруде. Өрт сөндіру деполары пайдалануға беріліп, лизинг арқылы 30 бірлік техника мен құрал-жабдықтар және республика көлемінде 24 қабатқа дейінгі биіктікте су шашатын арнайы техника сатып алынды. Атырау қаласының судан құтқару бөлімшесіне жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, қажетті техникалармен жарақтандырылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылуда,-деді Қ.Нұртаев.Кейін төтенше жағдай туралы сирена іске қосылды. Бұл арқылы «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.Кейін Бесікті ауылы тұсындағы Жайық өзені бойында шұғыл авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Мұнда жаға бекітіліп, бөгеттер нығайтылды. Бесіктінің тұрғындарын «Күншуақ» балабақшасына эвакуациялап, тіркемелі мотопомпалармен су сору жұмыстары жасалды. Сондай-ақ ауыл тұсындағы Жайық өзенінен автокөлікпен мұздан өтіп, суға түскен адамды құтқару бойынша іс-қимылдар пысықталады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.Былтыр Жайық өзені бойында 590 км бөгет, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 49 су өткізгіш қондырғы орнатылды. Өзен учаскелерінде 7 км жағалау нығайтылып, 121 км түбі тереңдетілді.Нөпір судың салдарымен күреске 1510 адам, 244 техника, соның ішінде жүзу құралдары мен тікұшақтар дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/933028
2025 жылдың 4 ақпан күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді. 14.02.2025
Семинар барысында аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту жұмыстары, 2025 жылдың 2 ақпанында өткізілген 3 ауылдық округ әкімінің сайлау қорытындысы (Исатай ауданы Зинеден а/о, Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл а/о), ағымдағы жылдың 30 наурызына тағайындалған бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша (Атырау қаласы №12, №18, Қызылқоға №4, №9, Мақат №11, Махамбет №1 округтері) мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өткізу бағытындағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сайлау күніне арналған-іс-шараларға шолу жасап, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Қыстаубаева сайлау комиссияларында тұрақты негізде жұмыс жасап жүрген әріптестерді Дүниежүзілік сайлау күні – кәсіби мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/934064
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 14.02.2025
05.02.ӨЗБЕКСТАН1 қазанға дейін Өзбекстан Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд-қа көп. Нұржан Нұржігітов Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен осы жөнінде келісімге келді.04.02.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарын аралады. Түркістан облысының тұрғындары министрге ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, суармалы суды бөлу және шаруаларға субсидия беру жөнінде сұрақтарын қойды.04.02.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫҚаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді. Бұл бастапқы болжамнан 100 млн текше метрге артық.04.02.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫСу ресурстары министрлігі Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады.07.02.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 76 канал мен жұмыс істеп тұрған 1 су қоймасы жөнделеді.03.02.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫСу ресурстары және ирригация министрлігі алдағы 4 жылда Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Канал Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.07.02.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманын қайта даярлау үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, министрлік қытайлық Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді.03.02.АСТАНАБылтыр қазақстандық шаруалар 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді. Атап айтқанда, 56 мың гектар егіс алқабына табиғи жауын–шашынды имитациялайтын жаңбырлатып суару жүйелері, 44 мың гектарға суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суару жүйелері енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/934325
ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 14.02.2025
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді📌 Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.🔷 Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.🔵 Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.Арнаулы мемлекеттік қорға ақша қаражатын аударудан басқа, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/931247