Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылы СҚО-да қандай жұмыстар атқарылмақ 22.01.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген отырысында 2024 жылдағы облыстың даму қорытындылары қаралып, биылғы жылға арналған негізгі бағыттар айқындалды.2025 жылы өңірде инвестжобаларды жүзеге асыру жалғасады. Петропавлда 10 мың тонналық құс фабрикасы және «Евразиан Милк» қоюландырылған сүт цехі салынуда. «Зенченко и К» 8 мың бас малға арналған мега-ферма тұрғызуда. Сонымен қатар, нан-тоқаш өнімдерін өндіретін зауыт, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты, көпір жабдықтарын шығаратын кәсіпорын салынуда. Шетелдік инвестор ОСП өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Ал «Радуга» базасында қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу үшін техноэкопарк құрылмақ.Инфрақұрылымдық нысандар бойынша автожол өткелі мен қайта жаңғыртылған бірінші көтергіш сорғы станциясы іске қосылып, облыс орталығын резервтік су жүйесімен қамту жоспарлануда. Күзде 2-ші ЖЭО-да жаңа мұржа іске қосылады.Әлеуметтік сала бойынша, «Берекеде» жайлы мектеп ашылады, «Жас Өркенде» балабақшаның құрылысы басталады. Аудандарда спорт кешені, жабық бассейн мен екі жабық хоккей алаңы салынуда. «Қарасай» стадионын жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталады. Петропавлда мұз сарайының құрылысы басталды. Сондай-ақ, жабық футбол манежі бар футбол академиясын салу жобасы жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/922337
Абай облысында 2024 жылғы әскерге шақыру науқаны қорытындыланды 22.01.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтің жетекшілігімен 2024 жылғы әскерге шақыру науқанының нәтижелері қорытындыланды. Жиында қол жеткізілген көрсеткіштер мен туындаған мәселелер кеңінен талқыланды.Абай облысы қорғаныс департаментінің басшысы, полковник Руслан Омаровтың мәлімдеуінше ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің тапсырмасына сәйкес 2024 жылы көктемгі және күзгі шақырулар бойынша жалпы 1402 адамға наряд берілген. Жыл соңына дейін 1422 жерлесіміз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып, жоспар 101,4% орындалды.«Облысымыз әскерге шақыру жоспарын табысты орындап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл облыс әкімшілігі мен жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Бірақ әлі де шешуді қажет ететін мәселелер бар. Олар бойынша нақты шаралар қабылданып, келесі науқанда үздік нәтижелерге жету көзделуде», -деді полковник.Жиын барысында туындап отырған мәселелер жайы да сөз болды. Ал оларды шешу үшін заманауи диагностикалық жабдықтар сатып алу, медициналық комиссияларды оңтайландыру және олардың жұмысын орталықтандыру, қаржы үнемдеу мақсатында жаңа технологияларды қолдану сияқты шараларды қолға алу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/922235
Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды 22.01.2025
Президент тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды.Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/922523
Маңғыстау облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды 22.01.2025
Бүгін, 22 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық білім басқармасының жаңа басшысы болып Амантай Кумбаев тағайындалды.Амантай Кумбаев 1979 жылы туған. Білімі жоғары. 2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі, 2020 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2000 жылы «Фемина» ЖШС-де шебер болып бастап, 2012 жылға дейін жеке секторларда жұмыс істеген. 2012-2015 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №10 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды.2015-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде жетекші маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде оқу сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарды.2020 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы болды.2021-2024 жылдар аралығында Қарақия ауданы мен Ақтау қаласы әкімінің аппаратында бас инспектор, Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы лауазымын атқарды.2024 жылы Ақтау қаласы бойынша білімі бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының сектор меңгерушісі, Ақтау қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болды.Осыған дейін Маңғыстау облысы әкімінің аппараты өңірлік саясат және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/922753
Алматыда коммуналдық қызмет көше қарын тоқтаусыз күреуге кірісті 22.01.2025
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметі көшелерді, жолдар мен тротуарларды жедел қардан арылтуға кірісті. Қар күреу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.«Бүгін сағат 9:00-де қалада және таулы аудандарда қар жауа бастады. Екі күн бойы қар жауып, 20 мм қар түседі деп болжанып отыр. Бұл едәуір мөлшер, сондықтан бұл ауқымды жұмыс. Таңертеңнен бастап коммуналдық қызмет көшелеге көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар сеуіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Негізгі жұмыс қар күрелген соң басталады. Біз магистралды және орталық көшелерде қар үйінді жасалған соң қарды шығаруға кірісеміз, – деді Алматы әкімінің орынбасары.Тазалау технологиясы және болжамдарҚазгидрометтің мәліметінше, 23-24 қаңтарда Алматыда ауа температурасы -15…-20 градусқа дейін төмендейді. Қазіргі уақытта жолдар көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. 152 құмсепкіш техника жұмылдырылған. 950 тонна көктайғаққа қарсы материалдар және 60 м³ сұйық реагенттер пайдаланылған. Қауіпті жол учаскелерінде жолдың жағдайын бақылап отыратын 46 жедел топ жұмыс істеуде. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)Магистралды көшелерді қардан толық тазалау 3 күнге, аудандық маңызы бар көшелерді тазалау 7 күнге созылады.«Қазіргі уақытта жолдарда 600-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр, күндізгі уақытта шамамен 1,5 мың адам жұмылдырылды. Жұмыс түнде де жалғасады, қар толық шығарылғанға дейін тоқтатылмайды. Тазалықты бақылау үшін аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», – деді Бейбіт Шаханов.«Қардың жаууы қала тұрғындарына уақытша қолайсыздық тудыратынын түсінеміз. Коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарап, көмектесуді сұраймыз: арнайы техниканың жұмысын қиындатпау үшін көліктерді жол жиектеріне қоймауларыңызды өтінеміз», – деді әкімнің орынбасары.Мәселелерді жедел шешу үшін тұрғындар Telegram-боттарға келесі сілтемелер арқылы аудан әкімдіктеріне жүгіне алады:1. Әуезов ауданы - https://t.me/akimatAuezov1 2. Алатау ауданы - https://t.me/akimat_alatau 3. Алмалы ауданы - https://t.me/almalyaudany/1 4. Бостандық ауданы - https://t.me/bostandykaudanyy/1717 5. Жетісу ауданы - https://t.me/obzhetysu 6. Медеу ауданы - https://t.me/medeu_audany 7. Наурызбай ауданы - https://t.me/+jD3nmPVIVrw1YWQ6 8. Түрксіб ауданы - https://t.me/turksib_audany 23 қаңтарға арналған болжам: кейде қар жауады, түнде температура -13…-15°C, күндіз -7…-9°C.24 қаңтарға арналған болжам: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -10…-12°C.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922591
Алматыда құрылған тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы ШОБ-қа тиесілі 22.01.2025
2024 жылы Алматы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсетті. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,5% болжамды өсімнен асып, 8,3%-ға жетті. Көлік қызметтерінің көлемі 25,3%-ға, құрылыс көлемі 17%-ға және сауда көлемі 8,6%-ға өсудің драйверлері болды.2024 жылдың 9 айында Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты көрсеткіште 3,8%-ға өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ өсімі 5,8%-6% деңгейінде бағаланса, 2025 жылы экономикалық өсімнің 6,4%-ға дейін жеделдеуі болжанып отыр.Қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында жергілікті бюджеттің кірісі артып келеді. 2024 жылы Алматы бюджетіне 1 874 млрд теңге салық және төлемдер түсті, бұл 24% өсім көрсетіп отыр. Негізгі кірістер – шамамен 70%-ы - ШОБ дамуы есебінен қамтамасыз етілген.2024 жылдың 9 айында алматылықтардың орташа табысы 335 мың теңге болып, нақты көрсеткіште 10,2%-ға өсті. Орташа айлық жалақы нақты түрде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары.2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды, оның 83,2%-ы – тұрақты жұмыс орындары (61,5 мың). Соның нәтижесінде 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді.Жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. 2024 жылы негізгі капиталға инвестиция өңдеу өнеркәсібіне (2,9 есе), білімге (84,7%), көлік (37,5%), денсаулық сақтау (31,3%) салаларына салынған инвестицияның айтарлықтай өсуі есебінен 8,2%-ға ұлғайды. 90%-ы жеке инвестиция болса, олардың өсімі 6,2% болды.Қаланың қолайлы инвестициялық климаты жоғары несие рейтингпен расталады. 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несие рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады.Шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, бұл салада тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы құрылды. 2024 жылы субсидиялауға, кепілдік беруге және несие беруге бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлініп, ШОБ-тың 2507 жаңа жобасы қолдау тапты.Өңдеу өнеркәсібін дамыту қала экономикасын әртараптандырудың негізгі басымдықтарының бірі. «Алматы» индустриалық аймағында 485 млрд теңгеге 67 жоба іске асырылып, 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 197 млрд теңгеге 15 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 2700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «АТП» АЭА-да 31 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 220 жұмыс орны ашылды. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосу көзделген, бұл 361 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.2040 жылға дейінгі бекітілген Бас жоспарға сәйкес, құрылыс тығыздығының төмендету және жасыл аймақтарды ұлғайту көзделіп отыр. Осыған байланысты 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 10,3%-ға төмендеді. 2023 жылы 2,67 млн шаршы метр болса, 2024 жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.Жалпы, 2024 жылға белгіленген экономикалық өсім мен бюджет кірісінің барлық параметрі орындалды. Биыл да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922831
Алматыда 2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды 22.01.2025
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Олардың 61,5 мыңы тұрақты екенін атап өту маңызды.Қала әкімдігінің жұмысындағы маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Өткен жылдың 9 айында ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1% - ға өсіп, 470 мың теңгені құрады.Өткен жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2% - ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6% - ға дейін төмендеді.Өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Алматы индустриалды аймақта 485 млрд теңге сомасына 67 жоба іске асырылуда, мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 2,7 мың жұмыс орнын құрумен 197 млрд теңгеге 15 жобаны іске қосу жоспарлануда. «ИТП» АЭА-да 220 жұмыс орнын құрумен 31 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылуда. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, бұл 361 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.Мегаполисте жылдық инфляция 7,5%- ға дейін төмендейді деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922837
2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда 22.01.2025
Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы.2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% - ға), көлікке (37,5% - ға), денсаулық сақтауға (31,3% - ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% - ға ұлғайды.Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90% - ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%.Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несиелікк рейтингін, «Тұрақты» болжамы растады.Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922841
2025 жылы Алматыда 4 мың ШОБ жобасына 71 млрд теңге бөлінеді 22.01.2025
2025 жылы Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізілмек. Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922845
2024 жылы Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салықтар мен төлемдер түсті 22.01.2025
2024 жылы Алматы бюджетіне 24% өсіммен 1 874 млрд теңге салық және төлемдер түсті. Бұл ретте түсімдердің шамамен 70% - ы ШОБ дамыту есебінен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Алматы қаласының қаржы басқармасынан жергілікті бюджеттің кірісі қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында айтарлықтай өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қала мәслихаты Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматының қалалық бюджеті ағымдағы жылға 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,1 есе жоғары. Аудан бюджеті де өсуді көрсетеді. Мәселен, функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Алматының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есе өсумен 293,6 млрд теңге сомасында бекітілді.2023 жылдың басынан бастап Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарға үлкен дайындық жүргізді. Нәтижесінде, 2025 жылы Даму бюджеті 2022 жылға қарай 2,2 есеге ұлғайып, 458 млрд теңгеге жетті.Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағдарлануын сақтайды. Бұл салаға 2025 жылы 40% - дан астам немесе 894,3 млрд теңге тиесілі.Естеріңізге сала кетейік, қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының "ВВВ+" деңгейіндегі дербес кредиттік рейтингін, "Тұрақты"болжамын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922848
Харбин-2025 ең көп мемлекет пен спортшы қатысатын қысқы Азиада болмақ 22.01.2025
7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады.Азия Олимпиада кеңесінің мәліметінше, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады.Осыған дейінгі, Жапонияның Саппоро қаласындағы бәсекеде құрлықтағы 30 ел мен Тынық мұхиты аймағынан Аустралия мен Жаңа Зеландияны қосқанда 32 комитет тіркелген. Ал спортшылар саны 1147 болған. Араға 8 жыл салып, Харбинде олардың саны 128 атлетке көбейеді.Айта кетейік, аталған 1275 спортшының 755-і ер, 520-сы әйел. Олардың 847-сі мұз айдынындағы жарыстарда күш сынасады. Ал қалған 428-і биатлон, шаңғы жарысы сынды Ябули қаласында өтетін қар спортында кім мықтыны анықтайды.Тағы бір ақпарат, IX қысқы Азия ойындарында 32 жүлде жиынтығы Харбиндегі мұз айдынындағы сында, қалған 32 алтын медаль иегері Ябулиде белгілі болады.Еске сала кетейік, Азия Олимпиада кеңесінің құрамына барлығы 45 Ұлттық Олимпиада комитеті мүше. Ұйымның бас кеңсесі Кувейт астанасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922939
Таразда Туризм және спорт министрлігінің Кубогы үшін жас спортшылар арасындағы мықтылар анықталды 22.01.2025
Тараз қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР Туризм және спорт министрлігінің Кубогы ұйымдастырылды.Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес спорт түрлері бойынша еліміздің мектеп-интернат-колледж оқу орындарының тәрбиеленушілері кім мықтыны анықтаған болатын.Жалпы ҚР Туризм және спорт министрлігінің ауыспалы Кубогының иегері атағын республикамыздың 18 құрамасы сарапқа салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922940
Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр Туринде өткен 2025 жылғы Универсиадада қола медаль жеңіп алды 22.01.2025
Қазақстан атынан биатлонға қатысқан Кирилл Бауэр Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+.Спортшы 15 шақырымдық масс-стартта үшінші орынға ие болып, тек француз Натанаэль Пекен мен швед Карл Гренландтан қалып қойды. Бауэр жарысты 43:26.9 уақытпен аяқтап, төрт рет мүлт кетті. Жеңімпаздан артта қалуы 33.8 секундты құрады.Бұл қола медаль Қазақстанның 2025 жылғы Универсиададағы 12-ші жүлдесі болды. Ел қоржынында үш алтын, төрт күміс және бес қола медаль бар.Қазақстанның 2025 жылғы Универсиададағы медальдары:🔺Фристайл🥇Анастасия Городко – могул🥇Анастасия Городко – параллельді могул🥈Аяулым Әмренова – параллельді могул🥈Антон Бондарев – параллельді могул🔺Биатлон🥇Кирилл Бауэр – ерлер арасындағы 15 км масс-старт🥉Арина Крюкова – әйелдер арасындағы 7,5 км спринт🥉Никита Акимов – ерлер арасындағы 10 км спринтМәнерлеп сырғанау:🥉Софья Самоделкина – әйелдер арасындағы жеке сырғанау🔺Парашаңғы жарыстары🥈Денис Зинов – 10 км еркін стиль (тұрып сырғанау)🥈Денис Зинов – классикалық стильдегі спринт (тұрып сырғанау)🥉Роман Құрбанов – 10 км еркін стиль (көру қабілеті шектеулі)🥉Роман Құрбанов – классикалық стильдегі спринт (көру қабілеті шектеулі)Қысқы Универсиада-2025 13-23 қаңтар аралығында Турин қаласында өтуде. 11 спорт түрі бойынша 43 ұлттық студенттік спорт федерациясынан 1400-ден астам спортшы қатысуда.Қазіргі уақытта Қазақстан медальдар есебінде үздік ондыққа кіріп, спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығын дәлелдеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922943
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА “ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ” АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ 22.01.2025
2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Бұл бастама еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті дәріптеп, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған екені айқын. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жобалар Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж басшылары басқосқан көшпелі-брифингте айтылды.Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент қаласының арнайы өңірлік жоспары дайындалып, Үкіметтің жеті негізгі бағытына сай шаралар кешені іске асырылатынын мәлімдеді. Жалпы жоспар 6 бөлімнен және 59 тармақтан тұрады. Оның ішінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау, кәсіптік бағдар беру, жұмысшы кадрларды даярлау және жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру сияқты бағыттар қамтылған. Штаб құрамы мен ережесі бекітіліп, әкімдіктің тиісті салалық басқармалары жоспар бойынша жұмыстарын бастап кеткен. - Қалада 39 колледжде 49 780 студент білім алуда. Олардың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарын игеріп жатыр. 2024-2025 оқу жылында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 11 500 гранттың 67,5%-ы осы салаға бағытталған. Бұл жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, 53 талапкер жұмыс берушілердің тапсырысымен оқуға қабылданып, бизнестің есебінен тегін білім алуда, - дейді Сәрсен Абайұлы.Тағы бір көңіл көншіткен жаңалық, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы өсетін болады. Бакалавриат студенттері 52 372 теңге, ал педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттер 84 000 теңгеге дейін шәкіртақы алатын болады. Магистранттардың шәкіртақысы 117 098 теңгеге, докторанттардікі 262 500 теңгеге дейін артпақ. Әлеуметтік осал топтар үшін де шәкіртақы мөлшері едәуір ұлғайтылады. Жетім балалардың шәкіртақысы 30%-ға, мүгедектігі бар студенттердің шәкіртақысы 50%-ға артады. Бұл шаралар білім алушылардың оқу сапасын жақсартып, олардың әлеуметтік жағдайын жеңілдетуге бағытталған.- Студенттердің жатақханамен қамтылу мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Жоғары оқу орындарының жатақханаларында студенттердің сиымдылығы – 10 009 орынды құрайды. Дегенмен, қазіргі уақытта студенттер үшін жатақханаға тапшылық мәселесі жоқ. Алайда, қаламыздың үлкеюі және халық санының өсуіне байланысты 2025-2029 жылдарға 5 мың орындық жатақхана құрылысын салу жоспарланған, - деді Сәрсен Абайұлы.Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген "Келешек" бағдарламасы да сөз болып, бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі жастарға болашақта жоғары білім алуға және баспана мәселесін шешуге мүмкіндік беретіні айтылды. Бағдарлама балалардың болашақта жоғары оқу орнында білім алуына немесе кәмелетке толғаннан кейін үй сатып алуы үшін еліміздегі кез келген екінші деңгейлі банктерде немесе сақтандыру компанияларында 5 жастан бастап қажетті қаражатты жинауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе қаржылық сауаттылықты арттырумен қатар, студенттердің өз мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.Жұмысшы мамандықтарды дамыту ел экономикасының тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға маңызды үлес қосары сөзсіз. Шымкент қаласының бұл бағыттағы бастамалары өз нәтижесін беріп, еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті арттыруға серпін беретіні анық.Басқосуда жұмысшы мамандарды даярлау, оларды жұмыспен қамту, кәсіптік және техникалық білім берудегі жаңашылдықтар, ЖОО және колледждердің маман даярлаудағы мүмкіндігі жайы талқыланды. Қаладағы жоғарғы оқу орындарында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Басқосуға қатысқан жоғарғы оқу орындарының басшылары журналистердің тарапынан осы бағытта қойылған сауалдарына нақты жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/922908
Ақмола облысының колледждері аймақтың дамуына кадрлар даярлауда 22.01.2025
Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласында мамандар даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда өңірдің 29 колледжінде шамамен 20 мың студент білім алуда, оның 16 мыңнан астамы тегін білім алады. Мұндай тәсіл жастарға сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге және өңірдің дамуына белсене араласуға мүмкіндік береді.2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғандықтан, облыста кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын 5700 орынға дейін ұлғайту, сондай-ақ өңір кәсіпорындарынан мақсатты мемлекеттік тапсырысты 500-ден 600 орынға дейін көбейту жоспарлануда. Бұл шешім кәсіпорындарды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге және студенттерді кәсіби жолдың басында қолдауға бағытталған.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шағалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжге барып, оқу орнының қызметімен танысты. Мұнда шамамен 500 студент 10 жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда, оның ішінде агроном және механик сияқты сұранысқа ие мамандықтар бар. Колледжде студенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған: жатақхана, тамақтану орындары, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдайтын заманауи зертханалар бар. «Серпін» жобасы аясында колледжде Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және басқа да облыстардан келген студенттер білім алуда.Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнатылған, дуалды оқыту аясында экономиканың нақты секторына кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Ақмола облысының компанияларымен тұрақты келісімшарттар жасалған, басқа да білім беру мекемелерімен серіктестік байланыстар дамытылуда. Сонымен қатар, Жоғары агротехникалық колледж кәсіби шеберлік бойынша халықаралық «WorldSkills Competitions» қозғалысының белсенді қатысушысы болып табылады.Өңір басшысы студенттермен кездесіп, олардың жетістіктерімен, болашаққа жоспарларымен танысты. Студенттер оқудағы жетістіктерімен бөлісіп, жұмысшы мамандықтар бойынша білім алудың маңыздылығын атап өтті. Агроном мамандығы бойынша білім алып жатқан Диас Марал өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосқысы келетінін айтты. Техник-механик мамандығы бойынша білім алып жатқан Руслан Дыньков агрофирмада жұмыс істеуге ниетті екенін және оның мамандығы қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие екенін тілге тиек етті.Ақмола облысының колледждерінде кадрлар даярлау бағдарламасы аймақтың дамуына берік негіз қалыптастыруға және жастарды қолдауға бағытталған. Бұл бастамалар кәсіби өсу перспективаларын ашып, еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/922257
Қосшы қаласында көпбейінді жаңа облыстық аурухананың құрылысы жалғасуда 22.01.2025
Қосшы қаласында көпбейінді жаңа облыстық аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Емдеу мекемесі 350 орынға шақталған және Қосшы қаласы мен елорда маңындағы жеті өңірдің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аурухана «Viamedis» компаниясының жеке инвестициялары есебінен салынып жатыр.Жобаның жалпы жеке инвестиция көлемі 28 млрд теңгеден асады. Оның 17 млрд теңгесі құрылыс жұмыстарына, ал 9 млрд теңгеден астамы аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жаңа емдеу мекемесінің базасында ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана, сондай-ақ хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және химиотерапия бөлімшелері кіреді.Аурухананың құрылысы екі бөлікке бөлінген – емхана және стационар. «Viamedis» ЖШС-нің бас директоры Әсет Ахметовтың айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары ақпан айының ортасына дейін аяқталады. Кейін 2025 жылдың мамыр айына дейін ғимараттың сырты мен аумағы абаттандырылатын болады.«Жыл соңына дейін қала тұрғындарына арналған емхана іске қосылады. Жоба бойынша стационар 2026 жылдың соңында іске қосылуы тиіс еді. Бірақ қазір біз жоспарланаған мерзімнен келеміз. Сондықтан 2026 жылдың үшінші тоқсанында стационарды ашуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс материалдары бойынша жергілікті өндірушілермен жұмыс істеуге тырысамыз», – деді «Viamedis» ЖШС-нің бас директоры Әсет Ахметов.Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарына екі жүзге жуық адам тартылған. Олардың қатарында «Viamedis» ЖШС-нің электригі Бахтияр Ыбырайұлы да бар.«Қазіргі кезде бетон плиталарды жылыту және біріктіру жұмыстарын атқарудамыз. Біз қаншалықты маңызды нысан салып жатқанымызды түсінеміз. Себебі аурухананы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салып жатырмыз. Сонымен қатар, 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы. Сондықтан жаңа нысан сапалы салынуы керек», – деді Бахтияр Ыбырайұлы.Еске сала кетсек, көпбейінді жаңа аурухана мен емхана салу туралы шешім 2024 жылдың маусым айында қабылданған болатын. Сол кезде Ақмола облысы әкімдігі мен «Viamedis» компаниясы арасында меморандумға қол қойылған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/922326
Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жоспары бекітілді 22.01.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірде «Таза Қазақстан» акциясын өткізу барысы қаралды.Жиынға қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясы елімізде жалпыұлттық экочелленджге айналғанын атап өтті. Бүгінгі таңда оған еріктілер мен белсенді студенттер ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері де қатысып келеді. Негізгі мақсат - қоршаған ортаны сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Бекболат Құлмағамбетов жергілікті аумақтарды жинау және көгалдандыру бойынша жаппай экологиялық акцияларға өңірдің 418 мыңнан астам тұрғыны, 7 мыңнан астам мекеме мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысқанын айтты. 74 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналып, 365 мыңға жуық ағаш пен 6 мың бұта отырғызылды. 291 саябақ пен алаң ретке келтіріліп, 207 су айдынының жағалауы тазартылды. Аумақтарды тазарту үшін 6 мыңнан астам техника жұмылдырылды.Бекболат Құлмағамбетов облыстық мәслихаттың шешімімен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жоспары бекітілгенін алға тартты. Жоспарға сәйкес санитарлық жағдайды жақсарту, жасыл желектерді кеңейту, халықтың экологиялық әдеттерін қалыптастыру және өңірдегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы ақпараттандыруды арттыру көзделіп отыр.Қала әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, акция аясында Ақтөбедегі 4 056 кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде санитарлық тазалық ережелерін сақтамағаны үшін 2 042 нысан иесіне ескерту берілді. Ескертулерді елемеген кәсіпкерлерге қатысты жергілікті полицияның учаскелік қызметкерлері хаттамалар рәсімдеген. Акцияға барлығы 169 бірлік техника жұмылдырылып, оның көмегімен барлығы 987 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Баяндамашыларды тыңдаған соң, өңір басшысы қала мен аудандардың әкімдеріне қыста қар тазалауға ерекше назар аудару керектігін тағы да еске салды. Автомобиль жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақтарды, жаяу жүргіншілер жолдарын қар мен мұздан уақытылы тазарту қажет. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарт адамдарға дер кезінде қар тазалауға көмек ұйымдастыру маңызды екендігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/921034
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 22.01.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Ерлан Бақытұлы Сұлтангереев тағайындалды.Ол 1980 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 2003 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі», 2013 жылы Астана медицина университетін «Медицина» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының докторы.Еңбек жолын 2004 жылы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде дәрігер- хирург болып бастаған. 2010 жылы осы мекемеде дәрігер-ординатор лауазымына ауыстырылған. 2017-2018 жылдары Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары; 2018-2020 жылдары Ақтөбе медициналық орталығыныңбалалар стационарының медициналық директоры қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қазан айынан бастап – 2024 жылдың тамыз айы аралығында Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері қызметінде болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/921911
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды 22.01.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасынының Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы болып Бұлбұл Бисембайқызы Күзембаева тағайындалды. Бұлбұл Күзембаева 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін педагогикалық мамандығын, 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.Еңбек жолын 2000 жылы №2 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 2003-2007 жылдары осы мектепте директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болып жалғастырған. 2007-2010 жылдары Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы; 2010-2011 жылдары Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы; 2011-2018 жылдары Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары, Ойыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметінде болды. 2022 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/921917
Ақтөбе облысының барлық қызметтерінің қарлы боран мен су тасқыны маусымына дайындығы талқыланды 22.01.2025
Жиын барысында облыс басшысы Асхат Шахаров өңірдің авариялық-құтқару қызметтерін жоғары дайындық режиміне ауыстыруды тапсырды.Басқосу қала мен аудандар әкімдерінің, ТЖ қызметі, коммуналдық кәсіпорындар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.Барлық қызметтің алдағы қарлы боран мен су тасқыны кезеңіне дайындығын, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіру шараларын, сондай-ақ коммуналдық жүйелер мен көлік инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жоспарлары талқыланды.Халықты ықтимал тәуекелдер туралы уақытылы хабардар ету және ауа-райының өзгеруіне жедел ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.Алдағы күндері ауа райының нашарлауына байланысты облыс әкімі қар тазалайтын техниканы алдын ала дайындап, ТЖ кезінде бірден жолдарға шығу қажеттігін атап өтті.«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл 104 бірлік арнайы техниканың бар екендігі туралы айтып, бұдан басқа жолдарды қар мен мұздан тазарту бойынша қосымша 11 көлік жалға алынғандығын жеткізді. «КАЖсервис» ЖШС республикалық және халықаралық маңызы бар 1752 шақырым автомобиль жолдарына қызмет көрсетеді. Қызметкерлер саны - 326 адам.Бұдан бөлек, 101 елді мекенде 246 шақырым қарлы учаскелерде қар ұстауға арналған темірбетон қоршаулар немесе уақытша қалқандар орнатылды. Кептелісті болдырмау үшін Хромтау және Қарабұтақ аудандарында ұзындығы 34 шақырым айналма жолдар салынды.ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Айбат Жаңабергеновтің хабарлауынша, қысқы кезеңде төтенше жағдайларға ден қою үшін құрамында 1 567 адам және 452 бірлік техника бар азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары дайындалған. Қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсету үшін сыйымдылығы 11 мың адамды құрайтын 161 жылыту пункті дайын. Оның ішінде 46 пункт Қобда, Хромтау, Әйтеке би және Ырғыз аудандарындағы Самара-Шымкент тас жолының бойында орналасқан. Сондай-ақ жеті мыңнан астам автотұрақ дайындалды.Кеңес барысында өңір басшысы гидротехникалық құрылыстар мен жол желісінің жай-күйін қатаң бақылау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қала мен аудандардың әкімдеріне жоспарланған барлық шаралардың іске асырылуын жеке бақылауды тапсырды.«Аудан әкімдеріне жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын. Жолдарды қардан, оның ішінде әлеуметтік нысандар мен тұрғылықты жерлерге апаратын жолдардан үнемі тазалауды қамтамасыз ету қажет. Жолдарда көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларын эвакуациялауға дайын болу және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе су тасқыны жағдайын бақылау керек. Облыс аумағында синоптиктердің болжамы бойынша жылы ауа райы күтілуде, осыған байланысты су тасқыны маусымы ерте басталуы мүмкін. Өзендердің, су қоймаларының және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторингті күшейту, сондай-ақ су басудың алдын-алу шараларын қабылдау маңызды. Жауапты қызметтерге техниканы дайындауды ұйымдастыру, құрылыс материалдарының резервтерін құру және халықты ықтимал тәуекелдер мен қабылданып жатқан шаралар туралы уақытында хабардар ету тапсырылады», - деп түйіндеді Асхат Шахаров.Жиын қорытындысы бойынша әкім ағымдағы ахуалға мониторингті күшейту және барлық қызметтердің қолайсыз ауа райы жағдайында жедел іс-қимылдарға дайындығын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.Сондай-ақ, ТЖ Департаменті жанынан туындаған мәселелерді жедел шешу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/922891