Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ 22.01.2025
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ескек есу каналының құрылыс барысын талқылау, оның жан-жағын туристік орталыққа айналдыру бағытындағы жобалар бойынша мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.✔️Италиялық сәулетші Доменико Ротоло туризмді дамытуға бағытталған жоспарлары мен жобаларын баяндап, өз тұжырымдамасын таныстырды. Ол отбасымен демалатын және туристерді тартатын аквопарк желісінің, жағажайлар мен қонақүйлердің тұжырымдамасын ұсынды. Сонымен бірге саябақтар, веложолдар салу және өзге де ұсыныстарын жеткізді. Ескек есу каналының халықаралық деңгейдегі сайыстарды қабылдайтынына сенім білдірді. Сонымен бірге мәжіліске бейнебайланыс арқылы қатысқан түркиялық сәулетшілер де өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Тек жаз емес, жылдың 4 мезгілінде де халық пен туристерге қызмет көрсететін орталық салу туралы пікірін білдірді.📌Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға жобаларды жан-жақты зерделеп, инвесторлармен келіссөз жүргізуді тапсырды. Түркістанды туризм орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922119
0-9 сынып оқушыларына арналған сабақтар қашықтық форматына көшеді 22.01.2025
Ауа-райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды қалалық білім басқармасына сілтеме жасап әкімдіктің ресми сайты."Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2025 жылы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін қала мектептерінде сабақ қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады білім басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922101
Бородулихада бағаны тұрақтандыру жұмысы жүргізілуде 22.01.2025
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермес үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Жәрмеңке сөрелеріндегі бағалар нарық құнынан төмен. Соның ішінде 19 тауар түріне тікелей жеткізушілермен келісімшарт жасауға ерекше назар аударылды. Бұл бағаны тұрақтандырып қана қоймай, тұрғындарды қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Аудан әкімі Айдар Ибраев Бородулиха ауылында апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Жәрмеңкеде тұрғындар шаруалардан қалаған өнімін еш делдалсыз, қолжетімді бағада сатып ала алады.Ауданда әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бағаға күнделікті мониторингін жүргізуді, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдану тапсырылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруды жалғастыру міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/922056
Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 68 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда 21.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде халықты жұмыспен қамту шаралары талқыланды.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің сөзінше, биыл салаға 54,4 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық.2024 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67 308 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша 70 056 жұмыс орны құрылып, жоспар 104,1% орындалды.Биыл 68 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті асыра орындалды: 13 111 жұмыс орны ашылды.2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 62 651 тұрғын қамтылды, жоспар 112,7 пайызға орындалды.Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша 52 776 адам (112,4%) жұмысқа орналастырылды.Субсидияланатын жұмыс орындарына 16 915 адам (111,3%) тартылды, оның ішінде 67,3 пайызы тұрақты жұмыс орындары.Баяндамашы жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарға кеңінен тоқталды. 2024 жылы кәсіптік оқытумен 1 243 жамбылдық қамтылды, оның 99,3 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2,9 мың адам «Skills enbek» порталы арқылы онлайн оқытылды.Биыл 1 315 адам газ-электр дәнекерлеуші, кран машинисі, автомеханик, құс өсіруші, тракторшы, ветеринар, косметолог, автослесарь, графикалық дизайнер, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, экскаватор машинисі сияқты танымал мамандықтарды игере алады.Бұдан бөлек, 2 524 жұмыс берушінің қатысуымен 128 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 1 314 азамат орналастырылды.Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, яғни 1 008 адамға 1,5 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар берілді.Спикер сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы айтты.Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.Ербол Қарашөкеев гранттарды бөлудің ашықтығы мен олардың нысаналы мақсатына қатысты мәселелерді бақылауды, зейнетақы жарналарының, электрондық еңбек кітапшаларының бар-жоғын тексеру арқылы мониторингті күшейтуді, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындары бойынша тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/922113
Қостанай облысында өмір сүру сапасын жақсарту: жұмыспен қамту және бизнесті қолдау 21.01.2025
Қостанай облысы әкімдігінің отырысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды, атап айтқанда, жұмыспен қамту және табыстарды арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта жыл сайын жұмыспен қамту шараларын іске асыруға 4 миллиард теңге шамасында қаражат бөлінеді.2024 жылы 48 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылу бойынша көмек алды, 19 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Көптеген жұмыс орындары өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалар нәтижесінде ашылды. 2025 жылы 8 жобаны іске асыру жоспарланып, 3,4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.Соңғы екі жылда облыстағы жалдамалы жұмысшылар саны 3%-ға артты, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді. Жұмыспен қамту, гранттар және оқыту шаралары халықтың табысын арттыруға әсер етті, бұл өз кезегінде адреске әлеуметтік көмек алушы отбасылардың санының 40%-ға қысқаруына әкелді. 2023 жылы көмек алған отбасылар саны 4 мыңды құраса, 2024 жылы олардың саны 2,4 мыңға дейін төмендеді.Шағын және орта бизнесті қолдауға да айрықша назар аударылады. 1%-бен кәсіпкерлерді қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда, 2024 жылы Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарының тұрғындарына 1,1 миллиард теңге көлемінде 27 кредит берілді, оның басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Сондай-ақ, суармалы егіншілік бойынша 2 миллиард теңгеге жобалар қаржыландырылды.Соңғы екі жылда облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға артып, 66 мыңға жетті. Осы сектордағы өнім өндіру 3%-ға өсіп, шығару көлемі 900 миллиард теңгені құрады.Жұмыспен қамту шаралары 2025 жылы жалғасады, жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше назар аударылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/921715
Бесқарағай ауданында сүт және шұжық өндірісі дамып келеді 21.01.2025
Бесқарағай ауданындағы «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы өзінің өндірістік қуатын дамытып, кеңейтуді жалғастыруда. Жуырда аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев шаруашылыққа барып, алдағы жоспарларымен танысты.Қазіргі уақытта шаруашылықта 600-ге жуық ірі қара бар. Кәсіпорын Семей қаласындағы «Айша» серіктестігімен ынтымақтаса отырып, сүт өндіру мен өңдеуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бүгінде олар сүт, айран, қаймақ, сүзбе, май сияқты сүт өнімдерінің кең ассортиментінен бөлек шұжық өнімдерінің 25 түрін шығарады.2024 жылы шаруа қожалығы инвестиция тарта отырып, инфрақұрылымды жаңғыртуды аяқтады. Бұл қаражат сүт-тауар фермасын кеңейтуге, электр және су жүйелерін жаңартуға, сондай-ақ жем өндірудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталды. Атап айтқанда, жоңышқа мен сүрлем жүгерісін өсіру басталды. Бұл жануарларды тұрақты жем-шөппен қамтамасыз етеді. Ол үшін 12 заманауи спринклер машиналары мен сорғы жабдықтары сатып алынды.Кәсіпорынның негізгі мақсаты - өндіріс көлемін ұлғайту және өнім сапасын арттыру. Болашақта тек аудан көлемінде ғана емес, көрші өңірлерге сүт және шұжық өнімдерін жеткізіп, нарықты кеңейтуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/921408
Жамбыл облысында бизнесті қорғау бойынша форум өтті 21.01.2025
Жамбыл облысында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен бизнесті қорғау бойынша форум өтті.Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында кәсіпкерлікті қорғаудың тиімді жүйесі құрылып жатқанын жеткізді.– Ел Президенті бизнесті қорғау жөніндегі жұмыстың басымдықтарын нақты айқындап, мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін атап өтті. Кәсіпкерлерге келетін болсақ, олар мемлекеттік аппараттың шынайы тең құқылы серіктестері болуға тиіс, — деді облыс әкімі.Облыста 2025-2028 жылдары құны 3,1 трлн. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Онда барлығы 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. 2024 жылы құны 214 млрд. теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске асырылып, 1,4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.Кедергілер мен бюрократияны жою үшін инвесторларды қолдау орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.Инвестициялық тартымдылықтың тағы бір факторы – инфрақұрылым. Индустриялық аймақтар дайын өндірістік алаңдарды ұсынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек өз баяндамасында егжей-тегжейлі айтып берді.«Тараз» индустриалды аймағының аумағында 1,3 мың жұмыс орнын құру арқылы құны 137 млрд. теңгені құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтары 180 гектарға құрылды. Бұл субаймақтарда әр ауданның ерекшелігіне қарай орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылады.«Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік жайлардың құрылысы басталды (ауданы 40 мың шаршы метр). Кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30 пайызы броньдалды. Өндірістік жайлар төмен бағамен ұзақ мерзімді жалға беріледі. Нысандар осы жылдың 2 тоқсанынан бастап іске қосылады.Нұрғалым Әбдіровтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істердің тіркелуі төрт есеге азайып, 21 инвестордың мәселесі шешілген.Прокуратура органдары 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады.Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті: кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жүйелі мәселелерді ортаға салды.Форумдағы қорытынды сөзінде облыс әкімі бизнес адал жұмыс істеп, заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, қауіпсіз еңбек ортасын құруға тиіс екенін атап өтті.Талқылау нәтижелері бойынша аталған түйткілдерді шешу жолдары әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/921329
ШҚО-да су тасқыны қаупінің картасы жаңартылды 21.01.2025
Бүгін аймақ басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен ауа райының қалыптан тыс жылынуы салдарынан қардың еруі басталған Зайсан ауданына барды. Су тасқынының алдын алу үшін қазір жолдарды тазалау, қарды күреу және жол жиектеріндегі құбырларды тазарту, су өткізетін құрылыстарды тексеру қажет.Облыс әкімі ШҚО ТЖД, ШҚО ПД және басқа да мүдделі басқармалар өкілдерінің, сондай-ақ Тарбағатай ауданы әкімі мен Зайсан ауданы әкімінің орынбасарының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Мамандардың айтуынша, мұндай жылы ауа райы соңғы 50 жылда тіркелмеген.Өңір басшысы Марқакөл және Күршім аудандарында қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны қаупін барынша азайтуға көмектесетін жер асты және еріген суларды тарату әдістері сәтті қолданылып жатқанын атап өтті.— Су тасқынын алдын алу жұмыстары маңызды, ол үшін облыстағы әрбір елдімекен үшін су тасқыны қаупі картасын, оның ішінде әрбір ауылды және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмін жаңарту қажет. Әр аудан, ауыл әкімдері төтенше жағдай орын алған жағдайда бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі керек. Бәріне дайын болуларыңыз қажет. Басқа аудандардың да тәжірибесін қолданыңыздар, - деді Ермек Көшербаев.Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жұмылдырылған.— Зайсан үшін бұл қалыпты жағдай. Жер қатқан кезде, әсіресе Дайыр мен Қарабұлақ ауылдарының маңында жер асты сулары жиі шығады. Су жиналған кезде құбырға, одан әрі Кеңдірлі көліне құяды. Бұл – жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс, алаңдаудың қажеті жоқ, - дейді гидротехник Мирзан Иманжанов.Құтқару қызметі мен синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері өңірде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Сондықтан бұл аумақта су басу қаупі байқалмайды. Мамандар ауа-райының ықтимал өзгерістеріне жедел назар аудару үшін аталған учаскенің және жалпы облыстағы жолдардың жағдайын бақылауды жалғастырады.Тәулік бойы мониторинг жүргізу, күнделікті дайындық, кешенді алдын алу шаралары Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуіне негіз болып табылады, - деді Ермек Көшербаев.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/921507
Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты түрлері федерациясының президентімен кездесті 21.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті. Тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады.Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету. Кейінгі бірнеше жылда Азияда World Aquatics сарапшыларының қолдауымен жаттықтырушыларды заманауи жүзу және спортшыларды даярлаудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді.Ербол Мырзабосынов еліміздегі су спорты түрлеріне арналған инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі туралы айтып, алдағы уақытта бұл бағытқа көп көңіл бөлінетінін жеткізді.«Қазіргі таңда елімізде су спортының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз құрлық және әлем біріншіліктерінде жетекші орындарға қол жеткізді. Ел тарихында Дмитрий Баландин алғаш рет жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Былтыр су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким әртістік жүзуден тарихи жүлде – алтын медаль жеңіп алды. Осы жетістіктер жылдар бойғы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі», – деді Ербол Мырзабосынов.World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанда су спорты түрлерінің табысты дамуына сенім білдіріп, Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында ұлттық құрамаға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922060
Алматы әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қосымша өтінім қабылдауды қорытындылады 21.01.2025
Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында өткен «Алматы жастары» бағдарламасының қосымша кезеңі қорытындыланды.www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 2757 қатысушы өтінімін түзетіп, олардың 1872-сі мына бағыттар бойынша құжат тапсырды:• денсаулық сақтау – 456,• білім беру – 773,• мәдениет – 95,• спорт – 23,• ЖОО және ҒЗИ – 196,• БАҚ – 40,• әлеуметтік сала – 75,• коммуналдық қызметтер – 139,• жұмыс істейтін жастар – 75.Қарау нәтижесі бойынша 759 өтінім мына салалар бойынша мақұлданды:* денсаулық сақтау – 210,* білім беру – 332,* мәдениет – 24,* спорт – 3,* ЖОО және ҒЗИ – 74,* БАҚ – 22,* әлеуметтік сала – 18,* коммуналдық қызметтер – 56,* жұмыс істейтін жастар – 20.Оның ішінде ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алады.Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Төлем қабілетін растаған соң олар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй таңдай алады.Қалған 576 қатысушы алғашқы үміткерлердің төлем қабілетін растау мерзімі аяқталғанға дейін резервке енгізілді.Тұрғын үй, зейнетақы аударымдары және басқа да қажетті анықтамалардың болмауынан 1113 өтінім қабылданбады.Толық ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында.Instagram:https://www.instagram.com/akimat_almaty/reel/DFFIYU_TFZN/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921809
«Жаңа идеялар, үлкен мүмкіндіктер»: жастар өкілдері Алматының комьюнити орталықтары туралы не дейді 21.01.2025
Ағымдағы жылы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әр ауданда 16-ға дейін - әр ауданда екіден комьюнити орталықтар пайда болады. Мегаполисте 2024 жылы осындай ұйымдар іске қосылды.Бұл жоба көпфункционалды. Комьюнити орталықтарда жастар өкілдеріне психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіптік бағдар беру, қаржылық сауаттылықты оқыту, тілдік курстар мәселелері бойынша консультациялар беріледі. Сондай-ақ мұнда білім беру және мәдени іс-шаралар өтеді, би залдары, дыбыс жазу студиялары және TikTok аймақтары жұмыс істейді.Өткен жылы мегаполисте 380 мыңнан астам жастарды қамтитын дәрістер, семинарлар, экоакциялар, зияткерлік ойындар, акустикалық кештер, викториналар мен квиздер, шеберлік сыныптары, үстел ойындары және спорттық турнирлер түрінде 1,7 мыңнан астам іс-шаралар өткізілді. 12 мыңнан астам адам кеңес алды, оның ішінде жұмысқа орналастыру бойынша – 4,7 мың, қысқа мерзімді курстар бойынша – 3,3 мың, психологпен және заңгермен 2 мыңнан барлығы 2024 жылы Алматы комьюнити орталықтарына 112 мыңнан астам жас келді.Қала тұрғыны Болат Қисамбаев атап өткендей, комьюнити орталықтарда ол жаңа және қызықты идеяларды, стартаптарды бірлесіп іске асыратын, пікірлес адамдарды табатын белсенді балалармен танысты. «Бұл өте керемет бастама. Жастарға қолдау көрсету керек. Мұндай орталықтар жастарды жұмысқа орналастырып қана қоймай, олардың энергиясын дұрыс бағытқа бағыттауға көмектеседі. Менің ойымша, IT-технологиялар мен жасанды интеллект сияқты өзекті бағыттарға баса назар аудару керек. Қазір еңбек нарығы өзгеруде, қазақстандықтар уақытпен қатар жүруі қажет. Менің білуімше, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдерде осындай жобалар бар. Бізге берілген мүмкіндіктер үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», - деп ойымен бөлісті Болат Қисамбаев.Волонтер Дилярам Асанованың айтуынша, қалалық комьюнити орталықтардың қызметіне қатысудың арқасында ол көптеген қызықты және пайдалы жандармен танысқан. «Бұл ұйымдар бей-жай қарамайтын азаматтардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Біз су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға қатыстық, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатыстық, блогерлер арасындағы түрлі форумдарда, «Бірлік спорт Fest» іс-шарасында және т.б. сөз сөйледік» -, деп атап өтті бойжеткен.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда 8 комьюнити орталық «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында іске қосылды, қалалық әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен - әр ауданда бір-бірден.Бұдан басқа, өткен жылдан бастап әрбір комьюнити орталықта қазақстандық өндірістің фандоматтары – оларды одан әрі өңдеу үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинау аппараттары орнатылды. Осылайша, осы жастар кеңістігіне келушілер арасында экологиялық құндылықтар қалыптасуда, ал комьюнити орталықтардың резиденттері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қолдай отырып, экорейнджерлер қатарын белсенді толықтыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921803
Алматы тұрғындарының назарына: қар мен көктайғақ күтілуде 21.01.2025
22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде Алматыда қар жауады, кейде қатты жауады деп болжануда. Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді:• 22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;• 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін.Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақтылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.Құрметті жаяу жүргіншілер!Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн.Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921819
Астанада қар күреуге 2700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды 21.01.2025
Елордада екі күннен бері қалың қар жауып тұр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреу жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.21 қаңтар күні таңертеңнен бері қар күреу жұмысына 2700-ден астам жол жұмысшы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.21 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер 2509 ауыр жүк көлігінің көмегімен қаладан 31 мың текше метр қар шығарды.Жалпы, қыс мезгілі басталғалы 281 541 рейспен 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921590
NEET санатындағы жастар, тазалық, еріктілер қызметі: Жастар саясаты мәселелері басқармасы былтыр қандай шаруалар атқарды 21.01.2025
Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның өткен жылы атқарған шаруалары туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Басқарма басшысының айтуынша, былтыр ведомствоның көмегімен 13 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды.Негізгі бағдарламалар қатарында «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары іске асырылды. Ал жаз мезгілінде «Жасыл ел» жобасы аясында 4 200 адам жұмысқа орналастырылып, олар елорданы абаттандыруға белсенді қатысты.Сонымен қатар, Joltap жобасы аясында 3 773 адам SMM, таргет, графикалық дизайн және видеомонтаж сияқты цифрлық мамандықтарды игерді.Сонымен қатар, 3 904 адам тігінші, бариста, сатушы-кассир және бухгалтерлік есеп негіздері сияқты мамандықтар бойынша оқудан өтті.Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, елордада NEET санатындағы жастардың үлесі 6,1%-ды немесе 26 447 адамды құрайды. Жастарды әлеуметтендіру үшін «Жас жігер», «Үздік» жобалары жүргізіліп жатыр.«2024 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында зиянды әдеттермен күресу мақсатында насыбайды өртеу бойынша ауқымды акция және «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясы өткізілді. Ал есірткі заттары туралы жарнамалық жазуларды бояу бойынша рейдтер ұйымдастырылды.Экологиялық шаралар аясында жастар «Таза дүйсенбі», «Сәтті сәрсенбі», «Жасыл Астана» акцияларына белсенді қатысып, қаланы көгалдандыру және тазалау жұмыстарына атсалысты.2024 жылы ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. Колледж студенттерімен психиатрлар мен наркологтардың қатысуымен 8 кездесу өткізіліп, 500-ден астам ақпараттық буклет пен парақша таратылды.«Еріктілер мектебі» аясында 2024 жылы волонтер ШЫҰ саммиті (200 ерікті) және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (1 600 ерікті) сияқты халықаралық іс-шараларға белсенді қатысты», - дейді басқарма басшысы.Самат Ибраев сөзін жалғай отырып, «Жас сарбаз» жобасы аясында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өткізілгенін, сондай-ақ 110 мектеп пен 35 колледжде 10 000-нан астам жас оқитын «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары ашылғанын қозғап өтті.«Отбасы институтын нығайту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында аспаздық, қыш-құмыра ісі бойынша мастер-кластар, спорттық эстафеталар мен шығармашылық байқаулар өткізілді. Жастардың шығармашылық қабілетін ашу мақсатында «Жастар жалыны» фестивалі, «Жастар фест» және «Жаңа белес» жобалары ұйымдастырылды.Астана жастарына қолдау көрсету мақсатында әртүрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асырып, олардың дамуы мен жүзеге асыруы үшін қолайлы орта қалыптастырылып жатыр», - деп Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев сөзін қорытындылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921616
Астанада нөсер және тазарту құрылыстары салынып жатыр 21.01.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында нөсер және тазарту құрылыстары салынып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Елорданың қарқынды дамып келе жатқанын ескерер болсақ, нөсер және тазарту құрылыстарын салу – маңызды бағыт. Елордада бірқатар инженерлік инфрақұрылымның құрылысын жүргізіп жатырмыз.Мәселен, Е32 (Нұра ауданы) көшесінде кәріз сорғы станциясын (КСС) салып жатырмыз. Бұл ғимарат қуаттылығы тәулігіне 290 мың м3 болатын қаладағы ең өнімді станциялардың бірі болады. Оны іске қосу қаланың сол жағалау бөлігін су тарту жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал бұл тұрмыстық кәріз коллекторларының су басу және толып кету қаупін азайтады. Бұл нысанды осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Абай даңғылында кәріз сорғы станциясын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, бұл 80-ші жылдардағы тозығы жеткен желілер мен құрылыстарды қолданыстан шығаруға мүмкіндік береді. Бұл станция сонымен қатар қаланың оң жағалауындағы тұрмыстық кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Сондай-ақ, нөсерлі кәріз жүйесін дамыту мәселесімен жүйелі түрде айналысамыз. Біз жауын-шашын кезінде ағын су жиналатын қаланың жекелеген учаскелеріндегі нөсерлі кәріз желілері мен құрылыстарының жарамдылығына байланысты нақты қиындықтарды шешеміз.Биыл Ақбұлақ шағын ауданында нөсер кәрізінің тазарту құрылысын реконструкциялау жұмысын аяқтаймыз. Жоба аясында тазарту құрылыстарының өнімділігін тәулігіне 21 мың м3 дейін арттыру, сорғы жабдығын ауыстыру, жаңбыр суы ағынының тазарту жүйесін тиісті жағдайға келтіру жұмысы орындалатын болады. Бұл жобаны іске асыру Момышұлы даңғылында және т.б. орындарда су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.Жалпы, қала бойынша 2024 жылы 24 км сумен жабдықтау желісі, 11 км тұрмыстық кәріз желісі салынды, сол сияқты 8,1 км сумен жабдықтау желісі, 2,1 км тұрмыстық кәріз желісі ауыстырылды және реконструкциялаудан өтті. Бұған қоса, 3 кәріз сорғы станциясы және 7,3 км нөсер кәрізінің магистральды коллекторы салынды», - деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921725
Бала қауіпсіздігі: елорданың Алматы ауданында рейд жүргізілді 21.01.2025
Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер өтіп жатыр. Іс-шараларға аудан әкімдігінің, полиция және білім басқармаларының өкілдері қатысуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылаусыздықты болдырмау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Іс-шара барысында қатысушылар ішкі істер органдарында есепте тұрған жағдайы төмен отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттеді. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтар сияқты қоғамдық орындарды тексеруге ерекше назар аударылды.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы бойынша сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынады.Елорданың барлық ауданында күн сайын рейд жүргізіліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921733
Астанада мектеп оқушылары тігін фабрикасының жұмысымен танысты 21.01.2025
Елордалық мектеп оқушылары үшін тігін фабрикасымен таныстыру экскурсиясы өтті. Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының болашақ мамандығын таңдауына көмектесу үшін өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.№23 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары Астана қаласының арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Ютария» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.Мектеп оқушыларына тігін өндірісінің заманауи технологиялары көрсетіліп, әмбебап станоктарда жұмыс істеу барысы жан-жақты түсіндірілді. Балалар қызметкерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды.«Біз жұмыс киімінің қалай тігілетінін өз көзімізбен көріп, күртешелерге белгілі бір пішін беретінін білдік. Біз үшін бұл өте қызықты болды», - деп 9-сынып оқушысы Диана Дидарова өз әсерімен бөлісті.Бұл экскурсияның мақсаты – мектеп оқушыларын еңбек нарығында сұранысқа ие қазіргі мамандықтармен таныстыру, сонымен қатар техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты дамыту.«Біз жастармен кездесіп, зауытымызды көрсеткенімізге қуанамыз. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың мамандық таңдауда қателеспеуіне және саналы таңдау жасауға септігін тигізетініне сенімдіміз», - деп атап өтті күрте цехының шебері Алтын Ташметова.Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, Астанада Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Astana Invest» қалалық инвестициялық даму орталығымен және Астана даму орталығымен бірлесіп, 7-11 сынып оқушылары мен колледждің бірінші курс студенттері үшін ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру экскурсиялары өтіп жатыр. Жоба аясында қазірдің өзінде 5 мыңға жуық мектеп оқушысы мен студенттер елордадағы кәсіпорындар мен оқу орындарын аралау мүмкіндігіне ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921739
Сарыарқа ауданында түнгі уақытта көшеде жалғыз жүрген 17 жасөспірім полицияға жеткізілді 21.01.2025
Астананың Сарыарқа ауданында кезекті профилактикалық рейд жүргізілді, оның мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осындай іс-шаралар ауданда тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мобильді топтар құрамында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен аудан әкімдігінің өкілдері бар. Олар жастар көп жиналатын қоғамдық орындарды үнемі патрульдеумен қатар ойын-сауық орындарын да тексереді.Түнгі рейд барысында компьютерлік клубтар, ойын алаңдары мен барларға баса назар аударылды. Бір сағатқа созылған тексеру барысында 23:00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз көшеде жүргені, сондай-ақ кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарын аралағаны үшін 17 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді.Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олармен және балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, ресми ескертулер жасалды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда заңды өкілдерге айыппұл салынуы мүмкін.«Полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады. Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары ойын-сауық орындарының иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тартатын тұлғаларды анықтау», – дейді Сарыарқа аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Дастан Мусин.Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмағандарға 23:00-ден кейін жалғыз көшеде жүруге және 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921754
Жылыту маусымы: елордада жер үйлерге улы газды анықтайтын 300-ден астам датчик орнатылды 21.01.2025
Елордалық ТЖД қызметкерлері жылыту маусымында жеке тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық жұмыс нәтижесінде 1500-ден астам әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы қамтылып, 308 улы газды анықтайтын датчиктер орнатылған.Астанада 2024-2025 жылғы жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлерде 120-дан астам рейд өтіп, оның барысында 31 мың тұрғын үй аулааралық бақылаумен қамтылды. Бұл профилактикалық шараларға құтқарушылардан бөлек жергілікті атқарушы органдар, полиция және прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ «Астана жастары», «Lider.kz», «Қызыл жарты ай» және «Қанат» волонтерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.Бұдан басқа, жылыту маусымы басталғалы бері орнатылған 400-ден астам улы датчиктер тексеріліп, оны қадағалау бойынша нұсқамалар берілді.Сондай-ақ, тұрғындарға жылыту маусымында пештерді, қазандықтарды, жылу генераторлары мен калоферлік қондырғыларды, үйді жылыту үшін пайдаланатын басқа да жылыту құрылғылары мен жүйелерін тексеру қажеттігі ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921826
5G станциялар, iKomek, QalaQyzmet: елордада цифрландыру саласында қандай бастамалар жүзеге асты 21.01.2025
Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Бексұлтан 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ведомство өкілінің мәліметінше, қауіпсіздікті арттыру мақсатында қалада жалпы саны 15 039 камера орнатылып, оның бір бөлігі полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген.Сол сияқты iKomek109 бірыңғай байланыс орталығы елорда тұрғындарына қолжетімді әрі тиімді қызмет көрсету орталығына айналды. 2024 жылы орталық мамандары 2,2 миллион өтініш пен 438 мың оқиғаны өңдеді. Күн сайын 5-8 мыңға дейін өтініш түседі, олардың басым көпшілігі бірден шешімін табады.«QalaQyzmet» қалалық қызмет көрсету орталығы 2024 жылы 200 мыңнан астам қызмет көрсетті. Бүгінде тұрғындар орталық кеңселерінде және онлайн-платформалар арқылы 120 түрлі қызметті ала алады.Сонымен қатар, өткен жылы «Birge» қалалық қызметтер порталы іске қосылды. Онда 30 мыңнан астам өтініш өңделіп, 25 мыңнан астам кеңес берілді.«Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Smart Astana» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Ол қала өмірінің түрлі саласын қамтитын 70-тен астам қызметті ұсынады. Қазіргі уақытта қосымшаны 30 мыңнан астам адам белсенді қолданады. Бұл қызметтер қатарында коммуналдық төлемдер, дәрігерге жазылу және басқа да қажетті мүмкіндіктер бар.Бұған қоса, 2018 жылдан бері 2 000-нан астам қатысушыны қамтыған STEM олимпиадалары өткізіліп келеді. 2024 жылы IT өнімдерін жасауға үйрететін жаңа білім беру жобасы – «Capital No-Coders» іске қосылып, оған 200-ден астам оқушы қатысқан. Елордада интернет инфрақұрылымын жаңғырту аясында 22 нысан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, 5G желісі бар базалық станцияларының саны 262-ге жетті. Бұл қадамдар тұрғындар мен бизнес үшін тұрақты әрі жылдам интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді Қуандық Бексұлтан.2024 жылғы маңызды жетістіктердің бірі – қалалардың өмір сүру сапасы мен тұрақты дамуын бағалайтын ISO 37120 халықаралық стандартының енгізілуі болды. Астана білім беру, денсаулық сақтау, экономика және қауіпсіздік сияқты 19 негізгі сала бойынша 128 көрсеткіш негізінде бағалаудан өтті.«2024 жылы басқарма цифрландыру бағытында маңызды жетістіктерге жетті. Бұл нәтижелер тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Бұл жұмыстар Астананы одан әрі қауіпсіз әрі жайлы қала етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921865