Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада 1400-ден астам арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшы қар күреуге шықты 20.01.2025
Астанада қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.20 қаңтарда түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1400-ден аса арнайы техника мен 300-ден астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты.20 қаңтарда күндіз Астанадан 2868 үлкен ауыр жүк рейсімен 36 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 278 607 рейспен 3,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Қысқы маусым басталғалы бері полигондарға 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 278 607 рейс жасалды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921295
Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты үндеу жасады 20.01.2025
Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйеніп, ескерту жасады.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген ТЖД хабарламасында.Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз;- Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;- Егер мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты кішкене жылжымалы қадамдармен жүріңіз;- Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз;- Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады;- Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады.Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан шығарып қойыңыз. Сондай-ақ, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені берік етіп жабу ұсынылады. Егер сіз көшеде қатты жел кезінде қалып қалсаңыз, сенімді үй-жайға кіріп, жасырыну қадет.Боран кезіндегі іс-әрекеттер:Егер сіз ғимаратта болсаңыз:- Қажет болған жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.- Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасыңызға немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.Егер сіз жолда болсаңыз:- Үлкен жолдар мен тасжолда ғана жүріңіз.- Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.- Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921204
2024 ЖЫЛЫ 15,5 МЫҢ БАЛАҒА 1,5 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ ҚОСЫМША ТӨЛЕМ БЕРІЛДІ 20.01.2025
Қазақстанда әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға бағытталған маңызды механизмдердің бірі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Бұл бағдарлама табысы аз азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыруды мақсат етеді.АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлерде белгіленген кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға немесе отбасыларға беріледі. Кедейлік шегі 2024 жылдың IV-тоқсанына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде, яғни 36 637 теңге болып бекітілген.Бағдарлама аясында көмек екі түрде көрсетіледі: Шартсыз көмек – тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға арналса, шартты көмек – жұмыспен қамту шараларына қатысуды талап етеді.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады:* Аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлемдер;* Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, гранттар және тұрақты жұмысқа орналасу);* Балаларға қосымша төлемдер: 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 5 538 теңге (1,5 АЕК) төленеді. 2024 жылы 7 832 отбасындағы 15 563 балаға қосымша төлемдер берілді.2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 8 810 отбасындағы 45 955 адамға көмек көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылар санының 30,8%-ға азайғанын көрсетеді. Бұл өзгеріс жұмыспен қамту шараларының тиімділігінен байқалады.АӘК-ке өтінім беру кезінде жұмысқа жарамды 12 926 тұрғынның 7 738-і жұмыс істейтіні анықталды. Қалған тұрғындар арасынан 480 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Оның ішінде, 308 адам тұрақты жұмысқа, 48 адам қоғамдық жұмыстарға және 43 адам кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға мүмкіндік алды.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек әлеуметтік әлсіз топтарды қолдаудың тиімді құралы болып отыр. Ол азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және балаларға қолдау көрсету арқылы қоғамның әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесімен бұл бағдарлама қоғамдағы тұрақтылықты нығайта түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921273
ШЫМКЕНТТІК ОНКОХИРУРГТЕР ЖАҢА ӘДІСПЕН КҮРДЕЛІ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ 20.01.2025
Кеңірдектің кеуде бөлігінің циркулярлы резекциясы операциясы онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан 72 жастағы тұрғынға жасалды. III дәрежелі кеңірдек стенозы, ауыр дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозымымен түскен науқасқа консилиумнан кейін шұғыл түрде операциялық ем жасау шешімі қабылданды.Жаңа әдісті тәжірибеге енгізу мақсатында шет мемлекеттердің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырған аурухана мамандары күрделі отаны сәтті жүзеге асырды. Ота кезінде дәрігерлер науқастың кеуде қуысын ашып, кеңірдектің зақымданған бөлігін алып тастап, жоғары тыныс алу жолдарын қалпына келтірді. Онкохирургтар Самат Исмаилов, Талап Ақпанбетов, кардиохирург Нұрғиса Пернебаев, анестезиологтар Данияр Жайын, Бахтияр Абетаевтың командалық жұмысы нәтижесінде науқас ауыр дерттен айығып, қазіргі таңда үйіне шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921279
ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ 20.01.2025
Дәстүрлі садақ атудан ересектер арасында Шымкент қаласының ашық турнирі өтті. Кеңес одағының батыры, айбынды қолбасшы, аңыз тұлға Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған турнирде жалпы 20 спортшы бақ сынады. Түркістан, Жамбыл облысы, Астана қаласынан да мергендер келген.Шымкент қаласының дәстүрлі садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаевтың айтуынша, шаһарда биыл наурыз айында халықаралық “Азия кубогы” бәсекесі, ақпан айында қала чемпионаты өтеді. Бүгінгі аталған сайыс қаланың құрама командасын алдағы жарыстарға дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайысқа“Садақ Шымкент” федерациясы демеушілік етті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921286
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ 20.01.2025
Шаһар басшысы қаладағы маңызды нысандарды аралап, олардың құрылыс барысымен және жұмыс жағдайымен танысты.Қаратау ауданында Полиция басқармасы мен әкімшілік қамауға алынған азаматтарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орнының жаңа ғимараты салынатын жер телімін көрді. Бұл нысандар полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.Тұран ауданында жедел әрекет ету арнайы жасағының ғимаратын аралап, оның жауынгерлік дайындығы мен материалдық-техникалық базасымен танысты.Еңбекші ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған №1 арнайы қызмет көрсету орталығының 50 орындық қосымша ғимаратының құрылыс барысын тексерді. Бұл нысан биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.Сондай-ақ, әкім Полиция департаментінің автокөлік шаруашылығы ғимаратына барып, техникалық құралдар мен қызметтік көліктердің жағдайын тексерді. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі саналады.Шаһар басшысы барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытында орындалуын қадағалауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921290
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 20.01.2025
Бір ғасырдан астам тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев аралап көрді.Облыс әкімінің орынбасарына музейдегі этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, экспозиция залдары таныстырылды.Ертай Кенжебекұлы өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін көтеріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражайлар мен кітапханалардың, ондағы жәдігерлер және кітап қорын көбейту ісі үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажеттігін баса айтып, музейге жастарды көптеп тарту керектігін жеткізді.Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлкеміздің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беретін мекеме.Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1920 жылы құрылған. Биыл музейге 105 жыл толып отыр. Музей 2 қабаттан және Табиғат және археология, Этнография, Қазақстан тарихы және жаңа заман залы, Тәуелсіз Қазақстан атты 4 экспозициялық залдан тұрады.Мәдени ошақтың қоры да құнды, тарихи жәдігерлерге өте бай. Қазіргі таңда жалпы жәдігерлер саны – 83 154. Оның ішінде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының қылышы және де тағы басқа құнды, тарихи коллекциялық жәдігерлері бар.Бүгінгі таңда облыс аудандарында музейдің 7 филиалы халыққа қызмет көрсетуде. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі, Ескі Иқан ауылындағы Міртемір әдеби-мемориалдық музейі, Қарнақ ауылындағы Шәммет Ишан музейі, Түлкібас, Сарыағаш, Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейлері және де Сайрам ауданындағы Ардақты ана музейі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920628
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРТОП ЭКСПОРТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНДЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ 20.01.2025
Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында, 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды.Осыған орай, Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді. Сонымен қатар картоп экспортына енгізілген шектеулер жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің шекара қызметіне және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жергілікті бөлімшелеріне хабарланды.Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде штаб құрылып, шекара аймақтары бақылауға алынды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында ведоствоаралық мәжіліс өткізіп, штаб міндеттерін белгіледі. «Қазығұрт» кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспармен таныстырды.Жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісімшарт жасалған.19 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруа қожалықтарының қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы. Бұл қор 3 айға қажеттілікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Пәкістан Республикасынан тасымалдауға ерте пісетін картоп өніміне ақпан айынан бастап ар айға 500 тоннадан ( 4 айға 2000 тн) өтінім берілген.Биылғы болжам бойынша өңірімізде ерте пісетін картоп (мамыр, маусым, шілде) 6 844,4 га орналастырылып, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921070
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 20.01.2025
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.«Түркі елдерінің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне де тікелей байланысты», деген қала басшысы тазалыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.Шараға 500-ге жуық түркістандық қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.Айта кетейік, облыс аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Биыл бағдарлама аясында 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921084
ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 20.01.2025
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді.Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ал көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ.Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.Өңір тұрғындары төменде белгіленген мекенжайларда картопты 100 теңгеден сатып ала алады.36 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ТІЗІМІ:Түркістан қаласы бойынша:Отырар м/а, №1/1 (2 дүкен)Отырар м/а, №25Отырар м/а, №13а9-көше, №40/411-көше, №27/211-көше, №25/111-көше, №23/1160-квартал, №151160-квартал, №64160-квартал, №44Әл-Фараби көшесі, №184аАқ Орда көшесі, №46аМұсабекова көшесі, №25аАтатүрік көшесі, №192/1Сырдария м/а, №17/1Алтынбекова көшесі, №2/2С.Ерубаев көшесі, №223Б/4Т.Рысқұлов көшесі, №11Жібек жолы даңғылы, №23аМаңғытай мешітіЕсімхан даңғылы, №17/6Н.Оңдасынов көшесі, №45а1 м/а, №1Б1 м/а, №162 м/а, №13Кентау қаласы бойынша:Ш.Уалиханов көшесі, №178Төле би көшесі, №45Т.Рысқұлов көшесі, №111С.Сейфуллин көшесі, №93аАбай көшесі, №3аӘл-Фараби көшесі, №47Б.Момышұлы көшесі, №79Арыс қаласы бойынша:Ақиық көшесі, №1Майлықожа көшесі, №11Қазыбек би көшесі, №39Базарлар:Қуаныш (Түркістан қаласы)Алтын бұлақ (Түркістан қаласы)Ірі сауда орындары:Дастархан (Түркістан қаласы)Бәйтерек (Түркістан қаласы)Береке (Түркістан қаласы)Сондай-ақ ірі сауда орындарындағы 64 әлеуметтік бұрышта бекітілген төмен бағада сатылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921086
«Іскерлік үзіліс» айдары.Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел 20.01.2025
Көктемде тасқын суын қоймаларға жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды сауатты бөлу жұмысын алдын-ала атқару қажет.Толығырақ «Іскерлік үзіліс» айдарының кезекті санында Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел айтып береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/920645
ҚБТУ ҚАЗАҚСТАН ТЕҢІЗ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІ АТЛАНТ МҰХИТЫН КЕСІП ӨТТІ 20.01.2025
ҚБТУ ҚАЗАҚСТАН ТЕҢІЗ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІ АТЛАНТ МҰХИТЫН КЕСІП ӨТТІҚазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және Қазақстан теңіз академиясының (ҚТА) екінші курс кадеттері Нидерландтың Eendracht желкенді кемесімен Атлант мұхитын еңсерді. Бұл бірегей білім беру жобасы олардың теориялық және практикалық дайындығын біріктіріп, болашақ теңіз мансабына маңызды негіз қалады.ҚТА екінші курс студенттері ерекше сапар жасап, Атлант мұхиты арқылы 3191 теңіз милін (шамамен 5910 шақырым) өтіп, Нидерландтың Eendracht желкенді кемесінде аталған саяхат, ҚТА мен STC Group арасындағы серіктестіктің арқасында оқу бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.Маршрут Африканың батыс жағалауындағы Кабо-Верде аралынан басталып, Кариб теңізіндегі Кюрасао аралында аяқталды. Бұл тәжірибе кадеттерге мұхиттық жүзу жағдайында теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік беріп, оқыту процесінің маңызды кезеңі болды.Сапар барысында штурман кадеттер тәулік бойы вахтаға шығып, астрономиялық навигациямен айналысты, ауа райының өзгерістерін бақылап, маршрутты дәл анықтау үшін әртүрлі навигация әдістерін қолданды. Сонымен қатар студенттер мұхиттың флорасы мен фаунасын зерттеп, киттер мен дельфиндермен кездесуді қоса алғанда көптеген қызықты жаңалықтар ашты.Механик кадеттер машиналық бөлімде жұмыс істеп, дәнекерлеу, токарьлық өңдеу және кеме механизмдерінің жұмысын зерттеу бойынша міндеттерді орындады. Бұл тәжірибе олардың кәсіби өсуі үшін өте маңызды болды, өйткені ол студенттерге кемелердің құрылымын ғана емес, сонымен қатар заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік берді.Қазақстан теңіз академиясының деканы Рамиль Бикташев:«Біз кадеттерімізбен мақтанамыз. Олар Атлант мұхитын кесіп өтіп қана қоймай, бұл сапарды аңызға айналған Eendracht желкенді кемесінде жүзеге асырды. Бұл кеме олар үшін нағыз өмір мектебіне айналып, командалық рухтың маңызды элементі болды. Желкенді кемеде кадеттер бірлескен жұмысқа үйренеді: бірге желкендерді тартып, кемені дұрыс бағытқа бұрады, түнгі вахтаға шығады және кез келген жағдайда бір-біріне қолдау көрсетеді. Бұл практика оларға кәсіби дағдылармен қатар жауапкершілік, тәртіп және өзара көмек сияқты маңызды қасиеттерді сіңіреді. ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясының оқу бағдарламасы халықаралық стандарттарға сай келетін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біз кадеттеріміздің білім мен дайындықтың ерекше мүмкіндіктерін алатынына қуаныштымыз және олардың алған тәжірибесі болашақта сәтті теңіз мансабының негізін қалайды деп сенеміз».ҚТА екінші курс кадеттерінің бұл саяхаты олардың кәсіби қалыптасу жолындағы маңызды кезеңге айналды. Бірегей білім беру жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан-Британ техникалық университеті басшылығының, тәлімгерлер мен серіктестердің қолдауымен сәтті жүзеге асырылды. Бұл студенттерге құнды практикалық тәжірибе жинап, қазіргі заманғы теңіз саласының талаптарына дайындалуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/920714
ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ 20.01.2025
Түркістанда Түркістан музыкалық драма театрының жас әртісі Мұзафар Ғалымжанұлының алғашқы спектаклі көрерменге жол тартты. «Жалдамалы пәтер» қойылымының премьерасына жиналған көрермен нәзік сезімге негізделген шығармашылық әлеммен танысты.Қойылымның көтерер тақырыбы да өзекті. Тіршіліктің қамытын киіп, күнделікті күйбеңмен жүрген қаншама жан бәз біреудің босағасында пәтер жалдап күн кешуде. Жалдамалы пәтер жанға сая бола ма? Ал егер ол үйден күтпеген жерден тағдырыңды жолықтырсаң ше? Жұмбақ жағдайда танысқан қыз бен жігіттің арасын өнерге деген құштарлық жақындата ала ма? Махаббат хикаясының әрі қарай қалай өрбитінін театрдан тамашалауға болады.Басты рөлдерде Қадыржан Төреханов, Аяжан Жұмабек, Досымжан Арқабеков, Аида Серикова, Темірлан Еркінғалиев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Ұлан Әділбек, Мейіржан Тұрсынов, Ақбала Ыбырайқызы, Болатбек Оспан, Мерей Құдайберген сынды театрдың әртістері ойнайды.Қойылымның композиторы – Ербол Нариманұлы, көркемдік жетекшісі – Мадина Мұратпекова. Авторы әрі режиссері – Мұзафар Ғалымжанұлы.Музыкалық драма мен комедия жанрларын ұштастырған қойылым 19 қаңтар күні де саханаланады. Билеттер тикетон сайтында және театр кассасында сатылады. Байланыс нөмірі: +7 707 145 17 17Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920620
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ 20.01.2025
Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және күресу мақсатында арнайы оқу-жаттығу өтті. Іс-шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытында ұйымдастырылды.Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтері мен арнайы техника жұмылдырылып, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу пысықталды. Қатысушылар қауіпті жағдайларда адамдарды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуация жұмыстарын үйлестіру бойынша тәжірибе жинақтады.Аудан басшысы Азат Оралбаев төтенше жағдайларға дайындықты күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай оқу-жаттығулардың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы ерекше екенін айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921066
ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 20.01.2025
1993 жылғы 19 қаңтардан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты құрылды.Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің басшылығымен «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 32 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы күштердің, әскери қақтығыстардың ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері, қаланың «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әкімдік өкілдері шақырылды. Олар құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі тәрбиешілерге алғыс хаттар, құрмет грамоталарын табыс етті.Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев атап өткендей, бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстардың көптеген бағыттары бар. Олар: ақпараттық-тәрбие, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық жұмыстарды қамтиды. Тек осы жұмыстар арқылы әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау жүзеге асырылады.Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921068
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛАР ОРЫНДАЛДЫ 20.01.2025
Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Алдын ала есеп бойынша ЖӨӨ көлемі 4,9 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 111%-ды құрады (РК 106,2%). Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 12 айдың қорытындысымен көлік және қоймалау және ауыл шаруашылығынан басқа көрсеткіштерге толық қол жеткізілді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде экономикалық өсімді молайту жолдары қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.– Аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Негізгі индикаторлардың орындалуы тоқсан сайын аппараттық мәжілісте талқыланады. Рейтингте соңғы 3 орында тұрған аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс енгізілсін. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмысты жандандырыңыздар. Нақты іске көшу керек, – деген Нұралхан Көшеров көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне, жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпе айтып, тиісті міндеттер жүктеді.Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, Өнеркәсіп өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, өсім 110,1% деңгейінде қалыптасқан. Өңдеу өнеркәсібі өнімі нақты 585,4 млрд теңгені құрап, 13,1%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн, 83 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасқан. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш басында тұр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Құрылыс жұмыстары көлемі 536,2 млрд теңгені құрап, 1,3 есеге артты. Межеге толығымен қол жеткізілген.Облыс әкімінің тапсырмасымен 2025 жылға аудан, қалалардың экономикалық даму өсімін қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленуде. Сонымен қатар берілген тапсырмаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау тұрақты жүргізіліп келеді.Апталық мәжілісте өңірде Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы аппарат басшысының орынбасары Әділ Бектұрғановтың баяндамасы тыңдалды. Облыс әкімі тарапынан жауапты басшыларға тиісті міндеттер жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921081
Қазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды 20.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды.Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.«Әкімдіктер жаңадан ашылған арнайы мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруы қажет. Ол үшін мамандардың еңбекақысын көтеру, баспанамен қамту және де тағы да басқа қолдау іс-шараларын енгізген жөн. Бұдан бөлек, мекемелерді арнайы техника және құрал-жабдықмен қамтамасыз ету керек», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/920655
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ 20.01.2025
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ2025 жылғы 17 қаңтарда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды, онда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу жаңа қағидалары бекітілді.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.Мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Бұл категория бойынша мемлекеттік қызметкерлерге «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады.Сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМҰ сияқты ұйымдарда өтеу мүмкіндігі қарастырылған.Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.Жалпы бұл өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің әртүрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/921096
«Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушылар Сәтбаев университетінде білім алу кезінде шығындарын 50%-ға дейін үнемдей алады 20.01.2025
«Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушылар Сәтбаев университетінде білім алу кезінде шығындарын 50%-ға дейін үнемдей аладыСәтбаев университеті – Мемлекет басшысының «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын қолдап, осы бағдарламаға қатысушыларға елеулі жеңілдіктер беріп отырған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны.2025 жылы 20 қаңтар күні Сәтбаев университеті мен мемлекеттік білім беруге жинақтау жүйесі саласының операторы – «Қаржы орталығы» АҚ арасында жасалған меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осы меморандум аясында университет «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушыларға оқу ақысына 20%-дан 50%-ға дейінгі көлемде жеңілдіктер ұсынады.«Келешек» жүйесіне қатысушылар, оның ішінде келесі талапкерлер:Жетім немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған талапкерлерге оқу ақысының жалпы сомасынан 50% жеңілдік беріледі;Көпбалалы отбасынан шыққан талапкерлерге 30%-ға дейін;Тұрмыс жағдайы толық қамтылмаған отбасынан шыққан талапкерлерге 25%-ға дейінгі көлемде;Басқа санаттағы талапкерлердің барлығына 20% көлемінде жеңілдік беріледі.«Қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов:«Осы меморандумға қол қою арқылы біз жастардың білім алуы мен дамуына қолайлы орта қалыптастыру жолында алға қарай тағы да бір қадам жасап отырмыз. Жоғары білім алу – келешек мамандыққа деген жол ғана емес, сондай-ақ әрбір адам өз бойындағы әлеуеті мен қабілетін іске асыруына, сөйтіп еліміздің дамуына өз үлесін қосуға деген тамаша мүмкіндік», – деп атап өтті.Келісімге Басқарма төрағасы – университет ректоры Мейрам Бегентаев пен «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов қол қойды. Осылайша, мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмаған, алайда «Келешек» бағдарламасы бойынша жалпы оқу құнының жартысын жинақтай алған талапкер Сәтбаев университетіне оқуға түскен кезде жоғарыда аталған жеңілдіктерді пайдалана алады.– «Келешек» бағдарламасына қолдау көрсету – Мемлекет басшысының бастамасын қолдау, сондай-ақ біздің негізгі мақсат-мүддемізді іске асыру, – деді ректор Мейрам Бегентаев өз сөзінде. – Біз техникалық білім беруді сапалы және бәріне қолжетімді етіп, еліміздің өмірін жақсартатын жаңа инновациялар жасауға тырысамыз. Сондықтан да бағдарламаға қатысушылар тек қаржылық жеңілдіктер ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев университетіндегі мықты білім беру және ғылыми қауымдастықтың бір бөлшегі болуға мүмкіндік алады. Аталған ынтымақтастық келісім аясында екі жақ тараптар да дарынды студенттерге қолдау көрсете отырып, оларды қаржылық қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды күшейтуге, сондай-ақ жаңа білім беру бастамаларын енгізуге ниет білдіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/921287
Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тәрбие құрылымдары офицерлерінің күнімен құттықтауы 20.01.2025
Құрметті тәрбиеші-офицерлер! Қадірлі ардагерлер!19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде тәрбие құрылымдарының офицерлері құрылған күнін атап өтеді.Осыдан дәл 32 жыл бұрын командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылған болатын. Олардың міндеті әскери қызметшілердің бойында конституциялық борышқа адалдықты қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, жоғары моральдық рухты сақтап, Отанды қорғауға дайындау болды.Қазақстан армиясының тәрбиешілер институты осы аралықтағы белсенді қызметі барысында өзінің қажеттілігін толық дәлелдеді. Бұл еліміз Қарулы күштерінің құрметті ардагерлерінің, генералдар мен офицерлердің еңбегі. Олар бүкіл қызметі барысында таңдаған кәсібіне адал болып, жеке құрамның тәрбиесімен айналысты.Тәрбие жұмысының негізгі критерийлерін құра отырып, олар басталған істі жалғастыратын, оқу-тәрбие процесін, мемлекеттік-құқықтық дайындықты басқаратын, қарамағындағылармен жеке жұмыс жүргізетін лайықты ауысымды тәрбиеледі.Бүгінгі таңда жеке құрамды тәрбиелеудің барлық бағыттарында жұмыс істеу үшін жеткілікті тиімді механизм құрылды. Тәрбиеші офицерлер кәсіби дайындықтың үлгісін көрсете білді. Олар алдыңғы буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастыруда. Мемлекеттік саясат пен қауіпсіздікті қорғаудағы ең маңызды іс – әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеумен айналысады және жалпыадамзаттық құндылықтарға, Қазақстан халқының ұлттық-тарихи және әскери дәстүрлеріне негізделген түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әскери қызметтің беделін арттыруда.Құрметті тәрбиеші-офицерлер, қадірлі ардагерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Сіздер Қарулы күштер алдында тұрған міндеттерді орындаудағы ортақ іске лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін.Баршаңызға тәрбие жұмысында төзімділік пен табыс, сондай-ақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбекте үлкен жеңістер тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920453