Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы тағайындалды 21.01.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып Теміржан Көптілеуұлы Бөлтеев тағайындалды.Ол 1963 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі – жоғары. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі», 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы Байғанин орта кәсіптік-техникалық училищесінің тракторисі болып бастаған.1981–1984 жылдары «Актюбсельстрой» кәсіпорнында жұмысшы, «Сельхозэнерго» кәсіпорнында электромонтер; 1989–1999 жылдары Жаңажол орта мектебінде алғашқы әскери даярлық жетекшісі, Байғанин аудандық кәсіптік-техникалық училищесінің әскери даярлық оқытушысы, Байғанин аудандық әскери комиссардың орынбасары, әскери комиссары болып жұмыс істеген. 1999–2015 жылдары Мұғалжар ауданының әскери комиссары, Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, 30217 әскери бөлімінің штаб бастығы – бригада командирінің бірінші орынбасары, Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері штаб бастығының орынбасары – штабтың ұйымдастыру - жұмылдыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.2020–2024 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы; 2024 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының «Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/920816
Ұлытау облысының тұрғындарының назарына! 20.01.2025
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкінЕнді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз.Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десек те, сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.Айта кету керек, «ХҚКО» қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/920779
Аппарат жиыны 20.01.2025
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кеңесте 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу және «Таза Қазақстан» экологиялық бастаманы орындау туралы мәселелер қаралды.Алғашқы сұрақ бойынша экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимов баяндама жасады. Сондай-ақ облыс әкімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша белгіленген көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген, жылдық жоспар орындамаған әкімдер мен басқарма басшыларының есебін тыңдады.Сонымен қатар өңір басшысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кәсіпорындар мен өңір әкімдіктерімен тығыз жұмыс жүргізбейтіндігін алға тартып, сала жұмысын үйлестіру, өңірге инвестиция тарту деңгейін сынға алды.Облыс әкімі мемлекеттік сатып алу ісінде конкурстық жұмыстар мерзімінің ұзаққа созылуы - жобалардың уақытына тікелей кері әсер ететінін айтып, биыл аталған істің қатаң қадағалауында болатынын жеткізді. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жылдық жоспарға сәйкес конкурсты уақытылы ұйымдастыруды, жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттырып, оқу семинарлар ұйымдастыруды тапсырды.Аппарат отырысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков 2024 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысына сәйкес жіберілген кемшіліктерге байланысты кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына, Сәтбаев қаласы, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының әкімдеріне, сонымен қатар Жезқазған қаласының әкіміне заңсыз төгілген қоқыстарды жою жұмыстарының тиісті деңгейде атқарылмауы себепті сөгіс жариялады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/921136
Жарқайың ауданында сумен жабдықтау желілері мен тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары аяқталуда 20.01.2025
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ердос Рамазанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданына барды. Сапар барысында ол инфрақұрылымды жақсартуға және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар негізгі жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.Сапар аясында Елдос Рамазанов "Молодежный" шағын ауданындағы қайта жаңартылатын тұрғын үйге барды. Ғимаратты қайта құру жұмыстары 2022 жылы басталды. Бүгінгі таңда сыртқы жөндеу жұмыстары және үй-жайларды ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Линолеум төсеу, әрлеу және сантехникалық жабдықты орнату жұмыстары жүргізілуде. Үйді жөндеуді аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың наурызына жоспарланған.Тағы бір маңызды нысан сумен жабдықтау жүйесін қайта құру болды. Қазіргі уақытта заманауи су тазарту станциясы орнатылды, механикалық сығымдау жүргізілді, сумен жабдықтау трассасын сығымдау жалғасуда. Жоба 2025 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.Елдос Рамазанов Державинск қаласында, сондай-ақ Пригородное және Гастелло ауылдарында көктемгі су тасқынына дайындық бойынша іс-шаралармен танысты. Сапар аясында су тасқыны қаупі бар аумақтарды қарап, дайындық жұмыстарының барысын тексерді.Державинск пен Гастелло ауылында үйінді жер біліктерін нығайту жұмыстары жүргізілді. Пригородное ауылында ұзындығы 500 метр жер білігін нығайту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ұзындығы 1300 метр болатын қосымша айналма канал құрылды.Кешенді жоспарға сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі Пригородное және Гастелло ауылдарының маңында Есіл өзенінде су бекеттерін орнатты. Су тасқыны салдарын жоюға дайындықты арттыру үшін жергілікті бюджет есебінен су айдау үшін пайдаланылатын жеңдері бар 5 мотопомпалар сатып алынды.Сапар қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары жауапты құрылымдарға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қарқынын жеделдетуді және олардың белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920494
Зерендіде жаңа спорт мектебінің құрылысы бастау алды 20.01.2025
Бүгінгі күн Ақмола облысының спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиғамен есте қалды – Зеренді ауылында жаңа спорт мектебінің құрылысы басталды. Нысанды салу жұмыстары жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда.Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің құрылысы – Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан елдегі алғашқы жобалардың бірі. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Ақмола облысы Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін салу бойынша әлеуметтік жобаны іске асыру үшін Арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясында салынады.Іс-шараға Ақмола облысының әкімі, өңірдің спорт қауымдастығы, мәслихат депутаттары мен аудан белсенділері қатысты.Жиылған қауым алдында сөз сөйлеген Марат Ахметжанов бұл оқиғаның дені сау әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Бұл жоба Мемлекет басшысы алдымызға қойған бұқаралық және балалар спортын дамыту міндеті аясында жүзеге асырылуда. Аталмыш спорт мектебі ауыл мен аудан тұрғындары үшін сүйікті орынға айналып, спорттық және мәдени іс-шаралар, үлкен жеңістер мен рекордтар ордасы болады деп сенемін», – деді облыс басшысы.Жобаға сәйкес аумағы 6 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат екі блоктан тұрады, онда күрес және бокс залдары, екі жаттығу залы және басқа да бөлмелер болады. Спорт кешенінің құрылысын жергілікті «УК Строй» ЖШС жүзеге асыруда.«Инфрақұрылым мен спорт нысандарының дамып жатқаны спортсүйер жастарды жеңіске ынталандырады. Қазіргі таңда аудандағы спорт мектебінде 806 оқушы жаттығып жүр, ал жаңа мектептің арқасында біздің тәрбиеленушілеріміздің саны 1500 адамға дейін артады», – деп атап өтті спорт мектебінің директоры Қайырбек Тлеубаев.Салтанатты шара 100-ден астам қатысушыны қамтыған шаңғы жарысына ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/921163
Темір көпір ауылында көптен күткен мектеп ашылды 20.01.2025
Мемлекет басшысының білім беру сапасын жақсарту, апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептер мәселесін шешу туралы тапсырмалары аясында Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды.Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары, оқушылар мен мектеп әкімшілігі қатысты.Шарада облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.Темір көпір бастауыш мектебінде 17 мұғалім қызмет атқарып, 38 оқушы білім алады. Бұған дейін 4 жылдық бастауыш мектебі болған білім ордасы негізгі орта мектебі статусына ие болмақ.Жаңа білім ошағы жайлы әрі заманауи талаптарға сай салынған. Мектепте химия, биология, физика, көркем еңбек пәндеріне арналған кабинет пен толық жабдықталған зертханалары оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар. Жаңа мектептің құрылыс жұмыстарына 680 млн. теңге қаражат жұмсалды.Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған алаң салынған, бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/920690
Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа рейстер ашылады 20.01.2025
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.Көктемгі-жазғы маусымынан бастап "Air Cairo" әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920854
Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентімен кездесті 20.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мұхаммед Джалуд Әл-Шаммари және Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсеф Әл-Манамен кездесті. Сондай-ақ жиынға Бахрейн ауыр атлетика федерациясының президенті Ибраһим Исхақ және Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшысы Гаджи Гаджиев қатысты.Тараптар жуырда ғана Бахрейн астанасы Манамада мәресіне жеткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы қазақ спортшыларының жетістіктерін талқылап, отандық ауыр атлетиканы дамытудағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады. Сонымен қатар аталған спорт түрінен Қазақстан кубогі жарысын ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл турнир жаңа таланттарды анықтауға және ұлттық құраманың халықаралық аренадағы беделін арттыратын маңызды жарыстардың бірі болмақ.Жиында 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпия ойындарында ерлер мен әйелдер арасында салмақ дәрежелерінің санын жетіге дейін көбейту, сондай-ақ допингке қарсы күрес мәселесі талқыланды. Тараптар тыйым салынған препараттарға қатаң бақылау енгізудің және спортшыларға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдірудің маңызын атап өтті.«Қазіргі таңда елімізде ауыр атлетикамен жүйелі түрде 20 мыңнан астам адам айналысады. Спортшыларды даярлау үшін 450 жаттықтырушы қызмет етеді. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған спорт мектеп-интернаттары мен олимпиадалық резервті дайындау өңірлік орталықтарының жұмысы өз нәтижесін беруде», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Жиын соңында тараптар алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты нығайтуға, ауыр атлетика спортын кеңінен насихаттауға және спортшылардың жағдайын жақсартуға ниетті екендігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920883
Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр 20.01.2025
Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлады.Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды.Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 63 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921296
Алматыдағы «Халық қатысатын бюджет»: тұрғындар идеясын іске асырып, қаланы көркейтуге белсенді атсалысады 20.01.2025
Алматыда жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Үш жыл ішінде мегаполисте 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба жүзеге асырылды.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындардың ұсынысын ескере отырып, жайлы қалалық орта құрудың тиімді құралына айналды. Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. 2025 жылғы қала бюджетінде «ХҚБ» жобаларына 17,1 млрд теңге қарастырылған.«ХҚБ» бағдарламасы аясында Алатау ауданындағы қараусыз қалған бос жер көрікті скверге айналды. Жобаның авторы Гаухар Шералиеваның бастамасымен жергілікті тұрғындар әкімдікпен тығыз жұмыс істеп, аумақты көркейтті. Жаяу жүргіншілер жолдары, аркалар, орындықтар, демалыс аймақтары, жарық шамдары мен автотұрақтар салынды. Сондай-ақ скверге ағаштар мен бұталар отырғызылып, ауданның келбеті айтарлықтай өзгерді.Наурызбай ауданында тұрғындар аудан әкімдігімен бірлесіп «Шұғыла» тұрғын үй кешенінің аумағын түрлендірді. Мұнда балалар және воркаут алаңдары, баскетбол алаңы, амфитеатр, демалыс орындары, орындықтар мен әткеншекті бар «Арбат» жасалды. Бірегей сәулеттік стильдегі шағын формалар мен жарықтандыру тіректері кеңістікті ерекшелей түсті.Әуезов ауданында да бірқатар жоба жүзеге асты. Жергілікті тұрғындардың бастамасымен 2-шағын аудандағы аула және 1-шағын аудандағы қараусыз қалған аумақ көріктендірілді. Қоғамдық кеңістіктерде ағаштар мен бұталар отырғызылып, суару, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды.«Өтінішімізге назар аударған билікке көп рахмет. Бірнеше айдың ішінде қараусыз қалған бұл учаске жайлы скверге айналды», – деді тұрғын Лариса Миргалиева.«Халық қатысатын бюджет» жобасы қалалық инфрақұрылымды жақсартып, Алматының барлық тұрғыны үшін жайлы орта құруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921298
Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Шапағат» медалімен марапаттады 20.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін қалалық автобус жүргізушісінің бірі Қанат Ахметовті «Шапағат» медалімен марапаттады.Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады. Ол Қанат Ахметов 2025 жылы Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған соң марапатқа ие болған еңбек мамандықтарының алғашқы өкілі болғанын атап өтті.«Мемлекеттік наградаға ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына Президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады», – деді Қанат Ахметов.Еске сала кетейік, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық алған болатын.Қанат Ахметов төрт бала тәрбиелеп отыр, «Алматыэлектротранс» компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болды. Мүгедек жолаушының көлікке арнайы көтергіштің көмегімен мінуіне жәрдемдескені туралы оқиға әлеуметтік желіде көптеген жағымды пікірге ие болып, қала тұрғындарының алғысын алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921299
20-26 қаңтар аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 20.01.2025
20-30 қаңтар – киберспорттан «Болашақтың ойындары – 2025» турниріне іріктеу жарысыТурнирге еліміздің 15 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысады.Өтетін орны: Астана қ., «Жекпе-жек» сарайы және «Сарыарқа» велотрегі.21-28 қаңтар – биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа ашық чемпионатыЕл намысын 8 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Германия, Алтынберг қ.21-26 қаңтар – фристайл акробатикадан Әлем кубогі кезеңіХалықаралық жарыста 6 отандасымыз бақ сынайды.Өтетін орны: Канада, Лак-Бопор.21-27 қаңтар – шаңғы жарысынан Әлем кубогі кезеңіЕл намысын 6 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Швейцария, Энгадин қ.23-26 қаңтар – семсерлесуден Әлем кубогіБұл жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады.Өтетін орны: Болгария, Пловдив қ.24-26 қаңтар – конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңіТурнирге 15 спортшымыз қатысады.Өтетін орны: Канада, Калгари.25 қаңтар – жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турниріЖарысқа еліміздің және шетелдің бірқатар танымал спортшылары қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем біріншіліктерінің жеңімпазы мен жүлдегерлері бар.Өтетін орны: Астана қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920544
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 20.01.2025
Универсиада: Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиаданың алғашқы аптасында Қазақстан студенттері 11 (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) жүлде еншіледі.Семсерлесу: Бахрейннің Манама қаласында өткен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің командалық сайысында Қазақстан құрамасы алтын медаль еншілесе, жекелей сында Ғабиден Мұстафин қола жүлдеге ие болды.Әйелдер күресі: Францияның Ницце қаласында ұйымдастырылған Henry Deglane Гран При турнирінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 кг) мен Гүлдана Бекеш (59 кг) топ жарды.Үстел теннисі: Тунисте өткен үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Tunis турнирінде Алан Құрманғалиев қола медаль иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920773
«Таза Қазақстан»: елордада өткен акцияға қала тұрғындары қатысып, қолдау білдірді 20.01.2025
Астанада «Таза Қазақстан» науқанын қолдау мақсатында «Тұрсын-Астана 2» ТК үйінің тұрғындары сенбілік өткізіп, үйдің аумағын қар мен қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталмыш тұрғын үй кешенінде 60-тан астам көрші жұмыс құралдарын алып, аулаға шықты. Үйдің кішкентай тұрғындары да шетте қалмады. Бүлдіршіндер ойыншық қалақшаларын көтеріп, жұртқа көмектесті.Ер азаматтарға ыстық шай, бауырсақтар мен тәттілер ұйымдастырған әйелдер қауымы да қолдау білдірді.Сарайшық ауданы әкімдігінің қызметкерлері атап өткендей, көптеген үйлерге үлгі бола алатын тату көршілік қарым-қатынастар осындай болса керек.«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықтық. Бұл үйіміздің береке мен бірлігін, ауызбіршілігін, жақсылығын танытады», - дейді тазалық акциясына қатысқан қала тұрғындарының бірі.Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921054
Снюс үшін айыппұл: Астанада дүкен иесі заңсыз әрекеті үшін жазаланды 20.01.2025
Елорданың Сарайшық ауданында насыбай және басқа да шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Рейдті аудан әкімдігі Сарайшық полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар ауданда орналасқан 10 сауда нысанын тексерді.Тексерушілер тыйым салынған тауарларды заңсыз сату фактілерін анықтады.«Темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай мен снюсті заңсыз сатумен күресуге бағытталған кезекті жедел алдын алу шарасы өткізілді. Тексеру барысында аудандағы дүкендердің бірінде тыйым салынған тауарлар сатылып жатқаны анықталды», - дейді Сарайшық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Ғабдығасыр Шаттық.Рейд нәтижесінде дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оған 25 АЕК, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды.Дүкен иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға шегілмейтін темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.Осындай алдын алу шаралары елорданың барлық ауданында тұрақты түрде жүргізіліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920866
JOLTAP жобасы астаналық әйелдің жұмысын өзгертіп, көбірек ақша табуына қалай әсер етті 20.01.2025
Елорда тұрғындарына жұмыс тауып, табыстарын арттыруға көмектесетін JOLTAP жобасы Астанада жалғасын табуда. Бағдарламаның түлегі Мөлдір Заманбекова жұмыс орнын ауыстырып, жақсы табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Мөлдір ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеген, ары қарай жеті жыл банк саласында еңбек еткен.Декреттік демалыстан оралғаннан кейін ол онлайн жұмысты таңдап, түбегейлі өзгеріс жасауды ұйғарады. Астана тұрғыны JOLTAP жобасы туралы Instagram желісіндегі жарнама арқылы білген.«Бұл менің мүмкіндігім екенін түсіндім. Бұрын SMM саласына қызығатынмын, бірақ жүйелі тәсіл мен оффлайн оқыту жетіспейтін. JOLTAP курстары маған қажетті білім мен жоба тәлімгерлерінен қолдау көрсетуге мүмкіндік берді», - деді түлек.Тренинг 11 күнге созылды. Негізгі назар тәжірибеге, нақты істерді талдауға және кураторлармен жеке жұмыс істеуге аударылды. Мөлдірдің айтуынша, курс кураторы үнемі байланыста болып, тапсырмаларды жауапкершілікпен тексеріп, күрделі тақырыптарды түсінуге көмектескен.«Әр сабақ мұқият ойластырылған және офлайн режимінде оқыту материалға тереңірек енуге мүмкіндік берді. Сол сияқты жақсырақ меңгеру мақсатында үйге тапсырма берілді. Бұл оқу процесі бірнеше күндік оқудан кейін өз жемісін берді. Курстарды аяқтағаннан кейін мен алған білімімді өз жұмыс барысында сенімді түрде қолдана бастадым», - деп атап өтті бойжеткен.Бағдарлама түлегі елорда тұрғындарына JOLTAP курстарын ұсынатынын айрықша атап өтті. Ол оқу барысында жаңа таныстар тауып, өзіне қосымша мүмкіндіктер ашқанын айтты.«Осы жобаның арқасында өз мамандығым бойынша көптеген адаммен таныстым, сонымен қатар командада жұмыс істеуді үйрендім. JOLTAP жобасы жастарға сұраныстарын тауып, өз саласының маманы болуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысу маған керемет тәжірибе берді және қолыма алған салада үлкен перспективалар ашты», - деп атап өтті Мөлдір.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920867
Астанада студенттер жатақханасының маңында есірткі сататын орындардың жарнамалары өшірілді 20.01.2025
Елорданың Алматы ауданында «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында есірткі граффитиімен күресуге бағытталған рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Аудан әкімдігінің қызметкерлері полиция өкілдерімен және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе отырып, есірткіге қарсы күресу мақсатында акция өткізді. Олар есірткі сайттарын жарнамалайтын заңсыз белгілерді бояған.Жұмабаев көшесінің бойындағы студенттер жатақханалары орналасқан аумаққа ерекше назар аударылды. Бұл аудан жастарға маңыздылығын ескере отырып, профилактикалық іс-шаралардың басым бағыты ретінде таңдалды.«Біз астаналық жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу акциясын жүргіздік. Студенттер көп тұратын жатақхана маңынан есірткі сайттарының атаулары жазылған граффити табылды. Біз барлық атауларды бояп шықтық», - дейді «Астана Жастары» еріктісі Индира Маремова.Мұндай рейдтер қоғамдық тәртіпті жақсартуға ғана емес, жастарды есірткінің зиянды әсерінен сақтайды, деп санайды ұйымдастырушылар.«Тыйым салынған ресурстарға арналған жарнамаларды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді. «Алматы облысында, дәлірек айтсақ, Жұмабаев көшесі, 16/1 мекенжайындағы үйдің аумағында есірткі заттары туралы ақпарат анықталып, олар дереу жойылды», - деді Алматы аудандық учаскелік полиция инспекторы Асқар Бағасов.Астананың барлық ауданында алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920870
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы: елордалық оқушылар ел қоржынына 14 медаль салды 20.01.2025
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық XXl Жәутіков олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Онда Астана қаласының оқушылары 14 медаль иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Әлемнің 15 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан зияткерлік сайыста, қазақстандық оқушылар құрамасы ел қоржынына 116 медаль ( 21 алтын медаль, 33 күміс медаль, 62 қола медаль) салды. Соның ішінде Астана қаласының 8 алтын, 3 күміс, 3 қола иеленді.Алтын медаль:1. Бексұлтан Сайлаубай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;2. Алдияр Сейітбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;3. Әмір Қиғаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;4. Марғұлан Шарел – «Спектрум» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;5. Әмір Пішенбаев -«Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;6. Артур Ким – «Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;7. Владислав Посин – Халықаралық «Спектрум» мектебінің 12-сынып оқушысы;8. Нұргүл Есенбергенова – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.Күміс медаль:1. Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;2. Темірлан Макишев – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;3. Даниэль Түлебаев «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.Қола медаль:1. Мұхамедәлі Жұмаділ – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;2. Нұрмырза Байжанов – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;3. Бейбарыс Мырзаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921062
Травмпункт, операция бөлмелері: Астанада жаңа медициналық кешен салынып жатыр 20.01.2025
Астанада жаңадан қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Медициналық кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.«Жаңа қабылдау-диагностикалық кешен (РДК) болашақта флагмандық орталық болып саналады, ол – соңғы халықаралық стандарттарға сай жобаланған және жабдықталған заманауи ғимарат. Бұл кешен екі ғимаратты – №2 клиникалық және акушерлік қалалық көпсалалы аурухананы біріктіреді, бұл барлық пациенттерді бір жалпы қабылдау бөлмесінде қабылдауға мүмкіндік береді», - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.Әлия Рүстемованың айтуынша, жаңа медициналық мекемеде қаланың сол жағалауының тұрғындарына арналған травматологиялық пункт орналасады, өйткені, белгілі болғандай, қазір қалада оң жағалауда ересектерге арналған тек үш травматологиялық пункт жұмыс істейді.Жедел жәрдем бөлмесіндегі науқастардың ағымы triage жүйесімен реттелетін болады: науқастарды сұрыптау және шұғыл медициналық көмек көрсету (1-2 қабаттарда орналасады).«Алдын ала болжамды жүктеме күніне шамамен 900 сұранысты құрайды.Мұнда науқастарға шұғыл ота жасалатын операциялық бөлмелер де бар. Операция бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сол сияқты КТ, МРТ және ангиограф болады», - деп қосты басқарма басшысы.Басқарманың мәліметтері бойынша, жаңа PACS жүйесі орнатылады, жасанды интеллект бойынша, ол рентгенологтар үшін қосымша құрал болады.14 төсектік қосымша жансақтау бөлімін ашу жоспарланып отры. Қабылдау бөлімі сары және қызыл ағындарға бөлінеді: 14 төсектік шок палатасы және 14 төсектік жалпы қабылдау бөлімі. Сондай-ақ, 70 төсектік екі бөлімше ашу жоспарланып отыр.Бүгінде №2 қалалық көпсалалы ауруханада инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың жүзеге асыру тәжірибесін үйренуге Қазақстан Республикасының барлық өңірінен адамдар келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921075
Copernicus олимпиадасы: АҚШ-та өткен сында елордалық оқушылар үздік шықты 20.01.2025
АҚШ-тың Хьюстон қаласында 5-10 қаңтар күндері жаратылыстану ғылымдары бойынша Copernicus халықаралық олимпиадасында астаналық оқушылар үздік нәтиже көрсетті. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен халықаралық олимпиаданың абсолютті және бірінші орын иелерімен кездесті, хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Халықаралық олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алидан Сәулебек әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында абсолютті жеңімпаз атанды.Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы Тимур Цой халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша І орынды иеленді. Ал Quantum STEM мектебінің 4-сынып оқушысы 10 жасар Кәрім Дюсеков бірінші орынды иеленіп, «Жаратылыстану» номинациясында алтынға қол жеткізген ең жас қатысушы атанды.Кездесуде Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жас жеңімпаздарды құттықтады.«Халықаралық ареналарда елдің атағын шығаратын тек қана спорт емес, білім мен ғылым да сондай маңызға ие. Қазақстандық оқушылардың халықаралық пәндік олимпиададағы жеңісі туралы естігенде бәріміз қуанып, мақтанамыз. Ал олардың елордалық оқушылар екенін білгенде, қуанышымыз еселене түседі. Үлкен еңбектің артында ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да қолдауы жатыр. Күні кеше ғана Астанада халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Еліміздің қоржынына Астаналық оқушылар 14 медаль салды, оның 8-і – алтын. Жалпы, былтыр халықаралық және республикалық байқауларда елордалық оқушылар жүлделі орындарды иеленіп, 500-ге жуық медаль олжалады. Терең білім алу бағытында талмай ізденіп, ел тізгінін ұстар азамат болуларыңа тілектеспін!» - деді Есет Байкен.Айта кетейік, COPERNICUS халықаралық олимпиадасы – әртүрлі елдердің дарынды мектеп оқушыларының басын қосатын беделді жарыс. Мұнда қатысушылар математика, физика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен аналитикалық дағдыларын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921201