Enbekshi QazaQ

Қоғам

Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды 15.07.2026
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал ауданына жұмыс сапары барысында мотоцикл құрастыру зауытының жұмысымен танысты.«Тоғыс-Аралотын» ЖШС бұл жобаға 1 млрд теңге бағыттаған. Жылына 20 мың компонент шығаруды жоспарлауда. Зауытта өндірілген өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа шығарылады, қалған 50 пайызы шетелге экспортталады.Өндірістік жобалардың өңір экономикасын әртараптандырудағы, жаңа жұмыс орындарын ашудағы және экспорттық әлеуетті арттырудағы маңызы зор.Бұдан кейін облыс әкімі «Бейнеу – Сексеуіл» бағытындағы автомобиль жолының құрылысына қатысты мәселелерді пысықтады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы V Ұлттық құрылтай отырысында «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын.Осыған сәйкес қазіргі уақытта салалық министрлік жобаны қаржыландыру көздерін айқындап, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жол құрылысына 780 млрд 285 млн теңге қаржы бөлінеді. Жалпы ұзындығы 559 шақырым, Қызылорда облысына 189 шақырымы тиесілі. Құрылысы толық аяқталғаннан кейін Еуропа – Кавказ – Азия халықаралық көлік дәлізі бойындағы бағыт шамамен 900 шақырымға, Қытай мен Ақтау арасындағы жүк жеткізу мерзімі екі тәулікке қысқарады. Бұл жол өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға және теміржол бойындағы елді мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді.Аудан орталығынан шалғайда жатқан Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман және Беларан елді мекендеріне қатынайтын автомобиль жолының мәселесі түбегейлі шешіледі. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне жұмыс сапасы мен мерзіміне қатысты талаптарды басты назарда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257239?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысында рақымшылық аясында алғашқы сотталғандар босатылды 15.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі  Департаменті мекемелерінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына байланысты қабылданған «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы аясында алғашқы сотталғандар босатылды.Алғаш болып бостандыққа екі ер адам мен бір әйел шықты. Олардың барлығы ұрлық жасағаны үшін сотталған. Түзету мекемелерінің қақпасында оларды туған-туыстары мен жақындары зор қуанышпен қарсы алды.Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қазіргі таңда 1700-ден астам адам жазасын өтеуде. «Рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес, шамамен 100 сотталған босатылуға жатады. Жалпы алғанда, Заңның қолданысы 250-ден астам сотталғанға таралады. Оларға жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту немесе заңнамада көзделген өзге де рақымшылық шаралары қолданылады.Рақымшылыққа іліккен азаматтар енді жаңа өмір бастауға, отбасымен қайта қауышып, әлеуметтік ортаға бейімделуге және заң талаптарын сақтай отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруге мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1257242?lang=ru
Өскемен қаласында салық және кеден заңнамасын қолдану мәселелері бойынша көшпелі оқыту семинары өтті 15.07.2026
2026 жылғы 10 шілдеде Өскемен қаласында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасын құқық қолдану тәжірибесінде практикалық және әдіснамалық тәсілдерді қолдану мәселелеріне арналған көшпелі оқыту семинары өтті.Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің бейінді басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.Семинардың негізгі мақсаты салық және кеден заңнамасының нормаларын қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, кәсіби тәжірибе алмасу және практикалық міндеттерді шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру болды.Семинар барысында қатысушылар салықтық және кедендік рәсімдерді әкімшілендіру мәселелерін қарастырып, оларды қолдану сапасын арттыруға, сондай-ақ салық төлеушілермен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударды.Жеке бөлім сот практикасын талдауға арналды. Оның аясында қатысушылар салық және кеден даулары бойынша маңызды сот шешімдерін, дауларды шешудің өзекті тәсілдерін, сондай-ақ заңнаманы біркелкі қолдану мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасының жаңа Салық және Кеден кодекстерінің ережелерін түсіндіру тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды. Сарапшылар негізгі жаңашылдықтарға практикалық түсіндірмелер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және құқық қолдану тәжірибесінде жиі кездесетін жағдайларды қарастырды.Сонымен қатар семинар аясында салықтық және кедендік бақылауды цифрландыру, әкімшілендірудің ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді енгізу мәселелері қарастырылды.Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және қолданыстағы заңнама нормаларын қолдану бойынша практикалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1257230?lang=ru
Egov-қа кіруді қалай қалпына келтіруге болады 15.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1257229?lang=ru
Egov-дағы танымал мемлекеттік қызметтер 15.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1257234?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысында елдегі ең ірі өндірістік ангар ашылды 15.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №50 мекемесінің аумағында жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын республикадағы ең ірі өндірістік ангардың салтанатты ашылуы өтті.Жаңа өндірістік кешенде 60 жұмыс орнына арналған заманауи тігін цехы орналасқан. Мұнда сотталғандар қаптама өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын «SMBGroup Family» ЖШС үшін полипропиленнен жасалған «биг- бэг» қаптарын тігумен айналысады.Ашылу салтанатына департамент бастығы, облыс прокуроры және серіктес компанияның өкілі қатысып, жаңа өндіріс орнының іске қосылуын білдіретін символикалық лентаны қиды.Ресми бөлімнен кейін шақырылған қонақтарға өндірістік кешен бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Делегация мүшелері өндіріс процесімен, сотталғандардың еңбек жағдайымен танысып, сондай-ақ ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде шығарылатын дайын өнімдердің көрмесін тамашалады.Мамандардың айтуынша, бір қапты тігуге орта есеппен 20 минут уақыт жұмсалады. Жақын уақытта цехтың жұмысын екі ауысымда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, еңбекке тартылатын сотталғандар санын арттыруға мүмкіндік береді.Осындай өндірістік жобаларды іске асыру қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік әлеуетін дамытуға, сотталғандарды жұмыспен қамтуға, олардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1257202?lang=ru
🏡 Алматыда 885 отбасы жаңа баспанаға ие болды 15.07.2026
📍Алматы қаласында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.🗝️Құрылыс жұмыстары мемлекеттік стандарттар мен сапа талаптарына толық сәйкес жүргізілді.Бүгін жаңа пәтерлердің кілттерін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады.🏡 Нәтижесінде 885 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.🤝 Жаңа қоныс иелері қала басшылығына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге үлес қосқан барша азаматтарға ризашылықтарын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1257178?lang=ru
Заңгер лауазымына орналасуға конкурс 15.07.2026
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - 1 бірлік.«KazAID» КЕАҚ заңгер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім дипломы болуы;Кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде талап-арыз жұмыстарын жүргізумен және мемлекеттік сатып алуларды құқықтық сүйемелдеумен байланысты практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті;Қазақстан Республикасының заңнамасын (атап айтқанда, ҚР Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді) терең білуі;Процестік құжаттарды (талап-қою арыздарын, наразылықтарды, пікірлерді, шағымдарды) жасау, сот органдарында ұйымның мүдделерін білдіру, сондай-ақ ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларының болуы;Шарттар мен келісімдерге құқықтық сараптама жүргізу кезінде жоғары талдау дағдылары, орындаушылық тәртібі және егжей-тегжейге назар аудару қабілеті болуы;Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: - 01.08.2026 ж.Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: - office@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1257146?lang=ru
Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі. «Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл - еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын, жаңа жұмыс орындары ашылатын маңызды жоба. Өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тың серпін береді деп сенемін», - деді Мұрат Нәлқожаұлы. «Тоғыс - Аралотын» серіктестігі жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытына 1,8 млрд. теңге қаржы салған, жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау аясында 4 гектар жер телімі беріліп, қажетті инфрақұрылым тартылды. Зауыт өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортталады.Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Имамадин Оңғарбаев, Нұралы Оспанов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257147?lang=ru
ҚҚС: бұл не және оны кім төлейді? 15.07.2026
Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бюджетке төленетін салық, ол:- тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және өткізу процесінде қалыптасатын салық салынатын айналым құнының бір бөлігінен;- Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық салынатын импорт құнының бір бөлігінен алынады.Салық салынатын айналым – ҚҚС төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша айналым.Салық салынатын импорт – Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген, ҚҚС-тан босатылмаған және Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес декларациялануға жататын тауарлар.ҚҚС төлеушілер:- ҚҚС бойынша есепке ерікті немесе міндетті түрде тіркелген тұлғалар;- Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар (олар ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1257148?lang=ru
Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды 15.07.2026
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі бұл бастама өңірдің өндірістік қуатын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. «Баршаңызды аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – түйе сүтінен ұнтақ шығару зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Бұл өңір экономикасының дамуына тың серпін, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек», - деген болатын.Осы ретте аймағымызда ірі инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі - 3 млрд теңгеге салынған «Қазақ Кэмел» компаниясының түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты. Жалпы, елімізде түйе сүтін өңдейтін кәсіпорындар бар болғанымен, өнеркәсіптік деңгейде құрғақ ұнтақ өндіретін зауыттар өте аз. Сондықтан бұл - бірегей әрі маңызды бастама», - деді Мұрат Нәлқожаұлы. Жылына шамамен 400 тонна өнім өндірілетін бұл зауытта 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдыру үшін күніне 20 мың литр сүт қажет. Бұл жергілікті тұрғындар үшін тиімді болмақ. Түйе сүтін күнделікті өткізіп, тұрақты табыс табады. Жергілікті өнімге сұранысты арттыру мақсатында келісімшарт жасалып, алдағы 10 жылда Қытай нарығына экспортталады. Мемлекеттік қолдау аясында индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілген. Сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы Қытайдан қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алуға 1,8 млрд. теңге қаржы қарастырылды.Рәсімде облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Айтбай Көшербай, Әділбек Айымбетов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Өңірде экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биыл 100 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257142?lang=ru
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы ашық диалог: Астанада өткен акция қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтуға үлес қосты 15.07.2026
2026 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында елордалық Полиция департаменті мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы бірлесіп «Ашық микрофон» форматындағы кең ауқымды азаматтық акция өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.Соңғы жылдары Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастыруға және қауіпсіз қоғамдық ортаны дамытуға бағытталған. Осыған байланысты ұйымдастырылған «Ашық микрофон» акциясы құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы ашық әрі сенімді байланысты қалыптастырудың тиімді тетігі ретінде бағаланды.Іс-шара барысында полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, еріктілер және қала тұрғындары бір алаңда бас қосып, есірткі қылмыстарының алдын алу, жастарды заңсыз есірткі айналымына тартудың себептері, тәуелділіктің алдын алу және қоғамда есірткіге мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Мұндай формат әрбір тұрғынға өз пікірін ашық айтып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік берді.Акцияның ерекшелігі – тұрғындардың тек тыңдаушы емес, талқылаудың белсенді қатысушысына айналуы болды. Қатысушыларға «Егер адам есірткіні қолдану немесе одан бас тарту таңдауының алдында тұрса, қандай шешім қабылдауы керек?», «Жастарды қауіпті әдеттерден қалай қорғауға болады?», «Қоғам есірткімен күреске қалай атсалыса алады?» деген мазмұндағы сұрақтар қойылып, олардың жауаптары мен ұсыныстары тыңдалды.Полиция қызметкерлері елордада жүзеге асырылып жатқан профилактикалық жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері мен «Оян» жастар қозғалысының мүшелері тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратып, есірткінің зияны, заң алдындағы жауапкершілік және көмек алуға болатын ұйымдар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндай ақпараттық жұмыстар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қауіпсіз өмір салтын таңдауға ықпал етеді.Акция аясындағы ең қызықты бөлімдердің бірі – кинологиялық қызметтің көрсетілімдері болды. Қызметтік иттердің тыйым салынған заттарды анықтау бойынша мүмкіндіктері көрсетіліп, полицияның күнделікті қызметіндегі заманауи әдістер таныстырылды. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қолданылатын кейбір тактикалық әрекеттерді көрсетті. Бұл көріністер тұрғындардың құқық қорғау органдарының жұмысына деген қызығушылығын арттырып, олардың күнделікті еңбегінің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.«Ашық микрофон» форматы соңғы жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде кеңінен қолданылып келеді. Бұған дейін дәл осындай кездесулер Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және басқа да қалаларда құқықтық мәдениетті көтеру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Әрбір іс-шараның басты ерекшелігі – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог орнату. Бұл тәжірибе тұрғындардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік беріп келеді.Есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған профилактикалық акциялар да бұған дейін бірнеше рет өткізілген. Соңғы жылдары халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында, оқу жылының басталуында және жастар арасында профилактикалық айлықтар барысында полиция департаменттері, білім беру ұйымдары мен еріктілер бірлесіп кездесулер, флешмобтар, дәрістер және спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Биылғы «Ашық микрофон» акциясының ерекшелігі – тұрғындардың еркін пікір білдіруіне және нақты ұсыныстар айтуына басымдық берілуі.Сарапшылардың пікірінше, мұндай кездесулердің әлеуметтік маңызы өте жоғары. Біріншіден, жастар құқықтық жауапкершілік туралы нақты ақпарат алады. Екіншіден, ата-аналар мен педагогтар есірткіге тәуелділіктің алғашқы белгілерін анықтау жолдары туралы мәліметпен танысады. Үшіншіден, қоғамда есірткіге қарсы ортақ көзқарас қалыптасады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың құқықтық мәдениеті артып, қоғамдық қауіпсіздікке әр адамның жеке жауапкершілігі күшейеді.Мұндай тәжірибе Түркістан облысы үшін де маңызды. Өңірде жастардың үлесі жоғары болғандықтан, құқықтық ағарту жұмыстарының жүйелі жүргізілуі ерекше өзектілікке ие. Егер «Ашық микрофон» форматы Түркістан облысында да тұрақты түрде ұйымдастырылса, полиция, білім беру ұйымдары, жастар ресурстық орталықтары және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл күшейіп, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жаңа деңгейге көтеріледі. Сонымен қатар ауылдық жерлерде өткізілетін осындай кездесулер тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Қоғамдық пікір көшбасшылары мұндай акциялардың тағы бір маңызды қыры – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру екенін атап өтеді. Ашық форматтағы кездесулер барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қойып, нақты жауап алады. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың құқық қорғау жүйесіне деген көзқарасын жақсартады.2026 жылғы 10 шілдеде өткен бұл акция қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды. Ашық пікір алмасу, жастардың белсенді қатысуы, еріктілер қозғалысының қолдауы және полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары іс-шараның тиімділігін арттырды. Осындай жобалар азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп қана қоймай, есірткі қылмыстарының алдын алуға, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы мұндай профилактикалық кездесулерді еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізу қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне ықпал ететін маңызды әлеуметтік бастама болып қала береді.
Сіздің дауысыңыз – еліміздің болашағына үлес қосатын маңызды таңдау. 15.07.2026
23 тамыз күні өтетін дауыс беруге қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Егер дауыс беру құқығыңыз болса, белсенділік танытып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз.Әр дауыс маңызды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1257128?lang=ru
Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барды. Қосжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник бағалы балық қорын сақтап, табиғи популяциясын көбейтіп келеді. Мұнда тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандары өсіріледі. Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл сайын 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық шабақ өсіріліп, Арал теңізі мен Сырдария өзеніне жіберіледі. Бұл өңірдегі су айдындарының балық қорын молайтуға ықпал етеді. Облыс әкімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Арал ауданы аумағында балық шаруашылығын дамытуға қолайлы Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл бар. Кіші Аралды балықтың 19 түрі мекендейді. Өндірістік қуаты шамамен 30 мың тонна болатын 10 балық өңдеу зауыты аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуда.Сапар кезінде аймақ басшысы Аралқұм, Шөміш, Сапақ, Көктем ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1257131?lang=ru
Банкроттық рәсімдері оңайырақ және ыңғайлы 15.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлайды. Бұл өзгерістер рәсімдерді барлық қатысушылар үшін ыңғайлырақ, ашық әрі қолжетімді етуге бағытталған.Бұрын банкроттық мәселелері бойынша көптеген құжаттар мен өтініштерді қағаз түрінде немесе әртүрлі ақпараттық жүйелер арқылы жолдау қажет болса, бүгінгі күні процестердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілді.2024 жылғы қазан айынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері Салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. Бұл рәсім әкімшілері, кредиторлар және мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді.2026 жылдың басынан бастап қосымша электрондық сервистер енгізілді:- банкроттық рәсімдер бойынша хабарландыруларды автоматтандырылған түрде қабылдау және жариялау;- оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы өзекті ақпаратты алу мүмкіндіктерін кеңейту;- борышкерлерге қатысты қолданылып жатқан рәсімдер бойынша мәліметтерге электрондық қолжетімділікті қамтамасыз ету.Жаңа цифрлық шешімдер тәжірибеде белсенді түрде қолданылуда.Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. Qoldau жүйесінде кредиторлар үшін Мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдарды электрондық форматта беру мүмкіндігі іске асырылды.Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдары банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өткізілген кездесулер мен консультациялардың нәтижесінде негізсіз өтініштер саны едәуір азайып, азаматтардың мәселелерін қарау мерзімдері қысқарып, өзара іс-қимыл тиімділігі артты.Жүргізіліп жатқан цифрландыру ақпарат алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және банкроттық рәсімдерін барлық қатысушылар үшін неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1257095?lang=ru
Алматы облысында 65 мыңнан астам тұрғынға қызмет ететін жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 15.07.2026
Алматы облысының Талғар қаласында №17 өрт сөндіру депосы ел игілігіне берілді. Заманауи нысан 65 мыңнан астам тұрғынды өрттен қорғауға мүмкіндік береді. Ғимарат халықаралық талаптарға толығымен сай келеді. Мұнда арнайы техникаларға арналған кең көлікжай, жөндеу шеберханалары, оқу сыныптары, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер, демалыс орындары және соңғы үлгідегі радиобайланыс пункті қарастырылған. Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөлініп, депо аумағында өрт сөндірушілерге арналған төрт қызметтік пәтер бой көтерген, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.Алғашқы құттықтау сөз Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке берілді. Министр жаңа депоның өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды.«Бүгін біз жай ғана жаңа өрт сөндіру нысанын ашып отырған жоқпыз. Бұл – дер кезінде жүзеге асқан маңызды жоба. Бұрынғы ғимарат әбден тозып, қазіргі заман талабына сай келмейтін еді. Ал Талғар қаласы бүгінде қарқынды дамып, халық саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар елді мекендер арасындағы қашықтық пен жол ұзындығы өрт сөндіру қызметінің жедел әрекет етуіне қосымша қиындық туғызатын. Сондықтан бұл депоның пайдалануға берілуі өрт сөндіру жасақтарының оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартады. Ал төтенше жағдайда әрбір секундтың маңызы зор», – деді Шыңғыс Сайранұлы.Министрдің айтуынша, нысанның орналасқан орны мамандардың жан-жақты сараптамасы негізінде таңдалған. Жоба небәрі 100 күнде жүзеге асырылып, оның жалпы құны шамамен 350 миллион теңгені құрады. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен салынды. Дәл осындай өрт сөндіру бекеті Кеген ауданында және Шыңгелді ауылында пайдалануға берілген. Алдағы уақытта мұндай нысан Шелек ауылында да салынады. Сонымен қатар Қарасай, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында да жаңа өрт сөндіру бөлімдерін кезең-кезеңімен ашу жоспарланып отыр.Салтанатты рәсім барысында Шыңғыс Әрінов жаңа депоның құрылысына үлес қосқан азаматтарға ведомстволық марапаттарды табыстады. Сондай-ақ «Toyota Hilux» және АЦ-5-40 КамАЗ арнайы техникаларының кілтін тарту етті. Бірқатар өрт сөндірушіге қызметтік пәтердің кілттері берілді. Ал жаңа өрт сөндіру депосының кілті аға лейтенант Ришат Рахимовқа табысталды.Шара барысында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев заманауи үлгіде бой көтерген бұл депо өрт сөндірушілердің еңбек жағдайын жақсартып, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашатынын айтты.«Төтенше жағдайлар қызметі – мемлекетіміздің берік қалқаны, ал құтқарушылар – еліміздің нағыз бейбіт күндегі батырлары. Өрт сөндіруші мамандығы тек кәсіби дағдыны ғана емес, ержүректілікті және Отанға деген шексіз адалдықты талап етеді. Сондықтан да Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен құтқарушыларымызға қолайлы жағдай жасау, оларды заманауи техникамен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар елімізде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы орайда, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары тек бір ауданмен шектелмейтінін атап өткен жөн. Биылдың өзінде Нарынқол және Кеген ауылдарында, Талғар ауданының Жаңалық, Нұра ауылдарында заманауи модульдік өрт сөндіру депосының құрылысы сәтті аяқталып, ел игілігіне берілді. Мұның бәрі – халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар», – деді облыс әкімі. Сондай-ақ бірқатар қызметкерге Алғыс хат пен жаңа техникалардың кілтін табыс етті.Жалпы ауданы 1154 шаршы метр болатын жаңа депо модульдік технология бойынша салынған. Ғимарат кеңейтуге қолайлы әрі тез құрастырылатын конструкциялармен жабдықталған. Мұнда заманауи байланыс және диспетчерлік жүйелер орнатылған, демалыс, киім ауыстыру, оқу-жаттығу және жеке құрамның даярлығына арналған бөлмелер қарастырылған.Депода 18 қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Олардың қарамағында төрт өрт сөндіру автокөлігі және жедел әрекет етуге арналған Toyota Hilux автокөлігі бар.Салтанатты шара барысында жаңа ғимараттың қызыл лентасы қиылып, ақсақал ақ батасын беріп, дәстүрлі түрде шашу шашылды. Одан кейін қонақтар өрт сөндіру депосын аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256914?lang=ru
Ұлттық ұландағы сирек дауыс: Жас сарбаз ерлер хорына шақырту алды 15.07.2026
Ұлттық ұлан қатарындағы сарбаз Артём Шеремет өзінің сирек кездесетін бас дауысымен мамандардың қызығушылығын тудырды. Елордадағы бригаданың оқу пунктінде даярлықтан өтіп жатқан жас жауынгердің қою әрі терең тембрін бағалаған мамандар оған Ұлттық ұланның ерлер хорымен бірге өнер көрсетуге ұсыныс жасады.Артём әскерге дейін «RockNRust» рок тобында ән айтып, экстремалды вокал тәсілі — гроулингті меңгерген. Сондай-ақ аниме мен дорамаларды дыбыстаумен айналысқан.Жас сарбаз оқу пунктін аяқтаған соң әскери қызметпен қатар шығармашылық қабілетін де дамытқысы келеді. Мамандар оның кәсіби вокалдық білім алған жағдайда үлкен сахнада табысқа жете алатынын айтады.Қазіргі уақытта Артём жауынгерлік қызметке алғаш рет түсуге дайындық курсынан өтіп, қоғамдық тәртіпті күзету бөлімшелерінде қызмет атқаруға қажетті дағдыларды меңгеруде. Ол саптық, атыс және тактикалық дайындық сабақтарына белсенді қатысып, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға жан-жақты әзірленіп жатыр.Оның өмір жолы құқықтық тәртіп әскерінде әскери істі де, өнерді де қатар алып жүре алатын, жан-жақты әрі дарынды жастардың қызмет ететінінің тағы бір дәлелі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1256916?lang=ru
Жалағашта «Harvest agro» компаниясының агроөнеркәсіптік кластер жобасы қарқынды жүзеге асырылуда 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде егіс алқаптарын аралады. «Харвест Агро» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, оларды қайта өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кластер жобасының қазіргі жай-күйімен танысты. Жобаға Қаракеткен ауылдық округінен 22,5 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Оның 5 мың гектарына жүгері, 2 мың гектарына мақсары егілген, 142 жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс істейді. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жылына 60 мың тоннаға дейін техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңдеу жоспарланып отыр. Өндірілген өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де экспортталады.Қазіргі таңда 26,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылған. Егіске және өндірістік жұмыстарға 50 техника жұмылдырылды.Жер көлемін, су пайдалану лимитін ұлғайту, жаңбырлатып суару жүйесін енгізу, электр желісін тарту және жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу қолға алынған.Айта кетейік, биыл өңірде жалпы 185,8 мың гектарға егін, оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектарға, майлы дақылдар 6,1 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектарға егілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылды. Биыл 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды.Оның 31,3 мың гектары үстеп қоректендіріліп, 53,3 мың гектары арамшөптерге қарсы өңделді. Қазір 19,8 мың гектары түптену, 46,2 мың гектары түтікке шығу, ал 4 мың гектары масақтану кезеңіне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1256924?lang=ru
ТІЖ және ЭШФ нысандары жаңартылды 15.07.2026
✅ҚР ҚМ МКК «ЭШФ» АЖ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының (ТІЖ) және ЭШФ нысандары жаңартылғанын хабарлайды.Осыған байланысты, ERP жүйелерін пайдаланушыларға конфигурациялар мен интеграциялау тетіктерінің өзекті жаңартуларын орнатуды ұсынамыз.Web-портал пайдаланушыларына браузердің кэші мен қаралу тарихын тазалап, содан кейінЭШФ АЖ-ға қайта кіруді ұсынамыз.❇️Аталған ұсынымдарды орындау жаңартылған нысандармен дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1258809?lang=ru
Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Tansu Construction» ЖШС директоры Николай Ким, «Vertex Holding» ЖШС бас директорының орынбасары Ирина Кенжетаева, күрделі жобалар бөлімінің басшысы Майра Усипбекова және «Астел-К» серіктестігінің бас инженері Бахадыр Садыковпен кездесті.Кездесуде 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысының барысы талқыланды.Еске салайық, жыл басында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу жөнінде тапсырма берілген болатын. Аталған жоба инвестор Эдуард Огайдың демеушілігімен жүзеге асырылуда, жалпы құны 20,0 млрд теңге. Ғимараттың ауданы 13 мың шаршы метр, 3 гектар жер телімі бөлінген. Үш қабатты, жертөлесі, конференция, оқу, электрондық кітапхана, облыстық тарих және басылымдар, архив және сирек қор залдары, әлем әдебиеті бөлімі, өнер галереялары, медиалаборатория, көрме галереясы, балалар аймақтары, коворкинг, фудкорт, қалпына келтіру шеберханасы, типографиясы болады.Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігері «Tansu Construction», авторлық қадағалаушы «Астел-К» және техникалық қадағалаушы «SJS Казахстан LTD» серіктестіктерімен келісімшарттар рәсімделген.Нысанды қажетті инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін барлық техникалық шарт алынған. Құрылыс алаңында жер қазу басталып, жерасты суының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1256941?lang=ru