Қоғам
ТІЖ және ЭШФ нысандары жаңартылды 15.07.2026
✅ҚР ҚМ МКК «ЭШФ» АЖ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының (ТІЖ) және ЭШФ нысандары жаңартылғанын хабарлайды.Осыған байланысты, ERP жүйелерін пайдаланушыларға конфигурациялар мен интеграциялау тетіктерінің өзекті жаңартуларын орнатуды ұсынамыз.Web-портал пайдаланушыларына браузердің кэші мен қаралу тарихын тазалап, содан кейінЭШФ АЖ-ға қайта кіруді ұсынамыз.❇️Аталған ұсынымдарды орындау жаңартылған нысандармен дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1258809?lang=ru
Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Tansu Construction» ЖШС директоры Николай Ким, «Vertex Holding» ЖШС бас директорының орынбасары Ирина Кенжетаева, күрделі жобалар бөлімінің басшысы Майра Усипбекова және «Астел-К» серіктестігінің бас инженері Бахадыр Садыковпен кездесті.Кездесуде 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысының барысы талқыланды.Еске салайық, жыл басында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу жөнінде тапсырма берілген болатын. Аталған жоба инвестор Эдуард Огайдың демеушілігімен жүзеге асырылуда, жалпы құны 20,0 млрд теңге. Ғимараттың ауданы 13 мың шаршы метр, 3 гектар жер телімі бөлінген. Үш қабатты, жертөлесі, конференция, оқу, электрондық кітапхана, облыстық тарих және басылымдар, архив және сирек қор залдары, әлем әдебиеті бөлімі, өнер галереялары, медиалаборатория, көрме галереясы, балалар аймақтары, коворкинг, фудкорт, қалпына келтіру шеберханасы, типографиясы болады.Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігері «Tansu Construction», авторлық қадағалаушы «Астел-К» және техникалық қадағалаушы «SJS Казахстан LTD» серіктестіктерімен келісімшарттар рәсімделген.Нысанды қажетті инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін барлық техникалық шарт алынған. Құрылыс алаңында жер қазу басталып, жерасты суының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1256941?lang=ru
Түрік инвесторларының қатысуымен жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды 15.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «TUKIB» түрік-қазақ кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлының, Режеп Тайип Ердоғанның көшбасшылығымен бүгінде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуына серпін берді. Бүгінде Қызылорда облысы тарихи мұрасымен ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Өңірде агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс индустриясын, тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамытудың, көлік-логистикалық әлеуетті арттырудың, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырудың қажетті алғышарттары бар. Осы бағытта әрбір инвестормен ашық, сенімді және ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға дайынбыз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Аймақ басшысы «Қазақстан Зираат Банкінің» Қызылорда қаласында филиалын ашып, өңірдегі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттыруды ұсынды.Аймақтың қарқынды дамуын ескере отырып «Қазстройподряд» компаниясымен облыс орталығында заманауи сауда және ойын-сауық орталығын салу, «Тиряки Холдингпен» бірлесіп керамикалық плита және санитарлық бұйымдар өндірісін іске қосу мәселелеріне тоқталды.Өңдеу өнеркәсібінде «YDA Holding»-тің тәжірибесін пайдаланып, жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға, «Mir Yıldız» компаниясының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге шақырды.Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты «Қорқыт Ата халықаралық әуежайын» сенімгерлік басқаруға алу мүмкіндігін қарастыру және халықаралық хаб ретінде дамыту, «Alarko Holding»-пен жоғары технологиялық жылыжай кешенін, «Aksa Energy»-мен бірлесіп ет өңдеу комбинатын салу бағытында ынтымақтастық орнату ұсынылды.Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейуге, бірлескен жобаларды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1256953?lang=ru
Халықтық Конституция: сенімді болашақтың бастауы 15.07.2026
Қостанайда «Халықтық Конституция: сенімді болашақтың бастауы» ғылыми конференциясы өтті. Жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Конституциялық комиссияның мүшелері Үнзила Шапақ, Мәди Мырзағараев, Сайлаубек Ещанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII - VIII шақырылымының депутаты Екатерина Смышляева, мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қауымдастықтың, азаматтық қоғам институттарының, этномәдени бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Бүгінгі кездесу еліміз үшін қоғамдық-саяси жаңғырудың маңызды кезеңінде өтіп отыр. Өздеріңізге мәлім, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан өзінің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңа Конституцияның қабылдануы - мемлекетіміздің тарихындағы шын мәнінде тарихи оқиға. Бұл жай ғана маңызды дата емес, бұл - заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды ардақтауға және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке негізделген мемлекетіміздің жаңа тарауының басталуы. Жаңа Конституцияны іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Президенті бес дербес конституциялық заңға қол қойды 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға түзетулер енгізілді, – деді аймақ басшысы.Мемлекет басшысы биылғы жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізу туралы жариялады. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды саяси науқан. Осыған байланысты Қостанай облысында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді дайындық жұмыстары басталды.Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар қоғам өмірінің барлық салаларындағы нақты өзгерістердің берік негізі. Оның қағидаттарының тиімді жүзеге асырылуы әрбір өңірдің дамуына тікелей ықпал етеді. Өйткені экономикалық өсім, тұрақтылық және азаматтардың әл-ауқаты ең алдымен қуатты әрі дамыған өңірлер арқылы қамтамасыз етіледі.«Алдымызда ауқымды әрі маңызды өзгерістер күтіп тұр. Оларды табысты жүзеге асыру уақытты, жүйелі әрі үйлесімді жұмысты, сондай-ақ әрбір азаматтың жоғары жауапкершілігін талап етеді. Өйткені қуатты, әділетті және өркендеген мемлекетке бастар жол Конституцияны құрметтеуден, заңды бұлжытпай сақтаудан және әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымынан басталады», – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1256954?lang=ru
Банкроттық рәсімдері жеңіл әрі ыңғайлы бол а түсуде 15.07.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіруді жалғастырып, оларды барлық қатысушылар үшін неғұрлым ыңғайлы, ашық және қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жүргізуде.Бұрын банкроттық мәселелері бойынша көптеген құжаттар мен өтініштерді қағаз түрінде немесе әртүрлі ақпараттық жүйелер арқылы жолдау қажет болса, бүгінгі күні процестердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілді.2024 жылғы қазан айынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері Салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. Бұл рәсім әкімшілері, кредиторлар және мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді.2026 жылдың басынан бастап қосымша электрондық сервистер енгізілді:банкроттық рәсімдер бойынша хабарландыруларды автоматтандырылған түрде қабылдау және жариялау;оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы өзекті ақпаратты алу мүмкіндіктерін кеңейту;борышкерлерге қатысты қолданылып жатқан рәсімдер бойынша мәліметтерге электрондық қолжетімділікті қамтамасыз ету.Жаңа цифрлық шешімдер тәжірибеде белсенді түрде қолданылуда. Тек 2025 жылдың ішінде рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәліметті орналастырған.Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. Qoldau жүйесінде кредиторлар үшін мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдарды электрондық форматта беру мүмкіндігі іске асырылды.Сонымен қатар, Комитет банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өткізілген кездесулер мен консультациялардың нәтижесінде негізсіз өтініштер саны едәуір азайып, азаматтардың мәселелерін қарау мерзімдері қысқарып, өзара іс-қимыл тиімділігі артты.Жүргізіліп жатқан цифрландыру ақпарат алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және банкроттық рәсімдерін барлық қатысушылар үшін неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.Техникалық мәселелер бойынша support.ecc.kz қолдау қызметіне жүгінуге болады. (https://support.ecc.kz/saw/ess?TENANTID=773418025) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256990?lang=ru
Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді 15.07.2026
Шалкөде төрінде өткен Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі өз мәресіне жетті. Мерекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген 25 мыңға жуық қонақ қатысты. Шалкөде жайлауына жиналған қауым ауданның терең тарихымен, агроөнеркәсіптік, туристік әлеуетімен тереңірек танысып, тұмса табиғаттың тылсым сырына қанықты. Әсіресе «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі халыққа ерекше әсер сыйлап, шара қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Жолан жүйрігінде» еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген таңдаулы шабандоздар бақ сынап, тартысты дода өткізді. Республикалық аламан бәйгеде Қордай ауданынан қатысқан «Ботагөз» тұлпары (иесі – Нұрберген Айсұлтан) мәреге бірінші болып жетті. Топ бәйгеде «Желсұлы» сәйгүлігі (иесі – Нұрсейіт Жылқышабай) топты жарып, нағыз жүйрік атанды. Құнан бәйгеде Қордай ауданынан келген «Қызғалдақ» тұлпары (иесі – Дүйсеғұл әулеті) жеңімпаз болды. Аталған үздіктер «CHANGAN» және «KIA» маркалы автокөліктері мен 2 миллион теңге қаржылай сыйлықты жеңіп алды.Жергілікті шабандоздарға арналған аудандық бәйгелер де көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Онда Райымбек пен Кеген аудандарының сәйгүліктері сынға түсіп, бұл бәйгенің де жеңімпаздары автокөлік иесі атанды. Өзге қатысушылар да сыйлықтан құр қалған жоқ.Додаға қатысқан шабандоздың бірі – Исламәлі Ертөс. «Бұл бәйгеге Ұзынағаш ауылынан арнайы келдім. Шалкөде жайлауын екінші мәрте көріп тұрмын. 4 жыл бұрын дәл осы жайлауда өткен «Жолан жүйрігіне» қатысқан болатынмын. Бәйгеде бәсекеге түсіп жүргеніме бес жылдай уақыт болды. Талай мәрте жеңімпаз да атандық. Дегенмен бүгінгі жеңістің орны тым бөлек. Осындай дүбірлі тойда жүлделі болғаныма қуаныштымын», – деді ол.Мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне заманауи цифрлық технологиялар да сеп болды. Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы «Freedom Satellite» ЖШС-мен бірлесіп, Шалкөде жайлауында «Starlink спутник интернет жүйесін» іске қосты. Соның нәтижесінде фестиваль қонақтары мен қатысушылары таулы аймақта жоғары жылдамдықты интернетті еркін пайдаланды.Іс-шара аясында сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы ауқымды түрде ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында іс-шара өтетін аумақта барлығы 105 биодәретхана және 75 қоқыс контейнері орналастырылды. Тазалық жұмыстарын жүргізуге 3 бірлік арнайы қоқыс тасымалдаушы техника жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» акциясына 1000 қап, 1000 қолғап дайындалып, 110 волонтер тартылды, сондай-ақ ауыл тұрғындары, жастар, белсенді азаматтар қатысып, іс-шара өткен аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етті. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Іс-шара өткен 116 480 м² аумақта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын насихаттау мақсатында 20 баннер орналастырылды. Тұзкөл ауылынан іс-шара өтетін орынға дейінгі 28 шақырым жол бойына әр 5 шақырым сайын 8 қоқыс контейнері қойылды. Іс-шара аяқталғаннан кейін барлық контейнерлер мен қалдықтарды уақытша жинау орындарынан барлық қоқыс жиналды. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы қоқыс тасымалдаушы техникаларға тиеліп, белгіленген қоқыс полигонына шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256910?lang=ru
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге ие болды 15.07.2026
Атырау қаласында қазақтың көрнекті жырауы Кәрім Қисамеденұлының туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған айтулы додаға еліміздің әр өңірінен келген ақындар қатысып, суырыпсалма шеберліктерін көрсетті.Айтыс қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі кіші сержант Фариза Жетпісбай бас жүлдені жеңіп алды.Фариза Жетпісбай жыр додасында Кәрім жыраудың елдік мұрасын бүгінгі заманмен сабақтастырып, Отан қорғау, әскери қызметтің абыройы, ел қауіпсіздігі және патриотизм тақырыптарын әсерлі жырлады. Оның шығармашылығында әскери борыш пен ұлттық рух үндесіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Қазылар алқасы әскери қызметшінің айтыстағы шеберлігін, ой тереңдігін және елдік мәселелерді жыр арқылы жеткізу қабілетін жоғары бағалады.Айтыс нәтижесінде І орынды Нұрасыл Иса, ІІ орынды Батыржан Кәдірбай, ІІІ орынды Ернұр Исахаев иеленді.Мерейтойлық шара аясында ақындар Кәрім жыраудың шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық құндылықтар, ел бірлігі, туған жерге деген сүйіспеншілік және ұрпақ сабақтастығы тақырыптарын кеңінен толғады.Кәрім жыраудың 100 жылдығына арналған жыр додасы қазақтың айтыс өнерін дәріптеп, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени шара ретінде есте қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256891?lang=ru
тест 12.07 15.07.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевпен бірге ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен салынып жатқан өндірістік алаңдарды аралады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық модельге көшу жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін энергетикалық, инженерлік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды кешенді дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл бағыт Үкімет жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Жұмыс сапары «Қазфосфат» ЖШС-не барудан басталды. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын 64,2 млрд теңге сомасына 246,1 мың тонна өнім өндірді. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың айтуынша, кәсіпорын отандық агроөнеркәсіптік кешенді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Ресей, Беларусь, Түрікменстан, Литва, Латвия, Польша және басқа да елдердің нарықтарына экспорттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1256879?lang=ru
Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі FPV-дрондарды құрастыруды меңгеруде 15.07.2026
Құрлық әскерлері әскери институтындағы Ұшқышсыз авиациялық жүйелер оқу орталығында заманауи технологияларды жетік меңгерген әскери мамандар даярланып жатыр. Солардың бірі – кіші сержант Динара Телеуова. Ол әскери қызметтің ер азаматтарға ғана тән емес екенін өзінің білімімен, кәсібилігімен және табандылығымен дәлелдеп келеді.Жауынгерлік дайындықтың саптық, атыс және тактикалық сабақтарымен қатар, Динара ұшқышсыз авиациялық жүйелерді меңгеруге ерекше қызығушылық танытады. Ол FPV-дрондарды өз қолымен құрастырып, электрондық компоненттерін орнатып, ұшу контроллерлерін баптайды және алғашқы сынақтық ұшуы алдында аппараттың барлық жүйесін мұқият тексеріп шығады.– Әрбір дрон – күрделі инженерлік жүйе. Оның сенімді жұмыс істеуі үшін электрониканы, бағдарламалық қамтамасыз етуді және аэродинамиканың негізгі қағидаларын жақсы білу қажет. Бұл мен үшін жай ғана қызығушылық емес, ел қауіпсіздігіне өз үлесімді қосудың бір жолы, – дейді кіші сержант Динара Телеуова.Оқу орталығы мамандарының айтуынша, Динара жоғары жауапкершілігімен, техникалық ойлау қабілетімен және үнемі ізденіп, білімін жетілдіруге деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол жаңа технологияларды тез меңгеріп, бірнеше жыл бұрын тек инженер мамандардың саласы саналған заманауи жабдықтармен сенімді жұмыс істеп жүр.Бүгінде ұшқышсыз авиациялық жүйелер әскери саланың маңызды бағыттарының біріне айналды. Осыған байланысты мұндай мамандар даярлау ісі ерекше мәнге ие. Динара Телеуованың жетістігі – әскери қызметшілердің тек жауынгерлік даярлықпен ғана шектелмей, озық технологияларды игеруге де қабілетті екенін көрсететін жарқын үлгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256796?lang=ru
Қарулы күштердің Санитарлық-эпидемиологиялық орталығы: қалыптасу мен дамудың 60 жылы 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Санитарлық-эпидемиологиялық орталығы – заманауи зертханалық жабдықтармен және арнайы техникамен жарақтандырылған мамандандырылған бөлімше. Сала мамандары әскерлердің күнделікті қызметін, оқу-жаттығуларды және халықаралық іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар профилактикалық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырады.Мекеменің құрылу тарихы 1966 жылдың шілде айынан бастау алады. КСРО Құрлық әскерлері Бас штабының директивасына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық жасақ құрылды. Бөлімшенің алғашқы бастығы болып медицина қызметінің подполковнигі Анатолий Николаевич Еремьянц тағайындалды.Жасақтың негізгі міндеті Қазақ, Қырғыз, Тәжік және Түрікмен КСР-лерінің аумағында орналасқан әскери бөлімдердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болды. Мамандар жеке құрамды вакцинациялауды жүргізіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырды, сондай-ақ ауыз су мен азық-түлік сапасына да бақылау жасады.1967 жылы бөлімше Алматы қаласына, округтік әскери госпиталь базасына көшірілді. Ал 1992 жылғы қарашада санитарлық-эпидемиологиялық жасақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Санитарлық-эпидемиологиялық орталығы болып қайта құрылды.Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесін қалыптастыру мақсатында 2014 жылы «Астана», «Батыс» және «Оңтүстік» филиалдары құрылды. Ал 2020 жылы «Шығыс» филиалы ашылды. Бүгінде бұл филиалдар еліміздің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметіне санитарлық-эпидемиологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп келеді.Орталық мамандары COVID-19 пандемиясы кезеңінде де елеулі үлес қосты. Олар жедел штабтардың жұмысына қатысып, әскери нысандарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізді, әскери бөлімдерде санитарлық-эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін әуе кемелері экипаждарын даярлауды қамтамасыз етіп, жеке құрамды вакцинациялау жұмыстарын сүйемелдеді және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасады.Осы кезеңде Қорғаныс министрлігі басшылығының шешімімен орталық базасында Алматы және Астана қалаларында полимеразалық тізбекті реакция бойынша екі зертхана құрылды. Бұл әскери санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.Алпыс жыл ішінде орталық шағын санитарлық-эпидемиологиялық жасақтан Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жеке құрамының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін заманауи жүйеге дейінгі даму жолынан өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256805?lang=ru
«Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 15.07.2026
Шалкөде жайлауында Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды. Мерейтой аясында 150-ге жуық ақшаңқан киіз үй тігіліп, түрлі тақырыптар бойынша көрмелер ұйымдастырылды. Онда отандық және халықаралық қолөнершілер мен этнодизайнерлердің, қылқалам шеберлерінің үздік туындылары, ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдері халық назарына ұсынылды. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, кіл мықтылар өзара сынға түсуде. Мәдени-көпшілік іс-шараға Қытай, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Грузия елдерінен, Қазақстанның түкпін-түкпірінен қонақтар ағылып келіп, ұлан-асыр тойдың куәсі болуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Халықаралық фестивальде Райымбек ауданының тарихи даму жолы мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктері таныстырылды. Аумалы-төкпелі заманда елдің қауіпсіздігін күзеткен Райымбек батырдың ерлік істері дәріптелді. Асқар шыңды Хантәңірі баурайынан түлеп ұшқан Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Еркін Ібітанов, Сағат Әшімбаев, Алтынбек Сәрсенбаев және Оразалы Досбосынов сынды біртуар тұлғалардың өнегелі өмір жолы насихатталды. Дала мәдениетін айшықтайтын, қазақ халқының қасиетті «Қарқаралы» жайлау көші көрерменді тарихтың терең қойнауына сапар шектірді. Мәні мен сәні келіскен салтанатты көш көшпелі елдің салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертіп, береке мен бірліктің жаршысына айналды. Шетелден келген шеберлердің шеруі де халықтың ерекше назарына ілікті.Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев та қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.«Райымбек – тарихы терең, ынтымағы жарасқан берекелі өңір. Осы өнегелі өлкеден көптеген тұғырлы тұлғалар шығып, ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етті. Қазір аудан халқы ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салаларда қажырлы еңбек етіп, туған жерін көркейтуге атсалысып келеді. Сондай-ақ олар ел тағдырына әсер ететін бастамаларды үнемі қолдап, ұйымшылдықтың озық үлгісін танытып жүр. Аудан тұрғындарының жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып, Жаңа Конституцияны қолдауы – соның айқын дәлелі. Осы орайда, аймақты дамытуға зор үлес қосқан азаматтардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да ел игілігі үшін еңбек ете бересіздер деп сенемін», – делінген құттықтау хатта.Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде құт қонған, ырыс ұялаған Нарынқол өңірі халқымыздың рухани мұрасы мен тарихи жадының ажырамас бөлігі екенін айтты.«Бұл – елі үшін туған Райымбек батырдың, Ұзақ пен Жәмеңкенің ерлігі өрілген киелі мекен. Ұлттық рухтың бесігіне айналған осы топырақтан қазақ мәдениеті мен әдебиетінің талай бірегей тұлғалары түлеп ұшты. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуі – осы өңірден шыққан ұлы тұлғалардың мұрасы халықаралық деңгейде мойындалғанының айғағы. Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың жырлары – ұлтымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Сол ұлылықтың ізін ала, сөз өнерінің туын жықпай ілгері сүйреген сыншы Сағатхан Әшімбаев пен жазушы-драматург Баққожа Мұқай да осы топырақтың перзенттері. Ал айтыс өнерінің айтулы өкілдері Еркін Ібітанов пен Оразалы Досбосынов қазақтың сөз құдіретін асқақтатып, төл өнеріміздің мерейін үстем етті. Мұнымен қоса, бұл құтты мекен ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен, ел басқарған саяси және қоғам қайраткерлерін де дүниеге әкелді. Осындай тау тұлғаларды қалыптастырған Райымбек ауданы – ел руханиятының алтын арқауы болып қала береді», – деді аймақ басшысы.Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аймақтарды, стратегиялық маңызы жоғары шекаралық өңірлерді дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға әрдайым ерекше басымдық беретінін айтып, осы бағытта Райымбек ауданында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Айтуынша, табиғи байлығы мен тарихи мұрасын сақтай отырып, аудан әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басып келеді. Өзінің аграрлық әлеуетімен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, облыс экономикасын өркендетуге зор үлес қосуда. Райымбектің брендіне айналған картоп шаруашылығы мен дәнді-дақылдар өндірісі, мал шаруашылығы – отандық өнімнің алтын стандартына айналып отыр.«Аумақтың туристік әлеуеті де өте жоғары. Хантәңірі шыңы, тұнық Тұзкөл мен Тастау көлдері, Шалкөде жайлауы бұл өлкені еліміздегі ең көркем өңірлердің біріне айналдырды. Осынау қайталанбас табиғат байлығы треккинг, альпинизм, этнотуризм және экологиялық туризмді дамытуға кең жол ашады. Нарынқол өңірінің осынау экологиялық таза туристік мүмкіндіктері алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын көтеретін, аймақ экономикасын өрге сүйрейтін негізгі қозғаушы күшке айналуы тиіс», – деді облыс әкімі.Айта кетейік, Райымбек ауданының мерейтойына арналған шаралар легі үш күн бойы Тәңіртау төсін думанға бөлеуде. 90 жылдыққа орай Қарасаз ауылында «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған II республикалық оқушылар айтысы ұйымдастырылды. Нарынқол ауылында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған ақын-жазушылардың қатысуымен ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Сондай-ақ аудан орталығында облыс өнерпаздары мен еліміздің танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концерт тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Үш күндік думан бүгін Шалкөде жайлауында қорытындыланады. Мерейтой аясында сондай-ақ «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Бәсекенің жүлдесі де қомақты. Шара қорытындысында табиғаттың тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өткізілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256813?lang=ru
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 15.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына орай тұрғындарға құттықтау жолдады. Оны Шалкөде жайлауында өткен «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалінің салтанатты ашылуында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жеткізді.Президент құттықтауында осы қасиетті мекеннен ел мүддесіне адал қызмет еткен көптеген көрнекті тұлғалардың шыққанына тоқталып, бүгінде аудан халқы еліміздің ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салаларының дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өткен.«Райымбек – тарихы терең, ынтымағы жарасқан берекелі өңір. Осы өнегелі өлкеден көптеген тұғырлы тұлғалар шығып, ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етті. Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев және өзге де көрнекі қаламгерлер шоқтығы биік шығармалар жазып, өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңірді.Қазір аудан халқы ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салаларда қажырлы еңбек етіп, туған жерін көркейтуге атсалысып келеді. Сондай-ақ олар ел тағдырына әсер ететін бастамаларды үнемі қолдап, ұйымшылдықтың озық үлгісін танытып жүр. Аудан тұрғындарының жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып, Жаңа Конституцияны қолдауы – соның айқын дәлелі», – делінген құттықтау хатта.Мемлекет басшысы сондай-ақ өңірдің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, аудан тұрғындарына бақ-береке, толағай табыс және ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілеген.Айта кетейік, Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған шаралар легі үш күн бойы жалғасты. Мерейтой аясында ғылыми-танымдық конференциялар, республикалық айтыс пен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Ұлан-асыр той Шалкөде жайлауында «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалімен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256839?lang=ru
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы ДЗМҰ Ассамблеялары аясында бірқатар кездесу өткізді 15.07.2026
2026 жылғы 7–10 шілде аралығында Женева қаласында өткен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеяларының 68-сериясы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева ДЗМҰ құрылымдарының өкілдерімен алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына арналған бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.8 шілдеде ДЗМҰ-ның Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер бөлімі директоры Хабиб Асанмен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттары, оның ішінде ұлттық зияткерлік меншік жүйесін одан әрі дамыту, бірлескен бастамаларды іске асыру және Қазақстанның Ұйымның өңірлік ынтымақтастық тетіктеріне қатысу мәселелері талқыланды.Келіссөздердің жеке блогы зияткерлік меншік құқықтарын сот арқылы қорғау мәселелеріне арналды. 8 шілдеде ДЗМҰ Сот институтының өкілімен өткен кездесуде Қазақстанның Ұйымның сот саласындағы бастамаларына белсенді қатысуын ескере отырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары қарастырылды. Биыл Қазақстан алғаш рет ДЗМҰ Судьялардың консультативтік кеңесінің құрамына енгені, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің судьяларына арналған салалық іс-шаралар шеңберінде ДЗМҰ-мен өзара іс-қимылды жалғастырып отырғаны атап өтілді.Сол күні ДЗМҰ-ның Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) жөніндегі департаментінің өкілдерімен де кездесу өтті. Онда Қазақстан Республикасының өтінім берушілері тарапынан халықаралық өтінімдер беру мәселелері, сондай-ақ осы бағыттағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.9 шілдеде ДЗМҰ Академиясының өкілдерімен өткен кездесуде ДЗМҰ-ның өңірлік оқу-тренинг орталығын құру жөніндегі қол қойылған Ниеттер туралы хатты іске асырудың келесі кезеңдері қарастырылды. Аталған орталық өңір елдері үшін зияткерлік меншік саласындағы мамандарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңына айналмақ.Кездесулер барысында авторлық құқық мәселелеріне де ерекше назар аударылды. 9 шілдеде ДЗМҰ-ның Қолжетімді кітаптар консорциумының (Accessible Books Consortium) өкілдерімен өткен кездесуде Марракеш шартын іске асырудың практикалық аспектілері, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған және баспа ақпаратын қабылдау мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармаларға қолжетімді форматтар арқылы қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту мәселелері талқыланды. Осы күн тәртібінің жалғасы ретінде 10 шілдеде Шолпан Абдреева авторлық және сабақтас құқықтарды цифрлық басқаруға арналған WIPO Connect іс-шарасына қатысты.Бұдан бөлек, Ассамблеялар аясында ДЗМҰ-ның бейінді құрылымдарының өкілдерімен одан әрі практикалық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар жұмыс кездесулері өткізілді.Өткізілген кездесулер Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, өңірлік үйлестіруді кеңейтуге және сот, білім беру, патенттік және авторлық құқық салаларындағы практикалық бастамаларды ілгерілетуге бағытталды.Ассамблеялардың осы сериясы аяқталғаннан кейін Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдері тобының (ОАКШЕ) үйлестіру қызметі Қазақстанға өтеді. Бұл еліміздің зияткерлік меншік саласындағы ортақ өңірлік күн тәртібін қалыптастырудағы рөлінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1256757?lang=ru
Mirai Tech стартапы ДЗМҰ Global Awards 2026 финалында Қазақстанның инновациялық әлеуетін танытты 15.07.2026
Женева, 2026 жылғы 10 шілде – Қазақстандық Mirai Tech стартапы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ұйымдастырған беделді халықаралық WIPO Global Awards 2026 байқауының финалында Қазақстанды лайықты таныстырды.2026 жылы конкурсқа 126 елден 1 300-ден астам өтінім берілді. Көп сатылы іріктеу қорытындысы бойынша Mirai Tech 33 финалист қатарына кіріп, ДЗМҰ халықаралық мойындауына ие болған аз санды жобалардың біріне айналды.Қазақстандық стартап Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні 2026 жылғы тақырыбы – «Зияткерлік меншік және спорт» аясында арнайы «Спорт» санатында таныстырылды.Компания батареясыз жаңашыл үстілерді әзірледі. Олар спортшылардың қозғалыстарын бақылап, жарақат алу қатерін бағалай алады. Бұл шешім спортшылардың қауіпсіздігін арттыру және олардың дене жай-күнін бақылау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Mirai Tech-тің WIPO Global Awards 2026 финалына шығуы өзі маңызды жетістік болып табылады және қазақстандық инновациялық экожүйенің өсіп келе жатқан әлеуетін растайды. ДЗМҰ байқауының финалына қатысу қазақстандық стартаптардың халықаралық деңгейде бәсекелесуге және зияткерлік меншікті тиімді пайдалануға негізделген технологиялық шешімдер ұсынуға қабілетті екенін дәлелдейді.Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігі Mirai Tech командасын жоғары халықаралық мойындаумен құттықтайды және қазақстандық инновацияларды жаҺандық аренада ілгерілетуде одан әрі жетістіктер тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1256758?lang=ru
Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеудің алдын алу 15.07.2026
Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеудің алдын алу мақсатында аудандық сотта сот отырысы өткізілді.Сот отырысында «М» есімді сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысы қаралып, аудандық соттың қаулысымен қанағаттандырылды. Нәтижесінде сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігі 2 жыл 2 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.Жаза өтеу барысында сотталған бірнеше рет жазаны өтеу тәртібін өрескел бұзып, сот жүктеген міндеттерді орындамаған. Атап айтқанда, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тексерулер кезінде үйінде болмаған, сондай-ақ пробация қызметін алдын ала хабардар етпестен тұрғылықты мекенжайын өзгерткен.Аталған сот отырысының негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған сотталғандарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіру, олардың қайта құқық бұзушылық жасауының алдын алу және жаза өтеу тәртібін бұзудың құқықтық салдарын ескерту болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1256765?lang=ru
Қазақстан мен Чехия экономикалық дипломатияны нығайтуда 15.07.2026
Прага, 2026 жылғы 9 шілде - Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық және ғылыми дипломатия және даму саласындағы ынтымақтастық секциясының бас директоры Томаш Кухтамен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-білім беру және инновациялық салалардағы қазақ-чех ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Жуырда Чех Республикасының Премьер-Министрі Андрей Бабиштің Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға және оларды нақты бірлескен жобалармен толықтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақты даму қарқынын оң бағалады. Қазақстан мен Чехияның, тиісінше, Орталық Азия өңірі мен Еуропалық одақтағы өзара маңызды әріптестер екені атап өтіліп, өзара сауда көлемін ұлғайту, инвестициялар тарту, өндірістерді оқшаулау, заманауи технологияларды енгізу бағыттарындағы ынтымақтастықтың екі елдің де мүдделеріне толық сәйкес келетіні айтылды. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы маусым айында Брюссельге жасаған сапары, Еуропалық одақ басшылығымен және еуропалық бизнес қауымдастық өкілдерімен өткізген кездесулерінің нәтижелері жөнінде ақпарат ұсынылды.Кездесуде Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия үкіметаралық комиссиясының қызметіне екіжақты өзара іс-қимылды үйлестірудің тиімді тетігі ретінде ерекше мән берілді. Осыған байланысты тараптар Комиссияның кезекті отырысын биыл күзде Чехияда табысты өткізуге мүдделі екендіктерін растады.Ғылыми-білім беру саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері де кеңінен талқыланды. Тараптар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және академиялық алмасуларды дамыту жөнінде пікір алмасты.Қ. Әбдірахманов чех тарапын 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Аталған реформалардың құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және орнықты экономикалық өсімге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.Сонымен қатар халықаралық ұйымдардағы өзара қолдау мәселелері мен Қазақстан Республикасының жаһандық бастамалары, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама жөнінде пікір алмасу болды.Кездесу Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін және стратегиялық сипаттағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдетуге деген ортақ ұмтылысты тағы бір мәрте айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1256724?lang=ru
Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық МКД бейінді басқармаларының қатысуымен көшпелі семинарлар өткізді 15.07.2026
💠 10 шілдеде Тараз қаласында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық МКД бейінді басқармалары басшыларының қатысуымен көшпелі оқу семинарларді өткізді.🔹 Бейінді аумақтық бөлімшелермен көшпелі оқыту семинарлары мен кеңестері жетекшілік ететін бағыттар, өңірлік практиканы зерделеу, проблемалық мәселелерді талдау және ЕАЭО елдерімен шекарадағы бақылау шаралары, экспорттық бақылау және ЗТ және ЖК салық берешегін өндіріп алудың жаңа тәсілдері сияқты мәселелер бойынша бірыңғай шешімдер әзірлеу сұрақтары бойынша өткізілді. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуге арналған.🔹 Аталған семинарлар мен кеңестер нәтижелі және сындарлы түрде өтті. Өңірлердің жұмыс бағыттары бойынша ағымдағы жағдайлар, сондай-ақ жекелеген бағыттардың маңызды мәселелері айтылды, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері тарапынан барлық назар аударарлық бастамаларға қолдау көрсетілді🔹 Салықтық әкімшілендіруде жаңа тәсілдерді іске асыру мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ыңғайлы және ашық жүйесін қалыптастыруға, салық саясатын сапалы іске асыруға бағытталған.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1256732?lang=ru
Қазақстандық компания WIPO Global Awards 2026 байқауының финалистері қатарына енді 15.07.2026
2026 жылғы 10 шілдеде Женева қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеяларының 68-сериялы отырыстары аясында инновациялар мен зияткерлік меншік саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі – WIPO Global Awards 2026 сыйлығын табыстау рәсімі өтті.WIPO Global Awards сыйлығы жыл сайын тек технологиялық шешімдер әзірлеп қана қоймай, сонымен қатар зияткерлік меншікті бизнесті дамыту, инвестиция тарту және халықаралық нарықтарға шығу құралы ретінде тиімді пайдаланып жүрген шағын және орта кәсіпорындар мен стартаптарға беріледі. 2026 жылы байқауға әлемнің 126 елінен шамамен 1 300 өтінім келіп түсті. Көпсатылы іріктеу қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар 33 финалисті анықтады.Қазақстан үшін ерекше маңызға ие жайт – байқау финалистерінің қатарына медициналық және спорттық технологиялар саласында жұмыс істейтін жоғары технологиялық қазақстандық Mirai Tech стартапының енуі. Компания ДЗМҰ 2026 жылы Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік күннің тақырыбы аясында алғаш рет тағайындаған «Спорт» арнайы номинациясы бойынша үздік үш финалистің қатарына кірді.Жаңа номинацияда Mirai Tech Қазақстан Республикасының атынан АҚШ пен Швейцария компанияларымен бірге бақ сынап, жасанды интеллект, биомеханика және спорттық медицина бағыттарындағы отандық әзірлемелердің жоғары әлеуетін айқын көрсетті.Аталған номинация бойынша жеңімпаз Швейцария компаниясы атанғанымен, қазақстандық компанияның WIPO Global Awards байқауының финалистері қатарына енуі ұлттық инновациялық экожүйе үшін маңызды халықаралық жетістікке айналды. Бұл отандық технологиялық шешімдердің жаһандық деңгейде табысты бәсекеге түсе алатынын айқын дәлелдейді.Mirai Tech – Астана қаласында құрылған қазақстандық deep-tech стартапы. Компания медициналық оңалту, спорттық медицина және дене жүктемесін мониторингтеу үшін автономды сенсорлармен жабдықталған интеллектуалды нанотабандықтарды әзірлейді. Бұл технология адам қозғалысының биомеханикалық деректерін нақты уақыт режимінде жинап, талдауға және оларды пациенттерді оңалтуда, спорттық жарақаттардың алдын алуда, сондай-ақ жаттығу процесінің тиімділігін арттыруда қолдануға мүмкіндік береді.Mirai Tech компаниясының WIPO Global Awards байқауының финалына қатысуы қазақстандық инновациялық жобалардың халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттырып, отандық технологиялық әзірлемелерді жаһандық нарықта ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1256737?lang=ru
БАӘ Сот әкімшілігінің делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді 15.07.2026
БАӘ Сот әкімшілігінің делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келдіҚазақстанға Біріккен Араб Әмірліктері Абу Даби қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті төрағасының орынбасары, сот кеңесшісі Юсуф Саид Әл-Абри бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында делегация мүшелері Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметімен танысып, жазаларды орындау, сотталғандарды басқару, оларды жұмыспен қамту, оңалту, қайта әлеуметтендіру және сыныптау саласындағы отандық тәжірибені зерделеді. Сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жүйесін ұйымдастыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында тараптар қылмыстық жазаларды орындау саласындағы озық тәжірибелерімен алмасып, қол жеткізген нәтижелері мен алдағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.Сонымен қатар, шетелдік делегацияға Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1256739?lang=ru
Бизнеспен ашық диалог: СӨҚ қатысушылары мен «Алматы КРӨ» кеден бекетіне арналған семинар 15.07.2026
Кедендік ресімдеу орталығының базасында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.Талқылау тақырыбы: «Тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдану нәтижелері негізіндегі камералдық кедендік тексеру».Спикер: Мамраев Жомарт Болатович - МКД Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының Кедендік мониторинг және құн бөлімінің бас маманы.Кездесу барысында мынадай мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды:- ТБЖ негізінде камералдық тексерулер жүргізу механизмдері;- Кедендік құнды бақылаудың өзекті мәселелері;- Декларациялау кезінде тәуекелдерді азайту бойынша практикалық ұсынымдар.Семинарға қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын тікелей қойып, бірінші тұлғалардан білікті түсініктемелер ала алды. Өзара іс-қимылдың мұндай форматы әкімшілік кедергілерді азайта отырып, мемлекет пен бизнес арасындағы ашық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1256719?lang=ru