Қоғам
Алматы қаласының Түрксіб ауданында газ құбыры бүлінгеннен кейін жылумен жабдықтауды кезең-кезеңімен қосу басталды 17.01.2025
Алматы қаласының Түрксіб ауданында газ құбыры қалпына келтірілгеннен кейін үш жергілікті газ қазандығының жұмысы қайта жанданды, абоненттер үшін газбен жабдықтау жұмыстары басталды.Сағат 14:00-де коммуналдық қызметтердің жедел іс- қимылының арқасында газ құбыры қалпына келтіріліп, жүйені қысу жүргізілді. Мамандар абоненттерді қауіпсіз қосу үшін үй -үйді аралауды жалғастыруда.Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарға қараған түні «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше жүргізу барысында орташа қысымды газ құбыры бүлінген болатын. Жеке тұлғалар жіберген бұзушылықтың салдарынан бірнеше қазандықтардың жұмысы тоқтатылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920244
Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды 17.01.2025
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Түрксіб ауданында ағаштарды заңсыз кесу фактісін анықтады.Көшпелі тексеру барысында Жер ресурстарын басқару департаменті, полиция департаменті және Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 50 жылдан асқан емен ағашының заңсыз кесілгені расталды (жасыл желектерді тексеру актісі жасалып, ағаштардың түрі, жасы және діңінің диаметрі көрсетілді). Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар жалпыға ортақ жерлерде өскенін және сирек кездесетін әрі жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген.Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы («Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау») бойынша қылмыстық іс қозғады.Алматы қаласындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, заңсыз кесілген, жойылған немесе сирек және жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген жасыл желектерге қатысты сол түрдегі (қосымша түрлерін) өсімдіктердің орнына жүз есе көлемде ағаш отырғызу қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.Айта кету керек, Басқарма уәкілетті орган ретінде 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне» енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат бермейді.Іс Алматы қаласының полиция департаменті мен Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920247
Маңғыстау облысының әкімі мен Иранның Бас консулы сауда қатынастарын дамытуды талқылады 17.01.2025
Бүгін, 17 қаңтар күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Ғоламреза Хашемимен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы экономикалық, сауда және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында Ғоламреза Хашеми алдағы уақытта Иранда өтетін мемлекетаралық ресми іс-шаралар туралы ақпарат беріп, жоспарларымен бөлісті.
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді. Өңір басшысы екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға барлық қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
- Маңғыстау облысы Иранмен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым ашық. Өңіріміздегі сауда және кәсіпкерлік жобаларды іске асыру арқылы екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге мүдделіміз. Біз барлық бірлескен бастамалар мен іс-шараларды қолдауға дайынбыз. Сондай-ақ, биыл Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы болып бекітілді. Осыған орай, сәуір айында ауқымды шараның ресми ашылу рәсімі өтеді деп жоспарлануда. Сол шарада Иран делегациясын да көргіміз келеді, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, Иран Ислам Республикасының Маңғыстау облысының сыртқы сауда қатынастарындағы рөлі ерекше. Қазіргі уақытта өңірде Иран капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 66 кәсіпорын жұмыс істейді. Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 38,3 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 5,1 миллион АҚШ доллары, ал импорт – 33,2 миллион АҚШ доллары.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/919845
Темір ауданының екі ауылында жаңа медициналық мекеме ашылды 17.01.2025
Бүгін Алтықарасу ауылында дәрігерлік амбулатория және Ақсай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді.Жаңадан салынған медициналық ғимараттар ауыл тұрғындарына заманауи талаптарға сай әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге толықтай дайын.Күніне 40 науқасты қабылдауға қауқарлы бірқабатты мекеме ғимараты медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, вакцинация кабинеттері, акушер, физиотерапия, туберкулезге қарсы кабинет, 4 керуеттік күндізгі стационар, сондай-ақ, дәріхана орналасқан.Алтықарасу ауылының дәрігерлік амбулаториясының бас мердігері – «КазПромСтройГрупп» ЖШС, жоба құны – 393 млн. теңге. Ал Ақсай ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінің бас мердігері - ПТ «ЕРКЕН и К», жоба құны - 190 млн.теңгені құрайды.Бұдан былай, Алтықарасу және Қайыңды ауылдық округтеріне қарасты 6 елдімекеннің 2,5 мыңға жуық тұрғыны қажетті анализдерді тапсыру, күндізгі стационарда ем алу, реабилитациядан өту және басқа да маңызды қызметтер алу үшін аудан орталығына бармай-ақ, осы Алтықарасудағы амбулаторияға жүгіне алады.Медициналық қызмет көрсететін мекеменің ашылу салтанатына қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Мұратжан Қажығалиев, аудан әкімі Алмас Жақсылықов ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтап, мекеме ұжымына сәттілік тіледі.«Бұл Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Біз әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастырамыз»,- деді Алмас Жақсылықов.Ақсай және Алтықарасу ауылдарының тұрғындары жаңа медициналық мекеме салынып, ел игілігіне берілгеніне ризашылықтарын білдірді.«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Жаңа жылда ауылымызда жаңа амбулатория ашылып жатыр. Барлық кабинеттер жаңа жабдықтармен жасақталған. Менде осы жерде 35 жыл жұмыс істеп, зейнеркерлікке шықтым. Бізден кейін жас мамандар, медбикелер, дәрігерлер келіп жатыр. Осы медицина қызметкерлері, жаңа амбулаториямыз халыққа қызмет етеді деп сенеміз. Жалпы ауылымызда жағдай жасалған», - деді Алтықарасу ауылының тұрғыны Гүлжан Мырзағұлова.Жаңа амбулатория – Ақсай және Алтықарасу ауылдарының тұрғындарына уақытылы әрі қолайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік бере отырып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы жұмыстың бір көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/920282
Көкпекті ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді 17.01.2025
Көкпекті ауданының экономикасында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда ауданда 1280 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.ШОБ субъектілерінің жалпы санының 6,2% (79 бірлік) заңды тұлғаларға, 39,2% – ы (502 бірлік) - жеке кәсіпкерлерге, 54,6% - ы (699 бірлік) - шаруа қожалықтарына тиесілі. Шағын кәсіпкерлік саласында 2900 адам жұмыспен қамтылған.«Аудан тұрғындарына 20 қоғамдық тамақтандыру, 125 дүкен, 1 базар, 7 дәріхана, 5 наубайхана, 2 жанармай құю станциясы, 4 қонақ үй, 9 шаштараз және 2 компьютерлік орталық қызмет көрсетеді. Сондай - ақ 5 техникалық қызмет көрсету станциясы, 9 дөңгелек жөндеу цехы, 2 сақтандыру агенттігі, жолаушылар және жүк тасымалдау қызметтері, нотариаттық кеңселер, ветеринарлық клиникалар, киім және аяқ киім жөндеу шеберханалары, жиһаз және пластик терезелер шығаратын цехтар жұмыс істейді», - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Байсенгиров.Экономика секторында жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады. 2024 жылы ауданда екі ірі инновациялық жоба іске қосылды. Солардың бірі - сүт-тауарлы фермасын кеңейту. Жоба 18 сауу жабдығын орната отырып, ферманың қуатын 1000 басқа арттыруды қамтиды. Күнделікті сүт өндірісі 30 тоннаға дейін, ал жылдық сүт өндірісі 15000 тоннаға дейін артады. Жобаны жүзеге асыру үшін Германиядан 476 млн теңгеге 349 симменталдық асыл тұқымды нетель әкелінді. «Eastern Gold» ЖШС қажетті инфрақұрылымы бар Доре алтын-күміс қорытпасын өндіретін зауыт құрылысының жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны - 1100 млн теңге. Кәсіпорын жылына 200 мың тонна кен өндіруге қауқарлы.Ауданда 2024 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты қатысушы жалпы сомасы 8,8 млн теңгеге грант алды. Аз қамтылған отбасыларға 3 грант, көп балалы отбасыларға 2 грант, мүмкіндігі шектеулі адамға 1 грант берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/919714
Облыс әкімі ұшақта адам өмірін сақтап қалған болашақ дәрігердің резидентурадағы оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты 17.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 10 қаңтарда «Қызылорда - Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған жерлесіміз Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.Дінмұхаммедтің жас болса да, шұғыл әрі батыл, сауатты әрекет жасағанына ризашылығын білдірді. Баласына жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін ата-анасына алғысын жеткізді. Интерн маман оқуын әрі қарай үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлаған. Аймақ басшысы елдің атынан алғыс ретінде Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты. «Дінмұхамед медициналық көмекке мұқтаж азаматқа дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Оның уақыт оздырмай қабылдаған шешімі, сауатты іс-қимылы өзі сияқты медицина мамандығында білім алатын жастарға үлгі-өнеге болды.Бұл арқылы Дінмұхамед өз мамандығын жақсы меңгергенін ғана емес, ата-анасынан, ұстаздарынан, аға буын әріптестерінен тағылымды тәрбие алғанын көрсетті. Дінмұхамед секілді жас мамандар – еліміздің болашағы. Біз осындай азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп, ерлік ісін өскелең ұрпаққа үлгі етіп насихаттауымыз қажет.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жай ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды тұрақты түрде қолдауымыз керек» деген болатын.Білімді, білікті, адал, туған елінің патриот жастарын қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді. Президентіміз тек жастардың ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың, қарапайым еңбек адамдарының өнегелі істерін әрдайым көпке үлгі етіп айтып келеді. Өз мамандығын жетік білуге талпынған, үздік оқитын, патриот азаматты тәрбиелеп өсірген сіздерге және ұстаздарға барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан зор ризашылығымды білдіремін», – деді Н.Нәлібаев.Еске салайық, Дінмұхаммед Бектұрған Астана медицина университетінің 7- курс студенті. Қазір интернатурада оқиды. Кеше Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дінмұхаммедті министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Интерн маман Астана медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Анар Тұрмұхамбетованың, «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалының жетекшісі Мұхаммед Болысбектің және «ҚазақЭйр» компаниясы экипаж командирінің «Алғыс хаттарына», 4 тегін авиабилетке ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/919987
Қазақстан ТЖМ крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады 17.01.2025
Дәстүрлі түрде шомылдыру рәсімінен өтетін "Иеміздің шомылуы" христиандық мерекесі қарсаңында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Биылғы жылы мерекеге дайындық аясында ел өңірлерінде қыс мезгілінде жаппай шомылу үшін 250 ресми орын ұйымдастырылады. Қауіпсіз шұңқырлардың толық тізімімен жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаменттерінен танысуға болады. Бүгінгі таңда барлық орындар қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмейтініне ерекше назар аударған жөн. Барлық нысандарды жабдықтау жұмыстары мереке басталғанға дейін аяқталады. Жаппай шомылу орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушы сүңгуірлерді, шұғыл ден қою бригадаларын және полиция қызметкерлерін қоса алғанда, 2 395 қызметкер шомылуға кезекшілік ететін болады. Жедел ден қою үшін арнайы көліктің 588 бірлігі тартылатын болады. ТЖМ азаматтарды шомылу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: - шұңқырға түспес бұрын, сіздің денсаулығыңыз бұған мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз. Созылмалы аурулары бар және жүрек проблемалары бар адамдарға шомылудан бас тарту ұсынылады. - қауіпсіз шомылуға арналған судың температурасы 0 градустан төмен болмауы керек. - тек арнайы дайындалған және қауіпсіз жерлерде шомылу керек. - қатты ағын мен тұзақтары бар жерлерден аулақ болыңыз. - компанияға сүңгіңіз, жалғыз сүңгуден аулақ болыңыз. Жақын жерде көмектесетін адам болса жақсы. - жылы киім мен тайғақ емес аяқ киім киіңіз. - суға түсер алдында бұлшықеттерді жылыту және денені суық суға дайындау үшін жылыту ұсынылады. - тез суға түсіңіз және гипотермияны болдырмау үшін су астында ұзақ тұрмаңыз. - кезекті қадағалаңыз, ойықтың шетіне жиналмаңыз. Шомылғаннан кейін тез орап, жылы киім киіңіз. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жаппай шомылуға 72 мыңнан астам адам қатысты. Қазақстан ТЖМ жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығына назар аударады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/919183
ҚР Қаржы министрі М. Такиев: Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстанға инвестицияларының өсуінде жеке сектор шешуші рөл атқарды 17.01.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстан кіретін Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) австриялық тобының директоры Элизабет Вицтуммен кездесу өткізді.Кездесуде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың жалпы басымдықтары, сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылғы 13-15 Мамырда Ұлыбританияның Лондон қаласында өтетін ЕҚДБ-ның жыл сайынғы жиналысына қатысуы талқыланды. Қазақстан үшін инвестициялық сессияны өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.Элизабет Вицтум Қазақстанның Орталық Азиядағы ЕҚДБ-ның негізгі серіктесі ретіндегі маңызды рөлін атап өтті және Банктің экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін Стратегиялық жобаларды қолдауды жалғастыруға дайын екенін білдірді.Мәди Такиев ЕҚДБ-мен өзара іс-қимылдың жоғары маңыздылығын атап өтіп, Банктің инвестицияларды тарту және елдің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі бастамаларды іске асыруға қосқан үлесін оң бағалады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындығын растады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық өсуін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін елеулі әлеуетті атап өтті.Кездесуге ЕҚДБ Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзхан және Қазақстан бойынша басшының орынбасары Асқар Намазбаев қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/919326
Жаслан Мәдиев БАӘ мемлекеттік басқару өкілдерімен жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады 17.01.2025
Қазақстан Республикасының Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ресми сапары аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев цифрлық сала мен жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне арналған бірнеше кездесулер өткізді.БАӘ Министрлер кабинетінің бәсекеге қабілеттілік мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лутамен өткен келіссөздер барысында тараптар екі елдің салалық министрліктері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, экономиканың әртүрлі секторларындағы реттеуші зертханалар аясындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық трансформация және жасанды интеллект сияқты бағыттарда БАӘ-де оқыту бағдарламаларын талқылады.Тараптар реттеуші зертханалар шеңберіндегі алғашқы бағыттардың бірі ретінде жасанды интеллект саласын таңдап, осы саланың реттеуі мен дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін реттеуші нормаларды әзірлеу туралы келісті.Оқыту мәселесінде Қазақстан БАӘ Үкіметтік тәжірибе алмасу офисімен тығыз ынтымақтастық жасауда, осы ынтымақтастық аясында 800-ден астам мемлекеттік қызметкер тренингтер, семинарлар және алмасу бағдарламалары арқылы білім алды.Сондай-ақ, цифрлық даму министрлігінің делегациясы БАӘ Мемлекеттік акселераторына барып, саларалық міндеттерді шешу үшін жобалық әдістерді қолдану, акселерациялық бағдарламалардың табысты кейстері және Қазақстанда осындай тәсілдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.Делегация қосымша БАӘ-дегі мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынатын Services 1 халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын зерттеді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау, мемлекеттік органдарды рейтингтеу мәселелері талқыланып, екі елдің ХҚКО жұмысын жетілдіру әдістемелерімен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.БАӘ жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу бойынша қосымшалар жөніндегі мемлекеттік министрі Омар бин Сұлтан әл-Оламамен кездесу барысында тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.Кездесу барысында компаниялардың сұраныстарына сәйкес технологиялық шешімдер әзірленетін Дубай болашақ зертханасы көрсетілді. Бұл зертхана нарықтың өзекті технологиялық міндеттерін шешу үшін техникалық құзыреттіліктерді арттыруға және нарықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Қазақ тарапына БАӘ зерттеу орталықтары мен компанияларының Қазақстандағы alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы аясындағы бастамаларға қосылуы ұсынылды. Министр әл-Олама 2025 жылы өтетін Digital Almaty 2025 форумына қатысуға және болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылауға шақырылды. ЦДИАӨМ Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/918834
Қазақстандағы ТМККК пакеті медициналық көмектің кең спектрін қамтиды 17.01.2025
Қазақстандағы ТМККК пакеті медициналық көмектің кең спектрін қамтиды:
1. Шұғыл және кезек күттірмейтін көмек 2. Профилактикалық қарап-тексерулер және вакцинациялау 3. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 4. Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау (инсульт, стенокардия, артериялық гипертензия, демікпе, нефрит және тыныс алу және ас қорыту ағзаларының аурулары және т. б.) 5. Әлеуметтік мәні бар ауруларымен ауыратын пациенттерді емдеу (онкология, туберкулез, қант диабеті, психикалық бұзылулар, АИТВ-ЖИТС, инфекциялар және т. б.) 6. Қымбат жоғары технологиялық операциялар 7. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек 8. Халықтың нысаналы топтарының скринингтері 9. Қан препараттарымен қамтамасыз ету10. Паллиативтік көмек
Салыстыру үшін басқа елдердегі ТМККК пакеті:
Германия мен Нидерланды - тек ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім
Литва - шұғыл медициналық көмек
Эстония - 4 ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек (АИТВ\ЖИТС, туберкулез, психикалық аурулар, инфекциялар және шұғыл медициналық көмек)
Ресейде мемлекеттік медициналық көмек пакетіне мыналар кіреді: санитариялық авиация, АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез және психикалық аурулар.
Қазақстанда ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/918457
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ 17.01.2025
Шымкентте әлеуметтік қолдау және еңбек нарығын дамыту бағытында маңызды қадамдар жасалуда. 2024 жылдың қорытындысымен елімізде бірнеше ауқымды жобалар мен бағдарламалар өз нәтижесін беріп, азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралар орындалды.Қоныс аударған қандастар саны артып келеді. Мегаполисте 2024 жылға қандас мәртебесін алу жоспарланған 1275 адам болса, жыл соңына дейін 826 азамат қандас мәртебесін алған. Бұл көрсеткіш, әсіресе, елдің оңтүстік және шығыс өңірлеріне қоныс аударған қандастар үшін әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етуде.Шаһарда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылған «Бастау Бизнес» жобасы да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жоба шеңберінде оқу процесінен өтіп, жеке ісін ашуға ниетті 3 383 адам тіркелген. Олардың 2 612-сі оқуды аяқтап, 556 адам оқуға дейін жеке кәсібін ашқандар. Қалған 2 056 адамнан 1032 адам өз кәсібін ашты. Бұл жоба аясында жоспардың 50,2%-ы орындалып, еліміздің шағын және орта бизнесін дамытуға елеулі үлес қосылды.Жұмыссыздықты төмендету мақсатында 2024 жылдың соңына дейін субсидияланатын жұмыс орындарына 7 166 азамат жолданған. Бұл бағдарламаның арқасында 5 377 адам жұмысқа орналасып, оның ішінде 3500 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткіштің 65,1%-ы құрайтынын ескерсек, субсидияланатын жұмыс орындары арқылы тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда.Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруда жеке сектордың рөлі маңызды артықшылықтарға ие. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 7 646 жұмыс беруші, оның ішінде 7 344 жеке кәсіпорын қатысқан. Осылайша, жеке сектордың үлесі 96%-ға жетіп отыр.Шымкент қаласында 23 342 жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 15 037 кәсіпорында 21 609 адам жұмысқа орналасты. Бұл жоспардың 92,6%-ы орындалып, Шымкенттің еңбек нарығы айтарлықтай жанданып келеді.Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы да жұмысқа орналастыру деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарды. 2024 жылға 1 110 адамды кәсіби оқыту жоспарланып, 670 адам оқуға жолданды. Оның ішінде 393 адам оқуын аяқтап, 297 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіштің 75,6%-ы жұмыспен қамтылғандардың үлесін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/920279
ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ТЕХНИКА ҚОЙЫЛДЫ 17.01.2025
Су және кәріз жүйелері халықтың өмір сапасын жақсартуда және қаланың дамуында маңызды рөл атқарады. Осы орайда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және сала мамандары кезекті аралау барысында Абай ауданындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жаңа арнайы техникасымен танысты. Бұл техника заманауи және пайдалануға ыңғайлы. Ол кәсіпорын қызметкерлеріне су және кәріз желілеріндегі апаттарды жылдам жоюға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының уақытын қысқартып, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұдан соң «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы» мен Кеңес Одағының Батыры С. Рахимов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыс басқармасының басшысына құрылыс жұмыстары мен нысан маңындағы аумақты абаттандыруды қатаң бақылауды тапсырды.Бұдан бөлек, қалалық аялдамаларға қоғамдық көлік бағыты мен қозғалыс кестесін көрсететін электронды тақта орнату жобасының іске асырылу барысын тексерді. Биыл жобаның бірінші кезеңі аясында Шымкентте 100-ден астам аялдамаға ақпараттық дисплей орнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/920292
Облыста халықты баспанамен қамтамасыз ету жалғасуда 17.01.2025
2024 жылы Абай облысының Құрылыс басқармасы 364 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштің 100,1 пайызын құрайды. Бұл жүздеген отбасыға баспаналы болуға мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерге ерекше назар аударылып, жалпы ауданы 79,5 мың шаршы метр болатын 1070 пәтер сатып алынды. 2024 жылы кезекте тұрған 848 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 155 жетім бала, 307 халықтың әлеуметтік осал топтары, 225 көпбалалы отбасы, 91 мемлекеттік қызметкер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, үйлері апатты деп танылған 70 жерлесіміз бар.«Облыс биыл да несиелік тұрғын үй құрылысын белсенді жалғастыруды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлермен қатар жеке секторлы үйлер де салынады. Семей және Аягөз қалаларында жалпы ауданы 54,6 мың шаршы метрді құрайтын 14 үйдің құрылысы жүруде. Алдағы уақытта тағы 6 көп қабатты құрылысы басталады. Бұл көптеген отбасыларға тиімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді», - дейді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде кезекте тұрғандар саны 19 850 адам.Қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудегі негізгі шаралардың бірі «Отбасы Банк» АҚ арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру болып қала береді. Қазір үш негізгі бағдарлама ұсынылуда: Несие мерзімі 19 жылға дейінгі «Наурыз» бағдарламасы, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9% – ға дейінгі «Отау», сондай-ақ «ТКШ дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберіндегі бағдарлама ХӘОТ үшін – 2%, қалған кезекте тұрғандар үшін – 5%. Жалпы, соңғы бір жылда 1695-тен астам адам түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы жаңа пәтерлер мен үйлерде қоныс тойын тойлады.«Семей қаласы әкімдігі мен «Отбасы» банкі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Абай жастары» өңірлік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Бұл бастаманың мақсаты – білікті мамандарға жеке баспана сатып алу мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету, сол арқылы жалдау ақысын төлеу қажеттілігін болдырмау. Бағдарлама аясында 2024 жылы облыстың жұмысшы жастары арасынан 19 отбасы баспаналы болды. Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жастар бағдарламасы жүзеге асып жатыр», - деді облыс әкімінің орынбасары.Барлық санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы 2025 жылы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/919579
Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 17.01.2025
Т.Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.Жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Синдикат групп» ЖШС-сы жүргізді. Жобаға бюджеттен 298 млн. теңге бөлінген.Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған бірнеше кабинет қарастырылған.Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында 35 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші 92 пайызды құрайды.Өткен жылы Қайыңды және Қорағаты ауылында дәл осындай фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын.Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/920294
БҚО-да көктемгі су тасқынына қарсы дайындық қызу жүріп жатыр 17.01.2025
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы пысықталды.Облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдағы су тасқыны кезеңі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті. Осы ретте, су басу қаупі бар аумақтарда тасқынның алдын-алу жұмыстары қызу жүріп жатыр.Өңірдегі Жайық өзенінің бойы бекітіліп, су басу қаупі бар аумақтарға 102 шақырымды құрайтын 54 қорғаныс бөгеттері тұрғызылған. Ресурстар бойынша: 1817 бірлік техника, 4 мыңнан астам жұмылдырылады.Айта кетерлігі, облыста көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жаз айларында басталған болатын. Мамандар қауіпті аймақтарды зерделеп, нәтижесінде алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы Жол картасы әзірленген.Казгидромет мамандарының болжауынша, биылғы жылы да су тасқыны қаупі бар. «Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей мөлшерде жауын-шашын жауды. Осының нәтижесінде Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек және Орал қаласында жердің бетінде 2 см қалыңдықта мұз жабындысы пайда болды. Ауа райы күрт жылып, жаңбыр мол жауатын болса, наурыз айында бұл мұз жабындысы су тасқынына әкелуі мүмкін» –деді «Қазгидромет» РМК БҚО филиалы директоры Т.Шапанов.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су қоймалары мен тоғандардың жағдайын бақылау, тасқын суды өткізуді қамтамасыз ететін арналарды, каналдарды, арықтарды тазалауды, сонымен қатар су тасқынын жоюға арналған күш пен құралдардың, қорғаныс бөгеттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. «Көктемге барынша дайын болу керекпіз. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы жүргізуіміз маңызды. Қала, аудан әкімдері және тиісті мекемелердің осы жұмыстарды күшейтуін тапсырамын» – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/919907
Астанадан бір түнде 24 мың текше метрден астам қар шығарылды 17.01.2025
Астанада таңертең қалың қар жауады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз режимде қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 17 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 652 жол жұмысшысы және 1 470-тен астам арнайы техника шықты.17 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 926 рейспен 24 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 260 145 ауыр жүк рейсімен 3,3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919581
Курстан құқықтық көмекке дейін: астаналық ҮЕҰ тұрғындардың әлеуметтік осал санаттарына қалай көмектеседі 17.01.2025
Елордада көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға белсенді түрде қолдау жасап, көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдар бар. Сондай ұйымдардың бірі – Strong Mothers NS қоғамдық қоры. Оның директоры Райгүл Серікбаева қор атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Райгүл Серікбаева Астанада Bilim al білім беру жобасын жүзеге асырып жатыр. Білімі бойынша мұғалім, көпбалалы ана елордада төрт орталық ашып, онда ағылшын, қазақ, орыс, математика пәндерінен сабақ береді, сол сияқты мектепке дайындық тобы бар.Қосымша білім берумен қатар, домбыра, фортепиано, вокал, сурет, шахмат сынды шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Орталықтардың белсенді тәрбиеленушілері түрлі байқаулар мен іс-шараларға қатысады.Орталықтарға көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары жеңілдікпен келеді. Жаздың екі айында балаларға ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылық тегін оқытылады. Осы жылдың наурыз және сәуір айларында орталықтарда аналарға арналған тегін ағылшын тілі, компьютерлік және цифрлық сауаттылық курстары ашылады.Қоғамдық ұйымда Астананың шетінде тұратын қамқорлықтағы отбасылар да бар.«Біз бір реттік азық-түлік көмегін береміз. Қамқорлығымыздағы екі отбасыға қайырымдылық қоры арқылы пәтер алуға көмектестік», - дейді Райгүл Серікбаева.Орталықтарда балабақшаға кезекке тұру, мектепке қабылдау, жоғары оқу орнына түсуге көмек көрсету, тұрғын үй бағдарламасына құжаттарды жинау сияқты қызметтерді алуға тегін көмек көрсететін кеңселер бар. Адвокаттар ажырасу, алимент өндіру және банк шоттарын бұғаттаудан шығару бойынша кеңес береді.Орталықтар күн сайын мына мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:- Уәлиханов көшесі, 3;- Қошқарбаев даңғылы, 39;- Кемеңгерұлы көшесі, 11;- Молдағалиева көшесі, 2.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919670
Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерінінің заңсыз сатылуы бойынша рейд жүріп жатыр 17.01.2025
Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осындай тексеру іс-шарасы Сарыарқа ауданындағы дүкендерде жүргізілді. Оған аудан әкімдігі, аудандық полиция басқармасы, сондай-ақ елордалық белсенді жастар қатысты.Ең алдымен шағым көп түсетін аумақтар тексеріледі. Мысалы, ескі темір жол вокзалы аумағы. Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіледі.2024 жылы қалада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 70 жағдай анықталды. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден асатын мөлшерде айыппұл салынды.Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері және т.б. қамтылды.«Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленетін болады. Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады», - деді Сарыарка ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919726
Астанада насыбайдың заңсыз саудасы анықталды: рейд жүріп жатыр 17.01.2025
Елорданың Есіл ауданында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері насыбай мен снюстың заңсыз айналымы фактілерін анықтау мақсатында кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Аудан әкімдігінің өкілдері мен полиция бөлімшелерінің қызметкерлері де шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға тыйым салу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізді.Тексеру барысында 10 сауда нысаны тексеріліп, оның бірінде тыйым салынған насыбайдың сатылғаны тіркелді.Сауда нүктесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.Есіл ауданы әкімдігінің басшысы Әли Жолтабар мұндай іс-шаралар қала тұрғындары үшін салауатты және қауіпсіз орта құруға ықпал ететінін атап өтті.«Біз осындай тауарлардың таралуын болдырмау және тұрғындарды олардың қауіптері туралы хабардар ету үшін осы бағытта белсенді жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.Құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған рейдтер жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға және кәсіпкерлердің заңды сақтаудағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Шара барысында Астана қаласының барлық алты ауданында дүкен сатушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919839
Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан астам бұзақы ұсталып, жазаланды 17.01.2025
Астанада вандализм және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерімен күресу бойынша қарқынды және күшейтілген жұмыстар жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала басшылығымен бірлесе отырып, осындай заң бұзушыларды анықтауға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам бұзақылық оқиғасы анықталды. 2025 жылы жыл басынан 393 мың 200 теңгені құрайтын 10 факті тіркелді.Бұзақылық жасағаны үшін 337 азамат жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды.Барлық құқық бұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды.Естеріңізге сала кетейік, бұзақылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салынып, өтемақы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін.Полицейлер қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Акцияның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайды тоқтату және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Бұзақылықтың алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура және полиция бөлімімен келісе отырып жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920078