Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТҮРКІСТАН: ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ 18.01.2025
Түркістан облысы дін істері басқармасының жанынан «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылған болатын. Бүгін, осы клуб аясында «Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері мен клуб мүшелері қатысты.–Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтауы мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі. Тек мешіт соғамын деген кәсіпкерлер мен меценаттарға басқа да сауапты істердің бар екендігін жеткізгім келеді. Қоғамның, елдің игілігі үшін әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды ретке келтірген жөн. Сонымен қоса салт-дәстүрімізді ескере отырып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын және ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау жұмыстарына баса назар аударылса дейміз. Өздеріңізбен бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту.Жиын барысында діни конфессия басшылары мен жетекшілері ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықтың нығаюы жолында атқарар іс-шаралар мен қоғамда орын алып жатқан діни мәселелерді шешу жолдары талқыланды.Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысының аумағында 6 діни конфессияға енетін жалпы 773 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестіктер мен оның 5 филиалы бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919622
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ЖЫЛДА 14 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 18.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған бағдарламалар үлкен қолдауға ие болып келеді. Мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үй сертификаттары да маңызды рөл атқарады. Осы ретте тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыруға басымдық берілуде.– Тұрғын үймен қамту өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 161 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде 1 174 коммуналдық тұрғын үймен және 977 ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.Одан бөлек, мемлекеттік қолдау арқылы азаматтар ипотекалық баспана алу мүмкіндігін жеңілдетіп, алғашқы жарнаны төлеу мәселесін де тиімді шешуге мүмкіндік алады. Тұрғын үй сертификаттары — бұл мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмек. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) осы сертификаттардың мөлшерін және оларды алу шарттарын анықтайды. Осылайша, әр өңірдің тұрғындары өз жергілікті бюджетіне сәйкес тұрғын үй сертификаттарын ала алады.Тұрғын үй кезегінің айқын болуы үшін тұрақты түрде түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы 3 818 азамат, ал 2024 жылы 4 599 азамат тұрғын үй кезегінен белгілі бір сәйкессіздіктердің анықталуымен шығарылған. Тұрғын үй кезегі толық электронды форматта жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар үй кезегін «кезекте.кз» порталы арқылы кез келген уақытта көре алады.Мониторинг жұмыстарының барысында көптеген кемшіліктер мен олқылықтар орын алған. Атап айтқанда, субсидия алып жатқан 5 мыңнан астам отбасыдан кемшіліктер анықталып, келісімшарттары қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тоқтатылды.Айта кетейік, тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Азаматтар өз кезегінен тыс пәтер алмайды немесе өзге адамның орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шаралар тұрғындардың сенімін арттырып, кезектің әділ түрде өтуін қамтамасыз етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919969
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ 18.01.2025
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасуда. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Онда көтерілген мәселелердің бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің шешілуіне уақыт қажет.Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалаларынан және Созақ, Сайрам, Келес, Сарыағаш аудандарының азаматтары келді. Олар сан түрлі мәселе көтерді. Қабылдау барысында жұмыс сұраған азаматтарға жұмыс ұсынылды, денсаулығына байланысты көмек сұрағандарға тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды. Сонымен қатар жер телімін алу, жануарлардың құқығын қорғау, өтемақы алу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайы қозғалып, ауыл шаруашылығы саласына байланысты ұсыныстар айтылды.Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аймақ басшысы кез келген көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, шешілуі өз бақылауында болатынын айтты.Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920074
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «GLOBAL TEXTILE GROUP» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ 18.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Global Textile Group» компаниялар тобының жетекшісі Музаффар Разаковпен кездесіп, мақта кластерін дамытуға бағытталған жобаның жүзеге асу барысын талқылады.Өзбекстанның мақта-тоқыма кластерімен айналысатын ірі компанияларының бірі «Global textile» Түркістан облысының Мақтаарал ауданында тоқыма фабрикасы мен логистикалық орталық ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Шетелдік компания 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын 5 ірі кәсіпорынды іске қосады. Жоба құны – 21 млрд.теңге.«Global textile Turkistan» жобасы аясында логистикалық орталық, мақта өңдеу зауыты, тоқыма фабрикасы, бояу, иіру цехтары мен тігін фабрикалары іске қосылады. Жылдық қуаттылығы 13,8 мың тоннаны құрайтын мақта өңдеу фабрикасы салынады. Дайын өніммен ішкі нарықты қамтып, Еуропа мемлекеттеріне экспорттау көзделген. Өндірісте Швейцария елінің технологиясы қолданылады.Фабрикаға қажетті инфроқұрылымдармен қамту үшін жол карта әзірленген. Облыс әкімі бірлескен жобалардың жоспарға сәйкес жүзеге асырылатынын, оның барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдаудың жалғасатынын жеткізді.Компания 2024 жылы «Наманган-77» тұқымдық шитін алып келді. Шаруалар тарапынан 3,2 мың гектар егістік алқабына мақта егіліп, мол өнімге қол жеткізілді. Сонымен қатар мақта дақылын қабылдау үшін жылдық қуаттылығы 10 мың тонна мақта қабылдау бекетінің құрылысын аяқтады.Жергілікті шаруалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылуда. Өзбекстаннан арнайы агроном мамандары егу, жинау маусымында диқандармен тәжірибе алмасуда. Жоспарға сәйкес 2027 жылы тоқыма фабрикасы іске қосылады.«Global textile» компаниясы – мақтадан иірілген жіп, мата және киім тігуге дейінгі кластерді толығымен қамтитын өндіріс алыбы. Қазіргі уақытта компанияның Ташкент пен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорнында барлығы 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920339
ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 18.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Өңір басшысы денсаулық сақтау саласына жауапты басшыларға халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сапалы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.– Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды тапсырамын. Халық қандай тегін медициналық көмек түрлері бар екенін, қай мезгілде денсаулығын тексертетінін білуі тиіс. Түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Тұрғындарды келісімінсіз медициналық мекемелерге тіркеу мәселесі түбегейлі жойылуы қажет. Жұмысты жандандырыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалдының айтуынша, аталған салада өткен жылдың 10 айының қорытындысымен 27 индикатордың 20-сын толық орындаған Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынға көтерілген. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен облыс тұрғындарының 83 пайызы қамтылған. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны – 1 708 558.Облыста денсаулық сақтау нысандарын салу бағытында 7 ірі жоба жоспарланған. Сарыағаш, Ордабасы аудандарында перинаталды орталықтар салынады. Түркістандағы 570 орындық көпсалалы аурухананы биыл аяқтау көзделіп отыр.Облыста тозығы жеткен 58 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны бар. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанды дайын ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге және жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 8,8 млрд теңге қаржы қарастырылды.Облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуы бүгінгі таңға 85,22% құрады.Басқармаға қарасты медицина ұйымдарында жалпы – 24 564 (дәрігерлер – 5 447, орта медицина қызметкерлері – 19 117), медицина қызметкері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда. облыс көлемінде 282 бейінді дәрігерге тапшылық туындауда. 2024 жылы Түркістан облысына жалпы 331 жас түлек жұмысқа жолданған. Оның ішінде, 147-сі мемлекеттік медициналық ұйымдарға жолданып, 31 түлек жұмысқа қабылданды. 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 43 дәрігер шет елдерде біліктілік арттырған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920342
ТҮРКІСТАН: БЮДЖЕТ ЗАҢНАМАЛАРЫНА ЕНГІЗІЛІП ЖАТҚАН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТТІ 18.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бюджеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін және ашықтығы мен есептілігін дамыту мақсатында жаңа «Бюджет кодексін» әзірлеу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда жаңа «Бюджет кодексінің» жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қарауында.Осыған орай, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаевтың тапсырмасына сәйкес, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұйымдастыруымен бюджет заңнамаларына енгізіліп жатқан өзегерістер бойынша құқықтық оқыту семинары өтті. Семинарға облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен жауапты қызметкерлері қатысты.Жиында Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек алдағы жоспарлау кезеңінде бюджет заңнамалары бойынша өзгерістерді жұмыс барысында қолданып, бюджет қаражаттарының дұрыс жұмсалуы мен мақсатты пайдалануын бақылауды күшейтуді тапсырды. Жұмысты аса жауапкершілікпен орындау керек екенін айтып, қызметтік жауапкершілік қатаң қаралатынын ескертті.Семинар барысында Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының қызметкерлері жаңа «Бюджет кодексінің» ерекшеліктері, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, бюджет кірістерін болжау, жергілікті бюджетті жоспарлау кезеңдері, бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары, бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық мысалдар келтіріліп, жаңа жүйенің артықшылықтары түсіндірілді. Стратегиялық және бюджетті жоспарлауды электронды форматқа ауыстыру бойынша ұсыныстар айтылды.Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бюджет саясатын жаңа деңгейге көтеруге, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920344
Қарағандыда «Сарыарқа» АЭА-на дейін жолаушылар автобусы жүретін болады 18.01.2025
Қарағандыда «Сарыарқа» АЭА-на дейін жүретін қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа баруына ыңғайлы болуы үшін қажет. Қосымша бағыт келесі аптадан бастап іске қосылады.«20 қаңтардан бастап «14 шағын аудан – Сарыарқа АЭА» бағыты бойынша қосымша маршрут қозғалысы басталады. «АЭА 71 бағыты» белгісі бар автобус тек жұмыс күндері ғана 16 рейс орындайды және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы мен Тау Кен Темір аялдамасында аялдайды», – делінген Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарламасында.Жолаушылардан жаңа бағытты «Қарағанды – Көкпекті» бағыты бойынша жүретін № 71 маршрутпен шатастырмауды өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919805
«Ауыл аманаты»: Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы кооперациясы дамуда 18.01.2025
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруда жаңа тәсілдер енгізілуде. Қайта өңдеу саласында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға баса назар аударылады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ететін болады.Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Ерлан Құсайын биылғы жоспарларымен бөлісті.Оның айтуынша, биыл тоғыз жоба жүзеге асырылады. Аудан әкімі жаңа ӘКК құру жоспарланған салаларды атады. Бұл сүт жинау және өңдеу, мал азығын өндіру, көкөніс сату, мал сою. Сондай-ақ, сәндік көгал шөптерін өсірумен айналысқысы келетіндер де бар.Ерлан Құсайын ауыл кәсіпкерлігін дамытуды қолдау туралы да айтып берді.– Қазіргі уақытта ауданда 3845 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған 8 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын алу мүмкіндіктері едәуір ұлғайды. Өткен жылы ұлттық жоба бойынша 20 жоба жеңілдікті несие және мемлекеттік кепілдік түрінде қолдау алды. Жас кәсіпкерлерге 13 грант берілді, – деді аудан әкімі. – Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікке назар аударылады. Мысалы, мемлекеттік қолдаудың арқасында Үштөбе ауылындағы «Супер Ботақан» жеке меншік балабақшасында орын саны артты. Бүгінде оған 160 бала барады, ал штатта 21 қызметкер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919505
Қарағандылық баскетболшылар республикалық жасөспірімдер чемпионатында үшінші орын алды 18.01.2025
2012 жылы туған ойыншылардан баскетболдан Қарағанды облысының құрамасы Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды. Бұл нәтиже бір жыл бұрын дәл осы команда турнир кестесінің соңғы қатарында болғанына байланысты одан да маңызды болып көрінеді.Щучинск қаласында 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түрлі қалаларынан тоғыз команда қатысты. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрамасы қола жүлдеге ие болды. Ал қарағандылық Жандос Әубәкіров чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.Аймақ құрамасында барлығы 12 ойыншы бар. Оның алтауы Шахтинск қаласының тумалары, екеуі Абайдан және төртеуі қарағандылықтар.- Өткен жылы біз өте жақсы өсуді көрсете алдық. Бұл жаттықтырушылардың да, жастардың да еңбегі. Мен облыстың аға жаттықтырушысы ретінде аймақтың барлық жаттықтырушыларын біріктіріп, әр жас санатына өзінің аға жаттықтырушысы бекітілген жүйені құра алдым. Олар әр ойыншыға жеке көзқарасты анықтайды. Мұндай жүйе жұмысты нәтижелі етеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп есептейді Қарағанды облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Дастан Аяпбек.Айта кету керек, өткен жылдың қараша айында 2009 жылы туған жасөспірімдер құрамасы ҚР Чемпионатында үшінші орынға ие болды, ал желтоқсанда 2010 жылы туған спортшылар осы деңгейдегі жарыстарда алтын алды. Бұған дейін қарағандылық жас баскетболшылар сегіз жыл бойы мұндай нәтижеге қол жеткізе алмады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919838
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы жазылуға болады 18.01.2025
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандарға жазылу booking.gov4c.kz сайтынан «ХҚКО» мобильді қосымшасына көшті. Жаңалық ашықтықты, ресімдеудің қолайлылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін енгізілді.Енді емтиханға жазылу үшін Google Play немесе App Store арқылы «ХҚКО» қосымшасын жүктеп алу қажет. Содан кейін екі факторлы аутентификациядан: биометриялық сәйкестендіру және 1414 нөмірінен жіберілген SMS-код арқылы жеке басын растау қажет. Барлық деректер расталғаннан кейін қосымшадағы «Теория бойынша емтиханға жазылу» немесе «Практика бойынша емтиханға жазылу» қосымша бетіне көшу және жазбаны мобильді азаматтар базасында тіркелген белсенді телефон нөміріне жіберілетін SMS арқылы растау қажет.Сервисті пайдаланар алдында бәрібір мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, емтиханға өтінім беріп, осы өтінімнің нөмірін алу керектігін есте сақтау маңызды.Қосымшаның тағы бір жағымды жағы – емтихан туралы ұмытпайды және пайдаланушыны тапсыру уақыты немесе кестедегі қандай да бір өзгерістер туралы алдын ала хабардар етеді.Сервис арқылы сондай-ақ барлық ХҚКО-на барып, электрондық кезек талонын алуға, өзекті ақпаратпен және қызметтермен танысуға, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдауға болады."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919999
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді. 18.01.2025
Өңір басшысына өз мәселелерін айтып, 15 адам жүгінді. Олар білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және басқа да салаларға қатысты мәселелерді қаузады.Көпбалалы әке М.Ирзин жұмысқа орналастырып беруді және тұрғын үй алуға көмектесуді сұрады, ақтөбелік Р. Рысмағамбетова тұрғын үйді жекешелендіру мәселесімен жүгінді. 2016 жылы азаматша мемлекеттік қордан бір бөлмелі пәтер алған, енді оны жекешелендіруге қызығушылық танытып отыр. Темір ауданының зейнеткері О.Далмағамбетов әкімге Жамбыл ауылындағы жолдың қанағаттанарлықсыз жай-күйі туралы айтып, оны жөндеп беруді өтінді.Әкім өтініш білдіргендерді мұқият тыңдады, әр мәселе бойынша нақты жауап берілді. Азаматтардың кез келген өтініші қолданыстағы заңнама аясында шешілетін болады. Ақтөбеліктердің шағымдары мен ұсыныстарын сондай-ақ, басқарма басшылары мен аудан әкімдері тыңдады.Облыс әкімі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 174 тұрғынды азаматтарды қабылдау барысында қабылдаған.Естеріңізге сала кетейік, жеке мәселелер бойынша өңір басшысының қабылдауына жазылу алдын ала, тұрақты негізде жүзеге асырылады. Тұрғындар egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/920362
Жамбыл облысында минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды 18.01.2025
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында сағатына 3 000 литр минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды.Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен ауыл тұрғындары қатысып, өндіріс ошағының жұмысымен танысты.Аталған жобаға «Парус-Т» ЖШС-сы 200 млн. теңге инвестиция салған.Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. 2023 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. 2024 жылы қытайлық білікті мамандар кәсіпорынды іске қосу жұмыстарын жүзеге асырған.Құрылыс жұмыстарына 30 адам тартылған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.Минералды ауызсу «Бай тал» атауымен нарыққа жол тартады.Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында жалпы құны 16,1 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 500 жұмыс орны құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/920357
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстың цифрландыру стратегиясымен танысты 17.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс аумағындағы цифрлық трансформация жобаларымен танысты. «Smart Aqmola» КММ-де өткен жиында өңір басшысына түрлі салалардағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға бағытталған негізгі ақпараттық жүйелердің жұмысы туралы баяндалды.Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан облыстағы цифрлық технологияларды дамытуға арналған негізгі бастамалар туралы мәлімет ұсынып, цифрландырудың мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру сияқты түрлі салаларды қамтып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстар аясында геоақпараттық жүйелер, жасанды интеллект және автоматтандырылған платформалар іске еніп, олар ресурстарды тиімді басқаруға және процестердің ашықтығын арттыруға көмектесуде.«Қазіргі уақытта аграрлық жерлердің геоақпараттық картасы әзірленіп сынақтан өткізілуде. Бұл карта жер учаскелерінің жағдайын және олардың тиімді пайдаланылуын нақты уақытта талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жағдайлық орталықтың белсенді сынақтан өтуі жүргізілуде, ол жасанды интеллект технологияларының көмегімен тәуекелдерді болжайды және облысты тиімді басқару үшін өзекті шешімдер ұсынады», — деді басқарма басшысы.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен халықтың өмір сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.«Цифрландыру — бұл тек процестерді жаңғырту ғана емес, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, шешімдер қабылдау процесін жеделдетуге және облыс ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық құрал», — деді ол.Кеңес қорытындысы бойынша цифрлық бастамаларды одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берілді, сонымен қатар озық шешімдерді енгізудің маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920063
6 мыңнан астам ақмолалық отбасы жаңа баспана алды 17.01.2025
Халық үшін басты мәселелердің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. Әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсудің локомотивіне айналуы мүмкін.Өткен жылы Ақмола облысында тұрғын үй мәселелерін шешуде, жайлылық пен өмір сапасын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 6 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешілді.Бюджет қаражаты есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үй, 1,5 мыңнан астам пәтер салынды. Оның ішінде 4 үй тұрғын үй алуға жергілікті атқарушы органдар кезегіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, 20 үй кредиттік тұрғын үй ретінде, ал тағы 4 көппәтерлі тұрғын үй 2024 жылдың көктемінде су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған.Мемлекет халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде, сондай-ақ тұтынушылық нарықта жеке құрылыс салушылардан облыс халқының әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу жолымен жаңа коммерциялық тұрғын үй объектілерін салудың тұрақтылығын қолдау үшін қосымша тәсілдерді енгізді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін облыстың 10 өңірінде 850 пәтер сатып алынды. Пәтерді сатып алудың негізгі драйверлері облыс орталығы мен Қосшы қаласы болды, олар тиісінше 318 пәтер мен 180 пәтер сатып алды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 92 пәтер сатып алған Бурабай ауданы болды.Жыл қорытындысы бойынша облыс халқының түрлі әлеуметтік топтарының 2,5 мыңға жуық отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.2025 жылы өңірде 24 көппәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл тағы 932 отбасының өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етеді.Сондай – ақ ЖАО кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 251 пәтер сатып алу жоспарланған.Бюджет қаражатын қосымша бөлу арқылы тағы 1000 пәтер сатып алуға болады, бұл бағдарламаның ауқымын едәуір кеңейтеді. Тұрғын үй құрылысы азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешіп, әлеуметтік жағдайларын едәуір жақсартуға ықпал етеді.Қабылданған шаралар көптеген ақмолалықтар үшін өмір сүру сапасын тұрақты етуге көмектеседі.Әрбір жаңа үй -бұл бүкіл аймақ үшін жарқын болашаққа жасалған қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920264
АНОНС Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі "Ашық НҚА" порталында 17.01.2025
ХабарландыруҚазақстан Республикасының Көлік министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"бұйрықтың жобасы орналастырылғанын хабарлайды.Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15404348 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920363
Жетісу облысында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды 17.01.2025
Жетісу облысында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды. Кәсіпорын "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасатын болады. Жел генераторлары зауытының өндірістік қуаты жылына 2 ГВт генерацияны құрайды, сонымен бірге энергияны жинақтау жүйелерін шығару қуаты жылына 1 ГВт болады. Инвестиция көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрайды, 300 жаңа жұмыс орны құрылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Инвестициялық жоба жаңартылатын энергетика саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС мен қытайлық "Envision Energy" компаниясы арасындағы әріптестік бойынша іске асырылуда. Кәсіпорын жыл сайын жел генераторларының 250 жиынтығын және энергияны жинақтау жүйелерінің 100 жиынтығын шығарады деп жоспарлануда.Капсула салу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов өңірдің экономикалық өсуінің маңызды нүктелерінің бірі ретінде "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын дамытуға баса назар аударды.- Қытайдан ТМД елдеріне, Еуропа мен Азияға шығатын маңызды бағыттардың қиылысында облыстың экономикалық өсу нүктесінің бірі –Қорғас торабы орналасқан. Қорғас торабының маңызды, әрі инвесторлар үшін тартымды элементі – «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы болып табылады. Бүгінгі таңда еркін экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімінде жалпы құны 907 млрд. теңге болатын жобалары бар 68 қатысушы тіркелген. 2030 жылға дейін 5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 47 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда АЭА аумағында 51 млрд. теңгеден астам сомаға 21 жоба іске асырылды. Бүгін ішкі нарықты да, экспортқа шығуды да қамтамасыз етуге бағдарланған жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын заманауи зауыттың құрылысы басталды, бұл мемлекет пен бизнестің тиімді бірлескен жұмысының айқын нәтижесі болып табылады, - деп түйіндеді Ә. Қанағатов.Өз тарапынан "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Идрисов кәсіпорынның іске қосылуы жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерінің өндірісін жолға қоюға ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті, бұл кешенде еліміздегі "жасыл" энергетиканың дамуына, экологияның жақсаруына және жалпы экономикалық дамуға оң әсер етеді.- Бұл жобаны іске қосу импортқа тәуелділікті қысқартуға, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, жұмыс орындарын құруға, экспорттық мүмкіндіктерді ашуға және елдің болашағына үлес қоса отырып, төмен көміртекті экономикаға көшуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өндірістің бастапқы кезеңінде қазақстандық қамту үлесі 30% -ды құрайды, ал болашақта кезең-кезеңімен 90% - ға жеткізіледі, - деді Д. Идрисов.Айта кетсек, кәсіпорынды іске қосу 2026 жылдың III тоқсанына жоспарланған. Бұл ретте өнімнің 60%-ы ішкі нарыққа, ал 40%-ы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне экспортқа жіберілетін болады.Жалпы, бүгінгі таңда Жетісу облысында 10,3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 2,6 трлн. теңгеге ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ЖЭК, көлік және логистика, құрылыс, туризм салаларында 2025-2030 жылдарға 133 жобадан тұратын инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша құны 45,5 млрд. теңге болатын және 1231 жұмыс орнын құру көзделген 49 жоба іске асырылды. Биылғы жылға келетін болсақ, 1800-ден астам жұмыс орнын құра отырып, 59 жобаны іске асыру жоспарланған."Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА аумағында осы кезеңде халықаралық трансұлттық компаниялар бизнеспен айналысуда. Іске асырылғандар жобалар ішінде күн панельдерін, құрамажем, памперстер және гигиеналық өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды атап өткен жөн, сонымен қатар тамақ және химия өнеркәсібінің кластері белсенді дамып келеді. Жалпы АЭА индустриялық аймағы қолжетімді инвестициялық преференцияларды ескере отырып, инфрақұрылым объектілері бар дайын жер учаскелерін іздейтін инвесторлар үшін тиімді платформа болып табылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фотограф: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/920134
СҚО әкімі жеке қабылдау жүргізді 17.01.2025
Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар Солнечный-2 шағын ауданын абаттандыру, жер учаскесін бөлу және ауылдағы мәдениет нысанына қатысты мәселелерді көтерді.Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, тиісті мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, оларды орындауды бақылауда ұстап, сұрақтардың шешілуін қамтамасыз ету қажет деді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/919942
СҚО-да «Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер» экологиялық байқауы өтті 17.01.2025
17 қаңтарда Петропавл қаласының Жеңіс саябағында мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер» байқауына қатысушыларды марапаттау өтті. Бұл оқиға мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудің және қыста құстарға күтім жасауды насихаттаудың маңызды кезеңі болды. Іс-шараға студент жастардың өкілдері, еріктілер, ардагерлер мен спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.Байқауға 68 оқушы қатысты, олар құстарға экологиялық таза жем-шөп дайындады, бұл олардың табиғатқа ұқыпты қарауын және суық мезгілде жануарларға көмектесуге деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етті. Байқауға қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.Қатысушылар жасаған барлық қоректендіргіштердің тікелей Жеңіс саябағында орнатылғанына ерекше назар аудару керек, онда оқушылар іс жүзінде қыстайтын құстарға қамқорлық көрсете алды. Бұл құстарға қатал қыс айларында аман қалуға көмектесіп қана қоймай, жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.Байқаудың мақсаты-өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және табиғатты қорғау мәселелерін шешуде белсенділікті арттыру. Іс-шараның ұраны “Қыс-қауырсынды достар үшін қиын кезең, құстарға қамқорлық жасаңыз-қоректендіргішті іліп қойыңыз!” қыстайтын құстарға көмектесуге және экологияға зиян келтірмейтін қауіпсіз қоректендіргіштерді құруға бағытталған жобаның мәнін көрсетті.«Біз құстарға арналған «Эко қоректендіргіш» жобасы сәтті болып, көптеген қатысушыларды жинағанына қуаныштымыз. Балалардың табиғатты зерттеп қана қоймай, оны қорғауға белсенді қатысуы маңызды. Біз осындай конкурстарға қатысу жастардың саналы және қоршаған ортаға қамқор болуына көмектесетініне сенімдіміз", - деп бөлісті Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Әбдин.Байқауға қатысушылар ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, болашақта мұндай бастамалардың көбірек болуы қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Жеңімпаздардың көпшілігі қысқы маусым аяқталғаннан кейін де экологиялық жобаларын дамытуды жалғастыру жоспарларымен бөлісті.«Байқау туралы мен мектептегі хабарландырулар арқылы және достарымнан білдім. Мен әрқашан табиғатты жақсы көретінмін және экологияға қызығамын, ал қыстайтын құстар мені әрқашан қызықтыратын нәрсе. Мен құстарды қоректендіргіштерді жасап, қыста оларға көмектесуге болатынын білгенде, мен қатысуды шештім. Менің ойымша, әрқайсымыз табиғатқа, әсіресе суық мезгілде көмекке мұқтаж жануарларға қамқорлық жасауымыз керек», - деді байқауға қатысушылардың бірі.Экологиялық білім берудің маңыздылығы туралы аға буын өкілдері де өз пікірлерімен бөлісті.«Бүгінгі оқиға-бұл қатысушыларды марапаттау ғана емес, сонымен қатар балаларымызды тәрбиелеудегі маңызды қадам. Мемлекет басшысы экологиялық тәрбие біздің табиғатымызға қамқорлық жасайтын болашақ азаматтарды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын бірнеше рет атап өтті. Мен осы жобаның бір бөлігі бола алғаныма қуаныштымын және мұндай бастамалар тек кеңейе түседі деп үміттенемін», - деп атап өтті Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев.«Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер» байқауы жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен экологиялық санасын қалай қалыптастыруға болатынының жарқын мысалы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/920010
Алматы инфрақұрылымына салынған инвестициялар апатты зайтып, су құбыры желілерінің тозуын 54,5% - ға дейін төмендетті 17.01.2025
«Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасын іске асыру коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға, желілердің апаттылығын төмендетуге және коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденееваның айтуынша, 2029 жылға дейін инфрақұрылымның тозу деңгейін айтарлықтай төмендету жоспарлануда. Мысалы, 2024 жылы мегаполисте сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы 1% – ға, су бұру-3% - ға азайды. Қазір желілердің тозуы тиісінше 54,5% және 53,8% құрайды.Әсел Буденееваның айтуынша, бағдарламаны іске асыру коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған. Бұл кадрлардың жиі кетіп қалуын азайтуға мүмкіндік береді, өз кезегінде апаттарды жоюды тездетеді және қала тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартады.«Бағдарламаның әсері айқын. Біз желілердің тозуы біртіндеп төмендеп, апатты азайтып, қызметкерлеріміздің лайықты еңбек жағдайларын алып жатқанын көреміз. Бұл қаланың әрбір тұрғынына пайда әкелетін кешенді жұмыс», – деп атап өтті ол.Спикердің айтуынша, Ұлттық жоба аясында 2030 жылға дейін электр, жылу және сумен жабдықтау салаларындағы инфрақұрылымды жаңартуға субсидиялар бөлінетін болады. Бұл шаралар инженерлік желілерді жаңартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920240
Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбыры қалпына келтірілді, полиция тергеу амалдарын бастады 17.01.2025
Алматының Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді. Ол «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған. Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты тесіп, газ құбырын зақымдаған. Әуесқой әрі жауапсыз әрекеттердің салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды.Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында «АТКЭ» ЖШС-нің «Әуежай» қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды.Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша газ құбырындағы ақау жойылды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізеді, содан кейін тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындарды қауіпсіздік техникасын сақтауға және газды өздігінен қоспауға шақырамыз.Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.Сонымен қатар, бұзушылық салдарын жоюға кеткен барлық шығын кінәлі тұлғаға жүктеледі.Еске салайық, кез келген инженерлік желілерге қосылу үшін жеке және заңды тұлғалар желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуы, сызбаның негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, оны коммуналдық кәсіпорындармен (ШЖҚ «Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «QazaqGaz Aimaq» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) келісуі қажет. Сондай-ақ құрылыс басталғаны туралы қала құрылысы бақылау басқармасынан талон алып, аудандық әкімдікті хабардар етуі керек. Құрылыс-монтаж жұмыстары коммуналдық кәсіпорындардың бақылауымен жүргізілуге тиіс. Жұмыс аяқталған соң фото/бейне есепті Қала құрылысы бақылау басқармасында тіркеу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920243