Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды 13.01.2025
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы ретінде Асқар Ғазалиев тағайындалды.Кадрлық өзгерістер туралы аппараттық кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.Асқар Ғазалиев мемлекеттік қызметте 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарды.2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916414
Нұра ауданында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері салынады 13.01.2025
Биыл Нұра ауданында сауықтыру және білім беру лагері салынады. Алғашқы үш жылда жазғы мезгілде онда 300 бала демалатын болады. Ал 2028 жылдан бастап лагерь жыл бойына жұмыс жасайды деп жоспарлануда.Аталған лагерь жеке инвестициялар есебінен салынбақшы. Осы орайда астаналық кәсіпкерлер Нұра ауданына келіп, жобаның егжей-тегжейін талқылады. Бүгінде лагерьдің құрылысы жүргізілетін орын таңдалды.Кәсіпкерлер тұрғын үй корпустарын,медпункт, ас блогын, ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ оқу сыныптарын салуды жоспарлап отыр. Балалар лагерьде қолжетімді бағамен демалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916400
Қарағандылық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды 13.01.2025
Қарағанды облысы ТЖД Осакаров ауданы № 17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі Сымбат Ещановқа адамдарды құтқару кезінде қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы табыс етілді.Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 3 қаңтарында республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолында Нұра – Қарағанды бағытындағы автобус қар құрсауында қалып қойған болатын. Құрамында Сымбат Ещанов бар құтқарушылар тобы ішінде бес бала бар барлығы 30-дан астам жолаушыны эвакуациялауды қолға алды. Ауа райының нашарлауына байланысты Сымбат Ещанов жолға шығып, көліктердің алдында жаяу жол бастап жүруге шешім қабылдады. Құтқарушының ерлігінің арқасында барлық жолаушылар эвакуациялық пункттерге аман-есен жеткізілді.Азаматтық қорғау аға сержанты Сымбат Ещанов 2012 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Ол төтенше жағдайларды жоюға, сондай-ақ құтқару және эвакуациялау жұмыстарына бірнеше рет қатысқан.Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916454
Бұқар жырау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория салынды 13.01.2025
Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылдық округінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша салынған дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты ашылды.Медициналық мекеме заманауи жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ мұнда функционалдық кабинеттер жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.– Ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Мұнда Самарқанд ауылдық округінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіледі, – дейді Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Әлия Шәйкенова.Жаңа амбулатория Самарқанд ауылдық округінің бірнеше елді-мекендеріне қызмет көрсетеді.– Енді бізге сапалы медициналық көмек алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Округ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін, – дейді ауыл тұрғыны Күләш Жағыпарова.Ауданда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысы одан әрі жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916548
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша көшбасшылар үштігінде 13.01.2025
Электрондық сауда – экономикалық өсім драйверлерінің бірі. Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша елімізде үшінші орында. 2023 жылы электрондық сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 25%-ға өсім болады деп болжануда.Электрондық сауданың дамуы туралы Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте баяндалды.– Интернет-ресурс арқылы халық тапсырыстарының саны 2,3 млн бірліктен асады, бұл Қазақстан бойынша барлық көлемнің 17,8% құрайды. Негізінен қарағандылықтар интернет арқылы электронды гаджеттер мен компьютерлер, косметикалық, медициналық және кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алады. Онлайн сауданы дамыту үшін қуаттылығы жылына 27 млн тапсырыс болатын, келешекте еліміз бойынша 8 мың жаңа жұмыс орнын ашатын бірегей Teez маркетплейс платформасының ашылуы жаңа сауда алаңына айналды, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Қазір Teez маркетплейсімен бүкіл ел бойынша 22 мың тауар сатушы ынтымақтастық құрған. Олардың қатарында ЖШС де, жеке кәсіпкерлер де бар.– Біздің маркетплейс бірегей үлгісімен ерекшеленеді, мұнда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қарағандыда 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Маркетплейстің командасында бар-жоғы 800-ге жуық адам бар. Біз бүкіл Қазақстан бойынша 8 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – дейді Teez маркетплейсінің қойма логистикасы басқармасының басшысы Антон Иванов.Облыста электрондық сауда қызметтерін бірқатар компаниялар ұсынады. Өңірде интернет-тауарларды беретін 278 бекет жұмыс істейді.Сондай-ақ «Сарыарқа» әуежайы базасында көлік-логистикалық хабты құру тағы бір ірі жоба болмақшы.Мұнда кәсіпкерлер үшін тренингтер өткізіледі, онда олар өздерінің сандық сауаттылығын арттырып, жаңа дағдыларды ала алады.– Біздің облыс еліміздің ірі өнеркәсіптік орталығы ретінде электрондық сауданы белсенді дамытуда, бұл жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға оң ықпал етеді, – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.Ол маркетплейстің ашылуы жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктерді туғызатынын атап өтті. Бұл ресурсты отандық өнімдерді сату үшін пайдалану қажет, – деп атап өтті облыс әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916692
Қарағанды облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды 13.01.2025
Шара барысында қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшыларына Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеу керектігі айтылды. Оларға өңірдің мемлекет тарапынан қолдау алған кәсіпорындарына тур ұйымдастырылды.– Қарағанды облысында бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер көп. Жергілікті кәсіпорындардың нақты әлеуетін көрсету үшін, сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіп отырғанын айтып беру үшін осындай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылды, – деп атап өтті кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Қатысушылар Saran индустриалды аймағында болып, TengriTyres шина өндірісімен, тұрмыстық техника шығаратын Silk Road Electronics компаниясының және кабельдік өнімдер өндіретін «Қазорталықэлектр провод» кәсіпорнының жұмысымен танысты.Ирина Любарскаяның айтуынша, Саранның үлгісін шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үшін басқа қалалар мен аудандарға да таратуға болады. Мұндай жобаларға инвестиция салуға әзір және жер телімдері бар бизнесмендерге мемлекет жұмыс орындарын құруға қолдау көрсетуге дайын.Қарағандыда өндірістік турға қатысушылар нан-макарон-кондитерлік комбинатында болып, НКМЗ өнеркәсіптік аймағымен, экологиялық тұрмыстық химия шығаратын WEC Trade кәсіпорнының жұмысымен және Teez маркетплейсінің қызметімен танысты.Сондай-ақ, қатысушылар семинар-тренингке қатысып, оларға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов өңірдің даму бағыттары туралы айтып, кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жұмыспен қамту мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, атап айтқанда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін колледждерде дуальді білім беруді енгізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916734
Шахтинскіде арқанжол салынды 13.01.2025
Шахтинскіде Qarmet компаниясының қолдауымен қала әкімдігінің «шахтинская шоқысын» абаттандырып, арқанжол салу жөніндегі жобасы аяқталды. Қала тұрғындары сырғанақта демалу кезінде ыңғайлы көтергішті пайдалана алады.Бұл құрылғы 2020 жылы салынған, бірақ техникалық себептерге байланысты оны іске қосу кейінге қалдырылды.Арқанжол 18 қаңтарда сағат 12:00-де өз жұмысын бастайды, ал сағат 15:00-де келушілерді шоу-бағдарламамен өтетін салтанатты ашылуға шақырады. Бұдан кейін арқанжол әр демалыс сайын сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916902
502 Bad Gateway 13.01.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916604
502 Bad Gateway 13.01.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916738
Елордада 600-ге жуық спортшы қатысқан жүгіру жарысы өтті 13.01.2025
Елордада 12 қаңтар күні жаңа жылдың алғашқы жүгіру жарысы өтті. Астаналықтар Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.Жүгіру жарысына 600-ге жуық қатысушы бас қосты.«Жүгіру - ешқандай мезгіл таңдамайтын спорттың түрі. Былтыр аязды күнде де, түнде де, мейрамдарда да ұйымдастырылған сәтте жүгірушілердің қарасы өте көп болған еді. Бүгінгі спорттық шарамызда қатысушыларға керемет атмосферадан бөлек, арнайы жаңа естелік медаль мен жаңа жылдық сыйлықтарымызды да үлестірдік. Әрбір салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға алғысымыз шексіз», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 8-де және ең егдесі 62 жаста болды.«Күнделікті ақпараттарға көз жүгірткен сәтте үнемі түрлі экзотикалық аурулардың пайда болып жататынына куә боламыз. Жүгіру - ауруға қарсы ем. Кейінгі 4 жылда спортты қолға алып, жүгіру, дуатлон, триатлон, үстел теннисі, велотректен өтетін барлық шараларды құр жібермеймін. Осының нәтижесінде 76 медаль еншілеп, үлкен жастағы азаматтардың бірлестігін құрдық. Көп жағдайда зейнетке шыққан тұрғындар белсенділікті азайтады. Менің мақсатым - қатарластарым мен немерелеріме үлгі болу. Қазіргі сәтте екі немерем де менен қалыспай, спортқа бет бұрды», - деп Марат Баукенов атты қатысушы ойымен бөлісті.Шара соңында қатысушылар естелік медаль мен сыйлықтарға ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916744
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті 13.01.2025
«Барыс» спорт кешенінің бассейнінде жаттығатын елордалық синхронистер құрамасы Дубайда өткен Artistic Swimming World League синхронды жүзуден әлемдік турнирде топ жарды , деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Әлемнің түкпір-түкпірінен 30-дан астам команда мен 250 спортшыны жинаған жарыстарда елордалық синхронистер нағыз дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.АҚШ, Жаңа Зеландия, Сингапур, Ресей, Италия, Түркия және Египет командалары қатысқан турнирде Астана құрамасы көшбасшылар қатарында болды. 12 жасқа дейінгі санатта біздің спортшылар төрт медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және екі қола.Алтын медальдарға ерікті және аралас топтар ие болды. Күміс пен қола дуэтке, ал қола жеке топтарға берілді.Команда нәтижелері:Бірінші орын-ерікті топ (12 жас және одан кіші)Бірінші орын-аралас топ (12 жас және одан кіші)Екінші орын-дуэт (12 жас және одан кіші)Үшінші орын — дуэт (12 жас және одан кіші)Үшінші орын — жеке (12 жас және одан кіші)Елордалық спортшылардың өнері ерекше синхрондылық пен әртістікті ғана емес, сондай-ақ ең мықты қарсыластармен күресте табандылықты көрсетті.Команда құрамына Дарья Володькина, Насима Баймұхаметова, Анар Абдугалиева, Ясмин Ахметова, Айдидар Аринқызы, Малика Сәрсімбаева, Самира Багамедова, Айилин Құсембаева, Әлия Советова, Зара Сыздықова, Айзере Маликова, Дамежан Құрманғазы, Еркежан Қасенова, Айсана Исабай және Жасмин Рахимова кірді.Команданың жаттықтырушылары Алина Литвиненко мен Светлана Колодийдің шеберлігі спортшыларға керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.Әлемдік аренадағы бұл жетістік талант, еңбек және жеңіске деген ұмтылыс шыңға жетелейтінін дәлелдеді. Астана құрамасы жаңа жетістіктерге жетуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916848
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Кеген ауданына жұмыс сапары 13.01.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары аясында Кеген ауданының бірқатар маңызды нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне назар аударды. Сапар барысында әкім бірнеше маңызды бағыттарға көңіл бөлді.Балалар өнер мектебімен танысуМарат Сұлтанғазиев Заманбек Нұрқаділов атындағы Кеген ауылындағы балалар өнер мектебінің жұмысымен танысты. Бұл мектеп балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды нысандардың бірі болып табылады. Әкім мектептің жағдайын көріп, мұғалімдермен және оқушылармен кездесу барысында білім мен өнер саласына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.Кеген ауданының полиция бөліміндегі мәселелерӘкім Кеген ауданының полиция бөліміне арнайы барып, құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелермен танысты. Полиция қызметкерлерімен кездесу барысында әкім саладағы жұмыс сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту қажеттілігіне тоқталды.Қара каньон және инвестициялық жобаларСапар аясында әкім Қара каньонға тартылатын инвестициялық жобалармен танысты. Бұл жоба өңірдің туризм әлеуетін дамытуға бағытталған. Марат Сұлтанғазиев каньонды дамытуға қажетті инфрақұрылымдық жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Ауыл шаруашылығы саласы: «Аумолдаев Б» шаруа қожалығына баруЖалағаш ауылдық округінде орналасқан «Аумолдаев Б» шаруа қожалығына барып, шаруа қожалық басшыларымен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және фермерлерді қолдау мәселелері талқыланды.«Қайыңды» көліне баруСапар соңында әкім «Қайыңды» көліне барып, туристік нысанның инфрақұрылымдық жағдайымен танысты. Ол көлге апаратын жолдың құрылыс жұмыстары мен электр желілерін тарту жобасын тексерді. Сонымен қатар, «Қайыңды» көлінде салынған туристерге арналған жаяу жүргіншілер жолын аралап, туризмді дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.ҚорытындыМарат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары Кеген ауданының дамуындағы өзекті мәселелерді айқындауға және шешу жолдарын қарастыруға бағытталды. Әкім әлеуметтік және экономикалық салалардағы жобаларға ерекше назар аударып, олардың тиімді іске асырылуын бақылауға уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/916671
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді 13.01.2025
2025 жылғы 15 қаңтардан бастап шетелдік рұқсат бланктерін беру механизмінің жаңа тәртібі күшіне енеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі мен көліктік бақылаукомитетінің төраға орынбасары С. Қуанышұлының қатысуымен сала ассоциацияларымен жаңа механизмді түсіндіру бойынша кеңес өтті.Кеңес барысында жұмыс тобының мүшелерінен шетелдік рұқсат бланктерін беру механизмін әрі қарай жаңарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар түсті. Барлық ұсыныстар мұқият зерттеліп, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде тиісті жұмыс жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/916984
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды 13.01.2025
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұлттық күрестен өткен "Дала қырандары" рейтингтік турнирі сегіз салмақ дәрежесінде Қазақстанның ең мықты деген балуандарын анықтады.Боз кілемде Армия орталық спорт клубының спортшылары Нұрдәулет Бақтыбайұлы мен қатардағы жауынгер Ерасыл Жанатаев жоғары нәтиже көрсетті.Жыл басталғалы бері Қазақстанда қазақ күресінен бес рейтингтік жарыс өтті Олардың қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде ең көп ұпай жинаған сегіз балуан анықталды.Жарыс барысында кілемге бірнеше дүркін Әлем чемпиондары, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпаздары, Азия кубогының иегерлері, "Қазақстан барысы" турнирінің және бұған дейінгі "Дала қырандары" турнирлерінің жеңімпаздары шықты.Жарыс қорытындысы бойынша сегіз спортшы "Дала қырандары" турнирінде "Бас балуан" атағына ие болды. Оның жүлде қоры 100 000 доллар.Армия спортының өкілдері екі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қарулы күштердің қызметкері Нұрдәулет Бақтыбайұлы 82 кг салмақта және мерзімді қызмет сарбазы Ерасыл Жанатаев 90 кг салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.– Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже. Біздің екі спортшы чемпион атанды, – деді Армия орталық спорт клубы қазақ күресі командасының бастығы лейтенант Асан Мәмбетқұлов. Бұл спортшылар алдағы тамыз айында қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы алғашқы CISM әлем чемпионатында Қарулы күштердің намысын қорғайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/916778
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 13.01.2025
Алматы қаласындағы Алмалы және Әуезов аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер байланысшы Дарбала Жабатаеваны 99 жасқа толған жасымен құттықтады.Құттықтау барысында ардагерге көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен Отанға деген адалдығы үшін алғыс білдірілді.Әскери қызметшілер  Дарбала Әміржанқызына Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыс етті.– Біз болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күш-жігері мен денсаулығын аямаған майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін әрдайым қастерлейміз. Дарбала Жабатаева – жанқиярлықтың, батылдықтың және өмірлік төзімділіктің жарқын үлгісі, – деді Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы аға лейтенант Дидар Нұрмұханбет.Дарбала Жабатаева 1926 жылы Қостанай облысы, Урицкий ауданына қарасты Дудаковка ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ол өз еркімен майданға аттанып, байланысшылар курсын тәмамдаған соң Екінші Беларусь майданының 95-дивизиясы құрамындағы 161-атқыштар полкінде радист болып қызмет етті. Оның майдан жолы Белоруссияны, Польшаны және Померанияны азат ету жолындағы қиян-кескі шайқастармен өрілді. Бұл ұрыстарда сенімді байланыс көбіне жеңістің шешуші факторы болды.1946 жылы әскер қатарынан босатылғаннан кейін Дарбала Әміржанқызы партиялық және қоғамдық қызметке белсене араласып, ел дамуына өз үлесін қосты. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Ал соғыстан кейінгі жылдардағы ерен еңбегі «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен лайықты бағаланды.Әскери қызметшілер ардагерлерге қамқорлық көрсету, олардың ерлік жолын ұмытпай, аға буынның асыл құндылықтарын жастар санасына сіңіру қорғаныс ведомствосының тәрбиелік жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1134264?lang=kk
ҰШМҮО: САНИТАРИЯЛЫҚ АВИАЦИЯ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ 1488 РЕТ ҰШТЫ 13.01.2025
Мемлекет басшысы тапсырмаларының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда.Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі үшін ауылдарда 195 жедел жәрдем кіші станциясы жұмыс істейді, сондай-ақ бір ауысымда 585 ЖМЖ бригадасы жұмыс істейді, 887 бірлік санитариялық автокөлік жұмылдырылған.Медициналық авиация желісі бойынша 2024 жылы Астана, Алматы қалаларынан 2184 ұшу, оның ішінде өңірлерге 1488 ұшу орындалды.Астана және Алматы қалаларының республикалық медициналық ұйымдарының білікті бейінді мамандарын тарта отырып, телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету орталығының мамандары тәулік бойы күшейтілген режимде 11 784 консультация, оның ішінде 70% өңірлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде қашықтықтан медициналық қызметтер ұйымдастырылып, жүргізілді.Инсульт мәселесі бойынша республикалық үйлестіру орталығы инсультпен ауыратын пациенттерге уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін өңірлерде инсульт орталықтары мен инсульт төсектерінің ашылуына мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.Сонымен, бүгінгі таңда 12 инсульт орталығы мен терапия бөлімшелеріндегі 162 инсульт төсегі инсультпен ауыратын пациенттер үшін тікелей ауылдық жерлерде жұмыс істейді.Ауылдар мен қалалардың тұрғындары үшін денсаулық сақтау саласында тең жағдай жасау әлеуметтік реформалардың маңызды мақсаты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/916703
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының тұрғындарымен Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады 13.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының тұрғындарымен Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады.Жоба негізгі 3 негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/916547
ІІМ жылды қорытындылады: 2025 жылы басты назарда профилактика 13.01.2025
Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылғы жұмыс нәтижесі талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.Жиында аумақтық полиция бөліністерінің, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және ведомстволық оқу орындарының басшылары қатысты.– Мемлекет басшысы өзінің жақында берген сұхбатында Заң мен Тәртіп қағидатын жүзеге асыру қажеттігін тағы да атап өтті. Бұл әділетті Қазақстанның негізі болып табылады. Сонымен қатар маңызды және нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда: қылмыспен күрес, бандитизмнің алдын алу, қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Бұл бағыттарды жүзеге асыру — біздің негізгі міндетіміз, — деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.Өткен жылы қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 8 мыңға азайған. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген.Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарды.Жасөспірімдермен, қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстардың саны азайды. Сонымен қатар заманауи тергеу әдістерін енгізудің арқасында барлық қылмыс санаттары бойынша ашылу көрсеткіші жақсарды.Айта кету керек, 2024 жыл министрдің бастамасымен «Кадрлық әлеуетті арттыру жылы» деп жарияланған болатын. Бұл маңызды қадам полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және олардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталды. Былтырғы ауқымды шаралардың бірі орта буын басшыларының кезектен тыс аттестациясы болды.Министрліктің құрылымында есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды. 12 ай ішінде 7920 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3430-ы қылмыс. Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленді. 63 есірткі зертханасы жойылды.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған.Соңғы жылдары киберқылмысқа қарсы күрес ерекше маңызға ие. Бұл мәселені шешу үшін ведомствода бейінді департамент ашылды.Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздестіріліп жүрген 1949 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ 1361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды.Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл тақырып автокөліктер санының өсуі, қозғалыс тығыздығының артуы және инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі жағдайында өте маңызды. Өткен жылы елімізде 30 мыңнан астам жол апаты тіркелген.Мұндағы олқылықтарды ескере отырып, тәртіп сақшыларына жол ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жол инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрескел құқық бұзушылармен кешенді жұмыс жүргізу және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін пайдалану тапсырылды.Өткен жылды қорытындылай отырып, министр әріптестеріне профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және осы бағытқа қоғамды жұмылдыруды, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз етуді тапсырды.— Бұл нәтижеге профилактикалық жұмысты басты назарға алудың арқасында жеткенімізді атап өткім келеді. Биыл осы істі белсенді түрде жалғастыру қажет. Ең бастысы – қылмыстардың алдын алу және олардың жасалуына ықпал ететін себептерді жою. 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеймін. Заң мен Тәртіпті нығайту мақсатында біз қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз етеміз, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/916490
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі 13.01.2025
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.Олардың ішінде-атаулы әлеуметтік көмек (АӘК); тұрғын үй көмегі; ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек; коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек; мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу; атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер.Мәселен, 2024 жылы АӘК жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 14,8 мың адамды қамтыды. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрлерінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылды, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілуде. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916658
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық және 6-дық жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды 13.01.2025
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty» МҚҰ» ЖШС 2024 жылы Алматының шағын және микробизнес субъектілеріне 106 жеңілдікті қарыз берді. «Almaty Business-2025»кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер жылдық 2%-дық және 6% -дық мөлшерлеме бойынша істі дамытуға несиелер алды. Берілген қарыздардың жиынтық көлемі 3,6 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 73 840 000 млн теңгені, несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жылды құрады. Бағыттар бөлінісінде өндірістік жобалары бар кәсіпкерлер қарыздардың ең көп санын алды – барлық санның үштен бірі, екінші орында денсаулық сақтау жобалары – 20%, үшінші орында – білім беру және халыққа қызмет көрсету (11% - дан). Бұдан кейін креативті экономика (8,5%), туризм және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (6%). 2019 жылы «Almaty Business-2025»бағдарламасы бекітілген сәттен бастап «Almaty»МҚҰ 13,3 млрд.теңгеден астам сомаға 600-ге жуық жобаны қаржыландырды. Ең көп қарыздар өндірістік жобаларды (28%) және денсаулық сақтау жобаларын (15%) іске асыруға, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға (11%) берілді. Соңғылары ең төменгі мөлшерлеме бойынша қарыз алды – жылдық 2%. «Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті ынталандырудан және жұмыспен қамтуды арттырудан басқа, «Almaty Business-2025»бағдарламасы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға белсенді ықпал етеді», - деп атап өтті «Алматы» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов. Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 нөмірі немесе https://mfoalmaty.kz/ веб- сайты арқылы білуге болады. *Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және 13%-дан аспайды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916662