Қоғам
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ егістік алқаптарын 906 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАРДА. 13.01.2025
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бүгін көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтады. Биыл егіс көлемін 37 мың гектарға ұлғайтып, 906 мың гектарға жеткізу көзделуде. Басқарма басшысының орынбасары Әлібек Плаловтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыру арқылы өнімділікті жаңа технология әдісімен ұлғайту үшін биыл 58 мың гектарға мақта егіледі. Тәжірбие көрсеткендей, технологияның тиімділігі – суды, минералды тыңайтқыштарды және жұмыс күшін үнемдей отырып, кемінде 60 центнерден өнім алуға болады (орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары). Бұл бойынша шаруалармен кездесулер ұйымдастырылып, тиімділігі түсіндірілуде.Қазіргі таңда облыс аумағында 51% жер айдалды. Дала жұмыстарына 25 мың техника қолданылуда. Ал ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дәнсепкіш, 554 соқа және 1 мың қопсытқыш құралдары бар.Нұрбол Тұрашбеков қосымша 47 мың гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша аудан-қала мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмысты жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар жоспарланған ірі инвестициялық жобалардың мерзімінде жүзеге асуын тежеуі мүмкін ықтимал мәселелер тізбесін жасап, заң аясында алдын алуға жұмыс жүргізуді ескертті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915443
ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 13.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік сатып алу саласындағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды. Өңір басшысы бюджетті тиімді әрі мақсатты игеріп, жобаларды уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.– Жобаларды уақтылы жүзеге асыру керек. Жауапты басқарма аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларымен тығыз байланыста жұмыс істесін. Жауапты басшылар мен мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, семинарлар өткізіңіздер. Мемлекеттік сатып алу процестері заң талабына сай әрі жүйелі атқарылуы тиіс. Осы салада кемшілікке жол берген басшылардың жауапкершіліктерін қарау туралы ұсыныс енгізілсін, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Марлен Қалдаровтың айтуынша, басқармаға 2024 жылдың басынан тапсырыс берушілерден жалпы сомасы 216,3 млрд теңгеге 1 346 өтінім келіп түскен. Оның ішінде жұмыстарға – 97,8 млрд теңгеге 338 өтінім түссе, қызметтер бойынша 27,2 млрд теңгеге 598 өтінім қабылданған. Тауарлар бойынша 91,3 млрд теңге 410 өтінім түскен. Бүгінгі таңда 216,3 млрд теңгеге 1345 өтінімнің жұмысы аяқталған. Былтыр өтінімдер 2023 жылмен салыстырғанда 80%-ға немесе 90,7 млрд теңгеге ұлғайған.Жиында мемлекеттік сатып алу саласындағы кемшіліктер де айтылып, тиісті сын-ескертпелер берілді. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширату жөнінде тапсырма беріп, нақты міндеттер жүктеді. Қаржының уақтылы игерілуі, ел мүддесіне жұмсалуы, жобалардың жүзеге асырылуы қатаң бақылауда болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915456
Арал ауданында 150 отбасы жаңа баспананың кілтін алды 13.01.2025
Өткен жексенбіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Бұл күні аудан орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 150 отбасы шаңырақ көтерді. Аймақ басшысы жаңа қоныстанғандарға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Салтанатты шараға Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов және басқалар қатысты.Н.Нәлібаев жиналғандарды жаңа 2025 жылмен құттықтап, тілегін білдірді. жаңа тұрғындардың жаңа үйлерінде бақытты өмір сүруі.– қолдауымен Мемлекет басшысы мен Үкімет, облысымыз үлкен құрылыс алаңына айналды, – деді облыс әкімі. – Облыста жалпы сомасы 133,4 млрд теңгеге 187 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл біздің ауқымды жұмысымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта да облыс пен ел игілігіне, балаларымыздың болашағына арналған жобаларды жүзеге асыратын боламыз.Шарада еңбек ардагерлері мен мердігер компания өкілдері марапатталды. М.Жайымбетов жаңа баспана иелерін құттықтады. Қызылорда облысының Құрметті азаматы Биғали Қаюпов бата берді.Айта кетейік, соңғы үш жылда Арал ауданына 71 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Осыдан екі жыл бұрын аудан бюджеті 10 миллиард теңге болса, бүгінде 21 миллиард теңгені құрап отыр. Соңғы үш жылда құны 1,9 миллиард теңгеге 80 шақырым су құбыры және 783 миллион теңгеге 54,2 шақырым электр беру желісі жаңартылды. Шижаға ауылындағы тозығы жеткен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, Арал қаласында жалпы құны 795 миллион теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылуда. Газдандыру аясында құны 5,2 млрд теңгені құрайтын «Қамыстыбас» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914901
Жаңақорған ауданында жайлы мектеп ашылды 13.01.2025
Аудан өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі – Жаңарық ауылында 300 орындық мектептің ашылуы болды. Нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді.Салтанатты шараға сенаторлар Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов және Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, сондай-ақ Білім министрі Ғани Бейсембаев, облысқа жұмыс сапарымен келген.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, ауыл тұрғындарын жаңа нысанмен құттықтады.– Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында әрбір оқушының білім алуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалуда, – деді. облыс әкімі. – Бүгінде облыс тұрғындары Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың жемісін толықтай сезінді. 2024 жылы білім беруді қаржыландыру көлемі 264 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға өсті. Облыста алты мектеп пен бес мектептің қосымшасы салынды. Биыл Қызылордада Шығармашылық академиясы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, физика-математика интернаты пайдалануға берілмек. Аудандарда да жаңа нысандар пайда болады. Өткен жылы облыстағы сегіз мектеп толықтай жөндеуден өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы үш жылда 51 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.Ғ.Бейсембаев пен М.Әбенов жаңақорғандықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Еңбек ардагерлері мен мердігер құрылыс компаниясының өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914902
Аймақ басшысы Арал ауданындағы автокөлік көпірінің құрылысын аралап көрді 13.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде аспалы көпірдің құрылыс барысын көрді. Ұзындығы 940 метр көпірдің бас жобалаушысы «АлматыДорПроект», мердігер мекеме «РИТМ» серіктестіктері.Аймақ басшысы аспалы көпір елге ұзақ жыл қызмет ету үшін құрылысты сапалы салу аса маңызды екенін айтты.Бүгінде мұндағы көлік қатынасы бір ғана теміржол өткелі арқылы жүргізілуде. Өткел жабылғанда 2-2,5 шақырымға дейін автокөлік кептелісі пайда болады. Жедел жәрдем, өрт сөндіру, құқық қорғау органдарының кезек күттірмейтін қызметтік көліктеріне, тұрғындарға кедергі келтіруде. Көпір салынса осы мәселе шешімін табады.Өткен жылы аймақтың жол құрылысын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты.Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жұмыс қарқынды жүруде. Жоба биыл толық аяқталады.Көлік-логистика саласында да жетістіктер көп.Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірімізге арнайы жұмыс сапармен келіп, «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын салтанатты түрде ашты. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16 млрд. 600 млн. теңге инвестиция салды.Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеден астам қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914908
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Сыр еліне келді 13.01.2025
Бүгін облыс әкімдігінде «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы талқыланған мәжіліс өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аталған министрліктің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы саласының басшылары, ардагерлер қатысты.Бахыт Жаханов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға тоқталды.«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының 3 негізгі компоненті бар. Соның 2-уі Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдауға арналған.Екінші компоненттің бес бағыты – балық шаруашылығы, туризм, жасыл белдеу құру, егін және мал шаруашылығы. Оған 39 жоба енгізілген, 13-ін Халықаралық «Аралды құтқару қорының» атқарушы дирекциясы, 13-ін жергілікті әкімдіктер, 4 жобаны Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Арал филиалы, 3 жобаны Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 6 жобаны әртүрлі ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынған.Жобалар іске асқан жағдайда 1927 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланған. «Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылы аумағындағы суармалы алқаптарда 11 ұңғыманы бұрғылау» жобасы 2022 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаржыға іске асырылды. Тағы 3 жоба қолға алынған.Министрдің жұмыс сапары Арал ауданында жалғасады. Онда «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техника-экономикалық негіздемесі талқыланатын мәжіліс өтеді деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/915549
Минералды шикізат саласында өнеркәсіп объектілерін құру және материалдар өндіру: 2024 жылдың 11 айының қорытындысы 13.01.2025
2024 жылдың 11 айында ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.2024 жылы ҚР МШКҚӨҰО құрылған күннен бастап табысты қызметінің 30 жылдығын атап өтті.3 өнеркәсіптік нысан өнеркәсіптік пайдалануға берілді және 1 өндіріс жобалық қуатқа шығарылды. 2 аппаратты-бағдарламалық кешен құрылып, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың технологиялық процесіне енгізілді және пайдаланылуда. 3 өнеркәсіптік нысандар жобаланған және құрылысқа және қайта құруға дайын тұр.1 200 тонна отқа төзімді материалдар өндіріліп, еліміздің металлургиялық комбинаттарына жеткізілді. Сондай-ақ орталық отандық және шетелдік компаниялармен жалпы сомасы 4 млрд.теңгеден астам 140 шарт жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/914366
БҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ірі жобалар іске асуда 13.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы — ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, шаруаларға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында іске қосылғанын атап өткен болатын.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында ірі жобалар жүзеге асырылуда.Мәселен, 2023 жылы бағдарламасы аясында ауылдағы шағын бизнесті дамыту үшін 6 млрд 400 млн. теңге қаржы бағытталып, 987 азаматқа несие берілген. Нәтижесінде 900-ден астам жұмыс орны құрылды.2024 жылы бағдарлама арқылы кәсібін бастаған 116 азаматқа 1,5 млрд несие берілген. Осылайша, 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған.Ал, биылғы жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде 815 адамға шағын несие беру арқылы 886 жұмыс орнын құру жоспарлануда.Жақында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы БҚО, Бәйтерек ауданы Макаров ауылында жаңа құс фермасы іске қосылды. Құс фабрикасы жылына 900 мың дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, өткен жылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және өңіріміздегі ірі мұнай-газ өңдейтін Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (KPO B.V.) компаниясы арасында облыстағы шаруашылықтардың өнімдерін сату бойынша арнайы меморандум бекітілген болатын.Қазіргі уақытта осы бағытта ауылшаруашылығы өнімдерін КПО компаниясы сатып алуды жүзеге асыруда.Бүгінгі күнге дейін ірі кәсіпорындар компанияға 342 млн. теңгенің өнімін сатқан.«Мемлекет басшысы халыққа жолдауында ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу тұрғысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызды екенін атап өткен болатын. Енді міне, біз тиісті көмекті сезініп жатырмыз. Бағдарламаның қолдауымен құс фабрикасын аштық. Облыстық бюджет арқылы техниканы лизингке алдық. Сондай-ақ, өнімдерімізді облысымыздағы Қарашығанақ компаниясына тікелей сатуға мүмкіндігіміз бар. Бұл біз үшін үлкен қолдау» - деп атап өтті кәсіпкер Әлібек Ғабдулов. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/915402
2024 ЖЫЛ ДӘЛІМЕН ЖӘНЕ ЦИФРЛЕРДЕ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН БҰЗҒАН ҮШІН үкімдер 13.01.2025
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке, оның ішінде абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық істерді тергеу туралы хабарлайды. Мемлекеттік органдар өртке қарсы қызмет өрттердің алдын алу және сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтамалар жүргізеді. Сақтау. Объектідегі өрт қауіпсіздігі талаптарын меншік иелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар және объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар тұлғалар қамтамасыз етуге тиіс.< br> 2024 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары сотқа қылмыстық істерді жіберді, оларда қатысты үкімдер шығарылды. кінәлілер.: Орал қалалық сотының үкімі: Жеке кәсіпкер адам өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 292 ҚК-нің 3 бөлігі. Астана қаласының ауданаралық сотының үкімі: Елорда тұрғыны өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып, азаматтардың өліміне әкеп соққаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.< br> Шымкент қаласының ауданаралық сотының үкімі: Қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген ер адам, адам өліміне әкеп соққан. Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімі: Сот аттас аудан тұрғынын бөтеннің мүлкін абайсызда бүлдіргені үшін кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. . Астана қаласының ауданаралық сотының үкімі: Бөтеннің мүлкін абайсызда бұзудың тағы бір оқиғасы Астана қаласының тұрғынына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының үкімі: Бөтеннің мүлкін жойған кінәлі 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық сотының үкімі: Сол сияқты Қарағанды қаласының тұрғыны бөтеннің мүлкін жойғаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. мүлкі. Қызылорда қалалық No2 сотының үкімі: Бөтеннің мүлкін абайсызда бүлдірген кінәлі 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Министрлік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды күшейтуде. адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерді барынша азайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/914170
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Жайық өзенінде бірегей құтқару бекетін ашты. 13.01.2025
Бүгін Атырауда Жайық өзені бойында бірегей құтқару станциясының салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Серік Шапкеновпен және азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен бірлесіп, өңірдің су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыратын нысанды ашты. Бұл құтқару станциясының ТМД-да баламасы жоқ. Жоба бірден бірнеше негізгі параметр бойынша бірегей. Нысанның құрылысы 2024 жылдың қазан айының соңында басталды, оны рекордтық 2,5 айда аяқтады, бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы жоғары тиімділікті көрсетеді. Құрылыс процесінде жоғары сапалы тез құрастырылатын модульдік материалдар пайдаланылды, бұл құрылыс процесін жеделдетуге ғана емес, объектінің беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік берді. Жоба жергілікті әкімдіктің қаржылай қолдауы мен мақұлдауына ие болды. Ведомство басшысы жеке құрамға арнаған сөзінде: «Бұл құтқару станциясының ашылуы — Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Біз бөлімшелеріміздің инфрақұрылымы мен жабдықталуын жақсарта отырып, адамдарды қорғау үшін инновациялық және тиімді шешімдерді енгізуді жалғастырамыз. Бұл ретте бізді Президент пен жергілікті атқарушы органдар қолдайды. Бұл станция өңір үшін нағыз тірек болады, ол елдің басқа аумақтарына үлгі болады. Оны салу және заманауи жабдықтармен жабдықтау жылдамдығы біздің құтқарушыларымыздың жоғары кәсібилігін көрсетеді». Нысан құрамында-жұмыс кабинеттері, диспетчерлік бөлме, құтқарушыларға арналған демалыс бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелер, ас үй, душ кабиналары бар жуынатын бөлмелер бар әкімшілік блок. Сонымен қатар станция аумағында арнайы техника мен жүзу құралдарын орналастыруға арналған бокс бар, бұл төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында Шыңғыс Әрінов авариялық-құтқару жұмыстарына арналған жаңа автомобильдердің кілттерін табыс етті. Қазіргі заманғы құтқару құралдарымен жабдықталған бұл машиналар республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. Су айдындарында жетуі қиын жерлерде құтқару операцияларын орындау үшін бірегей жүзу құралы болып табылатын «Alligator» аэроқайығын қоса алғанда, жаңа техниканың көрсетілімі айрықша сәт болды. Сонымен қатар станция аумағында құтқарушылар отбасыларына арналған екі қабатты қызмет ғимараты салынды. Министр станция қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін жеке тапсырды, бұл олардың әлеуметтік қорғалуын жақсартудағы маңызды қадам болды. 11 бөлмеде станция қызметкерлері қоныстанды, олар үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Әрбір ұсақ-түйекке ерекше назар аударылады: жоба авторлары тұрғындардың тұрмыстық ұсақ-түйектер туралы ойламай-ақ бір чемоданмен қоныстануына көз жеткізді. Іс-шара барысында Шыңғыс Әрінов құтқару станциясының формулярында естелік жазба қалдырды. Бүгінде Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың тұрақты профилактикасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылы құтқарушылар төтенше жағдайларға 559 рет шығып, 100-ден астам азаматты, оның ішінде 70 баланы құтқарды. Ауқымды су тасқыны кезінде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үш мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Биыл Жайық өзенінде 9 жергілікті тұрғын, оның ішінде 4 бала құтқарылды, бұл осы нысанның аймақ үшін маңыздылығы мен тиімділігін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/915435
Елордалық еріктілер ардагерлер ауласының қарын күреу акциясын өткізіп жатыр 13.01.2025
Астанада қалың қардың жаууына байланысты қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысыммен жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жастар халықтың әлеуметтік осал санатындағы ардагерлер мен мұқтаж азаматтарға белсенді түрде көмектесіп, ауласының қарын күреуге атсалысып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Елорданың 10-ға жуық волонтері жалғыз тұратын ардагерлерге үйлері мен аулаларын тазалауға, ауласын қардан күреуге көмектесті.
«Бүгін біз, «Астана Жастары» еріктілері, жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазарту үшін кезекті «Игі істер марафонына» жиналдық. Айта кетерлігі, елордалық қарияның ауласын екі жылдан бері тазалауға көмектесіп келеміз. Қарттарымыз еркін жүріп, таза ауада серуендеуі үшін ауласының қарын күреу маңызды», - дейді белсенді волонтер Давид Шарипов.
Ауланы қардан күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке олар қашанда дән риза.
«Биыл біз елордадағы қарт кісілердің ауласының қарын күреу науқанын Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отырмыз. Сондықтан да биыл ардагерлер мен қарт кісілерге көбірек көңіл бөліп, ауласының қарын тазалауға көмектесіп қана қоймай, шағын сыйлықтар әкеліп, әңгімелесіп, ақбатасын алдық. Бұл науқанның ары қарай да жалғасатынын атап өткіміз келеді», - дейді «Астана Жастары» волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Дана Тәкенова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915378
Алматыда жылу беру маусымы қалыпты өтуде 13.01.2025
Қала әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен жедел жиында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының барысы қаралды.Қаланың энергетика және сумен жабдықтау, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшылары, білім беру, сондай-ақ «Алматы жылу желілері» ЖШС, «АлматыТеплоКоммунэнерго» ЖШС, «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорны, Алматы электр станциялары басшылары. АҚ, «Алатау жарық компаниясы» АҚ және «Қазақгазаймақ» АлПФ» АҚ өз учаскелеріндегі жағдай туралы хабарлады.Алматыда жылу беру маусымы 2024 жылдың қазан айының басында басталып, қалыпты өтуде. 8863 көпқабатты тұрғын үй, 404 білім беру және 128 денсаулық сақтау нысаны жылумен қамтуға қосылған.Жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету тұрақты. Жылу көздері мен жылу желілеріндегі температуралық режим бекітілген кестеге сәйкес қатаң сақталуда.Алматы ТеплоКоммунЭнерго ЖШС мәліметтері бойынша, қалада 85 қазандық бар, олардың барлығы технологиялық бұзушылықтарсыз жұмыс істейді. Жалпы қала бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 385,3 шақырымды құрайды. Жылыту маусымы басталғалы бері ешқандай заңбұзушылық немесе жаппай төтенше жағдай орын алған жоқ. 2024 жылы қалада үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 23 жылу желісі нысанын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, «Алматы электр станциялары» АҚ нысандарында жөндеу науқаны кезінде - ЖЭС-1, ЖЭО-2, Каскад ГЭС, Батыс жылу кешені – 56 бірлік негізгі энергетикалық жабдықтар жөнделді. Қазандықтар, турбоагрегаттар, гидроагрегаттар ретке келтірілді.АлЭС АҚ энергия көздерінде (ЖЭО-1,2, ЗТК) мазут қоры 140% (18,3 мың тоннаның 25,6), Көмір қоры 179% (168,6 мың тоннаның 302,8).104 жедел топ, оның ішінде шамамен Қалада төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 400 маман мен 100-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. «АТКЕ» ЖШС, «АлТС», «АлЭС» АҚ, «АЖК» және «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорнының коммуналдық қызметтері жоғары дайындықта жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914862
Осы саланы қадағалайтын қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. 13.01.2025
7 қаңтардан 8 қаңтарға қараған түні қалаға қар жауып, түске дейін жалғасты. Қардың қалыңдығы сағат 12:00-де 15 сантиметрге, ал таулы аймақтарда 20-30 сантиметрге жетті.Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, коммуналдық қызмет көшелерді, жолдарды және тротуарларды күреуге жедел кірісіп, қар шығару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде:- 8 қаңтар сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін қалада шамамен 15 сантиметр қар жауды. Сағат 1:00-де жолдарды көктайғаққа қарсы қоспалар себу басталды. 4:30-дан бастап қарды жол жиегіне ысыру жұмыстары жүргізілді. Одан кейін қар үйінділерін қалыптастыру, қарды жкү көліктеріне тиеу және оны арнайы полигондарға шығару жұмыстары жүргізіледі.Бұл жұмыс алдымен орталық және магистральді көшелерде жүргізіледі, себебі тұрғындардың негізгі бөлігі осы жолдармен жүреді. Одан кейін аудандық деңгейдегі жолдарға көшеміз, бұл жұмысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысамыз.Жалпы қабылданған нормаға сәйкес магистральді көшелер 3 күнге дейін, аудандық маңызы бар көшелер 7 күнге дейін тазаланады. Бірақ әдетте бұл жұмысты ертерек аяқтауға тырысамыз.Күндізгі уақытта 500-ге жуық арнайы қар тазалау техникасы және 1100-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Түнгі уақытта да шамамен осындай көлемде техника мен жұмысшылар жұмысқа шығады. Негізінен біз қарды көлік аз кезде түнде тазалауға тырысамыз.Қалада жолдарды қардан тазалайтын техника белсенді түрде жаңартылуда. Соңғы 2 жылда шамамен 140 жаңа заманауи техника сатып алдық. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады. Біз жылдамдықты арттыратын және қол еңбегін тиімді алмастыратын жаңа техникаларды сатып аламыз. Осы арқылы қар шығару жұмысының сапасын жақсартамыз.Былтыр қалада көріктендіру ережелері қабылданды. Соған сәйкес, көріктендіру төлқұжаттары енгізілді. Енді сауда нысандары мен мекемелер өздерінің аумағын таза ұстауға, соның ішінде қарды күреуге міндетті. Сондықтан сауда нысандарын қала тазалығына белсенді қатысуға шақырамыз.Қарды тазалауға белгілі бір уақыт қажет екенін ескере отырып, тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сонымен қатар, қар тазаланғанша көлікті жол жиегіне қоймауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914866
Ұлытау облысы тұрғындарының назарына! 13.01.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында TazaQazBot атты арнайы телеграм чатын іске қосылғанын хабарлаймыз.
Арнайы телеграм-бот арқылы аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау сұрақтары бойынша өтінімдерді жолдай аласыздар. Мәселені сипаттап, фотосуретін жүктеп, орналасқан мекенжайын картадан көрсету мүмкіндігі де қарастырылған.
TazaQazBot телеграм-бот сілтемесі:
https://t.me/TazaQazBotАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/915517
Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр 13.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Атап айтқанда, тізімге Шығыс Қазақстан облысы Оба өзеніндегі су электр станциялары каскадын қосу жоспарланып отыр.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді.
«Министрлік ұсынған өзгерістер су тасқыны қаупін азайту және өңірдегі елді мекендерді қорғау үшін тасқын суды сенімді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, бұл өзгеріс азаматтар мен өнеркәсіп нысандарын сумен жабдықтауды тұрақтандыру үшін жалпы сыйымдылығы 500 млн текше метрге дейінгі қоймалар кешенін дайындауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, 3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабын суару және экологиялық таза электр энергиясының қосымша көлемін өндіру үшін жағдай жасалады», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/914931
Ішкі істер министрлігі: 2024 жылы полицейлер есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды 13.01.2025
2024 жылы Ішкі істер министрлігі «бақыланатын жеткізу» әдісі бойынша 21 іс-шара өткізді, оның ішінде 19 іс-шара ішкі және екеуі сыртқы болды.Нәтижесінде есірткіні жеткізудің 94 ішкі арнасы анықталды. , оның 55-і синтетикалық заттарға жатады. 137 келіден астам синтетикалық есірткі мен екі тонна прекурсорлар тәркіленді.— Халықаралық ынтымақтастықтың орны ерекше. Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Жамбыл облысында екі трансұлттық есірткі арнасын тоқтатуға мүмкіндік берген екі сыртқы операция жүргізілді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейрхан.Өткен жылы барлығы сегіз мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 3430 қылмыс. 13 қылмыстық іс. ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару бойынша қозғалған.Пайдалану үшін жезөкшелер үйін ұйымдастыру және ұстаудың жеті фактісі. 21 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 547 кг синтетикалық, 2,5 кг героин, 10 тоннадан астам марихуана, 572 кг гашиш туралы ақпарат бар 63 есірткі зертханасы жойылды есірткінің таралуы анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/915416
ИПБ өкілдері бір алаңда кездесіп, салымшылар сауалдарына жауап берді 13.01.2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары нарықтық жағдайларда елімізде де, шетелде де әртүрлі валютадағы сан-алуан қаржы құралдарына инвестицияланады. Нәтижесінде инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сондай-ақ, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер.
Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Әлемдегі зейнетақы қорлары салымшылардың зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту үшін тартымды және тиімді мүмкіндіктерді үнемі іздестіріп отырады. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады.
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн-форматта "Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау" тақырыбында Ашық есік күні өтті.
Бұл оқиға бірегей болды. Басқарушы инвестициялық компаниялардың өкілдері алғаш рет бір онлайн-алаңда кездесіп, барлық қызығушылық танытқандарға өздерінің инвестициялық саясаты туралы баяндап, жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Салымшылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, БЖЗҚ ұйымдастырған іс-шараға қатысушылар өз жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға аудару туралы шешім қабылдаған жағдайда, ең алдымен неге көңіл бөлу керек, ИПБ-ны қалай таңдаған дұрыс екендігі туралы мамандар тарапынан маңызды ақпараттар алды. Зейнетақы жинақтарын беру ережелері мен алгоритмдері туралы кәсіби кеңес берілді. Іс-шара материалдарымен Қордың ресми сайтында танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/about/press-center/projects/openday2024.php
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігін алды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді. Енді БЖЗҚ салымшылары міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50% дейін, сондай-ақ, ерікті жарналарынан жинақталған қорын 100% мөлшерде жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады. Қазір ондай компаниялардың саны - 5. ИПБ-лардың толық тізімімен, қызметтеріне жасалған шолулармен әрбір салымшы БЖЗҚ сайтында таныса алады.
Жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру туралы шешім қабылдаған салымшы, ең алдымен, БЖЗҚ-ға өтініш жолдауы қажет. Оны Қор сайтындағы Жеке кабинет немесе ең жақын жерде орналасқан кез-келген бөлімшеге барып, беруге болады.
Барлық қажетті ақпарат www.enpf.kz сайтындағы Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару бөлімінде, сондай-ақ, БЖЗҚ/ЕНПФ Youtube-арнасындағы https://www.youtube.com/watch?v=9EbYNGd0NXI сілтемесі бойынша бейненұсқаулықта берілген.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға аударғаннан кейін де олардың есебін жүргізуді жалғастыра береді. Әрбір салымшы жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірмеден ИПБ-ның оған қанша кіріс кіргізгені туралы ақпаратты көре алады. Алайда инвестициялық қызметтің нәтижелерін ұзақ мерзімдік кезең ішінде бағалауға кеңес береміз. Әлеуметтік Кодексте жинақтарды бір ИПБ-дан екіншісіне немесе ҚР ҰБ-тың басқаруына жылына тек бір рет қана аударуға болатындығы айқындалған.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару кезінде есте сақталуы қажет маңызды жәйт: зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы жинақтар бойынша беріледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған жағдайда, мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Ол активтер кірістілігінің ең төменгі деңгейінен кем болмайтын мөлшердегі кіріспен қамтамасыз етуі керек. Бұл деңгей зейнетақы активтерін басқару нарығында жұмыс істейтін барлық ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептеледі.
Салымшылар зейнетақы жүйесінің барлық мәселелері бойынша ақыл-кеңесті БЖЗҚ филиалдарына келіп немесе онлайн режимінде: enpf.kz сайты, түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілер, сондай-ақ, "Ашық есік күні" бірегей іс-шарасы арқылы ала алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914276
Көпір қалпына келтіріліп, қалыпты жұмыс істеп тұр. 13.01.2025
Өткен жылдың көктеміндегі тасқын «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» аудандық маңызы бар тасжолындағы көпірдің бүлінуіне әкелген еді. Алайда шұғыл шешімдердің нәтижесінде Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілді. Жергілікті және облыстық атқарушы билік тарапынан тиісті көмек көрсетілді. Көпірді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев арнайы келіп көріп, мәселенің оң шешілетіндігін айтқан болатын.«Зайсан - Құрылыс» компаниясы құрылыс жұмысын ойдағыдай аяқтады. Бүгінде көпір қалыпты жұмыс істеп тұр.«Көпір біздің ауылдық округ үшін өте маңызды. Көпіріміз бүлінген кезде алаңдап қалғанымыз рас. Алайда облыс әкімі жағдайды жедел бақылауына алып, тиісті шараларды жүзеге асырды. Енді міне, жаңа көпір халыққа қызмет жасап тұр. Ауылдықтар атынан алғыс айтамыз», -дейді ауыл тұрғыны Өкен Тыныбаев.Аталған көпір арқылы Кіндікті, Алғабас ауылдарына және Ырғызбай ата кесенесіне баратын жолаушылар қатынайды. Жалпы Кіндікті ауылдық округінде 631 адам тұрады. Ырғызбай әулие кесенесіне жылына алты мыңға жуық турист келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914920
Көкпекті ауданында қар тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде. 13.01.2025
Республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тас жолында (Боғас-Байбура-Қалбатау учаскесі, 906-1321 км) қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тиімді жұмыс істеу үшін қажетті инертті материалдар әкелініп, күнделікті патрульдеу жолдарды жылдам жүруге жарамды жағдайда ұстауға мүмкіндік береді.Ұзындығы 45 шақырымды құрайтын Көкпекті – Самар – Васильевская паромдық аудандық автожолында «Семей жолдары» ЖШС айналысады. тазартуда. Мұнда екі бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылған, олар күн сайын қар үйінділерін жояды және жолды кеңейтеді.Жалпы ұзындығы 282,4 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жол магистральдарына «Smart Bild» ЖШС мен Болгибаева И.П. қызмет көрсетеді. Тазалау жұмыстарына 13 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде үш К-700 тракторы, алты МТЗ тракторы, үш жүк тиегіш және бір грейдер.Қазіргі таңда ауылдық елді мекендер ішіндегі жолдарды қардан тазалау үшін ауылдық округтермен келісімдер жасалды. Елді мекендер ішіндегі жолдарды тазарту және кеңейту жұмыстары бақылауда.Анықтама үшін: Көкпекті ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 488,4 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай автомобиль жолдарының ұзындығы 161 шақырымды, тас жолдардың ұзындығын құрайды. аудандық маңызы бар 45 км, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 282,4 км. км.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/915166
Түркістанға ұшатын рейстердің саны артып келеді 13.01.2025
QAZAQ AIR әуекомпаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуерейстерін іске қосты. Сондай-ақ, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарлануда.Қостанай-ТүркістанРейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:IQ 361 Қостанай (15: 00) – Түркістан (17:20)IQ 362 Түркістан (17:50) - Қостанай (20: 00).Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінің құны бір бағытта 31 000 теңгені құрайды.Қарағанды-ТүркістанРейстер аптасына 2 рет орындалады:Дүйсенбі күндері:IQ 441 Түркістан (09:50) - Қарағанды (11:40)IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00)Сәрсенбі күні:IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00)IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).Субсидияланатын әуерейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңгені құрайды.Астана-ТүркістанРейстер аптасына 2 рет орындалады:Дүйсенбі күндері:IQ 369 Астана (07:05) - Түркістан (09: 05)IQ 370 Түркістан (14:40) – Астана (16:55)Сәрсенбі күні:IQ 369 Астана (09:50) - Түркістан (11:40)IQ 370 Түркістан (17:20) – Астана (19:20).Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914957