Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада жаңа жылдық мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді 07.01.2025
Жылдың соңғы күні 31 желтоқсанда Астананың қоғамдық көлігі штаттық режимде жүретін болады. 1 қаңтарда кейбір өзгерістер болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап. 31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді;1 қаңтар күні сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді, ал экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз;5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді.Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/912583
Астананың үш орнында жаңа жылдық концерттер өтіп жатыр 07.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Астананың үш ашық алаңында мерекелік концерттер ұйымдастырылып, онда ұлттық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Елорданың алты ауданында мұз айдындары, сырғанақтар, безендірілген шыршалар, шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар және т.б. қазірдің өзінде қала тұрғындарының қуанышына айналды.Отандық эстрада жұлдыздары қалалық алаңда, ЭКСПО халықаралық көрме орталығының алдында және «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда хит әндерін орындап жатыр.Әншілердің қатарында Алмас Кішкенбаев, Ayree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, «Заман» және «Меломен» топтары, Әділет Жауғашар, Алтыншаш Мұқатаева, Қаракесек және басқа да өнер қайраткерлері бар. Мерекелік концертке кез келген адам қатысып, көңіл көтере алады.Концерттер түнгі сағат 2-ге дейін өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/912697
Астанада мерекелік отшашу атылды 07.01.2025
Елордада демеушілік қаражат есебінен және қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтай отырып ұйымдастырылған жаңа жылдық отшашу басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сағат 00:00-де қаланың екі орнында – Атырау көпірінің маңындағы аумақтан (қала жағалауы) және Ботаникалық бақтан отшашу іске қосылды. Отшашуды тамашалауға 50 мыңнан астам адам келді. Отшашудың ұзақтығы шамамен 3,5 минутты құрап, әр жерден 2,5 мың мәрте атылды.Жаңа жылдық отшашудан бөлек, қаланың үш орнында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік шаралар өтіп жатыр.Концерттік бағдарламада Алмас Кішкенбаев, Ayree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, «Заман» және «Меломен» топтары және т.б. өнер көрсетіп жатыр.Концерттер түнгі сағат 2-ге дейін мына мекенжайларда өтеді: Қалалық алаң (қала әкімдігігің алдындағы алаң); «Қазақ елі» монументінің аумағы; ЭКСПО алаңы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/912705
Астанада жаңа жыл түнінде 10 сәби дүниеге келді 07.01.2025
2025 жылдың 1 қаңтарына қараған түні елордада 10 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.Жаңа жылдың бірінші күнінде көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 5 қыз және 5 ұл бала дүниеге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/912719
Астанадан қыс мезгілінің басынан бері 2,3 млн текше метрден астам қар шығарылды 07.01.2025
Астанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Биылғы қысқы маусымның басынан бастап мамандар қаладан 2,3 млн текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 5 қаңтар күні күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2644 жол жұмысшы мен 1537 арнайы техника шықты.5 қаңтарға қараған түні қар полигондарына 3015 ауыр жүк рейсімен 38738 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 178 098 рейспен 2 308 536 текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/912947
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды 07.01.2025
Астанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қаладан бір күнде 38 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 5 қаңтар күні күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 337 жол жұмысшы мен 1206 арнайы техника шықты. Олардың күшімен қаладан 2938 рейспен 38602 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 178 098 рейспен 2 352 714 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/913375
JOLTAP: елордалық бойжеткен курстан кейінгі жетістіктері туралы айтты 07.01.2025
Елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы қала тұрғындарына жұмыс тауып беріп қана қоймай, біліктілігін және кәсіби мүмкіндіктерін арттыруға көмектесіп жатыр. Жоба түлегі Айсұлу Саметова оқу барысы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Айсұлу жиһаз дизайны саласында жұмыс істейді. Декреттік демалыста бос уақыты болғандықтан өзіне таңсық мамандықты меңгермек болады. Осылайша ол JOLTAP жобасы туралы әлеуметтік желіден білген.«Instagram желісіндегі хабарламаға көзім түсіп кетті. Мұны өзімді дамытуға, көзқарасымды кеңейтуге және жаңа мамандықтарды игеруге қажет мүмкіндік деп көрдім. Жоба маған қажет нәрсенің бәрін береді деген үміт болды. Осыған дейін жиһаз жасау саласында жұмыс істегенмін, бірақ жүйелі білім жетіспейтін. JOLTAP курстары маған барлық білгенімді жүйелеуге және жаңа дағдыларды меңгеруге көмектесті», - дейді Астана тұрғыны.Алдымен ол жиһаз құрастырушы мамандығы бойынша оқуды таңдаған. Курстар тәжірибелі мұғалімнің жетекшілігімен өтті. Айсұлудың айтуынша, тәжірибеге ерекше көңіл бөлді.«Біз өлшемдерді есептеуді, материалдарды таңдауды және жиһаз құрастыруды үйрендік. Курстың соңында жиһазды өз бетімше құрастыра алатын болдым. Бұл білім мамандығыма деген сенімділікті арттыруға және біліктілігімді кеңейтуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті дизайнер.Курс барысында Айсұлу жиһаз дизайнері ретінде өзіне қажет білімді толықтай меңгергенін айтты.Алайда ол мұнымен тоқтап қалған жоқ. Курсты оқып жүріп, мобилографияға да қызығушылық танытты. Сол себепті осы мамандықты қосымша меңгеріп алмақ болды.«Қысқа мерзімде қарқынды оқыту курсынан өттік. Негізгі назар тәжірибеге берілді. Көп ұзамай кәсіби мобилографияны үйрендім. Бұл білім маған карьералық мүмкіндіктерімді кеңейтуге көмектесті, енді оны жұмысыма да қолдана аламын. Тиісінше жалақым да артты», - деп атап өтті жоба түлегі.Айсұлудың пікірінше, бұл жоба өзін жаңа салада байқап көруге немесе мамандығы бойынша дағдыларды дамытуға ерекше мүмкіндік береді.«Мен JOLTAP жобасына біліктілігімді арттыруға көмектескені және жаңа мақсаттарға шабыт бергені үшін өте ризамын. Соның арқасында кәсіби құзіреттілігімді арттырып қана қоймай, жаңа адамдармен таныстым», - деп бойжеткен сөзін түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/913769
28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері және мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері ұшып келді. 07.01.2025
28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері және мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері ұшып келді. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды. Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) - азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/911313
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласына арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді. 07.01.2025
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласына арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді. ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/911348
Көлік министрлігіне қарасты Комиссияны Марат Қарабаев басқарады 07.01.2025
Көлік министрлігіне қарасты Комиссияны Марат Қарабаев басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары, тергеу жөніндегі уәкіл — көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу Департаментінің директоры Нұржан Малаев. Министрлікке қарасты бұл Комиссия Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссияның құрамына кіреді. ҚР Көлік министрлігі Комиссиясының басты мақсаты — авиациялық оқиғаның себебін анықтап, болашақта осындай жағдайды алдын алып, болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу. Бүгін Марат Қарабаевтың төрағалығымен штабта барлық 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиналыс өтті. Комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/911353
Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды 07.01.2025
Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды.Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады. Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/911366
Қазақстан борттық өздігінен жазғыштарды Бразилияға жіберді 07.01.2025
Қазақстан борттық өздігінен жазғыштарды Бразилияға жіберді Авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/912077
13,4 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды 07.01.2025
2024 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген.Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 201 адам жүгінді, оның ішінде 3 087 адамға тағайындалды.Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 994 адам өтініш білдіріп, оның 10 336-сына тағайындалған.Сондай-ақ, 240 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 138 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 394 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 546 адам, 4 көзден – 1 926 адам), Қостанай (2 көзден – 343 адам, ал 4 көзден – 1 172 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 287 адам, ал 4 көзден – 1 204 адам) облыстарында тіркелген.Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, аталған төлемді алуға 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер құқылы болды, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/909671
ЕРДО сарапшыларының пікірінше, 2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70 пайызды құрайды 07.01.2025
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) Болжау және зерттеу департаментінің сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштері негізінде демографиялық болжам дайындады. Талдауға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанның қала халқының саны 13% - ға артып, 14 млн адамға жетеді, ал 2050 жылға қарай 57% - ға өсіп, 19,3 миллионды құрайды. Сонымен бірге, 2030 жылға қарай ауыл халқының саны тек 1%-ға, 7,7 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай-шамамен 9%-ға, 8,2 млн адамға дейін өседі.ЕРДО Болжау және зерттеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков демографиялық болжамның қалай қалыптасатынын егжей-тегжейлі айтып берді.«Ол 2401 сценарий негізінде жасалған, олар екі санатқа бөлінеді – негізгі және аналитикалық. Негізгіге 7 бірыңғай сценарий кіреді – базалық, сонымен қатар жоғары және төмен, олар өз кезегінде әлсіз (2023 жылға қатысты 5% өзгеріс), орташа (10% өзгеріс) және күшті (15% өзгеріс) опциялар.Аналитикалық категорияға аналитиктер мен модельдеу үшін көбірек қызығушылық тудыратын барлық басқа сценарийлер кіреді», – деп бөлісті ол.Болжам бойынша, қала халқының саны 2030 жылға қарай базалық сценарий кезінде Астана қаласында – 538,3 мың адамға немесе 39%-ға, 1,9 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 469,3 мың адамға немесе 21% - ға, 2 млн 664 мың адамға дейін, Шымкент қаласында –209,6 мың адамға немесе 17% - ға өседі, нәтижесінде 1 млн 416 мың адамға жетеді. Бұл ретте үш мегаполистің халқы қала халқының жалпы санының 43%-ын құрайтын болады, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 51%-ға дейін ұлғаяды.Бұдан басқа, өңірлік бөліністе қала халқы Маңғыстау облысында 79,2 мың адамға, Ақтөбе облысында 70,3 мың адамға, Түркістанда 62,4 мың адамға өседі. Бұл ретте Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қала халқының саны азаюы мүмкін.2030 жылға қарай ауыл халқының өсуі 2023 жылмен салыстырғанда тек бес өңірде күтіледі: Алматы облысында 140,8 мың адамға, Түркістанда 94,7 мың адамға, Маңғыстауда 58,1 мың адамға, Қызылорда облысында 26 мың адамға және Атырауда 21,5 мың адамға.2030 жылға қарай ауыл халқының едәуір азаюы Қостанай облысында, Абай облысында және Солтүстік Қазақстан облысында болжанып отыр, онда азаю тиісінше 37,1 мың, 35,2 мың және 33,8 мың адамды құрайды.2050 жылға қарай ЕРДО талдаушыларының есептеулеріне сәйкес болжамның базалық нұсқасы кезінде Маңғыстау облысы мегаполистерді есептемегенде қала халқының өсуі бойынша көшбасшы болады. Өңір қалаларында 736,6 мың адам тұрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 384 мыңға немесе 2,1 есе көп. Түркістан облысында өсім 355 мың адамды құрайды, бұл 878,7 мың адамға дейін, яғни 1,7 есе өсуге сәйкес келеді. Ақтөбе облысында қала тұрғындарының саны 307 мың адамға өсіп, 1 млн адамды құрайды (2023 жылға қарай+44%). Қала тұрғындары санының азаюы Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында болжанады, тиісінше 7%, 6% және 5% - ға қысқарады.Ауыл халқының саны Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде өседі. Алматы облысында өсім 658 мың болып 1 млн 931 мың адамға жетеді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 52% - ға артық. Түркістан облысында ауыл халқы 495,2 мыңға дейін өсіп, 2 млн 102 мың адамды құрайды. Маңғыстау облысында ауыл халқының саны 2050 жылы 709 мың адамды құрауы мүмкін, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 284,7 мыңға көп.Ауыл тұрғындары санының ең көп азаюы Қостанай облысында күтілуде – 163,6 мың адамға қысқарып 151,7 мың адамды құрайды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 52% - ға аз. Абай облысында 149,6 мың адамға азайып, халық саны 87,6 мың адамды құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл халқының саны 2050 жылға қарай 141,6 мың адамға қысқарып, 131,3 мың адам болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/910441
О. Анафин табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы хабарлады 07.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияcында табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары және 2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы айтты.Вице-министр сөз басында жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару үшін кешенді қолдау көрсетуге бағытталған АӘК берілетінін атап өтті.АӘК мыналарды көздейді:- шартсыз және шартты негізде тоқсан сайын берілетін ақшалай төлем. Еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылар шартсыз көмек, ал құрамында жұмысқа орналаса алатын кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасылар шартты көмек алады;- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату және келесі 6 айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады;- табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа толған балаларының әрқайсысына 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша АӘК 36,2 млрд теңге сомасына 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға тағайындалды. Қосымша төлем АӘК алушылар арасынан 128,8 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға 5 млрд теңге сомасына тағайындалды.«Алушылардың 55%-ы қалалық жерлерде, ал 45%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Өңірлер бөлінісінде АӘК алушылардың көбі Түркістан облысында – 20,3%, Шымкент қаласында – 11,3%, Қызылорда облысында – 8,2%, Алматы облысында – 7,9%, Жамбыл облысында – 7,5% және Жетісу облысында – 7% байқалады. Бұл өңірлерде алушылар саны 62,2%.Әлеуметтік мәртебелер бөлінісінде АӘК алушылар арасында көбі балалар – 273,9 мың адам немесе 66,6%. Сондай-ақ алушылар қатарында өтініш берген сәтте жұмысы бар адамдар – 14,3%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 12,2%, студенттер – 3,9%, жұмыссыздар – 1,4% және басқа санаттағы адамдар – 1,6%», – деп хабарлады Олжас Анафин.Вице-министр АӘК-тің басты мақсаты еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тарту арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығару болып табылатынын атап өтті.«Осы жылы еңбекке қабілетті 97,6 мың АӘК алушының 59,4 мыңы жұмыс істейді, 32,5 мыңы күтіммен айналысады, 5,7 мың адам жұмыссыз.Әлеуметтік келісімшартты енгізудің арқасында еңбекке қабілетті 16 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды, оның ішінде 11,2 мың адам немесе 70% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды; 3,5 мың адамға немесе 22% уақытша жұмыспен қамту шаралары көрсетілді; 426 адам (2,5%) кәсіпкерлік бастаманы дамыту үшін гранттар алды; 300 адам (1,9%) біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді», – деді Олжас Анафин.2023 жылы табысы аз отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы АӘК алушылар қатарынан 54,3 мың адам кедейлік жағдайынан шықты. Осы жылы кедейлік жағдайынан шыққандар саны 52,5 мың адамды құрады.«Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) іске қосылды, ол 84 параметр негізінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтайды. ОЦК деректері негізінде мемлекеттік органдар мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады.Биыл әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің көрсеткіштері бойынша ОЦК-да D және E санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту бойынша әкімдердің KPI енгізілді. Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп отбасыларды дағдарыс және мүшкіл санаттардан неғұрлым қолайлы санаттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдауда. 2024 жылғы 17 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған контингенттің саны 15 %-ға азайды», – деп атап өтті вице-министр.Ол сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалатынын хабарлады.«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп ОЦК деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есептеулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалған.Кедейлік шегін анықтауда медиандық кірісті енгізу атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің азаюына әкелмейтінін атап өту маңызды. Сонымен қатар, АӘК алушылар саны 755 отбасына немесе 3,8 мыңнан астам адамға өсуі мүмкін деп болжануда», – деді Олжас Анафин.Вице-министр 2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытындылар шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жүзеге асырылатынын айтты. Бұл комиссиялар үшін FSM Social мобильді қосымшасы жасалды. Оның артықшылығы: геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны); жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату; зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау болып табылады. Мобильді қосымша пилоттық режимде Алматы облысының Қонаев қаласында сыналды. 2025 жылғы қаңтардан бастап FSM Social қосымшасын бүкіл ел бойынша енгізу жоспарлануда.Ол сондай-ақ а.ж. 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырғанын еске салды. «Осы тапсырманы орындау үшін ҚР Әлеуметтік кодексіне түзетулер әзірленіп, Үкіметтің қарауына жіберілді. АӘК тағайындау кезінде азаматтардың мынадай шығыс түрлерін ескеру ұсынылады: тұрғын үйді және (немесе) жеңіл автокөлікті меншікке сатып алу; ипотекалық қарызды қоспағанда, отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшерде банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер ресімдеу; адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын шығыс операцияларының болуы; ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін олардың келісімін ала отырып, сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда», – деді Олжас Анафин.Сондай-ақ, вице-министр АӘК тағайындау кезінде екінші деңгейдегі банктерден азаматтардың кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер алу алгоритмі туралы айтты.«Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жиынтық түрде келісім алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының мөлшері кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады», – деп түсіндірді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/910809
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 700-ден астам объект бейімделген 07.01.2025
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 771 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі толық бейімделді.Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады.Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 22 166 объект толығымен бейімделген.2024 жылдың соңына дейін Жетісу облысында 448 нысанды бейімдеу жоспарланған еді, өңірде жоспар артығымен орындалып, 771 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.Мәселен, өңірдегі 771 объектінің ішінен төмендегі объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:- денсаулық сақтау объектілері – 119;- білім беру мекемелері – 416;- мәдениет нысандары – 85;- сауда және қызмет көрсету орындары – 8;- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 90;– спорт нысандары – 20;- көлік инфрақұрылымы объектілері – 2;- әлеуметтік қорғау объектілері – 11;- басқалары – 20. «Жыл сайын мүгедектігі бар азаматтар үшін қол жетімділік жағдайы жақсарып келеді. Мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған арбамен жүремін, күн сайын таңу және катетерді ауыстыру үшін бірінші қалалық емханаға барамын. Бұл емханада бұрын лифт болған, бірақ ол өте ыңғайсыз, тар, кішкентай болатын. Енді кеңірек лифт орнатылды, кез-келген көлемдегі арбамен еркін кіріп-шығуға болады. Зағип жандарға арналған жаңа тактильді тректер жасалды, есту қабілеті нашар адамдарға арналған билбордтар орнатылды. Сондай-ақ, емханада белгілі бір жарақат салдарынан өздігінен жүре алмайтындарға арналған төрт арба бар.Қаламызда да оң өзгерістер орын алуда, оның ішінде Каспий банкі филиалының ғимараты бейімделді, атап айтсақ мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жаңа көтергіш орнатылды. Барша мемлекеттік, медициналық мекемелерде, оқу орындарында, балабақшаларда, спорт ғимараттарында барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік қарастырылған», – деп бөлісті бірінші топ мүгедектігі бар Нұрбек Тұрғанов. Бұдан басқа, осы жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 137 тексеру жүргізді, оның ішінде: профилактикалық бақылау шеңберінде 29, жоспардан тыс тексерулер 39, прокуратура органдарының талабы бойынша 69 тексеру болды.Тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 60 ұйғарым беріліп, 10,4 млн теңгеден астам сомаға 76 әкімшілік айыппұл салынды.Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпастан жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/911436
2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы және жәрдемақы мөлшері 07.01.2025
2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаятын болады;- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды;- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5 %-ға артады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/911461
С. Жақыпова 2024 жылды қорытындылап, қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады 07.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведмствоның 2024 жылғы жұмысын қорытындылады және ел халқына денсаулық, амандық пен бақыт тілей отырып, қазақстандықтарды келе жатқан 2025 жылмен құттықтады.«Құрметті қазақстандықтар! Өткен 2024 жыл Мемлекет басшысы қойған тапсырмалар мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерді іске асыруда біздің Министрлік үшін өте жауапты жыл болды.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қолдау мақсатында зейнетақы мен жәрдемақылар алатын 4,5 млн адамға төлеу үшін 5,3 трлн теңге бағытталды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері 65%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105%-ға дейін арттырылды.Қазақстанның қазіргі жас буын азаматтарын болашақта зейнетақының тиісті деңгеймен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу басталды, аталған төлем қазірдің өзінде 4,3 млн астам жұмыскердің пайдасына аударылды.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Жыл басынан бері 936,7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оқыту және кәсіптік бағдар беру түрінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 324,8 мыңнан астам қазақстандық қамтылды.Жұмыспен қамту саласын тиімді дамыту үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізілді. Атап айтқанда, «Mansap Compasy» платформасы мектеп түлектеріне кәсіп таңдауға және өзінің болашақ мансабының перспективасын бағалауға мүмкіндік береді. Электрондық еңбек биржасындағы жаңа функционалдың көмегімен студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін орынды таба алады. Ал Жобалардың инновациялық навигаторы 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, оның шеңберінде 150 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.Ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік төлем енгізіліп, қазіргі уақытта 13,4 мыңға жуық адамға тағайындалды.Платформалық жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін адамдар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ететін заңнамаға түзетулер қабылданды.Сондай-ақ, биыл халықаралық тәжірибе мен Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ең төмен жалақыны айқындау әдістемесі әзірленіп, бекітілді. ЕТЖ мөлшері медиандық жалақы мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін пайдалана отырып айқындалатын болады. Бұл тәсіл жұмыскерлердің кірістері мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі арасында нақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді.Осы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Министрліктің қарамағына беру болды. Аумақтық бөлімшелері бар Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылды, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі жасалды.Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету үшін кәсіпорындарда кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларын бақылау үшін Кәсіпорындардың цифрлық картасы іске қосылды.Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуына жол бермеу мақсатында Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы енгізілді, оның шеңберінде 93 мыңнан астам кәсіпорынға мониторинг жүргізіледі.Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республика кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 %-ға төмендеді.Биыл Қазақстан БҰҰ-ға республикамыз ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндаманы сәтті ұсынды.Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгеруде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысы цифрландырылуда. Төрт өңірде балаларға қымбат, инновациялық техникалық оңалту құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Мүгедектігі бар адамдар үшін 22 мыңнан астам нысан бейімделген.2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленіп, қабылданды. Оның басты жаңалығы мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік модельден әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдай жасау болып табылады.Осы жылы еліміздің барлық өңірінде жаңа тұрғылықты жерінде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер ауқымы ұлғайтылды. Аталған қызметтермен 12,1 мың адам қамтылған.Қоныс аударушылардың 5 жылға дейінгі мерзімге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алу құқығын, сондай-ақ материалдық көмекті есепке алу үшін шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салуды көздейтін заңнамаға түзетулер қабылданды.Қазақстандық жұмыскерлердің білімін трансферттеу және біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік мамандар үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесі кеңейтілді. Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілді.Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін Қатар мемлекетімен екіжақты келісімге қол қойылды.Азаматтарымыздың өмірін жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар жасалды және ол жұмыстарды одан әрі жандандырамыз.Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Жаңа жыл – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Жаңа жыл өмірімізге жақсы өзгерістер әкеледі деп сенеміз, еліміздің сенімді дамуына үміт артамыз.Осы жылы Отанымыздың игілігі үшін жауапкершілікпен еңбек еткен азаматтарға зор алғыс айтқым келеді. Жаңа 2025 жылы халықтың өмір сүру сапасының артуын, отбасы мен рухани құндылықтардың нығаюын шын жүректен тілеймін! Келе жатқан жыл біздің еліміз үшін жақсылық пен жасампаздыққа толы жыл болсын.Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, әр отбасыға құт-береке, бақыт пен шаттық, қуаныш пен өзара түсіністік тілеймін!», – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/912178
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті 07.01.2025
Жалпы алғанда, 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығыстары 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстардан 14 %-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық.Көзделген шығыстардың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады. Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн 720 млрд теңге – барлық жәрдемақыларды төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталатын болады.Бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/912910
2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі 07.01.2025
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% - ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/913437