Қоғам
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫНА ҚАТЫСТЫ 24.12.2024
Бүгін Түркістанда балалардың құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жыл мерекесіне арналған шыршатой өтті. Мерекелік шырша шамын облыс әкімі Дархан Сатыбалды жағып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.«Бүгін біз жаңа жыл қарсаңында сіздермен бірге қуаныш пен шаттыққа толы ерекше сәттерді бөлісіп отырмыз. Президенттік шырша – бұл сіздер үшін ғажайыптың есігін ашып, ертегі әлеміне жетелейтін мерекелік күн. Жаңа жыл – арманға қанат бітіріп, болашаққа сеніммен қарайтын мейрам. Ал сіздер – сол болашақты жарқын ететін еліміздің мақтанышысыздар. Түркістан облысында балалардың сапалы білім алып, өз қабілеттерін дамытуына ерекше назар аударылуда. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірімізде 29 жайлы мектептің құрылысы басталып, оқушылардың игілігіне берілуде. Өткен жылы 40 мыңнан астам оқушы жазғы демалыс лагерлеріне барып, мәдени нысандарды аралады. Сонымен қатар облысымыздың 520 оқушысы республикалық олимпиадаларда бақ сынап, оның 200-ге жуығы жүлделі орындарды иеленді. Бұл жетістіктер – білім саласына жасалған жүйелі қолдаудың нәтижесі. Алдағы уақытта да балаларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғаса береді. Сіздердің әрбір күндеріңіз бақытқа, ал армандарыңыз жарқын жетістіктерге толы болсын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, қымбатты балалар! – деді Дархан Сатыбалды.Мерекелік жиында әлеуметтік осал топтағы балалар мен республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпазы болған 200 балаға Президент атынан сыйлықтар тарту етілді. Өңір басшысы оқушыларға естелік хаттар мен түрлі тәттілер үлестірді. Сондай-ақ әр бүлдіршінге оқу құралдарына арналған сөмке, қазақ ертегі кітаптары беріліп, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Құрметке бөленген оқушылар арасында еліміздің батыс өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккен халыққа өзінің жинап жүрген қаражатын жолдап, көпшілікті сүйсіндірген кентаулық оқушы Гаухар Шаймерден де бар.Мерекелік шарада қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балалардың көңілін көтерді. Арнайы концерттік бағдарламада әуелеген ән шырқалып, мың бұралған бишілер балаларға ерекше әсер сыйлады.Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесіне дейін 200 бала 1 күн бойы Түркістанның көрікті орындарын аралады. Балаларға арналған ойын-сауық орталығында уақытты қызықты өткізіп, кинотеатрда мультфильм тамашалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/908331
Приозерскіде қала әкімінің жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды 24.12.2024
Приозерск қаласында жеті тұрғынға "Талап-2024" қала әкімінің сыйлығы берілді. Ол түрлі мамандықтардың үздік өкілдеріне, жастар белсенділеріне беріледі.Байқауға қатысуға өтінімдерді үміткерлердің өздері берді. Портфолиода олардың кәсіби саладағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері туралы ақпарат ұсынылған.– "Талап-2024" сыйлығы туралы мен Instagram-нан білдім және өтініш беруді шештім. Оған оқушыларымның мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын қостым. Олардың арасында мектеп, қалалық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындар үшін грамоталар болды. Сондай-ақ біліктілікті арттыру бойынша семинарларға қатысқанымды растайтын сертификаттарды қоса бердім, – дейді Приозерск қаласының үздік жас мұғалімі деп танылған физика пәнінің оқытушысы Гүлназ Жантасова. – Менің жұмысым назардан тыс қалмағаны қуантады.Сондай-ақ, "Талап-2024" сыйлығының лауреаттары атанғандар:- Ержан Райымбаев – "Үздік жас белсенді";- Алмаз Махатша – "Үздік жас құтқарушы";- Азат Әдбіхалықов – "Үздік учаскелік инспектор";- Нұрсұлтан Қыстаубай – "Үздік жас спортшы";- Андрей Курбатов – "Үздік жас медицина қызметкері";- Айдос Тайжанов – "Үздік жас әскери қызметші".Барлық жеңімпаздар дипломдар мен қатар 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/908359
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ 24.12.2024
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов ҚХР Фанчэнган қаласының мэрі Цю Минхунмен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша кездесті. Бұл кездесу білім беру саласындағы екі ел арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға бағытталған.Кездесу барысында Қазақстан тарапы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін алғышарттарды атап өтті. Қазіргі таңда Қытай университеттерімен 241 келісім жасалып, білім беру және ғылыми зерттеулер саласында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.Негізінен Қытай және Қазақстан арасында студенттермен алмасу бағдарламаларын кеңейту, қосымша ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді алмастыруды ұйымдастыру, жаңа бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске қосу, Қазақстанда қытай университеттерінің филиалдарын ашу мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері талқыланды.Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және білім мен ғылым саласында ортақ жетістіктерге қол жеткізу үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыру қажеттілігін атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық білім беру мен ғылыми форумдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу мәселелерін ілгерілетуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/908319
Абай облысында полиция мен дағдарыс орталығынан бір жылда 154 отбасы көмек алды 24.12.2024
Абай облысының полициясы мен дағдарыс орталығының бірлескен күш-жігерінің арқасында 154 отбасы көмек алды.Абай облысының дағдарыс орталығы зорлық-зомбылықты бастан кешірген әйелдер мен балалар үшін нағыз тірек болды. Бір жыл ішінде бұл жерден 154 отбасы көмек алып, 46 тергеу шарасы өткізілді. Орталық қауіпсіз баспанадан бастап білікті психологиялық көмекке дейін толық қолдау көрсетеді.– Біздің мақсатымыз — зардап шеккендерді қорғау және қайғылы оқиғалардың алдын алу, — деп атап өтті Елдос Закимов.Бір жыл бұрын басталған полиция мен дағдарыс орталығының тиімді ынтымақтастығы өмірді сақтап қана қоймай, қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ деген сенімді нығайтады.Сонымен қатар бір жыл ішінде Абай облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың 79 жағдайы, әйелдерге қатысты 2015 құқық бұзушылық және жасөспірімдерге қарсы 117 қылмыстық іс анықталды. 2720 қорғау ұйғарымы шығарылып, 316 құқық бұзушы жауапқа тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/908404
Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді: 2000-нан астам sim-карта тәркіленді 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жақын шет елдердің бірінің 22 жастағы азаматы ұсталды. Оған ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтарын заңсыз өзгертіп, азаматтарды алдау мақсатында пайдаланған деген айып тағылуда.Тінту барысында дыбыс күшейткіш ретінде жасырылған арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Бұл құрал Қазақстан Республикасы азаматтарына банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан қоңырау шалып, алдау және алаяқтық әрекеттер жасау үшін пайдаланылған.Күдіктінің жалдамалы пәтерінен 2100-ден астам sim-карта, екі ноутбук, екі мобильді телефон, планшет табылды.Тәркіленген құрал-жабдыққа қатысты 48 абоненттік нөмірден азаматтарға қоңыраулар жасалғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа алаяқтық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті прокуратураның келісімімен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/908460
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқарды 24.12.2024
Сайлау Астанадағы Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс отырысында өтті.Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Ол бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді.Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.– Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесінде сәтті қолданылады. Біз спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт ретінде кең көлемде дамытуға үлкен күш саламыз, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Федерацияның жаңа президенті алдағы жоспарын жариялады.– 2025 жылы самбо ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Достық армияларының әскери-спорттық ойындарының бағдарламасына және Қазақстан Қарулы күштерінің спартакиадасына енгізіледі. Сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында кешенді спорттықіс-шаралар, оның ішінде ҚР Қорғаныс министрінің кубогына самбодан ашық республикалық турнир өткізу жоспарланған. Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы әскери-спорт колледжінде самбо бөлімшесін ашу жоспарда бар. Онда көп балалы отбасылар, әскерилер мен ауыл жастарының балаларына артықшылық беріледі. Спорттың бұл түрін жаппай дамыту мақсатында Қарулы күштер қатарына жауынгерлік самбодан маман-нұсқаушыларды шақырамыз, – деді федерация президенті.Аймақтық федерациялар да дамитын болады. Бүгінде 1100-дің үстіндегі секцияда қырық мыңнан астам адам самбомен шұғылданады.Халықаралық самбо федерациясына кіретін Федерация спорттық және жауынгерлік самбоны жаппай дамытуға, сондай-ақ қазақстандық самбистердің халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігіне барынша күш самақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/908235
Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері майдангерді 101 жасқа келуімен құттықтады 24.12.2024
Жиырма үшінші желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Шипилев ғасырлық белестен асты. Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері қарияны жаңа жасымен құттықтап барды. Василий Фомич 1923 жылы 23 желтоқсанда Алтай өлкесінің Карпово ауылында дүниеге келген. Кіші авиация мамандары мектебін бітіріп, әуе атқышы және радио операторы кәсібін меңгерген. Майдангердің жауынгерлік жолы 1944 жылы сәуірде Жеке Теңіз армиясының барлау полкінен басталды. Одан әрі ол III Беларусь майданындағы қабылдау радио торабының бастығы болып тағайындалды.Василий Фомичтің жауынгерлік еңбегі І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен атап өтілген. Василий Шипилев 1950 жылы қаңтарда запасқа шығарылды. Бейбіт уақытта Алматы ұн тарту-жарма комбинатында элеваторшы болып жұмыс істеді. Осындай төл мерекесінде Василий Фомичке Алмалы ауданының ҚІБ әскери қызметшілері мен Қарулы Күштер ардагерлер кеңесінің өкілдері келіп, құттықтау хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Олар соғыс сынынан өткен жауынгерге батылдығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен ашық аспан тіледі. Сұрапыл соғысты еске алу қанша ауыр болса да, майдангер өмірге деген құштарлығы мен ертеңгі күнге сенімін жоғалтқан емес. Ардагер әскери қызметшілерге ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, қызметте сәттілік тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/908261
«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңы 24.12.2024
Бұл заң азаматтардың қарыз жүктемесін шешуге бағытталған. Заңда соттан тыс банкроттық рәсімдерді (мемлекеттік кірістер органдары қолданады), сот банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімдерін (сот қолданады) қолдану жолдары қарастырылған. Аталған заң арқылы шамамен 16 мыңға жуық азамат банкрот деп танылып, 50 млрд теңге көлеміндегі берешек есептен шығарылды. Олардың басым бөлігі қаржы ұйымдарынан алынған займдар.Бұл орайда МКК банкрот рәсімдерін қолдану мен төлем қабілетін қалпына келтіруге құқығы бар адамдар тобын кеңейту бойынша жұмысты жүргізгенін айта кетейік.Осы заңға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беруді жеңілдету бойынша өзгерістер енгізілді (борышкер өтінішпен бірге қандай да бір құжаттарды қоса беру мен кредиторлардың атауы мен борыш сомасын ұсыну міндетінен босатылады), сондай-ақ оларға қатысты аталған процедураны қолдануға болатын кредиторлар тізбесін кеңейту; төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану негіздерін қайта қарау (процедураны міндеттемелер бойынша мерзімі өткен және мүлік болмаған кезде де қолдануға болады, бірақ та тұрақты табысы болуға тиіс).Заңға енгізілген бұл өзгерістер қаржылық қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/908316
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді 24.12.2024
Кездесу барысында Министр қала тұрғындарын мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоның қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.Алматы қаласын газдандыру деңгейі 100 % құрайды, бүгінде 2 млн. жуық адам газбен қамтылған.Алматы облысы мен Алматы қаласының электр станциялары ағымдағы жылы ішкі тұтыну көлемі 11,7 млрд. кВтсағ болатын 6,7 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндірді.«АлЭС» АҚ станцияларының негізгі жабдықтарының орташа физикалық тозу деңгейі 73-пен 85 % арасындағы деңгейді құрайды.«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өңірлік электр желілік компаниясының өз активтерінде 8 528 км кабельдік және әуе электр беру желілері бар. Кәсіпорын теңгерімінде 2 748 кіші станция бар. Электр желілік шаруашылықтың физикалық тозуы 88,8 %-ды құрайды.«АлЭС» АҚ электр станцияларының күрделі жөндеулері бекітілген графикке сәйкес орындалып жатыр.«2024 жылы 1,8 млрд.теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.2022-2023 жылдармен салыстырғанда негізгі жабдықтың апаттылығы төмендегені байқалады. Қаланың экологиялық мәселелерін шешу шеңберінде «АлЭС» АҚ ЖЭО-ны газға ауыстыру жобасы іске асырылуда.Алматы ЖЭО-2-ні газға толық ауыстыруды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру зиянды заттар шығарындыларын ЖЭО-2 жылына 37,3-тен 2,7 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.Өңірдегі газ тапшылығын жабу бойынша мәселелер пысықталуда.Бүгінгі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ең жоғары кезеңдерде газды тұтыну сағатына 800 мың текше метрге дейінгі көрсеткішті құрайды, бұл оңтүстік өңірдегі газ құбырының қолданыстағы схемасы мен жай-күйі кезіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.Алматы ЖЭО газдандыруды ескере отырып, өңір бойынша газ тұтынудың өсуі таяу болашақта сағатына 2 млн.м3 дейін күтіледі.Алматы қ. ЖЭО газ көліктік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан-Қытай» және «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 көпірін, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін АГТС салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.«Айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деп түйіндеді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/908356
Энергетика министрлігінде «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ кәсіподақ көшбасшыларына марапаттар табыс етілді 24.12.2024
Астанада 2024 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ-нің бастамасымен салтанатты түрде салалық кәсіподақ жетекшілеріне ведомстволық марапаттар табыс етілді.Құрметті мұнайшылар – кәсіподақ көшбасшылары мен сала кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов құттықтады. Салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтаған Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.Марапаттау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларын табыс етті:«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ төрайымы Мұстафина Елена Евгеньевнаға «Мұнай-газ кешенін дамытуға үлес қосқан үшін» ведомстволық медалі;«Қазақстан-қытай бұрғылау компаниясы «Үлкен қабырға» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Умаров Бекболат Кемаловичке «Еңбек ардагері» медалі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/908500
ТЖМ басшысы ТЖ орталығы кеңесінің жыл қорытындысы мен жоспарын тыңдады 24.12.2024
Алматыда Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің он бесінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов және Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырканов қатысты. Орталық директоры Серік Әубәкіров орталықтың есепті кезеңдегі жетістіктері туралы хабарлады, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарын, оның ішінде апаттар қаупін азайтуға және төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға бағытталған бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру туралы айтты. Отырыс барысында орталықтың 2024 жылғы қызметі туралы есеп ұсынылды, биылғы жылға арналған бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланды және 2025 жылға арналған бюджет бекітілді. Кадрлық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Шыңғыс Әрінов Қазақстан мен Қырғызстанның азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті. «Біздің елдеріміз осы салада тиімді жұмыс істейді. Басшылық құрамнан бастап қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға дейін қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыру үшін үнемі бірлескен іс-шаралар өткізеді. Біз бірлесіп құрған орталық төтенше ведомстволардың әлеуетін нығайтуға және құтқарушылардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін бірегей халықаралық платформа болып табылады», — деп Қазақстан ТЖ министрі атап өтті. ТЖМ басшысы тиімді жұмыс істеу үшін орталықтың ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылының маңыздылығына да баса назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда оның әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану үшін орталықтың күш-жігерін жандандыру туралы шешім қабылдады. Отырыс соңында орталық кеңесінің тиісті шешіміне қол қойылды. Отырыс екі ел арасындағы азаматтық қорғау және халық қауіпсіздігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/908399
Маңғыстау облысы 2024 жылды оң нәтижемен қорытындылады 24.12.2024
2024 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық байқалып, негізгі макрокөрсеткіштер оң нәтиже көрсетті.Өңір дамуының негізгі бағыттары - өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары. Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соңғы бес жылда аймаққа 4 трлн. теңге инвестиция тартылған. Жалпы өңірге 2024-2026 жылдар ішінде экономиканың түрлі салаларында инвестициялық құны 666 млрд. теңге болатын 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде биыл 11 айда жалпы сомасы 36 млрд .теңгеге 14 жоба іске қосылды, нәтижесінде 435 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.Өңдеу өнеркәсібінде де тұрақты өсу қарқыны сақталып отыр. Саланың жалпы өнімдік үлесі 5 жыл бұрын 2,8% болса, қазіргі уақытта оның үлесі 6,2% құрап, 9,0% өсім байқалып отыр.Аймақтың ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келе жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 24,5% өсіммен 34,5млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 31,2%-ға көбейді. 4 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, азық-түлік сақтау қоймасы қолданысқа берілді.2025 жылы құны 3,5 млрд.теңге болатын жұмыртқа, құс еті өндіру және жылыжай кешенін салу жобаларын жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар Қарақия ауданында пилоттық жоба ретінде 3300 түп зәйтүн ағашы егілді. Күткен нәтижеге қол жеткізілсе, бұл жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.Өңірде құрлық, теңіз, әуе қозғалысының барлық түрі жолға қойылған. Ендігі мақсат осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, көлік және логистика әлеуетін одан әрі дамыту. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Биыл 215 шақырымды қамтитын жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында 2 құрылыс және 10 реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Жыл басынан бері Ақтау, Құрық және Солтүстік терминал порттары арқылы жүктерді ауыстырып-тиеу көлемі 6,8 млн.тоннаны құрап, 3,4%-ға өскен. Фидерлік жүктерді ауыстырып тиеу 52,3 мың контейнерлік бірлікке жетіп, өсім 2,5 есені құрады.Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2026 жылдары 44 шақырым магистралдық жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Биыл жобаның 1-ші кезеңі бойынша тозығы жеткен 11,5 ш/қ жылу құбыры толық ауыстырылды.Маңғыстау облысын ауыз сумен қамту мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін жалпы су тұщыту қуаты қуаты 140,5 мың текше метрді құрайтын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.Маңғыстауда 30 жыл үзілістен кейін кәсіби балық аулау шаруашылығын дамыту қолға алынды. Кеңес дәуірі кезінде қарқынды дамып, кейін тоқтап қалған бұл шаруашылықты қайта жаңғырту үшін бірқатар инвесторлар тартылды. Бүгінгі күні Каспийден балық аулайтын замануи кемелер сатып алынды. Келер жылы тағы төрт кеме алу жоспарланып отыр. Осылайша 2025 жылы теңізден 20 мың тоннаға дейін балық аулау көзделуде.2024 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер 1 трлн.теңгенің өнімін шығарды. Биыл кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 17,5 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1231 жобаға қолдау көрсетіліп, 411 жұмыс орны сақталды. Сондай-ақ, 373 жаңа жұмыс орыны ашылуда.Маңғыстауға шет мемлекеттер мен ел аймақтарынан 215 мың турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі де 40% өсіп, 6,6 млрд.теңгені құрады.Білім беру саласында да оң өзгерістер көп. Биыл Маңғыстау облысында 4 800 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді, 6 510 орындық 14 жекеменшік мектеп ашылды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 13 мектептің құрылысы жүруде.Сондай-ақ, Ақтау қала автобусының паркі 100%-ға жаңартылды. Биыл Маңғыстауда лизингтік қаржыландыру арқылы метан отынымен жүретін 120 автобус сатып алу жоспарланды. Бүгінде оның 70 данасы облысқа жеткізілді, қалған 50 данасы келер жылдың ақпан айында келеді деп күтілуде.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/908337
Ақтауда Президент шыршасы өтті 24.12.2024
24 желтоқсанда, Ақтауда дәстүрлі Президенттік жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға 200 бала қатысты. Олардың қатарында жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар бар.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.- Балалар – біздің болашағымыз. Олардың әрқайсысы бақытты балалық шаққа лайық. Мемлекет басшысы әрдайым жас ұрпаққа қолдау көрсетіп, оларды барынша қамқорлыққа алады. Бүгінгі мерекелік шырша – соның жарқын үлгісі. Сіздердің сапалы білім алып, мықты маман атануларыңыз үшін өңірде жаңа мектептер ашылуда. Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, бақыт пен сәттілік тілеймін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Шара аясында балалар үшін түрлі театрландырылған қойылымдар, ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды. Аяз Ата, Ақшақар және 2025 жылдың символы – жылан кейіпкерлері қатысқан бағдарлама балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен бірге, аймақтың шығармашылық ұжымдарының музыкалық шоуы өтіп, балалар ән айтып, би билеп, мерекелік шыршаның шамдарын жағу рәсіміне қатысты.Сондай-ақ, мерекеге қатысушы балалар үшін Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және Қабиболла Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханаға экскурсия ұйымдастырылады.Айта кетейік, 5–24 желтоқсан аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Ғажайыптар орнағанда» атты Жаңа жылдық карнавалға облыстан 12 дарынды оқушы жіберілді. Ал 25 желтоқсанда Астанада Президент атынан өтетін «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шыршаға Маңғыстау облысынан әлеуметтік қолдау санатындағы 5 бала барады.Шара соңында барлық балаларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан арнайы жаңажылдық сыйлықтар табысталды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/908342
Әкімдік отырысы: эпидемиологиялық жағдай, цифрландыру және үздік қызметкерлерді марапаттау 24.12.2024
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің кезекті отырысында аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан энергетика саласының қызметкерлері марапатталды. Мемлекет басшысы атынан марапаттарды облыс әкімі Кумар Ақсақалов табыстады. Марапатталғандар:•«Құрмет» ордені:•Хохлачев Валерий Константинович — «Заречная» 220 кВ электр қосалқы станциясының басшысы, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС.•«Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі ордені:•Романюк Игорь Петрович — инженер-энергетик, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ.•Сұлтанбек Бауыржан Хамитбекұлы — Арқалық жылу энергетикалық компаниясының цех басшысы.•«Ерен еңбегі үшін» медалі:•Раисов Нұрлан Құрманғалиевич — Арқалық жылу энергетикалық компаниясының электр-газ дәнекерлеушісі. «Сіздің еңбегіңіз — энергетика саласы мен өңір тұрақтылығының іргетасы. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби жетістіктер мен амандық тілеймін,» — деп атап өтті Кумар Ақсақалов. Ауылдық жерлерді цифрландыру Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту. Аймақ басшысы Кумар Ақсақалов сапалы интернетке қолжетімділік қамтамасыз ету қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған стратегиялық міндет екенін айтты. Негізгі жетістіктер мен жоспарлар:•2024 жылы 15 ауылдық елді мекенде антенналар құрылысы аяқталды.•2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 29 ауыл интернетке қосылады, бұл 15 мың адамды қамтиды.•2025 жылы 52 ауылда антенна құрылғылары салынатын болады, мұнда 5 мың адам тұрады. Цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығы:•Мектеп оқушылары мен студенттер онлайн білім алуға қол жеткізеді.•Ауыл тұрғындары телемедицина қызметін пайдалана алады.•Шаруалар өз шаруашылықтарын автоматтандырып, өнімділікті арттырады.•Мемлекеттік қызметтер мен қаржылық сервистерге қолжетімділік жеңілдейді. «Біздің мақсатымыз — өңірдің барлық ауылдарын сапалы интернетпен қамту. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және экономиканы дамытуға ықпал етеді,» — деп атап өтті облыс әкімі. Эпидемиологиялық жағдай: аурулардың алдын алу Отырыста эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалды. Қазіргі уақытта облыста дифтерия, күйдіргі, қызылша, қызамық сияқты аурулар тіркелмеген. Қызылша бойынша жағдай тұрақтандырылды. Алайда көкжөтел, вирустық гепатит және ЖРВИ ауруларының өсуі байқалуда, әсіресе екпе алмаған азаматтар арасында. Осыған байланысты келесі міндеттер қойылды:•Тұмау мен адам папилломавирусына қарсы екпе салуды күшейту.•Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру. Бруцеллезбен күрес:Аурудың негізгі көзі — жұқтырған ауылшаруашылық жануарлары. Осыған орай тапсырмалар берілді:•Елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу.•Фермалар мен жеке аула шаруашылықтарын дезинфекциялауды күшейту. Ауыз судың сапасы Ауыз судың сапасын бақылауға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылмен салыстырғанда жақсару байқалады:•Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер 0,4%-ға төмендеді.•Ұңғымалар мен құдықтардан алынған судағы сәйкессіздіктер 2,6%-ға азайды. Отырыстың қорытындысы:Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Белсенді алдын алу шаралары мен заманауи технологияларды енгізу арқылы аймақ дамуын жалғастыруда. Қостанай облысы әкімдігі тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту, сапалы интернетке және денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру жұмыстарын жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/908361
Қарағанды 3-ЖЭО энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін қуатын арттырады 24.12.2024
Қарағанды 3-ЖЭО-да ауқымды жұмыс жобасы басталды. 2028 жылға дейін жаңа энергия блогын орнату жоспарланған. Қуатты арттыру өте өзекті мәселе, өйткені қалада құрылыс белсенді. Аймақты қажетті энергиямен қамтамасыз ету және жылу мен электр энергиясының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру жоспары жасалды. ЖЭО-3 кеңейту – осы стратегияның бір тармағы. "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" компаниялар тобына кіретін "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС жобасы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылуда. Қаржыландыру үшін Еуразиялық даму банкімен келісімшарт жасалды.– Біздің ынтымақтастығымыз заманауи технологияларды енгізуге, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және Қарағанды облысының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді, – деді ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов."Біздің кәсіпорын ҚР Энергетика министрлігі алдында ЖЭО-3 қуатын одан әрі кеңейту бойынша міндеттемелер алды. Қосымша энергия блогын орнату жөніндегі жобаны іске асыру туралы инвестициялық келісімге қол қойылды. Жаңа жабдықты – қазандық агрегаты мен турбинаны іске қосу станцияның электр қуатын 140 МВт-қа және жылу қуатын 180 Гкал/сағ-қа арттырады", – деп атап өтті "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС.Жаңа энергия блогын жобалау кезінде озық шешімдер қарастырылған. Жаңа қазандық агрегаты қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік беретін заманауи экологиялық жабдықтармен жабдықталатын болады. Сонымен қатар, жоба 55 жаңа жұмыс орнын ашады.– ЖЭО-3-ті кеңейту – бұл энергетикаға салынатын инвестиция ғана емес, бұл өңірдің болашағына және оның тұрғындарының әл-ауқатына қосқан үлес. Жаңа энергия блогын орнатудың арқасында біз Қарағанды облысын энергиямен жабдықтауды күшейтіп қана қоймай, өндірістің экологиялық стандарттарын арттыру тұрғысынан да жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, жоба жұмыс орындарын ұлғайтуды көздейді, – дейді "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС бас директоры Сабырғали Ыдырысов.Компания бұл станцияны кеңейтудің алғашқы жобасы емес екенін еске салды. 2012 жылы жаңа турбина, ал 2016 жылы энергоблок енгізілді. Бірақ жыл сайын жылу қуатының тапшылығы артып келеді. Бұл мәселені шешу кейінге қалдырылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/908330
Теміртас Жүсіпов Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды 24.12.2024
Ақмолалық 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық жекпе-жегі басталды!Бүгін 48 келіге дейінгі санатта көрермендер Ақмола облысының спортшысы Теміртас Жүсіпов жеңіске жеткен қызықты жекпе-жектің куәсі болды.Үш раундтың қорытындысы бойынша ол керемет күш, ептілік пен шеберлік көрсетті, бұл оның жеңісінің кепілі болды.Естеріңізге сала кетейік, ол 2021 жылғы бокстан әлем чемпионы және Азия чемпионы. Еліміздің басты стартындағы бұл жеңіс ол үшін мансаптағы сегізінші жеңіс болды. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және алда талай жеңістер болатынына сенеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908377
Қарағанды облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасына 200 бала шақыртылды 24.12.2024
Қарағанды облысы әкімінің дәстүрлі шыршасы балаларға көптеген жағымды әсер мен қуаныш сыйлады. Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық мерекеге өңірдің түкпір-түкпірінен қонақтар жиналды. 200 бала: балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, мүгедек балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары және оқу үздіктері, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары би билеп, көңіл көтерді.Балалар үшін "Қош келдің, жаңа жыл" театрландырылған ертегі қойылымы дайындалды. Алдар Көсе және ертегі кейіпкерлерімен бірге қатысушылар зұлым қарақшыларды қуып жіберді. Содан кейін олар сиқырлы саяхатқа аттанды, ойнады, биледі.Лазерлік шоу жаңа жылдық атмосфера құрды. Аяз Ата және Ақшақармен бірге балалар жаңа жылдық шыршаның шамдарын жақты. 2024 жылдың нышаны Ұлу эстафетаны Көңілді жыланға берді.Қонақтардың өздері де сәнді киім киіп келді.Образдар әртүрлі болды: әдемі қар бүршіктері мен патшайымдар, батырлар мен құтқарушы батырлар, сиқыршылар мен мушкетерлер.ҚР Президентінің атынан балаларды келе жатқан мерекемен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.– Мен сіздермен жаңа жыл қарсаңында кездескеніме қуаныштымын! Бұл бізге ертегіге, тілектердің орындалатынына сенім сыйлайтын мереке. Сіздер осы сиқырлы уақыттың басты кейіпкерлерісіздер. Бұл күн сіздерге үлкен қуаныш, жарқын эмоциялар мен жақсы естеліктер сыйласын. Сіздердің әрқайсыларыңыз бірегей, талантты және біз үшін өте маңызды тұлғасыздар. Сіздердің күлімсірегендеріңіз біз үшін ең үлкен сыйлық, – деді өңір басшысы. – Біз ересектер әрқашан сіздерге өсу, жаңа нәрсе үйрену, әрекет жасау және армандауға көмектесеміз. Жаңа жыл – бұл жаңа нәрсені бастау және армандарыңыздың орындалуы үшін қолдан келгенді жасайтын уақыт. Сіздердің әлемдеріңіз әрқашан жылулыққа, қамқорлық пен сүйіспеншілікке толы болсын.Мерекенің әр қатысушысы сыйлық алды. Балаларға тәттілер жиынтығынан басқа ұялы телефондар, энциклопедиялар мен рюкзактар сыйға тартты.Теміртаудан Жаңа жылдық шыршаға егіздер Богдан мен Глеб Вайсбейн келді. Олар "Озат" ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейінде оқиды. Физика және химия олимпиадаларының жеңімпаздары.– Мұндай мерекеге бірінші рет қатысып тұрмыз. Бізді шақырған кезде қатты қуандық. Гангстер маскасын кидік, бірақ өте мейірімдіміз. Алдағы Жаңа жыл қарсаңында баршаңызға бейбітшілік пен жақсылық, зор денсаулық және махаббат тілегіміз келеді, – деп құттықтады оқу үздіктері мерекемен.Кішкентай Аяз ата Жантөре Қайсар барлығына ғажайыптар мен тілектердің орындалуын тіледі.– Мен бұрын-соңды мұндай қойылымды көрген емеспін. Барлығы сиқырлы және керемет болды. Биыл мен үшін жақсы жыл болды. Түрлі олимпиадалар мен байқауларға қатыстым. Табыстарым да жақсы, алдағы жыл одан да жақсы болады деп үміттенемін, – деп бөлісті Шахтинскіден келген Вероника Марченко.Балаларға арналған шоу-бағдарламадан кейін мерекелік дастархан жайылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/908273
Қарағанды облысында мемлекеттік гранттардың арқасында әлеуметтік кәсіпкерлік дамып келеді 24.12.2024
Дарья Зайцева екі жыл бұрын Wonder Kids түзету және дамыту орталығын ашқан.Ол және оның әріптестері ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектеседі. Биыл кәсіпкер әлеуметтік ісін кеңейту үшін мемлекеттен грант алды.- Менің орталығым екі жарым жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бізде ABA терапевтері, тәрбиешілері, репетиторлары және дефектологтары бар. Біз әртүрлі диагнозы бар, негізінен аутизм спектрі бұзылған, психологиялық және сөйлеу дамуы кешігіп қалған балалармен жұмыс жасаймыз. Қазір бізде 20 бала оқиды, қауіпсіздікке байланысты одан да көп ала алмаймыз. Алынған грант кеңейтуге мүмкіндік береді. «Біз жаңа жабдықты сатып алып, бір жасқа дейінгі балаларға арналған Монтессори терапиясы кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз», - деді кәсіпкер.Дарья Зайцева қазіргі уақытта дамудың алғашқы белгілерін анықтауға және түзетуге мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру курсынан өтуде. өмірдің бірінші жылындағы балаларда кешігулер. Бизнесвуменнің айтуынша, мұндай ерте диагностика болашақта асқынудың алдын алуға көмектеседі және психокоррекцияның тиімділігін айтарлықтай арттырады.Биыл Қазақстанда бизнесті қолдаудың жаңа форматы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар болып табылады. Олар әлеуметтік мәселелерді шешетін немесе жоғары қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын стартаптарды қаржыландырады. Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлердің арнайы тізілімі құрылды.Оған білім мен медицина, психологиялық-педагогикалық қызметтер және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерін жұмысқа орналастыруды көздейтін жобаларды қамтитын бизнес-жобалар кіреді. >Облыс реестрінде барлығы 13 әлеуметтік кәсіпкер бар Олардың 11-і Қарағанды қаласында, бір-бірден Балқаш және Бұқар жырау ауданында.Әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту үшін. мемлекет бес миллион теңгеге дейін гранттар береді. 2024 жылы облыста 13 әлеуметтік кәсіпкер мемлекеттік грантқа ие болды. Олардың жобаларын әзірлеуге барлығы 60 миллион теңге бөлінген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/908131
2024 жылдың басынан бері 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды 24.12.2024
2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 146 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,4% – Қытайдан, 38,9% – Өзбекстаннан, 6% – Моңғолиядан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,7% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,4%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрайды.Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,5%-ы жоғары білімді, 25%-ы орта кәсіби білімді, 54,7%-ы жалпы орта білімді, және 2,8%-ының білімі жоқ.Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 961 қандас қоныс аударды.Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.Жыл басынан бері 2 624 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 794 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтар мен қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді. Осы жылғы 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2 449 адам сертификат алды.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 22 666 өтініш қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/908018
ТЖМ-де Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысымен кездесу өтті 24.12.2024
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Алешка Симкич ханымның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының жақында басталған сапары аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Ерте ескерту жүйелерін дамыту және табиғи апаттарды болжау, соңғы төтенше жағдайларға қарсы күресте Еуропа елдерінің тәжірибесін зерделеу, сейсмикалық белсенділік туралы деректерді цифрландыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың табиғи қауіптер туралы өңірлік дерекқорымен және оның мамандандырылған ақпараттық платформаларымен интеграциялау жөніндегі бірлескен бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Сапар аясында Еуропалық Одақ өкілдеріне ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына қысқаша экскурсия ұйымдастырылды, онда оның дағдарыс жағдайларында басқару мен жедел әрекет етудің заманауи технологиялары, сондай-ақ тәуекелдерге мониторинг жүргізу және болжау жүйелері көрсетілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы әріптестікті нығайтуға өздерінің өзара дайындығын растап, жаһандық сын-қатерлер мен қатерлерді шешудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/908079