Қоғам
ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 24.12.2024
Шымкентте қар тазалау жұмыстары ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар нысандарға (аурухана, мектеп, балабақша, аяқ жолдар және т.б.) апаратын бағытта және қаладағы басты магистральді көшелерде жүргізіледі. Аяқ жолдарда көктайғақтың алдын алу мақсатында бес аудан бойынша 40-қа жуық шағын трактор іске қосылды. Ал, техника сыймайтын көшелер мен қиылыстарды коммуналдық қызметкерлер тазартып жатыр.Ауа температурасы төмен және құрғақ қар түскен жағдайда қар алдымен күреледі. Содан кейін ғана инертті материалдар (құм, тұз) себіліп, артынша сыпыру жұмыстары орындалады. Ал, ылғалды қар жауса, бірінші кезекте инертті материалдар себіліп, кейін қар күреу жұмыстары жүргізіледі.Әр техниканың жұмыс бағыты арнайы орнатылған GPS қондырғылары арқылы бақыланып, мұз қату қаупі бар аймақтарға жедел бригадалар жолданады. Тапсырмалардың орындалуын арнайы мониторинг тобы бақылап отыр.Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстарына мердігер мекемелердің барлық техникасы толық жұмылдырылды. Басты көшелерді бір емес бірнеше техника бірігіп тазалады.Алайда, бір күн бойы қардың толассыз, мөлшерден көп жаууына байланысты, бір мезетте барлық көшені қардан тазарту қиындық тудырды. Қала тұрғындарынан бұл жағдайға түсіністікпен қарауын сұраймыз!Жалпы қала аумағында қар тазалау жұмыстарына 189 арнайы техника мен 500 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда барлық мамандар екі ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/905683
ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЛДІ 24.12.2024
Бүгін «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Таразым – Тұмарым, Түркістаным – Тұраным» атты салтанатты іс-шара өтті.Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.Жиынның мақсаты – өңірлердегі қоғамдық келісімді нығайту бағытында тәжірибе алмасу, ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу және коммуникациялар қалыптастыру, биылғы XXXІІІ сессия тапсырмасына сәйкес ҚХА жобаларын ілгерілету, «Cалауатты сана» жобасын кеңінен насихаттау.Алдымен жамбылдық делегация Түркістан төрінде жаңадан бой көтерген «Достық үйін» аралап көрді және этномәдени бірлестіктердің көрмесімен танысты.Делегация құрамында этномәдени бірлестік жетекшілері, Ақсақалдар, Аналар кеңесінің төрағасы, орынбасары, ардагерлер, «Ассамблея жастары» жетекшісі, мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармония әншілері, БАҚ өкілдері болды.«Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға өңірдегі ҚХА жанындағы Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, мүшелері және этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов «Достық керуені» жобасының ел ынтымағы мен жалпыұлттық бірлікті арттыруда маңызы жоғары екенін атап өтті.Сондай-ақ іс-шарада Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейілхан Асқарбек қоғамдағы бірлік пен келісімді ілгерілету, жастарды позитивті этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу жайында келелі әңгіме, салиқалы сөз қозғады.Бірлікті бекемдеген басқосуда Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.Бұдан соң салтанатты шара Жамбыл облыстық филормониясының концерттік бағдарламасына ұласты.Шара барысында көршілес қос өңір арасындағы әріптестік, достық байланысты және этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар ҚХА мүшелері Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906073
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 48 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 24.12.2024
Түркістан облысы, Созақ ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға арналып салынған жаңа баспаналардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Бүгін созақтық 48 отбасы жаңа баспаналарының кілттерін алды. Игі шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.– Биыл облыс көлемінде әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шаралар атқарылды. Бұл жұмыстар облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Жеке инвесторлармен бірлесіп, тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ел игілігіне ұсынылған әр баспана аудан тұрғындарына жайлы әрі заманауи қолайлы орта сыйлайды, – деген облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың сапалы әрі жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған жаңа баспаналар аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға қосылған үлкен үлес екенін де тілге тиек етті.Жаңа баспаналардың қасбеті біркелкі әрленіп, аулалар темір қоршаумен қоршалған. Су және жылу жүйелері толық орнатылған. Тұрғын үйлерде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Әр пәтердің жалпы алаңы 71,1 шаршы метрді құрайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906075
ТҮРКІСТАН: ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен құжат айналымы және ҚР Президент әкімшілігі мен Үкімет аппараты тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша мәжіліс өтті. Күн тәртібінде хаттамалық тапсырмалардың жүзеге асуы, орындаушылық тәртібінің жай-күйі талқыланды. Берілген тапсырмаларды орындау деңгейі төмен басшыларға тәртіптік шара қолданылады.Мәжілісте облыс әкімінің аппарат басшысы Еркебұлан Дауылбаев баяндама жасап, жыл басынан бері берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Президент әкімшілігі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау мақсатында арнайы қадамдық жол картасы бекітіледі. Хаттамалық тапсырмаларға мониторинг жүргізіледі.Облыс әкімі жұмысқа жауапкершілікпен қарауды, барлық тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды ескертті. Орындаушылық тәртіпке бақылауды күшейтуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906079
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ САЛА ӨКІЛДЕРІНЕ 27 ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ 24.12.2024
Бүгін Созақ ауданына 27 жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне тапсырылды. Техникалар 12 кент пен ауылдық округтерге, сондай-ақ «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына табысталды. Жаңа техникаларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды.– Жаңа техникалардың жеткізілуі тек коммуналдық қызметтерді жаңартып қана қоймай, ауданның таза әрі көрікті болуына да үлкен мүмкіндік береді. Ауылдар мен елді мекендерді абаттандыру, көшелердің тазалығы сынды мәселелер обылыс басшысының жіті бақылауында. Ауылдарымыздың әрбір тұрғыны таза ортада өмір сүріп, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артса, біздің мақсатымыздың орындалғаны деген сөз. Қоғамдық жұмысқа жаңа техника қосылған сайын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да нығая түседі, – деді облыс әкімінің орынбасары.Шарада еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков жаңа техникалар экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.Алынған техникалар қатарында LONKING доңғалақты тиегіш, «Shacman 6x4» жүк машинасы, DongFeng ассенизаторы, бульдозер, КАМАЗ-65115 аралас жол көлігі (суару, жуу, қар тазалағыш) және қоқыс тасығыш КАМАЗ-43253 көлігі, JCB 3CX маркалы тиегіш экскаватор мен ассенизатор машинасы, сондай-ақ Газел Next автокөлігі сатып алынды. Бұл техникалар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға және аудан инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлық 12 кент және ауылдық округке Беларус-922.3 маркалы тракторлары жеткізілді.Еске сала кетсек, жыл басынан бері 12 кент және ауылдық округке жоғарғы кеңістіктегі жұмыстарды оңтайландыратын электрлі көтергіш машиналары алынды. Бұған демеушілік арқылы алынған арнайы қоқыс тасымалдауға арналған жетек, көше сыпыру және қар тазалауға қажетті жабдықтармен толықтырылған 5 дана жаңа Беларус 80.1 маркалы тракторлары да қосылып, жаңа техникалардың жалпы саны 44-ке жетті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906088
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 3 ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК БЕКЕТІ АШЫЛДЫ 24.12.2024
Түркістан облысында 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Ал Төлеби ауданында ұлттық жоба негізінде 5 медициналық нысан салу жоспарланды.Бүгін Төлеби ауданы, Жаңажол ауылында, Диханкөл және Зертас ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекеттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау нысандарының ашылу салтанатына арнайы келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев аудан халқын қуанышымен құттықтап, бұл нысандар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір арттыруға және азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік берілгенін айтты.Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жаңа ФАП-тар білікті кадрлармен ғана емес, сонымен қатар заманауи медициналық құралдармен жабдықталғанын айтып, жаңа медициналық нысандар елге көмек көрсетуге толығымен дайын екендігін жеткізді.Айта кетерлігі, ауданда 2 аурухана, 5 дәрігерлік емхана, 5 бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы, Ленгір қалалық емханасы, қалалық тіс емханасы сонымен бірге, 51 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906089
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын кезекті рет жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жауапты сала башыларымен бірге көтерілген мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.Азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдаған аймақ басшысы, халықтың әл-ауқатын көтеру, ауылдарды көркейту жұмыстары басты назарда екенін айтып өтті.Қабылдауға Кентау қаласы, Түлкібас, Ордабасы, Жетісай аудандарынан келген азаматтар мен Түркістан қаласының тұрғындары кәсіпкерлік, инфрақұрылым, білім салаларына қатысты мәселелерді қозғап, елді мекендерді абаттандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.Дархан Сатыбалды әрбір көтерілген мәселе бойынша заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906090
«АСҚАҚ РУХТЫ ӘУЛИЕАТА» Таразда поэзия кеші өтті 24.12.2024
Шара барысында республикалық әдеби байқауының жүлдегерлері марапатталды Ерекше форматта ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, белгілі өнерпаздар, әдебиет пен мәдениет әлемінің майталмандары, сондай-ақ жас таланттар, жырсүйер қауым қатысты. Кеш барысында ұлттық өнер мен шығыс шайырларының шығармашылық мұрасы үндесті. Жыр мен әннің үйлесімі арқылы көпшілік рухани ләззат алды. – Өткеннің өнегесі, бүгінгі күннің сырлы бояулары әдеби шығармаларда жатқаны сөзсіз. Осы тұрғыда әдебиет пен мәдениетті қолдау – мемлекетіміздің негізгі бағыттарының бірі. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген біздің өңірде де бұл бағытта ауқымды жобалар, маңызды іс-шаралар қолға алынуда, – деген облыс әкімі «Асқақ рухты Әулиеата» атты республикалық әдеби-мәдени байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Атап айтқанда, «Поэзия» номинациясы бойынша К. Әзірбаев пен Ж. Жабаев атындағы жүлде қос ақын Нұржан Қуантай мен Ерлан Жүніске берілді. Жазушы Болатбек Төлепберген «Проза» номинациясы бойынша Б. Момышұлы атындағы, жазушы, драматург Нұрғали Ораз «Проза» және «Көркем аударма» номинациясы бойынша Ш. Мұртаза атындағы, журналист, сатирик Бақытжан Әлімқұлов «Сатира жанры» номинациясы бойынша Ш. Смаханұлы атындағы, жазушы Ырысбек Дәбей «Проза» номинациясы бойынша Н. Дәутайұлы атындағы, ақын, драматург Иранбек Оразбаев «Драматургия» номинациясы бойынша А. Бекбосын атындағы жүлдеге ие болды. Сонымен бірге «Жыр-терме» номинациясы бойынша Ә. Желдібаев пен А. Бетбаев атындағы жүлдені ақын, сазгер Жанатбек Тұрғымбай мен ақын Бауыржан Жақып еншіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сертификат (1 млн. теңге) берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/906132
ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 24.12.2024
Ұлытау облысының барлық нысанын, тұрғын үйлердің жылумен, жарықпен қамтылуына күш салып жүрген азаматтар кәсіби мереке қарсаңында марапатты болды. Арнайы ұйымдастырылған жиында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов сала мамандарын құттықтап, ҚР Мемлекеттік наградаларын табыс етті. ҚР Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ деңгейлі «Еңбек даңқы» орденімен жерлестеріміз Клим Полянский, Нұрғалым Берденов, Қуаныш Оралбаев наградталса, «Ерен еңбегі үшін» медалі Жұмәділдә Абюровқа табыс етілді. Сонымен қатар, салтанатты рәсім барысында бірқатар ұлытаулық Ұлытау облысының Құрмет грамоталарымен, Ұлытау облысы әкімінің алғысхаттарымен марапатталды. «Энергетика – экономиканың тірегі, дамудың қозғаушы күші, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Сіздердің еңбектеріңіз – жарық пен жылу сыйлап, өндірістің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы қоғамға қызмет етудің нағыз үлгісі.Қиын да жауапты салада атқарып жатқан еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Әсіресе, ауа райының қолайсыздығына, тәуліктің кез келген мезгіліне қарамастан, халық игілігі үшін еңбек етіп жүргендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз»-деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов өз құттықтауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/905733
Алматы облысында спорт жылының қорытындысы шығарылды: үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды 24.12.2024
Алматы облысында 2024 жылдың спорттық жетістіктері қорытындыланып, «Хан Тәңірі» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.«Біздің облыс тек елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелде де спорттық көрсеткіштер бойынша танылып отыр. Сондықтан біз қаржыландыру, дайындық процесін ұйымдастыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Бұл дәстүр болашақта да жалғасатын болады», – деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.«Хан Тәңірі» сыйлығы сегіз номинация бойынша тапсырылды: «Үздік спортшы», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік СДЮСШ», «Үздік ДЮСШ», «Үздік спорт мекемесі», «Үздік спорт федерациясы», «Үздік спорт ауданы» және «Үздік спорт клубы».Марапаттау шарасына 180 спортшы, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, мамандар мен журналистер қатысты. Жыл қорытындысы бойынша жеңімпаздарға төсбелгілер, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Алматы облысы әкімінің және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Құрмет грамоталары, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табыс етілді.Жылдың үздік спортшыларының қатарында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, сондай-ақ Олимпиада қатысушылары: стендовиктер Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Мария Дмитриенко және Никита Чирюкин болды.2024 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыс бюджетінен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржылық қолдау 242 жетекші спортшыны қамтиды, олардың стипендиясы 51 000-нан 500 000 теңгеге дейін.Жыл қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 2258 медаль жеңіп алды, оның 789-ы алтын. Бұл Қазақстандағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Бір жыл ішінде өңір халықаралық дәрежедегі 5 спорт шеберін, 46 спорт шеберін және 1189 спорт шеберіне үміткер дайындады.Облыста бұқаралық спортқа айрықша көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері 4557 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, халықтың 41,4%-ы дене шынықтырумен айналысуда.Жас спортшыларды даярлау мақсатында 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 23 мыңнан астам бала мен жасөспірім 67 спорт түрінен жаттығады.Бүгінгі таңда Алматы облысында 1891 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 15 жаңа нысан салу жоспарлануда, ал төрт спорт ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.Марапаттау рәсімін Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы ұйымдастырды.Алматы облысы спорт саласындағы өз позициясын нығайтып, жоғары деңгейде спортшыларды даярлау мен инфрақұрылымды дамыту арқылы жаңа чемпиондар ұрпағын тәрбиелеуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/906059
Таза Қазақстан: Абай облысында экологиялық іс-шара өтті 24.12.2024
Семей қаласында 19 желтоқсан күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Авиценна» медициналық колледжінің студенттерінің қатысуымен экологиялық іс-шара өтті. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Табиғатым – тағдырым» тақырыбында сарапшы — маманмен кездесу ұйымдастырды.Кездесуге Абай облысының экология департаментінің өкілі қатысып, өңірдің негізгі экологиялық мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ең өзекті мәселелердің қатарында қалдықтардың көбеюі, көғалдандыру мәселесі мен су айдындарының ластануы бар. Сарапшы бұл мәселелерді шешуге тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау және көгалдандыру акцияларына өңірдің әрбір тұрғынының белсенді қатысуымен ғана мүмкін болатынын баяндады.Іс-шара барысында қатысушылар экологияның өзекті мәселелерін талқылады. Студенттер Ертіс жағалауын тазарту бойынша еріктілер акцияларын ұйымдастыру және экологиялық мәдениет негіздерін үйрету үшін онлайн-платформа құру сияқты нақты бастамаларды ұсынды. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу шеберлік сағаттары, ағаш отырғызу акциялары және тұрғындар үшін ашық дәрістер кіреді.Жастарға экологиялық білім берудегі білім беру мекемелерінің рөліне ерекше назар аударылды. Жиынға қатысушылар экологиялық тәрбиені ерте жастан бастап, оқу-тәрбие үрдісіне енгізу керектігін атап өтті.«Таза Қазақстан» бағдарламасына жыл басынан бастап 118 850 адам, оның ішінде 3 646 ұйым мен мекеме өкілдері қатысты. Жұмысқа 2 127 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 105 209 аула тазартылып, қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарына 55 169 тонна қоқыс шығарылды.Облыс бойынша 239 саябақ пен сквер тазартылып, 395 ескерткіштің айналасы абаттандырылды, 772 шаршы метр тасжол жөнделді. 148440 ағаш және 9822 бұта отырғызылды. Сенбілік 1087 әлеуметтік және 2280 өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ 971 жасанды су айдынын қамтыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905662
Облыс әкімі Абай Қайнар ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады 24.12.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жағдайымен танысты. Сапар барысында өзекті мәселелерге назар аударылып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, бірінші кезекте қолға алынатын шаралар айқындалды.Облыс әкімі Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Мұнда күрес, екі ойын залы және жалпы ауданы 720 шаршы метр жаттығу залы бар.Аймақ басшысы барған алғашқы нысан - Қайнар ауылындағы аурухана. Мекемеге күрделі жөндеу қажет. Электр желілері, су, жылу құбырлары, кәріз жүйелері, терезелер мен есіктер, еден ауыстыруды талап етеді. Сонымен қатар, жаңа амбулаториялық корпус салу мүмкіндігі қарастырылуда. Өйткені қазіргісі апатты жағдайда. Осы жоспарды іске асыру үшін 2025 жылы қайта бюджеттік өтінім берілетін болады.Сапардың екінші нысаны Қайнар ауылында орналасқан Абралы ауылдық ауруханасы болды. Медициналық пункт 20 төсек-орынға есептелген. Алғабас, Айнабұлақ және Ақбұлақ ауылдарын қоса алғанда алты елді мекенге қызмет көрсетеді. Мұнда 7 дәрігер, 32 орта және 12 кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Мекеме күрделі жөндеуді қажет етеді: электр желілерін, су құбырларын, кәріз жүйелерін, жылыту құбырларын, терезелер мен есіктерді ауыстыру, сондай-ақ еденді жаңарту қажет. Сонымен қатар, жаңа амбулаториялық корпус салу мүмкіндігі қарастырылуда, өйткені қазіргі жағдай апатты жағдайда. Осы жоспарларды іске асыру үшін 2025 жылы қайта бюджеттік өтінім берілетін болады.Аймақ басшысы «Қайнар» халық театры, ән және би ансамблі, сондай-ақ «Мейзек» балалар үлгілі ансамблі жұмыс істейтін Мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Нысандардың жай-күйіне және оларды жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды.Әкім Сапарғали Бегалин атындағы орта мектепте де болды. Мұнда 147 оқушы, 14 бала мектепке дейінгі даярлық тобында білім алады. Мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру үшін қосымша педагогтарды тарту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмысын жандандырып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды.«Қордаланған мәселелерді шешуді кейінге шегеруге болмайды. Аурухана, мектеп, мәдениет және спорт нысандары шұғыл шараларды қажет етеді. Негізгі нысандарды күрделі жөндеуден өткізу және жаңғырту үшін жобаларды қысқа мерзімде дайындау керек. Ең бастысы, халыққа тиімділігін ескеру қажет. Біздің мақсатымыз - адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Барлық қажыр-қайратымызды қойылған міндеттерді жедел шешуге бағыттауға тиіспіз» деді әкім.Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін 2025 жылы 2 900 метр көше жарығы орнатылады. Қазіргі уақытта 20 металл бағаналар мен 108 жарықдиодты шамдарды ауыстыру үшін ақау жөніндегі акт дайындалды. «Семей-Қайнар» жолының бойында жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін 2025 жылы алты «мал айдау» жол белгісі орнатылады. Қар ұстау бағандарының ұзақтығын қазір тұрған 50 метрден 250 метрге дейін ұлғайту жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 5 шақырым алты кентішілік көшені жөндеу үшін сметалық құжаттама дайындалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905893
Абыралылық қариялармен жүздесті 24.12.2024
Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абыралы өңірінің ақсақалдарымен кездесті. Емен-жарқын әңгімелесу барысында қариялар өңірдің бүгінгі жағдайы туралы ойларын ортаға салды. Соның ішінде жер мәселесі, жарықтандыру, емхана мен мектептің қазандығын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі көтерілді.Әр ақсақалдың сөзіне мұқият мән берген аймақ басшысы айтылған мәселелерден хабардар екенін, олардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.«Облысымызға қарасты ауылдарды мүмкіндігінше аралап, тұрғындармен, өздеріңіздей қариялармен кездесіп жүрмін. Олардың әңгімелеріне құлақ түріп, өмірлік тәжірибелерін де үйреніп жатырмыз. Жергілікті жердің жағдайын сіздерден артық білетін ешкім жоқ. Сол себептен, бірінші кезекте сіздерді тыңдаймыз. Өзекті мәселелерді шешу кезінде пікірлеріңізді назарға аламыз. Абыралы өңірі менің жіті бақылауымда», — деді облыс әкімі.Сапар соңында аймақ басшысы басқарма басшылары мен аудан әкіміне Жаңасемей ауданындағы ауылдық округтердің дамуы туралы жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат әр ауылдың ерекшеліктерін ескеретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905899
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 24.12.2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 1) 2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгере ме? 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің (ТЖШ) өлшемдері 2023-2024 жылдардағы деңгейінде өзгеріссіз қалды. ТЖШ (Ең төменгі жеткіліктілік шегі) – бұл ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемдегі зейнетақымен қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Сондықтан, БЖЗҚ-дағы жинақтың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алған кезде салымшының жасына байланысты өзгеріп отыратын осы шекті сома шотта қалуы тиіс. ТЖШ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналарының болжамды есептеулеріне (ең төменгі жалақы мөлшерінен), инвестициялық кіріске, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшеріне, зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс мөлшеріне сүйене отырып айқындалады. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қазақстандықтарға зейнетақы жинағының артық бөлігін (ТЖШ-дан асатын) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе сенімгерлік басқаруға беру мақсатында пайдалану мүмкіндігі берілді. Толық ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында қолжетімді.. 2) Зейнетақы қорынан берілетін төлемдердің шегі бар ма? БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері шектеусіз. Ол зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты және әр азамат үшін жеке есептеледі. Жинақ сомасы 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Осылайша, ай сайынғы төлем мөлшері алынады. Жыл сайын ол 5%-ға артады. БЖЗҚ-дан берілетін төлемнің ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде болуға тиіс, ал ең жоғары мөлшері шектелмейді. Айта кету керек, төлемдер зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүргізіледі. 3) БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын өз қалауы бойынша басқарады деген рас па? Зейнетақы жинақтары әртүрлі жобаларға жұмсалады ма? Олай емес. БЖЗҚ міндеттері – инвестициялық кірісті қоса алғанда, жинақтардың есебін жүргізу, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру. Сондай-ақ, салымшылар мен алушыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру бойынша қызметтер көрсету. Қор ҚР азаматтарының зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен айналыспайды. Зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар да жүзеге асырады. Барлық әрекеттер бекітілген Инвестициялық декларацияға сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық банк үшін зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Үкімет қаулысымен, ал инвестициялық портфельді басқарушылар үшін – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысымен бекітіледі. Бұл барлық зейнетақы активтерінің рұқсат етілген қаржы құралдарына – мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар, депозиттер және т.б. салынатынын білдіреді. Сенімгерлікпен басқарушылардың зейнетақы активтерін инвестициялаудың өзіндік стратегиялары бар және инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды. Инвестиция жасау үшін нақты құралдарды таңдау басқарушының стратегиясына және оның инвестициялардың сенімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріне сүйене отырып жүзеге асырылады. 4) БЖЗҚ зейнет жасына толуға байланысты қандай зейнетақы түрлерін төлейді? Қазіргі зейнетақы үш құрамдауыштан тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы. БЖЗҚ тек жинақтаушы құрамдауыш бөлігін төлейді, ал базалық және ортақ зейнетақыны мемлекет төлейді. Алайда, зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан жарналардың міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ, бюджеттен берілетін базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) корпорациясына жүгінулері қажет. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ер адамдарға - 63 жасқа толғанда, ал әйел азаматшаларға 61 жасқа толған кезде беріледі. Әйелдердің жас шегі уақыт өте келе өзгереді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда; Зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толған адамдар да кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тізбеде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы жинақтарын арнаулы әлеуметтік төлем құрамында ала бастайды. Ол үшін ХҚКО - ға да жүгіну керек. Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар ала алады. Бұл жағдайда БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет. Бұл төлемдердің барлығы кесте бойынша, яғни ай сайын жүзеге асырылады. Ерікті зейнетақы жарналарын 50 жастан бастап немесе мүгедектік бойынша алуға болады. Оның мөлшері мен жиілігін алушылар дербес белгілейді. 5) Адам қайтыс болғаннан кейін жинақтары БЖЗҚ-да қалады ма, әлде мемлекетке өте ме? Салымшының барлық жинақтары оның меншігі болып табылады және олар мұрагерлікке өтеді. Қайтыс болған адамның отбасы жерлеу төлемдерін ала алады, ал қалған ақша мұрагерлерге бөлінеді. Жерлеуге арналған төлем сомасы 94 айлық есептік көрсеткішті құрайды, бірақ шоттағы жинақтардан артық болмауы тиіс. Шотта қалған жинақтар ҚР Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл өсиет бойынша мұрагерлік болуы мүмкін, онда отбасы мүшелеріне жатпайтын адамдар да көрсетілуі мүмкін. Өсиет қалмаған жағдайда, мұрагерлік тәртібі азаматтық заңнамамен анықталады. Бірінші кезектегі мұрагерлер - салымшының балалары, жұбайы және ата-анасы. Одан арғы кезектілік ҚР Азаматтық кодексінде айқындалған. Егер мұрагер / мұрагерлер құжаттар топтамасын толық көлемде ұсынса, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе БЖЗҚ-ға түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асырады. Қаражат мұрагердің/мұрагерлердің банктік шотына түседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905902
МЕКТЕП ЖОБАЛАРЫНАН БАСТАП ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ДЕЙІН 24.12.2024
МЕКТЕП ЖОБАЛАРЫНАН БАСТАП ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ДЕЙІНС.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Мектеп-студент-магистр-доктор-ғылыми қызметкер» тізбегі бойынша кадрлерді даярлау жүйесі сәтті жұмыс істейді. Оқу орнында 19 оқушы ғылыми зерттеулер мен авторлық жобаларын жүзеге асырумен айналысуда.- С.Аманжолов атындағы ШҚУ тек студенттерді оқытып қана қоймай, дарынды жастарды ғылыми ортаға тартып, өңірдегі ғылымның дамуына үлес қосады. Балалар мектеп табалдырығынан бастап ғылыми мансабын жасауға негіз болатын практикалық білім базасын қалыптастырады. Ал бұл нарықтағы басқа қызметкерлермен салыстырғанда үлкен артықшылық, - деді ШҚУ-дың ғылыми қызметкері Валентина Николаева.Оқушылар барлық зерттеулерді С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған зертханасында жүргізеді. Мәселен, 11-сынып оқушысы Әмір Хамитов суды тиімді тазартуға қажетті полианилин мен биополимер негізіндегі мембрананы алады. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Қанатбек Ахметхан мен Мирас Жомартов биополимер негізіндегі қорғаныс биожабын жасауда. Ол оптикалық құрылғылардың бетін механикалық кернеуден қорғауға арналған.Дарынды балаларға арналған Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы Адият Ержанов бақыланатын фотопериодизмі бар өсімдіктердің өсу биостимуляторын сынақтан өткізуде.- Адияттың анасы ретінде университет басшылығына осындай ұзақ мерзімді перспективаларға көңіл бөлгені үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бірінші сыныптан бастап ғалым болу мүмкіндігі баланың сыни ойлауын, дербестігін, білімге құштарлығын, логикасын, жауапкершілігін дамытады. Білім берудегі бұл тәсіл де кәсіптік бағдар беруге жатады. Мен ұлымның жарқын болашағына сенімдімін, - деді Альмира Жайсанбаева.Оныншы сынып оқушысы Камилла Саскенова биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып, in vitro картопқа кәріптас қышқылы қосылған тыңайтқыш негізінде қоректік ортаны сынаумен белсенді айналысады. Ал Опытное Поле орта мектебінің оқушылары Полина Кравченко мен Рената Кашегулова республикалық ғылыми байқау аясында «Шығыс Қазақстанда биотехнологияны қолдана отырып түйнек дақылдарының өнімділігін арттыру үшін өсу стимуляторларымен бірге биофунгицидтерді жасау және қолдану» тақырыбында жоба қорғады.-Түйнек дақылдарының тамырын қалыптастыруға арналған фунгицидті ынталандыратын қасиеттері бар біздің тыңайтқышымыз экологиялық мәселелерді шешуде шешуші қадам бола алады, өйткені қауіпсіз тыңайтқыштарды пайдалану өнімділікті арттыруға және өсімдіктерді қорғауға көмектеседі, - деп түсіндірді Полина.Бірегей білім жүйесінің жемісті табысының дәлелі – Нариман Қайырбеков. Ол университет студенті бола жүріп полиэтиленді алмастыратын материал жасап шығарды. ШҚУ қабырғасында оқушы кезінен жүрген ол осы уақытқа дейін сүйікті зертханасында еңбек етіп келеді. Бүгінде ол – кіші ғылыми қызметкер және өңірлік университеттің магистрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/905775
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 24.12.2024
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ19 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандыратын мәселелерін көтерді.Кездесу барысында тұрғындар магистратура бағдарламаларына қатысты сұрақтар, оқу орындарына қосымша оқу құралдарын енгізу туралы ұсыныстар, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қозғады. Вице-министр Талғат Ілиясұлы қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап беріп, әрбір мәселенің шешілу жолдарын талқылады. Көтерілген мәселелердің барлығы жеке бақылауға алынып, әр сауал бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмалардың орындалу барысы қатаң бақылауда болады.Қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер ғылым және жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыруда маңызды рөл атқаратыны ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/905890
«Таза Қазақстан»: Ualikhanov University студенттері акция ұйымдастырды 24.12.2024
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🔹UALIKHANOV UNIVERSITY🔹 (@shoqan.edu.kz)«Таза Қазақстан»: Ualikhanov University студенттері акция ұйымдастырдыШ.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті экологиялық жағдайды жақсартуға және студенттер мен қызметкерлердің экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қолдау мақсатында жатақхана аймақтарын тазалау акциясын ұйымдастырды.Акция аясында студенттер, қызметкерлер мен еріктілер университет жатақханаларының аумақтарын жалпы тазалауға қатысты.Акцияға қоқыстарды жинау, сұрыптау және қар тазалау кірді. Акцияның мақсаты – жайлы өмір сүру жағдайын жасау және студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/905898
ЕҰУ-да әлеуметтік қызметкерлерді даярлау мәселесі талқыланды 24.12.2024
ЕҰУ-да әлеуметтік қызметкерлерді даярлау мәселесі талқыландыЕуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтік жұмыс» кадрларды даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің жобаларды басқару тобының кеңейтілген отырысы өтті.Іс-шара «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм: ЖОО-лардың әлеуметтік қорғау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі» тақырыбында өтті. Шараға мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Кездесудің мақсаты – «Әділетті Қазақстанды» құру жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыруға университеттердің үлесін күшейту жөніндегі стратегиялық бағыттар мен практикалық шараларды талқылау.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлемде «инклюзия» ұғымы қайта қарастырылып жатқанын атап өтті.«Бұл тек кедергісіз ортаны құру ғана емес, физикалық мүмкіндіктері жоқ кез келген адамды немесе басқа шектеулері бар адамдарды қосу. Дүниежүзілік банктің жобасы аясында біз педагогикалық университеттердің барлық оқу бағдарламаларын фин серіктестерінің көмегімен қайта қарадық. Мұнда 30 жаңа оқу бағдарламасы әзірленді, инклюзия негізгі принцип. Мұғалімдердің жалпы массасын бөлек дайындаудың орнына, біз әр мұғалім инклюзияның не екенін түсініп, сертификатталуы үшін бәрін бірдей дайындауды шештік. Осы жоба аясында 25 университет арнайы кабинеттермен және зерттеу кешендерімен жабдықталды», - деді министр.Қатысушылар әлеуметтік жұмыс бойынша инновациялық кадрларды даярлау проблемаларын, университеттердің қатысуымен әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс саласындағы болашақ мамандардың құзыреттерін қалыптастыруға қосқан үлесін талқылады.«Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік жұмыс жөніндегі білім беру бағдарламаларын белсенді дамытуда. Біз түлектеріміздің терең кәсіби білімге ие болуына ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызмет саласында туындайтын практикалық мәселелерді шешуге дайын болуын қамтамасыз етуге тырысамыз.Білім беру үдерісі аясында біз әлеуметтік жұмыс бойынша әлемдік тәжірибені зерделеуге және инновациялық тәсілдерді енгізуге көп көңіл бөлеміз», - деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.Ректордың айтуынша, ЕҰУ Әлеуметтік жұмыс теориясы мен тәжірибесінің үздік стандарттарын енгізуге бағытталған Франкфурт және Шанхай университеттерімен SOLID халықаралық ғылыми жобасын жүзеге асыруда.Университет ғалымдары цифрлық шешімдер арқылы халықтың осал топтарының мәселелерін шешуге арналған «Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер» атты ауқымды жобаға қатысуда.Сонымен қатар ЕҰУ мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп әлеуметтік саясатты қолдауға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған кәсіби стандарттар мен білім беру бастамаларын әзірлеуде.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік жұмыс жүйесін дамытудың негізгі векторларына тоқталды.«Бүгінде Қазақстанда 35 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлердің тек 12% ғана мамандандырылған білімге ие, бұл олардың белсенді даярлығы мен жаңа мамандардың қажеттілігін көрсетеді.Кадрлардың сапасын арттыру үшін биыл халықаралық стандарттарды ескере отырып, кәсіби стандарттар әзірленді. Биыл 8,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер мамандандырылған оқудан өтті.Келесі жылдан бастап әлеуметтік сала мамандары еліміздің 14 жоғары оқу орнында қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өте алады. Біз Еуразия ұлттық университетімен де меморандумға отырдық», - деді вице-министр.Кездесу барысында ЕҰУ-дың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ләзат Төлегенқызы да университеттің әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудағы инновациялық әлеуетіне тоқталды.Астаналық балалар мен отбасын қолдау орталығының басшысы Мария Шубина білім беру бағдарламалары түлектерінің әлеуметтік жұмыстағы құзіреттілігіне жұмыс берушінің күтуі мен қосатын үлесі туралы ақпаратпен бөлісті.ЕҰУ цифрлық даму секторының менеджері Алтынбек Зұлхажав көру қабілеті нашар адамдарға арналған «Инклюзивті гид» навигациялық жүйесін таныстырды.Қатысушылар сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ инклюзивті қолдау орталығының жұмысымен танысты және кеңейтілген отырыс аясында дөңгелек үстел өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/906072
ІІМ-де «Менің полициям» видеобайқауының жеңімпаздары марапатталды 24.12.2024
Ішкі істер министрлігінде «Менің полициям» республикалық балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.Ведомство басшысы Ержан Саденов өңірлерден келген оқушыларға жылы лебізін білдіріп, болашақтарының жарқын болуын тіледі.– Қош келдіңіздер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Биыл алғаш рет видеобайқау жариялаған болатынбыз. Полиция – мемлекеттегі заңды қорғаушылардың бірі. Осы конкурсқа қатысқандарыңыз біз үшін мақтаныш, біз үшін қуаныш, – деді министр.«Мен полиция болғым келеді» номинациясы бойынша Ақтөбе облысының №61 мектеп оқушысы Ақзер Жазимова, «Қауіпсіз қоғам балалар көзімен» номинациясы бойынша сол өңірдің №34 мектеп оқушысы Нұрсұлтан Тұрар, «Жас жол сақшысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысынан Бақдәулет Ағзам топ жарды.Сонымен қатар үздік «ұжымдық жұмыс» ретінде Ұлытау облысы №3 мектептің «Жас сақшы» полицей сыныбының видеосы танылды.Кішкентай қонақтарға, олардың ата-аналары мен ұстаздарына министрлікте үлкен экскурсия ұйымдастырылды. Олар мұражайда және жедел басқару орталығында болды. Одан бөлек, ЖҚАЖ жауынгерлері мен қызметтік иттердің өнерін тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/905910
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК АЛҚА ӨТТІ 24.12.2024
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Алматы облысына жұмыс сапары барысында ведомствоның аумақтық бөлімшелері, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы басшыларының қатысуымен өңірлік алқа өтті.Алқаның күн тәртібінде ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы проблемалық мәселелер, соның ішінде кадрлардың біліктілік деңгейі, ауыр акушерлік асқынуларды уақтылы диагностикаламау және медициналық көмек көрсетудің басқа да аспектілері талқыланды.Бейінді институттардың үйлестіруші рөліне ерекше назар аударылды, жүкті, босанатын, босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар тыңдалды.Сондай-ақ, алқаның барысында медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы, кадрлармен қамтамасыз ету, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, халықтың өтініштері бойынша кері байланыс мәселелері көтерілді.Ведомство басшысы медициналық жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру және кадр тапшылығын шешу үшін жаңа бастамалар туралы айтып берді. Ол түлектерді бөлуде жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктері мен кадр ресурстарының болжамдары ескерілетінін, резидентураның бүкіл процесін үйлестіру үшін цифрлық платформа құрылатынын атап өтті.А. Әлназарованың айтуынша, 2025 жылғы жоспарда соңғы нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған ЖБЫН ұлғайту қарастырылуда, бұл диспансерлік байқаудың сапасын, скринингтер, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау кезінде анықталуын арттыруға бағытталған.Министр медициналық және медициналық емес персоналдың қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй несиелерін қоса алғанда, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ерекше назар аударды.Сапар барысында ведомство басшысы Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасының жұмысымен танысты.Бұдан әрі Денсаулық сақтау министрі халықпен және азаматтық сектор белсенділерімен кездесулер өткізді, азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдады және брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/906127