Enbekshi QazaQ

Қоғам

ІІМ-де «Менің полициям» видеобайқауының жеңімпаздары марапатталды 24.12.2024
Ішкі істер министрлігінде «Менің полициям» республикалық балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.Ведомство басшысы Ержан Саденов өңірлерден келген оқушыларға жылы лебізін білдіріп, болашақтарының жарқын болуын тіледі.– Қош келдіңіздер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Биыл алғаш рет видеобайқау жариялаған болатынбыз. Полиция – мемлекеттегі заңды қорғаушылардың бірі. Осы конкурсқа қатысқандарыңыз біз үшін мақтаныш, біз үшін қуаныш, – деді министр.«Мен полиция болғым келеді» номинациясы бойынша Ақтөбе облысының №61 мектеп оқушысы Ақзер Жазимова, «Қауіпсіз қоғам балалар көзімен» номинациясы бойынша сол өңірдің №34 мектеп оқушысы Нұрсұлтан Тұрар, «Жас жол сақшысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысынан Бақдәулет Ағзам топ жарды.Сонымен қатар үздік «ұжымдық жұмыс» ретінде Ұлытау облысы №3 мектептің «Жас сақшы» полицей сыныбының видеосы танылды.Кішкентай қонақтарға, олардың ата-аналары мен ұстаздарына министрлікте үлкен экскурсия ұйымдастырылды. Олар мұражайда және жедел басқару орталығында болды. Одан бөлек, ЖҚАЖ жауынгерлері мен қызметтік иттердің өнерін тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/905910
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРЛІК АЛҚА ӨТТІ 24.12.2024
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Алматы облысына жұмыс сапары барысында ведомствоның аумақтық бөлімшелері, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы басшыларының қатысуымен өңірлік алқа өтті.Алқаның күн тәртібінде ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы проблемалық мәселелер, соның ішінде кадрлардың біліктілік деңгейі, ауыр акушерлік асқынуларды уақтылы диагностикаламау және медициналық көмек көрсетудің басқа да аспектілері талқыланды.Бейінді институттардың үйлестіруші рөліне ерекше назар аударылды, жүкті, босанатын, босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар тыңдалды.Сондай-ақ, алқаның барысында медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы, кадрлармен қамтамасыз ету, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, халықтың өтініштері бойынша кері байланыс мәселелері көтерілді.Ведомство басшысы медициналық жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру және кадр тапшылығын шешу үшін жаңа бастамалар туралы айтып берді. Ол түлектерді бөлуде жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктері мен кадр ресурстарының болжамдары ескерілетінін, резидентураның бүкіл процесін үйлестіру үшін цифрлық платформа құрылатынын атап өтті.А. Әлназарованың айтуынша, 2025 жылғы жоспарда соңғы нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған ЖБЫН ұлғайту қарастырылуда, бұл диспансерлік байқаудың сапасын, скринингтер, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау кезінде анықталуын арттыруға бағытталған.Министр медициналық және медициналық емес персоналдың қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй несиелерін қоса алғанда, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ерекше назар аударды.Сапар барысында ведомство басшысы Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасының жұмысымен танысты.Бұдан әрі Денсаулық сақтау министрі халықпен және азаматтық сектор белсенділерімен кездесулер өткізді, азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдады және брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/906127
Кендірлі ауылында жаңа амбулатория ашылды 24.12.2024
Бүгін 19 желтоқсан Кендірлі ауылында тұрғындар көптен күткен жаңа амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.Шараға Жаңаөзен қаласының әкімі, қалалық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының атқарушы хатшысы мен ауыл тұрғындары қатысты.Лентаны қию рәсіміне Кендірлі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімов Хожабай және ардагер дәрігер Жалымбетов Құдайберген қатысты. Амбулаторияның құрылысын салған «СМК Атамекен» ЖШС-нің директоры Ернат Кіндібек №3 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Әлишер Көмековке жаңа нысанның кілтін салтанатты түрде табыстады.Мерекелік салтанатты ашып берген Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, орталықтың қызметіне сәттілік тіледі.- Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында бой көтерген бұл нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған және ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үлкен үлес қосады деп сенеміз,-деді Жансейіт Қайнарбаев.Ауысымына 50 келушіні қабылдай алатын амбулаторияның жалпы көлемі 5100 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекемеде диспансерлеу, профилактикалық тексерулер, ерте диагностика сияқты қызметтер көрсетілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/905917
Қазақстан және Тәжікстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайымен оны одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік жәнехалықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстанмен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтынығайтуға жан-жақты жәрдемдесуге дайындығы расталды.Сонымен қатар 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/906113
Қазақстан және Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайымен оны одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстанмен Армения арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге екі жақтың дайындығы расталды.Сонымен қатар 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/906117
Жетісу облысында негізгі экономикалық индикаторлар жоспары орындалды 24.12.2024
Жетісу облысында биылғы жылдың он бір айында негізгі индикаторлар бойынша жоспар орындалды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының айтуынша, салалар бойынша ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7% немесе 405,3 млрд. теңге, өнеркәсіпте – 3,6% немесе 310,5 млрд. теңге, тұрғын үйді пайдалануға беру 4,4%-ды құрады инемесе 283,7 мың ш.м., құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.- Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд. теңге. Жалпы мемлекеттік бюджетке 286 млрд. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд. теңгеге жетті, - деді Бейбіт Исабаев.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905706
Жетісу облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды 24.12.2024
Жетісу облысы – аграрлы аймақ болғандықтан, бірінші кезекте ауыл шаруашылығын дамыту мен өңдеу саласына айрықша назар аударылуда. Биылғы жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды, оның 23,3 млрд. теңгесі немесе 66,6% – субсидиялар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығы алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 510 мың га құрады. 872 мың тонна дәнді дақылдар, 195 мың тонна майлы дақылдар, 266 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 132 мың тонна картоп өндірілді.- Өздеріңізге мәлім, қант саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ақсу қант зауыты толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Облыстың 5 ауданында 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды. Биыл қант қызылшасының егіс алқабы 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жеткізілді, одан рекордтық өнім - 635 мың тонна тәтті түбір жиналды, - деді Б. Исабаев.Белгілі болғандай, нәтижесінде екі қант зауытында 94 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр, оның ішінде қант қызылшасынан 64 мың тонна, қамыс құрағынан 30 мың тонна қант шығарады. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905714
Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті 24.12.2024
Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті. Сол сияқты ет пен сүт өндірісі артты. Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і осы жылы іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы.- Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд. теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізілуде, оның4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады, - деді баяндамасында Бейбіт Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905722
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылды 24.12.2024
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді. Соның нәтижесінде бір мыңнан астам адам жаңа жұмыспен қамтылды. Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс басшысының мәліметінше, күнбағыс майын өңдейтін, кейінгі кезде тоқтап тұрған «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты жұмысын қайта бастады, оның жылдық қуаты - 500 тонна. Талдықорғанда өнеркәсіп аккумуляторларын өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауыты іске қосылды. Сол сияқты тау-кен секторын дамыту аясында құны 1,3 трлн. теңге болатын, 2 мыңнан астам жұмыс орнын құратын, қуаттылығы жылына 860 мың тонналық мыс концентратын құрайтын металлургия комбинатын салу бойынша ірі жобаны іске асыру басталды.- Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қажет. Бұл ретте қазір облыста цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамуда. Жалпы өңірде 549 өнеркәсіп орны тіркелген, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оған қоса Жетісуда баламалы энергетиканы дамытудың зор әлеуеті бар, - деді Б. Исабаев.Жалпы, облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 2,6 трлн. теңгеге 189 жоба бар, онда он бір мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген, оның ішінде 121 жоба іске асыру сатысында.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905727
Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері 24.12.2024
Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, - деді Б. Исабаев. 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда.Өңір басшысының айтуынша, «Достық» станциясында қуаттылығы жылына 350 мың контейнер болатын «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды жүк тасымалдау терминалының 3-ші және 4-ші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Евротранс Групп» ЖШС-ның қолданыстағы логистикалық жүк тасымалдау терминалы ауданы 40 гектар және құны 50 млн. АҚШ доллары болатын уақытша сақтау қоймасын салуға дайындық жұмыстарын атқарылып жатыр. Кеден саласын одан әрі дамыту үшін осы жылдың қаңтар айында станцияда тәулігіне 200 автомобиль өткізуге қабілетті «Dostyk Customs Service» уақытша сақтау жаңа терминалы ашылды.- «Үшарал-Достық» жолын реконструкциялаудың аяқталуына байланысты халықаралық жүк айналымының легі ұлғайды және кеден пункттерін кеңейту қажеттілігі туындады. Мәселен, «Алакөл» автомобиль өткізу пунктінің қозғалыс жолағын 2-ден 6-ға дейін кеңейту жұмыстары аяқталуда, соның арқасында көлік құралдарын өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады, - деді облыс әкімі.Бұдан бөлек, «Достық-Мойынты» темір жолының құрылысы жүргізілуде. Жоба «Достық» станциясының өткізу қабілетін 5 есеге, яғни 12-ден 60 пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905732
Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді 24.12.2024
Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, - деді облыс басшысы.Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін екінші бағыт – Балқаш көлі. Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар көл жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартылуда, бұл мақсатқа 2024 жылға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылдың соңында жобаны аяқтау жоспарлануда.Сол сияқты Бейбіт Исабаев өз сөзінде экологиялық туризмді дамыту жайына да тоқталды. Атап айтқанда, шаңғы-биатлон кешенін салудың жобалық құжаттамасы әзірленген. Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеуге келесі жылға республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге қарастырылды. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталып, Тополевка ауылында жаңа визит-орталық ашылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905739
Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды 24.12.2024
Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.- Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй - коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905743
Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті 24.12.2024
В области Жетісу из 192 населенных пунктов, подлежащих газификации, в настоящее время газифицировано 63, в том числе из них с начала года доступ к газу получили 30 населенных пунктов. Благодаря чему уровень газификации достиг 56,5%, доступ к голубому топливу получили 394,9 тыс. жителей. Об этом стало известно в ходе брифинга акима области Бейбита Исабаева, состоявшегося сегодня на площадке СЦК при Президенте РК, - сообщает пресс-служба акима области Жетісу.По словам главы региона, в следующем году продолжится строительство 21 объекта и начнется строительство еще 42. Так, к концу 2025 года газифицируются все 126 населенных пунктов от Кербулакского района до Талдыкоргана. В результате доступ к газу получат свыше 500 тыс. жителей или 71,4% всего населения.Как было отмечено, 19 августа было начато строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Ожидается, что проект будет завершен в следующем году. Параллельно начата разработка проекта газораспределительных сетей для 66 населенных пунктов Аксуского, Сарканского, Алакольского районов.- К 2029 году планируется газифицировать все 192 населенных пункта области и обеспечить доступ к газу для более 642 тысяч жителей или 91,9% от общей численности населения, - резюмировал аким области Жетісу Бейбит Исабаев.Пресс-служба акима области ЖетісуФотографы: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905751
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті 24.12.2024
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады.Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған, 61 блокты-модульді медициналық кешендер орнатылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылдың өзінде 51 нысан бой көтерген, соның 25-і жаңа құрылыс, 26-сы – блокты-модульді конструкция.– Айта кету керек, біздің облыс блокты-модульді медициналық кешендерді орнату тәжірибесін алғашқылардың бірі болып кеңінен қолдана бастады. Келесі жылы тағы 69 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жөндеуге жататын 292 денсаулық сақтау нысанының 167-і немесе 57,2% жаңартылады, - деді Б. Исабаев.Мәдениет саласында 2022-2024 жылдары 12 мәдениет үйі пайдалануға беріліп, 10 нысан күрделі жөндеуден өткен. Келесі жылы тағы 7 нысан пайдалануға беріліп, жаңару деңгейі 33,3%-ға жетеді.Ал спорт саласына келсек, облыс әкімінің мәліметінше, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері, күрес залдары, стадион сияқты жалпы 18 нысан іске қосылып, 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса жақында инвестордың қаржысына Үстел теннисі орталығы ашылды.- Соның нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 64%-ға жетті, - деді өз сөзінде облыс әкімі. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905759
Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті 24.12.2024
Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды, - деді облыс басшысы.Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды.Атап өтсек, 2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905766
Астанада ерекше балаларға арналған кезекті бес инклюзия кабинеті ашылды 24.12.2024
Елордада №65 мектеп-гимназияда инклюзияны қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ Астана әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырды. Ол ерекше әдіс-тәсілге мұқтаж балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Іс-шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің, «Самұрық-Қазына» АҚ, Білім басқармасы өкілдерінің, елордалық мектеп директорларының, педагогтар мен ерекше балалардың ата-аналарының қатысуымен өтті.«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдаймыз. Қазақстан өңірлерінде оңалту орталықтарын, спорт кешендерін және бейімделген спорт секцияларын ашамыз. Біз мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге үйретеміз және жұмысқа орналасуына жәрдемдесеміз. Біз адамдарға өмірге келгеннен бастап көмектесеміз және олардың қоғамда әлеуметтенуіне белсенді ықпал етеміз. Инклюзия кабинеттері – бұл жүйенің маңызды бөлігі», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов.Кабинет Open Space форматында дайындалған және дефектолог, логопед, психолог және керамика шеберханасының жұмысына арналған орындарды қамтиды. Сонымен қатар, қажетті спорттық жабдықтары бар емдік дене шынықтыру кабинеті де бар. Осылайша, Астанада бес жаңа кабинет салтанатты түрде ашылды. Олар №32, 52, 61, 65 және 90 мектептерде орналасқан. Бұл инклюзия кабинеттеріне 240 бала бара алады.«Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін, оның ішінде психикалық және сөйлеу қабілеті уақытылы дамымаған, сондай-ақ қарым-қатынас жасауы қиын оқушылар үшін қолайлы орта жасайды. Біз осы кеңселер желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Әрбір жаңа кабинет арқылы әрбір баланың дамуы үшін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті білім беру ортасының шекарасын кеңейтеміз», – деп атап өтті Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76 және 97 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906099
Жүздеген адам жауапқа тартылды: Астанада вандализмге қарсы күрес жүріп жатыр 24.12.2024
Өзгелердің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.14 желтоқсанға қараған түні 30 жастағы азамат мас күйінде көліктің терезе тазалағыштарын сындырып, капотын ұрып, майыстырып кеткен. Осылайшп ол 400 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірді.16 желтоқсан күні кешке Мұстафин көшесінде жүрген 32 жастағы ер адам өзге біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906100
Борышкер сот талаптарын орындамайды: мұндай жағдайда не істеу керек екені айтылды 24.12.2024
Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанна Сүйімбаева елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәжбүрлеп орындау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жанна Сүйімбаеваның айтуынша, егер борышкер сот актісінің талаптарын ерікті түрде орындамаса, сот орындаушысы оған мәжбүрлеп орындау шараларын қолданады.«Заңның 31-бабына сәйкес сот орындаушысы өз ісін жүргізуге қабылдаған атқарушылық құжат және Заңда көзделген ерікті түрде орындау мерзімінің аяқталуы мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану үшін негіз болып саналады. Атап айтқанда, осындай шаралардың бірі – мүлікке тыйым салу және оны сату арқылы борышкердің мүлкінен өндіріп алу», – деді спикер.Мәселен, борышкердің мүлкіне тыйым салу мүліктің тізімдемесінен, оған иелік етуге тыйым салудан, ал қажет болған жағдайда осы мүлікті пайдалану құқығын шектеуден, оны алып қоюдан немесе сақтауға беруден, содан кейін осы мүлікті саудалау арқылы өткізуден тұрады.Сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасындағы сауда-саттықта мүлікті сатқаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.Одан түскен қаражат өндіріп алушылар арасында өндіріп алынатын сомаларға барабар бөлінеді. Бұл жағдайда мүлікті сату сот актілерін орындаудың мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру тәсілі болып саналады.«Мысалы, жеке сот орындаушысы борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізуде. А.И. Дауменова пайдасына сот орындаушысы Б.А. Мықтыбек борышкердің мүліктік жағдайын анықтау мақсатында сұрау салуды уәкілетті және тіркеуші органдарға жібереді. Сауалға жауап ретінде борышкер А.И. Дауменованың сот орындаушысы алатын «Тойота Камри» маркалы автомашинасы бар екені анықталды. Содан кейін сот орындаушысы бағалау жүргізу туралы қаулы шығарады, кейін автомашина аукцион арқылы сатылады, ал оны сатудан түскен соманы өндіріп алушы Б.А. Мықтыбекке береді, осылайша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары сот актісінің нақты орындалуына әкеледі», – деп түсіндірді Жанна Сүйімбаева.Мүлікті сатудан басқа заңда сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың басқа да шаралары көзделген:1) борышкердің мүлкіне, оның не өзге жеке немесе заңды тұлғалардың (оның ішінде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарында) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, тыйым салу;2) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан мүлкін алып қою;3) борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу;4) борышкерге өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті, оның ішінде ақшаны пайдалануға тыйым салу не оны сот орындаушысы белгілеген шекте пайдалануға нұсқау беру;5) борышкердің мүлкіне мөр басу;6) құқық белгілейтін құжаттарды алып қою;7) басқа адамдарға мүлікті, оның ішінде ақшаны борышкерге беруге немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауға тыйым салу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906103
Тарбағатайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды: Ербол Мырзабосынов ШҚО-да есеп беру кездесуін өткізді 24.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.Жыл өткен сайын елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 305 мың адам спортпен белсенді түрде шұғылдануда. Облыстағы балалар мен жасөспірімдердің 32,7 мыңнан астамы дене шынықтыру және спортпен қамтылған.Сондай-ақ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Министр өңірде мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды тексеру кезінде заң бұзу фактілері анықталғанын, жеткізушілер алдын ала іріктеусіз тегін секцияларға бару үшін кезекке жазылуына жол берілгенін атап өтті.Осыған байланысты Ербол Мырзабосынов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру кезінде өнім берушілерді іріктеуді қамтамасыз етуі қажет екенін еске салды.Шығыс Қазақстан облысында да модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы ауылдар мен қалаларда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда.«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті әкімдік Көлік министрлігімен бірлесіп Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежай салу үшін орындар белгіледі. Әуежай құрылысы өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», - деді Туризм және спорт министрі.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.Биыл Мемлекет басшысы ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Бұл заң азаматтардың сауаттылығын арттыру, сапалы медициналық көмек көрсету және мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы лудоманиямен күресуге бағытталған. Заңда мемлекеттік және әскери қызметшілерге, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған адамдарға құмар ойнауға және бәс тігуге тыйым салу көзделген.Интернет-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланған. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер енгізу, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамаларын SMS арқылы жіберуге тыйым салу қарастырылған.Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/906126
Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің нысандарын тексерді 24.12.2024
Қонаев және Жетісу гарнизондарына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу полигондарының инфрақұрылымын, ғимараттар құрылысы мен оларды жөндеу сапасын тексерді. Қонаев гарнизонындағы "Шошқалы" оқу полигонында Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің оқу және бақылау атыстары жаттығуларын орындауды ұйымдастыру барысымен танысты. Қорғаныс министрі блиндаж бен дрон трассасын тексерді. Онда әскери қызметшілер дрондарды анықтау және жою әдістерін қолданады.Қорғаныс ведомствосының басшысы Арнайы операциялар күштерін даярлау орталығының, РХБҚ базасының, десанттық-шабуылдау бригадасының және басқа да әскери бөлімдердің инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін зерделеді.Медициналық рота ғимаратының құрылысы мен модульдік конструкцияларды қолдананып салынған казарманың құрылысын тексергеннен кейін ол жұмыстың сапасы мен мерзіміне назар аударды.Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сонымен қатар парашютпен секіруге арналған әуе-десанттық кешені бар оқу полигонын қарап, казармалардың жағдайымен танысты. Еліміздің әртүрлі аймақтарынан шақырылған сарбаздармен әңгімелесті. Тігін және аспаптар шеберханасында болып, әуе-десанттық техниканы өндіру мен күтіп-ұстау бөлшектерін нақтылады.Әскери бөлімдер қолбасшылығының алдында қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамның жауынгерлік даярлығының сапасын қамтамасыз етуге, әскери инфрақұрылымды жетілдіруге және мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/905453