Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы әкімдігі «Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды 15.12.2024
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды. Іріктеудің бұл кезеңі 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе тапсыру себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады.Редакциялауға жіберілген өтінімдер туралы ақпарат бағдарлама сайтының басты бетінде «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінде қолжетімді.Редакциялау процедурасы бағдарламаның ресми сайтында — almaty-zhastary2024.kz. өтуі керек. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген.Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902592
Тәуелсіздік күні Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады 15.12.2024
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, елдің бостандығы, бірлігі және өркендеуінің символы болып табылатын басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласының Туризм басқармасы ҰҚК Шекара қызметінің Шекаралық бақылау басқармасы және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп «Сыйлыққа тәтті кәдесый» атты ерекше акция ұйымдастырады. Іс-шараның мақсаты – жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, алматылықтардың қонақжайлық дәстүріне деген терең құрметін көрсету.Паспорттық бақылаудан өту кезінде жолаушыларға дәстүрлі қазақстандық шоколад пен печенье түрінде тәтті сыйлықтар табысталады. Бұл акция 50-ден астам халықаралық рейспен келген 5 мыңнан астам жолаушыны қамтып, Алматыға келген алғашқы минуттардан-ақ жылы шырай мен достық атмосферасын сыйламақ.Бұл бастама туристік сервистің сапасын арттыруға бағытталған «Visitor Experience» жаһандық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылар үшін заманауи, қонақжай және мәдениетке бай бағыт ретінде қаланың оң имиджін қалыптастыруда. Mastercard деректері бойынша, қызмет көрсету деңгейінің жоғары болуы мен қаладан алған ерекше әсерлер қонақтардың қайта оралуына ықпал етеді — 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында қайталама сапарлар үлесі 25%-ды құрады.Шекаралық қызмет пен кедендік бақылау қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше назар аударылуда. Қонақжайлылық бойынша жыл сайынғы фасилитациялық сессиялар оларға халықаралық қонақтармен қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, бұл жоғары стандарттағы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, саяхатшыларға қамқорлық пен құрмет сезімін сыйлайды.Статистика Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде табысты екенін көрсетеді: 2024 жылдың 9 айында жалпы туристік ағын 14,2%-ға артып, 1 729 601 адамды құрады. Шетелдік туристер саны 24%-ға өсіп, 507 567 адамға жетті, бұл Қазақстандағы жалпы туристік ағынның жартысынан астамын құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902596
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласында 400 орынға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қаладағы №31 мектептің салтанатты ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа білім ордасының іске қосылуымен құттықтады.«Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы бағытта облысымызда жаңа мектептер салынып, білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 22 жаңа орта мектеп бой көтерді. Атап айтқанда, 2023 жылы жылы 16 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 2024 жылы жаңа 6 мектеп салынып, аяқталуда. Сонымен бірге, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектептің құрылысы 2025 жылы жалғасады», - деді Нариман Төреғалиев.Жаңадан салынған төрт қабатты білім ордасы заманауи құралдармен жабдықталған. Жалпы көлемі 17 271 шаршы метрді құрайтын мектепте бір спорт зал, акт зал, кітапхана, асхана, медбике бөлмесі шеберханалар бар. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Сыныптар заманауи компьютерлермен және интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де жағдайлар жасалған: пандустар, лифт, арнайы дәретхана және инклюзивті білім беру кабинеті бар.Мектеп аумағында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары да бар.«Бүгін өте қуанышты күн. №31 мектептің құрылысының аяқталғанына қуаныштымыз. Балаларымыз үшін замануи үлгідегі жаңа біліс қолданысқа берілді. Мемлекет басшысына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Балаларымыз болашақта еліміздің мақтанышына айналып, өздерінің алған білімдерімен мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін», - деді ата-ана Гүлнар Қажымова. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/903300
Байзақ ауданының әкімі тағайындалды 15.12.2024
Президент Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімі, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Олжас Елебекұлы Баққараев Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды.Ербол Қарашөкеев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, алда тұрған нақты мақсат-міндеттерді атап өтті.Облыс әкімі Байзақ ауданының барлық салада әлеуеті жоғары екенін ескеріп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыруда бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалану керектігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрмыс сапасын көтеру бойынша нақты міндеттер жүктеп, сәттілік тіледі.Олжас Елебекұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «электроника және микроэлектроника», «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.Әр жылдары «NULITS» мемлекеттік мекемесінде даму қызметінің басшысы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-нің сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.2023 жылдың мамырынан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/902316
Жамбыл облысында 24 мыңға жуық жұмыскердің жалақысы 23,7 пайызға көтерілді 15.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Жарылқасын Айтақов хабарлама жасады. Оның айтуынша, өңірде еңбек жағдайларының ахуалы тұрақты, еңбек шиеленістері ресми тіркелмеген.Аймақтағы ұйымдар мен кәсіпорындарға мемлекеттік еңбек инспекторлары жоспардан тыс және профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жалпы 519 заң бұзушылық анықталып, бүгінде толық жойылды.39 кәсіпорынға «Халықтық бақылау» жобасы мен «Нөлдік жарақаттану - Vision Zero» тұжырымдамасы енгізілді. Бұл бастамалар өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайтуға негізделген.Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағамдау мақсатында 422 өндірістік нысандағы 967 жұмыс орны аттестаттаудан өтті.Бұдан бөлек, кәсіпорындарда 941 өндірістік кеңес құрылып, онда еңбекті қорғау жөніндегі 1 333 инспектор жұмыс істеуде.2 100 мекеме қызметкерін жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарт жасаған.2 619 кәсіпорын 23 680 жұмыскердің жалақысын 23,7 пайызға көтеріп отыр.Жыл басынан бері 11 мекемеде 419,9 млн. теңгенің жалақы қарызы анықталып, оның 94,5 пайызы (396,7 млн. теңге) өтелді. 2 011 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.Басқосуда Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.Облыс әкімі комиссия отырысының соңында кәсіпорындарда жалақы қарыздарын болдырмау, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру, еңбек жанжалы қаупі бар мекемелердегі жағдайды реттеу бойынша жауаптыларға нақты шаралар қабылдауды тапсырды.Сонымен бірге бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек қатынасын заңдастыру, еңбек шарттарын цифрлық жүйеге енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903046
Жамбыл облысында Социалистік Еңбек Ері Александр Нахмановичтің 100 жылдығы атап өтілді 15.12.2024
Байзақ ауданы Түймекент ауылында Социалистік Еңбек Ері, ҰОС және Еңбек ардагері Александр Нахмановичтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.Тағылымды іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, мерейтой иесінің қызы Галина Нахманович, сонымен бірге зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ауданның белсенді жастары мен тұрғындары қатысты.Қатысушылар алдымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне тағзым етіп, Халық Қаһарманы Ғ. Байтасовтың бюстіне гүл шоқтарын қойды.Сондай-ақ Александр Львовичтің есімін ұлықтап, еселі еңбегін өскелең ұрпақтың жадында қалдыру мақсатында мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.Бұдан соң қонақтар ақшаңқай киіз үйлердегі көрмені тамашалады. Онда ұлттық тағамдар мен бұйымдар, тарихи жәдігерлер таныстырылды.Александр Нахмановичтің 100 жылдығына арналған мерейтой конференциямен жалғасты.ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев көпшілікке Мемлекет және Үкімет басшысының құттықтау хаттарын оқып берді.Облыс әкімі Александр Нахмановичті жамбылдықтар мақтан тұтатынын айтып, оның еткен еңбегі мен төккен терін жоғары бағалады.- Халқымызда «Елдің атын ер шығарады» деген ұлағатты сөз бар.Александр Львович өңірдің, оның ішінде Байзақ ауданының дамуына, өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосты. Ол адал қызметімен абыройға бөленді. Қарапайым еңбек адамдарына көңіл бөліп, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру арқылы асыраушы саланың білікті маманы ретінде танылды.Cоғыс ардагері, жоғары білімді агроном бір жыл ішінде «Трудовой пахарь» колхозын үздіктер қатарына қосып, нәтижелі табысқа жеткізе білді. Ел игілігі үшін мәдени нысандар мен білім ошақтарының бой көтеруіне зор үлес қосты.Александр Нахмановичтің өнегелі өмірімен игіліктің бастауы - адал еңбекте екенін дәлелдеген тұлға. Оның қоғам өмірінде атқарған істері, туған жеріне деген жанашырлығы көпке үлгі, ұрпаққа өнеге, – деді Ербол Қарашөкеев.Сондай-ақ Александр Нахмановичтің қызы Галина Александровна ауқымды шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіріп, ардақты әкесінің халқымен бірге мәңгі жасай беретінін айтты.Конференция барысында тұлғаның көзін көрген мемлекеттік қызмет ардагерлері Анатолий Шупта мен Амангелді Кәрентаев, еңбек ардагері Хамидулла Байназаров, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әлиев, қоғам қайраткері Х. Бектұрғановтың ұлы Тастемір Хасанұлы сөз сөйледі.Айта кетейік, Социалистік Еңбек Ері, ҰОС және Еңбек ардагері Александр Нахмановичтің 100 жылдық мерейтойы аясында мектеп оқушыларына оның өмірі мен еңбек жолы кеңінен насихатталды, сондай-ақ ардагерлер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903127
Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады 15.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.Бұл жолы қабылдауға 10 азамат келді. Олар тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік көмек көрсету, аула спортын дамыту, аулалаларды абаттандыру мен жол салу, жаңа білім беру орталықтарын ашу бойынша мәселе көтерді.Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сәйкес толыққанды жауап берді. Тұрғындардың кейбір өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеп, назарға алатынына сенім білдірді.Қабылдауға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді.Облыс әкімі тұрғындардың мәселелерін шешу үшін жауаптылардың алдына нақты міндеттер қойды.Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903279
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 15.12.2024
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Ойық ауылында 400 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.Спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Ғимаратта спорттың 4 түрімен (бокс, күрес, волейбол, футбол) шұғылданып, бос уақытты тиімді өткізуге болады. Ауыл балалары мен жастарына бағыт-бағдар беру үшін тәжірибелі 4 жаттықтырушы қарастырылған.- Талас - ақындар мен батырлардың өлкесі. Ел намысын еселеп жүрген спортшыларда осы қасиетті топырақтан түлеп ұшқан. Жаңа спорт кешенінен де болашақ чемпиондар шығатынына сеніміміз зор! – деген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков балаларға сыйлықтар табыстады.Айта кетейік, облыста 15 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін бес спорт кешені мен 103 спорт алаңшасы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтілуде.Бюджеттен тыс 880 млн. теңгеге 4 спорт нысаны бой көтерді, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спорт залын ашу жоспарда бар.Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 68,3 пайызды (2023 ж. – 64,9%), денешынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 41,2 пайызды (2023 ж. - 40,2%) құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903284
Жамбыл облысындағы Тұрымқұл ауылы сапалы ауыз сумен қамтылды 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Тұрымқұл ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды.Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Жалпы биыл ауданда 7 ауылдық елді мекенге ауыз су желісін тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 5 елді мекенге ауыз су кезең-кезеңімен беріледі. Қалған екі жоба келесі жылға өтпелі, – деді аудан әкімі.Тұрымқұл ауылында 230-ға жуық халық тұрады.- Мерекеге орай таза ауыз суға қол жеткізіп, мерейіміз тасып отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, әбігерге түсетінбіз. Таза ауыз су – ұлт саулығының кепілі! Барша ауылдастарымды ортақ қуанышпен құттықтаймын! – деген ауыл қариясы Тұрсан Бастаубаев көпшілікке ақ батасын берді.Айта кетейік, биыл Жамбыл облысындағы 37 ауылдық елді мекенге (АЕМ) тіршілік нәрі тартылады. Оның ішінде 22 АЕМ-ге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, 15 АЕМ-ге кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903350
Көкпекті ауданында 28 тұрғын үйдің кілті табысталды 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Үлкенбөкен және Үлгілімалшы ауылдарында жаңа үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Үлкенбөкен ауылында 20, Үлгілімалшы ауылында 8 тұрғын үй берілді. Ауданы 85 шаршы метрді құрайтын пәтерлер заманауи талаптарға сай салынған. Отбасылар үшін барлық жағдай жасалған.Бұл көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды қолдауға бағытталған. Жергілікті билік бұл баспаналар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрғын үй мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Ана ретінде көп балалы отбасымыздың нағыз жайлы ұясы болатын үйді армандайтынмын. Жаңа үй алу - үлкен қуаныш. Қазір балаларымның әрқайсысының ойынға, оқуға және демалуға арналған өз алаңы бар», – дейді Динара Кәрімова.Айта кетерлігі, Көкпекті ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында және меморандумдық келісіммен кезекте тұрғандар үшін 50 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903301
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсуат ауданының орталығында 14 жаңа пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, Құмкөл ауылында 4 пәтер, Көкжыра ауылында 6 пәтерге жаңа тұрғындар қоныстанды. 2024 жылы ауданда екі пәтерлі 52 үйді аяқтау жоспарлануда. Бұл 104 отбасы өз баспанасына ие болады деген сөз.Тұрғын үй мәселесін шешуде жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың рөлі ерекше. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат ауылында ауданы 85 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 7 тұрғын үй салынды. Оның ішінде 4 үйді мердігер Ералы Социалов, 3 үйді Қайырлы Қасенов салған. Осылайша, жуырда 14 отбасы қоныс тойын тойламақ. Сонымен қатар, Екпін ауылында 8 отбасының жаңа баспанасына айналатын екі пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек 28 үйдің құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.Қоныстанушыларға кілт табыстаған аудан әкімі Ерсін Ескендіров азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтуға көңіл бөліп отырмыз. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында тұрғын үй мәселесін шешуде қосымша ресурстар тауып жатырмыз. Барша тұрғындарды осы қуанышты оқиғамен құттықтап, амандық пен бақыт тілеймін», - деді Ерсін Ескендіров.Биыл ауданда екі пәтерлі 52 тұрғын үй салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903303
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Семей қаласына келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесуде министр өңір экономикасындағы оң серпінді атап өтіп, өнеркәсіп өнімі экспортының өткен жылмен салыстырғанда 46% - ға өскенін атап өтті.Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Биыл қалалық 8 жобаны жүзеге асыруға 2,3 млрд теңге, ал ауылдық жерлердегі 16 жобаға – 3,8 млрд теңге бөлінді.Министр сондай-ақ өнеркәсіпті білікті кадрлармен қамтамасыз ету жайында да айтты. Ағымдағы жылы машина жасау, металлургия, химия өндірісі және құрылыс индустриясы сияқты салалар үшін 13 кәсіби стандарт әзірленді. Алдағы екі жылда тағы 141 стандартты әзірлеу жоспарлануда.Жұмыс сапары барысында министр бірқатар өнеркәсіп және құрылыс нысандарын аралады. Қарағайлы шағын ауданында силикат кірпіштен салынған 9 қабатты тұрғын үйлерді көрді. Биыл облыста 404,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 3,8 мың отбасын тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға 12,5 млрд теңге қарастырылған.Бұдан әрі Қанат Шарлапаев Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «ЭЙКОС» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС, «Семей тігін фабрикасы» ЖШС, сондай-ақ «Қазполиграф» ЖШС және «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да болды.Облыс аграрлық аймақ саналғанымен өнеркәсіптік әлеует жоғары. Өңірде өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Тек тау-кен өнеркәсібі 1,1 трлн теңге көлемінде қамтамасыз етіп, өсім өткен кезеңмен салыстырғанда 1,4% құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903317
Мемлекет пен қоғамның күшін біріктіріп 15.12.2024
Экономиканы дамытып, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартумен қатар біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл әлеуметтік кесел адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына зиян келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді. Сондықтан, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті көріністерінде мемлекеттің одан әрі дамуының басымдығы деп санайды.Бүгінгі таңда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты отандық және шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, әрі қоғамның сұранысына орай үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жұмысқа жаңа дәйекті және кешенді көзқараспен келу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжатта – «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында» анық көрсетілген.Осы тұжырымдаманы іске асыру үшін облысымыздың мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алғы шарттарын жойып, қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту үшін түрлі шаралар қабылдай отырып, алдын ала жұмыс істейді. Мұның бәрі мемлекеттік аппараттың алдында тұрған басты міндет –азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.Тоқсан сайын менің төрағалығыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізіледі. Мысалы, өткен жылдың қазан айында комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағалимен бірлесіп білім беру мекемелерінде бірыңғай цифрлық есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен шешім қабылданды. Пилоттық жобаның басты міндеті – бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау.Өңірдің аграрлық аймақ екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу саласында АӨК қаражатын мақсатты пайдалану үшін әлеуметтік маңызы бар «Цифрлық теңге» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарына кредит беру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінетін ақшаны бояумен байланысты. «Ақшаны бояу» қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалануды есепке алмағанда, жеке нөмірлері ақпараттық жүйеде тіркелетін жануарларды нақты сатып алуды қамтамасыз етеді.Екінші жоба – ауыл шаруашылығы министрлігінен кәсіпкерлерге бөлінетін инвестициялық субсидиялар қаражатын қадағалауға бағытталған. Цифрлық теңге лизинг нысанасының нақты құнына сәйкес субсидияларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді, қаржы ұйымдарының шоттарында болған кезеңде ақшаны жұмсау тәуекелдерін жояды.«Цифрлық теңге» пилоттық жобасының іске асырылуы ағымдағы жылдың соңына дейін жопарланған.Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген, оның ішінде жер заңнамасы, Мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларына байланысты өзекті мәселелер үнемі қаралады. Отырыстардың қорытындысы бойынша оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген 45 ұсыным әзірленді.Биылғы жылы қарастырылған мәселелердің қатарында – білім беру, спорт, денсаулық сақтау, жол құрылысы және жөндеу, ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сияқты салалардың проблемалары бар. Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу, «сақалды құрылыстарды» сүйемелдеу, бизнесті қорғау, мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мәселелері де талқыланды.Қазір жобалық тәсіл аясында облыстық басқармалар мен облыстың аудан, қала әкімдіктері №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» негізгі бағытын жүзеге асыруда. Бұл жұмысқа 90-нан астам мемлекеттік қызметші жұмылдырылған. Бағыт бірнеше жобалар блогын қамтиды, олардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау болып табылады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары 257-ге жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтап отыр. Бұл көрсеткіш жобалық менеджментті енгізу арқылы мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысты күшейтіп, өз қызметіндегі олқылықтар мен бұзушылықтарды анықтауға, кейіннен жоюға мүдделі екенін көрсетеді. Мысалы, ішкі тәуекелді талдау шеңберінде облыс аудандарының біріндегі әкім аппаратының басшысы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша аталмыш дерек расталып, нәтижесінде лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Мемлекеттік басқарудың түрлі салаларына қатысты ішкі талдаулар барысында анықталған кемшіліктер бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы облыс әкімдігінің бақылауында. Жалпы, базалық бағыт бойынша облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгендігін атап өткім келеді. Жобалық тәсілдің нәтижесінде басшылардың жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды оңтайландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру мүмкін болып отыр. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мен нығайтуға әдеп жөніндегі уәкілдер институты үлкен үлес қосып, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға бағытталған 345 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелерінде тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар, қоғамның барлық секторларының арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әділ Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, біз азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгертуіміз керек, онсыз барлық басқа күш-жігер пайдасыз болады», – деп атап өткен болатын. Өңірімізде өткен жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасы жүзеге асырылып, оған сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын 120-дан астам ақмолалық қатысуда. Осы орайда, облыстың азаматтары мен ұйымдары әлеуметтік нысандарды қадағалап, мемлекеттік сатып алуларды зерттеп, тегін заңгерлік көмек көрсетіп, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға атсалысуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің белсенді азаматтық ұстанымы өз жемісін беруде – мемлекеттік органдар анықталған сын-ескертпелерге ден қойып, оларды жойып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуда, халық білікті заң көмегін алуда, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысушы азаматтардың саны артып келеді. Облыстың барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта байқаулар өткізіліп, бейнероликтер әзірленді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында ақпараттық баспа материалдары таратылды. Өңірде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, өмірлік ұстанымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған жол бермейтін өскелең ұрпақты тәрбиелеу, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда іргелі рөл атқарады.Осы ретте, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың тікелей қатысуынсыз облыста жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан тиісті нәтиже болмайтынын тағы бір атап өткім келеді. Алда мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылуы тиіс орасан жұмыс күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902397
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 15.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде арттыру маңызды. Ұзақмерзімді перспективада автомобиль өнеркәсібін мемлекеттік қолдау толыққанды кластер құруға алып келуі тиіс.Тағы бір маңызды міндет – мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту. Қазіргі уақытта полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі жобалар жүзеге асырылып келеді. Бутадиен, карбамид және терефтал қышқылын өндіруге арналған болашағы зор жаңа жобалар әзірленуде. Аталған бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталуы маңызды.Жоспарланған жобаларды іске асыру 25 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды. Барлық жоба тұрақты экономикалық өсудің маңызды қадамы болатын жоғары өнімді және инновациялық өндірістерді дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ экспорт пен импортты алмастыруға бағытталған.2024 жылы құны 1,3 трлн теңгеге жуық 180 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланған, оның 164-і өңдеу секторына тиесілі. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберіндегі нысандар саны бойынша бүгінде Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстары, инвестиция көлемі бойынша Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.Өңдеу өнеркәсібі: негізгі көрсеткіштерСтатистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 48%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады:Машина жасау: 6,9% өсім, бұған компьютерлік жабдықтар, электр аспаптары, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасы өндірісінің ұлғаюы ықпал етті.Қара металлургия: өсім 10,8%-ды құрады. Бұл ферроқорытпа, болат, шойын және жалпақ прокат өндірісі көбеюінің нәтижесі.Түсті металлургия: мыс, мырыш, қорғасын және алюминий өндірісінің өсуіне байланысты өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті.Химия өнеркәсібі: 8,4% өсім тіркелді, полипропилен және натрий бихроматы өндірісінің ұлғаюы айтарлықтай үлес қосты.Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің жиынтық көрсеткіші 5%-ға жуық оң динамика көрсетті. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.Шикізат экспортын азайту үшін өңдеу өнеркәсібінде ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, темір рудасы бойынша Қостанай облысында («ССКӨБ» АҚ) және Павлодар облысындағы металлургиялық кластер («Mineral Product International» ЖШС, ферроқорытпа, ыстық брикеттелген темір және болат өнімдері) ыстық брикеттелген темір өндіру жоспарланып отыр. Мыс кені бойынша Абай облысында мыс балқыту зауытын салу ( «KAZ Minerals Smelting» ЖШС ҚАЗ Минералс Смэлтинг/NFC), сондай-ақ Қазақмыс кәсіпорындары (Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттары) базасында Айдарлы және Көксай кен орындарынан шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.Геология саласын дамыту перспективаларыҚазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестиция тарту бойынша шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп келеді. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орнын қамтиды және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отыр. 2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды:алтын – қоры 107,5 тонна, ресурстары 337,04 тонна,күміс – қоры 1904,5 тонна, ресурстары 172087,2 тонна,мыс – қоры 4916,7 мың тонна, ресурстары 7796,9 мың тонна,мырыш – қоры 2549,6 мың тонна, ресурстары 338,9 мың тонна,темір кендері – қоры 128 млн тонна, ресурстары 162 млн тонна,қорғасын – қоры 1319,5 мың тонна, ресурстары 64,1 мың тонна,вольфрам – қоры 409,9 мың тонна, ресурстары 743 мың тонна,хром – ресурстары 464,1 мың тонна,молибден – қоры 14 т, ресурстары 39 тонна,марганец – қоры 794 мың тонна, ресурстары 1137,3 мың тонна.Сондай ақ биыл алғаш рет мемлекеттік есепке көмірсутек шикізатының 6 кен орны қойылды:газ – 1776,5 млн м3.Мемлекет басшысының 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін геологиялық-геофизикалық зерттеумен қамтуға қол жеткізуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 3 жыл ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асады.Сонымен қатар аудандарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік картаға түсіру және терең геологиялық картаға түсіру жұмыстарының нәтижелер де бар. Аталған жұмыстар нәтижелеріне сәйкес, бағалы, түсті және қара металдар бойынша болжамды ресурстары бар перспективалы 60 учаске анықталды. Бұл учаскелерді барлауға арналған лицензия шеңберінде одан әрі зерделеу үшін жер қойнауын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Сирек жер металдары саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасуда.Бүгінгі күні қорлары шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің перспективалылығы туралы деректер бар, ал сирек кездесетін металдардың, оның ішінде церий мен лантанидтердің 935,4 мың тонна мөлшеріндегі болжамды ресурстары бар.Сонымен қатар салаға инвестиция тарту және сирек кездесетін металдар әлеуетін арттыру мақсатында осмий мен ренийді қоспағанда, сирек кездесетін металдар баланстық қорлары туралы деректерді құпиясыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақстанда көмірсутектердің жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар.Қазіргі уақытта геологтар шамамен 76 млрд тонна болжамды шартты отын ресурстары бар 15 шөгінді бассейн бөледі. Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі. Олардың ішіндегі ең ірісі – Каспий маңы, ол елдің ресурстық базасының шамамен 80%-ын құрайды.Сонымен қатар қосымша аз зерттелген 5 шөгінді бассейннің айтарлықтай келешегі бар. Бұлар Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс маңы шөгінді бассейндері. Бұл бассейндердің іске асырылмаған көмірсутек әлеуеті әлі де айтарлықтай.Ағымдағы жылы геологиялық-геофизикалық әдістер кешенін, оның ішінде Арал аз зерттелген бассейні шегінде Шығыс және Батыс учаскелерінде 2Д сейсмикалық барлауды қолдана отырып, өңірлік зерттеулер аяқталуда, оның зерттеу алаңы 56 мың шаршы км.жұмыс нәтижелері бойынша "Батыс" учаскесінің болжамды ресурстары 0,8 млрд тоннаға бағаланады, алынатын қорлар 0,3 млрд тоннаға бағаланады. Болашақта осы учаскелерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу үшін іздеу жұмыстарын қою жоспарланып отыр.Нәтижелер геологиялық барлау жұмыстарының жоғары деңгейін және Қазақстанның минералды-шикізат базасын дамытуға елеулі үлесін көрсетеді. Бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін және оның одан әрі өсуге дайындығын көрсетеді.Отандық өндірісті қолдауЭкономика құрылымын өзгерту аясындағы негізгі міндеттердің бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Осы мақсатта Үкімет отандық өндіріс тауарларын тұтынуды ынталандыруға бағытталған экономикалық патриотизм қағидатын енгізді. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен сатып алынатын отандық өндірістің 4 543 тауарына алып қою белгіленді. Мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық өнімдер тізбесінің кеңеюі отандық кәсіпорындармен жасалған келісімшарттар санының 1,4 есеге артуына, ал олардың жалпы сомасының 40%-ға өсуіне алып келді. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы, сондай-ақ басқа да ірі жер қойнауын пайдаланушы субъектілер отандық өндірушілермен жасалған ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар сомасы 622,3 млрд теңгеден 765 млрд теңгеге дейін ұлғайды.Мұнай-газ саласында барлық сатып алудың негізгі көлемі (65%) үш ірі операторға (Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, NCOC) тиесілі. Осыған байланысты, олардың барлық сатып алуларының 75%-ын құрайтын 16 тауар тобы бойынша елішілік құндылықты дамытудың ұзақмерзімді бағдарламаларын қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет қаражаты есебінен нысандарды салу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтары барынша қолданылады.Мемлекеттік қолдау шаралары жаңа бірыңғай тізілімге енгізілген тексерілген отандық тауар өндірушілерге ғана көрсетіледі.Іскерлік белсенділікті арттыру және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау жұмысы шеңберінде Үкімет «таза парақтан» қағидатын енгізді. Бұл шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне қойылатын 10 мыңнан астам талаптарды жоюға мүмкіндік берді. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 37%-ға дейін өсті. Тұрғын үй құрылысыТұрғын үй құрылысы – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды аспект. Осыған орай елімізде бағдарлама қабылданды, оның шеңберінде 7 жыл ішінде 111 млн м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша, 1 млн-ға жуық отбасы баспаналы болды.Сонымен қатар 2024 жылы даму жоспары түзетілді, нәтижесінде 15,5 млн м2 тұрғын үйдің орнына 18 млн м2 баспана тапсырылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың мамыр айында «Отбасы Банкі» «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Оның аясында 188,3 млрд теңгеден астам сомаға 7217 мың несие берілді.Жыл басынан бері цифрландыру және қала құрылысы сараптамасын енгізу арқылы нақты заңсыз құрылысты іске асыру мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл шара Мемлекет басшысы бірнеше рет белгілеген нақты құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Кешенді шаралар саябақтар мен әлеуметтік нысандарға арналған аумақтарда көппәтерлі үйлер салу мүмкіндігін жояды, бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді.#Геология #Машина жасау #Өнеркәсіп #Өңдеу өнеркәсібі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902405
Балабақша, мектеп, колледждер: осы жыл немен есте қалады? 15.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұрпақ қалыптастыруда берген тапсырмасы абыроймен атқарылуда.Президенттің бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында биыл 12 200 орындық 9 білім нысаны салыну жоспарланған, барлық заманауи талаптарға сай салынған оның 6-ы іске қосылды. Қалған үшеуі аяқталуға жақын. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығын шешуге ғана емес, сонымен қатар қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар биыл облыстық бюджеттен 1200 орындық мектеп ашылды.Жыл басынан бері 1527 орындық 13 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 2 балабақша салынды, оның біреуі дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған өңірдегі алғашқы арнайы «Аяла» балабақшасы.2024 жылы 28 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бүгінгі таңда облыста 1500 балаға арналған 84 кабинет жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2 кабинет ашылады.Оқушылардың білім сапасы өте маңызды. Өткен оқу жылында жас ақмолалықтар республикалық олимпиадаларда 130-дан астам түрлі медаль жеңіп алды.Біздің оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылыққа да белсенді қызығушылық танытады. Мәселен, ақмолалықтар Түркиядағы Халықаралық кезеңде ел намысын қорғап, жыл соңында Римдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.Республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген ұстаздарымыз да аз емес. Әлияш Ахетова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Өңіріміздің 3 мұғалімі республикада «Үздік педагог» атанды: Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Данагүл Ілияс, Таиндык Жоламанова және Көкшетаудағы «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жумадулла Абдулхаков.Қазан айының басында Державинск қаласы мектебінің педагог-психологы Аслан Манатов Ереван қаласында өткен үшінші Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде үшінші орын иегері атанды.Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Балалар мен жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың дене қабілеттерін дамыту мақсатын алға қойып Ж. Мусин ат. жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің командасы маусым айында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында 1-орынды иеленді.Биылғы жылы жоғары техникалық колледжде электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету бойынша еліміздегі алғашқы тренинг – орталықтың ашылуы жобасы іске асырылды.Және студенттерге арналған әрқайсысы 300 орындық 2 жатақхана ашылды.«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында колледж студенттерінің Ақмола командасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.Бұл биылғы жылғы жетістіктер. Жақын арада білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмыс жалғасады, біз жаңа шыңдарды бағындыруға дайынбыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902419
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты 15.12.2024
Бүгін елордадан еліміздің ең танымал курортты аймақтарының бірі – Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты.Жаңа пойыздың вагондарына елорданың бірегей көрнекі жерлері, атап айтқанда, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем және басқа да нысандары бейнеленген. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуінен Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және Бурабай курортты аймағының табиғи сұлулығын көруге болады. Пойыздың тағы бір ерекшелігі – эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.«Жаңа туристік пойызды іске қосу – ішкі туризмді дамыту және Қазақстан бойынша саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба ел тұрғындары мен қонақтары үшін ең әдемі курортты аймаққа еркін жетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Пойыз Нұрлы Жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902905
Аманғали Бердалин Алматы облысына іссапармен барды 15.12.2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Кеген Мяспром» ет комбинатына барды.Ет комбинатында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда. Толық қуаттылыққа шыққан кезде кәсіпорын жылына 3000 тонна ірі және ұсақ қара мал мен жылқы етін өңдеуге, 331,5 тонна шұжық пен 66 тонна ет консервісін өндіруге қабілетті болады. Бұл өндіріс көлемі жергілікті нарық сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Қазақстанның басқа аймақтарына экспорттауға мүмкіндік береді.Содан кейін вице-министр «КазМясо» ЖШС-нің жұмысымен танысты.Кәсіпорын ірі қара мал өсірумен және ет консервілеумен айналысады.Шаруашылықта ангус тұқымды 3000 бас ірі қара бар. Өндірістің толық циклі жолға қойылған: өз жем-шөп базасынан бастап дайын өнімнің қаптама желілеріне дейін – мәрмәр сиыр етін салқындату түрінде. Компания ірі қараны өсіру, бордақылау және сою бойынша австралиялық технологияны қолданады, сондай-ақ шетелдік кеңесшілерді тартады.Вице-министр кәсіпорын инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді. «КазМясо» басшылығы жұмыс жоспарларымен бөлісті.Сонымен қатар Аманғали Бердалин «Ospanova development» ЖШС-нің балық шаруашылығы кешенін іске асыру барысымен танысты.2023 жылдың қазан айында үш бассейнге 25,0 мың дана форель және баррамунди шабағын сынақ ретінде жіберу жұмыстары жүргізілді. Алғашқы шабақ партиясы алынған. Биыл мұнда 1000 тонна баррамунди мен форель өсіру жоспарланып отыр, ал 2031 жылға қарай питомниктердің кезең-кезеңімен құрылысы арқылы балық көлемін 10 000 тоннаға дейін арттыру көзделуде.Қазіргі уақытта объектіде УЗВ өндірістік жүйесінің және әкімшілік-шаруашылық корпусының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде.Вице-министр құрылыс барысын бағалап, компания құрылтайшыларымен әңгімелесті және Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту мәселелерін түсіндірді. Әр объектіде кеңестер өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903336
«ҮЗДІК АКУШЕР» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АЙГЕРІМ ЕНСЕПБАЕВА БОЛДЫ 15.12.2024
Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады.«Үздік акушер» номинациясында Енсепбаева Айгерім Қуантқанқызы жеңімпаз атанғанын мақтанышпен хабарлаймыз.Айгерім Қуантқанқызы 15 жылдан бері Қызылорда қаласының Облыстық перинаталдық орталығында перзентхана блогының бірінші санатты акушері болып жұмыс істейді. Оның қамқор қолдары арқылы мыңдаған сәбилер дүниеге келді.Акушер - бұл жаңа өмірдің қуанышын сыйлайтын және қиын сәтте әйелге осындай маңызды қолдау көрсететін ең маңызды маман. Босанудың сәтті нәтижесі, ана мен баланың өмірінің қауіпсіздігі акушердің біліктілігі мен сезімталдығына байланысты.Біздің дәрігер өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады, сондай-ақ жас мамандармен білімдерін белсенді түрде бөліседі. Ол өз әріптестеріне босандыруды қадағалап-қарауды және еркін түрде қабылдауды, қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсетуді үйретеді.Айгерім Енсепбаева «Ана болу қауіпсіздігі», «Тиімді перинаталдық технологиялар» және «Омырау сүтімен қоректендіру практикасын қорғау, қолдау және көтермелеу» бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ Орталыққа «Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» атағын қайта беруге үлкен үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/903325
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДАРЫНДА БІРДЕН 15 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ 15.12.2024
Қостанай облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында ауыл тұрғындары үшін бірден 15 жаңа медициналық нысан ашылды.Олардың бірі Қостанай ауданы Московское ауылында орналасқан - бұл ең заманауи стандарттар бойынша жабдықталған дәрігерлік амбулатория, онда пациенттер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.Жаңа медициналық орталық келесі медициналық қызметтерді көрсетуге дайын:- үшінші кезеңдегі оңалту кабинеті;- ультрадыбыстық диагностика кабинеті;- зертханалық зерттеулер кабинеті;- облыстық білім беру кабинеті: АҚТМ, холтер, ЭКГ;- емдеу кабинеті;- вакцинациялау және медициналық қарап-тексерулерге арналған; кабинеттер.Амбулатория 2000-нан астам ауыл тұрғындарына сапалы медициналық алғашқы көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Енді ауыл тұрғындарына ультрадыбыстық зерттеу, скринингтер, сынақтар, вакцинация алу, ерте диагноз қою және ең көп таралған ауруларды емдеу үшін ауданнан тыс жерлерге барудың қажеті жоқ.Биыл өңірге жүзден астам дәрігер тартылды, сондай-ақ ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандар үшін көтерме жәрдемақылар ұлғайтылды.Қостанай облысында ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде белсенді құрылыс және медициналық инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/903354
Инженерияның болашағы: ШҚТУ-да «Лу Бань шеберханасы» жобасының бірінші жылы 14.12.2024
Инженерияның болашағы: ШҚТУ-да «Лу Бань шеберханасы» жобасының бірінші жылыД. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Тяньцзинь кәсіптік институтымен (ҚХР) серіктестікте іске қосылған бірегей халықаралық «Лу Бань Шеберханасы» жобасының алғашқы жылы аяқталды.Қысқа уақыт ішінде жоба елдегі инженерлік-техникалық білім беруді дамыту үшін негізгі трамплиндердің біріне айналып, әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.«Лу Бань Шеберханасы» жобасын жүзеге асыру 2023 жылы білім және технологиялар саласындағы Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық ынтымақтастығының бір бөлігі ретінде басталды. Жоба инженерия, смарт-технологиялар және көлік саласы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау алаңын құруды көздеді.Бірінші кезең аясында университеттің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды: әлемдік деңгейдегі технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи қытайлық жабдықтар орнатылып, ШҚТУ оқытушылары Тяньцзинь кәсіптік институтының базасында біліктілігін арттырды.Жобаның бірінші жылында инженерия және көлік саласымен байланысты білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің саны екі есе артты. Сонымен қатар, университеттің білім беру бағдарламалары жаңа инновациялық бағдарламамен толықты, ал қолданыстағы бағдарламалар озық технологиялар мен тұрақты дамуға баса назар аудара отырып жаңғыртылды.Шеберхананың сәтті жүзеге асуы жаңа серіктестерді – Allur, QazTehna және Astana Motors сияқты ірі автомобиль зауыттарын тартуға ықпал етті. Олардың қолдауымен студенттерге тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу, сондай-ақ нақты өндірістік жобаларға қатысу мүмкіндігі ашылды.ШҚТУ-да «Лу Бань Шеберханасы: нәтижелер, міндеттер, перспективалар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде шеберхананың алғашқы жылына арналған қорытындылар жасалып, болашақ жоспарлар талқыланды. Алдағы уақытта білім беру бағдарламаларын кеңейту және серіктестермен, соның ішінде халықаралық деңгейде ынтымақтастықты тереңдету жоспарланып отыр. Ерекше назар ғылыми зерттеулерді дамытуға және автомобиль зауыттары мен технологиялық компаниялармен бірлескен жобаларға аударылатын болады.Жобаны жүзеге асыру инженерлік-техникалық білім беруді және өңір мен елдің экономикалық өркендеуін дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Шеберхана жаңа буын инженерлерін, кез келген өзгерістерге дайын жоғары білікті мамандарды даярлау үшін тиімді платформа ретінде өзін танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/902372