Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҚР Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамытуды талқылады 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов инвесторлармен және даму институттарының өкілдерімен жұмыс барысы бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында Ақтаудағы «Жылы жағажай» аумағында туристік нысандардың құрылысын аяқтау мәселелеріне баса назар аударылды.«Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында біз қысқа мерзімде дамытудың нақты кешенді жоспарын дайындауымыз керек. Негізгі міндеттердің бірі – «Жылы жағажай» туристік бағытындағы нысандарды толық іске асыру. Бұл өңірдің ішкі және шетелдік туристер үшін тартымдылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.Кездесу қорытындысы бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, келесі жылдың туристік маусымында «Сауда қатарлары» жобасы іске қосылады. Бұл туристерді тартуда тағы бір маңызды бастама.«Гольф алаңы мен виллалары бар қонақ үй» жобасын жүзеге асыру да жалғасады. Жоба инвесторымен Fairmont (5*) брендін Swissotel (5*) етіп өзгерту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Себебі, Swissotel (5*) брендінің баға саясаты икемді және Қазақстан мен көрші елдер нарығында танымал.Жобаларды іске қосу туристік аймақтың қалыптасуына, шағын және орта бизнестің дамуына, қосымша салық түсімдерінің түсуіне және 1877 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.Жалпы, курорттық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің әлемдік жетекші франшизаларын тарту бойынша жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/902155
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты 15.12.2024
✔️Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді.✔️Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған. Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған.✔️Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.✔️Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылған. Жеке инвестор салған ғимараттың ауданы – 3866,5 шаршы метр.✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.✔️Команда мүшелері қолайлы жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, волейбол добына қолтаңба қалдыруын сұрады.https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/902157
Нұрғиса Әділетұлы - Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы 15.12.2024
Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама көшбасшысы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг) Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.Осы тұста Нұрғиса бір жарым жыл халықаралық жарыстарда сынға түсе алмағанын айта кетейік.🥇🇰🇿Нұрғиса Әділетұлы - 388 кг (174+214)🥈🇬🇪 Реваз Давитадзе - 387 кг (177+210)🥉🇮🇷 Әли Әлипур - 387 кг (173+214)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/902161
Соғым FEST: жәрмеңкеде 30 фермер астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды 15.12.2024
Астанада Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысқан кезекті соғым FEST өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Соғым FEST Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Kоktal» СОО тұрағында өтті.Мұнда Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылды.«Koktal» сауда орталығымен бірлесіп, соғым Fest фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Соғым Fest-тің өтіп жатқанына екінші апта болды. Ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алты аптадан бері ұйымдастырылып келеді. Бүгінде жәрмеңкеге 30 фермер қатысып отыр. Жүз тоннадан астам соғым әкелінді. Ал ұсынылып отырған өнімдер базар бағасынан 15-20 пайызға арзан», - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Қосман.Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен соғым Fest фестивалін өткізу – бұл жергілікті өндірушілер үшін тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік. Мұндай іс-шаралар жергілікті кәсіпкерліктің дамуына және қазақ дәстүрлерін сақтауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903282
Еріктілер астаналықтарды патриоттық акция арқылы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады 15.12.2024
Астанадағы Есіл жағалауында еріктілер Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы акция өткізді. Іс-шараны «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Еріктілер елорда тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің Мемлекеттік Туы бейнеленген жалауларды таратты. Олардың құттықтаулары мен символикалық сыйлықтары халықты еркіндік, бірлік, мақтаныш идеялары бар мерекенің маңыздылығын еске салды.«Бүгін мереке қарсаңында біз, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері, елорда тұрғындары мен қонақтарына жалаулар таратамыз, осы айтулы күнмен құттықтаймыз және Қазақстан Тәуелсіздігінің маңыздылығын кезекті рет еске саламыз», – дейді ерікті Айдан Байғандыев.Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған шара тек жалау тарату шарасы ғана емес, халықты патриоттық идея төңірегінде басын біріктірген нағыз мерекеге айналды. Өтіп бара жатқандар қуана қатысып, жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.«Мұндай шаралар бір-бірімізге жақындата түседі және бейбітшілік пен тәуелсіздікті бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады», - деді өз әсерімен бөлісті астаналық Алмагүл Қасенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903297
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды 15.12.2024
Астанада коммуналдық қызмет мамандарына алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды. Оған танымал спортшылар қолдау көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Челленджге елордалық танымал спортшылар қосылып, күндіз-түні тоқтаусыз қар тазалайтын коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсетуді жөн көрді.Бүгін таңертең Ғашықтар саябағына жиналған спортшылар елордамыздың игілігі үшін күнделікті еңбек етіп жүрген мамандарға ыстық шай мен бауырсақ үлестірді.«Бүгін таңымыз ерекше атты, өйткені біз спортшылармен және шығармашылық саланың мамандарымен жиналып, қаламыздың тазалығы жолында еңбек етіп жүрген жандарды қуантуды жөн көрдік», - деді «SD Family» футбол клубының негізін қалаушы Дидар Сыдықбек.Бұдан бөлек, спортшылар қар тазалауға атсалысып, көмек көрсетті. Бұл шара – коммуналдық саланың қызметкерлеріне деген сыйластықтың белгісі.«Қаламыздың тазалығы жолында коммуналдық қызметкерлердің еңбегі зор. Алғысымызды білдіру үшін спорттағы әріптестермен бас қосып, жұмысшыларды ыстық шаймен, бауырсақпен қуантуды жөн көрдік», – дейді ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионы Едіге Емберді.Бұл бастаманы Ұлжан Рақышева, Биғали Зкрияев, Ерболат Бекболатов, Саян Жанділдин және Жанболат Ибрагимов сынды спортшылар да қолдады.Алдағы уақытта акция қаланың барлық ауданын қамтып, ай сайын өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903298
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды 15.12.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада ашылған кезекті жайлы мектеп туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Тағы бір жайлы мектепті аштық. Бұл – оқу жылы басталғаннан бері біз ашқан он сегізінші жаңа мектеп.Жаңа үлгідегі мектеп Үркер елді мекенінде орналасқан. Білім ордасы екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа ашылған мектеп оқушылардың саны толып кету мәселесін шешеді. Балалар бұл жерде 3 тоқсаннан бастап оқуын бастайды.Мемлекет басшысының «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгіде 11 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарымызда бар. Сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. Мәселен, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903307
Жаңа челлендж: астаналық оқушылар көк туды желбірегеніне арнап ән шырқады 15.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары көк тудың желбірегеніне, ел тәуелсіздігінің құрметіне арнап ән шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы, болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты.Көк тудың желбірегені – елдігіміздің айғағы,Бабалардың ерлігі – ұрпаққа қалған байрағы.Біз, жастар туған еліміздің даңқын асқақтатып, жарқын болашағына үлес қосуға дайынбыз! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» - деген №80 мектеп-гимназиясының оқушылары бұл челленджді қаладағы өзге де мектептерге жолдады.Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінде сынып сағаттары өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903368
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады 15.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып, «Мен қазақпын» әнін хормен орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды.Елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.«Бұл іс-шараға 1-11 қазақ сыныбының оқушылары қатысып отыр. Әнді таңдау қиынға соққан жоқ. Себебі бұл ән тілге жеңіл, жүрекке жақын», - деді мектеп директоры Айжан Мәметхан.Айта кетсек, сарбаздардың орындауынан бөлек, көпшілікке кеңінен таралған «Мен қазақпын» патриоттық әнінің сөзін ақын Нұржан Өмірбай, әнін сазгер Жарасхан Төлебай жазған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903372
Шерзод Пулатов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.12.2024
Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Бұл күн – ата-бабаларымыздың асқақ арманы жүзеге асқан, егемендігімізді ту етіп көтерген ұлы мереке. Тәуелсіздік – еркіндік пен елдігіміздің бастауы, бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың символы.Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз өркендеп, әрдайым бейбітшілік пен татулықта гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903375
Астаналық робот Темірбек жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.12.2024
Астаналық оқушылар құрастырған ақылды робот Темірбек қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ақылды робот сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады.Айта кетсек, робот Темірбекті Астана қаласының М.Мақатев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 7-11 сынып оқушылары ақылды робот құрастырып шығарған болатын.Оқушылардың айтуынша, олардың оқу үлгерімін жақсартуға өздері құрастырып шығарған робот ерекше мотивация береді. Сондай-ақ өзара байланыс ретінде пайдаланудағы тиімділігі де байқалған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903378
«Бұл – ата-бабамыздың аманаты»: қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.12.2024
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қоғам және мәдениет қайраткерлері халқымызды ұлық мерекемен құттықтап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мәдениет пен тарих саласына елеулі еңбек сіңірген Баянғали Әлімжанов пен Бүркітбай Аяған Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы ретінде кең танылған Баянғали Әлімжанов кинорежиссер, сценарист, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, сатирик, кинодокументалисші және тележүргізуші ретінде де көп еңбек сіңірген.«Біз осы мемлекеттің азаматы ретінде, патриоты ретінде осы тәуелсіздігімізді сақтауға, нығайтуға және ілгері дамытуға қолымыздан келгенше үлес қосуымыз керек. Әрқайсымыз өзіміздің саламызда жақсы еңбек етіп, елімізді ынтымақ-бірлікке шақыруымыз керек. Басқа мәселелерде біздің көзқарасымыз, пікіріміз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ тәуелсіздік деген ұғымға келгенде біртұтас болып тұруымыз керек. Өйткені бұл – ата-бабамыздың аманаты», - деді Баянғали Әлімжанов.Ол бүкіл халқымызды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің тыныш, жеріміздің берекелі болуына тілектестігін білдірді.Сондай-ақ, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қазақ Білім академиясының академигі Бүркітбай Аяған барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, тәу етер тәуелсіздігіміздің қасиетті жолы туралы айтып берді.«Тәуелсіздік – мен үшін өте қасиетті мейрам. Оның себебі біздің қазақ елі, алаш елі басынан талай қиыншылықты өткізген, талай жеңіске де жеткен. Кезінде бабаларымыз Еуразия орталығын билеп тұрған ел болатын. Тәуелсіздік күні мен үшін баға жетпес, зор мереке болып көрінеді. Себебі тәуелсіздікті миллиондаған қазақ армандаған болатын. Бұл мемлекетті, тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Кейбір болып жатқан қиыншылықтарға қарамастан, мемлекетімізді сынай бермей, керісінше зайырлы, демократиялық, алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде дамуына күш салуымыз керек», - деді Бүркітбай Аяған.Сонымен қатар Бүркітбай Ғелманұлы отандастарымыз бен шетелде жүрген қазақ азаматтарын алда келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген жүрекжарды тілегін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903379
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін 15.12.2024
Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылған нысандар бойынша баспасөз туры өтті. Аудан әкімі жоба авторларымен бірге тұрғындарға қайта құру нәтижелерін көрсетті.Бірінші нысан «Барлық» базарының алдындағы аумақты абаттандыру болды. Бұрын учаске қараусыз қалған, қазір ұзындығы 450 метр болатын заманауи қоғамдық аймаққа айналды. Абаттандырылған аумақта стихиялық сауданы болдырмайтын қоршаулар орнатылды, автоматты суару жүйесі бар 150 ағаш пен 60 бұта отырғызылды, сондай-ақ электр беру желілері тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жер астына көшірілді.«Қазір бұл жер толығымен өзгерді. Жолдар, жасыл желектер, ыңғайлы аймақтар-бәрі тұрғындар үшін жасалып жатқанын көруге болады. Осы жобаға қатысқандардың барлығына рахмет», - деді аудан тұрғыны Бейбіт Назаров.Баспасөз туры аясындағы келесі нысан Шұғыла шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы болды. Ұзындығы 350 метр болатын жаңа жаяу жүргіншілер аймағы тұрғындар үшін сүйікті орынға айналды. Мұнда балаларға арналған заманауи ойын алаңы, баскетбол алаңы және воркаут аймақ, мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр. Сондай-ақ, 84 қайың, 24 қарағай, 500-ден астам бұта отырғызылды, 3 400 м2 көгал жасалды.Үшінші нысан «Эдельвейс» бақ-бақша қауымдастығы жолды абаттандыру болды, онда жол жабыны мен тротуарлар жақсартылды, бұл қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етті. Бұдан басқа, 3 800 м2 тротуар салынды, 14 500 м2 жол жабыны жаңартылды және «Әл-Фараби» ТК және басқа да тұрғын аудандарда жаңа асфальт төселді.«Жаңа асфальт, жарықтандыру-мұның бәрі біздің өмірімізді жақсартады. Біз бұл өзгерістерге ризамыз!»,- деп атап өтті», - Эдельвейс» БҚ тұрғыны Ирина Ваганова.Соңғы нысан – Рахат шағын ауданындағы аулаларды абаттандыру. Абаттандыру аясында Рахат ш/а сегіз көппәтерлі үйдің қасбеттері жаңартылды, аулалар заманауи келбетке ие болды, жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды, футбол алаңы жаңартылды және жаңа асфальт төселді.«Қазір бізде жаңартылған футбол алаңы және жайлы аула бар. Бұл біз көптен күткен нәрсе!», - деді шағын аудан тұрғыны Ринат.Өз кезегінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ХҚБ бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.«Біз әрбір бастаманы бағалаймыз және оны ең жақсы жолмен жүзеге асыруға тырысамыз. ХҚБ - бұл әрбір тұрғын үшін ауданның дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі», - деп бөлісті өз ойымен аудан әкімі Назира Тоғызбаева.Наурызбай ауданы тұрғындардың бастамалары мен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қолдау арқасында жайлы әрі заманауи түрге енді, жақсы жаққа өзгеру жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/901764
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді 15.12.2024
Алматыда 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады.17 желтоқсан күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды.Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың ауданында өтеді.Алмалы ауданында 13 желтоқсанда «Ten Qogam» орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өтеді.Бостандық ауданында 15 желтоқсанда сағат 16:00-де аудандық комьюнити орталығында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.Медеу ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:30-да Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік» атты кездесу өтеді.Түрксіб ауданында 13 желтоқсанда ауданның Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт өтеді. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты дөңгелек үстел өтеді.Наурызбай ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында «Тұғыры биік – тәуелсіздік» атты концерт өтеді.Әуезов ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты концерт өтеді. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.Жетісу ауданында 13 желтоқсанда сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік концерт өтеді.Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/901767
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады 15.12.2024
Алматыда «Нұршашқан» шағын ауданы тұрғындарын қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды.№91 бағыттағы автобус «Нұршашқан» шағын ауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы» бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС «Golden Dragon» маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/901826
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр 15.12.2024
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Қарағайлы шағын ауданындағы АКХ «Чапаева», учаске 426, 504 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлады.Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында тапсырыс беруші (жеке тұлға) тұрғын үй кешенін СЖТ-сыз, жоба эскизін келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз және тиісті сараптамасыз салғаны анықталды.Тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ғимаратты сүру туралы талап арыз берілді.2023 жылдың 26 шілдесінде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. 2023 жылдың 26 қазанында Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылдың 30 қаңтарында атқару парағы Алматының Әділет департаментіне жолданып, атқарушылық іс қозғалды.Бүгін сүру жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902437
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде 15.12.2024
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, қала жастарын сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстарын өткізуде. Аталмыш шаралар қаламыздың ЖОО-да өтіп жатыр.Осындай іс-шаралардың бірі Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтті. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник Медеу Шакенов студенттерге жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайларда әрекет етудің негізгі қағидаларын түсіндірді.«Апат айтып келмейді. Соған орай, азаматтарымыз, соның ішінде жастарымыз өзін-өзі қорғай алатындай, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы қадамдарға дайын болуын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан біз осындай шаралар арқылы жастарды оқыта отырып, олардың төтенше жағдай кезінде біріншіден өздерін және басқаларды қорғай алатын қабілеттерін дамытамыз. Жастар үшін осындай ақпараттандыру шараларының өтуі өте маңызды», - дейді ТЖД өкілі Медеу Шакенов.Сондай-ақ, іс-шарада табиғи апат немесе адамдардың қателігінен болатын өрттің бетін қайтаруға дайындық, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша мәселелер түсіндірілді.«Бүгінгі шара арқылы мен өзім үшін көп жаңа ақпарат алдым. Менің ойымша, әрбір азамат төтенше жағдай кезінде «не істеу керек?» деген сұраққа жауап бере алу керек. Алдағы уақытта осындай шара өтсе, міндетті түрде қатысатын едім», - деді студент Ербол Бақытбеков. Сонымен қатар, алдағы уақытта қаламыздағы барлық комьюнити орталығында жастарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902446
«Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч жанкүйерлерінің қаперіне: ойын аяқталғаннан кейін барлығына трансферлер қолжетімді 15.12.2024
Қала әкімдігі жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды, әр бағытта 10 автобус жүреді. Маршруттар Орталық стадионға дейін және кері қайтады.Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:* Қалқаман шағын ауданы (№7 Қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.* Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.•Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.* «Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.* Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.* «Райымбек батыр» метро бекеті – Орталық стадион.* Наурызбай ауданының ХҚКО – Орталық стадион.* Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион.Автобустар сағат 16:00-ден бастап толғанына қарай жүре бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902531
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды 15.12.2024
Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі.«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді.Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды матчтарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз.Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902550
Алғабаста 4 мың тұрғынға арналған сумен жабдықтау құрылысы аяқталды 15.12.2024
Алатау ауданында баспасөз туры өтті, оның аясында БАҚ өкілдері биылғы жылы іске асырылған негізгі нысандармен танысты. Аудан әкімі Талғат Малыбаев және жоба қатысушылары аудан мақтан тұтатын жетістіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Баспасөз турының алғашқы нысаны «Қарасу» шағын ауданындағы скверді абаттандыру болды. 2023-2024 жылдары жүзеге асырылған жоба 11 гектар аумақты қамтиды. Аудан әкімі Талғат Малыбаевтың тапсырмасы бойынша заманауи автосуару жүйесі орнатылды. Жобаға сәйкес шағын архитектуралық нысандар ( ШАН), орындықтар, урналар және жеке жасалған түпнұсқа пергола орналастырылған. Сонымен қатар, мұнда жасыл желектер отырғызылды, бұл шағын ауданның сыртқы түрі мен атмосферасын айтарлықтай жақсартады.Алғабас шағын ауданында су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу тағы бір маңызды жоба болып табылады. 2024 жылы ұзындығы 47,5 км сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды, бұл 585 тұрғын үйді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етті, бұл 4 мыңнан астам тұрғынды құрады. Жоба Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бақылауында болды және жергілікті тұрғындардың қажетті коммуналдық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам болды.Сондай-ақ, баспасөз туры «Зерделі» шағын ауданындағы жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыру орталығына сапарды қамтыды, ол аудандағы спорттық инфрақұрылымды дамытудың жарқын мысалдарының біріне айналды. Бұл орталық күн сайын 400-ге дейін баланы қабылдайды, оларға спортпен шұғылдануға заманауи жағдай жасайды. Кешенге спорт залы, спорт залы, бокс залы, хореография залы, сонымен қатар үстел ойындары залы кіреді. Жобаны іске асыруда Талғат Малыбаев мобильділігі төмен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде бейімделген киім-кешек және душ үй-жайларының болуына ерекше назар аударуды талап етті.Алатау ауданы құрылған сәттен бастап жол инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық көлік жұмысын жақсартуға ерекше мән береді. 2024 жылы ауданның 72 көшесінде жалпы ұзындығы 53,7 км жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 0,55 км болатын жаңа жолдардың құрылысы және жалпы ұзындығы 3,9 км болатын 10 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы Алатау ауданының тұрғындары үшін заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруда өзінің тиімділігін көрсетуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902560