Қоғам
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНАН 5 ОРМАНШЫЛАР ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР 10.12.2024
Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеу» аумағынан бес орманшылар үйі салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін үш орманшылар үйі салынған болатын.Аталған орманшылар үйлерінің құрылысы биыл басталды. Қазіргі таңда баспаналардың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Алдағы уақытта жұмысшылар есік терезесін салып, ішкі-әрлеу жұмыстарына кіріседі.Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, 5 үйдің құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899208
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР 10.12.2024
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 3 білім ұясының құрылысы толық аяқталып, жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Өңірде дәл осындай 29 мектеп соғылуда. Онда 20 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары Президент бастамасымен салынып жатыр. Барлық жауапты басшылардың басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын пысықтап, жұмысты ширатуды тапсырды.– Басты назар – сапада. Жұмысты жеделдетіп, дер кезінде тапсыру керек. Ашылуға дайын мектептердің инфрақұрылым желісіне қосылуын жіті қадағалаған жөн. Ерекше жобаның құрылысы қатаң бақылауда тұр, – деді облыс әкімі.Жиналыста ауыл мен қалада бірыңғай жобамен салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев баяндады. Мәлімдеуінше, жыл соңына дейін кестеге сәйкес жоспарланған мектептер толық тапсырылады.Сондай-ақ мердігерлердің пікірі тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Жаңа мектептердің инфрақұрылымы бойынша әр мердігерден жеке-жеке есеп алынды. Қазіргі таңда өңірде ұлттық жоба бойынша салынған бір мектеп тапсырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899299
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 10.12.2024
Түркістан облысында 1640 гектарға орналасқан 3366 жылыжай бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген талдаудың нәтижесінде, өңірде бүгінге дейін көмір тапшылығы анықталмады.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін тәуекелдер сараланды.Жиында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жылыжай шаруашылықтарының жылыту шығындарын субсидиялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 29,4 гектар — өндірістік, 863 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілген.Жиында «Hermes» ЖК басшысы Әлішер Насыров көмір тасымалы барысында теміржол тұйықтарына қатты отынның көрсетілген көлемі нақты жеткізілмеу деректері орын алатынын айтып өтті.Нұрбол Тұрашбеков өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші кәсіпкерлердің уәждерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.— Бізге жүктелген ортақ міндет — тұтынушыға тапсырыстың түгел және кешікпей жеткізілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» АҚ өңірлік филиалдарына станциялардағы күзет қызметін күшейтуді ұсынамын. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларының санын арттырған жөн. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өз құзіреті шегінде теміржол тұйықтарына жеткізілетін қатты отынның көлемі мен сатылуына кешенді бақылау жүргізу ұсынылады. Бақылау қорытындысымен заң аясында нақты шаралар қабылданатын болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.Жиын соңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына өңірдегі қатты отын тасымалы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, күнделікті мәлімет ұсыну жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899883
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ 10.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің өкілдері және Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және әулеметтік қорғау министрлігінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келіп, Денсаулық сақтау басқармасының «№1 облыстық перинаталдық орталығы» мекемесінің жұмысымен танысты.Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Ана денсаулығы басқармасының басшысы Шакизат Халықова, Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабағиева және өзге де мамандар Тәжікстан мамандарымен бірлесе Облыстық перинаталдық орталықта тәжірибе алмасты.Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығында 600-ден астам қызметкер жұмысын атқарады және қауіп-қатер тобындағы Түркістан облысының 8 ауданы үшін үшінші деңгейлік перинаталдық көмек көрсетеді. Орталықта соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар мен заманауи емдеу технологиялары қолданылады.2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес медициналық генетикалық бөлімше «Ұрықты қорғау орталығы» болып қайта құрылды. 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылып, өз жұмысын атқаруда. Түркістан облысы бойынша медициналық генетикалық қызмет көрсетіледі. Жобаның басты мақсаты – нақты генетикалық диагноз қою. Мұнда туа біткен кемістігі бар балаларды ерте анықтау және оның алдын алуды жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа жобалар жүзеге асырылды. Осы арқылы балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу, балалық шақтағы аурушаңдық пен мүгедектікті төмендету көзделген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899896
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ 10.12.2024
Түркістан облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау қорытындысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жайылым жерді түгендеу, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді тарқату жөнінде нақты тапсырмалар берді.Мәжілісте Облыстық жер қатынастары, Ветеринария басқармасының, Жер ресурстары департаментінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшылығының есептері мен пікірлері тыңдалды. Кемшілікке жол берілген аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жүктелді.Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, олар аудан, қалаларда ауыл шаруашылығы кешенін, жер, ветеринария, ауыл шаруашығы субсидиясы және шаруашылық жүргізуші азаматтардың салық төлеуге қатысты мәліметтерін 4 бағыт бойынша зерделеген болатын. Атап айтқанда, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері жиі тіркелген. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған.Жиында жауапты басшыларға пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы бағытындағы жер алқаптарын қайтару бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді. Ауыл шаруашылығы дерекқор базасы мен ауылдық округі әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу туралы шаруашылық кітапшасын сәйкестендіру, аудан, қалалардағы ветеринария қызметкерлерінің біліктілігін артыру, жауапкершілігін күшейту, мал басын санауда кемшілікке жол бермеу жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899914
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ 10.12.2024
Сайрамда «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында «Әкелер мектебінің кеңесі» ұйымдастырылды. Аталған шара аудандық Ардагерлер кеңесінің жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы Сейдуалы Темірбаевтың бастамасымен өтті.Тағылымды жиында мәні бөлек, мазмұны ерек мәселелер көтерілді. Ортаға орамды ойлар тасталды.Жиында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан, Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев сөз сөйлеп, жас ұрпақты түзу жолдан тайдырмай тәрбиелеу барлық жиынға қатысушылардың парызы мен міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар, ардагерлер, әкелер, әжелердің рөлдері туралы тілге тиек етіліп, нақты кеңестер берілді.Аталған іс-шараға Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар комитетінің төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер ұйымдарының алқалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде осындай кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/900112
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ 10.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты сала басшылары және құзырлы органдармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және білім салаларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.– Облысты дамытуда жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері маңызды. Көтеріліп жатқан мәселелер орынды. Кәсіп бастап, жаңа жұмыс орындарын құрамын деген азаматтарға әкімдік тарапынан заң шеңберінде қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандарынан келген тұрғындар және Түркістан қаласының тұрғындары жылыжай салу үшін жер қарастыруға, кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие, балық шаруашылығымен айналысу үшін субсидия және қайтарымсыз грант алуға, жер телімінің мақсатын ауыстыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар жеке қабылдауда суармалы жер, ағын су, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу туралы мәселелер көтеріліп, фильм түсіру бойынша ұсыныстар айтылды.Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға әрбір мәселені жіті зерделеп, заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.Айта кетейік, облыс әкімі мен орынбасарлары белгіленген кестеге сәйкес облыс тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізіп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/900121
Ақтөбеде халықаралық әуежай аумағында арнайы экономикалық аймақ салуды бастады 10.12.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков Ресейдің Орынбор облысымен және Қазақстанның алты облысымен шектесетін аймақтың географиялық жағынан қолайлы орналасуына тоқталды. Ведомство басшысы атап өткендей, бұл шекаралық сауданы кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызуда.2024 жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысын қоса алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өсіп, 1,2 миллиард долларға жетті. Аймақтың халықаралық сауда мен логистиканың маңызды буынына айналуына ықпал ететін трансшекаралық хабтарды белсенді дамыту жоспарлануда. Ә.Молдағұлова атындағы әуежайда АЭА құру инвесторларға, бизнеске және халықаралық ұйымдарға жаңа мүмкіндіктер беретін осы стратегиядағы маңызды қадам болмақ.«Арнайы экономикалық аймақ құру жобасы облыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған және Ақтөбе облысының транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Көлік-логистика саласында тоғыз негізгі саланы және өнеркәсіптегі 29 саланы құру жоспарлануда, бұл өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», — деді Досжан Әлібеков.АЭА аумағы — 858 гектар. Түркияның S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, әуежай аумағында логистикалық хабтың құрылысын бастап кетті. Бұл жоба 130 жаңа жұмыс орнын ашып, транзиттік тасымалдауды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әуежай аумағында 10,0 га жер телімі анықталды.Жобаның бірегейлігі жүктерді тасымалдау және әуежай арқылы ұшу көлемінің ұлғаюында, бұл тауарлардың экспорты мен импортын дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Логистикалық хаб қызметтерінің негізгі тұтынушылары Ақтөбе облысының сауда-өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің серіктестері болады.Айта кетерлігі, қазірдің өзінде облыста жеткізу тізбегін тиімді басқаруды және жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін «Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорны» ЖШС және «Астық Логистикс» ЖШС сияқты негізгі көлік-логистикалық орталықтар жұмыс істейді.Облыс әкімі Асхат Шахаров АЭА құру инвестиция тартуға, тауар айналымын арттыруға және өңірдің логистикалық қолжетімділігін жақсартуға ұйытқы болатынын баса айтты. Жобаны жүзеге асыру Ақтөбе қаласын халықаралық сауда мен транзит үшін стратегиялық маңызды хабқа айналдырып, жаңа деңгейге көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899403
Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты 10.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899705
Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды 10.12.2024
Президентке бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны екені баяндалды.1979 жылы негізі қаланған колледжде 1157 студент кенші, ұңғылаушы, кен байытушы, слесарь, тау-кен электр механигі, электр монтері және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатыр.Оқу орнының директоры Бағдашжан Молдашева Мемлекет басшысына білім беру үдерісінде қолданылатын озық технологиялар жөнінде мәлімет берді.Атап айтқанда, колледжде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Студенттер колледж аумағындағы оқу-шахта полигонында өндірістік тәжірибеден өтіп, техникамен жұмыс істеудің күрделі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ жаттықтырушы-симуляторлар арқылы шахтадағы жағдайға барынша ұқсас ортада жұмыс дағдыларын үйренеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899794
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді 10.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты.Президентке бұл оқу ордасы «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899976
Президент құбыр зауытын аралап көрді 10.12.2024
Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 миллиард теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген.Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған.Президентке зауытты дамытудың ұзақмерзімді жоспары баяндалды. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900175
Абай облысында өңірлік даму бағдарламасын іске қосады 10.12.2024
БҰҰДБ ел Үкіметімен бірлесіп Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарын қамтитын ауқымды өңірлік бағдарламаны іске қосады. Осыған орай Абай облысына жұмыс сапарымен БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері келді. Күн тәртібінде Абай облысын дамыту және қолдау жөніндегі өңірлік бағдарламамен жұмысты бастау мәселесі қаралды.«Абай облысында өңірді дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Оңтайлы шешімдерді іздеу үшін әртүрлі алаңдарда мақсаттарды іске асыру мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлінеді. Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің облыстың халықаралық ұйымдармен көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге арналған стратегиялық бағытқа бейілдігін растағым келеді. Жалпы, тараптар арасындағы қарым- қатынастың маңызын түсіне отырып, Абай облысы барлық саладағы диалог үшін ашық және БҰҰДБ облыстық бағдарламасының ұсыныстарын қарауға дайын», - деді кездесуде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.2023 жылдың желтоқсан айында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары БҰҰДБ қолдауымен Абай облысында тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын (ТДМ) келісу бойынша семинар өткізді. Талқылауға облыстық басқармалар мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның қорытындысында өңірлік индикаторлар тізбесі келісіліп, олардың бір бөлігі өңірді дамыту бағдарламасына енгізілетін болады.«БҰҰДБ өңірлерді дамыту үшін жобаларды пысықтауда. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік саланы дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, сондай-ақ айналмалы экономика және мал шаруашылығы саласындағы бастамаларды іске асыру. Үлкен жұмыс атқарылды. Ең маңызды мәселе - стратегиялық жоспарлау. Менің ойымша, біздің жұмысымыз жемісті болады», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.2025 жылға арналған жоспарлар өңірдің даму жоспарларын ТДМ-мен үйлестіруді, өңірлік деңгейде орнықты даму мақсаттарын оқшаулауды, әкімдік пен жеке сектор арасында бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыру тетіктерін құруды, әлеуметтік нысандар құрылысының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін тексеру комиссиялары мен мәслихаттарды тартуды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900344
ҚАЗАҚСТАН COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДА КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛУДА 10.12.2024
ҚАЗАҚСТАН COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДА КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛУДАҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобасы Coursera-ның «Онлайн-оқыту арқылы жоғары білімді трансформациялау: әлемдік университеттердің табысты тәжірибелері» атты есебінде таныстырылды.Бұл үздік тәжірибелер жинағына Америка, Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өңірлерінің 12 жетекші жоғары оқу орны кірді. Бұл университеттер Coursera курстарын өздерінің оқу бағдарламаларына енгізіп, кредит ретінде есептеуді қарастырған. Мұндай бастамалардың мақсаты – студенттерді еңбек нарығына дайындау, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру, университеттердің рейтингтердегі орнын нығайту және оқытушылардың тапшылығы мәселесін шешу.Есепте Қазақстанның университеттерге арналған онлайн-курстарды оқу бағдарламаларына интеграциялаудағы жетістіктері атап өтілген. Елімізде Coursera-ның 53 курсы университеттердің 116 пәнін толығымен алмастырды, ал 3,2 мың курс 1,6 мың пәнге ішінара енгізілді. 80 мыңнан астам студент курстарды аяқтап, 140 мыңнан астам сертификат алды. Курстардың орташа бағасы – 4.9 (5 балдық жүйеде).Азия-Тынық мұхиты аймағында Қазақстан студенттердің жоғары белсенділігімен және қанағаттану деңгейімен ерекшеленіп, бизнес, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамытуда көш бастап тұр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Филиппинде де курстардың орташа бағасы – 4.9, негізгі дағдылар бизнес, инженерия және денсаулық сақтау салаларын қамтиды, 37 мың студент оқытылды. Малайзияда бизнес пен IT салаларындағы дағдыларға сұраныс жоғары, курстардың орташа бағасы – 4.75, тіркелгендер саны – 47 мың. Үндістанда басқару және технология салалары басты назарда, тіркелгендер саны – 100 мыңнан астам, орташа бағасы – 4.5.Қазақстан әртүрлі салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдегі көшбасшылық ұстанымын нығайтып келеді. Coursera-мен серіктестік еліміздің жоғары білім жүйесінің табысты цифрлық трансформациясының жарқын мысалы және Қазақстанның өңірдегі жетекші білім орталығына айналу жөніндегі стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/899535
АBAI UNIVERSITY-ДЕ ЛОТАРИНГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ 10.12.2024
АBAI UNIVERSITY-ДЕ ЛОТАРИНГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Лотарингия университетінің (Франция) филиалы ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр.Лотарингия университеті – Францияның 13 қаласында 49 оқу ғимараты бар жетекші француз университеттерінің бірі. Лотарингия университеті мен Абай университеті арасында ынтымақтастық бұрыннан жолға қойылған.Филиалдың салтанатты ашылу шарасында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге арнайы мемориалдық тақтаны ашты. Қонақтар сондай-ақ француз тіліндегі алғашқы Орталық-Азия кітапханасының ашылу салтанатына куә болды. Олар филиалдың ашылуы білім және ғылым саласына жаңа леп алып келетіндігін жеткізді.Айтулы күнде 1 курс студенттеріне ректордың білім гранттары табыс етілді. Сонымен қатар «Халықаралық құқық» қос дипломды бағдарламасының түлектеріне Лотарингия университетінің дипломдары берілді.Жиын соңында Абай университеті ҚР Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен, Лотарингия университетінің Құқық, экономика және басқару институты және Қазақстан-Франция Сауда-Өнеркәсіп палатасы арасында бірнеше ортақ келісім жасалып, тараптар өзара меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта білім, ғылым және адам құқықтары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, құқық саласындағы француз-қазақстандық қос диплом бағдарламасын іске асыру, кәсіптік даярлау, жұмысқа орналастыру және француз тілін үйрену саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бойынша ортақ жобалар іске асатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/900277
Қостанай облысында жылына 10 000 тонна сыр өнімін өндіретін зауыт іске қосылады 10.12.2024
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында нақты шаралар қабылдануда.Мәселен, 2023 жылы өңдеу саласында аймақта жылына 170 мың тонна бұршақ дақылдарының жармасын өндіру жобасы іске асырылды. Бұл жобаға «КАЙДЗЭН» ЖШС 9 млрд теңге инвестиция салды. «S-Agro-Borovskoe» компаниясы 40 тонна құрғақ бие сүтін өндіруді жолға қойды.Ағымдағы жылы «Аруана-2010» ЖШС жылына 90 мың тонна ұн өндіретін жаңа диірмен кешенін іске қосты. Жыл соңына дейін жылына 10 мың тонна сыр өнімін өндіретін зауыт пайдалануға беріледі. Бұл жобаға «МИЛХ» ЖШС 7,2 млрд теңге инвестиция жұмсады.Аймақта бұл бағыттағы жұмысты күшейту жоспарланып отыр: 2026 жылы «AC Agro» ЖШС жылына 100 мың тонна бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін зауытты іске қосуды жоспарлауда. Жобаның құны – 24 млрд теңге.Сонымен қатар, «Баян Сұлу» АҚ «Кондитерлік астана» өндірістік кешенін салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 13 мың тоннадан асады.2027 жылға қарай «Qostanai Grain Industry» ЖШС астықты терең өңдеу жобасын іске асырады. Жылына 415 мың тонна астықты қайта өңдеу арқылы глютен, крахмал, амин қышқылдары, биоэтанол және басқа да өнімдер өндіру қолға алынады. Жобаға 70 млрд теңге инвестиция салынады.Жалпы, 2027 жылға дейін Қостанай облысында аграрлық сектордың барлық саласында 96 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 32, өсімдік шаруашылығында – 47, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде – 17 жоба бар. Жалпы инвестиция көлемі 232 млрд теңгені құрайды. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/899651
Фермерлер тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша 3,8 млрд теңгеге өтінім берді 10.12.2024
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ-на тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша астық жеткізуге ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 287 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің жалпы көлемі 3,8 млрд теңгеге 57,3 мың тоннаны құрады.Ең үлкен белсенділік астық егетін өңірлердің фермерлері арасында байқалады:Солтүстік Қазақстан облысы-121 өтінім;Қостанай облысы - 99 өтінім;Ақмола облысы - 60 өтінім;Павлодар облысы-7 өтінім.Астықты сатуға 226 ауыл шаруашылығы кәсіпорны өтінім беріп үлгерді. Негізінен фермерлер астық операторына 3-сыныпты бидай жеткізуге дайын. 4-ші, 5-ші дәрежелі бидай мен арпаның көлемі едәуір аз.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 18 қарашада Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан астықты тікелей сатып алу жөніндегі бағдарламаның басталғанын хабарлады. Қолдаудың басым шаралары шағын және орта фермерлерге өнімнің кепілдендірілген сатылымын қамтамасыз етуге арналған.Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламасы шеңберінде глютеннің құрамына байланысты 3-сыныпты бидайдың сатып алу құны 75 мыңнан 90 мың теңгеге дейін құрайды. Астық операторы 4 – сыныпты бидайды фермерлерден 55-тен 65 мың теңгеге дейінгі бағамен, арпаны тоннасына 50 мың теңгеден сатып алады.Тікелей сатып алу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезеңде арпасы 500 гектардан аспайтын бидай егу алаңы бар фермерлік шаруашылықтардан өтінімдер қабылданады. Екінші кезеңде оларға бидай, арпа егу алаңы 1000 га немесе одан да көп агроөнеркәсіп қосылады. Бұл ретте бір ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан сатып алынатын астықтың жиынтық көлемі 300-ден 700 тоннаға дейін құрайды. Мұндай шектеу мүмкіндігінше көп фермерлік шаруашылықтардың мемлекеттік қолдау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін енгізіледі.Астықты тікелей сатып алуға бастапқыда 10 млрд теңге бағыттау жоспарланған болатын. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағдарламаны қаржыландыруды өз резервінен 3 млрд теңгеге ұлғайтты. Нәтижесінде бағдарламаның жалпы бюджеті 13 млрд теңгені құрайды, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 200 мың тоннадан астам астық сатып алуға мүмкіндік береді.Анықтама үшін байланыс телефондары:Астана қ., Московская к-сі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі. 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі. 2375), 59-12-61 (ішкі. 2261), 55-11-60 (ішкі. 2476);Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизан көшесі, 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/899678
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 10.12.2024
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдарЖелтоқсан айының басында «үштіктің» құны 25 теңгеден 5 теңгеге, дәнмаңызбен 28 теңгеден 1 теңгеге/кг түсіп кетті.Трейдерлердің айтуынша, аграршылар баға белгісінің өсуін күтіп, бидайды жоғары деңгейде ұстауды жалғастыруда.ZM респонденттерінің бағалауы бойынша, астық құны Ресейдегі күздік күздің жағдайына байланысты көктемге қарай өзгереді. Егер олардың жағдайы қанағаттанарлықсыз болса, демек, егін-2025 болжамдары төмендейді, бұл Ресей Федерациясында да, ҚР-да да бағаның көтерілуіне әкеледі. Трейдерлер шатасуда – «ішкі нарықтағы түсінбеушіліктерге байланысты қай бағаға сатып алу керектігін, не сату керектігін білмейміз».элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +105-1САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін66-5САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін63-САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін57-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін48-САТУ6535арпа 2 сыныпты50-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)102-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ15090қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылау Майлы/Бұршақ ДақылдарыМайлы топта зығыр мен мақсары 4 теңгеге қымбаттады, күнбағыс 9 теңге/кг-ға өсті.Трейдерлердің бірінің айтуынша, майлы дақылдар Қытайға барады. Алашанькоу бағасы:* мақсары -л 345/ тонна;* күнбағыс - 500 доллар/ тонна;* зығыр - 500-505 доллар/ тонна.Кейбір трейдерлер майлы май әлі жөнелтілмегенін, келісімшарттар дайындалғанын айтады. Сонымен қатар, Ресейдің еуропалық бөлігінде күнбағыс ұзақ уақыт бойы қымбаттағаннан кейін бағаның өсуін тоқтатты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, майлы майдың құны күнбағыс майының экспорттық бағасының төмендеуі және өңдеушілердің сұранысының төмендеуі аясында түсіп кетті.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр202+4САТУ200170Рапс209-САТУ250180Күнбағыс174+9ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ190160Мақсары94+4ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық қызыл**182-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **400-САТУ450350* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп берді Түсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/900032
ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 10.12.2024
Бүгін әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның аясында «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» арналған іс-шара өтті. Бүгінде комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тұрақты түрде қызмет атқарып, профилактикалық жұмыстарға басымдық беріп келеді. Отырыста осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай қоғам белсенділері қала әкімінің Алғыс хатымен, 30 жылдық мәслихаттың мерейтойы және төсбелгілермен, сондай-ақ департамент басшысының арнайы Алғыс хатымен мараппатталды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/899564
2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізіледі 10.12.2024
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) лицензиялау енгізіледі. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді. Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүргізген лицензия алдындағы талдау нәтижелері бойынша АӘҚ көрсететін 1007 ұйымның 72,3% - ы талаптарға сәйкес келетіні анықталды.Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және ол: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға; көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге; АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.«Осы қызметтерді көрсететін ұйымдардың меншік нысанына қарамастан, АӘҚ-ның тиісті сапасын қамтамасыз ету қажеттігі көптен бері туындап келеді. Бұл орайда өткен жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірінде мүгедектігі бар балалардың тағамнан уланып, тіпті адам шығыны орын алған қайғылы оқиғаны еске түсірсек жеткілікті. Жүргізілген кешенді тексеру нәтижелері бойынша осы ұйымда мүгедектігі бар балалардың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталды: тұрмыстық қызметтер толық көлемде көрсетілмеген; төсек-орын, киім және аяқ киім берудің минималды нормалары сақталмаған; скринингтік тексерулер жүргізілмеген; тамақтану нормалары бұзылған.2024 жылдың 11 айында жүргізілген 167 тексеру нәтижесінде 148 субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, жалпы сомасы 1,75 млн теңгеге 15 айыппұл салынды», – деді Комитет төрағасы Төлеген Оспанқұлов.Ол АӘҚ сапасы екі негізгі факторға тікелей байланысты екенін атап өтті: қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейі және қызмет көрсететін ұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі.«Бүгінгі таңда республика бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет ететін 12,7 мың әлеуметтік қызметкер бар. Олардың тек 12%-ның бейіндік білімі бар, қалған 88%-ында медициналық, педагогикалық, экономикалық және т. б. білім бар.Кадрлардың сапасын арттыру үшін биыл әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейтін кәсіптік стандарт әзірленді. Биыл 8,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер бейіндік оқытудан өтіп, сертификаттар алды. 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі енгізіледі, онда олардың кәсіби құзыретіне қатысты барлық деректер көрсетіледі. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен меморандумдар жасалған мамандандырылған кафедралары бар республиканың 14 жоғары оқу орнының базасында қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өте алады.Ал АӘҚ көрсететін ұйымдарда тиісті жағдайлар жасау мәселелерін шешу үшін 2025 жылдан бастап лицензиялау енгізілуде», – деп атап өтті Комитет төрағасы.Лицензия алудың негізгі шарттарының бірі ретінде мыналар анықталды: АӘҚ ұсынуға жарамды және санитарлық ережелерге, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін ғимараттың болуы; көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы; қызметкерлер құрамының болуы; халықтың аз қозғалатын топтары үшін ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және т. б.Осы жылдың қазан айынан бастап Комитеттің аумақтық департаменттері лицензиялау алдындағы талдау жүргізуде, оның барысында АӘҚ көрсететін 1007 ұйымның 72,3% лицензиялау шарттарына толық сәйкес келетіндігі анықталды.Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік арнаулы қызмет көрсету орталықтарын белгіленген талаптарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізуде.Бұл ретте ҮЕҰ ұсынатын үкіметтік емес сектор ұйымдарының ішінен өрт қауіпсіздігі актілері жоқ 86 объект анықталды, 70-нің СЭС қорытындылары жоқ, 87 ұйымның ғимараттарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік қарастырылмаған. «Біз әкімдіктермен және ҮЕҰ-мен лицензиялауға дайындық мәселелерін пысықтауды жалғастырамыз, лицензиялау алдындағы бақылаудан өту бөлігінде қажетті консультациялар мен сүйемелдеу көрсетеміз. Ұйымдарды лицензиялау бірінші кезекте көрсетілетін АӘҚ сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, екіншіден, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын қоғам өміріне одан әрі ықпалдастыра отырып, оларды әлеуметтік оңалтудың тиімділігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Төлеген Оспанқұлов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/899389