Қоғам
Бүгін Бахрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады 07.12.2024
Бүгін Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алауы тұтанады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаһандық додаға биыл әлемнің 92 елінен 471 ауыратлет қатысады. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бар. Манамадағы толағайлар тартысында ел намысын ерлер – 10, әйелдер – 5 салмақ дәрежесінде қорғайды.Былтыр Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әлем чемпионатына 12 отандасымыз бақ сынап, өкінішке қарай, олардың бірде-біреуі жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған еді. Ал 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен жаһандық додада жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған болатын.Сол жылы ел құрамасынан 96 келіде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы ел қоржынына – күміс, 73 келіде сынға түскен Алексей Чуркин қола жүлде салған еді. Нұрғиса Әділетұлы қоссайыста 383 (174+209) келіні еңсерсе, Алексей Чуркин 343 (153+190) келі зілтемірді басынан асыра көтерген болатын.Манамадағы биылғы аламанда екі отандасымыз да бақ сынап, екі жыл бұрынғы нәтижелерін жақсартуға тырысады.Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы:67 кг: Ақмолда Сайрамкез81 кг: Александр Уваров81 кг: Алексей Чуркин89 кг: Денис Уланов86 кг: Денис Полубояринов96 кг: Кирилл Староверкин96 кг: Нұрғиса Әділетұлы102 кг: Артем Антропов109 кг: Андат Самарқанов109 кг: Мейрам СұлтанҚазақстан әйелдер құрамасы:64 кг: Карина Горичева71 кг: Арай Нұрлыбекова76 кг: Аянат Жұмағали76 кг: Айша Омарова+87 кг: Любовь КовальчукАйта кетейік, Бахрейндегі әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан аралығында өтеді. Ел құрамасынан жарыс жолына бірінші болып 8 желтоқсанда Ақмолда Сайрамкез шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898063
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің өкілдеріне арналған туризм бойынша халықаралық тренинг-семинар өтті 07.12.2024
Аталған іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.Семинарға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және ТМҰ Хатшылығының туризм саласындағы сарапшылары қатысты. Спикер ретінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Әлібек Шоқпаров, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Кемал Кантарджи, Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов, Open Turkistan туристік ақпарат орталығының бас директорының міндетін атқарушы Темур Мұратов, Turkistan Invest бас директоры Берік Кенжебаев және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының өкілі Ернұр Кенжебеков сөз сөйледі.Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан туризмін дамыту, кадр даярлау, цифрландыру, үлкен деректерді өңдеу және басқа да мәселелерді талқылады. Сондай-ақ шетелдік мамандар өз елдерінің туристік әлеуетімен бөлісіп, туризмді дамыту бойынша пікірлері мен тәжірибелерін ортаға салды.Семинарға қатысушылар Түркістан қаласына сапары барысында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің спорт клубымен, Turkistan телеарнасының жұмысымен, Түркістан облысындағы туристік кластердің дамуымен және Open Turkistan туристік ақпарат орталығының қызметімен танысты. Сонымен қатар оларға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.Сонымен қатар шетелдік меймандарға Түркістан облысының көрікті жерлеріне, сондай-ақ Отырар және Сауран аудандарына экскурсиялық бағдарлама ұсынылды.Айта кетейік, Түркістан қаласы 2024 жылы Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898106
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін ашу жөнінде кеңес өткізді 07.12.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.Көлік және логистика, отын-энергетика кешені, коммуналдық инфрақұрылым, туристік кластерді қосқанда, облыс экономикасының негізгі салаларын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.Премьер-министрге Маңғыстау облысының 2021-2023 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өңірлік өнімнің 50%-ға – 4,5 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз еткені баяндалды.2025 жылға дейінгі кезеңде 1,8 трлн теңге сомасына 259 іс-шараны іске асыру көзделген.Маңғыстау облысының еліміздегі көлік-логистика саласы үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, республикалық маңызы бар ұзындығы 680 шақырымды құрайтын автожолдар учаскелерін жоспарлы реконструкциялауды қосқанда, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Теңіз портын, әуе және теміржол инфрақұрылымын кеңейту, түрлі қызмет көрсету және олардың сапасын арттыру басымдыққа ие болуы тиіс.Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға, ал контейнерлік тасымалдау 2,7 есеге артқанын баяндады.Теміржол көлігімен 2,3 млн тонна, теңіз жолымен — 6,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.Премьер-министр Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту қажеттігіне тоқталды. Көлік министрлігіне Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп өңірге авиаотынды тікелей жеткізу, сондай-ақ шетелдік авиакомпанияларды тарта отырып, жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі авиарейстерді ұлғайту мәселелерін пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысына басқа өңірлерден жолаушылар маршруттарын көбейту үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту маңызды.Олжас Бектенов «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңызына назар аударды. Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында облыс тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын ашу маңызды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 525 жұмыс орнын ашқан 14 жоба іске қосылды.Бүгінгі таңда өңірдің өңдеу өнеркәсібінде 17,2 мың адам жұмыс істейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев салада тұрақты жұмыс орындарын ашу мақсатында инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 3,9 мың жұмыс орнын ашатын 1,5 трлн теңге сомасына 19 перспективалық жоба пысықталуда.Энергетика саласында жауапты министрліктің алдына «қызыл тәуекел аймағындағы» 19 энергия көзінің, жылу және электр магистралды және орамішілік желілердің тізбесіне кіретін МАЭК-ті жаңғырту бойынша міндеттер қойылды. Бұған дейін МАЭК-тің тұрақты жұмысы үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінген болатын. Жиында жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігі атап өтілді.«Өңірде жылумен жабдықтаудың ішкі кварталдық желілерінің жоғары деңгейде тозуы – үлкен мәселе. Жылыту маусымы басталғаннан бері 225 екпін тіркелді. Ақтау қаласының сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 82% құрайды. Біз қала тұрғындарының су тапшылығына шағымданатынын білеміз. Бұл мәселелерді бірінші кезекте облыс әкімдігі шешуі керек. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне әкімдікке көмек көрсету тапсырылды.Сондай-ақ Президенттің туризмді, оның ішінде «Кендірлі» курорттық аймағын дамыту бойынша қойған міндетін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы қаралды. Маңғыстау облысын жағажай туризмінің халықаралық орталығы ретінде ұзақмерзімді дамытуға бағытталған кешенді жоспар шеңберінде 2030 жылға дейін жеке инвестициялар тарта отырып, жалпы сомасы 165,1 млрд теңгені құрайтын 64 іс-шара жоспарланған.Басым жобалар қатарында «Жылы жағажай» және «Кендірлі» курорттық аймақтарын құру. Аталған шаралар туристер санын 1,3 млн адамға дейін арттыруға және өңірдің қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.Туризм және спорт министрлігіне Облыстағы туризмді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеуде әкімдікке барынша жәрдем көрсету тапсырылды. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898198
Акселерациялық кездесу: туризмді дамыту мен инвестиция тарту жолдары қарастырылды 07.12.2024
Астанада туризм саласындағы инвестициялық жобалардың дамуын тежейтін негізгі мәселелер мен кедергілерді анықтауға бағытталған акселерация форматында кездесу өтті. Іс-шараға қатысушылар аталған мәселелерді шешу және саланы тиімді дамыту үшін жағдай жасау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ерекше назар аударды.Басқосуға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және бизнес өкілдерінің, оның ішінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, сондай-ақ туризм және меймандостық саласындағы жетекші компаниялардың басшылары қатысты.Жиын барысында туризм саласындағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың қазіргі шаралары, саланың даму динамикасы мен негізгі көрсеткіштері, соның ішінде инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудағы негізгі мәселелер талқыланды.Акселерация форматы қатысушыларға қазіргі сын-қатерлерді талқылап қана қоймай, командалық жұмыс арқылы идеялар ұсынуға және Қазақстанның туризм саласының тартымдылығын арттыру үшін практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.ҚР Туризм және спорт министрлігі бизнес өкілдерімен және мүдделі тараптармен ашық диалог орнатуға, сондай-ақ елдегі туризмді тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898309
ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды 07.12.2024
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды.Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/898100
Құттықтау 07.12.2024
Құрметті Zakon.kz ақпарат агенттігінің ұжымы!Сіздерді 25 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын!Zakon.kz - халықтың көзаймына айналған жетекші медианың бірі.Ақпараттық агенттік кез келген мәліметтің тереңіне үңіліп, әр дерек пен дәйекті жіліктеп, оқырманға ұғынықты тілде жедел жеткізуімен ерекшеленеді. Бұл орайда уақытпен санаспай, сапалы дүниелер ұсынған тәжірибелі тілшілердің еңбегі зор!Алдағы уақытта да Zakon.kz ұжымы ақпарат аламанында көш бастап, тұрақты оқырмандарының назарына салмақты дүниелер ұсынатынына сенімім мол!Сіздерді айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық отбасыларыңыз амандық, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт тілеймін!Zakon.kz-тің ғұмыры ұзақ болсын! Ізгі ниетпен, Жамбыл облысының әкімі Ербол ҚарашөкеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/898225
СҚО-да тапшы дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы төленбек 07.12.2024
Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сауалына жауап берген кезде мәлімдеді. Солтүстікте медицина кадрларының тапшылығын азайтуға ерекше көңіл бөледі. Дәрігерлер баспанамен қамтамасыз етілсе, қалада 3 жылға жалға берілетін үйге төлемдер қарастырылған. Резидентураға 50 грант бөлінді, қазір 34 резидент білім алуда. Келген дәрігерлер 5 миллион теңгеге дейін көтермеақы алады. Соның арқасында дәрігерлер тапшылығы 2 есеге қысқарды.Дегенмен, ауруханаларда әлі де тар мамандар жетіспейді. Аймақ басшысының айтуынша, өткір тапшылық мамандықтары бойынша дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы төлеу туралы шешім қабылданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/898109
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін кеңейту жөнінде кеңес өткізді 07.12.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.Көлік және логистика, отын-энергетика кешені, коммуналдық инфрақұрылым, туристік кластерді қосқанда, облыс экономикасының негізгі салаларын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.Премьер-министрге Маңғыстау облысының 2021-2023 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өңірлік өнімнің 50%-ға – 4,5 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз еткені баяндалды.2025 жылға дейінгі кезеңде 1,8 трлн теңге сомасына 259 іс-шараны іске асыру көзделген.Маңғыстау облысының еліміздегі көлік-логистика саласы үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, республикалық маңызы бар ұзындығы 680 шақырымды құрайтын автожолдар учаскелерін жоспарлы реконструкциялауды қосқанда, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Теңіз портын, әуе және теміржол инфрақұрылымын кеңейту, түрлі қызмет көрсету және олардың сапасын арттыру басымдыққа ие болуы тиіс.Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға, ал контейнерлік тасымалдау 2,7 есеге артқанын баяндады.Теміржол көлігімен 2,3 млн тонна, теңіз жолымен — 6,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.Премьер-министр Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту қажеттігіне тоқталды. Көлік министрлігіне Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп өңірге авиаотынды тікелей жеткізу, сондай-ақ шетелдік авиакомпанияларды тарта отырып, жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі авиарейстерді ұлғайту мәселелерін пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысына басқа өңірлерден жолаушылар маршруттарын көбейту үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту маңызды.Олжас Бектенов «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңызына назар аударды. Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында облыс тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын ашу маңызды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 525 жұмыс орнын ашқан 14 жоба іске қосылды.Бүгінгі таңда өңірдің өңдеу өнеркәсібінде 17,2 мың адам жұмыс істейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев салада тұрақты жұмыс орындарын ашу мақсатында инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 3,9 мың жұмыс орнын ашатын 1,5 трлн теңге сомасына 19 перспективалық жоба пысықталуда. Энергетика саласында жауапты министрліктің алдына «қызыл тәуекел аймағындағы» 19 энергия көзінің, жылу және электр магистралды және орамішілік желілердің тізбесіне кіретін МАЭК-ті жаңғырту бойынша міндеттер қойылды. Бұған дейін МАЭК-тің тұрақты жұмысы үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінген болатын. Жиында жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігі атап өтілді.«Өңірде жылумен жабдықтаудың ішкі кварталдық желілерінің жоғары деңгейде тозуы – үлкен мәселе. Жылыту маусымы басталғаннан бері 225 екпін тіркелді. Ақтау қаласының сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 82% құрайды. Біз қала тұрғындарының су тапшылығына шағымданатынын білеміз. Бұл мәселелерді бірінші кезекте облыс әкімдігі шешуі керек. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне әкімдікке көмек көрсету тапсырылды.Сондай-ақ Президенттің туризмді, оның ішінде «Кендірлі» курорттық аймағын дамыту бойынша қойған міндетін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы қаралды.Маңғыстау облысын жағажай туризмінің халықаралық орталығы ретінде ұзақмерзімді дамытуға бағытталған кешенді жоспар шеңберінде 2030 жылға дейін жеке инвестициялар тарта отырып, жалпы сомасы 165,1 млрд теңгені құрайтын 64 іс-шара жоспарланған. Басым жобалар қатарында «Жылы жағажай» және «Кендірлі» курорттық аймақтарын құру. Аталған шаралар туристер санын 1,3 млн адамға дейін арттыруға және өңірдің қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Туризм және спорт министрлігіне Облыстағы туризмді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеуде әкімдікке барынша жәрдем көрсету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/898251
Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды 07.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» жобасы басталды.«Ұрықтың пренатальды диагностикасының сапасын жақсарту, балалар арасында сырқаттанушылық пен мүгедектікті уақтылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен ақауларынан нәресте өлімін азайту мақсатында «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеуді, биохимиялық скринингті және генетикалық консультацияны қамтитын «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» жобасы іске қосылды. Жүкті әйелдер үшін Volution E6, volution e10 және volution e20 диагностикалық тиімділігі жоғары ажыратымдылығы бар заманауи аппараттарда «бір терезе» қағидаты бойынша бір күн ішінде пренаталдық скрининг жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының жемісті ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылуда», - деп бөлісті Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізіледі, оған генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді. Көрсеткіштер бойынша ұрықтың инвазивті пренатальды диагностикасы жүргізіледі. Даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды көпсалалы консилиумда жүктілікті жалғастыру немесе тоқтатудың одан әрі тактикасы анықталады. Көпсалалы комиссияның құрамына генетик дәрігер, ультрадыбыстық маман, акушер-гинеколог, балалар кардиохирургы, балалар нейрохирургы және неонатальды хирург кіреді. Комиссия отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдау кезінде баланың өмірінің болжамы және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.«Бір күндік клиника жүкті әйелдерге бір күн ішінде барлық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді. Мұнда «бүгін және қазір» принципі маңызды рөл атқарады. Біз жүкті әйелдерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында медициналық диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістерін ұсына алатынымызға сенімдіміз», - дейді АККА директоры Эльмира Берикова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/898184
- 07.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1245412?lang=ru
Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады 07.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Amanat партиясының ғимаратында бірыңғай қабылдау өткізді. Аймақ басшысы жалпы саны 20-ға жуық тұрғынның мәселесімен танысып, заң аясында шешілетінін айтты. Азаматтардың арыз-талабын, ұсыныстарын басқарма басшылары мен аудан әкімдері де тыңдады.Асхат Шахаровтың қабылдауына жазылғандар жеке-жеке мәселесін тізіп, әкімнен шешілуге көмек беруін сұрады. Қабылдауға келгендердің көбі баспана базынасын айтты. Енді бірі жұмысқа орналастыру, денсаулық жағдайына қатыстымәселелерді қаузады. Әр өтініш бойынша толық түсініктемелер берілді. Жауаптылар келушілердің арыз-талабы заң аясында шешімін табатынын, назардан тыс қалмайтын жеткізді.Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауына алдын ала жазылу тұрақты негізде жүргізіледі. Тұрғындар egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/898303
Ақтөбеліктер сыбаға таратты 07.12.2024
Ақтөбе облысында бес күнге созылған «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальдің соңғы күнінде ақтөбелік кәсіпкерлер 1000-ға жуық ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, қоғамның осал топ өкілдеріне сыбаға үлестірді. Яғни, қайырымдылық акциясы аясында шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер ірі қара, жылқы мен түйе сойып, оның етін таратты. Өңір жұртшылығы ұмыт болып бара жатқан «Сыбаға» дәстүрінің қайта жаңғырғандығына қуанышты.«Ақтөбе облысының әкімдігі желтоқсан айының басынан бастап, апта бойы үлкен жоба – «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалін ұйымдастырып жатыр. Дәстүрлеріміз дәріптеліп, ұлттық қасиеттеріміз ұлықталуда. Фестивальге үлес қосу мақсатында кеше түйе сойдық. Халыққа таратамыз. Соғым-сыбаға тарату – қазақ халқының ежелден келе жатқан ерекше дәстүрі», - деді кәсіпкер Амантай Үмбетай. Акцияның өтуін жастар мен волонтерлер де қолдады. Олар әр жілікті арнайы «Сыбаға» деп жазылған қораптарға салып, жерлестеріне таратты. Тұрғындар фестивальдің алдағы уақытта жалғасын табуына тілектестігін білдірді. «Жұбайым – бірінші топ, қызым – екінші топ мүгедегі. Қазақы ауылда өстім. Күз түскен кезде қараша-желтоқсан айларында соғым сояды. Көршілерге, ағайын туысқа сыбаға тарататын. Бұл дәстүр бүгінгі күні, әсіресе, қалалық жерде ұмыт болып бара жатыр. Қазақи салт-дәстүрді әрі қарай жалғасқаны өте орынды болады деп есептеймін», - деді қала тұрғыны Орынбай Өтениязов. Шара бір жағынан ұлттық дәстүрлерімізді насихаттаса, екінші жағынан қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетудің маңыздылығын тағы бір рет айқындап берді. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/898336
Абай облысында үздік жастар марапатталды 07.12.2024
Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында» жастар форумы өтті. Форум жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, белсенділер, аймақтағы студенттер клубтарының мүшелерін біріктірді.Шараға қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін атап өтті.«Бүгін біз жаңа ұрпақтың ең жарқын, талантты және ынталы өкілдері жастарға құрмет көрсетіп, шабыттандыру үшін жиналып отырмыз. Жастар - ел болашағы. Сондықтан сіздер жаңа идеяларды дүниеге әкеліп, жүзеге асыруға батылдық танытасыздар. Сіздердің облыстың қоғамдық өміріне араласып, белсенділік танытып жүргендеріңізді білемін. Білім мен ғылым, өнер мен спорт, волонтерлік қызмет пен кәсіпкерлік салаларда еңбек етіп, жетістікке жеткен замандастарыңыз аз емес. Бұл Абай облысының дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз. Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жаңа биіктерге жетіп қана қоймай, басқаларға үлгі боласыздар деп сенемін», — деді облыс әкімі.Іс-шара барысында 7 түрлі номинацияда жеңіске жеткен жастар Алғыс хат, естелік сыйлық және ақшалай сертификаттармен марапатталды.«Жыл көшбасшысы» - Өмірәлінов Ерасыл Серікұлы;️«Жылдың жас дарыны» - Садуханов Ерқанат Ерғазыұлы, Қайсар Мұхтар;️«Үздік жастар ресурстық орталығы» - Аягөз ауданы, Курчатов қаласы;«Жылдың үздік жобасы» - Таев Ерасыл Қайратұлы, «Soul Voice» жобасының авторы;️«Жылдың жас еңбек адамы» - Сейтбеков Елдос Айдынбекұлы;«Жылдың жас волонтері» - Сүлейменова Наргиз Асхатқызы, Мәулетханов Аян Әділбекұлы;️«Жылдың жас отбасы» - Сағынбаевтар отбасы.Биылғы байқауға 80-ге жуық үміткер өз құжаттарын тапсырған. Форумда би, вокалдық топтар, жеке орындаушылар, «Вена балы-2024» сайысының жеңімпаздары өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898181
Жаңасемей ауданындағы әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын жандандыру қажет 07.12.2024
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданы Қайнар ауылында болды. Сапар барысында өңірдегі әлеуметтік нысандармен танысып, оларды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.Делегация С.Бегалин атындағы орта мектепте болды. Бүгінде мұнда 147 оқушы білім алуда. Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту және қосымша педагогикалық кадрларды тарту мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды.Сондай-ақ әкім орынбасары Қайнар ауылындағы 300 орындық Мәдениет үйіне де атбасын бұрды. Мәдениет үйінде «Қайнар» халық театры, халық ән-би ансамблі, сондай-ақ «Мейзек» балалар ансамблі белсенді жұмыс істейді. Сапар барысында Жасұлан Сәрсебаев жергілікті ұжымдардың шығармашылығын кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтіп, мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені де назардан тыс қалмады. Кешенде күрес залы, екі ойын залы және ауданы 720 шаршы метр спорт залы бар.368 орынға арналған «Знаменская орта мектебі» КММ барған делегация білім мекемесінің бүгінгі жағдайын көзбен көрді. Қазір мұнда 1-11 сыныптар аралығында 164 оқушы білім алуда, сонымен қатар 15 балаға арналған мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді.Жұмыс сапарының соңында Жасұлан Сәрсебаев аудан әкімдігіне әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын жандандырып, олардың мәселелерін жедел шешу үшін тұрғындармен тығыз байланыста болуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898322
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында » Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 07.12.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Кемелердің құрылысын, жаңғыртылуын және жабдықталуын ұйымдастыру» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз. Толығырақ: Бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің «E-gov» интернет-порталында 2024 жылғы 6 желтоқсанда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332761 ) орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/898082
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 07.12.2024
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.Халықпен кездесуде вице-министр отандық ғылым мен жоғары білім саласындағы реформаларды, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы баяндады. Ол министрлік тарапынан білімді жастарды қолдауға және ғылымды дамытуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар өз баяндамасында 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту жоспарының негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, инженерлік білім берудің ұлттық моделін енгізу, әлемдік цифрлық платформаларға қолжетімділікті кеңейту, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы, жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарлама, студенттердің жатақханадағы орындармен толық қамтылуы, сондай-ақ ғылыми жобаларды коммерцияландыру нәтижелері туралы мәліметтермен бөлісті.Дархан Ахмед-Заки білім және ғылым саласын жаңғыртуда жасанды интеллекттің рөлі ұлғайып келе жатқанын ерекше атап өтті.– ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, жасанды интеллектті енгізу және цифрлық технологияларды дамыту – еліміздің басты басымдықтарының бірі. Бұл технологиялар жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тиімділікті арттырады, – деді ол.Кездесуде өңір тұрғындарының ұсыныстары тыңдалып, олардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шарадан кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылды.Кездесуден соң Дархан Ахмед-Заки Қазақстандық мұнай жабдықтары зауытына арнайы барып, өндірістік алаңның жұмысымен жан-жақты танысу арқылы ғылым мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты арттыруға басымдық берді.Сондай-ақ вице-министр Ақтөбе қаласындағы «Көкжиде» жерасты су қорының мәселелерін шешуге арналған ғылыми-технологиялық сессияға қатысты. Ол өндірістік кәсіпорындардың міндеттерін шешуде ғылым мен жоғары білімнің рөлі туралы баяндама жасап, сессия аясында ұсынылған инновациялық прототиптік шешімдермен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898246
АҚТӨБЕДЕ ҒАЛЫМДАР «КӨКЖИДЕ» КЕН ОРНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 07.12.2024
АҚТӨБЕДЕ ҒАЛЫМДАР «КӨКЖИДЕ» КЕН ОРНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ5-6 желтоқсан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы және «Самғау» ғылыми-техникалық инициативалар орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-техникалық сессия өтті.Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Ғылым комитеті мен Ғылым қорының өкілдері қатысты.– Бүгін біз ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен алтыншы ғылыми-техникалық сессияны өткіздік. Бұл жүйелі жұмыс ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын қалыптастыруға арналған жаңа механизмдерді әзірлеуге бағытталған. Әр сессия өткізілген сайын бұл форматтың нақты экономика қажеттіліктерін шешудегі тиімділігі дәлелденіп келеді. Аталған іс-шаралар ғылым мен бизнестің арасындағы кооперацияны жақсартуға, экспортқа бағытталған жаңа өнім өндірісі үшін коммерцияландыру жобаларын алға жылжытуға ықпал етеді. Тәжірибе ғылыми идеяларды нақты прототиптер мен стартаптарға айналдыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті нәтиже, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.Сессияның алғашқы күні ғалымдар «Көкжиде» кен орнындағы жер асты суларының мұнай өндіруден ластануы мәселесін талқылады.Сессия қатысушылары іс-шара барысында жер асты суларының сапасын сақтау бойынша тиімді шешімдер мен шаралар ұсынылатынына сенім білдірді.– Бұл – жер қойнауын пайдаланушылармен ортақ түсіністікке келіп, жер асты су ресурстарын сақтауға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруға жасалған тағы бір маңызды қадам. Менің ойымша, бүгінгі сессияның ең маңызды мәселесі – «Көкжиде» кен орнын толық зерттеуді бастау. Біздің университет экожүйенің қазіргі жағдайын анықтап, су ресурстарын басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін барлық табиғи компоненттерді қамтитын кешенді биожүйелік зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр, – дейді Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ақылжан Телеуов.Сессияның екінші күні қатысушылар «Көкжиде» жерасты су кен орнына қатысты ғылыми-технологиялық шешімдерді бірлесіп іздеу және әзірлеумен айналысты. Іс-шара аясында су саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тәжірибе және ұсыныстармен алмасып, өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға арналған инновациялық идеялар әзірледі. Сондай-ақ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен KazEnergy жүргізген геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердің аралық нәтижелері ұсынылды. «Schlumberger», «Halliburton» және «Baker Hughes» сынды әлемдік жетекші компаниялар мен «SNPC-AMG» АҚ өкілдері осындай кен орындарын игеру тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қатар іс-шара барысында «Қазахойл Ақтөбе» ЖШС өндірістік алаңдарына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар жұмыс процестерімен танысты.Бұл шара ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және экологиялық ластанумен күрес пен су ресурстарының жағдайын жақсарту үшін тиімді шешімдер іздеуде маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898276
Мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық депозитарийді пайдаланушылардың назарына! 07.12.2024
Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталының еpsd.kz порталымен интеграциясы іске асырылды. Енді сараптама ұйымдарының электрондық депозитарийдегі тәжірибесін растау автоматты режимде жүзеге асырылады.Мемлекеттік сатып алу порталында тәжірибені растауға өтінім беру үшін сараптамалық қорытындының нөмірі мен күнін енгізу жеткілікті.Сәтті тексеруден кейін ведомстводан тыс кешенді сараптаманың сараптамалық қорытынды файлы автоматты түрде жүктеледі.Файлды жүктеу қатесі болған жағдайда, мүмкін себептер:1-сараптамалық қорытындының нөмірі немесе күні дұрыс енгізілмеген;2-сараптама жүргізуге орындалған жұмыстар актісіне қол қойылмаған (қорытынды берген сараптама ұйымына хабарласыңыз);3-авторлық шартқа қол қойылмаған жағдайда, егер жоба құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінің критерийлеріне қатысты болса (сараптамаға тапсырыс берушіге хабарласыңыз).Өзге жағдайларда техникалық қолдау қызметіне📞 +7 (7172) 57-37-30 телефоны бойынша хабарласу ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/898207
Қазақстан мен Германия: өнеркәсіптік серіктестікті кеңейту 07.12.2024
2024 жылғы 5 желтоқсанда Берлин қ. (Германия) «Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың ағымдағы қаржы құралдары» тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының (БЭК) 42-ші отырысы өтті.БЕК отырысында Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау федералды министрлігінің Сыртқы сауданы ынталандыру және қаржыландыру департаментінің басшысы Герлинд Хекманн атап өткендей, Германия үкіметі Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі. Атап айтқанда, ол неміс бизнесін қолдау үшін енгізілген бірқатар жаңа құралдарды атап өтті, олар басқалармен қатар Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге арналған.2024 жылдың қыркүйегінде Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау министрлігі ресурстарды өндіру және өңдеу жобаларын жүзеге асыруда неміс компанияларына қосымша қолдау көрсетуге арналған Неміс шикізат қорының іске қосылғаны туралы хабарлады.Негізгі баяндаманы жасаған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік әлеуетті ауқымды жаңғырту және соған сәйкес бизнесті ынталандыру бағдарламаларына шолу жасады.Подиумдік пікірталас қатысушылары екі елдің үкіметтері мен даму институттары жүзеге асырып жатқан нақты қолдау тетіктерін және оларды одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылады.Жиынға саяси және іскер топтардың, іскерлік ассоциациялар мен қауымдастықтардың, сарапшылық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілдері қатысты.Осындай шаралардың арқасында екі елдің іскерлік ынтымақтастығы жедел қарқынмен дамып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/898304
Қорғаныс министрі Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған дамыту орталығын салтанатты түрде ашты 07.12.2024
Бұрын Парашют дайындығы орталығының қарамағында болған клуб үйі күрделі жөндеуден өтіп, «Жас десантшы» балалар орталығы болып ашылды. Бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдалану идеясы Алматы өңірлік гарнизонының бастығы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевке тиесілі.Жарты жыл ішінде ескі клубта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кабинеттерді, акт залы мен сахнаны жабдықтау кезінде алматылық бизнесмендер үлкен демеушілік көмек көрсетті.Қалалық жағдайда балалар оқудан бос уақытын тиімді пайдалану үшін дамыту орталықтарына, секцияларға және қосымшаларға барады. Бұл уақытының көп бөлігін қызметте өткізетін ата-аналарға үлкен көмек әрі қаржы мен уақытты үнемдеуге де пайдасы зор.– Алматы десантшыларының отбасыларында мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Олардың барлығы осында жақын тұрады. Балалар үшін бүгінде робототехника, шахмат, шешендік өнер, мобилография, хореография, сурет салу, ағылшын тілі және домбыра үйрету секциялары тегін жұмыс істейді. Оған 150-ден астам бала қатысады. Алдағы уақытта дыбыс жазу студиясын, сондай-ақ ағаш ұстаханасы цехын іске қосу ойда бар, – деді орталық басшысы Қарулы күштердің қызметкері Адалят Насырова.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Орталықтың үй-жайларын аралап көріп, Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасы мен балалар вокалдық студиясы шығармашылық ұжымының концертін тамашалады.– Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевке және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің барлық ұжымына қысқа мерзімде атқарылған осындай орасан зор жұмыс үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Балалар – біздің болашағымыз десек, оларға бар жағдайды жасауымыз керек, – деді Қорғаныс министрі. «Жас десантшы» орталығының тәрбиеленушісі Әмірхан Әбдімәжитов ағылшын тілі сабақтарына қатысады. Оның отбасы үшін үйінің жанында тегін үйірмелері бар Дамыту орталығының ашылуы Әмірханның бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешіп берді. Ол алғашқылардың бірі болып ағылшын тілі курсына жазылды. Балақай Қорғаныс министрі мен Десанттық шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына тек тіл үйрену үшін ғана емес, басқа үйірмелерде де оқуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/898018