Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бір жылда 300 жағдай: Астанада қалаға зиян келтірген вандалдар қалай жазаланады 05.12.2024
Бөтеннің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында 27 жастағы астаналық мас күйінде көлікті зақымдап, материалдық шығын келтірді.2 желтоқсанда сағат 17:00 шамасында қақтығыс кезінде 19 жастағы жігіт көлікке зақым келтірді.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған "Тоқта, вандал" акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.Акцияның мақсаты - вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы аумақтарды ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/896691
Тәулік бойы қар күреу: Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды 05.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір түнде олар қаладан 168 жүк көлігіне қар жинап, алып шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.5 желтоқсан күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан 2,7 мыңнан астам жол жұмысшы мен 890 бірлік арнайы техника тазартады.5 желтоқсанға қараған түні қаладан 168 жүк көлігі немесе 1 892 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 65 мыңнан астам рейспен 839 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/896523
Биыл құрылысы ұзаққа созылған 5 нысан пайдалануға берілді 05.12.2024
Бұл туралы мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау саласының дамуы талқыланған облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун 2024 жылдың 11 айында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру туралы есеп берді. Жалпы 55 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 44 нұсқама берілген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 197 хаттама жасалды. Жалпы сомасы 43 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның 91%-ы өндірілген. Әкімшілік жауапкершілікке 49 құрылыс компаниясы, 7 жобалау ұйымы, 28 мердігер ұйым, 5 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымы, 2 сараптама ұйымытартылған. Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 1723 хабарлама қабылданды. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, өндірістік объектілер, сондай-ақ жолдар мен инженерлік желілер құрылысы бар. Биылғы жылдың басында Ақтөбеде коммерциялық мақсаттағы 12 ұзаққа созылған құрылыс нысаны болды. Бүгінде бесеуі пайдалануға берілді. Бұл – кафе-дүкен, 320 орындық балабақша, көп пәтерлі тұрғын үйлер және монша кешені. Алтын Орда шағын ауданындағы және Ө.Сейітов көшесіндегі автоқызмет кешені мен үйлер іске қосу сатысында тұр.«Басқарма инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жүк машиналарының дөңгелектерін жуу және тазалау пункттері жоқ құрылыс объектілерін анықтау, іргелес аумақты тегістеу және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша іс-шаралар жүргізуде. 1,49 млн теңге сомасына 41 құрылыс субъектісі жауапкершілікке тартылды. Басқарманың қадағалау жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда»,- деді Оксана Сопрун. Есепті тыңдағаннан кейін облыс әкімі құрылыс ұйымдарына бақылауды күшейтуді тапсырды.«Көшелердің ластануы негізінен құрылыс алаңдарынан шығады. Сондықтан құрылыс компанияларын бақылауды күшейту қажет. Күнделікті тексерулер жүргізу керек, әсіресе Алтын Орда және Оңтүстік айналма сияқты аудандарда. Тексерулерге жергілікті полиция, қалалық сәулет мамандары, қоғам белсенділері мен депутаттарды қосыңыздар. Егер күн сайын рейдтер жүргізілсе, құқық бұзушылар тәртіпті сақтай бастайды. Біз қала аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ, компанияларды, әсіресе жобалары созылғанжәне инвесторларды іздейтіндерді тексерген жөн. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселелер бойынша барлық тексерулерді осы аптадан бастау керек»,- деп тапсырды әкім.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/896802
Алматылық әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 05.12.2024
Ұлы Отан соғысының ардагері Егор Степанович Долидуда өзінің 97 жасын тамаша көңіл-күйде қарсы алды.Майдангерді құттықтауға Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері арнайы келді. Егор Степанович оларға шын жүректен алғыс айтып, ризашылығын білдірді. – Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жүректен шыққан сөздеріңіз жанды жылытып, өмір сүруге деген құлшынысты арттырады. Біздің ісімізді жалғастырып, халықтың тыныштығын қорғап жүргендеріңіз үшін рахмет. Сіздердің Отанға деген адалдықтарыңызға сенемін әрі өздеріңіздей керемет жандардың ел күзетінде тұрғанын мақтан тұтамын, – деді ол.Қарт майдангер қонақтарға соғыс жылдарынан естелік айтып, «Священная война» әнін орындап берді.Егор Степанович Долидуда 1927 жылы 5 желтоқсанда Красноярск өлкесінің Почекутовка ауылында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1944 жылы шақырылды. Ол Украина майданында 184-ші атқыштар дивизиясының 297-ші атқыштар полкінің атқыш-пулеметшісі ретінде шайқасты.Жеңістен соң Маньчжурияны Жапонияның Квантун армиясынан босатуға қатысты. 1951 жылы соғыстан оралған соң Ішкі істер министрлігінің училищесінде білім алды.Ұзақ жылдар ішкі істер органдары мен әскерилендірілген өрт күзетінде қызмет етті. Өрт-қолданбалы спортымен шұғылданып, шебер атағын алды. Майор Е. Долидуда 1983 жылы құрметті демалысқа шықты.Ардагер «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және КСРО мен Қазақстанның басқа да наградаларымен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/896793
Қазақстан бойынша фосфордың 100 пайызы, гипстің 87 пайызы Жамбыл облысында өндіріледі 05.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен бөлісті.Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында белгіленген ауқымды реформаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасы 4,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп (0,8%), құрылыс (22,6%), тұрғын үй (3,5%), сауда (2,5%), көлік (13,6%) және байланыс (8,8%) салаларында оң динамика қалыптасты.727,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.Өңдеу өнеркәсібінде қосылған құны жоғары тауарларды дамыту және қолда бар шикізатты пайдалану басты басымдық болып қала береді.Экономикадағы өңдеуші сектордың үлесі 65,4 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің екі негізгі өсу нүктесі – химия және құрылыс индустриясы.Жыл басынан бері Жамбыл химия өнеркәсібі 212 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, облыс экспортының 77 пайыздан астамын қамтамасыз етті, ал еліміздің химия өндірісіндегі оның үлесі 24 пайызға жуықтады.Өңірде 13 млрд. тонна қоры бар 48 фосфорит кен орны ашылды.Республикалық бойынша облыс кәсіпорындары 100 пайыз фосфор, 81 пайыз минералды тыңайтқыштар өндіреді.2030 жылға қарай жылына 1 млн. тоннаға дейін тыңайтқыштар мен жоғары деңгейде өңделген өнімдердің премиум санаттарын өндіруді жолға қою жоспарлануда.Құрылыс индустриясы да экономиканың драйвері. Еліміз бойынша гипстің 87 пайызы, портландцементтің 13 пайызы өңірдегі өндіріс ошақтарынан шығарылады.Қазақстандағы гипстің барланған қоры (50 млн. тонна) бойынша ең бай кен орны – «Үлкен-Бұрылтау» Жамбыл облысында орналасқан.Биыл «Korcem» ЖШС цемент шығаратын жаңа зауытты (қуаты – 1,5 млн. тонна) іске қосты. Бұл өндірілетін цемент көлемін 3 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Құрылыс материалдарына сұраныстың артқанын ескере отырып, келесі жылы «Alit Holding» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын (қуаты – 150 мың тонна), «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС гипсокартон шығаратын (қуаты – жылына 22 млн. шаршы метр) зауыт құрылысын бастайды.Жобаларды жүзеге асыру өнім ассортиментін 12 атауға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Облыс әкімі 2024 жылы ШОБ-тың 1 152 жобасы қаржыландырылғанын айтты. Нәтижесінде ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 23,9 пайызға (596,0 млрд.теңге) өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/896711
Жамбыл - инвестициялық жобалар шоғырланған аймақ: 80 жоба, 6,5 мыңнан астам жұмыс орны 05.12.2024
Жамбыл облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасуда, мұны өнеркәсіп саласы мен жаңартылатын энергия көздеріндегі ірі жобалар айғақтайды. Бұл туралы облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында кеңінен айтып берді.Жыл басынан бері облыс экономикасына 370,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Инвестициялық қоржында 6,5 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 3,3 трлн. теңгенің 80 жобасы бар, оның он тоғызы (2,8 трлн. теңге) шетелдік инвестордың қатысуымен жүзеге асады. Атап айтқанда, ірі серіктестердің қатарында Qazaq Soda (кальцилендірілген сода), EuroChem (минералды тыңайтқыштар), Knauf (гипсокартон), Shagala mining (мыс өндірісі) бар.10 айдың қорытындысы бойынша 149,7 млрд. теңгеге 21 кәсіпорын іске қосылып, 700 жұмыс орны ашылды. Жобаларды іске асыру барысында заманауи инновациялық технологияларды енгізуге және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілді.Инвесторларды өңірдің ірі өнеркәсіптік әлеуеті мен қолайлы географиялық орналасуы қызықтырады, бұл өткізу нарықтарын жедел реттеуге мүмкіндік береді.Жамбыл облысы еліміздегі жаңартылатын көздерден алынатын электр қуатын ең ірі жеткізушілердің бірі. Шетелдік компаниялармен ынтымақтастық энергетика саласында жаңа перспективаларға жол ашады.«Total Eren», «Masdar» және «China Power» сияқты әлемдік жетекші компаниялар жалпы қуаты 2,5 ГВт жел электр станциясын салу бойынша жобаларды іске асыруда.«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында 54 млрд.теңге инвестиция салуды көздейтін «Sаny Renewable Energy» зауытының құрылысы басталды, онда жел генераторларына қажетті құрал-жабдықтар өндіріледі. Жоба импортты алмастыруға және өндірісті өңірде орналастыруға бағытталған.Аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндірістік үй-жайлар салу жоспарланып, оның 30 пайызы кәсіпкерлермен брондалған. Бұл бизнестің аймаққа сенімін көрсетеді.Өндірістік әлеуетті арттыру мақсатында бірден бірнеше экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істеуде, қолданысқа берілетін алаңдарға мемлекеттік қолдау ретінде инфрақұрылым жүргізілген.Сондай-ақ металлургия зауытының құрылысы (367 млрд. теңге), американдық технологияны пайдалана отырып, натрий цианидін өндіру (50 млрд. теңге), желатин өндірісі (7,8 млрд. теңге), өнеркәсіптік кремний өндірісі (26,4 млрд. теңге) секілді инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1,3 мың жұмыс орнын құра отырып, 137 млрд. теңгеге 15 жобаны жүзеге асыру көзделген.Аудандарда өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жолымен экономиканы әртараптандыру мақсатында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтарын 180 гектарға құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Ағымдағы жылы инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Дирекция жобаларды сүйемелдеумен айналысады, оның сегізін жақын арада іске қосу күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/896751
Маңғыстауда заманауи онкологиялық диагностикалық орталық ашылады 05.12.2024
Бүгін, 4 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Orhun Medical» ЖШС-нің бас директоры Дирик Гёненчті қабылдады. Кездесу барысында компанияның аймақтағы денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жобалары мен бастамалары талқыланды.Жиында халықтың шетелде емделуге жұмсайтын шығындарын азайту және ел ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Компания өкілдері ұзақ мерзімді онкологиялық орталықтың қызметкерлерін арнайы оқыту бойынша бастамаларды ұсынды.Нұрдәулет Қилыбай облыс тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуын өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, ұсынылған жобаларды іске асыру үшін әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.- Маңғыстау халқы өзге елге барып ем іздемей, өз жерінде сапалы медициналық қызмет алуы тиіс. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз. Ең бастысы, бұл бастамалар халықтың игілігіне бағытталып, олардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізуі қажет, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, «Orhun Medical» – Қазақстандағы жетекші медициналық компаниялардың бірі. 2015 жылдан бері компания Қазақстан аумағында 14 медициналық нысан ашып, 705 жаңа жұмыс орнын құрды. Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мақсатында ПЭТ/КТ және ОФЭКТ/КТ орталықтарын іске қосуда. Енді, облыс тұрғындары Астана, Алматы қалаларына бармай-ақ, позитронды-эмиссионды томографпен (ПЭТ) зерттейтін онкологиялық диагностикалық орталықтың қызметіне жүгіне алады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/896743
Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысына ақша бөлу жоспарлануда 05.12.2024
Алматыда ағымдағы жылы төрт инновациялық шығармашылық орталық ашылды, енді тағы екеуі салынады. Үш жылдық бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Биыл Алматыда қаланың жас тұрғындарының әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін 4 инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық және 20 халықаралық олимпиадаларда 64 алтын медаль алды.Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады. Осылайша, Вахтангов көшесі бойындағы Бостандық ауданында даму және шығармашылық орталығының құрылысы жалғасады және Алатау ауданындағы «Саялы» ш/а даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады.Бұдан басқа, келесі жылы Алғабас ш/а инновациялық техникалық колледжінің құрылысы жалғасады, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж бен жатақханасы бар телекоммуникация және машина жасау колледжінің ғимаратына қосымша құрылыс салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896683
Жол қауіпсіздігі және бейнемониторинг: Алматыда цифрлық жобаларды дамыту қаржыландырылады 05.12.2024
2025 жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.2025 жылы жаңа бюджет аясында қаражат халық көп жиналатын орындар мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніндегі 6 мың камераны техникалық қызмет көрсетуге бағытталады деп жоспарланып отыр. Бұл кешендердің жұмысы нәтижесінде мегаполисте жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайған. Қазіргі уақытта қалада осындай 1 641 кешен жұмыс істейді. Биылғы жылдың 9 айында Алматыда 3 млн-нан астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 18,7 млрд теңгеден астам айыппұл бюджетке өндірілді.Сонымен қатар, мегаполисте «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын іске асыру жалғасуда. Қазіргі таңда жүйеге 45,2 мың бейнекамера қосылған, олардың ішінде 616 мемлекеттік және 240 жеке нысан бар. Келесі жылы олардың саны 70 мыңға дейін артады. Жобаның негізгі мақсаты – қаланың барлық бейнебақылау камерасын біріктіру үшін бірыңғай платформаны енгізу. Бұл бейнеағындарды нақты уақыт режимінде талдауға және оларды түрлі міндеттер үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алгоритмдері адамдардың топталуын анықтауға, олардың мінез-құлқын талдауға, төбелес, күдікті заттар, адамдар мен көліктерді іздеуге, сондай-ақ өрт пен түтінді тануға мүмкіндік береді.Келесі жылы коммуналдық қызметтер мен қалалық сервистердің мәселесін шешуге бағытталған жаңа бейнеаналитика түрлерін іске қосу жоспарланған. Олар қоқыс тасталған аймақтарды анықтау, қоқыс контейнерлерінің толу деңгейін бақылау, қоғамдық орындар мен көшелердегі су басу деңгейін бағалау, бұралқы жануарларды анықтау және тағы басқа мәселені қамтиды.Айта кетейік, «Азаматтар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйесі» жобасы аясында биылғы жылдың соңына дейін 6 мың камера орнатылады.Бұған қоса, бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігі қаланың барлық қызмет белсенділігін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін Қалалық ахуалдық орталықты одан әрі дамытуға жұмсалмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896690
Алматының үш жылдық бюджеті мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғыртуды қаржыландыруды қамтиды 05.12.2024
Алматыда келесі жылы мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңарту және жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Үш жылдық бюджет жобасына сәйкес, 216 мектепті, 12 интернат мекемесін, 20 колледжді қамтитын 344 мың оқушының білім алуына жағдай жасау үшін шамамен 250 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.Мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғырту мен жаңарту – қалалық әкімдіктің басты басымдығының бірі. Жаңа үш жылдық бюджет қабылданғаннан кейін мегаполисте оқу орындарын жоғары сапа стандарттарына сай жаңғырту жұмыстары жалғасады.Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы үш мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып, №50 мектеп-лицейі мен Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы жеті балабақшада күшейту жұмыстары басталады. Бұған қоса, келесі жылы Зерделі және Шұғыла шағын аудандарында екі мектептің құрылысы аяқталып, 12 мектеп жаңартудан өтеді. Алматыда 2023-2024 жылдары 11 мектептің күрделі жөндеуі сейсмикалық күшейту арқылы аяқталды.Сондай-ақ, келесі жылы мегаполисте ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында 24,2 мың оқушы орнын қамтамасыз ететін 14 мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа оқу жылына қарай оқушы орындарының тапшылығы «тиісті» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін азаяды.Қабылданған шаралардың арқасында Алматыда мектептер біртіндеп бір ауысымды оқу жүйесіне көшуде. Келесі оқу жылына қарай 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымды оқу форматына көшеді (көрсеткіш 12,5%-дан 18,4%-ға дейін өседі).Қалалық мектептердің инфрақұрылымын жаңғырту мен дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Биыл 89 мектепке жаңа үлгідегі 168 кабинет сатып алынды. Бұл мектептердің қазіргі заманғы пәндік кабинеттермен жабдықталу деңгейін 86,3%-ға жеткізді.2025 жылы Орбита-3, Алтын-Бесік, Құрамыс, Шұғыла және №10 шағын аудандарында 5 балабақшаның құрылысын жалғастыру мен жаңартуға қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 97% мектепке дейінгі біліммен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында қолға алынады.Сонымен бірге, келесі жылы Қарағайлы, Дархан және Нұркент шағын аудандарында 3 балабақша салу жоспарлануда. Осы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 2 280 бала балабақшаға баруға мүмкіндік алады, бұл шаһарда білім беру мен ерте дамудың сапасын айтарлықтай арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896696
Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауын көріктендіру жоспарланып отыр 05.12.2024
Алматыда 2025 жылы ұзындығы 5,7 км, аумағы 23,4 га болатын Үлкен Алматы өзенінің жағалауын көріктендіру жұмыстары басталады.2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Жобаға бетонды тірек құрылымдарын жаңарту, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, көпірлер орнату, жарықтандыру тіректерін, бейнебақылау камераларын, балалар мен спорт алаңдарын, демалыс аймақтарын және модульдік қоғамдық дәретханаларды орналастыру кіреді. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру және қарау алаңдарын жасау көзделген.Айта кетсек, 2024 жылы Алматының Алатау ауданында Боралдай өзені бойындағы 24 гектар аумақты қамтитын жасыл аймақты көріктендіру аяқталған болатын. Бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған көпір, скейтпарк, балалар мен спорт алаңдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және модульдік дәретханалар орнатылды. Мұндай жобалардың тәжірибесі көрсеткендей, көріктендірілген жағалаулар мен жасыл аймақтар тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып, қалалық ортаның сапасын арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896706
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Аудит және салық салу» кадрларды даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы өтті 05.12.2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Аудит және салық салу» кадрларды даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы өттіІс-шараға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, жұмыс берушілердің және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Польша, Ұлыбритания және АҚШ-тан халықаралық сарапшылар қатысты. Олар аудит және салық салу саласында мамандар даярлаудағы өзекті мәселелер мен болашақ перспективаларды талқылады.Отырыстың ашылуы пленарлық мәжілістен басталып, онда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Батташұлы Сыдықов, Жоғарғы аудиторлық палатаның мүшесі Юлия Федоровна Энгель, Варшава технологиялық университетінің профессоры Надия Шмыголь және басқа да сарапшылар сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында білім беру процесіне цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ «Аудит және салық салу» бағыты бойынша кадрларды даярлаудың негізгі басымдықтарын айқындады.АО «QAZAQGAZ AIMAQ» экономика және қаржы жөніндегі Бас директордың орынбасары Арман Тұрсынқызы Бектұрованың баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Ол Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлектерінің маңыздылығын атап өтіп, университет мамандарының заманауи еңбек нарығының жылдам өзгеретін жағдайларына және цифрлық трансформацияға бейімделу қабілетіне назар аударды. Оның айтуынша, жұмыс берушілерге тек терең білімге ие ғана емес, сонымен қатар практикалық міндеттерді шеше алатын кәсіби мамандар қажет. Бектұрованың баяндамасы бизнес пен білім беру мекемелері арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін серіктестік қатынастарды дамытудың қажеттілігін көрсетті.Сондай-ақ «Цифрлық трансформация жағдайында «Аудит және салық салу» және «Мемлекеттік аудит» бағыттары бойынша кадрларды даярлаудағы заманауи трендтер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстел ИРН: BR21882352 «Мемлекеттік аудиттің жаңа парадигмасы мен даму тұжырымдамасын әзірлеу, басқару сапасын бағалау жүйесін жетілдіру және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында шетелдік қатысушылардың баяндамалары ерекше назар аударды. Ұлыбританияның Нортгемптон университетінің профессоры Джил Гурли білім беру бағдарламаларын әзірлеудің инновациялық әдістері, мысалы, CAIeRO және Postmortem туралы баяндады. АҚШ Иллинойс университетінің профессоры Стивен Паренте мемлекеттік аудит жүйесінде жасанды интеллектті қолдану туралы баяндап, осы саладағы цифрландырудың мүмкіндіктері мен перспективаларын атап өтті.Жалпы бұл іс-шара тәжірибе алмасуға және кадрлық әлеуетті дамытуға арналған заманауи тәсілдерді талқылауға арналған алаңға айналды. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және аудит пен салық салу саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіруге ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/896677
Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерін алуға мәртебесі бар азаматтарға «Әлеуметтік әмиян» арқылы тауарлық газға жеңілдік берілмек 05.12.2024
ҚР Энергетика министрлігі «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлесе 2024 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТҮК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлайды. Жоба аясында аталмыш аймақтарда тұратын АӘК және ТҮК алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады.АӘК және ТҮК мәртебесіне ие азаматтар 1414 нөмірінен тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді «Әлеуметтік әмиян» қызметінде белсендіру қажет.Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекен-жайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын (жекеменшік/ жалға алынған) өткізудің қажеті жоқ.Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы (631 м3/айына) мен Батыс Қазақстан облысы (833 м3/айына) әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек (Тұтыну газ нормасын бекіту барысында сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, ғимараттың қуат тиімділігі класы және өзге де көрсеткіштер есепке алынды).Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге қанат жаюға бағытталмақ.Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 2-ші қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында Мемлекет басшысының, мемлекеттік қолдау оған шын мұқтаж жандарға бағытталуы маңызды деп атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалуда.Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты сенім желісінде (5169 қысқа нөмірі), WhatsApp немесе Telegram арқылы +7 771 546-83-90 нөмірі бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/896741
Азаматтық қорғаныс мәселелерін заңнамалық деңгейде өзектендіру 05.12.2024
Жұмыс тобының отырыстары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша бірқатар нормаларды қарады және қабылдады. Қабылданған нормалар ТЖМ-ге бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды әзірлеу; азаматтық қорғаныс іс-шараларын жаңа міндеттермен толықтыруға; қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызуға; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау бойынша құзырет беруге; азаматтық қорғау саласында оқуға жататын тыңдаушылардың санаттарын анықтауға; қосымша даярлау орталықтарын ашу арқылы ТЖ кезінде мінез-құлық дағдыларына оқыту шеңберінде халықты қамтуды ұлғайтуға; азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуге ұйымдар үшін міндеттерді қосуға; азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын ұстау және есепке алу мәселелерін реттеуге; азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүргізу мәселелерін өзектендіруге және т.б. жаңа құзырет беруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896584
ТЖМ су тасқыны қаупі бар аймақтарға аэровизуалды тексеру жүргізуде 05.12.2024
Өңірлерде 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Астана қ. ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп «Нұра» ауданы Кіші Талдыкөл көлінің қар полигоны мен бөгетіне аэровизуалды тексеру жүргізді. Қар полигонынан еріген суды ағызу үшін арнаны қазу орындары, сондай-ақ оны одан әрі нығайту үшін бөгет бойындағы қиындық тудыратын жерлер анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсынымдар дайындалды, олардың шешімі елорда аумағындағы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Шығыс Қазақстанда Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын және Қатонқарағай ауданындағы су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды тексеру жүргізілді. Барлауға ТЖД бастығы Рашид Блялов, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов және мүдделі ұйымдардың мамандары қатысты. Әуеден барлау нәтижесінде Бұқтырма өзенінің бойында, сонымен қатар Глубокое аудынында орналасқан елді мекендердің жағдайына мониторинг жүргізілді. Маршрут бойынша тұрақты қар жамылғысының қалыптасуының бастапқы кезеңі байқалады, өзендерде мұздың қалыптасу кезеңі жүруде. Өңірде су тасқыны құбылыстарының туындауына жол бермеу мақсатында 2025 жылы инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді, оған сәйкес облыс аумағында облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шара іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады және ерекше бақылауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896687
Аңдатпа! 05.12.2024
      2026 жылғы 29 шілдеде сағат 09:00-дан бастап 15:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды «Электрондық сауда тауарлары туралы: интернет-сатып алуларды кедендік әкімшілендірудің жаңа тәсілдері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Egov.kz сайтына кіріп, https://dialog.egov.kz/conference/5952 сілтемесі бойынша аталған тақырыпта сұрақтарды қалдырыныздар.      Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаментінің Кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы Омарова Мархабат Ерланқызы жауап береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1264490?lang=ru
ҚАБЫЛДАУ: 180-НЕН АСА АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ 05.12.2024
Шымкент қаласы әкімдігінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Қала тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, абаттандыру мәселелеріне қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар қаланың тыныс-тіршілігін жақсартуға байланысты ұсыныстарын да білдірді. Бірқатар мәселелердің шешімі алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берілді.Жалпы, бір күн ішінде қала әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 180-нен астам азаматты қабылдады. Қала басшысы салаға жауаптыларға тұрғындармен кері байланыс орнатып, өзекті мәселелерді заң шеңберінде, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/896550
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусын сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда 05.12.2024
Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының «Мектеп автобусы» жобасы Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын.Жобаның екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдау үшін қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 200 автобусты 51 мектепте 9 мыңнан астам бала тасымалдайды. Келесі жылы жобаны жалғастырып, тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда.Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден өтінімдер түскен сайын маршруттарға шығады. Бұл- мектеп автобустары бөлінетін басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896591
Саин көшесін ұзарту Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді 05.12.2024
Жақын арада Алматы Мәслихатының отырысында мегаполистің үш жылдық бюджетінің жобасы қаралатын болады. Қала Мәслихатының баспасөз қызметі қандай инфрақұрылымдық жобаларға қаражат бөлу көзделіп отырғанын хабарлады.Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі Саин көшесінің, сондай-ақ Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі қиылысының құрылысын аяқтау жоспарланғанКелесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40% - ға төмендеуі күтілуде.Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар.Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағы абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда.Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды.Айта кету керек, жолайрығы пайдалануға берілген кезде Жансүгіров көшесі бойынша өткізу қабілеті 15% - ға, Сейфуллин даңғылы бойынша 20% - ға артады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/896602
Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ СІМК алаңдарында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 05.12.2024
Та-Кали, 2024 жылғы 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 31-ші отырысының шеңберінде Арменияның Cыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен, Аустрияның Сыртқы істер министрі Александр Шалленбергпен, Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен және Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі төрағасы Кая Калласпен кездесулер өткізді.Келіссөздер барысында саяси диалогты тереңдету, өзара сауда көлемін арттыру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың басым мәселелері талқыланды. Тараптар орнықты даму мен өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесуде К.Каллас Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан және ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға Еуропалық Одақ тарапынан берік қолдауын растады.Өз тарапынан Министр М.Нұртілеу Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өзара тиімді көпжақты Қазақстан-Еуропа қатынастарын одан әрі дамытуға дайын екенін білдірдіКездесулердің қорытындысы тараптардың стратегиялық әріптестікті нығайтуға және өзекті сын-қатерлер бойынша шешімдерді бірлесіп іздеуге деген өзара қызығушылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/896466