Қоғам
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР АПТАДА 50-ГЕ ЖУЫҚ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ 25.11.2024
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелі атқаруды тапсырды.– «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда тұр. Тиісті міндеттер жүктелген. Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуі керек. Елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса береді. Барлық құрылым осы іске атсалысуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 807 сенбілік өткізу жоспарланып, 20 маусым - 22 қараша аралығында 768 сенбілік ұйымдастырылған. 18 қараша-22 қараша аралығында 45 сенбілік өткізілген.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен аптада Шардара, Қазығұрт елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстары жүргізіліп, стихиялы қоқыс үйінділері анықталып, оларды тез арада жою мақсатында ауыл әкімдігімен бірлесіп, арнайы техникалар мен құралдар тартылған. Өңірдегі ауылды аймақтардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сұру ортасын қалыптастыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» байқауы өтіп, жеңімпаз анықталған. Бас жүлде иегеріне, яғни Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы үшін қажетті әлеуметтік нысан анықталып, 2025 жылға аталған нысанның құрылысы үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлу жоспарлануда.Түркістандағы индустриалды аймақты жинап, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемеге, жауапты басқармалар және қала әкімдігіне бекітілген секторлардың 70 гектары аумағында ретсіз өскен өсімдіктерді тазалау, реттеу, аймақты жарықтандыру, тазалық жұмыстары атқарылған. Облыс әкім аппаратының қызметкерлері анықтаған 170 қоқыс орнының 164-і ретке келтіріліп, қалған 6 орында тазалау жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889817
Қорғалжын ауданының әкімі тағайындалды 25.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Қорғалжын ауданының әкімі болып Алмас Алин тағайындалды.Қорғалжын ауданының жаңа әкімін аудан активіне Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.Алмас Алиннің алдына ауданның дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халық тұрмысына қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер қойылды.Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне барлық жоспарланған объектілердің іске қосылуын жеке бақылауда ұстау және олардың бұзылуына жол бермеу, жылыту маусымын қауіпсіз және ақаусыз өткізу, сумен жабдықтау объектілерінің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылды.Сондай-ақ, Алмас Алинге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлік саласын, тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде нақты жұмыс жүргізу қажет.Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді іске асыруда табыс тіледі, оған қоса Қорғалжын ауданының бұрынғы әкімі Берік Жанбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/889851
Алматыда туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» форматындағы Жобалық кеңсе ашылды 25.11.2024
Алматы қаласының Туризм басқармасы мен «Almaty Business Development Company» ЖШС бірлесіп, туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» (One Stop Shop) форматындағы Жобалық кеңсені іске қосты.Мақсаты – Алматыда туристік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторлар мен кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету.«Бір терезе» форматы кәсіпкерлерге барлық қажетті консультациялар мен қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беріп, инвесторлардың уақытын және ресурстарын үнемдейді.Жобалық кеңсенің негізгі қызметтері:Консультациялық қолдау: туристік жобаларды жүзеге асыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша, соның ішінде заңнамалық талаптар мен әкімшілік рәсімдер бойынша кәсіби кеңес беру.Жобаларға жәрдемдесу: стратегиялық жоспарлау, құжаттарды дайындау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді қоса алғанда, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көмек көрсету.Мемлекеттік қызметтерді алу: рұқсаттар, лицензиялар және басқа да қажетті құжаттарды алуға жәрдемдесу, бұл туристік жобаларды іске қосу мен жүзеге асыруды едәуір жеделдетеді.Жобалық кеңсе Алматыға бірегей туристік өнімдер мен инфрақұрылымдарды жасауға мүдделі жаңа инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді. Жаңа Жобалық кеңсе бизнес өкілдерімен, коммерциялық емес ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастыққа ашық. Жобалық кеңсенің мекенжайы:Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303, 2-қабатЖұмыс кестесі:Дүйсенбі – жұма, 9:00-ден 18:00-ге дейінТүскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейінБайланыс:Телефон: +7 (727) 225-10-83Электронды пошта: info@abdc.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889871
Алматыда электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнату қаржыландылатын болды 25.11.2024
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС электромобильдерге арналған жоғары жылдамдықты зарядтау станцияларын сатып алуға «EV Solutions» ЖШС-ға 163 млн.теңге қаржы бөлді. «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және жасыл экономиканы дамыту стратегиясы шеңберінде алынған қаражатқа қарыз алушы 28 жаңа зарядтау станциясын сатып алып Алматыда орнатады. Жобаны қаржыландыру компанияға станциялардың жеке желісін екі есеге жуық ұлғайтуға, ал қалаға электр көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% – 5, мерзімі-5 жылды құрайды «2023 жылы Алматыда автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларының көлемі 112 мың тоннадан асты, бұл шығарындылардың жалпы көлемінің 60%-ын құрады. Электромобильдерге күтім жасауға үшін қолайлы жағдай жасау көлікті электрлендіру жолындағы маңызды қадам болып табылады, нәтижесінде қала экологиясы жақсарады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов. Анықтама ретінде:«Almaty Finance» ЖШС - «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын 2019 жылы құрылған кредиттік ұйым. «Almaty Finance» ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жеңілдікті қаржыландыруды ұсынады. Қарыздың ең жоғары сомасы - 500 млн теңге. Мерзімі - 7 жылға дейін. «Almaty Finance» несие беруді «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889877
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаралды 25.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселелері қаралды.Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов өңірдегі экологиялық проблемаларды кешенді шешуге бағытталған жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.Жол картасы аясында 44 шара өткізу жоспарлануда. Олардың бірқатары сәтті аяқталған. Мәселен, биылғы 9 айда атмосфера шығарындыларының нақты көлемі 90,5 мың тоннаға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға аз.Жол картасын жүзеге асыру аясында биыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және №2 цехындағы пештерді жаңғырту, сондай-ақ 70-тен астам аспирациялық қондырғыны ауыстыру жұмыстары аяқталады. Ал Ақтөбе хром қосындылары зауытында жаңа электр сүзгісі орнатылып, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері 63%-ға азайды. Қандыағашта «Кентавр» ЖШС карталарды тазалауды жалғастыруда. «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Мұнай Тас» СБҚК» ЖШС Кеңқияқтағы мұнай сақтау резервуарындағы шығарындыларды азайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ табиғи полигондарды жою жұмыстары жалғасуда.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев облыста өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысын жариялады. Ел Президентінің тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан акция өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған.Акцияға 418 мыңнан астам ақтөбелік, кәсіпорын мен ұйымдардың 11 мың қызметкері қатысты. Жалпы саны 105 мың аула, 103 мың жеке тұрғын үй, 1500 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді. 207 су қоймасы, 44 субұрқақ, 94 мың метр суару арықтары тазартылды. Сондай-ақ 291 саябақ пен алаң қоқыстан тазартылып, 356 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Полигонға 74 мың тонна қоқыс шығарылды.Басқарма басшысы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және қарапайым азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында өңірдегі экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетінің деңгейі көтерілгенін атап өтті.Облыс әкімі жол картасының орындалуын бақылауда ұстауды және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған барлық іс-шараның уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889845
Астанада хакатонда Қарулы күштер үшін ең үздік IT-әзірлемелер анықталды 25.11.2024
Финалда қабылданған 40-тан астам өтінімнің ішінде қорғаныс және әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы 20 инновациялық шешім қаралды. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл іс-шараны қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновацияларды дамыту жөніндегі Defence Tech орталығымен, Astana Hub және Lenovo қолдауымен Talap қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.Озық технологиялар байқауына стартаптардың бастамашылары, IT-компаниялар, ғылыми қауымдастықтар және бейінді жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.Бірегей цифрлық технологияларды әзірлеуге маманданған қатысушылардың ұсыныстарын хакатонда Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бастаған құзыретті қазылар алқасы қарады.– Қатысушылар арасында жаңа бастаған әзірлеушілер де, ақпараттық технологиялар нарығында өзін танытқан компаниялар да бар. Бір қызығы, бұл жолы қазылар алқасының назарына жарғылық емес қатынастардың алдын алу саласындағы жасанды интеллект құралдары ұсынылды. Ең өзекті әзірлемелер пилоттық режимде қолданылатын болады, – деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.Қазылар алқасының мүшесі, саяси қайраткер Рақым Ошақбаев қорғаныс ведомствосының процестерді цифрлық форматқа көшіру ниеті мен ашықтығын атап өтті. Оның пікірінше, жасанды интеллектті қолдану деректерді бұрмалау мүмкіндігін азайтады және оларды өңдеу жылдамдығын арттырады.– Қызметтің қауіпсіздігі, оның жауынгерлік дайындығы – басты басымдықтар. Сондықтан біз армияны цифрлық түрлендіруге көмектескіміз келеді. Жақын арада біз осы бағытта алғашқы нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенемін, – деді ол. Байқау қорытындысы бойынша құзыретті қазылар алқасы Назарбаев университетінің түлегі Бауыржан Оспан басқаратын Cleaverest Technologies компаниясына бірінші орынды берді. UмAI Army Safety хакатон жеңімпазын әзірлеу әскери нысандар үшін деректерді талдаумен бейнебақылау жүйесін енгізуді ұсынады.Екінші орынды Ерқанат Тыртықаевтың жетекшілігімен Назарбаев Университетінің AI серіктес стартап командасы иеленді. Олардың ұсынысы жасанды интеллект арқылы әскери қызметшілердің психологиялық және моральдық жағдайын бағалау болып табылады.Үшінші орын жетекшісі Нұржан Құмаров бастаған Алматы технологиялық университетінің студенттер тобына берілді. Жоба сонымен қатар әскери қызметшілердің психологиялық жағдайын талдаумен және бақылаумен байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889899
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясының Президентін қабылдады 25.11.2024
Астана, 2024 жылғы 22 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі Академиясының Президенті Шахин Мұстафаевты қабылдады.Кездесу барысында тараптар ұйымның ағымдағы қызметі мен 2025 жылы жоспарланған іс-шараларды талқылап, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.Бұдан бөлек, қазақстандық тарап ү.ж. 9-11 қыркүйекте Бакуда тиісті комиссия бекіткен Ортақ түркі әліпбиін қабылдау бойынша Академия жұмысының маңыздылығын атап өтті.Ә.Бақаев Академияның жұмысы түркі мемлекеттерінің ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге, ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайтуға көмектесуге, сондай-ақ оның бүкіл ТМҰ әлемінде танытуға бағытталуы керек екенін атап өтті.Түркі Академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылған. Академияны құру туралы келісімге 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің ІІ-ші саммиті барысында қол қойылды. Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Өзбекстан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/889829
Нури Бильге Джейлан: «Фестиваль фильмдері сіздерді киноның жаңа әлеміне жетелейді» 25.11.2024
Бүгін Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауының қазылар алқасымен баспасөз конференциясы өтті. Кездесу барысында спикерлер фестивальдің маңыздылығы, байқауға қатысатын картиналардан не күтетінін және заманауи кинематографтың рөлі туралы ойларымен бөлісті.Қазылар алқасының төрағасы, әйгілі режиссер Нури Бильге Джейлан қазіргі кинематография жаңа көзқарасты қажет ететінін атап өтті.«Дәстүрлі кинематографтың барлық тақырыптары біртектес. Әр адамның өміріндегі терең мәнді ашып, нәзік сезімдерге жету үшін жаңа тәсілді қолдану қажет. Фестивальде көрсетілетін фильмдер сіздерді киноның мүлде басқа әлеміне жетелейді», – деді халықаралық конкурс төрағасы.Бұл сөздер халықаралық байқаудың маңызын толық жеткізеді. Биылғы бағдарламаға 13 фильм енген, олардың тақырыбы әлеуметтік драмалардан бастап философиялық ой-толғауларға дейінгі кең ауқымды қамтиды.Қазылар алқасының мүшесі, актриса Рано Шодиева фестивальдің терең әрі әдемі фильмдерден ләззат алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосферасын атап өтті.«Жақсы, таза, жаңа және әдемі киноға терең бойлағымыз келеді. Бізде осындай мүмкіндік бар – ол үшін бір апта берілді. Ең үздік фильмді таңдаймыз», – деді ол.Халықаралық байқауда ұсынылған фильмдер терең мазмұн мен мәдени әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, «Белгісіз елге» фильмі палестиналық босқындар туралы баяндаса, «Нирвана» фильмі жарыққа ұмтылған үш жасырын жанның тарихын суреттейді.Режиссер Артықпай Сүйіндіков батыл тәжірибелер мен терең тақырыптарға назар аудару қажеттілігін айтты.«Мен «Еуразия» фестивалі қазақстандық көрермендер мен болашақ режиссерлерге пайдасын тигізгенін қалаймын. Фестиваль кинематографиялық тілді іздеуге, терең тақырыптарды зерттеуге және адамның ішкі әлемін ашуға басымдық берсе екен. Біз әдеттегі кинотеатрда көрсете бермейтін туындылар осында ұсынылуы керек», - дейді қырғызстандық режиссер.Қазылар алқасының мүшесі, кинотанушы Нада Ажари Гиллон осындай шаралардың халықаралық мәдени алмасу үшін маңыздылығын атап өтті:«Фестиваль адамдар мен киногерлер үшін маңызды. Кинофестиваль – басқа мәдениетпен, елмен және адамдармен танысудың тамаша тәсілі. Олар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді».Баспасөз конференциясы негізгі сайыстың бастауы ғана емес, сонымен қатар көрермендер үшін шабыттандыратын сәт болды. Бұл фестиваль арқылы олар заманауи кинематографтың сиқырын аша алады.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889846
Киноның биік шыңы: Ли Баохуа «Еуразия» фильмдерінен не күтеді? 25.11.2024
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының қазылар алқасымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараға әлемдік киноиндустрия өкілдері қатысты. Олар фестиваль бағдарламасының бірегейлігі мен алдағы жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті.Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының қазылар алқасының төрағасы Ли Баохуа байқау фильмдерінен не күтетінін айтты.«Кеше кинофестивальдің ашылу салтанатында байқауға қатысатын фильмдердің үзінділері көрсетілді. Менің ойымша, олардың барлығы жоғары бағаға лайық. Шынымен ұнады. Алдағы күндері, қазылар алқасы төрағасы ретінде, әріптестеріммен бірге барлық фильмдерді қарап, шынайы баға береміз», – деді Ли Баохуа.Ресейлік режиссер Алексей Тельнов та қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, ұсынылған туындылар қызықты болатынына үміт білдірді. «Фестивальдің ашылуы тамаша өтті, бәрі керемет ұйымдастырылған. Ұсынылған фильмдер бізді таңғалдырады деп үміттенеміз», – деді ол.Марокколық режиссер Абделила Эль Джаухари фестивальдің маңыздылығын ерекше атап өтті: «Қазақстанға келу менің арманым еді. Бұған дейін Қазақстан туралы тек бірнеше фильм арқылы ғана білетінмін. Бүгін мен осындамын, әріптестеріммен бірге Қазақстан мен Орталық Азия фильмдері туралы көбірек білуге тырысамын».Танымал қазақстандық актриса Жанна Қуанышева «Еуразия» фестивалі жаңа есімдерді ашуға әрдайым үлес қосатынына сенімді. «Біз өз фильмдерімізді бүкіл әлемге көрсетуіміз керек. Сондай-ақ әлемдік кино жаңалықтарын да білу маңызды. Сондықтан «Еуразия» – керемет шара», – деді актриса.Фестиваль 30 қарашаға дейін жалғасады. Көрермендер Орталық Азия мен түркі әлемі мәдениетінің тынысын сезініп, ерекше оқиғалармен танысу мүмкіндігіне ие болады.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889858
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері халықаралық байқауда жеңіске жетті 25.11.2024
Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты. Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды.Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын вариациялар көрсетті.Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889870
Батыс Қазақстан облысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 25.11.2024
2024 жылғы 29 қараша сағат 10.30-да Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Атамекен өнер ордасы» ғимаратында (5-ші шағын аудан, 12/2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (771) 127-85-66 телефондар бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889890
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары балықшыларды іздеу жұмыстары н жүргізіп, қар құрсауында қалған адамдарды эвациялады 25.11.2024
24 қарашада Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында 1944 және 1953 жылы туған екі адам үрлемелі қайықпен түнгі балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар оқиға орнынан 10 км жерден табылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.Жетісу облысы Алакөл ауданында боран, бұрқасын және нөлдік көріну салдарынан республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жолдың бір бөлігінде құтқарушылар қар құрсауында қалған төрт жеңіл автокөліктен сегіз адамды, соның ішінде екі баланы эвакуациялады. Құтқарылған адамдар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.ТЖМ қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін, балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа-райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889820
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қорытындыларын қарау бойынша үйлестіру кеңесі 25.11.2024
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің қатысуымен Щучинск қаласында «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Орман ресурстарын ұтымды пайдалану және тиімді сақтау мақсатында Қазақстанның орман шаруашылығын ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қорытындыларын қарау бойынша үйлестіру кеңесі өтті (ИРН BR23590517).1. Кеңесбарысындакелесііс-шаралар бойынша негізгінәтижелертыңдалды:- тұзға төзімді (галофитті) бұталар мен бұталарды себу арқылы Арал теңізінің құрғаған түбінде отырғызу материалын өсіру және фитомелиорациялық екпелер жасау;- Қазақстан өңірлері (Солтүстік, Шығыс)бойынша қарағайдың жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын отырғызудың тиімді тәсілдері мен мерзімдерін анықтау;- Қазақстан өңірлері бойынша (Солтүстік, Шығыс)орман питомниктерінде және негізгі орман құраушы тұқымдылардың орман дақылдарында перспективалы гербицидтерді қолданудың технологиялық схемаларын әзірлеу;- жаңа сәндік бұталардың бейімделу әлеуетін және олардың Солтүстік Қазақстан жағдайында вегетативті көбею қабілетін анықтау;- Қазақстанның орман түрлерінің генофондын сақтау.Аталған іс-шаралар бойынша және жалпы 2024 жылғы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша негізгі қорытындыларды мақұлдау ұсынылды.2.Сондай-ақ, сапар барысында заманауи технологияларды пайдалана отырып салынған және климаттық бақылау жүйесімен жабдықталған «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жылыжай кешеніне барды, бұл олардың дамуының барлық кезеңдерінде көшеттерді өсіру үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Бұл жоба көгалдандыру және орманды қалпына келтіру қажеттіліктері үшін талап етілетін жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың сорттық және селекциялық-жақсартылған отырғызу материалын алу мақсатында ғылым Қорының қолдауымен жүзеге асырылады.Жоба Қазақстанның орман шаруашылығы мен экожүйесі үшін стратегиялық маңызға ие. Ормандарды қалпына келтіру Президенттің Жолдауында қойылған міндеттерді қолдау арқылы көміртегі ізін азайтуға, топырақты қорғауға және биоәртүрлілікті сақтауға ықпал етеді. Болашақта өсірілген ағаш түрлерінің ассортиментін кеңейту жоспарлануда, бұл елдің орман шаруашылығының дамуына одан да көп үлес қосады.3. Соныменқатар,Бурабайкентінде «республикалықорманселекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК-да болып, ағаш-бұтатұқымдарыныңгенетикалықБанкініңтұсаукесері,сондай-ақ орман патологиялыққызметжәнеорманселекциясыжәнетұқым шаруашылығы бөлімдерініңжұмыстарыөткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/889891
Талдықорғанда жетісулық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді 25.11.2024
Талдықорған қаласы әкімдігінің бастамасымен және Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен 2024 жылдың 30 қараша күні Талдықорған қаласында облыстық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өтетіндегін хабарлаймыз. 📍 Өтетін орны және сағаты: Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 17, «Әлеуметтік базар» («Арман» зауыты маңында), сағат 8.00-де басталады. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/889825
Ақмола облысы «Сапа белгісіне» өтінімдер саны бойынша көш бастап тұр 25.11.2024
Биылғы жылы Ақмола облысы «Kazakh Tourism» бағдарламасына қатысуға және беделді «Сапа белгісін» алуға өтінімдер саны бойынша бірінші орында тұр.Өңірдегі туристік индустрияның 16 өкілі өз бизнесінің жоғары ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетінін растау үшін өтінім беріп үлгерді. Белсенділік бойынша екінші орында 8 өтінішпен Алматы тұрса, Жетісу өңірі үздік үштікті түйіндеп тұр.Сапа белгісі бағдарламасы Қазақстандағы қызмет көрсету стандарттарын көтеру және туризм индустриясын дамыту мақсатында 2021 жылы Kazakh Tourism бастамасымен қолға алынған. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде қызмет көрсету және тұтынушылардың сенімін нығайту үшін кәсіпкерлермен белсенді жұмыс істеуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/889753
Алматыда «Нижняя пятилетка» шағын ауданында инженерлік желілерді төсеу жұмыстары аяқталды: 40 көшеде жаңа асфальт төселді 25.11.2024
Алматының Түрксіб ауданында «Нижняя пятилетка» шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ауқымды қайта жаңарту аяқталды. Жоба аясында 115 км су құбыры және 32 км кәріз желілері салынды, бұл ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 40 көшеде инженерлік коммуникациялар тартылған соң жаңа асфальт төселген. Қалған 11 көшеде желілер құрылысы аяқталып, жолға асфальт төселетін болады.Жобаның толық аяқталуы ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына жоспарлануда. Бұл ретте мердігер ұйым бес жыл ішінде орындалған жұмыстардың сапасына жауапты болады және осы кезең ішінде өз есебінен кез келген залалды қалпына келтіруге міндеттенеді.Жұмыстар 51 көшені қамтыды, ал жаңартылған инфрақұрылымға 4800 абонент қол жеткізді - олар бұрын орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылмаған 25 мыңға жуық тұрғын.«Төменгі бөлігіне асфальт төселді. Бекмаханов көшесінің төмен жағы түгел асфальттанды», - деп атап өтті шағын аудан тұрғындарының бірі.«Кәріз жүргізілді, жаңа су құбыры жүргізілді. Барлығы риза. Нюанстар болды, бірақ бәрі түзетілді», - деп тағы бір жергілікті тұрғын ризашылығын білдірді.Бұрын шағын ауданның су құбыры желілерінің тозуы 80% - дан асып, апаттарды жоюда қиындықтар туғызды. Енді осы ауданда тұратын қала тұрғындары үшін сумен тұрақты жабдықтау және инфрақұрылым жақсарту қамтамасыз етіледі.Естеріңізге сала кетейік, осы проблемаларды шешу үшін 2022 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Түрксіб ауданының «Нижняя пятилетка» ш/а «кәріз желілерін салу және су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Алайда, жобада ескерілмеген жаңа абоненттердің анықталуына байланысты 2023 жылы түзетулер енгізілді. Жұмыс 2024 жылдың басында қайта басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889793
Алматыда қыс қарсаңында ауқымды тазарту жұмыстары жүргізіледі 25.11.2024
Алматыда қыс қарсаңында 25-30 қараша аралығында ауқымды тазалау жұмыстары жүргізіледі. «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, жалпыға қолжетімді орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жүргізіледі, сондай-ақ инженерлік желілер құрылысы жүргізілген жолдарды орташа жөндеу және учаскелерді асфальттау жұмыстары аяқталады.Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер қаланы суық ауа райы мен қардың түсуіне дайындауды аяқтайды. Қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жол жұмысшысы тартылатын болады. Жұмыстарды тиімді жүргізу үшін «Алматы тазалық» МКК автопаркі 32 заманауи машинамен толықтырылды. Санитарлық тазалау жалпы ауданы 25,1 млн м2 және ұзындығы 2 777 км 2 318 көшені қамтиды. Көше-жол желісін тазалау 10 мердігер ұйымның күшімен жүзеге асырылады.Ұзындығы 1 525 км қаланың арық желісін тазартуға ерекше назар аударылатын болады. Күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы арық желісінен шамамен 160 текше метр сметаны, лай мен қоқысты шығарады. Шығарындылар негізінен пластиктен және жапырақтардан тұрады.«Eco Almaty» ЖШС әл - Фараби даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскедегі Үлкен Алматы өзендерінің арналарын, әл -Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскедегі Есентай өзенін, сондай-ақ ұзындығы 19,2 км Алматы қаласы шегіндегі Д. Қонаев атындағы ҮАК тазалау жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорын қызметкерлері өзен арналарын лай, қоқыстардан тазартады және шөптерді шабады.Сондай-ақ, 30 қарашаға дейін ұзындығы 3 км 5 учаскедегі жолдарды орташа жөндеу және инженерлік желілер құрылысы жүргізілген учаскелерді асфальттау жұмыстары аяқталады.Биылғы жылы жолдардың орташа жөндеуімен ұзындығы 223,4 км 255 көше қамтылды.Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасы бойынша 22 нысанда 20 км жылу желілері қайта жаңартылды, оның 18-де абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, қалған 4-інде 30 қарашаға дейін Тазалық апталығы аясында аяқталатын болады.Бұдан басқа, бүгінде 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспортына қол қойды. Бизнес субъектілеріне абаттандыру паспорттарын тапсыру "Таза Қазақстан" бағдарламасы және Алматы қаласын абаттандырудың жаңа қағидалары аясында жүзеге асырылады. Бұл қадамдар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.Алматыда барлығы 6 мыңнан астам нысан паспорттауға жатады. Абаттандыру паспортына екі тарап – аудан әкімдігі мен кәсіпкер қол қояды, бұл рәсімді барынша ашық етеді. Паспорттау процесі 2025 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889805
Астық, майлы және бұршақ тұқымдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 25.11.2024 25.11.2024
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдар23 глютені бар «үштіктің» құны өсті, 28 және 25 глютені біршама төмендеді. Трейдерлердің айтуынша, импорттаушылар қазір негізінен 4 және 5-сыныптарға қызығушылық танытады.5-сыныптың бағасы 150-152 доллар./ тонна, 4 сынып - 160 доллар/ тонна дейін.Қарапайым көрсеткіштері бар 3-сыныпты бидайға импорттаушылардың қызығушылығы төмендеді.Респонденттер Өзбекстан тарапынан жоғары хай-про-ға қызығушылық танытып, ол үшін тоннасына 240-245 доллар төлеуге дайын екенін атап өтті.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы орташа баға (элеватор)ӨзгерістерҰсынымЫқтимал ең жоғарыЫқтимал ең төменгіжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +106-4САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін74-4САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін63+2САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін57-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін47-4САТУ6535арпа 2 сыныпты50-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)102-ТОҚТАТУ15090қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылауМайлы/Бұршақ ДақылдарыМайлы топта күнбағыс құны тоқтап тұр, зығыр мен рапстың құны өсті. Трейдерлердің бірінің айтуынша, Қытайға зығыр 510 доллар/тоннасына (ДАП Алашенкоуда), қаптарда, жабық вагондарда сатылған. Еуропаға баға 650 доллар/тонна шегінде хабарлануда.Рапс үшін экспорттаушылар ұсынатын баға отандық өңдеушілердің бағасымен теңестірілді.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр198+10САТУ200170Рапс209+7САТУ250180Күнбағыс165-2ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ190160Мақсары89-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ11085Соя195-САТУ285200Қыша қара/ақ215-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық қызыл**182-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **352-ТОҚТАТУ450350* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп берді Түсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889777
Үкіметте қазақтың жылқы тұқымын жаңғырту және дәріптеу мәселелері талқыланды 25.11.2024
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтын дамытудың міндеттері мен стратегиялық бағыттары вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте талқыланды.Институттың негізгі стратегиялық мақсаты – жылқы шаруашылығының селекциялық-асыл тұқымға қатысты жұмысын ғылыми-практикалық үйлестірумен қатар, қазақы жылқы тұқымдарының генофондын сақтау әрі жетілдіру. Оған қол жеткізу үшін институт алдында таяу болашақта қажетті қаржыландыру көздерін анықтау, ғылыми және жоғары білікті мамандарды жұмысқа тарту, материалдық-техникалық база құру міндеттері тұр. Институт басшысы Әлібек Базарғалиев атап өткендей, жақын арада еліміздің жетекші жылқы өсірушілері бүкіл Қазақстан бойынша қазақтың асыл тұқымды жылқысына зерттеу жүргізеді, оның қорытындысы бойынша жылқы тұқымдарын жаңғырту жоспары жасалады. Алдын ала есептеулер бойынша қалпына келтіру жұмыстары кемінде бес жылға созылады. Сондай-ақ ауылшаруашылық тәжірибе стансасының негізінде құрылған жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты жылқы шаруашылығын толыққанды, теңдестірілген жеммен қамтамасыз ету үшін қажетті көмекші ретінде бұрынғы өсімдік шаруашылығы қызметінің бір бөлігін қалдырады.Кеңесте «Қазақ тұлпары» ЖШС-ның жағдайы тыңдалды. Қостанай жылқы тұқымын өсіруге маманданған жылқы зауытында жүзге жетпейтін асыл тұқымды жылқы қалды. Бұл жылқылардың осы тұқымын өсіріп, дәріптеу үшін аздық етеді. Сондай-ақ ат қоралар мен асыл жануарларды күтіп-баптау, өсіру шарттары туралы мәселе де өткір күйінде тұр. Оның барлығы жеке инвестицияларды тарта отырып, жылқы шаруашылығы институтының қазақы жылқы тұқымдарын сақтаудың бірыңғай саясаты шеңберінде шешілетін болады. Қостанайлық жылқы тұқымы мініске берік, жүйрік екенін ескере отырып, болашақта «Қазақ тұлпары» ЖШС базасында ат спорты мектебін ашу жоспарлануда.Қазақстанда түрлі бағыттағы 13 жылқы тұқымы өсіріледі. Ғалым-селекционерлер тәжірибеші-селекционерлермен бірге қостанай жылқысы (1951 ж.), көшім жылқысы (1976 ж.) және мұғалжар жылқысы (1998 ж.) сияқты етті-сүтті бағытындағы танымал отандық тұқымдарды өсірді. Олар Қазақстанның жергілікті жылқы тұқымдарының құндылығын жақсартады. Жергілікті жылқы тұқымдары өздерінің өнімділік қасиеті бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде. Жыл бойы тебіндеп жайылуы, қатал табиғат жағдайында күтіп-бағуға бейімделуі жөнінен баламасы жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889823
ҚАЗАҚСТАН ТЖМ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШЭНЬЧЖЭНЕДЕГІ HYTERA ЗАУЫТЫНА БАРДЫ 25.11.2024
Шэньчжэнь, Қытай- 2024 жылғы 25 қараша. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында орналасқан Hytera компаниясының радиожабдықтар саласындағы әлемдік көшбасшы зауытына барды. Аталмыш сапар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және радиобайланыс саласындағы озық тәжірибемен алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Делегацияны Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқарды. Ол төтенше жағдайларда жедел ден қою тиімділігін арттыру үшін байланыс технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан сенімді және жедел байланысты қамтамасыз ету үшін ең заманауи шешімдерді біріктіруге ұмтылады. Сапар барысында Қазақстан ТЖМ делегациясы компанияның озық өндірістік қуаттарымен танысып, радиобайланыс саласындағы жаңа әзірлемелер мен инновацияларды көрді. Байланыс және инфрақұрылымы жоқ аймақтардағы төтенше жағдайларда да тұрақты байланысқа кепілдік бере алатын мобильді цифрлық радио жүйелерге ерекше назар аударылды. Мәселен ірі зілзалалар, техногендік апаттар және құтқару операциялары кезінде. Hytera сарапшылары шұғыл қызметтердің жұмысын қолдауға арналған негізгі шешімдерді, соның ішінде соңғы ұялы байланыс жабдықтарын, төтенше жағдайлар жүйелерін және төтенше жағдайларды қолдау құрылғыларын көрсетті. Бұл технологиялар әртүрлі қызметтер арасындағы жедел байланысты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және оқиға орнында үйлестіру жұмысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар делегация Hytera басшылығымен жұмыс кездесуі өткен компанияның бас штаб-пәтеріне болды. Кездесу кезінде жедел дайындықты күшейту және азаматтық қорғау саласындағы қауіпсіздікті арттыру үшін компания жабдықтарын қолдану мүмкіндіктері талқыланды."Жақында ТЖМ-нің авиацияны қолдана отырып, биік ғимараттағы өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығуы борттармен байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ведомство басшысы бізге онлайн, соның ішінде түнгі уақытта радио және бейне сигнал беру үшін қолда бар борттарды жетілдіруді тапсырды. Біз Hytera компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз және серіктестігіміз Қазақстандағы Төтенше жағдайлар кезінде байланыс сапасын және жедел ден қоюды айтарлықтай жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз", – деп Қазақстан ТЖ вице-министрі атап өтті. Сапар қорытындысы бойынша 43 базалық станцияны жеткізу шарттарын егжей-тегжейлі талқылау үшін одан әрі жұмыс кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл Қазақстанның 49 қаласы мен барлық аудандарында бірыңғай жедел байланыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889785