Қоғам
Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.«Өткен жылдан бері облыста 1 мың 720 орындық 6 мектеп,1 мың 850 орындық 4 мектепте қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. 2024 жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің алғашқылардың бірі болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан ашылды» - деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сол жағалауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген 21 мектептің алғашқысы шәкірттерді қабылдады. Қазіргі таңда 6000 орындық 9 мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде.Мұнан бөлек, биыл «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2,5 млрд. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887129
Қауіпті жұқа мұз: елордалық құтқарушылар қыс кезіндегі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды 22.11.2024
Күзгі-қысқы кезеңде елорданың су айдындарындағы жұқа мұз қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты қаланың ТЖД жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылдады. Бұл жұмыс туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ринат Смағұлов айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мұз қату басталғаннан бері қалалық ТЖД қызметкерлері 78 рейд пен патрульдеу жүргізді, жұмыс барысында қала тұрғындарымен түсіндірме әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ 8 мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Бұл шаралар азаматтардың мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы хабардарлығын арттыруға көмектесетінін атап өтті спикер.Су асты кілттері шығатын орындар сияқты су айдындарының аса қауіпті учаскелерінде көпірлердің астында және су төгетін жерлердің жанында аудан әкімдіктерімен бірлесіп 100-ден аса ескерту белгілері орнатылған.«Бүгінгі таңда елорда су айдындарындағы мұздың қалыңдығы қауіпсіз қозғалыс пен мұз астында балық аулау үшін жеткіліксіз (5-6 см). Маңызды ережелерді есте ұстаған жөн: жұқа немесе әлсіз мұзға шықпау, мұздың бір бөлігінде адамдардың жиналуын болдырмау, жарықтар жанында абай болу, қараңғыда және нашар көріну кезінде мұзға бармау, сондай-ақ мұзда балық аулау кезінде құтқару құралдары туралы ұмытпау», - деп кеңес берді Ринат Смағұлов.Ол сондай-ақ мұзда балық аулауға арнайы құтқару құралдары болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін айтты, бірақ қазіргі уақытта құтқарушылар мұзға шығудан бас тартуға кеңес береді.Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балалардың су айдындарына шығуын бақылауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887070
Astana Smart City: елорда өмірін жақсартатын үздік 10 стартап анықталды 22.11.2024
Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa Innovations ұйымдарымен бірлесіп, қалалық инфрақұрылымның негізгі салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған Astana Smart City Accelerator бағдарламасын сәтті аяқтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.20 қарашада бағдарламаның Demo Day финалдық кезеңі өтіп, қатысушылар қала өмірін өзгертіп жатқан инновациялық шешімдерді ұсынды.Таңдалған стартаптар Астананың мемлекеттік емханаларында, мектептерінде, қоғамдық көліктерінде, сондай-ақ қалалық қызметтер мен инфрақұрылым нысандарында сәтті іске қосылды. Бұл жобалар медициналық ұйымдардың жұмысын оңтайландырып, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтады, оқу орындары мен әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздікті арттырады, ресурстарды үнемдеп, қалалық қызметтердің сапасын жақсартады.Бағдарлама технологиялық қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды. 128 өтінімнің ішінен 107 жоба бастапқы іріктеуден өтті, ал финалистер Astana Hub-тың Seed Money бағдарламасы арқылы 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алды. Қатысушыларға сонымен қатар сараптамалық қолдау көрсетіліп, шешімдерін нақты жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым ұсынылды.Demo Day-да ұсынылған стартаптар:● Protector AI – бейнежазбаларды талдауға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе. Ол соққы, құлау және итеру сияқты зорлық-зомбылық сипаттарын анықтай алады.● AdsIQ – қоғамдық көліктегі мониторларда контент пен жарнаманы басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе.● SPLASH – экологиялық таза мобильді көлік жуу қызметі, ол қала ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмей автокөліктерді жууға мүмкіндік береді.● HOOOD – цифрлық сыртқы жарнаманы (DOOH) басқаруға арналған платформа, ол жарнама берушілерге, әсіресе, шағын және орта бизнеске, жарнамалық науқандарды нақты уақыт режимінде іске қосып, бейімдеуге қолайлы құрал ұсынады.● Autism Spectrum – аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған Қазақстан аудиториясына бағытталған қосымша.● Rationeel – бұлтты шешім мен мобильді қосымшаны біріктіретін гибридті жүйе. Ол бизнес-процестерді цифрландыру және деректерді жинауды оңтайландыруға бейімделген.● i-ConS – құрылыс пен жөндеу жұмыстарын басқаруды, жобалардың бюджетін бақылауды және материалдарды қадағалауды жеңілдететін мобильді қосымша әрі веб-интерфейс.● Green Cars Қазақстанда электромобильдер инфрақұрылымын дамытумен айналысып, IT-платформа мен зарядтау станциялары желісін ұсынады.● Hi Doctor – дәрігердің клиникалық көмекшісі рөлін атқаратын клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі.● qMed – қант диабеті, артериялық гипертензия мен жүрек жеткіліксіздігі сияқты созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқаруға арналған платформа.Astana Smart City Accelerator бағдарламасы озық технологияларды қалалық ортаға енгізудің тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, Астананы цифрлық технологиялар орталығы ретінде дамытуға негіз болды. Пилоттық жобалардың нәтижелері технологиялардың қазірдің өзінде қаладағы өзекті мәселелерді шешіп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартып келе жатқанын көрсетуде. Алдағы кезеңде үздік шешімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне масштабтау және халықаралық нарықтарға шығару жоспарланып отыр, бұл Астананың бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, оны елдегі ақылды қалаларды дамытудың үлгісіне айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887077
Өрт қауіпсіздігі: Астанада барак-жалдамалы тұрғын үйлер тексеріліп жатыр 22.11.2024
Астанада жыл сайын күн суытып, жылыту маусымы басталар алдында оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторында профилактикалық шаралар жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараларға аулаларды аралау, рейдтер, үгіт-насихат жұмыстары кіреді. Аралау барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштардың орнатылуына ерекше назар аударылады. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі.Департаменттің бастамасы бойынша 2024 жылғы 19-23 қараша аралығында Астана қаласының тұрғын үй секторында қосымша профилактикалық жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп, барак-жалдамалы тұрғын үйлерді, жатақханаларды, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғылықты жерлерін, хостелдерді орналастыру орындарын және жеке тұрғын үй секторларын аралау жұмыстары жоспарланған. Қыс мезгілінде өрттің басым көпшілігі аталған нысандарда болады.Аралау барысында пештер мен түтін мұржаларын, электр жылытқыштарды орнатуға басты назар аударылады. Пештер мен түтін мұржаларын орнатудағы бұзушылықтар анықталған жағдайда, үй иелеріне ақауларды жою бойынша ұсынымдар беріледі және өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы жадынамалар табыс етіледі.Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылы елорда аумағында 625 өрт орны тіркелді. Өртке шығулардың басым бөлігі (шығулардың жалпы санының 40%) тұрғын үй секторына тиесілі.Сондықтан, трагедиялық салдарды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау өте маңызды.Өрттердің алдын алу үшін нысандардың иелері мен барак-жалдамалы тұрғын үйлер, хостелдер, қоғамдық жатақханалар және жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек:* жылыту пештері мен мұржаларды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;* оларды қараусыз қалдырмау;* электр жабдықтарын шамадан тыс жүктемеу;* тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану ережелерін қатаң ұстану;* балаларды қараусыз қалдырмау;* газ баллондарды пайдалану кезінде сақ болу.Аталмыш іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887099
Veolia және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ семинарында Қазақстанның су арналары Су дайындау мен тазарту құрылыстарын басқарудың озық технологияларын талқылады 22.11.2024
Бүгін Астана қ. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен «Veolia» компаниясының су дайындау, су тазарту және кәріз-тазарту құрылыстарын басқарудың заманауи технологияларына арналған бірлескен семинары өтті. Іс-шара әкімдіктердің, су арналарының, мемлекеттік органдардың өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктіріп, тәжірибе алмасу және су технологиялары саласындағы инновациялық шешімдерді талқылау алаңына айналды.«Су ресурстары – тұрақты дамудың негізгі факторы. Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайында біздің еліміз сапалы сумен жабдықтауды және суды тазартуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар осы процестерді тиімдірек, экологиялық таза және халықаралық стандарттарға сай етуге ұмтылып отыр. «Veolia» компаниясымен өзара іс-қимыл бізге әлемдік озық тәжірибелер мен технологияларды қабылдауға, сондай-ақ осы маңызды саладағы кадрлық әлеуетімізді нығайтуға бірегей мүмкіндік береді», – деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нурлан Солтамбеков.Семинар Ұлттық жобада көзделген негізгі бастамаларды іске асыруға дайындықтың бір бөлігіне айналды. Жоба аясында өңірлерді олардың ерекшеліктерін ескере отырып дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сумен жабдықтау және су тазарту инфрақұрылымын жаңғыртудың тиімді стратегиясын бірлесіп құру үшін әрбір өңірдің мүмкіндіктері егжей тегжейлі талданатын болады.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап өтілгендей, негізгі басымдықтар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті арттыру және жоғары кәсіби кадрлық әлеуетті қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттер ТКШ жүйесін жаңғырту бойынша ұзақ мерзімді жұмыстың негізін құрайды.«Өңірлермен бірге біз объектілерді жаңғыртуға ғана емес, сондай ақ пайдалану процестерін басқаруға да назар аудара отырып, олардың дамуының жолдарын қарастыратын боламыз. Бұл жұмысқа аналитиканы, әсіресе тазарту қондырғыларына кіретін көрсеткіштерді қосу маңызды. Бұл олардың жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы атап өтті.Veolia компаниясы семинар қатысушыларына су дайындау, ағынды суларды тазарту және су шаруашылығы объектілерін басқару саласындағы озық технологияларын ұсынды. Мамандар шығындарды оңтайландыру әдістері, цифрлық шешімдерді енгізу және әлемнің түрлі елдеріндегі су объектілерін басқару тәжірибесі туралы айтып берді.Негізгі тақырыптардың бірі ағынды сулардың параметрлерін мониторингілеу үшін аналитикалық жүйені қалыптастыру болды. Бұл тәсіл тазарту қондырғыларына жүктемені дәлірек бағалауға, процестерді оңтайландыруға және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Семинар аясында мамандарды даярлау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Назарбаев Университеті, ЕҰУ, ҚазБСҚА, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтасады. Бұл ынтымақтастық заманауи технологиялармен жұмыс істей алатын, қажетті біліктіліктерге ие болатын ТКШ саласындағы мамандардың жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.Сондай-ақ талантты студенттерді практикалық жобаларға қатысуға тарту мүмкіндігі қарастырылуда, бұл оларға құнды тәжірибе алуға және саланың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.Семинар қорытындысы бойынша Қазақстанның су шаруашылығын дамытуда жүйелі тәсілдің қажеттілігі атап өтілді. Мұндай форматтағы іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілуі жоспарланып отыр және олар инновацияларды енгізуге, экологиялық жағдайды жақсартуға және және кәсіби кадр резервін қалыптастыруға ықпал ететін болады.«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және «Veolia» сумен жабдықтау және су тазарту инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған әрі қарайғы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін мәлімдеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/887016
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде этика мәселелері бойынша семинар өтті 22.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кәсіби және іскерлік этика мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара барысында аппарат басшысының биылғы жылдың 1 қазанында бекіткен Кәсіби мінез-құлық және этика қағидалары талқыланды.Қатысушылар этикалық нормаларды сақтау тәжірибесін, мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелерін және азаматтардың сенімін нығайту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, кәсіби және іскерлік этиканың министрліктің оң имиджін қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.Семинар министрлік ішіндегі этикалық мәдениетті нығайтуға және кәсіби ортаны жетілдіруге бағытталған өзара ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеумен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/887080
Астанада Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерімен РХБ қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 22.11.2024
Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Жапонияның Құрлықтағы өзін-өзі қорғау күштері химиялық қорғаныс училищесінің директоры генерал-майор Акира Мураками бастаған шетелдік делегация келді.Қорғаныс ведомствосында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы полковник Ержан Құлмағамбетовтың жапон әскери қызметшілерімен хаттамалық кездесуі өтті.Тараптар жауынгерлік дайындық процесіне, РХБҚ әскерлерін дамытуға және оларды техникалық жарақтандыруға қатысты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.РХБ қорғау мамандарын даярлау мәселелері ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековпен кездесуде де қозғалды.РХБ бөлімшелерінің бірінде қонақтар үшін брифинг өткізілді. Әскери қызметшілердің міндеттерді практикалық орындауын көрсете отырып, қару-жарақ пен техникалық құралдар көрсетілді. Сонымен қатар, әскери делегация Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа барып, әскери-тарихи мұражайдың экспозицияларын тамашалады. Сапар соңында шетелдік делегация жапондықтарды еске алуға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886955
Әскери-теңіз күштерінің әртекті корабльдер дивизионына – 17 жыл 22.11.2024
2007 жылдың 20 қарашасында Қазақстанның Қорғаныс министрі Әскери-теңіз күштері құрамында әртекті корабльдер дивизионын құру туралы директиваға қол қойды. Бұл құралым Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы стратегиялық объектілерді және мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау саласындағы міндеттердің кең спектрін орындайды. Оның құрамында отандық зымыран-артиллериялық корабльдер, мина-тартқыш, гидрографиялық кемелер және жылдам жүретін бронды катерлер бар. – Аталмыш құралым мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмауын қамтамасыз етуге арналған. Мұндай жүктелген міндетті жеке құрам кез келген ауа-райында және басқа жағдайларда да орындауға дайын. Дивизионның бастауында тұрған ардагерлер легіне зор алғысымды білдіремін. Жеке құрамға қызметте сәттілік, су айдынында әрқашан жолымыз ашық болсын деп тілеймін, – деді әртекті корабльдер дивизионының командирі 2-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.Дивизион шетелдік әскери оқу орындарының түлектерімен жасақталған. Өткен жылы Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында әскери-теңіз күштері факультетінің ашылуы оң нәтиже берді, бұл отандық жоғары оқу орнында білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Басшылық дивизион жеке құрамының жоғары кәсіби шеберлігін ірі халықаралық оқу-жаттығуларда дәлелдеп жүргенін атап өтті. 2015 жылдан бастап әскери теңізшілер Армия халықаралық ойындарының «Теңіз кубогы» байқауына белсене қатысып, дәстүрлі түрде жүлделі орындар алып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/887135
СІМ-дегі кездесуде қазақ-фин ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды 22.11.2024
Астана, 2024 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Янне Хейсканенмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастарға үлкен серпін берген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стуббтың Бакуде өткен жақындағы кездесуін атап өтіп, фин басшысына келесі жылы Қазақстанға сапармен келуге шақыру жасалды.Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысын құптай отырып, тараптар қазақ-фин әріптестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Министрдің орынбасары екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту және іскерлік байланыстарды арттырудың маңыздылығын, сондай-ақ Финляндиямен көпжақты мәселелер бойынша, соның ішінде БҰҰ, ЕО және ЕҚЫҰ шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықты атап өтті.Қазақ тарапы Финляндияға 2025 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі жауапты миссиясына сәттілік тілеп, ұйымның қазіргі күрделі дағдарысқа қарамастан, диалог пен ынтымақтастық үшін бірегей әрі маңызды алаң болып қалатынын атап өтті. Р. Василенко келесі жылы 50 жылдық мерейтойы аталып өтетін Хельсинки қорытынды актісі ережелерінің, , сондай-ақ 2010 жылы Астана саммитінде қабылданған қорытынды декларациясы мен ЕҚЫҰ-ның басқа да негізгі құжаттардың маңыздылығын атады.Кездесу соңында Р. Василенко Финляндия Елшісіне Қазақстандағы миссиясында табысты және жемісті жұмыс тіледі.Анықтама: 2023 жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 208,2 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 3,1 млн, импорт – 205,1 млн). 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында тауар айналымы шамамен 142 млн долларды құрады (экспорт – 8 млн, импорт – 134 млн). 2005 жылдан бері Финляндияның Қазақстанға тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 432,8 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда фин капиталының қатысуымен 71 кәсіпорын тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/887023
Атырау облысының тұрғындарымен кездесу 22.11.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы, 22 сағат 16.00-де өңірлік IT Hub ғимаратында, Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 17:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Атырау қаласы, Маденов көшесі, 7а).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-777 260 16 60 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/887136
«Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды 22.11.2024
Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі басталды.Іс-шараға Қазақстан, Германия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иран елдерінен баспагерлер, полиграфиялық компаниялар мен кітапханалар, сондай-ақ жазушылар қатысуда.Көрменің мақсаты – заманауи кітаптарды кеңінен тарату, отандық кітап ісін нығайту, баспагерлер мен полиграфистер арасында тәжірибе алмасу және ұлттық кітап нарығында отандық өндірушілерді қолдау.Сонымен қатар, көрме көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайтуды, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстарды әрі қарай дамытуды, полиграфия, кітап сату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар енгізуді көздейді.Көрме аясында «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Arman-PV», «Дарын», «Адал Кітап», «Smart University» секілді Қазақстанның жетекші баспаларының жаңадан шыққан кітаптарының тұсаукесерлері өтті. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының «Балбалтас» өлеңдер жинағы да бар.Халықаралық көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887042
Канн жұлдызы Алматыда: «Алтын пальма бұтағының» иегері Нури Бильге Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауы қазылар алқасына төрағалық етеді 22.11.2024
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басты қонағы Нури Бильге Джейлан болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарланды. Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» атты фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды. «Нури Бильге Джейлан – әлемдік кинематографияның мойындалған шебері, Түркияның беделді режиссерлерінің бірі. Оның туындылары әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырды. 2024 жылы Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасына төрағалық етеді», – деп атап өтті Диана Әшімова.Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды. Оның 2000 жылы түсірілген «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық кино академияның ФИПРЕССИ сыйлығына ие болды. Джейланның жалпы саны 97 халықаралық марапаты бар. Нури Бильге Джейлан 1959 жылы 26 қаңтарда Ыстамбұлда дүниеге келген. Оны көбінесе терең мазмұнды, поэтикалық әрі интеллектуалдық туындылармен байланыстырады. Режиссер өзінің ерекше стилімен танымал. Оның фильмдерінде көркемдік эстетика мен философиялық толғаныстар үйлесім тапқан. Шығармалардың басым бөлігі уақыт, жалғыздық, естелік пен адам табиғаты туралы сыр шертеді.«Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Бильге Джейлан Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, кинематографияға өз көзқарасын ұсынады. Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887061
БиоЭС түріне ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы 22.11.2024
2024 жылғы 20 қарашада жалпы белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 5 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 12.4 МВт құрады. БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бастапқы шекті аукциондық баға 32.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 32.23-тен 32.14 теңге/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) тіркелді. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеуге белгіленген қуат көлемі 10-нан 11.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:«Eco Energy Plant» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 32.14 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Future M-Gas (FMG)» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 7 МВт, аукциондық бағасы 32.17 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты. ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/887115
Астана қаласында Солтүстік Каспий жобасында жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды 22.11.2024
Энергетика министрлігі елішілік құндылықты дамытудың тиімді жүйесін құрудың ірі мұнай-газ жобаларын қамтамасыз етуде жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде бүгін Астанада KAZSERVICE және НКОК компанияларының «Тауарлардағы жергілікті қамту: елдің және саланың стратегиялық дамуы» семинары өтті.Іс-шараға 80-нен астам отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілердің, IMB орталығы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Сөз сөйлеу барысында вице-министр Қ.Арымбек НКОК-пен бірлесіп жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде екенін атап өтті.НКОК-пен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижелерінің бірі ағымдағы жылдың мамыр айында отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілермен сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы шамамен 78 млн. АҚШ долларға қол қойылған 5 келісімшарт болып табылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айында Атырау қаласында өткізілген сатып алатын мұнай-газ жабдықтары бойынша үш ірі мұнай-газ жобасының «Ашық есік күндерінің» қорытындысы бойынша НКОК пен қазақстандық тауар өндірушілер арасында одан әрі ынтымақтастық туралы 23 меморандумға қол қойылды, оның қорытындысы бойынша бүгінде жалпы сомасы 124 млн. АҚШ долларынан асатын 8 келісімшарт жасалды.Сонымен қатар Қ. Арымбек қайта қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, Даму бағдарламасы мынадай нысаналы индикаторларды қосуды көздейді: тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін арттыру, Бағдарламада сатып алуды жүзеге асыру процесінде қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні ынталандыруға және қолдауға бағытталған құралдар мен тетіктерді көздеу, отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірісін оқшаулауды ынталандыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі өзге де бағыттар туралы хабардар етті.Бүгінгі таңда нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған Тендерлік рәсімдерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді.Семинар соңында НКОК пен отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер арасында 20 млн. АҚШ долларынан астам сомаға 8 келісімшартқа қол қойылды.Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/887125
Орталық Азия Климаттық әсерді ескере отырып, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын трансшекаралық басқарудың тиімділігін арттыру жолында 22.11.2024
Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының конференциясы шеңберінде «Орталық Азия Климаттық әсерді ескере отырып, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын трансшекаралық басқарудың тиімділігін арттыру жолында» тақырыбында қатар іс-шара өткізді.Атқарушы комитеттің құрылтайшы мемлекеттер мен даму жөніндегі халықаралық әріптестер арасындағы әріптестікті нығайтуға және кеңейтуге бағытталған сайд-ивенттің бірлескен ұйымдастырушылары «Жасыл Орталық Азия» Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) өңірлік бағдарламасы және халықаралық суларды бағалау орталығы болды.Іс-шара аясында қатысушылар Орталық Азияның су секторы үшін климаттық тәуекелдерді, сондай-ақ бірлескен шараларды іске асыруға кедергілер мен кедергілерді талқылады. Қатысушылар Арал теңізі бассейніндегі климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың су ресурстарына теріс әсерін азайту шараларына қатысты бағаларымен бөлісті.Панельдік сессиялар барысында Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестердің климаттың өзгеруінің салдарын бейімдеуге және жұмсартуға бағытталған Арал теңізі бассейніндегі жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру және практикалық ынтымақтастықты жақсарту жолдары талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887038
Көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы Қазақстан COP29 да ұсынды 22.11.2024
Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында Қазақстан көміртекті егіншілікті дамыту жөнінде бастама көтерді.Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы шеңберінде өткен климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлемдік көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығына көшудің маңыздылығын атап өтті.Мемлекет басшысы 200 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар Қазақстан «көміртекті егіншілікті», яғни шығарындыларды азайтуға және топырақ сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аграрлық өндірістің осындай әдістерін енгізу үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті және мүдделі тараптарды елдің осы саладағы әлеуетін зерделеуге шақырды.«Қазақстандағы көміртекті егіншілік: әлеуетін ашу» тақырыбындағы сайд-ивент барысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев кіріспе сөзінде: «Көміртекті егіншілікті енгізу арқылы біз көміртегі шығарындыларын азайтып, тұрақты ауыл шаруашылығын қолдай аламыз», - деп атап өтті.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Темірханов көміртекті егіншілікті ілгерілетуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.«Қазақстанда көміртекті егіншілікті дамыту жаңа технологияларды ғана емес, сондай - ақ елеулі заңнамалық пысықтауды талап етеді», - деп атап өтті Мұрат Теміржанов.Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанда көміртекті егіншілікті енгізу перспективаларын талқылап, Қазақстанның көміртекті егіншілік әдістерін енгізу бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екенін қорытындылады. Бұл елдің технологиялық құрылымын жаңартуға және көптеген жұмыс орындарын құруға ықпал етуі мүмкін.Іс-шараны Министрлік ФАО-мен бірлесіп Qazaqstan павильонында ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887058
«Жасыл даму» АҚ қолдауымен Павлодарда аккумулятор қайта өңделеді 22.11.2024
Павлодар қаласындағы «ТАНДЕМ recycling» ЖШС-і ұсынған инвестициялық жоба іске қосылған кезде жылына 12 мың тонна аккумуляторды қайта өңделіп, болжам бойынша айына 750-1000 тонна қорғасын, 105-140 тонна полипропилен қайта өңделеді. Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар қызметінің басшысы Серікбол Қалиақпаров хабарлады.Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіндегі инвестициялық штабында өңірлерде қалдықты қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобалар талқыланған болатын. Сол жерде Павлодар қаласында қайта өңдеуге дейін барлық қабылданған аккумуляторларды есепке алу және қадағалау жүйесін қолдана отырып, пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды жинау, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша инвестициялық жоба мақұлданды. Өтініш беруші «ТАНДЕМ recycling» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да құжаттарды қалыптастырудың 1 кезеңінен өтті және индикативтік шарттарды күтілуде. Аккумуляторды қайта өңдеу кезінде келесі өнімдер түзіледі: аккумуляторлық шлам, қорғасын сынықтары, өрескел қорғасын, әр түрлі маркалы қорғасын, сондай-ақ өндірістік қалдықтар. Одан бөлек жаңа кәсіпорында 161 жұмыс орны ашылады.Жобаның мақсаты: пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қайта өңдеу бойынша қолданыстағы өндірісті жаңғырту және күшейту. Қазақстан аумағындағы заңды және жеке тұлғаларда пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қабылдау пункттерінің желісін кеңейту, әрбір қабылданған аккумуляторды қабылдау сәтінен бастап қайта өңдеуге дейін есепке алу және қадағалау жүйесін әзірлеу. Аккумуляторлық батареялардың қалдықтарын кәдеге жарату, ал басты мақсат – қоршаған ортаның одан әрі қорғасынмен ластануын болдырмау.Жобаны 2025 жылғы II тоқсанда іске қосу көзделген. Жобаның жалпы құны: 6 446 млн. теңге. «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 5 801,4 млн. теңге бөледі. Қалған сома инвестордың өз қаражаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887095
Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды қабылдады 22.11.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарға қабылдау өткізіп, олардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.Қабылдау барысында атқарушылық өндіріске қатысты және басқада бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымын жеткізді.Өтініштерді тыңдаған министр құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оларды шешу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.Қосымша тексеруді талап ететін мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/887020
«Таза Қазақстан»: Абай облысының жастары тазалық пен экология үшін бас қосты 22.11.2024
2024 жылдың 20 қарашасы Семей және Курчатов қалаларының оқушылары мен мұғалімдері үшін айтулы күн болды. Бұл күні қала тазалығы мен экологиялық жауапкершіліктің мәселесіне арналған бірнеше іс-шара өткізілді.Семей қаласындағы №39 мектепте «Таза Қазақстан: Таза қала» тақырыбында пікірсайыс өтті. Қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мақсаты вандализммен күресудің жолдарын талқылау ғана емес, жастарды қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу болды.«СоцКз» қоғамдық қорының жетекшісі Әділ Қадырғалиев бұзақылық әрекеттердің алдын алу және экологиялық мәдениетті нығайту әдістеріне тоқталды.«Қаланың тазалығы оның тұрғындарының жауапкершілігінің көрінісі. Қоғамдық кеңістікке және табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу маңызды», - деді ол.Пікірсайыс экологиялық сабақтар, тазалық акциялары, жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты практикалық шешімдерді әзірлеу алаңына айналды.Және дәл осы күні Курчатов қаласында мектеп оқушылары, ұстаздар мен қоғам өкілдерінің басын қосқан «Жасыл аймақ» дөңгелек үстелі жасыл желектерді сақтау және өңірдің тұрақты дамуын талқылады. Қатысушылар ағаш отырғызу, қалдықтарды бөлек жинау және мектепте экологиялық клубтар құру бастамаларын ұсынды.Шара спикері Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Айжан Мұсатаева әр адамның іс-әрекетінің маңыздылығын атап өтті.«Әр отырғызылған ағаш және сұрыпталған әрбір бөтелке – болашаққа жасалған қадам. Бірлескен күш арқылы ғана экологиялық тепе-теңдікті сақтай аламыз», – дейді Айжан Мұсатаева.Дөңгелек үстел барысында жұмыстың негізгі бағыттары, оның ішінде тұрақты түрде экологиялық акциялар мен облыс тұрғындарына арналған білім беру жобалары талқыға түсті.Іс-шаралар Абай облысы жастарының экологиялық мәселелерді шешуге белсене атсалысатынын көрсетті. Олардың идеялары мен іс-әрекеттері жарқын болашаққа үміт сыйлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/886966
85 тонна артық жүк: Жамбыл облысында салмақ бақылау тәртібін бұзушыға айыппұл салынды 22.11.2024
Көлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеді. Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады «ҰССО» АҚ геодезисті мен мамандары өлшеу рәсімінде қолданылған таразы жабдығы мен алаңға қойылатын талаптардың сәйкестігін растады. Ауыр жүкті өлшеу тасымалдаушы «М нефтьСервис» ЖШС директорының және Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.Көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама толтырылды:1) арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері 85 тоннаға асқаны;2) жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы;3) лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау;4) халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы.Бұған дейін бұл тасымалдаушы өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ арқылы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратты.Естеріңізге сала кетейік, көлік құралдарының салмағын дер кезінде өлшемеу жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Көлік министрлігі ауыр жүк көліктеріне көліктік бақылауды күшейтеді. Барлық жүк тасымалдаушыларды көлік заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, салмақтық және габариттік параметрлерді нормадан асырмауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/887001