Қоғам
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 15.07.2026
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Су шаруашылығы – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті жауапты еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, су бұру жүйелерінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуде. Бұл мереке – сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, кәсібилігі мен жауапкершілігіне көрсетілген құрметтің белгісі. Халық игілігі жолындағы елеулі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз. Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1255622?lang=ru
2026 жылдың 4 айында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау 15.07.2026
Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы 4 айдағы салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 81,7 млрд.теңгені құрады. Жоспар 66,5 млрд.теңгені құрап 15,2 млрд.теңге сомасында асыра орындалып 122,8% құрады. Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады. Аудандық бюджет бойынша 4 ай ішінде түсу фактісі 60,7 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 17,6 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 3,4 млрд.теңге. Барлық түсім 81,7 млрд.теңге сомасында. Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 28,2 % немесе 23,0 млрд.теңгені құрайды;Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 26,3% немесе 21,5 млрд.теңгені құрайды;Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 23,0% немесе 18,8 млрд.теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255494?lang=ru
2026 жылғы сәуірдағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға салық төлемдерінің түсуі 15.07.2026
Согласно приказа Министерства финансов Республики Казахстан №786 от 18 декабря 2025 года по Восточно-Казахстанской области зарегистрировано 12 предприятий республиканского мониторинга: ТОО «Казцинк»; ТОО «Востокцветмет»; АО «Орика-Казахстан»; АО «Ульбинский металлургический завод»; АО «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат»; ТОО «Ульба-ТВС»; ТОО «Altyn Shyghys»; ТОО «ОблШығысЖол»; ТОО «Усть-Каменогорская ТЭЦ»; АО «Усть-Каменогорская птицефабрика»; ТОО «Объединенная ЭнергоСервисная Компания»; ТОО «AK NIET GROUP».За апрель 2026 года в Государственный бюджет по налоговым платежам, от вышеперечисленных предприятий, поступило 7,6 млрд.тенге, из них в Местный бюджет – 2,5 тенге, в Республиканский бюджет – 5,1 млрд.тенге, с учетом суммы возврата НДС по «0» ставке на расчетный счет налогоплательщика в сумме 2,2 млрд.тенге.Доля поступлений от предприятий, состоящих на республиканском мониторинге в общем поступлении Государственного бюджета по области, составляет 20,3%, в том числе по Местному бюджету – 10,1%; по Республиканскому бюджету 40,1%.Статистка поступлений за 4 месяца 2026 года, с нарастающим итогом, по предприятиям мониторинга:в Государственный бюджет по налоговым платежам, поступило 92,3 млрд.тенге, из них в Местный бюджет – 10,2 млрд.тенге, в Республиканский бюджет – 82,1 млрд.тенге, с учетом суммы возврата НДС по «0» ставке на расчетный счет налогоплательщика в сумме 2,2 млрд.тенге. Доля поступлений от приведенных предприятий, в общем поступлении Государственного бюджета по области, составляет 44,8%, в том числе по Местному бюджету – 12,5%; по Республиканскому бюджету 65,9%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255542?lang=ru
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері 15.07.2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және полиция департаменттерінің Ішкі аудит қызметтері 165 аудиторлық іс-шара жүргізді.Аудиторлық іс-шаралар аясында 1 158,9 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтер қамтылды. Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамаларының талаптарын бұзу фактілері 92,6 млрд теңге сомасында анықталды, бұл қамтылған қаражаттың 7,9%-ын құрайды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 32,4 млрд теңге, рәсімдік (процедуралық) бұзушылықтар – 60,2 млрд теңге.Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында аудит объектілеріне 173 шешім енгізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке қаражатты өтеу, бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу арқылы жалпы сомасы 1,7 млрд теңгенің бұзушылықтары жойылды.Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аудит объектілерінің 226 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, 136 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 20 аудит материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.Есепті кезеңде 95 аудиторлық іс-шара материалы сапаны бақылаумен қамтылды. Оның ішінде 16 материал мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына толық сәйкес деп танылса, 76 материал ескертпелермен сәйкес деп бағаланды. Ал 3 материал аталған стандарттардың талаптарына сәйкес емес деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1255550?lang=ru
Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынады: Жетісу МКД жауапкершілік туралы ескертеді 15.07.2026
📢 Мұнай өнімдерінің айналымы субъектілерінің назарына!Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынатынын және мұндай әрекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. ❗ Тыйым салынады:мұнай өнімдерін қажетті құжаттарсыз және рұқсатсыз әкетугебелгіленген өткізу пункттерінен тыс жерлер арқылы тасымалдауғажалған құжаттарды пайдалануға және көрінеу жалған мәліметтер ұсынуғамұнай өнімдерінің көлемі мен шығу тегін жасыруға. Естеріңізге саламыз, мұнай өнімдерімен байланысты барлық операциялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес, бақылау-есепке алу аспаптарын қолдана отырып және қажетті құжаттар ресімделген жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.Заң талаптарын сақтау – бизнесті ашық жүргізудің, адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алудың кепілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1255561?lang=ru
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД-НЫҢ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ 15.07.2026
Мұнай өнімдерінің айналымы субъектілерінің назарына!Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаудың қажеттігін еске салады.Мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және тасымалдау нақты уақыт режимінде деректерді бере отырып, бақылау-есепке алу аспаптарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.Заң талаптарын сақтау – мұнай өнімдерінің ашық әрі заңды айналымын қамтамасыз етудің кепілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1255566?lang=ru
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ-қа әмбебап банк лицензиясын беру туралы 15.07.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Банктер туралы заң) енгізілген банктерді лицензиялаудың сараланған жаңа жүйесіне сәйкес алғашқы әмбебап банк лицензиясының берілгенін хабарлайды.Банктер туралы заңда банк лицензияларының екі түрі көзделген:әмбебап банк лицензиясы – банкке банк операцияларының тұтастай ауқымын шектеусіз жүзеге асыру құқығын береді; базалық банк лицензиясы – депозиттер тартуға, кредит беруге және есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ бейрезиденттерге және байланысты тұлғаларға кредит беруге, туынды қаржы құралдарымен операцияларға, шетелдік активтерге инвестицияларға және өзге де күрделі трансшекаралық операцияларға жол бермейді.Банктер туралы заңның 132-бабына сәйкес банктер Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде банк операцияларын өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеуге міндетті.2026 жылғы 7 шілдеде Агенттік операциялардың мынадай қосымша түрлерін енгізе отырып, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-қа № 1.1.551.129 алғашқы әмбебап банк лицензиясын берді:банк операциялары:жеке және заңды тұлғаларға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетілетін, осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу; тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру;өзге де операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар;тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобындағы металдар) құйма күйінде, қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1255602?lang=ru
Самар ауданының спортшысы XXIV ШҚО халықтық спорт ойындарының жүлдегері атанды 15.07.2026
Қатонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облысының XXIV халықтық спорт ойындары жалғасуда. Дүбірлі додаға облыстың түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысуда. Жарыс бағдарламасына көкпар, аударыспақ (74, 80 және 87 келі салмақ дәрежелері), жамбы ату және теңге ілу спорт түрлері енгізілген.Жарыстың алғашқы күні Самар ауданының спортшысы Қалымбек Нұрасыл жамбы ату сайысында үздік өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.XXIV халықтық спорт ойындарында Самар ауданының намысын көкпар командасы да қорғауда. Аталған ауқымды жарыстар ұлттық спорт түрлерін дамытуға, мәдени мұраны дәріптеуге, сондай-ақ спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты бәсекелестік рухын нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1255410?lang=ru
«Dombra vibe» мәдени шара 15.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай кітапхана қабырғасында «Dombra vibe» атты ерекше мәдени шара ұйымдастырылды.Кештің басты қонағы – өлкеміздің белгілі домбыра шебері Жанарбек Қазезұлы болды. Сұхбат барысында ол жас оқырмандарға домбыраның қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес, ұлт рухын, тарихын және ата-баба аманатын сақтаған киелі мұра екенін атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық домбыра күнінің маңыздылығы туралы кеңінен әңгімелеп, домбыра жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Әр ағаштың ерекшелігі мен әр домбыраның өзіндік үні болатынын түсіндіріп, жас ұрпақты ұлттық өнерді қастерлеуге, күй өнерін дәріптеуге шақырды.Шарада өңіріміздің кәсіби домбырашылары әсерлі сұхбат өрбітіп, ән шырқаса әуесқой домбырашылардың бірі Григорьева Галина күмбірлете күй орындап, көрермен жүрегінде ерекше әсер қалдырды. Қазақ күй өнеріне деген құрметі үшін Галинаға кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хат табысталды.Сонымен қатар, іс-шара барысында елдің негізгі рухани және қоғамдық тіректерін сипаттайтын жаңа Конституцияның құндылықтары мен маңызы кеңінен насихатталды. Кеш соңында оқырмандарға рухани ләззат сыйлаған тағылымды сәттер қорытындыланып, мәдени шараға белсене қатысқан қонақтарға ілтипат ретінде арнайы кәдесыйлар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1255422?lang=ru
ҰЭМ бизнеске арналған жаңа цифрлық сервистерді ұсынды 15.07.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнес-қоғамдастыққа екі жаңа цифрлық өнімді таныстырды. Әзірлемелер бизнес бастауды жеңілдетіп, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді арттыруға арналған.Прототиптердің тұсаукесері "Атамекен" ҰКП алаңында өткізілді. Кездесудің басты мақсаты - жүйелер ресми іске қосылғанша кәсіпкерлермен бірге интерфейстерді сынақтан өткізіп, нарықтың нақты сұранысына сай болу үшін функционалдылықты жетілдіру.Бірінші цифрлық өнім — кәсіпкердің Бірыңғай жеке кабинетіне біріктірілген Міндетті талаптар тізілімі. Бүгінгі таңда бизнесті жүргізуге қойылатын талаптар көптеген нормативтік құқықтық актілерде бар. Бұл оларды іс жүзінде қолдануды қиындатады. Жаңа сервис оларды бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіріп, таңдалған қызмет түріне қарай, кәсіпкерге арналған міндетті талаптардың дербес тізбесін қалыптастырады.Чек парағын алу үшін пайдаланушының қызмет саласын таңдап, бірнеше нақтылайтын сұраққа жауап беруі жеткілікті. Осыдан кейін жүйе рұқсат құжаттарын алу үшін мемлекеттік қызметтерге тікелей сілтемелері бар қажетті талаптардың тізімін автоматты түрде қалыптастырады.Қазіргі уақытта тізілімге экономиканың түрлі саласын қамтитын 106 мыңға жуық міндетті талап енгізілген. Цифрлық сүзгілеуді қолдану артық талаптарды болдырмай, кәсіпкерлердің нақты қызметіне қатысты нормаларды ғана ұсынуға мүмкіндік береді.Тізілім сонымен қатар бизнеске әкімшілік жүктемені бағалауға мүмкіндік береді. Кіріктірілген есептеу механизмі әрбір міндетті талапты орындау қанша уақыт пен қаржылық шығынды талап ететінін анықтайды. Бұл кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдірудің қосымша құралы.Ұсынылған екінші сервис Мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай жүйесі. Ол барлық қолданыстағы субсидиялау, жеңілдетілген несиелеу, кепілдік беру және грант бағдарламалары туралы ақпаратты біріктіреді. Кәсіпкерлер қолайлы қолдау құралдарын таңдап, бірыңғай цифрлық сервис арқылы өтініш бере алады.Бизнес өкілдері бастаманы қолдап, сервистерді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, заңнамадағы өзгерістер туралы проактивті хабарламаларды енгізу, сондай-ақ пайдаланушылардың ыңғайлылығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану ұсынылды."Біз бизнес қоғамдастықтың талап-тілегін дер кезінде білу үшін әдейі прототиптерге дайындық кезеңінде келдік. Кәсіпкерлердің заңнамадағы өзгеріс туралы хабарламаларды енгізу туралы идеясы-бұл керемет кейс. Келіп түскен барлық ұсыныс егжей - тегжейлі талданып, жүйелерді өнеркәсіптік пайдалануға берудің алдындағы пысықтау кезінде ескеріледі",-деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1255423?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1255591?lang=ru
Жаслан Мәдиев БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағы жанындағы AI for Good жаһандық комиссиясының құрамына кірді 14.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) шақыруымен жасанды интеллектті дамытудың практикалық тәсілдерін қалыптастыру үшін әлемдік көшбасшылардың басын біріктіретін жаңа жоғары деңгейдегі AI for Good Global Commission жаһандық комиссиясының құрылтайшыларының қатарына қосылды.Комиссия ITU эгидасымен құрылған және мемлекет басшыларының, халықаралық ұйымдар мен ірі әлемдік технологиялық компаниялардың 40-тан астам басшысын біріктіреді. Оның тең төрағалары болып Руанда Президенті Поль Кагаме мен Salesforce негізін қалаушы және бас директоры Марк Бениофф, ал төрағаның орынбасары болып ITU Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин сайланды.Комиссия құрамына, сондай-ақ Эстония Президенті Алар Карис, Исландия Президенті Халла Томасдоттир, Microsoft бас директоры Брэд Смит, NVIDIA негізін қалаушы және бас директоры Дженсен Хуанг, Amazon бас директоры Энди Джесси, Google Research & Society бас директоры Джеймс Маника, Qualcomm бас директоры Криштиану Амон, Accenture бас директоры Джули Свит, Anthropic бас директоры Джек Кларк, Pfizer бас директоры Альберт Бурла, ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және басқа да әлемдік көшбасшылар кірді.8 шілдеде Женевада өткен AI for Good Global Summit саммиті аясында комиссияның алғашқы отырысы өтті, онда қатысушылар жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сенімді ЖИ-ді дамытуды, цифрлық теңсіздікті қысқартуды және заманауи технологияларға қолжетімділікті кеңейту мәселелерін талқылады.Қазақстанның комиссия жұмысына қатысуы еліміздің жасанды интеллект саласындағы халықаралық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлінің артып келе жатқанын растайды. Комиссия сенімді жасанды интеллектті дамыту, цифрлық теңсіздікті қысқарту және елдердің заманауи технологияларға қолжетімділігін кеңейту бойынша практикалық шешімдер әзірлейтін алаңға айналады.Жаслан Мәдиевтің AI for Good Global Commission құрамына енуі Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін мойындау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1255083?lang=ru
Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшыларының қатысуымен ACT Creative Tech Week 2026 халықаралық форумы өтеді 14.07.2026
2026 жылы 23–26 шілде аралығында Алматыда білім беру, креативті индустрия, жасанды интеллект және цифрлық технология саласының Қазақстан мен Корея Республикасындағы өкілдерін біріктіретін ACT Creative Tech Week 2026 халықаралық форумы өтеді.Форумды өткізу Сеул қаласында «Диалог» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі, Academy of Creative Technologies (ACT) және YLAB Academy арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырудың алғашқы практикалық қадамы болды.2026 жылы 4 шілдеде Сеул қаласында «Диалог» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі, Academy of Creative Technologies (ACT) және YLAB Academy өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Құжат білім беру, креативті индустрия, жасанды интеллект және цифрлық технология салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, халықаралық іс-шаралар өткізеді және кәсіби тәжірибе алмасады.ACT – ALT University базасында жұмыс істейтін, жасанды интеллект, ақпараттық технология және креативті технология салалары бойынша мамандар даярлайтын халықаралық білім беру платформасы. Ал YLAB Academy – вебтун индустриясы мен зияткерлік меншік (IP) әзірлеу бағытындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын YLAB компаниясының білім беру бөлімшесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1255114?lang=ru
Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкада іскерлік байланыстарды нығайтуда 14.07.2026
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов Йоханнесбург қаласында өткен бизнес-форумға қатысты. Форум Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасының іскер топтарының өкілдерін біріктірді.Іс-шара Орталық Азия елдері мен Африка құрлығы мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға арналды.Форумға өнеркәсіп, телекоммуникация, агроөнеркәсіп кешені, логистика, құрылыс, білім беру, дистрибуция және зергерлік өнеркәсіп салаларында қызмет ететін компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Африканың бизнес қауымдастығы мен сарапшылық ортасының өкілдері қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов Африканың оңтүстігіндегі елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, Орталық Азия мемлекеттері мен Африка құрлығы елдері арасындағы өңіраралық өзара іс-қимыл әлеуетінің артып келе жатқанын атап өтті.Форум барысында өңірлер арасындағы көлік-логистикалық өзара байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылып, жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыруға, көлік бағыттарын әртараптандыруға және жаңа нарықтарға қолжетімділікті кеңейтуге ықпал ететін негізгі халықаралық бағыттардың бірі ретінде Орта дәліздің әлеуеті талқыланды.Форум аясында Оңтүстік Африка - Қазақстан сауда-мәдени қауымдастығы (SAKTCA) мен Орталық Азия Тобы (CAG) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және білім беру салаларындағы байланыстарды дамытуға бағытталған.Оңтүстік Афика Республикасында болған сапары аясында іскер топтардың өкілдері Гаутенг және Батыс Кейп провинцияларындағы тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан қызығушылық тудыратын бірқатар кәсіпорындар мен инфрақұрылым нысандарының қызметімен де танысты.Сондай-ақ Кейптаун Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту және іскер топтар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Оңтүстік Африка-Қазақстан сауда-мәдени қауымдастығы (SAKTCA) 2024 жылы құрылған және Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы сауда, инвестициялар, мәдениет, білім беру, туризм және қоғамдық бастамалар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған ұйым болып табылады. Қауымдастық екі елдің бизнес өкілдері, институттары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға арналған тиімді алаң болып табылады.Орталық Азия Тобы (CAG) 2003 жылы құрылған халықаралық консалтингтік компания болып табылады және Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдеріндегі нарықтарға шығу, тәуекелдерді талдау және бизнесті стратегиялық сүйемелдеу мәселелеріне маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255142?lang=ru
2026 жылғы сәуірдағы Республикалық бюджетке өзге экономика бойынша салық төлемдерінің түсімі 14.07.2026
"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы сәуірда салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 7,6 млрд.теңге түсті.Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 59,9% - ды құрайды.БСК бөлінісінде түсімдер құрылымы:- БСК 105101 «ҚР аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» түсімдер үлесі 35,1%;- БСК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 25,4%;- БСК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 23,2%;- БСК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС» түсімдер үлесі 10,6%. 2026 жылғы сәуірдағы өзге экономиканың ірі төлеушілеріне жатады:- " ГРК МЛД " ЖШС – түсімдердің үлесі 4,0%;- " МАЙ" АҚ – түсімдердің үлесі 3,8%;- " AITAS AGRO TRADE " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,4%;- " АЭС Усть-Каменогорская ГЭС " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,2%;- " Maralicha" Тау-кен компаниясы " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,0%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255143?lang=ru
Қазақстан Халықаралық су ұйымын құру бастамасы ОАР-ға таныстырылды 14.07.2026
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Оңтүстік Африка Республикасының Су ресурстары және санитария министрлігі, сондай-ақ Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрлігі өкілдерінің Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің қатысуымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын талқылауға арналды.Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ аталған бастаманы ілгерілету шеңберіндегі өзара іс-қимылдың келешегін қарастырды.Халықаралық су ұйымын құру мемлекеттер, халықаралық құрылымдар және бейінді институттар арасындағы тиімді үйлестіруді дамытуға, су саласындағы өзекті сын-қатерлерді бірлесіп шешуге, су ресурстарын орнықты басқаруды қамтамасыз етуге және озық тәжірибе алмасуға ықпал ететіні атап өтілді.Кездесуге қатысушылар климаттың өзгеруі жағдайында су күн тәртібінің өсіп келе жатқан маңыздылығын, су ресурстарын тұтынудың өсуін және оларды ұтымды пайдаланудың келісілген тәсілдерін әзірлеу қажеттігін атап өтті.Оңтүстік Африка Су ресурстары және санитария министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Тшепанг Малакване әртүрлі секторлық бастамалардан жаһандық су күн тәртібін іске асыруда неғұрлым үйлестірілген тәсілге көшу қажеттігін мәлімдеді, сондай-ақ қазақстандық бастаманы одан әрі зерделеуге және талқылауға мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консультацияларды жалғастыруға және осы мәселе бойынша халықаралық алаңдарда өзара іс-қимылды қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255147?lang=ru
Қақтығыс аймақтарынан оралған қазақстандық әйелдердің дауысы БҰҰ мінберінде жаңғырды 14.07.2026
Қазақстан делегациясы 26 маусым мен 2 шілде аралығында Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы апталығының жұмысына белсенді қатысуда. Осы көпжақты алаңда Қазақстан Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан өз азаматтарын қайтару жөніндегі тәжірибесін таныстырды.Конференцияға қатысушыларға ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – Қазақстанға репатриацияланған азаматшаның Жоғары деңгейдегі конференцияның арнайы қонағы ретінде БҰҰ мінберінен сөз сөйлеуі болды.Ол өз өміріндегі қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанға оралғаннан кейін қоғамға қайта бейімделу мен оңалту тәжірибесі туралы баяндады.«Мемлекеттің қолдауының арқасында өмірім қалыпты арнасына түсті. Балаларым білім алып жатыр, ал өзім шағын кәсіппен айналысуға мүмкіндік алдым», – деді ол.Терроризмге қарсы апта аясында Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен бірге Жоғары деңгейдегі конференция қорытындысы бойынша қабылданатын БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясына тоғызыншы шолу жасау жөніндегі қорытынды құжаттың мәтінін әзірлеуге қатысуда.Терроризмге қарсы апта алаңында Қазақстан делегациясы Орталық Азия елдерімен бірлесіп «Қақтығыс аймақтарынан оралғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, оңалту және қоғамға қайта бейімдеу саласындағы Орталық Азияның тәжірибесі» тақырыбында арнайы сайд-ивент өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ өкілдерімен және халықаралық сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылады.Қазақстан халықаралық ұйымдар мен серіктес мемлекеттер – Ресей мен Ямайка ұйымдастыратын бірнеше сайд-іс-шараға спикер ретінде қатысуға шақырылды.Анықтама: Репатриацияланған азаматша (қауіпсіздік мақсатында аты-жөні жарияланбайды) және оның төрт баласы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жүзеге асырылған «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы аясында Қазақстанға қайтарылды.«Жусан» және «Русафа» операцияларының нәтижесінде Қазақстанға 700-ден астам азамат қайтарылды, олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255152?lang=ru
Паспорт бюджетных программ Управления физической культуры и спорта города Шымкента на 2026–2028 годы 14.07.2026
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорты туралы «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=4379571&budgetId=4335758Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1255198?lang=ru
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 14.07.2026
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді.– Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктес мемлекеттерінің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері жалғасып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды.Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр.Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын құптады. Оның аясында еліміздің орнықты дамуына үлес қосу көзделген.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан озық экономика құру мақсатында өршіл реформаларды қолға алды.Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарды сапалы түрде іске асыруға берік негіз қалайтын жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады.– Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобалар бар екенін ескерсек, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы.Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инфрақұрылым, көлік байланысы, ирригация және энергетика секторларын дамытуға алдағы уақытта да қолдау көрсетуге әзір екенін растады. Банк жеке секторға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ниетті. Банктің инвестициялық қызметінің басым бағыттарының бірі – аса маңызды шикізат материалдары.Әңгімелесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді. Еуропа қайта құру және даму банкі инновациялық экожүйелердің қалыптасуына қолдау білдірді, сондай-ақ Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясына үлес қосуға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255217?lang=ru
Ұлттық ұлан сарбазы «Калашников» фильміндегі актерге ерекше ұқсастығымен көпшіліктің назарын аударды 14.07.2026
Ақтөбелік Никита Масляник ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр. 5513 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері алғашқы күннен-ақ сырт келбетімен қаруластарының назарын аударды. Олар сарбаздың түрі «Калашников» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Юрий Борисовқа айрықша ұқсайтынын жиі айтады.Сарбаздың айтуынша, дәл осы салыстырулардан кейін ол «Калашников» көркем фильмін тамашалаған. Картина аты аңызға айналған атыс қаруын құрастырушы Михаил Калашниковтың өмір жолы мен кәсіби қалыптасуы туралы баяндайды. Фильм Никитаға ерекше әсер қалдырған.Әсіресе әйгілі конструктордың өміріндегі маңызды кезеңдердің Қазақстанмен тығыз байланысты болғанын білу жас жауынгер үшін күтпеген жаңалық болды.Қазіргі таңда Никита Масляник Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде әскери міндетін абыроймен атқарып, әскери мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби дағдыларын шыңдап келеді. Оның айтуынша, әскер өмірі тәртіпке баулып, жауапкершілікті арттырып, ер мінезді шыңдауға үлкен ықпал етеді.Белгілі актермен ұқсастығына қарамастан, жас сарбаз үшін ең бастысы – әскери антқа адал болып, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеу. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1255219?lang=ru
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы 14.07.2026
Құрметті отандастар!Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды.Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі. Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255239?lang=ru