Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҚР-ның ПИР-дағы Елшісінің KIT Халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығымен онлайн кездесуіне қатысты 15.09.2025
Исламабад, 2025 жылғы 10 қыркүйек – ҚР-ның ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Д.Бимов бастаған KIT Халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.Іс-шараға сондай-ақ ҚР-дың ПИР-дағы Сыртқы сауда палатасының өкілі Д.Альтаев қатысты. Кездесу барысында Е.Қыстафин Пәкістанның экономикалық әлеуеті, негізгі экономикалық салалары және олардың көрсеткіштері, сондай-ақ жыл ішінде жоспарланған, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жөнінде хабардар етті.Кездесу қорытындысы бойынша KIT қазақстандық делегациясының Пәкістанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1067487?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 1 күн қалды! 15.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 1 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады!    Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1067410?lang=kk
«Зияткерлік меншік құқықтарын соттарда қорғау: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық семинар 15.09.2025
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруды қолдау аясында 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Әділет министрлігі «Зияткерлік меншік құқықтарын соттарда қорғау: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық семинар өткізді. Аталған іс-шараға Департамент басшысы Алия Аманжулова және зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова қатысты.Халықаралық спикерлер Еуропалық одақтағы зияткерлік меншік жөніндегі мамандандырылған соттарды құру тәжірибесімен, дауларды шешудің баламалы тәсілдерімен және Еуропалық одақтың зияткерлік меншік бойынша сот практикасы мысалдарымен бөлісті.Семинарға қатысу тәжірибе алмасуға, құқықтық білім деңгейін арттыруға және құқық иеленушілердің құқықтарын сот тәртібімен қорғаудың тиімді тетіктерін талқылауға мүмкіндік берді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1067376?lang=kk
ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады 15.09.2025
ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Мерейлі отбасы» байқауының Самар аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.Құрметті атаққа Ақтілеу мен Альбина Райханның әулеті ие болды. Олардың өнегелі өмір жолы – мықты отбасылық құндылықтардың, өзара түсіністік пен балаларды сыйластық пен бірлік рухында тәрбиелеудің жарқын үлгісі.«Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын Шығыс Қазақстанның ынтымақты да үлгілі отбасыларын біріктіріп, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1067377?lang=kk
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды 15.09.2025
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды.Салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар, бапкерлер және спорт сүйер қауым жиналды. Биылғы ойындар он күнге созылып, ауылдық жерлерден шыққан дарынды спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ақ бидай» турнирінің басты мақсаты – ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал ету. Жарыс бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілген.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым да қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының ел болашағы үшін маңызын атап өтті.«Баршаңызды республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарының ашылуымен құттықтаймын! «Ақ бидай» – ауыл спортының дамуына серпін беретін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашатын ерекше мүмкіндік. Биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан үш мыңға жуық ауыл спортшысы қатысып отыр. Бұл дода тек спорттық шеберлікті шыңдап қана қоймай, ынтымақ пен достықты нығайтуға қызмет етеді», – деді ол.Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға қатысты тапсырмаларын атап өтіп, Алматы облысында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Өңірде 25 мыңнан астам спортшы 67 спорт түрімен айналысады. Тек биылдың өзінде жергілікті спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 1336 медаль жеңіп алған.Айта кетейік, «Ақ бидай – 2025» ойындары өңірлер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067387?lang=kk
Құрметті қала тұрғындары! 14.09.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің 15-20 қыркүйек аралығында өтетін көшпелі кездесу кестесін назарларыңызға ұсынамыз.Кездесуге кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Алдын ала жазылудың қажеті жоқ. 
Еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз 14.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады» – деп нақты әрі батыл үн қатты.Шынында да, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүгінгі әлемнің қалыптасу заңдылықтарын түбегейлі өзгертуде. Біз осы беталыстан қалып қоймай, керісінше білім мен тәжірибені, технологиялық жаңалықтарды үйлестіріп, еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз.Президенттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет» деген бастамасы заман талабынан туған аса маңызды қадам деп білемін. Бұл министрлік мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, жастарымыздың жаңа технологияларды еркін меңгеруіне жаңа мүмкіндіктер ашады.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастама еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған маңызды реформа болмақ. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді... Егер ортақ келісімге келсек, ондай Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлаған дұрыс» – деді.Бұл елдің саяси болмысын өзгертіп, жаңа кезеңге аяқ басуымызға серпін беретін шешім. Президент бұл бастаманы ашық талқылау арқылы, халықтың келісімімен, 2027 жылы жалпыұлттық референдумда жүзеге асыруды ұсынды.Менің ойымша, бүгінгі Жолдаудағы екі маңызды бағыт, яғни технологиялық жаңғыру мен саяси реформалар – еліміздің болашақ дамуының негізін қалайды. Болашаққа сеніммен қарап, жаңа биіктерді бағындыруда бізге дәл осындай батыл әрі тың қадамдар ауадай қажет. Ал, оны жүзеге асыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз деп білемін.Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ,«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы
Ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллект: Қазақстан дамуының жаңа бағыты 14.09.2025
Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды.Президент ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні дамытуға қатысты айтқан бастамалары елдің стратегиялық болашағын нақтылайтын маңызды бағдарлар болып табылады.«Ауыл» партиясы үшін ауыл мәселесі – бұл тек экономикалық сала емес, ол – елдің тамыры, ұлттық болмыстың тірегі. Сондықтан Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығына қатысты әрбір бастаманы қолдап, оны дер кезінде әрі тиімді жүзеге асыру аса маңызды. 2026 жылға дейін пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу – экономикалық серпін беретін шешім. Бұл ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ішкі өндірістің артуына және азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюына жол ашады. Сонымен бірге субсидиялау мен несиелеу жүйесін реформалау – ауыл шаруашылығы субъектілерінің қолын байлап келген кедергілерді жоюға бағытталған дұрыс қадам. Әсіресе орта және шағын шаруа қожалықтары үшін бұл үлкен мүмкіндік болмақ.Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі әлемдік геосаяси тұрақсыздықтың бір қырын айқын көрсетіп отыр. Қазақстан үшін бұл тек экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару үшін логистиканы дамыту, сақтау және өңдеу инфрақұрылымын жетілдіру – ішкі нарықты тұрақтандырумен қатар, сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті де арттырады. Сонымен қатар ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту мен азық-түлік сапасын бақылау жүйелерін жаңғырту – халық денсаулығын қорғаудың әрі халықаралық стандарттарға сай өнім өндірудің кепілі.Президент атап өткендей, әлем қазір жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Жасанды интеллект тек ІТ саласының құралы ғана емес, экономиканың барлық секторында тиімділікті арттыратын негізгі тетікке айналып келеді. «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізуді толық қолдайды. Бұл технологиялар егіс алқаптарын тиімді басқаруға, ауа райы мен топырақ жағдайын нақты болжауға, өнімділікті автоматты түрде есептеп, оңтайлы шешім қабылдауға, сондай-ақ мал шаруашылығында ауруларды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Демек, ауыл мен жасанды интеллект бір-біріне қарсы ұғымдар емес, қайта бірін-бірі толықтыратын болашақтың құралдары.Президент Жолдауы – Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басуына бағытталған маңызды құжат. Онда ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты бастамалар – «Ауыл» партиясы үшін ерекше мәнге ие және қолдауға тұрарлық бағдарлар. Біз, партия ретінде, ауыл мен технологияның тоғысында жаңа даму моделін қалыптастыру үшін барлық ресурсты жұмылдыруға дайынбыз. Халық пен мемлекеттің бірлесе әрекет етуі – келешек ұрпақ үшін жарқын болашақтың кепілі.Ғани Ажединұлы Қарабеков, «Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз 14.09.2025
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.   2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойды. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен танысуға мүмкіндік беріледі.  Бұған қоса, қатысушылар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады. Кездесу онлайн-форматта өтетін болғандықтан, оған барлық ниет білдірушілердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Іс-шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты материалдар жариялауға тартылған журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/rd2a77de3cfebf05439e842ef443c7540Еvent-мәжіліс нөмірі: 2518 032 2370Еvent-мәжіліс паролі: 102030Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1067342?lang=kk
Хабарландыру-аңдатпа "БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз 14.09.2025
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін" өткізеді. Күннің басты тақырыбы - "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін".Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " 2025 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00-де онлайн-форматта өткізіледі.Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет  https://enpf.webex.com/weblink/register/rd2a77de3cfebf05439e842ef443c7540. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 032 2370 және event-кеңестің паролін 102030 енгізіңіз.  "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1067339?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Отбасы күнін атап өтті 14.09.2025
Қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Осыған орай Қарулы күштер қатарында да бұл айтулы күнге арналған іс-шаралар өтті. Бұл мереке – туыстық байланыс, өзара қолдау мен бірліктің маңыздылығын еске салатын ерекше күн.Әскери қызметшінің өмірінде отбасы – тірек пен рухани күштің қайнар көзі. Сондықтан армияда әскери қызметшілердің отбасыларына қамқорлық тек мерекелік күндермен шектелмейді. Бұл бағыттағы жұмыстарды тәрбие құрылымдарының офицерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі мамандар тұрақты түрде жүргізіп келеді. Олар қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, оқушы балалардың демалысын тиімді өткізуге жағдай жасайды, мәдени және спорттық шаралар өткізіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар тәрбиеленіп жатқан отбасыларға қолдау көрсетеді.– Бүгінде еліміздің Қарулы күштерінде ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметте жүрген 1300-ден аса отбасы бар. Сонымен қатар 500-ден астам әскери әулет бар. Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасылардан шыққан, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалғандардың 1700-ден астам баласы қамтылды, – деп атап өтті әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы Тәттігүл Смағұлова.Осы күндері бірқатар шаралар ұйымдастырылып, спорттық және интеллектуалдық ойындар, концерттер, экскурсиялар мен кездесулер өтті. Ұлттық қорғаныс университетінде «Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты сайыс өтіп, оған 9 отбасы қатысты. Ақмола гарнизонынан 100-ден астам отбасы мүшесі музыкалық филармонияға барып, «Қазақ операсының жауһарлары» қойылымын тамашалады.Сондай-ақ, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың мұражайына және әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Ашық есік күні аясында әскери шеберліктер көрсетіліп, қару-жарақтар мен әскери техника таныстырылды. Көрермендерге арналған концерттік бағдарлама мен ойын-сауық сайыстары өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067333?lang=kk
Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды 14.09.2025
2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%), шамамен 1,8 млн тонна сүрлемшөп (105,5%), 1,4 млн тонна құрамажем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған.Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жүргізілуде.Дайындалған мал азығының көлемі жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті.Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.
Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті 13.09.2025
 Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Бұл ауқымды басқосуға Қазақстанмен қатар, ТМД елдері мен шетелдің жетекші мамандары қатысып, кардиохирургия саласындағы жаңа тәжірибелер мен озық шешімдерді ортаға салды.Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, орталықтың ширек ғасырлық еңбегіне тоқталды. Қала басшысы жүрек орталығының медицинадағы жетістіктерін атап өтті.-Әкімдік әрдайым медицина саласындағы игі бастамаларды қолдап, инфрақұрылымды дамытуға, дәрігерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөледі. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен жаңашыл көзқарастарыңыз сапалы әрі қолжетімді медицинаның берік негізі. Бұл орталықтың жетістігі – Шымкенттің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы,– деді.Конгресс аясында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «Шымкент жүрек орталығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім өңірдегі ғылыми әріптестікті нығайтып, кардиология саласындағы зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталды. Сондай-ақ, айтулы шарада ерекше оқиға ретінде Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен орталық базасында «Кардиологиялық перспективалық зерттеулер» орталығы ашылды. Оның бастамашысы – белгілі кардиохирург, академик Юрий Пя. Жаңа ғылыми құрылым елімізде алғаш рет іске қосылып, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді.Орталықтың жұмысы медицина, экология, урбанистика, психология және цифрлық технологияларды тоғыстыратын пәнаралық тәсілге негізделмек. Ғалымдар жүрек ауруларын тек емдеумен шектелмей, оны алдын ала болдырмау бағытында жаңа шешімдер ұсынуды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Ұлт денсаулығы – тұрақты дамудың негізі. Біз тек қана ауруды емдеп қана қоймай, оны ғылымға, технологияға және саларалық ынтымақтастыққа сүйене отырып алдын алуымыз қажет» деген болатын. Бұл сөздер конгресс жұмысының негізгі бағытын айқындады.Басқосуда кардиохирургиядағы аз инвазивті және роботтық-ассистентті операциялар, 3D модельдеу, навигациялық жүйелерді қолдану тәжірибесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жас мамандарды қолдау мәселелері көтерілді.Конгрестің басты қонақтары мен спикерлері қатарында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, академик Юрий Пя, медицина саласының маманы Елжан Біртанов, «Шымкент жүрек орталығының» басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев болды.Шымкенттегі халықаралық кардиохирургтар конгресі медициналық ғылымды дамытуға, өңірдің ғылыми әлеуетін нығайтуға және халыққа көрсетілетін кардиологиялық көмектің сапасын арттыруға серпін берген маңызды оқиға ретінде тарихта қалатыны анық.
Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті 13.09.2025
Шымкент қаласында отбасы күніне орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастардың дарыны мен қайсарлығын паш еткен ауқымды мәдени-әлеуметтік шаралар өтті. Екі күнге жалғасқан бұл жобаның басты мақсаты – қоғам назарын ерекше жандарға аудару, олардың спорт пен өнердегі жетістіктерін насихаттау және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау болды.Спорт – қайсарлықтың мектебі11 қыркүйек күні өткен спорттық турнирлерде үстел теннисі, шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылды. Бұл жарыстар – жай ғана бәсеке емес, өмірдің сан түрлі сынақтарына мойымайтын жастардың табандылығы мен жігерінің айқын көрінісі болды.Жеңімпаздар лайықты марапаттарын алды:•    Үстел теннисі: 1 орын – Мамажанов Розимұрат, 2 орын – Нарзуллаев Арсланбек, 3 орын – Жақыпбек Дастан.•    Тоғызқұмалақ: 1 орын – Ергешбай Қайсар, 2 орын – Айтбаева Айсулу, 3 орын – Қарашаш Еркебұлан.•    Шахмат: 1 орын – Нұрақ Бақытжан, 2 орын – Арип Сүндет, 3 орын – Кудратов Гуламжан.Оларға медальдар, кубоктар, гүл шоқтары және қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл марапаттар – олардың еңбегінің жемісі, қайсарлығының айғағы.Өнер – жанның айнасы12 қыркүйек күні өткен шығармашылық кеште ерекше жастардың өнерге деген құштарлығы мен таланты барша көрерменді тәнті етті. Ән мен би, әдебиет пен қолөнер тоғысқан кеш – нағыз шабыт пен шынайылықтың мерекесі болды.Кеш барысында 40 алғыс хат пен гүл шоқтары табыс етіліп, 10 жас талантқа ынталандыру сыйлығы ретінде ұялы телефон берілді. Бұл тек сыйлық емес, олардың жүрегіне сенім ұялатқан үлкен қолдау еді.Қоғамға бейімделудің көпіріЖобаның тағы бір маңызды бөлігі – қаладағы тарихи-мәдени орындарға ұйымдастырылған экскурсиялар. Бұл сапарлар жастардың мәдени танымын арттырып қана қоймай, олардың қоғаммен етене араласуына, рухани тұрғыда дамуына ықпал етті.Бұл шаралар – бір күндік мереке емес, болашаққа салынған сенім көпірі. Өйткені, ерекше жандарға қолдау көрсету – қоғамның өркениеттілігінің, адамгершілігінің өлшемі.Ұйымдастырушылар атап өткендей:"Бұл іс-шаралар арқылы біз мүмкіндігі шектеулі жастардың бойындағы шексіз мүмкіндіктерді паш еттік. Олар қоғамға үлгі боларлық қайсарлығымен ерекшеленеді. Ең бастысы – олардың сенімін арттырып, үлкен өмір жолына жетелеу."Шымкентте өткен бұл мәдени-әлеуметтік жобалар – қоғамдағы инклюзивтілікті нығайтуға, ерекше жастардың әлеуетін ашуға бағытталған үлкен қадам. Спорттағы жеңіс, өнердегі шабыт, қоғамдағы белсенділік – осының бәрі олардың шынайы өмірге деген құлшынысын арттырды.Бұл жобалар бізге бір нәрсені анық көрсетті: ерекше жастар – мүгедек емес, олар шексіз мүмкіндіктердің иелері.
Шымкентте кардиохирургтардың халықаралық конгресі өтті 13.09.2025
Шымкентте Шымкент кардиологиялық орталығының 25 жылдығына орайластырылған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» тақырыбында Халықаралық кардиохирургтер конгресі өтті. Ауқымды шараға Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің жетекші мамандары қатысты. Олар тәжірибе алмасып, кардиохирургия саласындағы озық шешімдерді талқылады. Съездтің ашылуында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, орталықтың медицина саласын дамытуға қосқан ширек ғасырлық үлесін атап өтті. "Әкімдік медицина саласындағы игі бастамаларды әрдайым қолдап, инфрақұрылымды дамытуға, дәрігерлерге қолайлы жағдай туғызуға және инновацияларды енгізуге баса назар аударып келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ғылыми зерттеулеріңіз және инновациялық көзқарастарыңыз сапалы әрі қолжетімді медицинаның берік іргетасы болып табылады. Бұл орталықтың жетістіктері тек Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы", - деді. Конгресс аясында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шымкент қалалық кардиологиялық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім аймақтағы ғылыми әріптестікті нығайтуға және кардиологиялық зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Тағы бір айтулы оқиға – Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен жұмыс істеп тұрған орталықтың базасында «Жетілдірілген кардиологиялық зерттеулер» жаңа ғылыми орталығының ашылуы болды. Оны құрудың бастамашысы атақты кардиохирург, академик Юрий Пя болды. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге мүмкіндік беретін мұндай құрылым еліміздегі бірінші болып табылады. Орталықтың жұмысы медицина, экология, қалатану, психология және цифрлық технологияларды біріктіретін пәнаралық тәсілге негізделетін болады. Ғалымдар жүрек ауруларын емдеуге назар аударып қана қоймай, олардың алдын алудың жаңа шешімдерімен белсенді жұмыс істейтін болады. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында атап өткендей: «Ұлт денсаулығы – тұрақты дамудың негізі. Біз ғылымға, технологияға және салааралық ынтымақтастыққа сүйене отырып, ауруларды емдеп қана қоймай, олардың алдын алуымыз керек». Бұл сөздер съезд жұмысының негізгі векторына айналды. Конгрессте шағын инвазивті және роботты операциялар, 3D модельдеу, навигациялық жүйелерді пайдалану тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жас мамандарды қолдау мәселелері талқыланды. Басты қонақтар мен спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, академик Юрий Пя, медицина маманы Елжан Біртанов, Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев болды. Шымкентте өткен Халықаралық кардиохирургтер конгресі медицина ғылымының дамуына, өңірдің ғылыми әлеуетін нығайтуға және халыққа кардиохирургиялық көмек көрсету сапасын арттыруға ынталандыру ретінде тарихта қалатыны сөзсіз маңызды оқиға болды.
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институттың 358 курсанты ант берді 13.09.2025
1 курс курсанттарының әскери ант беру рәсімі оқу ордасының 55 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бүгінде бұл институт елдегі жетекші әскери білім ордаларының бірі саналады.Жас курсанттар екі айлық дайындықтан соң Отанға адал қызмет етуге серт беріп, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына ресми түрде қабылданды.– Бүгін – Отан қорғау жолын таңдаған әрбір жастың өміріндегі ең маңызды кезең. Сіздер осы сәттен бастап халық алдындағы қасиетті борышты мойындарыңызға алып отырсыздар. Әрқайсыңыз бұл жолда табандылық, ерлік пен кәсібилік танытып, ел сенімін ақтайсыздар деп сенемін, – деді институт бастығы полковник Ербол Нұржанов өз құттықтау сөзінде.Ата-аналардың да қуаныштарында шек жоқ. – Ұлының есейіп, Отан қорғауға дайын екенін көру – ананың бағына біткен бақыт. Осы екі айда ол мүлде өзгеріп, нағыз ер азаматқа айналды. Біз оның нағыз офицер боларына сенеміз, – деді 1 курс курсантының анасы Нұржанат Абалықова.Салтанатты шара барысында екінші курста оқитын десантшылар қоян-қолтық ұрыстың түрлі элементтерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік жиын институттың шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Бұл өнер көрсетілімдері оқу орнының бай тарихы мен дәстүрлерін айшықтап көрсетті.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институттың 55 жылдық мерейтойына орай өткен әскери ант қабылдау рәсімі – болашақ офицерлердің ел қорғауға дайындығы мен сертіне деген адалдығының айқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067298?lang=kk
Ақкөлде Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу іс-шарасын өткізді 13.09.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің рухына тағзым етті. Дәстүрге айналған игі шара аясында университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен «Қарулы күштердің Бас штабы академиясы» факультетінің 1 курс магистранттары және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы даңқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.Митингте Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков көрнекті қолбасшының қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы, ұлттық армияның құрылуындағы және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудегі айрықша рөлін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар жергілікті музейге барып, онда қойылған армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы, әскери қызметі мен мемлекеттік қызметін бейнелейтін бірегей фотоқұжаттармен танысты.«Қарулы күштердің Бас штабы академиясы» факультеті магистранттарының бұл еске алу іс-шарасына қатысуы – әскери дәстүрдің сабақтастығын, әрі көрнекті қолбасшының есімін ардақтап, оны ұрпақ жадында мәңгі сақтау ісінің маңыздылығын айғақтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067287?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде офицерлік үшсайыс пен табельдік қарудан оқ атужан өткен чемпионат жеңімпаздары марапатталды 13.09.2025
Қарулы күштердің XV Спартакиадасы аясында Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб бөлімшелері арасында ұйымдастырылған офицерлік үшсайыс және табельдік қарудан оқ ату біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты жағдайда марапатталды.Жарыстар екі топ бойынша өтті.Бірінші топта – Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелері, ал екінші топта – Қарулы күштердің бас басқармалары қатысты.Үшсайыс бағдарламасына Макаров тапаншасынан ату, жүзу және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген жүгіру жарыстары енді.Бірінші топ бойынша жалпыкомандалық есепте офицерлік үшсайыстан жеңіс тұғырына Әскери өкілдіктер орталығының командасы көтерілсе, екінші орынды Қару-жаоақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету орталығы, үшінші орынды Жауынгерлік даярлық департаменті иеленді.Жеке біріншілік нәтижесінде 30 жасқа дейінгі санатта Жауынгерлік даярлық департаментінің өкілі майор Нұрзат Оразбек, 40 жасқа дейін – Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету орталығының өкілі капитан Мұрат Смғұлов, 40 жастан жоғары – Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің өкілі подполковник Альнұр Қуанғалиев үздік атанды.Әйелдер арасында Әскери өкілдіктер орталығының қызметшісі Меруерт Қалиева ең үздік нәтиже көрсетті.Қарулы күштердің бас басқармалары арасындағы екінші топта Бірінші орынды Қару-жарақ бастығының басқармасы, екінші орынды Тыл бастығының басқармасы,үшінші орынды Әскери инфрақұрылым бас басқармасы иеленді.Жеке біріншілікте: 30 жасқа дейін – Әскери полиция бас басқармасынан капитан Нұрдәулет Тағайбек, 40 жасқа дейін – Әскери инфрақұрылым бас басқармасынан лейтенант Марат Өтешқалиев, 40 жастан жоғары – Тыл бастығы басқармасынан подполковник Мұрат Ақынбеков топ жарды.Әйелдер арасында Қару-жарақ бастығы басқармасынан подполковник Ұлпан Талап озды. Ал тапаншадан ату чемпионатында әскери қызметшілер ПМ-3 жаттығуы бойынша 25 метр қашықтықтағы нысанаға оқ атты.Бірінші топтың командалық нәтижесінде: алтын Әскери өкілдіктер орталығына, күміс Жауынгерлік даярлық департаментіне, қола  Әскери-техникалық саясат департаментіне бұйырды.Жеке есепте ерлер арасында подполковник Тұрғынбек Хаким (Әскери өкілдіктер орталығы), әйелдер арасында кіші сержант Дәуренгүл Нұрланқызы (Жауынгерлік даярлық департаменті) чемпион атанды.Екінші топтың нәтижелері бойынша командалық есепте  Тыл бастығы басқармасы бірінші, Қару-жарақ бастығы басқармасы екінші, Әскери инфрақұрылым бас басқармасы үшінші орын алды.Жеке біріншілікте ерлер арасында подполковник Мұрат Ақынбеков (Тыл бастығы басқармасы), әйелдер арасында  майор Динара Байкенова (Әскери инфрақұрылым бас басқармасы) жеңіске жетті.Чемпиондар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067286?lang=kk
АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 13.09.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін маңызды қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстыққа салмай, халықтың талқылауынан өткізіп, 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынды. Демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі.Маған ерекше әсер еткені – Президенттің «іргелі реформаларды тосыннан жарияламаймыз, қоғамнан жасырмаймыз» деген ұстанымы. Шын мәнінде, тағдырлы мәселелерді тек халықпен бірге талқылау арқылы ғана әділетті шешім қабылдауға болады. Бұл – елдің болашағына деген шынайы жауапкершіліктің көрінісі.Парламенттік реформаның мәні терең. Егер ел бір палаталы Парламент құруға келіссе, онда саяси партиялардың жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түспек. Партиялық бәсеке күшейіп, Мәжіліс нағыз саяси пікірталастар алаңына айналады. Бұл өз кезегінде халықтың сенімін арттырып, билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.Сонымен қатар Жолдауда кәсіпкерлерге қатысты айтылған ойлар да маңызды. Мемлекет басшысы бизнеске қолдау көрсету, әділ бәсекелестік орнату, адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерді қорғау қажеттігін қадап айтты. Бұл – Қазақстан экономикасының жаңа серпін алуына жол ашады. Кәсіпкер еркін дамыса, елдің әл-ауқаты да көтеріледі.Саяси реформа мен экономикалық реформаның тоғысуы – біздің басты артықшылығымыз. Бір жағынан, халықтың сеніміне сүйенген бір палаталы Парламент құрылса, екінші жағынан, еркін кәсіпкерлікке негізделген қуатты экономика қалыптасады. Екеуі де бір мақсатқа – Әділетті және Қуатты Қазақстан құруға қызмет етеді.Сондықтан бұл бастамаларды жүзеге асыруда баршамыздың үн қосуымыз, әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды.Тахирбек НИШАНБАЕВ «Шымкент қаласы  өзбек этномәдени қоғамы» ҚБ төрағасы
Жастар жасампаз болуы қажет 13.09.2025
– Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында бірқатар қоғамдық үдерістерге тоқталып өтті. Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек екенін айтты. Бұл – жастарға өте керек қасиет. Президент қазіргі жастар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық екенін де айтты. Өз ісінің маманы, адал кәсіп иелері Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Жалпы, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Қазіргі уақытта жоғары жетістіктерге жетуге барлық азаматтың мүмкіндігі бар. Ол үшін адал еңбек етіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру қажет. Президент «Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады» деді. Расында, қазіргі таңда азаматтардың жетістікке жету жолында барлық жағдайлар жасалған. Оларға тек қана адал еңбек ету – басты міндет. Біз ел абыройын асқақтату мақсатында еңбек еттік. Әлем чемпионаттары, Азия ойындарында жүлдегер болдық. Қазіргі уақытта шәкірт тәрбиелеп, жастардың спорттан өз жолын табуына, жоғары жетістіктерге жетуі жолында еңбек етіп келеміз. Ендігі ретте біз бағындырған биікті жас ұрпақ жалғастыруы тиіс. Ортақ мақсаттарға осылайша бірге қол жеткіземіз.Біржан ЖАҚЫПОВ, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері