Қоғам
Балалар мен жастарға назар фокусында ҰДАҰ 3.0 іске асыру бойынша ЮНИСЕФ дөңгелек үстеліне қатысу 18.11.2024
COP29 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі М.Ошурбаев ЮНИСЕФ ұйымдастырған балалар мен жастар фокусындағы ҰДАҮ мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі панельдік сессияға қатысты.Қазақстан жаңа ҰДАҮ 3.0 әзірлеу кезінде білім берудің және әлеуетті нығайтудың маңыздылығын көрсететін ЮНИСЕФ тәсілдерін қабылдауға ниетті екендігі атап өтті. Атап айтқанда, ҰДАҮ-ге ілім беру, балалар мен жастардың осалдығы мәселелеріне арналған жеке тарауды енгізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885448
Магистратураға түсуге аргалған кешенді тестілеу басталды 18.11.2024
Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 23 қарашаға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 28 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 11 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл.Естеріңізге сала кетсек, биыл бейінді магистратураға түсу форматына өзгерістер енгізілді. Бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балды құрайды.Тестіленуші апелляцияға техникалық себептер бойынша тестілеу барысында, тестілеу тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.Магистратурада оқу үшін қысқы қабылдауға 4 мыңнан астам грант бөлінген.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіМАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/885283
АППАРАТ ЖИЫНЫ 18.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Өңір басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге көшпес бұрын қаржы басқармасы мен қоғамдық даму басқармасының басшыларын таныстырды. Жиын барысында ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапасын жоғарылату шаралары және Ұлытау облысы елді мекендерінде байланыс сапасын жақсарту жайында қос сұрақ қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысы Болат Байкин мәлімдеме жасады. Бұл ретте облыс әкімі жауапты орынбасарларына өңірдегі аттракциондар мен балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтар және жеделсатылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін өңірлік ахуалдық штаб отырысында қарастыруды тапсырды. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша Ұлытау облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ермек Жазылханұлы баяндама жасады. Өңір басшысы өз кезегінде Ұлытау ауданының әкіміне аймақтағы елдімекендердің байланыс сапасын жақсарту үшін мачта орнататын жерді рәсімдеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/885358
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТІРКЕЛГЕН 18.11.2024
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды қамту шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Барлық медициналық мекемеге 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 350 мың адамды құрап, өткен аймен салыстырғанда 23 пайызға азайып отыр. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға арнайы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және анықтау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жұмысты күшейтіңіздер. Әлі де немқұрайлы қарап отырғандар бар. Аудан, қала әкімдіктері жергілікті жауапты басқармамен бірлесіп, жеке кәсіпкерлерге, шаруа немесе фермерлік қожалықтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырыңыздар. Субсидия алып, кәсібін жүргіземін деген әрбір адам төлеуі қажет. Сонымен бірге медициналық көмек сапасын да жақсарту керек. Жауапты мекеме басшылары өзара бірлесе жұмыс атқарулары тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.Жиын барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов баяндама жасап, облыс тұрғындарының сақтандыру санатына өтуі мен МӘМС аясында медициналық қызмет алудағы туындап жатқан өзекті мәселелерге тоқталды. Өңірде 27 мыңнан астам шаруа қожалықтары аталған МӘМС-ті төлемеген. Бұған дейінгі орын алған мәселелер «Е-Сақтандыру» жүйесі арқылы шешімін тауып отыр.Мобильді топтар соңғы 3 айда «Бір аптада – 3%, бір айда – 12%» ұранымен науқандық немесе тұрақты жұмысшыларды «көлеңкелі еңбек» нарығынан жарыққа шығаруға мұрындық болған. Жалпы тұрғындарды МӘМС-ке тарту жұмыстарын күшейту мақсатында өңірлік штаб отырыстары өтіп тұрады. Соның ішінде Д, Е категорияларындағы адам санын азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер департаменті МӘМС жүйесі бойынша төлемдерді 2022-2023 жылдардан бері мүлдем төлем жасамаған 43 мыңнан аса адамға хабарлама жолданып, борышкерлердің есеп шоттары бұғатталған еді. Өткен айдың нәтижесімен 8 мыңнан астамы қарызын төлеген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885289
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫ ТАЗАЛАУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 18.11.2024
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Келесі жылы да облыс көлемінде тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасып, жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы саладағы мәселелер талқыланды. Маңызды жиында өңір басшысы тазалық пен абаттандыру шараларын тек сенбілікпен шектемей, осы бағыттағы жұмыстарды ширата түсуді тапсырды.– Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын келесі жылы да жалғастырып, апта сайын пысықтап отырамыз. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Тұрғындар арасында да түсіндіру, экологиялық сауаттылықты көтеру жұмыстарын тоқтатпау керек. Әсіресе, облыс орталығы – Түркістан өзгелерге үлгі болуы тиіс. Бұл ретте полицияның да белсенділігі талап етіледі. Индустриалды аймақтарды тазалап, көгалдандыруды тапсырғанмын. Инвесторлар тарту үшін тазалық маңызды. Жұмысты ширатыңыздар. Күзгі ағаш егу науқанын сапалы атқару да маңызды. Осы аймаққа жерсінетін, өсетін ағаштар отырғызылуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.Мәжілісте Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Нұркен Аралбеков аудан, қалаларда абаттандыру, көгалдандыру және тазалығына жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы баяндады.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда аудан, қалаларда жалпы 732 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ келесі жылға бағдарлама аясында барлық мемлекеттік және жеке секторды қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара тек сенбілікпен шектелмей, бағдарламаны жаңа үлгіде өткізу бойынша Жол картасы әзірленуде.Телеграмм бот платформасында бүгінгі таңда, 546 өтінім түскен. Оның ішінде: 529 өтінім орындалған, 1 өтінім орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылды.Облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістан қаласындағы индустриалды аймақты секторларға бөліп, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 60 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сондай-ақ бұл аймақта сенбі күні бекітілген басқармалар бірлесіп, жүмыс істеді. 880 ағаш отырғызылды және 2 шақырым жол бойы тазаланып, 1 шақырымнан астам жол жиегі әктелді. Бұл сенбілікке 9 басқарма немесе 315 мемлекеттік қызметшілер атсалысты.Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 113 мыңнан астам хаттама толтырылып 305,7 млн. теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік нысанына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1 381 ескерту және 647 айыппұл салынған. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасының өтуі тұрақты қадағалануда.Жиында облыс әкімі тарапынан аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына тазалық, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885306
«Almaty Students Week» фестивалі өз мәресіне жетті 18.11.2024
Алматыда Халықаралық студенттер күніне арналған «Almaty Students Week» ауқымды апталығы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестиваль аясында 28 іс-шара ұйымдастырылып, оған қаламыздың 15 000-ға жуық студенттері қатысты.Фестивальдің жарқын сәттерінің бірі – «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі болды. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады.«Almaty Students Week» фестивалі – қаламыздың белсенді жастарының басын қосқан үлкен алаң болды. Әрбір қатысушы өзін танытып қана қоймай, Алматы студенттер қауымдастығының дамуына өз үлесін қосты. Бұл фестиваль жастардың арманын жүзеге асыра алатындығын және маңызды құндылықтарды қолдайтындығын дәлелдеді. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және олардың бастамаларын қолдаймыз». «ALMATY STUDENT’S WEEK» апталығы аясында «Ең үздік студенттік топ - 2024» байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқау Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын бір ортаға біріктірді. Байқауға қатысу үшін 30-дан аса өтінім келіп түсті. Сайысқа жалпы Алматының 300-ден астам студент жастары қатысуға ниет білдірді.Байқау қорытындасы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «BusinessLAB» студенттік тобы қаланың «Ең үздік студенттік тобы» болып танылды. Ал II орынды Қазақ ұлтық аграрлық университетінің «DreamTeams» студенттік тобы, III орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Histrue» студенттік тобы иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды. Апталықтың ерекше шараларының бірі Әуезов ауданы комьюнити орталығында өткен «PROдвижение»: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі болды. Мерекелік атмосфераны ерекше ету үшін іс-шара «Гарри Поттер» стилінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Алматыда ерекше қажеттілігі бар жастар үшін қолжетімді ортаны құруға бағытталған «Alrathon» байқауы өтті. 100-ден астам қатысушылар топтарға бөлініп, өз жобаларын әзірлеп, сарапшылардың қолдауына ие болды. Бұл байқау жасанды интеллект технологияларын кеңінен насихаттауға және оларды әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдануға мүмкіндік берді.«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Молодежная лига КВН Алматы» ойындары өтті. Қаламыздың әзілкеш студенттері бір сахнада бас қосты.Ал апталықтың әдемі нүктесі қаламыздың 1000-ға жуық студенттердің басын қосқан Медеуде өткен «ICE Party» болды. Мерекелік кеште студенттер үшін мұз үстінде қызықты конкурстар, интерактивті ойындар және флешмоб ұйымдастырылды. Шара барысында жас өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады «Ең алдымен, «Almaty Student Week» шарасын ұйымдастырған барша жандарға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Осы іс-шараның арқасында мен тек білімімді жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа достар таптым. Осындай бастамалар бізді, студенттерді, жаңа идеяларға, дамуға және қаламыздың өміріне белсенді атсалысуға жетелейді. Ұмытылмас сәттер үшін алғыс айтамын!», - деді фестиваль қатысушысы Алдияр Бақытбеков.«Almaty Students Week» фестивалі студенттер күнін атап өтудің жаңа дәстүрлерін нығайтып, жастардың шығармашылығы мен өзін-өзі дамытуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, аталмыш жоба келесі жылы да жалғасын таппақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885341
Алматы әкімі әлемге әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдерімен кездесті 18.11.2024
Әлемге әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдері алматылық кітапханалармен, баспалармен және жазушылармен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Frankfurter Buchmesse президенті және атқарушы директоры Юрген Боосты қабылдады.Кездесу барысында Франкфурт тарапы Алматының көпұлтты қала ретіндегі бірегейлігін атап өтіп, ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді. Өз кезегінде Ерболат Досаев әкімдік тарапынан кітапханаларды жаңғыртуға және заманауи қоғамдық кеңістіктер құруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Сондай-ақ Алматы қаласының кітапханаларында табысты енгізілген инновациялық және креативті шешімдер туралы баяндады.«Электронды кітаптарды пайдалану үрдісінің артуына қарамастан, баспа кітаптарын оқу сезімін, қағаз беттерін ұстап көру әсерін ештеңе алмастыра алмайтынына сенімдімін. Кітапханалардың белсенділігінен біздің тұрғындарымыздың кітапты өте жақсы көретінін байқаймыз, біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде қаламыздағы кітапханалардың 95%-ы жаңғыртылды. Біз барлық ауданда заманауи кітапханалар ашып, халық көп жиналатын жерлерде – сауда және ойын-сауық орталықтарында, комьюнити орталықтарында және басқа орындарда автономды кітапханалар орнатып жатырмыз. Сонымен қатар, жазушылар мен заманауи авторларды қолдаймыз», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті және атқарушы директоры Юрген Боос Алматыда жергілікті авторлар мен баспаларға арналған семинарлар өткізуге, сондай-ақ ауқымды кітап іс-шараларын ұйымдастыруда кеңес беруге дайын екенін білдірді.«Біз Қазақстанға арнайы келдік. Алматымен байланыс жасап, ынтымақтастық орнату біз үшін маңызды. Біз тек жәрмеңкелер өткізумен шектелмей, баспа ісін де дамытамыз. Мен баспа саласы үлкен өзгерістерді қажет етеді деп санаймын және осы салада тәжірибе алмасуға дайынбыз. Бұған дейін біз Мексикада, Оңтүстік Африка Республикасында және БАӘ-де өткен кітап жәрмеңкелерінің ұйымдастырушыларын кеңес беріп қолдадық. Яғни, бұл салада мол тәжірибеміз бар. Сондай-ақ, Қазақстанды Франкфурт кітап жәрмеңкесінің құрметті қонағы болуға шақырғымыз келеді», – деді Юрген Боос.Кездесу соңында тараптар 2025 жылы Алматыда бірлескен жобаларды дамыту және мәдени-іскерлік байланыстарды нығайту туралы уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885352
Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды 18.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды.Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай ішкі нарықта тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы азық-түліктің 32 түрінен 26 негізгі азық-түлік өнімі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етеді. Бұл – ұн, нан, макарон, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, қияр, қызанақ, ашытылған сүт өнімдері, өсімдік майы және т.б. Қалған 6 түрі – қарақұмық, күріш, қант, тұз, бұрыш, балық басқа аймақтардан жеткізіледі және ішінара импортталады.Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына 26 тонна қарақұмық жармасы, 594 тонна қант, 7 880 тонна бірінші сұрыпты ұн және 37 тонна күріш салынды.«Биылғы егіннен 61,8 мың тонна картоп, 43,4 мың тонна көкөніс, 40,0 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Бұдан басқа, 2024 жылғы күзгі егіннен бастап желтоқсаннан сәуірге дейінгі маусымаралық кезеңде жергілікті тауар өндірушілермен «Пригородный» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Арман» ШҚ 4846 тонна картоп, 390 тонна сәбіз, 400 тонна пияз, 448 тонна қырыққабат жеткізуге шарттар жасалды. Бұл көлемдер көрсетілген кезеңге жеткілікті», - деді Құсайын Сәрсембай.Сонымен қатар, облыста қызанақ пен қияр өсірілетін 40 жылыжай жұмыс істейді. Биыл жылыжайларда 17,5 мың тонна қызанақ және 0,7 мың тонна қияр өсірілді. Жылыжай өнімдері облыстың базарлары мен дүкендеріне түседі.Жыл басынан бері 569 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда тұрғындар жаңа өнімдерді нарық құнынан 10-15% төмен бағамен сатып алды.Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен кәсіпкерлік субъектілеріне өңірге қажетті азық-түлікті жеткізуге кредиттер беруге 3764,3 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, жергілікті жеткізушілер және өндірушілермен азық-түлік жеткізуге келісімшарттар жасалады. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда желілеріне, дүкендерге және коммуналдық базарларға белгіленген бағамен жеткізілуде.Облыс әкімі Асхат Шахаров өңір көлемінде өткізіліп жатқан жәрмеңкелерде халық қарасы көп екенін, оны ұйымдастыру өз тиімділігін көрсеткенін және тоқтатпау қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін олардың бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885336
«Жайлы мектеп»: Шемонаихада жаңа білім ордасының құрылысы аяқталды 18.11.2024
Шемонаиха ауданында 300 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы аяқталды.Бүгін білім ордасының техникалық ашылуы өтіп, құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Ермек Көшербаев арнайы келіп танысты.– Мектеп керемет, сөз жоқ. Бірақ оның тиісті білім деңгейі де болуы керек. Ол жағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар. Әрине, елімізде «Жайлы мектеп» жобасын бастаған Мемлекет басшысына зор алғыс айтамыз. Көріп отырғандарыңыздай, мұнда балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалыпты. Құрылыс жұмыстары абыроймен атқарылды, – деп атап өтті өңір басшысы.Жаңа мектеп Путейская көшесі, 16/1 мекенжайында орналасқан, оның жалпы ауданы – 5513,5 шаршы метр. Жобалау және салу жұмыстары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығымен жүргізілген. Бас мердігер міндетін «Фирма Азия» ЖШС атқарған, ал техникалық және авторлық қадағалауды «Восток Инжиниринг» ЖШС және «БК «OST-проект» ЖШС жүзеге асырыпты.Мектеп директоры Назигүл Тотекинаның айтуынша, білім беру мекемесінде 1-11 сынып аралығындағы 335 оқушы, сондай-ақ мектепалды даярлық тобында 15 бала оқиды.– Біз барлық қажетті рәсімді жылдам аяқтаймыз деп үміттенеміз. Бұйырса, үшінші тоқсаннан бастап оқушыларымыз жаңа мектепте білім алатын болады, – дейді мектеп директоры.Облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева бұл мектеп 90 жыл бұрын салынған ескі ғимараттың орнында бой көтергенін айтты. Ыңғайлы мектеп заманауи кабинеттермен, қажетті техникамен жабдықталған және мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай бейімделген.Айта кетейік, қазір Шемонаиха қаласында төрт мектеп бар болса, оның бірі – осы білім ордасы. Алдағы уақытта №4 мектептің оқушылары мен педагогикалық құрамы жаңа ғимаратқа көшеді. Бұл, әсіресе, балаларын әбден ескірген мектепке беруге мәжбүр болған Теміржол ауданында тұратын ата-аналар үшін қуанышты жаңалық болғаны сөзсіз.Иә, Шемонаиха тұрғындары Шәкәрім атындағы №4 мектептің ашылуын асыға күтеді.– Мұндай мектептер ойластырылған мемлекеттік саясаттың нәтижесі деп түсіну керек. Аталмыш мектептерде балаларға жайлы жағдай жасалып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да жол ашылады, – деп түйіндеді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/885355
Қазақстан беделді туристік марапатқа ие болды 18.11.2024
Халықаралық Uzakrota Travel Awards сыйлығы Kazakh Tourism компаниясымен қатар Сауд Арабиясы, БАӘ, Сербия, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Тайланд және Ирландия мемлекеттерінің өкілдеріне елдің халықаралық туристік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін табысталды.Туристік индустриядағы маңызды шаралардың бірі Uzakrota Travel Summit 2024 халықаралық саммиті Ыстамбұлда өтті. Оның барысында туризм саласындағы нәтижелерге сәйкес 40 аталым бойынша жыл сайынғы марапаттар табысталды.Жеңімпаздар сарапшылардың және кең аудиторияның пікірі негізінде анықталды. Қазақстан алғаш рет Uzakrota Travel Awards сыйлығымен марапатталды.Іс-шараға әлемнің 110 елінен 15 мың делегат қатысты. Kazakh Tourism саммитке қатысушыларға Қазақстанның туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.2025 жылы Қазақстан халықаралық EMITT туристік көрмесіне қатысады. Оның арқасында Түркиямен және басқа елдермен туристік байланыстарды нығайту жоспарланып отыр.Түркия - ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға келетін туристер саны бойынша екінші орында. 30 күнге дейінгі визасыз режим және қос мемлекет арасындағы тұрақты тікелей рейстер келушілер қатарының артуына ықпал етеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізге келген түрік туристерінің саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артты.Атап өткен жөн, биыл халықаралық Lonely Planet баспасы «Best in Travel» рейтингінде Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға болатын ең үздік елдердің бірі ретінде анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885222
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 18.11.2024
🔹Конькимен жүгіру: Жапонияның Хатинохе қаласында өткен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.🔹Мәнерлеп сырғанау: Эстонияда өткен мәнерлеп сырғанаудан Challenger Series санатына кіретін Tallinn Trophy 2024 халықаралық турнирінде Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 173,25 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.🔹Каратэ: Ресей астанасы Мәскеудегі WKF каратэден Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.🔹Фристайл-могул: Аустрияның Хинтертукс тау шаңғы курортында ұйымдастырылған фристайл-могулдан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль салды.🔹Бадминтон: Дмитрий Панарин Замбиядағы Zambia International Challenge 2024 халықаралық турнирінің жекелей сынында үздік шықты. Ол 2022 жылы осы турнирдің жекелей сынында чемпион атанған.🔹Теннис: Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада Корея теннисшілерімен шеберлік байқасып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы келесі жылы сәуірде өтетін турнирдің іріктеу кезеңіне жолдама алды.🔹Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Италияның Линьяно қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885230
2024 жылдың 15 қарашасына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет 18.11.2024
🔺eGov mobile арқылы – 168 250 адам;🔺жазбаша – 2 311 адам.🔺Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:🔺eGov mobile арқылы – 40 212 адам (жалпы санның 23,90%);🔺жазбаша – 836 адам (жалпы санның 36,17%).🔺eGov 2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.📌Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 ж. берілген өтініштердің саны 168 250 құрады.Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885238
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты 18.11.2024
Jibek joly туристік пойызы «Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы» бағыты бойынша алғашқы сапарын сәтті бастады. Биыл алғаш рет іске қосылған тур 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында жолаушылар жайлы сапардан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени-тарихи орталығы саналатын Түркістан мен Ташкент қалаларында болады.Туристік пойыздың құрамына бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған, Қазақстанда өндірілген су жаңа бес заманауи вагон кіреді. Пойыз экипажының құрамында басшы, сегіз тәжірибелі жолсерік және электромеханик бар.Пойыздың сыртқы көрінісінде мемлекеттік Тудың суреті бейнеленсе, ішкі дизайны қазақы қонақжайлылықтың атмосферасын көрсетеді. Яғни, ұлттық ою-өрнектері бар алтын түстес төсек-орын вагонға ерекше сипат беріп, дәстүрлі стильде безендірілген вагон-ресторан ұлттық және еуропалық тағамдардың түрлі мәзірін ұсынады.«Біз алғаш рет Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы бағыты бойынша туристік пойызбен саяхатқа шықтық. Сапар аясында бір күн Түркістанда, екі күн Ташкентте боламыз. Бұл туристік пойыз теміржол туризмінің және жалпы еліміздің туристік әлеуетінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті жолаушы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885255
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Дәурен Құлбатыров. 18.11.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Дәурен Құлбатыров. Дәурен Қамысбайұлы – Utebayev University Н.К.Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институты «Геоэкология» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Ғылыми және педагогикалық қызметін 2003 ж. Атырау мұнай және газ институтында тәжірибе жинақтаушы-оқытушы болып бастады. Жетекші ғылыми жобалары қатарында келесі жобалар саналады:Индер көлінің табиғи суын ұтымды пайдалану (2017 ж.);Солтүстік-Шығыс Каспий жағалау белдеуінің фондық жағдайы (2019-2020 жж.);Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделетін мұнай құрамын зерттеу (2022-2023 жж.);Күкіртті сақтау алаңының атмосфералық ауа сапасына әсерін зерттеу (2023 ж.). TEMPUS IEMAST: «Өнеркәсіптік экология» (2012-2015 жж.), Erasmus+ GEOCLIC: Климат өзгеруіне бейімделу (2020-2023 жж.) Халықаралық жобаларына қатысқан. Дәурен Құлбатыровтың ғылым жолына келуіне өзі білім алған оқу орнындағы жетекшілері ықпал болған. Университет қабырғасында тәжірибе жинақтаушы-оқытушы қызметінен бастап, түрлі лауазымдарды атқарып, бүгінде Геоэкология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/885357
Қазақстан Елшісі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды 18.11.2024
Гаага қаласындағы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының (ХҚТҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі, Қазақстанның ХҚТҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин ХҚТҰ Бас директоры Фернандо Ариасқа сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ХҚТҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.Қазақ дипломаты Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға және жаһандық сын-қатерлерді шешудегі осы халықаралық ұйымның рөлін арттыруға, ең алдымен химиялық қаруға тыйым салу саласында, бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1169193?lang=kk
Алматыда Франкфурт кітап жәрмеңкесінің семинары басталды 18.11.2024
Орталық Азияда алғаш рет «Алматыдағы Франкфурт кітап жәрмеңкесі: баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті» атты семинар өтіп жатыр. Іс-шара халықаралық баспа нарығында маңызға ие.Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Франкфурт кітап жәрмеңкесінің, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар Ассоциациясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Nomad Culture Foundation» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.Іс-шара қазақстандық баспагерлерге саладағы заманауи технологияларды меңгеруге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.Бағдарлама аясында авторлық құқықтар мен лицензияларды сатып алу және сату бойынша халықаралық тәжірибе, сондай-ақ Frankfurt Connect және Frankfurt Rights платформаларының жұмысын талқылау сияқты өзекті мәселелер қарастырылуда. Бұл платформалар іскерлік қарым-қатынас пен кітап құқықтарын басқаруға арналған.Іс-шараның негізгі спикерлері – Никол Уитт, Герман Экель, Беттина Бак және Владка Купска. Арнайы қонақ ретінде Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті Юрген Боос қатысты.Семинарға 20 қазақстандық баспа мен полиграфия саласының 40-тан астам мамандары мен оқытушылары қатысып жатыр.Іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады және «Баспа қызметінде жасанды интеллектті қолдану: халықаралық тәжірибе» тақырыбын қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885396
Қарағандылық құтқарушы гір спортынан әлем кубогының вице-чемпионы атанды 18.11.2024
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметі №28 өрт сөндіру бекетінің қызметкері Роман Герасименко 85 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, 15-18 қараша аралығында Қытайдың шығысындағы Хайнинг қаласында өткен гір спорты бойынша әлем кубогының вице-чемпионы атағына ие болды. Бұл жетістік гір көтеруден Қазақстан Республикасының спорт шебері Романның спорттық мансабындағы кезекті жетістігі болды.Спортшымызды лайықты медальмен құттықтаймыз және спорт ареналарында жаңа жеңістер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885314
«АЛМАТЫ-ТҮРКІСТАН-ТАШКЕНТ» ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 18.11.2024
Елімізде «Жібек жолы» туристік теміржол бағыты іске қосылды. Пойыз «Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы» бағыты бойынша жүреді. 16-20 қараша күндері өтетін алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды. Енді туристік пойыз ай сайын қатынайтын болады.Жолаушыларға жатын орын, үш мезгіл тамақ, қала ішіндегі саяхат ұсынылады. Туристерге ыңғайлы болу үшін барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің қатысуымен жүргізіледі. Саяхат - туристік автобустармен қамтамасыз етіледі. Туристер Түркістанды бір күн, Ташкентті екі күн аралайды.Саяхат барысында туристер Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне, Керуен Сарай кешені мен Отырар ауданындағы Арыстан Баб кесенесіне зиярат жасайды. Сондай-ақ, Ташкент қаласындағы Хазірет Имам кешенін, Төле Би кесенесін, Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңдарын аралайды. Одан бөлек, Ташкент қаласындағы көрікті жерлерге барады.Сапар барысында пойызда түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін пойызда фильм көруге, ән тыңдауға және кітап оқуға арналған vputi.kz мультимедиялық жүйесі қолжетімді болады.Сондай-ақ, жолаушыларға турдың бағдарламасы мен қалалардың карталары бейнеленген буклеттер ұсынылады. Әрбір жолаушыға естелік ретінде «Түркістан жаңғыру» атты туристік кітап сыйға беріледі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885258
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: КҮЗГІ МАУСЫМДА 28 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ 18.11.2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен төлебиліктер кезекті сенбілікте белсенділік танытып, күзгі тал көшеттерін екті. Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым өздеріне бөлінген аумақтарды қоқыстан тазартты.Күзгі маусымда ауданда 28 мыңға жуық тал көшеті егілуде. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алынған айлант, үйеңкі, шаған, қарағаш, терек, арша көшеттерін егуге аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ерікті жастар жұмылдырылды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885261
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 52 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ 18.11.2024
Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланып жатқан жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың құрамы жүйелі жұмыстар атқаруда. Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2024 жылға облыс бойынша 60 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Жыл басынан бері Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан 51,3 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің баяндауынша, өткен жылдың басында жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жайылым тапшылығы 608 мың гектарға дейін төмендеді.Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе отырып, жұмыстарды тиісті деңгейде атқаруды тапсырды. Жерді тиімді пайдалану керектігін ескертті.Биыл өңірдегі қоғамдық жайылым көлемін екі бағыт бойынша 304,0 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Атап айтқанда, бірінші бағыт бойынша жалпы 64 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, есепті мерзімге 49,1 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 10 айда жоспар 70 пайызға орындалды. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар Сарыағаш, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Келес, Созақ, Отырар аудандарында төмен деңгейде.Екінші бағытта жалпы қоғамдық жайылым қажеттілігін 240 мың гектарға төмендету бойынша шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру, мал бордақылау алаңдарын ашу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шалғайдағы маусымдық жайылымды ұйымдастыру арқылы қоғамдық жайылым қажеттілігі 95,5 мың гектарға төмендетілді.Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі ауыл шаруашылығы кешенін зерделеу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ тарапынан Ордабасы, Отырар, Сайрам аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.Елді мекендерді дамыту бағытында Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекеніндегі мал бордақылау алаңдарын елді мекеннің сыртына көшіру бойынша жалпы 587 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару қарастырылған. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан 255 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885267