Қоғам
Түпқараған ауданында әлеуметтік нысандар бой көтеруде 18.11.2024
Биыл Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана мен 260 орындық өнер мектебі салынуда. Жатақхана құрылысы 95%-ға аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл нысан аудандағы тапшы мамандарды қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Жалпы аумағы 1,6 гектарды құрайтын өнер мектебінің құрылысы 85%-ға дайын. Жыл соңына дейін ашылуы жоспарланған мектепте балалар мен ересектерге арналған мәдени және өнер секциялары жұмыс істейтін болады.Сондай-ақ, үш ауысымды оқытуды жою және оқу орындарының тапшылығын азайту мақсатында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық округінде 1200 орындық, 3 қабатты, заманауи талапқа сай жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша білім ордасы 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885150
Түпқараған ауданының үш ауылында су тұщыту зауыты салынып жатыр 18.11.2024
Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданында халық санының артуына байланысты маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде.Аудан орталығы Форт-Шевченко, Баутин және Аташ елді мекендерін сумен қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 5000 текшеметр теңіз суын тұщытатын зауыт салынуда. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы 80%-ға аяқталған. Бүгінде бұл елді мекендерге ащы су құбырлар арқылы жеткізіліп, ал тұщы су жер асты көздерінен арнайы тасымалдаушылармен жеткізілуде. Жыл соңына дейін зауыт толық іске қосылып, құбырлар арқылы тұщыландырылған су тұрғындарға берілмек.Аудан инфрақұрылымын жақсарту бағытында тағы бір маңызды жоба – тәулігіне 1000 текшеметр кәріз суын тазартуға арналған жаңа тазарту жүйесінің құрылысы. Бұл жобаның 95%-ы аяқталып, жақын арада іске қосылады деп жоспарлануда.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885162
Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті 18.11.2024
Бүгін, 18 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысына аудандағы қордаланған мәселелерді жеткізуге 400-ге жуық тұрғын жиналды. Аудан халқымен кездесу бес сағатқа созылды.Жиында алдымен, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндама жасады.Аудан әкімінің айтуынша, биыл қаңтар айында Сайын Шапағатов ауылында демеушілік қолдаумен «Сүйінғара» спорт кешені ашылды. Қазіргі таңда бұл кешенде 150 бала спортпен шұғылданып жатыр. Сонымен қатар, Қызылөзен ауылында футзал алаңының құрылысына конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Ал, Түпқараған аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында Қызылөзен ауылында балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін «RED PEARL» ЖШС-не 56 гектар жер телімі берілді. Бұл ферма бекіре балығын өсіру және уылдырық өндірумен айналысады деп күтілуде. Ферма құрылысы 2025 жылдың басында басталы деп күтілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады.Көлік қатынасын жақсарту үшін биыл 5 ақпаннан бастап «Ақтау-Форт-Шевченко-Ақтау» бағытындағы жолаушылар тасымалы маршруты іске қосылды. Жолаушыларға 50 орындық «Yutong» маркалы екі автобус қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, шілде-тамыз айларында ұйымдастырылған конкурс нәтижесінде «Caspian Trans Corporation» ЖШС Форт-Шевченко-Баутино-Аташ бағытындағы тасымалды жүзеге асыру құқығына ие болды. Аталған бағыттағы қызмет 1 қазаннан бастап іске қосылды. Сондай-ақ Ақтау-Таушық бағытындағы жолаушылар тасымалы да жүзеге асырылуда.Кездесу барысында тұрғындар спорт, білім, денсаулық саласы, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын су, жұмыссыздық, ауылішілік жол салу, жарықтандыру, тұрғын үй, ауыз сумен қамту, азық-түлік бағасы, карьерлер мен балық шаруашылығына қатысты түйіткілді мәселелер көтерді.Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беріп, аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына барлық мәселелер мен ұсыныстарды заң аясында шешуді тапсырды. Кездесу соңында облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885179
Бұқар жырау ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 15 медициналық нысан салынады 18.11.2024
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданында жеті ФАП, төрт дәрігерлік амбулатория және төрт медициналық пункт ашылады. Құрылыс жұмыстары басталды. Биыл Самарқанд ауылында дәрігерлік амбулатория мен Тасауыл ауылында медициналық пункт іске қосылады.2025 жылы Ақбел, Байқадам, Белағаш, Құрылыс, Сарыарқа, Сарытөбе, Тұзды ауылдарында жаңа ФАПтар пайда болады. Гагаринское, Тоғызқұдық және Центральное ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайда болады. Ақөре, Красная Нива, Ынтымық ауылдарында медициналық пункттер жұмыс істей бастайды.Медициналық мекемелерде физиотерапия кабинеті мен дәріхана болады және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Олар шалғай ауылдардың тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында Новоузенка ауылында дәрігерлік амбулатория мен Ақтөбе, Қарақұдық ауылдарындағы фельдшерлік пункттер пайдалануға берілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885014
Grand Prix: елордада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді 18.11.2024
Елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қазақстан ұлттық құрамасының пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған. Енді санаулы айдан кейін қазақстандық спортшылар өз жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін көрсетпек.Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі – жаңа Олимпиада цикліне байланысты салмақ дәрежелерінің өзгеруі. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер үлестірмек.Бұл айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады. Олар:Асылан Нұрдаулетов (73 кг);Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);Ерболат Бекентаев (90 кг).Жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді. Ал жарыстар күн сайын сағат 10:00-де басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885189
Баспаналы болу – бір бақыт 18.11.2024
Әлеуметтік қызметтер үйі ғимаратында Алматыда үй кезегінде тұрған 124 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды aqshamnews.kzБаспаналы болу бақытына ие болғандар қатарында жетім балалар, І, ІІ топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасы мүшелері, зейнеткерлер мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар бар. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы жүректері лүпілдеп, пәтер кілтін алуға келген тұрғындарды құттықтап, үйді пайдалану бойынша техникалық қызметке қатысты ережені егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Ол сондай-ақ, берілетін пәтерлердің жай-күйіне тоқталды."Қазір тұрғындар келісімшартқа қол қойғаннан кейін, үйлерінің кілтін алады. Берілетін пәтерлер дайын тұр. Онда жылу, ыстық-суық су, жарық бәрі қосылған. Кіре беруге яғни, қоныстануға болады. Бірақ, тұрғындар уақытша электр плиталарын қолдануға тура келеді. Ал газ пәтер иелеріне 100% қоныстанған соң беріледі", - деді Ғалымжан Әбдішүкірұлы."Бір сағат ерте келіп алдым. 9:00-ден бастап осында отырмын. Көп балалы ана ретінде 2005 жылдан бері пәтер кезегінде тұрдым. Осы үйді күткеніме 15 жыл болды. Міне, 74 жасқа келгенде маған осындай баспана бақыты бұйырыпты. Қуанышымда шек жоқ. Әлі сене алар емеспін. Барлығыңа рахмет", – дейді алматылық Айнагүл Еркешова.Пәтер кілтін алуға келген тұрғындардың арасында өзінің эмоциясын жасыра алмай, ерекше сезіммен әңгіме айтып отырған жас келіншекке жақындадық. Өзін Салтанат деп таныстырған жас ана бұл пәтерді 2014 жылдан бері күтіп жүр екен. "Бұл пәтерді күткенімізге 10 жыл болыпты. Енді біздің өзіміздің ас бөлмеміз, өзіміздің кір жуатын машинамыз, телевизорымыз болады. Дәл қазір жүрегім жарылардай қуанып тұрмын, кілт алғанда жылап та қалуым мүмкін", - дейді ерекше күтімді қажет ететін баланың анасы. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы пәтер бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта Наурызбай мен Медеу аудандарында 1080 отбасы жалдамалы тұрғын үйден пәтер иеленді. Қараша айында тағы 920 алматылыққа кілт табысталып, олар Наурызбай ауданындағы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Мәселен, 1 қарашада пәтер кезегінде тұрған – 201 тұрғынға, 5 қарашада – 200 тұрғынға, 7 қарашада 175 қала тұрғынына пәтер кілттері табысталды. Ал бүгін 15 қарашада әлеуметтік осал топқа жататын 124 алматылық қоныс тойын тойлағалы отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885163
ШҚО мен Вьетнамның Бак Нинь провинциясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды 18.11.2024
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам коммунистік партиясы орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы ұлттық саясат академиясының директоры Нгуен Суан Тхангты қабылдады. Президент Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы еліміздің негізгі серіктесі ретінде атады. Оның айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын. Осы күні Астанада Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Бак Нинь провинциясы халық комитеті бауырлас қатынастар орнату туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Биыл мамыр айында Вьетнам делегациясы Шығыс Қазақстан облысына келіп, өңір басшысы Ермек Көшербаевпен туризм, ауыл шаруашылығы және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы серіктестіктің болашағын талқыланды. Меморандум Шығыс Қазақстан облысы мен Бак Нинь провинциясы арасында ресми әріптестік байланыстар орнатуды көздейді. Бұл құжат әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мықты негіз қалыптастырады. Құжаттағы негізгі тармақтардың бірі делегациялар алмасуды көздейді, ол басқару, экономика және мәдениет салаларында өзара түсіністік пен тәжірибе алмасуды тереңдетуге бағытталған. Тараптар тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты маңызды салаларда ынтымақтастықты белсенді дамытуға келісті. Әсіресе, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл сауда мен ресурстар алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Денсаулық сақтау саласында озық тәжірибе алмасу және медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар күшейтіледі, ал мәдени салада туризм мен мәдени құндылықтарды танымал етуге арналған жобалар жүзеге асырылады. Сонымен қатар тараптар жергілікті кәсіпкерлер мен компанияларды жаңа инвестициялық мүмкіндіктер іздеу жолында қолдауға келісті. Бұл іскерлік байланыстарды кеңейтудің жаңа перспективаларын ашады.Меморандумның маңызды тармағы – Вьетнам мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімнің мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл екі жаққа да экономикаларын тиімді интеграциялап, сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/885234
ШҚО-да израильдік компаниялармен ынтымақтастық сұрақтары талқыланды 18.11.2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Израильдің Қазақстан мен Қырғызстан Республикасындағы елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманмен кездесті.Айта кетейік, ол Еуропа, Латын Америка және БҰҰ бас ассамблеясында елшілік қызметті абыроймен атқарған. Шығыс Қазақстан облысы мен Израиль мемлекеті арасындағы өткен жылдың тауар айналымы 16,6 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Импорттық тауарлардың дені химиялық өнеркәсіп өнімдерінен құралған. Оның ішінде каучук пен пластмасса бар. Облыс аумағында Израильдің екі кәсіпорны жұмыс істейді. Аймақ басшысы елшіні Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарымен таныстырды. Кездесу барысында қос тарап медицина, туризм, инновациялық технологияларды дамыту бағыттарын кеңінен талқылады. Өскеменге жұмыс сапарымен келген Эдвин Натан Ябо Глусман бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырмақ. Бұдан бөлек, Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттеріне инновациялық білім беру бойынша лекция оқуды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/885249
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ 18.11.2024
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 23 қарашаға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 28 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 11 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл. Естеріңізге сала кетсек, биыл бейінді магистратураға түсу форматына өзгерістер енгізілді. Бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балды құрайды. Тестіленуші апелляцияға техникалық себептер бойынша тестілеу барысында, тестілеу тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Магистратурада оқу үшін қысқы қабылдауға 4 мыңнан астам грант бөлінген. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/885226
ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы: Ақтау қаласы «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» болып жарияланды 18.11.2024
Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті.Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.Кездесу барысында түркі мәдениетін дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру туралы шешімдер қабылдады.2025 жылы Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттерден түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды қарастырып, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер Түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ мәдени және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885209
Маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеев "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды 18.11.2024
Президент Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеевті "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады.Бұл мерекеде елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегімен отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі зор бір топ сала өкілдеріне наградалар табысталып, еңбек адамдарының еңбегі еленіп, құрметке бөленді.Ауыл шаруашылығын дамытып, орден таққан ауыл адамдарының қатарында Бейнеу ауданының шопаны Дәлубай Төлеев те бар. Бейнеу ауданының Тұрыш ауылында "Дәлубай" шаруа қожалығын басқарып отырған Дәлубайға ауыл шаруашылығы саласының III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885128
Алматыда автомобиль шығарындыларының улы деңгейі бойынша 400-ге жуық бұзушы анықталды 18.11.2024
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру бойынша «Таза ауа» акциясы жалғасуда. Бұл бастама мегаполистердегі улы шығарындылардың негізгі көздерінің бірі болып табылатын автокөлікпен ауаның ластануымен күресуге бағытталған.Акция аясында ағымдағы жылдың 30 қазаны мен 8 қарашасы аралығында Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қала орталығында да, оның шетінде де орналасқан жылжымалы экологиялық бекеттерде 882 автокөлікке тексеру жүргізілді. Негізгі мақсат-көлік құралдарының пайдаланылған газдарының залалы мен түтінінің деңгейін бақылау. Бұл әсіресе Алматыда маңызды, онда автокөлік ластаушы факторлардың едәуір бөлігін құрайды.Мониторинг нәтижелері тексерілген автомобильдердің 45% - ы, атап айтқанда 398-і экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтінін, олардың шығарындылары рұқсат етілген нормалардан асып түсетінін көрсетті. Бұл автокөлік иелерінің экологиялық жауапкершілігін арттыру және бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.Осыған байланысты құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Ал қайталама бұзушылықтар анықталған 11 автокөліктен әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес ақаулар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірлік белгілер тәркіленді. Олар пайдаланылған газ проблемаларын жойғанға дейін жұмысын жалғастыра алмайды.Бұл шаралар Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызды қадам болып табылады және ауаның ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Бақылауды күшейту жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттырады және қаладағы ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885121
Абай ауданында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 18.11.2024
Абай ауданына қарасты Саржал және Медеу ауылдық округтерінде жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған он азамат баспаналы болды.Бұл өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі. Биыл облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен аудандағы сегіз ауылдық округ пен бір елді мекенде 70 жаңа жалдамалы пәтер кезең-кезеңімен беріліп жатыр.Кілт табыстау рәсімінде аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды көптен күткен қоныс тоймен құттықтады.«Тұрғындардың жағдайын жақсарту – жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз ауылдық елді мекендерде тұрғын үй салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды жалғастырудамыз», - деді Мейіржан Смағұлов.Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, халық жүрегінен орын тапқан әндер орындалып, қойылымдар қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/885140
Министрлік жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді 18.11.2024
Министрлік жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді. Су дипломатиясының нәтижесінде суару кезеңінде Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе және келісілген көлемнен 1,1 млрд текше метрге артық. Мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы келісілген көлемнен 41 млн текше метрге артық, 532,4 млн текше метр су келді. Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды.Соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Аралға 977 млн текше метр су жіберіліп, жоспар 100%-ға жуық орындалды. Ал, жыл басынан бері теңізге 2 млрд текше метрден астам су түсті. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885047
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 18.11.2024
11.11.АШХАБАДҚазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады. Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді. Министр Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысына еліміздің атынан қатысты.НӘТИЖЕСІНДЕ: 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді.11.11.БҚОБатыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 құраса, шаруаларға толық көлемде су беріліп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.12.11.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫШардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына вегетациялық кезеңде жоспар бойынша келетін су көлемі 500-550 м³/с болып белгіленсе, нақты 600-650 м³/с-қа дейін артық су түсті.13.11.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫҚарағанды облысының шаруалары су шығынын 1,5 есе азайтуға мүмкіндік беретін заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Омаров айтып өтті.МАҢЫЗДЫ: Келесі жылы филиал Жартас су қоймасындағы каналдарды күрделі жөндеуді жалғастырады. Биыл Жартас су қоймасының Жартас және Малокомспай магистральдық арналары учаскелерінің бетон беткейлері мен түбіне жөндеу жүргізілді.14.11.АСТАНАМинистрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті бассейндік инспекцияларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда бассейндік инспекцияларға 18 жеңіл автокөлік, көп функциялы құрылғылар, судың жылдамдығы мен шығынын өлшеуге арналған датчиктер берілді. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда бассейндік инспекциялардың жалпы штаты 241 адам. Министрлік құрылғаннан бері штат саны 1,5 есе ұлғайды. Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді.14.11.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі Үкімет, министрлік, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді. Бұл су ресурстарын басқару ісін үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді.МАҢЫЗДЫ: Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.15.11.АСТАНАСу ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз жаңа Су кодексінің жобасы туралы айтып берді. Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885051
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жүргізді 18.11.2024
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, Кеңбидай гидроторабындағы қақпаларды жөндеу және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары аяқталды.Сонымен бірге, Подлесный және Қоянды су қоймалары мен «Айдабұлақ», «Щучье саяжайлары» және «Алексеевка» бөгеттеріне көп факторлы тексеру жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885065
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына бағытталған инвестиция көлемі 5 есеге артты 18.11.2024
Ағымдағы жылдың тоғыз айында ауылшаруашылығы машиналарын жасау секторындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 есе артып, шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.Инвестициялардың негізгі бөлігі Түркістан облысына (2,3 млрд теңге немесе жалпы республикалық деңгейдің 42%) және Қостанай облысына (1,9 млрд теңге, 35%) тиесілі болды.Биыл Түркістан облысында «BNK Group Ltd» ЖШС-нің 1 450 млн теңге инвестиция көлемімен және 20 жаңа жұмыс орнын құра отырып жаңбырлату жабдықтарын өндіру (екінші кезең) жобасы іске асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 960 машинаны құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/885060
Үкіметтің резервінен жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуға 10 млрд теңге бөлінеді 18.11.2024
Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеттің «Биылғы егінді сақтау, өткізу мәселелері және оларды шешу бойынша Үкіметтің жоспары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомство шағын шаруашылықтардан сатып алудың басымдылығын белгілей отырып, жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуды ұйымдастыру туралы мәселені пысықтап жатқанын хабарлады.«Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл шара нарықты тұрақтандыруға және нарықтық құны бойынша 155 мың тонна астық сатып алуға мүмкіндік береді. 1 млн тоннаға жуық ауқымды сатып алу үшін 75 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет», - деді министр.Астықтың ішкі бағасының төмендеуі кезеңінде азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге астықты интервенциялық сатып алу арқылы тиімді бағамен сатуға көмектеседі, осылайша фермерлердің шығындарын азайтады. Жоғары баға кезеңінде мемлекеттік оператор астықты ұн тарту, мал және құс шаруашылықтарына нарықтық бағадан төмен бағамен өткізеді, осылайша түпкілікті өнім бағасының өсуін тежейді.Осылайша, азық-түлік корпорациясы өз қызметі шеңберінде форвардтық келісімшарттар мен тауарлық кредиттер беру, ұн тартатын, мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бидайды өткізу арқылы нарыққа жүйелі қолдау көрсетеді.Бұл тетік АӨК дамуын ынталандыра отырып, экономикаға мультипликативті әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру түріндегі нүктелік әлеуметтік әсер етеді.Астықты үздіксіз экспорттау бойынша шаралар қабылданды: астықты тасымалдауға шамамен 11,8 мың бірлік астық тасушы және 16 мың бірлік жабық вагон тартылды.Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында ҚТЖ 7,9 млн тонна астық жүктерін тасымалдады, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 1,9 млн тонна және экспортқа 6 млн тонна жөнелтілді.Айта кетейік, бұл мәселелер кешенді тәсілді талап етеді, осыған байланысты тиімді шаралар қабылдау үшін министрлік барлық мүдделі тараптармен пысықтау жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885135
«Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 18.11.2024
Өткен демалыс күндері «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясына арналды, оның шеңберінде жалпы саны 2 мыңға жуық адамдардың санынан құрылған мобильді топтар елдің су айдындарында рейдтер мен патрульдер жүргізді.Қазақстанның солтүстігінде мұздың қалыңдығы 10-15 сантиметрге жеткен кезде, оңтүстігінде – су қоймалары енді ғана салқындай бастайды.ТЖМ құтқарушылары мұзда қауіпсіз болу және мұз астында балық аулау ережелерін түсіндіреді, құтқару кеудешелерінің жоқтығы үшін 8 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мұздағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді, олардың ата-аналары шақырылады, қосымша нұсқаулар мен түсіндірме әңгімелер өткізіледі. Барлығы 3 972 адамға нұсқау берілді, оның 1 060–ы балық аулауды ұнататындар.ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұз қату және мұз еру кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, және мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін тынымсыз ескереді.Мұзда болған кезде:1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындау;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.«Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы жалғасуда! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою! ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885057
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті 18.11.2024
Іс-шара ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару) тәсілдерін қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды талқылауға, байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.Форум барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.«Біз азаматтарымыздың әлеуметтік аспектілерін жақсарту бойынша жобалар мен бастамаларды іске асыратын, ортақ әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпкерлерге толықтай қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті Б. Құдайбергенов.Оның айтуынша, инвестициялық мақсаттар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейінгі және айналым қаражатын толықтыруға – 500 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына 7%-дан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру енгізілді.Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлердің микрокредиттерін 7% мөлшерлеме бойынша 20 млн теңгеге дейінгі микрокредит сомасына яғни инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндігі атап өтілді.«Биыл біз мемлекеттік гранттарды тек әлеуметтік кәсіпкерлікке беру саясатын қайта бағдарладық. Мемлекеттік гранттың көлемі бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін жетеді», - деді вице-министр.Сөзінің соңында Б.Құдайбергенов Құрылтайға қатысушыларға алғысын білдіріп,«Үздік әлеуметтік кәсіпкер – 2024» байқауының «Әлеуметтік инновациялық шешім», «Тұрақты даму» және «Ең жас әлеуметтік кәсіпкер» номинацияларының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/885106