2024 жылдың 15 қарашасына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет

2024 жылдың 15 қарашасына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет

18.11.2024 18:08:25 2321

🔺eGov mobile арқылы – 168 250 адам;
🔺жазбаша – 2 311 адам.
🔺Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
🔺eGov mobile арқылы – 40 212 адам (жалпы санның 23,90%);
🔺жазбаша – 836 адам (жалпы санның 36,17%).
🔺eGov 2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.
📌Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 ж. берілген өтініштердің саны 168 250 құрады.
Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885238