Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық МКД бейінді басқармаларының қатысуымен көшпелі семинарлар өткізді 15.07.2026
💠 10 шілдеде Тараз қаласында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық МКД бейінді басқармалары басшыларының қатысуымен көшпелі оқу семинарларді өткізді.🔹 Бейінді аумақтық бөлімшелермен көшпелі оқыту семинарлары мен кеңестері жетекшілік ететін бағыттар, өңірлік практиканы зерделеу, проблемалық мәселелерді талдау және ЕАЭО елдерімен шекарадағы бақылау шаралары, экспорттық бақылау және ЗТ және ЖК салық берешегін өндіріп алудың жаңа тәсілдері сияқты мәселелер бойынша бірыңғай шешімдер әзірлеу сұрақтары бойынша өткізілді. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуге арналған.🔹 Аталған семинарлар мен кеңестер нәтижелі және сындарлы түрде өтті. Өңірлердің жұмыс бағыттары бойынша ағымдағы жағдайлар, сондай-ақ жекелеген бағыттардың маңызды мәселелері айтылды, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері тарапынан барлық назар аударарлық бастамаларға қолдау көрсетілді🔹 Салықтық әкімшілендіруде жаңа тәсілдерді іске асыру мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ыңғайлы және ашық жүйесін қалыптастыруға, салық саясатын сапалы іске асыруға бағытталған.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1256732?lang=ru
Қазақстандық компания WIPO Global Awards 2026 байқауының финалистері қатарына енді 15.07.2026
2026 жылғы 10 шілдеде Женева қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеяларының 68-сериялы отырыстары аясында инновациялар мен зияткерлік меншік саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі – WIPO Global Awards 2026 сыйлығын табыстау рәсімі өтті.WIPO Global Awards сыйлығы жыл сайын тек технологиялық шешімдер әзірлеп қана қоймай, сонымен қатар зияткерлік меншікті бизнесті дамыту, инвестиция тарту және халықаралық нарықтарға шығу құралы ретінде тиімді пайдаланып жүрген шағын және орта кәсіпорындар мен стартаптарға беріледі. 2026 жылы байқауға әлемнің 126 елінен шамамен 1 300 өтінім келіп түсті. Көпсатылы іріктеу қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар 33 финалисті анықтады.Қазақстан үшін ерекше маңызға ие жайт – байқау финалистерінің қатарына медициналық және спорттық технологиялар саласында жұмыс істейтін жоғары технологиялық қазақстандық Mirai Tech стартапының енуі. Компания ДЗМҰ 2026 жылы Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік күннің тақырыбы аясында алғаш рет тағайындаған «Спорт» арнайы номинациясы бойынша үздік үш финалистің қатарына кірді.Жаңа номинацияда Mirai Tech Қазақстан Республикасының атынан АҚШ пен Швейцария компанияларымен бірге бақ сынап, жасанды интеллект, биомеханика және спорттық медицина бағыттарындағы отандық әзірлемелердің жоғары әлеуетін айқын көрсетті.Аталған номинация бойынша жеңімпаз Швейцария компаниясы атанғанымен, қазақстандық компанияның WIPO Global Awards байқауының финалистері қатарына енуі ұлттық инновациялық экожүйе үшін маңызды халықаралық жетістікке айналды. Бұл отандық технологиялық шешімдердің жаһандық деңгейде табысты бәсекеге түсе алатынын айқын дәлелдейді.Mirai Tech – Астана қаласында құрылған қазақстандық deep-tech стартапы. Компания медициналық оңалту, спорттық медицина және дене жүктемесін мониторингтеу үшін автономды сенсорлармен жабдықталған интеллектуалды нанотабандықтарды әзірлейді. Бұл технология адам қозғалысының биомеханикалық деректерін нақты уақыт режимінде жинап, талдауға және оларды пациенттерді оңалтуда, спорттық жарақаттардың алдын алуда, сондай-ақ жаттығу процесінің тиімділігін арттыруда қолдануға мүмкіндік береді.Mirai Tech компаниясының WIPO Global Awards байқауының финалына қатысуы қазақстандық инновациялық жобалардың халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттырып, отандық технологиялық әзірлемелерді жаһандық нарықта ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1256737?lang=ru
БАӘ Сот әкімшілігінің делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді 15.07.2026
БАӘ Сот әкімшілігінің делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келдіҚазақстанға Біріккен Араб Әмірліктері Абу Даби қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті төрағасының орынбасары, сот кеңесшісі Юсуф Саид Әл-Абри бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында делегация мүшелері Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметімен танысып, жазаларды орындау, сотталғандарды басқару, оларды жұмыспен қамту, оңалту, қайта әлеуметтендіру және сыныптау саласындағы отандық тәжірибені зерделеді. Сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жүйесін ұйымдастыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында тараптар қылмыстық жазаларды орындау саласындағы озық тәжірибелерімен алмасып, қол жеткізген нәтижелері мен алдағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.Сонымен қатар, шетелдік делегацияға Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1256739?lang=ru
Бизнеспен ашық диалог: СӨҚ қатысушылары мен «Алматы КРӨ» кеден бекетіне арналған семинар 15.07.2026
Кедендік ресімдеу орталығының базасында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.Талқылау тақырыбы: «Тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдану нәтижелері негізіндегі камералдық кедендік тексеру».Спикер: Мамраев Жомарт Болатович - МКД Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының Кедендік мониторинг және құн бөлімінің бас маманы.Кездесу барысында мынадай мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды:- ТБЖ негізінде камералдық тексерулер жүргізу механизмдері;- Кедендік құнды бақылаудың өзекті мәселелері;- Декларациялау кезінде тәуекелдерді азайту бойынша практикалық ұсынымдар.Семинарға қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын тікелей қойып, бірінші тұлғалардан білікті түсініктемелер ала алды. Өзара іс-қимылдың мұндай форматы әкімшілік кедергілерді азайта отырып, мемлекет пен бизнес арасындағы ашық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1256719?lang=ru
Қазақстан Республикасының аумағынан жанар-жағармай материалдарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы 15.07.2026
Құрметті салық төлеушілер, тасымалдаушылар және жүргізушілер! Жамбыл облысы бойынша МКД хабарлайды:     1. 2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің  қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары);         Автокөлік бактарында отынды экспорттауға тыйым салынады, егер көлемі көлік құралының өндіруші белгілеген зауыттық техникалық қуаттан асып кетсе. Жүксалғышта немесе жолаушылар салонында қосымша сыйымдылықта отынды (канистрларда, банкалар) тасымалдауға тыйым салынады.         2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес  бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде  мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.         2. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), авиакеросиндерді және дизель отынын (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), газойлдарды (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), толуолды, ксилолдарды (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.       Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасынан заңсыз әкетуге әрекет жасау әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1256711?lang=ru
Қазақстан - Сербия ғылыми ынтымақтастығы Белградта талқыланды 15.07.2026
Белград, 2026 жылғы 8 шілде — Сербия Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегация «Винча» институтына барып, ядролық ғылым және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен тәжірибе алмасуға арналған кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін, кәсіби байланыстарды кеңейтуді және халықаралық әріптестікті дамытуды талқылады.Қазақстандық тарап келесі жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының қызметін таныстырды.Сол күні Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының бас директоры С. Сахиевті Қазақстан Республикасының Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Атамқұлов қабылдады.Кездесу барысында ғылым, инновациялар және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану салаларындағы Қазақстан–Сербия ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастықтың институционалдық негізін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ядролық физика институты мен Сербияның серіктес ғылыми-зерттеу институттары арасында өзара түсіністік туралы меморандумды дайындау және оған қол қою мәселесін пысықтауға уағдаласты.Қазақстан Елшісі екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды тетігі ретінде ғылыми дипломатияның рөлін атап өтіп, екі елдің бейінді ғылыми мекемелері арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға Елшіліктің жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербияның ғылыми мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, озық білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы әріптестікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1256668?lang=ru
«Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 15.07.2026
2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген  333 809 өтініш орындалып, жалпы сомасы 62,71 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды.Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 41,01 млн АҚШ доллары сомасына 216 060 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 21,69 млн АҚШ доллары сомасына 117 749 өтініш орындалды.НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (40,25 млн АҚШ долларына 211 474 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 583 өтініш беріліп, олар бойынша 269,48 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 177,79 мың АҚШ долларына 1 081 өтініш орындалды.  Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (20,36 млн АҚШ долларына 108 782 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (894,12 мың АҚШ долларына 6 153 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (335,33 мың АҚШ долларына 2 175 өтініш орындалды) төлем жасау.  Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет: eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:  https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWUАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1258776?lang=ru
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫН ЗАҢСЫЗ ӘКЕТУДІҢ 15 ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ 15.07.2026
     Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмаларын орындау шеңберінде, мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерінің тасымалдануына бақылауды күшейтті. Бұл жұмыс жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) заңсыз әкетілуінің жолын кесуге, ішкі нарықты қорғауға және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.     Бақылау автомобиль өткізу пункттерінде тікелей жүзеге асырылумен қатар, шекара маңындағы аудандарда көлік құралдарының қозғалыс бағыттары бойынша мобильді топтар арқылы да жүргізілуде. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы ахуалға күн сайын мониторинг жүргізіліп, жанармай құю станцияларындағы отын өткізу көлемі мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметі талдануда.     Бақылау күшейтілген сәттен бастап мобильді топтар 39 автоцистернаны тексерді. Жекелеген жағдайларда сараптама жүргізу үшін жанармайдан сынамалар мен үлгілер алынды.     Нәтижесінде жалпы көлемі 6,1 мың литрден асатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің 15 фактісінің жолы кесілді. Көп жағдайда отынды арнайы жабдықталған қосымша бактарда және жанармай канистрлерінде алып шығуға әрекет жасалған.      Мәселен, 6 шілдеде Меркі ауданында көлік құралында жасырылған 4-сыйымдылықтарда (еврокуб) 4,2 мың литр дизель отынын ілеспе құжаттарсыз заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді.      Бұдан бөлек, Жол картасын іске асыру аясында шекара маңындағы жанармай құю станциялары мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 12 хронометраждық зерттеу тағайындалып, өзге де бақылау іс-шаралары жүргізілуде.     Департамент жанар-жағармай материалдарының заңсыз әкетілуінің жолын кесу, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және мемлекеттік шекара арқылы тауарлардың қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1256665?lang=ru
ЕАЭО-дан тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдісі: салық төлеушілер нені білуі қажет 15.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану тәртібін түсіндіреді.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 509-бабына сәйкес, есепке жатқызу әдісін салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ҚҚС төлеушілері қолдануға құқылы.Осы әдісті қолданған кезде импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша декларацияда бір мезгілде есептелген салық ретінде және есепке жатқызылатын сома ретінде көрсетіледі. Барлық белгіленген талаптар сақталған жағдайда тауарларды әкелу кезінде ҚҚС-ты бюджетке нақты төлеу жүргізілмейді.Есепке жатқызу әдісі мынадай тауарларға қатысты қолданылады:одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржылық лизингке беруге арналмаған тауарлар;халықаралық қаржылық лизингті қоспағанда, қаржылық лизингке беру үшін әкелінетін тауарлар;бекітілген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын тауарлар.Есепке жатқызу әдісі қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оны қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1199 қаулысымен бекітілген.Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бірге салық төлеуші Салық кодексінің 530-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша жіктеу үшін қажетті оның техникалық және коммерциялық сипаттамаларын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.Есепке жатқызу әдісі қолданылып әкелінген тауарлар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Импортталатын тауарлардың басым көпшілігі үшін пайдалану мерзімі 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы құстары үшін 18 ай болып белгіленген.Егер белгіленген мерзім ішінде тауар өткізілсе, халықаралық қаржылық лизингке берілсе немесе көзделген талаптарды бұза отырып пайдаланылса, ҚҚС сомасы бюджетке төленуге жатады. Бұл ретте өсімпұл тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап есептеледі.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге есепке жатқызу әдісін қолданар алдында импортталатын тауардың бекітілген тізбеге енгізілгеніне, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша дұрыс жіктелгеніне және белгіленген мерзім ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылатынына көз жеткізуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1256626?lang=ru
Ақтауда контрафактілік өнімдерді анықтау бойынша оқу семинары өтті 15.07.2026
2026 жылғы 9–10 шілде аралығында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы «Schmitt & Orlov Intellectual Property» компаниясымен бірлесіп «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.Семинарға кедендік әкімшілендіру басқармасы мен кеден бекеттерінің кедендік бақылауды жүзеге асыру және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқаратын қызметкерлері қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде контрафактілік өнімдерді анықтау бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру. Оқу барысында қатысушылар контрафактілік өнімдердің белгілерін айқындаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, түпнұсқа брендтік өнімдердің ерекшеліктерімен танысты және нақты тауар үлгілері негізінде алған білімдерін тәжірибеде бекітті.Семинарда Оқу-әдістемелік орталығының Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы Айгелов Асылхан және «Schmitt & Orlov Intellectual Property» компаниясының өкілі, халықаралық заңгер Иманғалиева Рената дәріс оқыды.Осындай оқу семинарларын өткізу мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, контрафактілік өнімдерді анықтау тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256579?lang=ru
Ұлттық волонтерлік желі өкілдері Ақтөбе облысына іссапармен келді 15.07.2026
Ақтөбе облысына іссапармен келген Ұлттық волонтерлік желі өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.Кездесу барысында волонтерлік қызметтің конституциялық деңгейде қорғалатыны, өңірдегі волонтерлік қызметті дамыту, еріктілер қозғалысын қолдау, азаматтық белсенділікті арттыру және алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1256564?lang=ru
Волонтерлік қызмет – конституциялық деңгейде қорғалады 15.07.2026
Ұлттық волонтерлік желінің фронт-офисі басшысы Айбек Досымбетов пен сарапшы-аналитик Елена Амреева Ақтөбе облыстық волонтерлік фронт-офисіне арнайы барып, оның қызметімен танысты.Кездесу барысында облыстық фронт-офистің негізгі жұмыс бағыттары, өңірдегі волонтерлік қозғалыстың даму барысы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар таныстырылды. Сондай-ақ өңір волонтерлерімен еркін форматта пікір алмасып, тәжірибе бөлісу алаңы ұйымдастырылды.Биыл Ұлттық волонтерлік желі 2027–2030 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту тұжырымдамасына өңірлердің ұсыныстарын енгізу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде еріктілер қауымдастығымен кездесулер өткізуде.Мұндай кездесулер волонтерлік қозғалыстың әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасуға, өңірлердің ұсыныстарын жүйелеуге және жаңа бастамалардың жүзеге асуына тың серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1256566?lang=ru
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану туралы 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану тәртібін түсіндіреді.Салық кодексінің 509-бабына сәйкес салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ҚҚС төлеушілер есепке жатқызу әдісін қолдана алады.Есепке жатқызу әдісін қолданған кезде импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы бір мезгілде ҚҚС бойынша декларацияда есептелген салық ретінде де, есепке жатқызылатын сома ретінде де көрсетіледі. Белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда тауарларды әкелу кезінде бюджетке іс жүзінде ҚҚС-ты төлеу жүргізілмейді.Есепке жатқызу әдісі:* одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржылық лизингке беруге арналмаған тауарларға;* қаржылық лизингке (халықаралық қаржылық лизингті қоспағанда) беру үшін әкелінетін тауарларға;* бекітілген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын тауарларға қолданылады.Есепке жатқызу әдісі қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оны қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1199 қаулысымен бекітілген.Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бірге Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау үшін қажет болатын, оның техникалық және коммерциялық сипаттамаларын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.Есепке жатқызу әдісі қолданыла отырып әкелінген тауарлар нысаналы мақсаты бойынша импортталған тауарлардың басым бөлігі үшін 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы құстары үшін 18 ай ішінде пайдаланылуға тиіс.Егер осы кезең ішінде тауар өткізілсе, халықаралық қаржылық лизингке берілсе немесе белгіленген шарттарды бұза отырып пайдаланылса, ҚҚС бюджетке төленуге тиіс. Бұл ретте өсімпұл тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап есептеледі.Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге есепке жатқызу әдісін қолданғанға дейін импортталатын тауардың бекітілген тізбеге енгізілгеніне, оның ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша дұрыс сыныпталғанына және белгіленген мерзім ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылатынына көз жеткізуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256959?lang=ru
Тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру шарттары 15.07.2026
Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:- Кедендік кодекске сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу- Кедендік кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де шарттарды сақтау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256557?lang=ru
Ұлттық волонтерлік желі өкілдерінің Ақтөбе облысының мекеме басшыларымен кездесуі өтті 15.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1256435?lang=ru
Қазақстан мен Иран Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу жөніндегі BOT келісіміне қол қойды 15.07.2026
ТегеранИран Ислам Республикасының Порттар және теңіз қатынасы ұйымында Шахид-Раджаи портындағы (Бендер-Аббас қаласы) жер телімін қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу үшін беру жөніндегі BOT (Build-Operate-Transfer – салу, пайдалану және беру) келісіміне ресми қол қойылды. Қазақстан тарапы атынан келісімге ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жанындағы QazExportPromotion корпоративтік қорының Бас директоры Аман Малғаждаров, Иран тарапынан Хормозган провинциясы Порттар және теңіз қатынасы ұйымының басшысы – «Шахид-Раджаи порты» арнайы экономикалық аймағының басшысы Хоссейн Аббас Нежад қол қойды. Келісім 27 жыл мерзімге жасалды. Оның ішінде 2 жыл терминал құрылысын жүргізуге, ал кейінгі 25 жыл нысанды пайдалануға арналған. Ал жобаның үшінші жылында терминалды коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған. Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Иран арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болмақ. Иранның ең ірі портында Қазақстан терминалының құрылуы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін нығайтуға, логистикалық бағыттардың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық өнімнің Парсы шығанағы елдерінің, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, сондай-ақ Шығыс Африка нарықтарына тиімді шығуын қамтамасыз ету арқылы экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256372?lang=ru
Қазақстанда ӘМАТ бойынша апталық дефляция тіркелді 15.07.2026
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бойынша апталық дефляция тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың 24 маусым мен 1 шілде аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 99,9% болды. Өткен аптада 7 тауардың бағасы төмендеді. Қызанақ 8,5%-ға, қияр 8,3%-ға, жұмыртқа 1,5%-ға, алма 1,1%-ға, жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық 0,4%-ға, күнбағыс майы 0,2%-ға, айран 0,1%-ға арзандады. Ал күріш, нан және сүттің баға индексі тұрақты. 21 тауар түрі бойынша бағаның шамалы өсуі тіркелді. Қырыққабат 7,9%-ға, пияз бен картоп 1,9%-ға, қант 1,6%-ға қымбаттады. Қалған тауарлар бойынша өсім 1%-дан төмен болды. Өткен аптада төрт өңірде бағаның өсуі байқалды. Баға Ақмола облысында 0,2%, Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында 0,1% өскен. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Жамбыл облыстарында баға индексі тұрақты. Бағаның төмендеуі 12 өңірде тіркелді. Оның ішінде Қызылорда облысында 0,9%, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Түркістан облыстарында 0,3%, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 0,2%, сондай-ақ Шымкент қаласында, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында 0,1%. Сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп баға белгілеуді бақылау және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері өнімсіз делдалдарды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың 581 отырысы өткізілді, сауда үстемесінің шекті мөлшерін асырғаны үшін 2 434 әкімшілік қаулы шығарылды. Сондай-ақ 26,5 мыңнан астам тауар өткізу тізбегі талданып, оның нәтижесінде заңнама талаптарының бұзылуына қатысты 3 816 тәуекел анықталды. Ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. «KTZ Express» АҚ арқылы ішкі нарыққа шамамен 28,9 мың тонна картоп, 8,6 мың тонна сәбіз, 4,7 мың тонна пияз және 0,2 мың тонна қырыққабат жеткізілді. Сонымен қатар қызанақ, қияр, жұмыртқа, күнбағыс майы және сиыр еті бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған меморандумдар күшінде. Жыл басынан бері өндірушілердің бағасымен өнім сатылатын 3 980-нан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256374?lang=ru
Сауда министрлігі Электрондық сауда алаңдарында сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жасады 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Электрондық сауда алаңдарында орналастыруға және сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жасақтады. Тізбе «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде ұсынған ақпараты негізінде әзірленді. Тізбе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салу немесе шектеу белгіленген, соның ішінде электрондық сауда арқылы сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді біріктіреді. Тізбені орналастыру электрондық сауданың ашықтығын арттыруға бағытталған. Тізбе электрондық сауда алаңдарының иелеріне, интернет-дүкендерге, сатушыларға және электрондық сауданың басқа да қатысушыларына қолданыстағы шектеулер туралы өзекті ақпаратты жедел алуға және тауарларды орналастыру мен сату кезінде заңнама талаптарын ескеруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл тізбенің болуы электрондық сауда алаңдарына тауар карточкаларын модерациялау кезінде бірыңғай тәсілдерді қолдануға, ал сатушыларға өз өнімдерін өткізу мүмкіндігін алдын ала бағалауға жағдай жасайды. Айта кету керек, тізбе ақпараттық-анықтамалық сипатта болады және Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарын жүйелеп, олардың қолжетімділігі мен қолдануға ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган. Ал құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес құзыретіне жатқызылған мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне және мүдделі мемлекеттік органдардан тиісті ақпараттың түсуіне қарай тізбені тұрақты негізде жаңартып отырады. Бірыңғай тізбемен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы электрондық сауда мәселелеріне арналған бөлімнен танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/documents/details/1040413?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256378?lang=ru
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері "Елтану" жобасы аясында эссе байқауына қатысты! 15.07.2026
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері "Елтану" жобасы аясында эссе байқауына қатысты!     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен республикада «Елтану» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Осы жобаның аясында таяуда Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында эссе байқауы өтті.    Шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің елдің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық әлеуетін дамыту.    «Адал азамат – Әділеттті Қазақстанның тірегі», «Құрылтай және Елтану: менің Қазақстаным», «Абай мұрасы – мәңгілік рухани қазына» тақырыптарын қамтыған эссе байқауына Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік  әріптестік бөлімінің басшысы Шмалиев Ермек Серікұлы және экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бозакаева Венера Алдиарқызы қатысып, жоба аясындағы іс-шараға белсенді атсалысты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1256390?lang=ru
Алматы облысында 94 ветеринариялық пункт пен 52 мал қорымы салынады 15.07.2026
Алматы облысында Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, сала мамандарының ерен еңбегі лайықты бағасын алды. Өз ісіне адалдығымен, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар сала қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің «Құрмет» грамотасы табысталды.Мерекелік басқосудың шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдегі мыңдаған маманның адал еңбегіне өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ветеринарияның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.«Ветеринар маманы болу терең білім мен жоғары біліктілікті талап етеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы абыройлы кәсіпті адал атқарып, халыққа қауіпсіз өнімнің жетуіне қосып жүрген үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімінің орынбасары.Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, бүгінде өңірдің ветеринария саласында 1386 маман еңбек етеді. Олар мал денсаулығын қорғаумен қатар, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға өлшеусіз үлес қосуда. Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің II форумында ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту жөнінде нақты міндеттер жүктегенін айтты.Президент тапсырмаларын орындау бағытында өңірімізде де ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, соңғы үш жылдың өзінде өңірде 21 ветеринариялық пункт пен 19 мал қорымы пайдалануға берілді. Ал 2026-2027 жылдары қосымша 94 ветеринариялық пункт және 52 мал қорымын салуға жергілікті бюджеттен 4,1 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаржы ветеринариялық нысандарға деген қажеттілікті толық өтеуге мүмкіндік береді. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында салаға 100 қызметтік автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ аса қауіпті 12 жұқпалы ауруға қарсы эпизоотиялық іс-шараларды жүзеге асыру үшін 5 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 123 млн теңгеге 70 сібір жарасы көміндісі ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендірілді.Мерекелік жиында сала ардагері Самғат Сүндетбаев бүгінде мемлекет тарапынан ветеринарияға көрсетіліп отырған қолдаудың ауқымы кеңейіп келе жатқанын ерекше атап өтті.«Ветеринария – халқымыздың әл-ауқаты мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапкершілігі жоғары сала. Мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп, мамандарға ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа ветеринариялық пункттер мен мал қорымдары салынып, қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. Мұның барлығы бұл сала мамандары ел дамуына тікелей қызмет ететінін көрсетеді», – деді ардагер.Осылайша, төрт түліктің саулығын сақтап қана қоймай, тұтас халықтың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қорғауда тынбай тер төккен жандар құрметке бөленді. Мерекелік жиын ветеринария қызметінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256410?lang=ru