Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы облысында 94 ветеринариялық пункт пен 52 мал қорымы салынады 15.07.2026
Алматы облысында Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, сала мамандарының ерен еңбегі лайықты бағасын алды. Өз ісіне адалдығымен, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар сала қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің «Құрмет» грамотасы табысталды.Мерекелік басқосудың шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдегі мыңдаған маманның адал еңбегіне өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ветеринарияның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.«Ветеринар маманы болу терең білім мен жоғары біліктілікті талап етеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы абыройлы кәсіпті адал атқарып, халыққа қауіпсіз өнімнің жетуіне қосып жүрген үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімінің орынбасары.Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, бүгінде өңірдің ветеринария саласында 1386 маман еңбек етеді. Олар мал денсаулығын қорғаумен қатар, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға өлшеусіз үлес қосуда. Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің II форумында ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту жөнінде нақты міндеттер жүктегенін айтты.Президент тапсырмаларын орындау бағытында өңірімізде де ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, соңғы үш жылдың өзінде өңірде 21 ветеринариялық пункт пен 19 мал қорымы пайдалануға берілді. Ал 2026-2027 жылдары қосымша 94 ветеринариялық пункт және 52 мал қорымын салуға жергілікті бюджеттен 4,1 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаржы ветеринариялық нысандарға деген қажеттілікті толық өтеуге мүмкіндік береді. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында салаға 100 қызметтік автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ аса қауіпті 12 жұқпалы ауруға қарсы эпизоотиялық іс-шараларды жүзеге асыру үшін 5 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 123 млн теңгеге 70 сібір жарасы көміндісі ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендірілді.Мерекелік жиында сала ардагері Самғат Сүндетбаев бүгінде мемлекет тарапынан ветеринарияға көрсетіліп отырған қолдаудың ауқымы кеңейіп келе жатқанын ерекше атап өтті.«Ветеринария – халқымыздың әл-ауқаты мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапкершілігі жоғары сала. Мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп, мамандарға ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа ветеринариялық пункттер мен мал қорымдары салынып, қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. Мұның барлығы бұл сала мамандары ел дамуына тікелей қызмет ететінін көрсетеді», – деді ардагер.Осылайша, төрт түліктің саулығын сақтап қана қоймай, тұтас халықтың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қорғауда тынбай тер төккен жандар құрметке бөленді. Мерекелік жиын ветеринария қызметінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256410?lang=ru
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті телефондік алаяқтықтың жиілеген жағдайлары туралы ескертеді 15.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар азаматтардың жеке деректерін түрлі сылтаулармен иемденуге әрекет жасауда. Олар ресми хаттың келіп түскені туралы жалған ақпарат хабарлап немесе құжаттарды пошта не курьерлік қызмет арқылы алу қажет екенін айтып, сенімге кіруге тырысады.Әңгімелесу барысында алаяқтар 1414 нөмірінен келетін SMS-кодтарды, растау кодтарын, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және басқа да құпия ақпаратты хабарлауды сұрауы мүмкін.Есте сақтаңыз: Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ешқашан құпия сөздерді, банк карталарының деректемелерін немесе өзге де жеке деректерді сұрамайды.Егер сізге осындай қоңырау шалынса:- SMS-кодтарды және жеке деректеріңізді хабарламаңыз;- хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;- белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;- әңгімені дереу тоқтатыңыз;- қажет болған жағдайда Мемлекеттік кірістер департаментіне тек ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласыңыз.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды қырағылық сақтауға, мұндай алаяқтық тәсілдері туралы туған-туыстары мен жақындарын алдын ала ескертуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады. Ақпараттың дұрыстығын тексеруге жұмсалған бірнеше минут сіздің жеке деректеріңіз бен қаржы қаражатыңызды қорғауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256424?lang=ru
Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр 15.07.2026
Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын, киберқауіпсіздік саласының сарапшыларын және тактикалық дайындық бойынша кәсіби мамандарды бір алаңға тоғыстырды.Чемпионаттың басты мақсаты – қорғаныс саласына арналған озық инженерлік шешімдерді анықтап, оларды кейіннен Қазақстан Қарулы күштерінің қажеттілігіне енгізу. Сонымен қатар жоба әскери және азаматтық инженерлердің, ғалымдар мен IT-мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде қарастырылып отыр.Бірінші кезеңге еліміздің әр өңірінен 150 қатысушыдан құралған 19 инженерлік команда тіркелді. Олардың қатарында әскери оқу орындарының, жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының және Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің өкілдері бар.Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бұл бастаманың еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. – «SHAIQAS-2026 – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – дарынды әзірлеушілерді анықтап, отандық үздік инженерлік шешімдерді еліміздің қорғаныс жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретін жоба. Осындай технологиялар қазіргі заманғы армияның болашағын айқындайды», – деді ол.Қазіргі уақытта полигонда чемпионаттың тестілік кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңде командалардың техникалық әзірлемелері мен финалдық сынға дайындығы жан-жақты бағаланатын болады. Мамандар жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін, инженерлік шешімдердің сенімділігін және қатысушылардың кәсіби даярлық деңгейін тексереді. Тестілік кезеңнің қорытындысы бойынша финалға жолдама алатын үздік командалар анықталады.Чемпионат төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған. Олар – «Аспан», «Жер», «Киберқауіпсіздік» және «Тактика».«Аспан» бағыты бойынша қатысушылар FPV-дрондарды басқарып, әуе барлауын жүргізу, жүктерді дәл жеткізу сияқты тапсырмаларды орындайды. «Жер» кезеңінде роботтандырылған кешендердің көмегімен инженерлік міндеттерді орындап, шартты түрде жараланғандарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау бойынша шеберліктерін көрсетеді.Ал «Киберқауіпсіздік» кезеңінде арнайы полигонда ұйымдастырылған кибершабуылдарға қарсы тұрып, ақпараттық жүйелерді қорғау қабілеттерін сынайды. «Тактика» бағыты аясында қатысушылар тактикалық іс-қимыл, атыс дайындығы және әскери-медициналық көмек көрсету бойынша кешенді сынақтардан өтеді.Чемпионаттың финалдық кезеңі 14-15 тамыз күндері «Амандық» оқу орталығының базасында өтеді. Финалға аралық іріктеуден сүрінбей өткен командалар қатысады. Олар далалық жағдайда практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің техникалық шешімдері мен кәсіби шеберліктерін сынға салады. Финалдық жарыс онлайн режимде тікелей эфирде көрсетіледі.Жеңімпаздарды қомақты сыйақы күтіп тұр. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 18 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде бірінші орын иегері 10 миллион теңге, екінші орын 5 миллион теңге, ал үшінші орын 3 миллион теңге алады.«SHAIQAS-2026» чемпионатын өткізу бастамасы «Қазақстан ҒАЖ орталығы» АҚ-қа тиесілі. Жарыстың операторы – «Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновацияларды дамыту орталығы» ЖШС (Defense Tech).Чемпионат демеушілердің қаражаты мен серіктестердің жарналары есебінен ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Жобаны өткізу барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджет қаражаты пайдаланылмайды.«SHAIQAS-2026» – еліміздегі әскери инженерия, робототехника, ұшқышсыз технологиялар және киберқауіпсіздік салаларын дамытуға бағытталған алғашқы ірі чемпионат. Қазірдің өзінде бұл жоба инновациялық шешімдерді тәжірибеде сынап, оларды қорғаныс жүйесіне енгізуге жол ашатын маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256353?lang=ru
Рейдтік іс-шаралар жүргізілуде 15.07.2026
Ақмола облысының Мемлекеттік кіріс департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, бекітілген «Мұнай өнімдерін экспорттаудың алдын алу бойынша бақылауды күшейту жөніндегі жол картасына» сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесу мақсатында аймақтың автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізуде.Тексерулер кезінде ауыр жүк көліктері жанармай-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған құжаттарсыз тасымалдауға, сондай-ақ модификацияланған немесе жасырылған отын бактарында мұнай өнімдерінің бар-жоғына тексеріледі.Жүргізушілерге мұнай өнімдерін тасымалдауға және алып кетуге қатысты заңнамалық талаптарды және белгіленген шектеулерді бұзбау қажеттілігін түсіндіретін ақпараттық парақшалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1256354?lang=ru
Қазақстан мен Пәкістан ұлттық валюталардың айырбас бағамын ресми түрде белгіледі 15.07.2026
Астана-Исламабад, 2026 жылғы 10 шілде - Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Ұлттық Банкімен және Пәкістан Мемлекеттік банкімен бірлесіп ұлттық валюталарда айырбастаудың ресми бағамдары белгіленді.Ү.ж. 8 шілдесінде Қазақстан Ұлттық Банкі 1,68 PKR/1 KZT есебімен Пәкістан рупиясына қазақстандық теңгенің ресми бағамын жариялады (https://nationalbank.kz/en/exchangerates/ezhednevnye-oficialnye-rynochnye-kursy-valyut), ал ПИР Мемлекеттік Банкі белгілеген қазақстандық теңгеге Пәкістан рупиясының ресми бағамы 0,59 KZT/1PKR (https://www.sbp.org.pk/ecodata/rates/m2m/m2m-current.asp) құрайды.Қазіргі таңда, екі елдің екінші деңгейдегі банктері, атап айтқанда «Банк ЦентрКредит», «Freedome Bank» және «Meezan Bank», ұлттық валюталарда бұрын құрылған корреспонденттік шоттарды жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.Жақын арада аталған ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттар жеке және заңды тұлғалардың өзара операциялар мен есеп айырысулар үшін пайдалануы үшін қолжетімді болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1256361?lang=ru
Мәртебелі марапат! 15.07.2026
               Мәртебелі марапат!Таяуда адам құқықтары мәселесіне арналған жиын өтті. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі аталған шара барысында бірқатар азаматтарды Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі болды. Солардың бірі – Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Махсұт Мәдиұлы көп жылғы адал еңбегі, жауапты көзқарасы, жоғары кәсіби шеберлігі үшін марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1256272?lang=ru
Жақсы ауданының әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті 15.07.2026
2026 жылдың 3 шілдесінде аудан әкімі аппаратының кіші залында аудан басшысы А. Қадыралинаның төрағалығымен қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында қатысушылар заңдылық пен тәртіпті нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар негізгі мәселелерді талқылады.Күн тәртібінде келесі маңызды тақырыптар болды:Ерте алдын алу және жастарды жұмыспен қамту. Жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Г. Пинчук Жақсын ауданында қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу және жас ұрпақтың демалысын және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұйымдастыру бойынша шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.Қайта әлеуметтену және шартты түрде босату мониторингі. Шартты түрде босату инспекторы Б. Жанатилеуов және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т. Копылова мониторинг жүйесінің тиімділігі және есепте тұрған адамдардың әлеуметтік бейімделуін ілгерілету шаралары туралы айтты.Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қылмыстың алдын алу. Полиция бөлімі бастығының орынбасары С. Жұманбаев пен аудандық емхана бастығы А. Юдина суицидтік мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және мас болумен байланысты қылмыстардың алдын алу шараларын ұсынды.Жергілікті іс-шаралар. Есіл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Л.Яновская Кеңестің қызметін көпшілікке таныстырды.Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және белгіленген жоспарлардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1256280?lang=ru
2026 жылғы 3 шілдеде Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. 15.07.2026
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және аудан қызметінің түрлі салаларында алдын алу шараларын күшейтуге қатысты негізгі мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар келесі баяндамаларды тыңдады:  Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту: әлеуметтік төлемдерді ұсыну, жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту Қағидаларын сақтау туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Бөлімінің басшысы Т. Копылова баяндады.Жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Жаңа Қийма ауылдық округінің әкімі Е. Серікбаев округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Комплаенс институты: ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру жөніндегі комплаенс-офицердің жұмысы туралы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК директоры  А. Саутова айтып берді. Жұмысты жоспарлау: отырыс соңында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н. Сегізбаева комиссияның 2026 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекітуге ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау және жұмыстың ашықтығын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1256191?lang=ru
Шекарада интеллектуалдық меншікті қорғау 15.07.2026
Дүкен сөрелерінде неге қолдан жасалған бұйымдар (подделкалар) азайып келе жатқаны туралы ойландыңыз ба? Мұндағы басты рөлдердің бірін контрафактімен тәулік бойы күресетін ҚР кеден органдары атқарады.Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді? Кедендік тізілімдер (ЗМКТ) Құқық иеленушілер өз тауар белгілерін арнайы тізілімдерге енгізеді:ҚР ұлттық тізілімі, оны уәкілетті орган жүргізеді.ЕАЭО бірыңғай тізілімі, Одақтың бүкіл аумағында қолданылады. Қорғау мерзімі ұзарту мүмкіндігімен 2 жылға дейін белгіленеді. Тауарларды шығаруды тоқтата тұру Егер кеден құқық бұзушылық белгілерін байқаса (мысалы, күмәнді тауарда белгілі брендтің логотипі болса):Тізілімдегі тауарлар үшін: шығару 10 жұмыс күніне тоқтатылады. Құқық иеленуші сотқа жүгінсе, бұл мерзім тағы 10 күнге ұзартылуы мүмкін.Тізілімде ЖОҚ тауарлар үшін (ex officio): егер Қазақстанда құқық иеленуші туралы ақпарат болса, кеден шығаруды 3 жұмыс күніне дейін тоқтата алады. Тараптардың өзара іс-қимылы Кеден 1 жұмыс күні ішінде импорттаушыға да, құқық иеленушіге де жүк тоқтатылғаны туралы хабарлап, оларға бір-бірінің байланыс деректерін береді. Контрафактіні жою Егер сот тауарды зияткерлік меншік құқығын бұзады деп таныса, мұндай тауарлар жойылуға жатады.🛑 Маңызды ерекшелік: Қорғау шаралары жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін тасымалдайтын тауарларға (соның ішінде халықаралық пошта жөнелтілімдеріне) қолданылмайды.Бизнес есте сақтауы тиіс: егер соңында сотта құқық бұзушылық дәлелденбесе, құқық иеленуші импорттаушыға келтірілген зиян үшін жауап береді.Бұл ережелерді білу адал бизнеске кедергілерден аулақ болуға, ал бренд иелеріне беделін қорғауға көмектеседі! 📈Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256148?lang=ru
Қарағанды облысының өнімдері халықаралық деңгейде жоғары бағаланды 15.07.2026
Қарағанды облысының екі кәсіпорны өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД-ның халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Қырғызстанда Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысы аясында өтті.Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында хабарлады. Аталған халықаралық сыйлықтың лауреаты атағына мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы нысандарды диагностикалау және бақылау қызметіне маманданған «НПО Дефектоскопия» ЖШС ие болды. Ал «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС сыйлықтың дипломанты атанды.Екі кәсіпорын да ұлттық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстанның атынан қатысты. ТМД-ның халықаралық сыйлығы заманауи басқару әдістерін енгізіп, инновациялық технологияларды қолданатын әрі жоғары сапа стандарттарына сай өнім өндіретін кәсіпорындарға табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1256127?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Бюджетке төленген салықтар мен төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды) жүргізу» 15.07.2026
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Бюджетке төленген салықтар мен төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды) жүргізу» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Нұрахметов Нұрболат Мажитұлы.Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1256092?lang=ru
Жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі: Қарулы күштердің әскери қызметшілері мамандық бойынша даярлыққа кірісті 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі – мамандық бойынша даярлық басталды. Оқу барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.Мамандық бойынша даярлық оқу кезеңінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және әскери міндеттерді сапалы орындаудың негізін қалайды. Осы кезеңде әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін меңгеріп, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін үйренеді.Мерзімді әскери қызметшілер үшін бұл – әскери мамандықты жүйелі түрде игерудің алғашқы кезеңі. Ал келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін кәсіби шеберлігін жетілдіріп, даярлық деңгейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді.Ағымдағы оқу кезеңінде түрлі әскери мамандықтар бойынша 25 мыңнан астам әскери қызметші даярлықтан өтуде. Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2,5 мыңнан астам оқу тобы құрылып, әрбір әскери қызметшіге жеке тәсілмен дайындық жүргізу мүмкіндігі жасалды.Сабақтарды қажетті тәжірибесі мен әдістемелік дайындығы бар офицерлер мен сержанттар қатарынан жасақталған нұсқаушылар өткізеді. Даярлықтың практикалық бағыты әскери қызметшілерге теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде нақты іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері майор Нұрзат Оразбектің айтуынша, мамандық бойынша даярлық әскерлердің одан әрі жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады.– Дәл осы кезеңде әскери қызметші өз әскери мамандығы бойынша міндеттерін сенімді орындауға қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Әрбір маманды сапалы даярлау бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылына, жауынгерлік машық деңгейіне және Қарулы күштердің алға қойылған міндеттерді орындауға дайындығына тікелей әсер етеді, – деді майор Нұрзат Оразбек.Даярлық курсы аяқталғаннан кейін, 10 тамыздан бастап барлық әскери бөлімдерде бақылау сабақтары өткізіледі. Оның барысында әскери қызметшілер оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін және жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңдеріне дайындығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256095?lang=ru
ЕЭК Кеңесі Қазақстанның навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынысын қолдады 15.07.2026
Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация тауарларды тасымалдауды бақылау үшін қолданылатын, үшінші елдерде өндірілген навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде бастама көтерген болатын.Бұл бастама ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 4 шілдедегі шешіміне сәйкес 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің операторлары тек Одақ аумағында өндірілген навигациялық пломбаларды пайдалануға міндетті болуына байланысты ұсынылды.Қазақстанның жүк тасымалын бақылау жөніндегі Ұлттық операторы -  Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ғарыш техникасы мен технологиялары институты. Қазіргі уақытта оператор өзіне тиесілі құрылғылармен қатар екі жыл мерзімге жалға алынған, үшінші елдерде өндірілген шамамен 10 мың навигациялық пломбаны пайдаланып келеді. Оларды мерзімінен бұрын ауыстыру қосымша қаржылық шығындарды талап етеді. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінің қазіргі өндірістік қуаты Қазақстанның навигациялық пломбаларға деген қажеттілігін әзірге толық көлемде өтеуге мүмкіндік бермейді.Сонымен бірге елімізде навигациялық пломбаларды отандық өндірісте шығаруды жолға қоятын кәсіпорындар айқындалды. Алайда өндірісті іске қосу үшін қосымша уақыт қажет.Талқылау қорытындысы бойынша ЕЭК Кеңесі Қазақстанның ұсынысын қолдап, Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті шешімінің күшіне ену мерзімін 2028 жылдың 1 қаңтарына  дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Бұдан бөлек, Кеңес ветеринариялық бақылауға жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізу және өнім үлгілерін іріктеу тәртібі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Енгізілген түзетулерге сәйкес, уәкілетті органдар бес жылдан астам уақыт бойы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына бақылаудағы өнімді жеткізбеген үшінші елдер кәсіпорындарын тізілімнен шығару туралы бастама көтере алады.Сондай-ақ Кеңес ЕАЭО-ның «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Өзгерістер өнімге қосарланған токсикологиялық сынақ жүргізу жөніндегі міндетті талаптың қолданысқа енгізілу мерзімін бір жылға кейінге қалдыруды көздейді. Бұл шешім аталған зерттеулерді жүргізуге мүмкіндігі бар аккредиттелген зертханалар санының шектеулі болуына байланысты қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256385?lang=ru
Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін кешенді бағалауды бастады 15.07.2026
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен (ЕТДҚ) бірлесіп, MAPS (Methodology for Assessing Procurement Systems) халықаралық әдіснамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін бағалауға арналған кіріспе семинарын өткізді.Семинарға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.MAPS әдіснамасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін алдыңғы бағалауды халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік банк, ЕЫДҰ, ЕҚДБ, ИДБ, АДБ) 2019 жылы өткізді.Іс-шара барысында MAPS әдіснамасы шеңберінде қолданылатын бағалау жүргізудің мақсаттары, кезеңдері мен негізгі тәсілдері түсіндірілді.Бағалау жүргізу мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесін жан-жақты талдауға, халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, оны одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудың ашық, тиімді және автоматтандырылған жүйесін дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-satyp-alu/press/news/details/1259019?lang=ru
Аудан әкімі Қазақстанның Құрметті журналисі алтай үсеновті қабылдады 15.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болған Халықаралық Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Алтай Үсенұлын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.Қабылдау барысында аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, ақпарат саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Алтай Үсенұлының кәсіби қызметіне ризашылығын білдірді.– Журналистика – қоғам мен биліктің арасындағы алтын көпір. Елдің тыныс-тіршілігін халыққа шынайы жеткізіп, ұлттық құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпаққа өнеге болатын қаламгерлердің еңбегі әрдайым құрметке лайық. «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы – Сіздің көпжылдық адал еңбегіңіздің, кәсіби біліктілігіңіз бен елге сіңірген қызметіңіздің заңды жемісі. Бұл – тек жеке жетістік емес, аудан журналистикасының да мерейі, – деді аудан әкімі.Жиында аудандық мәслихатының төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі.Жиын соңында Алтай Үсенұлы көрсетілген құрмет үшін аудан басшылығына және аудан жұртшылығына алғысын білдіріп, журналистиканың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен ел бірлігін нығайтудағы маңызына тоқталды.Айта кетсек, Алтай Үсенұлы – бұқаралық ақпарат құралдары саласында қырық жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі журналист, ақын, қаламгер. Ұзақ жылдар аудандық «Қармақшы таңы» газетінде қызмет атқарып, ширек ғасырдан астам уақыт бас редактор болды. Шығармашылық еңбектерінің негізінде бірнеше жыр жинақтары жарық көріп, өлеңдері қырғыз және татар тілдеріне аударылған. Журналистика мен әдебиет саласындағы жемісті еңбегі, өңірдің қоғамдық-рухани дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін биыл Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрметті атағына ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1256085?lang=ru
ДЗМҰ Ассамблеялары аясында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Индонезия, Иран, Корея Республикасы және Еуразиялық патенттік ұйым өкілдерімен кездесті 15.07.2026
Женевада өткен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеялары отырыстарының 68-сериясы аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Индонезия Республикасы, Корея Республикасы, Иран Ислам Республикасы және Еуразиялық патенттік ұйым өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Индонезия тарапымен кездесу аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Индонезия Республикасының Құқық министрі Супратман Анди Агтаспен келіссөздер жүргізді. Тараптар зияткерлік меншік, мемлекеттік басқаруды цифрландыру, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және кадрлар даярлау салаларындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ бірлескен білім беру, сараптамалық және технологиялық бастамаларды іске асыру үшін институционалдық негіз қалыптастыруға тиіс Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау тәсілдері қарастырылды.Иран Ислам Республикасы Сот билігі басшысының орынбасары және Актілер мен мүлікті тіркеу жөніндегі мемлекеттік ұйымның басшысы Хасан Бабаимен келіссөздер барысында ұлттық зияткерлік меншік жүйелерін жетілдіру, тіркеу рәсімдерін цифрландыру, құқық қолдану және құқық иеленушілерді қорғау мәселелері қарастырылды. Тараптар бейінді бөлімшелер арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге, практикалық және сараптамалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ зияткерлік меншікті сот арқылы қорғау мәселелері бойынша кәсіби диалогты дамытуға дайын екендерін растады.Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрі Ким Ян Сунмен кездесуде екіжақты әріптестікті тереңдету перспективалары талқыланды. Қазақстан тарапы кореялық әріптестерін Зияткерлік меншік министрлігінің құрылуымен құттықтап, цифрлық ортада зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірлескен жобаның нәтижелерін оң бағалады. Бейінді министрліктер арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды дайындауға, жасанды интеллектіні қолдану, цифрлық платформаларды дамыту, мамандар даярлау және бірлескен білім беру әрі сараптамалық іс-шараларды өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті Григорий Ивлиевпен кездесу аясында цифрлық трансформация, патенттік сараптама сапасын арттыру және өтінім берушілерді қолдау тетіктерін кеңейту мәселелеріне басты назар аударылды. Қазақстан өнертапқыштар, ғылыми ұйымдар, университеттер, стартаптар және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында ЕАПҰ-ның қаржылық көмек бағдарламасын ілгерілетуге мүддел білдірді.Өткізілген келіссөздер практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, озық шешімдермен алмасуға және заманауи, технологиялық әрі халықаралық әріптестікке бағдарланған зияткерлік меншік жүйесін одан әрі дамытуға өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1256123?lang=ru
Инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысының жыл ішінде алғаш рет оң динамикаға шығуына ықпал етті 15.07.2026
Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай табыстарының динамикасын талдады.ҰСБ дерегі бойынша, 2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы соңғы жылы алғаш рет оң серпінге шықты. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ол 0,1% - ға өсті.Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы айына 252 619 теңге болған. Бұл 2025 жылғы I тоқсан деңгейінен 11,8% - ға жоғары. Инфляциялық процестердің біртіндеп баяулауы, атап айтқанда тұтыну бағасының тұрақтануы маңызды фактор болды. Айта кету керек, жыл басынан бері жылдық инфляция деңгейі тұрақты баяулап, ағымдағы жылғы маусымда 10,3% - ға дейін төмендеді.Жалдамалы жұмыстан түскен кірістер халықтың барлық ақшалай кірісінің үштен екісін құрайтын азаматтардың әл-ауқатының негізгі көзі болып қала береді. Бұл ретте еңбекақы төлеу деңгейі экономика салаларында айтарлықтай ерекшеленеді.2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша орташа айлық номиналды жалақы 9,1% - ға өссе, нақты жалақы индексі 97,7%. Сонымен қатар, еңбекақы төлеу динамикасы экономикалық қызмет түрлерінде айтарлықтай ерекшеленді. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ауыл шаруашылығында — 20,3%-ға (нақты мәнде-7,7-ға), қаржы және сақтандыру қызметінде — 18,1% - ға (5,7%), көлік пен қоймалауда-12,9%-ға (1,1%), өңдеу өнеркәсібінде-14% - ға (2,1%) тіркелді. Бұл бірқатар салаларда, ең алдымен экономиканың мұнай емес секторында еңбекақының озыңқы өсіп отыруының сақталуын айғақтайды.Экономиканың мұнай емес секторындағы жалақының жоғары өсу қарқыны өте маңызды. Өйткені ол өндірісті дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі және сапалы жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру мүмкіндіктерінің біртіндеп кеңеюін көрсетеді.Ұлттық экономика министрлігі халықтың нақты табысының одан әрі тұрақты өсуі Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Ол үшін ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қосылған құны жоғары салаларды дамыту секілді, еңбекақыны ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін көздейтін халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары іске асырылуда. Инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуімен ұштастыра отырып, осы шараларды іске асыру нақты табыстың неғұрлым орнықты өсуін және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚНРДА-ның 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасына сәйкес халықтың нақты табысының нысаналы өсуі жыл сайын 2-3% - дан төмен емес.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1256047?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1256509?lang=ru
МҚІА департаментінің басшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД ұжымына Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды түсіндірді 15.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловпен кездесу өтті.Мемлекеттік басқарудың негізгі реформаларын іске асыру жөніндегі түсіндіру жұмысы шеңберінде Тоқтамыс Қадошұлы қызметкерлерге 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.МҚІА департаментінің басшысы жаңа Заң Мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғыртуға, меритократия, клиентке бағдарлану және процестерді цифрландыру қағидаттарын енгізуге бағытталғанын атап өтті. Негізгі инновациялардың арасында:- Стандартты 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасына ауысу (I және II топтағы мүгедектер үшін - 36 сағат), қосымша жұмыс уақытына кепілдік беріледі;- Жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу;- Бір лауазым ішінде көлденең мансаптық өсу мүмкіндігі;- Әлеуметтік кепілдіктерді күшейту: ротация және көшу кезіндегі тұрғын үй төлемдері мен өтемақылар, өтіліне байланысты қосымша демалыс күндері, 25 және одан да көп жыл өтілі бар мемлекеттік қызмет ардагерлеріне біржолғы төлемдер;- Кадрларды іріктеу және бағалау рәсімдерін толық цифрландыру;- Жас мамандарға арналған тәлімгерлік институты және Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлін күшейту;- Азаматтарға ресми негіздер бойынша құқықтарды іске асырудан бас тартуға тыйым салу.Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына ерекше назар аударылды. Жұмағұлов Тоқтамыс Кадошұлы негізгі конституциялық өзгерістерді және олардың Мемлекеттік органдар мен қызметшілердің қызметіне әсерін түсіндіріп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын сақтаудың және азаматтардың билікке деген сенімін арттырудың маңыздылығын атап өтті.Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану: мансаптық өсу ерекшеліктері, әлеуметтік кепілдіктер, HR-процестерді цифрландыру және азаматтармен өзара іс-қимыл бойынша сұрақтар қоя отырып, талқылауға белсенді қатысты. Барлық сұрақтарға толық және толық жауаптар берілді.«Жаңа Заң Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы үшін заманауи жағдайлар жасайды, Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырады және оның халықтың қажеттіліктеріне бағдарлануын күшейтеді. Ұжымдарда түсіндіру жұмыстары-реформаларды табысты жүзеге асырудағы маңызды қадам», - Тоқтамыс Қадошұлы деп атап өтті.«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң - бұл бүкіл Мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды қадам. Бұл қызметкерлердің әлеуметтік қауіпсіздігін едәуір арттырады, кәсіби өсу үшін нақты мүмкіндіктер жасайды және Қызметті заманауи және тартымды етеді. Бұл өзгерістер бізге бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету және Маңғыстау облысының тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді тиімдірек орындауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Арман Нұрланұлы Ахметқалиев деп атап өтті.Кездесу сындарлы атмосферада өтті және Маңғыстау облысындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256049?lang=ru
Мобилды аударымдарға қатысты: МКК кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталған азаматтарға ақпараттық хаттар жолдады 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың I тоқсанындағы банктік операциялары бойынша кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдады.       Мұндай хаттар келесі белгілер бір мезгілде анықталған азаматтарға жіберіледі:қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жеке банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша қаражатының түсуі;банк шоты кәсіпкерлік қызметті жүргізуге арналмаған болуы;көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖ) асуы.      Мұндай хатты алу азаматтың жауапкершілікке тартылғанын білдірмейді. Хат ақпараттық-түсіндіру сипатында жолданады және салық заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметін өз еркімен ретке келтіруге мүмкіндік береді.     Егер сіз осындай хат алған болсаңыз және іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, алынған табысты заңдастыру қажет. Ол үшін:егер бұрын тіркелмеген болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;алынған табысты тиісті салық есептілігінде көрсету;салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау қажет.     Салық төлеушінің мәртебесіне байланысты табыстар төмендегідей көрсетіледі.     Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы салық режимін (мобильді қолданба түбіртектері жасалмаған сомаларға қатысты) қолданатын жеке тұлғалар 2026 жылға арналған Кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) табыстарын көрсетуге тиіс. Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін тапсырып, жеке табыс салығын 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін төлеуі қажет.     Жеке кәсіпкерлер үшін:жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатындар 2026 жылға арналған Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс бойынша жеке табыс салығы декларациясында (220.00-нысан)табыстарын көрсетеді. Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін тапсырып, салықты 2027 жылғы 10 сәуірге дейін төлеуі қажет;оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатындар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 910.00-нысанбойынша декларацияда табыстарын көрсетеді. Декларацияны 2026 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін тапсырып, салықты 2026 жылғы 25 тамызға дейін төлеуі қажет.      Егер жүргізіліп отырған қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмаса немесе алынған хат бойынша сұрақтарыңыз болса, 1414 байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.      Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелерін уақтылы орындау салықтық әкімшілендірудің кейінгі рәсімдерін болдырмауға мүмкіндік беретінін еске салады. Салық міндеттемелері уақытында орындалмаған жағдайда, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолданатын болады.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1256065?lang=ru
«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР» 15.07.2026
«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР»Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ардагер-ұстаз Иманбай Әйтімұлының 80 жас мерейтойына орай “Ұшқыр ойлы қаламгер” атты аудандық шара өткізілді. Шара мақсаты өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өнерін насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету, ел азаматтарын ұлықтау.Кездесу кеші Иманбай Әйтімұлының өмірі мен еңбектерінен әзірленген бейнероликпенбасталып, аудан әкімінің орынбасары Н.Боқаевтың қаламгерге аудан әкімінің құттықтау хатымен сый-сияпатын табыстауға ұласты . Кездесу кешін аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы А.Сайлауов жүргізіп, кештің қадірлі қонағы Иманбай Әйтімұлымен өмір жолы және шығармашылығына байланысты сұхбат жүргізді. Кеш барасында ауыл өнерпаздары ән шашуларын тарту етті. Сонымен қатар шара аясында ұйымдастырылған мәдениет үйлері мен ауылдық клуб әдіскерлері арасында өткізілген аудандық байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқау нәтижесі бойынша Гүлназ Нұрбайқызы /Қамыстыбас ауылдық клубының әдіскері/- «Бас жүлде»/, Гульнара Сыдыққызы /Қарақұм ауылдық клубының әдіскері/- «І-орын», Райса Бейбітқызы/ Аманөткел мәдениет үйінің әдіскері/- «ІІ орын», Меруерт Құлназарқызы /Сазды ауылдық клубының әдіскері/- «ІІІ орын», Әйгерім Төребекқызы /Бөген ауылдық клубының әдіскері/ және Айгүл Ақниетқызы /Бекбауыл ауылдық клубының әдіскері/ - Иманбай Әйтімұлының «Арнайы жүлдесі» қалған қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен қаржылай жүлделер табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qaraqym/press/news/details/1256030?lang=ru