Қоғам
Аймақтағы күзгі шақыру: медициналық комиссия болашақ сарбаздардың денсаулығын тексеруде 16.11.2024
Өңірде күзгі шақыру жалғасып жатыр. Әскерге шақырылушылардың денсаулығын міндетті тексеру жүргізілуде. Қалалық және облыстық медициналық комиссиялардың білікті мамандары әскерде мерзімді қызметке жарамды жастардың денсаулық жағдайын мұқият қарайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қадағалауымен дәрігерлер тиісті жұмыстарын атқарып, мемлекеттік мекеме тарапынан шақыру науқанында қажетті диагностикаға арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.Облыс әкімдігі әрбір әскерге шақырылушының денсаулық жағдайын нақты бағалау үшін әскери комиссариаттарға жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алды. Жаңа құрылғылардың ішінде ультрадыбыстық аппарат, офтальмологиялық құрылғы, ЛОР комбайны және дерматоскоп бар. Бұл жабдықтар дәрігерлерге әскерде қызмет етуге кедергі келтіретін ауруларды анықтауға мүмкіндік береді.Егер тексеру барысында қосымша диагностика қажет болса, әскерге шақырылушылар аймақтың емханалары мен стационарларына жіберіледі.Әскерге шақырылушылар міндетті медициналық тексеруден өтеді, оған талдаулар мен зерттеулер кіреді. Міндетті процедуралардың қатарына жалпы қан мен зәр анализі, электрокардиография, эхокардиография, флюорографиялық зерттеу, іш қуысы мен бүйрек мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу жатады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін немесе жеке қожалығында мал ұстайтын азаматтар үшін бруцеллезге қан анализі алынады.Медициналық мекемелерден алынған әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа ерекше назар аударылады. Созылмалы аурулар туралы деректер, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулердің нәтижелері қаралады.Бұдан өзге, әскери бөлімдерге қабылданатын облыстық құрама пункттерде есірткі заттарына тестілеу және АИТВ-инфекциясына зерттеу жүргізіледі, бұл болашақ әскери қызметшілер үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.Медициналық тексеру – әскерге шақыруға дайындықтың маңызды кезеңі, оны жоғары деңгейде өткізу елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және болашақ сарбаздардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883752
Биыл елімізде суару маусымы сәтті өтті 16.11.2024
Биыл елімізде суару маусымы сәтті өтті. Шаруаларға 11,2 млрд текше метрге жуық су берілді. Құрғақшылық туралы түрлі болжамдарға қарамастан, министрлік қажетті іс-шараларды қабылдап, шаруаларды суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883814
ҚЫТАЙЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛУДА 16.11.2024
ҚЫТАЙЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРСӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛУДА Сәтбаев университетінің Ө.А.Байқоңыров атындағыТау-кен металлургия институтында «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» білім беру бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасынан келген бес докторант білім алуда. Цюй Чжуанчжуан, Гао Лили, Лю Цзинцзин, Го Сяохун және Ли Цзя «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасында білім алып жатыр. Жас ғалымдар ағынды суларды тазарту үшін инновациялық материалдарды пайдалану, нано- және композиттік материалдарды, сондай-ақ экология мен өндірістегі заманауи технологияларды зерттеулермен айналысуда. Олар оқу мен зерттеу жүргізу үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін және Қазақстан, Қытай, Малайзия, Польша және Ұлыбританиядан келген жетекші ғалымдардың басшылығымен жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін университетке алғыстарын білдірді. - Қазақстанға келгеніме бір ай ғана болса да, біз көптеген жаңа достар тауып, уақытты қызықты өткіздік. Келешекте көміртегі негізіндегі материалдарды синтездеп, оларды энергия сақтау жүйелерінің барлық түрлеріне қолдануды жоспарлап отырмын. Бізге қолдау көрсеткен топ мүшелеріне алғысым шексіз, әсіресе PhD докторлары Қыдыр Асқарұлы мен серіктесім Елризаға ризашылығымды білдіремін. Қытай мен Қазақстан арасындағы достығымыз нығая берсін деп тілеймін! - деді Шаньдун провинциясынан келген 1-курс докторанты Лю Цзинцзин. Жас ғалым қазақстандық және британдық жетекшілердің басшылығымен «Электрохимиялық энергияны сақтау құрылғылары үшін жоғары тиімді электродтық материалдарды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын әзірлеуде. Қытайдан келген тағы бір докторант Цюй Чжуанчжуан да «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» мамандығы бойынша 1-курста оқып жүр. Ол Сәтбаев университетінің профессоры Азат Сейітхан мен Малайзиядан келген профессор Нұр Набих Юсуфтың жетекшілігімен «Наномагниттік цеолитті алу және оның нанопластиктерінің адсорбциялау қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/883780
Оқу жылы басталғаннан бері елімізде 106 жаңа мектеп ашылды 16.11.2024
Оқу жылы басталғаннан бері өңірлерде 150 мың оқушыға арналған 106 жаңа мектеп есігін айқара ашты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Оның ішінде 90 мыңға жуық оқушы 33 жайлы мектепте білім алуда. Олар бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған жеке блоктармен, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдарымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған кедергісіз ортамен, бірнеше спорт залдарымен, заманауи пәндік кабинеттермен қамтылған. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша тағы 18 мектеп ашылды. Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен ашылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/883830
COP29-да климаттың өзгеруі, мұздықтар және аймақтық ынтымақтастық сессиясына қатысу 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық және Батыс Азиядағы мұздықтардың еруі проблемаларына және климаттың өзгеруіне қарсы күресте өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды сессияға қатысты. COP29 аясында өткен іс-шара табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары мен халықаралық климаттық ұйымдардың өкілдерін жинады. Шараның бірлескен ұйымдастырушылары COP29 төрағалығы, Жасыл климаттық қор (ЖКҚ), Азия Даму Банкі (АДБ) болды.Сессия АДБ президенті Масацугу Асакаваның, Жасыл климаттық қордың Инвестициялар жөніндегі директоры Генри Гонсалестің аймақтағы су ресурстарын тұрақты басқаруды қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткен негізгі сөздерінен басталды.Іс-шарада Орталық және Батыс Азия елдерінің климаттың өзгеруі, мұздықтар және трансшекаралық ынтымақтастық саласындағы әріптестігі туралы Декларацияға қол қойылды. Министр Ерлан Нысанбаев Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерімен бірге климаттық өзгерістер мәселелерін шешуге және мұздықтарды сақтауға ортақ міндеттемені көрсететін декларацияны қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883828
ШЫМКЕНТТЕГІ ПЕДИАТРЛАР ФОРУМЫ: БАЛАЛАР МЕДИЦИНАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛАР 16.11.2024
Шымкентте бұл күндері балалар денсаулық сақтау мамандарының республикалық форумы өтуде.Семинар-кеңеске қатысушылар еліміздің педиатриялық қызметі үшін ең өзекті міндеттер мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді талқылауда.Денсаулық сақтау саласындағы өсіп келе жатқан сын-қатерлер мен жылдам өзгерістер жағдайында педиатрия балаларға сауатты диагностика мен уақтылы емдеуді ғана емес, сонымен қатар аурулардың алдын алуды, ерте шақтан бастап салауатты әдеттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін медицинаның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.«Біз қолданыстағы профилактикалық көмекті жақсартуға, балалар өлімінің басқарылатын себептерін болдырмауға бағытталған жаңа табысты көмек түрлерін, цифрлық технологияларды әзірлеуге ниеттіміз. Емханаларда әмбебап прогрессивті патронаж моделін кеңінен іске асырудың, иммундаумен кеңінен қамтудың рөлі өте маңызды, балалар стационарларының инфрақұрылымын жақсартуды талап етеді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің кіріспе сөзінде.Семинарға қатысушылар патронаж қызметінің жұмысы, даму және ерте араласу орталықтарының МСАК деңгейінде ұйымдық құрылым құру бөлігінде педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартындағы өзгерістерді талқылады.Педиатрлардың біліктілігін арттыру, медициналық практикаға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ педиатрлар, терапевтер және басқа да мамандардың арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кеңес тәжірибе мен білімнің нәтижелі алмасуына арналған платформа болады, сондай-ақ балалар медицинасында жаңа тәсілдер мен практикаларды енгізуге ықпал етеді.Форумның қорытындысы бойынша ел өңірлерінде ұлттық басымдықтарды іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.Бүгінде Қазақстанда 6,8 млн-нан астам бала тұрады, бұл әрбір үшінші азаматтың бала екенін білдіреді. Олардың үштен бірі немесе 2,4 миллион бала - 5 жасқа дейінгі балалар. Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық жаңа туған нәресте дүниеге келеді. 1,5 млн-ға жуық бала Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары болып табылады, бұл аталған форумды өткізу үшін өңірдің кездейсоқ таңдалмағанын көрсетеді.Кеңеске еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары, ғылыми және республикалық орталықтардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы ДДҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, практика дәрігерлері қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/883750
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Канаданың әскери атташесімен кездесу өтті 16.11.2024
ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі полковник Дуглас Н. Суинтонмен кездесті.Тараптар өзара мүддені білдіретін Қазақстан-Канада әскери ынтымақтастығының бағыттарын талқылады. Канаданың Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери атташе ретінде полковник Дуглас Н. Суинтон 2023 жылдың қазан айында аккредиттелді. Мәскеудегі Резиденцияның орналасқан жерін ескере отырып, бұл канадалық атташенің алғашқы сапары.Шетелдік қонаққа ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/883657
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекетте қорғаныс ведомстволарының өкілдері байланыс жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады 16.11.2024
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының байланысын басқару органдары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Біріккен штаб, ҰҚШҰ Хатшылығының делегациялары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Іс-шараға қатысушыларды ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов қарсы алды. Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілі байланыс жүйесін дамытуда бірыңғай көзқарастар мен тәсілдерді қалыптастыруға, ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде әскерлердің коалициялық топтарын басқаруды жетілдіруге бағытталған бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Бейнеконференцбайланыс бойынша ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков сөз сөйледі.– Бірлескен оқу-жаттығу тәжірибесін ескере отырып, осы бағытта біріккен штабта мақсатты жұмыс ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарымен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі. Оның басты мақсаты – ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің байланыс жүйесін одан әрі жетілдіру, – деді генерал-полковник Андрей Сердюков.Кеңеске қатысушылар байланыс күштері мен құралдарының ұйымдық-техникалық бірлестігін дамытудың негізгі бағыттарын, оны заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып ұйымдастыру нұсқаларын және оларды ұштастыру мәселелерін талқылады.ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) контингенттерінде түбегейлі жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін перспективалық байланыс құралдарын қолдануға ерекше назар аударылды.Жұмыс кездесуі барысында әскерлерді басқарудың байланыс жүйесі мен автоматтандырылған жүйелерінің жұмыс істеу нәтижелері қаралды, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесінің техникалық негізін жетілдіру жолдары айқындалды.Келесі отырыс 2025 жылдың сәуір айында Қырғызстанда өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/883686
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің құрылғанына 20 жыл толды 16.11.2024
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті ҚР Қаржы министрлігінің жанынан 2004 жылы еліміздің алғашқы Бюджет кодексінің ережелерін іске асыру шеңберінде құрылған еді. Департаменттің негізгі міндетіне Қазақстанда мемлекеттік қаржы статистикасын дамыту мен есеп беру кіреді. 20 жыл ішінде департамент республика мен шетелде мемлекеттік қаржы есептілігі мен статистикасы мәселелері бойынша функционалды міндеттерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік алды.Қазір еліміздің 3 Бюджет кодексінің жобасы бойынша дайындық жұмыстары қолға алынды. Соған сәйкес:шоғырландырылған бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы туралы есептілік;республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамын кеңейту;азаматтық бюджет пен халық қатысатын бюджетті үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) әзірлеу мен ашық түрде орналастыру;мемлекеттік қаржы статистикасы мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату;«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы» (2023), «Халықаралық бюджет ашықтығы индексінің көрсеткіштерін орындау» (2023), «Қазақстан Республикасының 1991-2023 жылдардағы мемлекеттік бюджет статистикасы» (2024) статистикалық жинақтарын шығару жолымен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ашық түрде орналастыра отырып, бюджеттің ашықтығы мен халықтың бюджет сауаттылығын арттыру бастамасын іске асыру;«Үкімет резерві» мен «Үкіметтің жылдық есебі» функционалын автоматтандыру және т.б. басқа жұмыстар жүргізіліп келеді.Осы орайда Департамент ұжымын мерейтоймен құттықтай келе Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/883677
Жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ГЭС түрлері бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы 16.11.2024
2024 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 20 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда-саттық өткізілді.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 11 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 23.23 МВт құрады.2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 38 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.Сауда-саттық жеңімпаздары:«Смарт РеЭнерджи» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 38 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Көксу Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.2 МВт, аукциондық бағасы 39.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 40 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Смарт РеЭнерджи» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 40.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Electrical Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 41.17 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Turan Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2.2 МВт, аукциондық бағасы 41.18 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, USAID және және АХҚО өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/Жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 15 қарашаға жоспарланған.Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/883713
Ербол Мырзабосынов Қазақстан-Қытай туристік бизнес диалогына қатысты 16.11.2024
Елордада Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Қазақстан-Қытай туристік бизнес диалогы өтті. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай туризм академиясының президенті (China TourismAcademy), профессор Дай Бин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы делегациясының туристік өкілдері қатысты.Министр аталған іс-шараның маңызына тоқталып, ашық бизнес-диалог қатысушылар үшін тиімді алаңға айналатынына әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Оның алдында екіжақты визасыз режимнің орнатылғаны мәлім. Нәтижесінде Қытайдан келетін қонақтардың саны 20 есе өсіп, 367 мыңға жетті. Ал биылғы 10 айда қытайлық туристердің саны жарты миллионнан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға көп. Осылайша, Қытай Қазақстанға келетін туристер саны бойынша ТОП-5 елдің қатарына кіріп отыр. Сондай-ақ әуе қатынастары да ұлғайды. Қазақстан мен Қытай арасында 42 тұрақты тікелей және 7 чартерлік рейс орындалады», – деді Ербол Мырзабосынов.Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында екі елде 30-ға жуық іс-шара өткізілді. Оның ішінде Қазақстан қалаларының туризм және мәдениет күндері, ірі көрмелер мен форумдар, сондай-ақ мәдени және B2B іс-шаралар бар. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізу екі елдің дамуы мен мемлекетаралық деңгейде достық қарым-қатынастарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Іс-шара соңында тараптар Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысын 2024 жылғы 27 қарашада Алматыда өтетін салтанатты жабылу рәсімінде жан-жақты талқылауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/883625
Елордада қар тазалауға 1,2 мыңнан астам арнайы техника шығарылды 16.11.2024
Астананың коммуналдық қызметтері қаладағы қар тазалығымен күндіз-түні айналысады. 14 қарашада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан астам арнайы техника мен 300-ден астам жұмысшы шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.14 қараша күні елордадан 29 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 206 мың ауыр жүкке тең.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 240 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттарын, аялдамалар мен тротуарларды да тазалауға аса мән беріледі.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883601
Мәдениет және ақпарат министрлігі театрларды реконструкциялау және сақтау бойынша жұмысты жалғастыруда: тарихи ғимараттарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары басталды 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи театрларды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Соның ішінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры да бар. Театр ғимараты салынғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Инженерлік желілері мен материалдық-техникалық базасы тозғандықтан өрт қаупі жоғары. Ғимарат реконструкциясы театрдың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Өйткені ғимарат жергілікті маңызы бар мәдени ескерткіш мәртебесіне ие.Сонымен қатар, демеушілер қаражатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде жеті бөлме, оның ішінде оркестр мен хор залдары, музей, грим бөлмелері, қабылдау залы және т.б. жаңартылды.Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында да көп өзгеріс болады. Ғимараттың күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.Республикалық академиялық неміс драма театры да назардан тыс қалмайды. Бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан театрды жөндеу және газдандыру мәселесі Ұлттық экономика министрлігінің қарауында тұр.Министрлік сонымен қатар 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратына сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Сараптама барысында оның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша алдағы жұмыс көлемі анықталады.Айта кету керек, 2020 жылы еліміздің мәдени мұрасын қолдаудағы маңызды қадам –Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883622
Бүгін Рудный қаласында ұлы қазақ жазушысы және драматург Бейімбет Майлинге арналған мурал салтанатты түрде ашылды! 16.11.2024
Ленина көшесі, 215 мекенжайындағы үйде енді Б.Майлиннің портреті бейнеленген мурал оның 130 жылдық мерейтойына орай жасалды. Бұл мурал жазушының шығармашылық мұрасына деген құрмет пен танудың символына айналды.Іс-шараға қаланың зиялы қауымы, мектеп оқушылары, қала тұрғындары және танымал жазушының тікелей ұрпақтары қатысты. Мерейтой аясында Б.Майлин атындағы мектеп-гимназияға экскурсия ұйымдастырылып, мектептің театр үйірмесі «Би-ағаның биігі» атты қойылым қойды, ал «Бейімбет оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды.Осы өнер туындысын жасауға атсалысқан «QС holding» компаниясына және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/883611
Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынамақ 16.11.2024
Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 555 студент қатысады.Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.Бес күндік сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы аттанды.Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатында Абай облысының командасы командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, 12 медальон жеңіп алып, көш бастаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883605
ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан 10 экспонат ұсынды. Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырды.Виртуалды көрме Google Arts & Culture платформасында жарияланған және оны мына сілтеме арқылы тамашалауға болады https://artsandculture.google.com/pocketgallery/nAWxtrFiZ4dQ1Q.Google Arts & Culture – бұл әлемдегі серіктес мәдени ұйымдардың өнер туындылары мен мәдени артефактілерінің жоғары сападағы суреттері мен бейнелері бар Google басқаратын онлайн платформа.Қазіргі уақытта сервис ұжымы кемінде 80 елдегі 2 мыңнан астам мәдени мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Қолданушылар платформадан өнер туындыларының көшірмелерін, сәулет ескерткіштері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары туралы мәліметтерді таба алады. Сондай-ақ, сайтта бүкіл әлемдегі мәдени мекемелердің мұрағаттарын көруге мүмкіндік беретін цифрлық көрмелер бар.«Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесі Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігерінен тұрады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883594
Семейде Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған республикалық конференция өтті 16.11.2024
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында абайтанушы Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған «Семей руханияты және Төлеужар Ибрагимов» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Төлеужар Ибрагимовтың шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау және Абай облысының әдебиет пен мәдениетінің рухани құндылықтарын ұлықтау мәселелері талқыланды. Конференция аясында «Оймен оңаша» әдеби-музыкалық еске алу кеші, «Абай деп соққан жүрегі» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, Төлеужар Ибрагимовтың абайтану саласындағы рөлі туралы зерттеулері таныстырылды.Конференцияға филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева, Мәдениет саласының үздігі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы және басқа да сарапшылар қатысты.Сондай-ақ, Абай атындағы театр актерлері мен «Дариға-ай» жастар труппасы «Оймен оңаша» атты композициялық көрініс және «Жас Абай» спектаклінен үзінді қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883602
Астанада Герольд Бельгердің екі томдық жинағының тұсаукесері өтті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті аудармашысы, жазушы және публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай екі томдық «Таңдамалылар» кітабының тұсаукесері өтті.Оған мәдениет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар мен аудармашылар, сондай-ақ Ресей дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.Іс-шарада ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.Министр құттықтауында Герольд Бельгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетін дәріптеудегі адал қызметі мен көптілді мұрасы келешек ұрпақ үшін маңызды құндылық екені айтылған.«Бұл жинақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үйлестіретін «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көріп, еліміздің кітапханаларына таратылады. Бұдан бөлек биыл бірегей тұлғаға арналған жүзден астам рухани іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде. Жылдың кейінгі ширегінің өзінде Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 32 іс-шара жоспарланып, қалыңорман оқырмандарға ұсынылуда. Министрлік тарапынан жазушының шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде», – делінген құттықтау хатта.Жазушының қызы Ирина Ковалева-Бельгер тұсаукесерге онлайн қатысып, мерейтойға орай өткізіліп жатқан шаралар туралы ойымен бөлісті.«Қазақстанның әр өңірінде Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойы аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сондай маңызды шараның бірі – екі томдық жинақтың жарық көруі. Бірінші томда ең үздік әңгімелері мен шығармалары жинақталған. Екінші том өміріндегі аса қымбат жандарға, бірге өмір сүрген, өзі талантын жоғары бағалаған адамдарға арналған. Оның шығармашылығы мен өміріне қызығушылық танытып, насихаттап жатқандарыңыз үшін шексіз алғыс білдіреміз», – деді И. Ковалева-Бельгер.Герольд Бельгердің жаңа екі томдық «Таңдамалылар» жинағына 140-тан аса шығармалары мен аудармалары еніп, әрқайсысы 3000 данамен жарыққа шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883612
Қазақстан транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндама ұсынды 16.11.2024
Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды.Осындай ауқымды жұмысты Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасынан басқа аяқтағандардың қатарында. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы – Саймон Стил атап өтті.Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеу және беру және әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу және қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.BTR1 әзірлеуді БҰҰДБ «Жасыл даму» АҚ-мен ынтымақтастықта «9-шы Ұлттық хабарлама мен бірінші және екінші BTR дайындау» ЖЭҚ халықаралық жобасы шеңберінде іске асырды.BTR1 негізгі бөлігі «Жасыл даму»АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы Ұлттық баяндама болып табылады. БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883610
Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда 16.11.2024
Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңірлерге жұмыс сапары жалғасудаКөлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.«Ай сайын азаматтарды қабылдап, өңірлердегі тұрғындармен кездесу өткізуге тырысамыз. Бұл кері байланысты айтарлықтай нығайтуға және тұрғындарға консультативтік және ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Негізінен тұрғындар жол құрылысы, автоматтандырылған өлшеу жүйесін орнату, теміржол және әуе рейстерінің санын арттыру және басқа да мәселелерді көтереді», - деді министр.Жалпы бұл кездесулерге 100-ге жуық адам келді.Барлық өтініш берушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883603