Қоғам
Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді 16.11.2024
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.Сервисті пайдалану үшін:- eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;- «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883852
Қараша конференциясы: Қарағандыда бизнес өкілдері мен жоба әзірлеушілерге арналған кездесу өтеді 16.11.2024
"Террикон алқабы" it-хабы 29 қарашада өтетін кезекті конференцияға өтінімдерді қабылдауды бастады. Іс-шара айтишник пен digital-мамандарға бағытталған.Алты сарапшы әртүрлі саладағы білім және тәжірибесімен бөліседі. Спикерлердің әрқайсысы өз саласының маманы.Компанияның негізін қалаушы және коммерциялық директоры Hoster.KZ Виктория Бандельман "Компанияның түсінікті ұйымдық құрылымы – пайда мен өсудің негізі" атты дәріс оқиды.CEO Zima Blue, Sea ELDER Фарангиз Шукашева компанияларға стратегиялық шешімдер қабылдау үшін зерттеулер мен деректерді қалай тиімді пайдалану керектігін айтады.Тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің "Жеке Қаржы: қалай байып, жинаған қорды қалай жоғалтпау керек" тақырыбындағы дәрісі бюджеттеу, шығындарды басқару, тәуекелдерді басқару және салықтық жоспарлау тәрізді бағыттарды қамтиды.Aviata-дағы data engineer Ержан Кабыл "Data Science бойынша Kaggle-дегі міндеттерді шешу: Titanic кейсін талдау" тақырыбын таныстырады.Қазақстандағы Cloud mL СЭС Болат Қазкенов мансаптық жолды қалай құруға болатыны туралы құпиямен бөліседі.«Кotlin тілін қолдануға көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары» тақырыбында неконференцияда NITEC компаниясының Staff Software Engineer-і Темірлан Аманбаев сөз сөйлейді. Формат: онлайн/офлайн. Басталуы: 18:30.Қатысушыларды сайтта тіркеу: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883759
Қарағанды облысының өзекті инвестициялық мәселелері талқыланды 16.11.2024
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов бірқатар ірі өңірлік кәсіпорындарға, соның ішінде «Сарыарқа» АЭА нысандарына барып, өзекті инвестициялық мәселелерді талқылады.Осылайша, «Линде Газ Казахстан» ЖШС инвестициялық жобасының алаңында делегация техникалық газдар шығаратын ауа бөлетін қондырғылардың өндірістік циклімен танысып, компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейту әлеуетін талқылады. 2009 жылы құрылған кәсіпорын оттегі мен азот сияқты өнеркәсіптік газдарды өндіруге маманданған. Бұрын іске асырылған жобалардың сомасы шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды.Бұдан әрі делегация «Qarmet» АҚ қазақстандық ірі болат және тау-кен өндіру компаниясының металлургиялық комбинатына барды, онда домна пешінің жұмысы, сондай-ақ ыстық мырыштау және алюминий цехының жұмыс істеуі көрсетілді. «Qarmet» АҚ негізгі қызметінен басқа, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды іске асырды, атап айтқанда, Теміртау қаласында саябақ салынды, сондай-ақ трамвай инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Компанияның бас директоры Вадим Басинмен кездесу барысында тараптар компанияның өндіріс пен өндірістік қуаттылықты ұлғайту, логистикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жоспарларын талқылады.Сапар барысында Ә. Қуантыров диірмендерге арналған футерлерді өндіруге маманданған «Polymet Solutions Corporation» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты. Зауыт 2020 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта оның өнімдері көрші нарықтарға белсенді түрде экспортталуда. Бұған дейін 2024 жылы кәсіпорын алаңында «OKUMA» жоғары дәлдіктегі фрезерлік өңдеу орталығы пайдалануға берілген болатын. Нысан басшылығымен кездесуде өндірісті дамыту жоспарлары, оның ішінде құю зауытын салу жобасы талқыланды.Министрдің орынбасары сондай-ақ 2021 жылы іске қосылған және Ресей мен Қырғызстанға өнімді экспорттайтын «Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС геомембрана өндіру зауытының қызметімен, сондай-ақ «Qaragandy Power Silicon» ЖШС ферросиликоалюминий өндіру зауытының құрылыс алаңымен танысты.Сонымен қатар «Сарыарқа» АЭА аумағында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысовпен және басқарушы компаниямен бірлесіп АЭА қажетті инфрақұрылыммен және электрмен жабдықтау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ рұқсат құжаттарын алу бөлігінде өндірістердің ағымдағы проблемалық мәселелері, инфрақұрылымдық мәселелер және өткізу нарығына байланысты мәселелер талқыланды. Инвестициялық штабқа одан әрі шығара отырып, бірқатар мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды.Сапар қорытындысы бойынша делегация Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өңірдегі өнеркәсіпті одан әрі дамыту және инвестициялар тарту үшін қажетті шараларды талқылау үшін кездесті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883913
Ойын бизнесін және лотереяны реттеукомитеті қаржылық міндеттемелерінорындамаған борышкерлерге хабарлайды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енген азаматтардан түскен өтініштер жиілеп кетті. Өтініштердің негізгі мазмұны бәс тігу бойынша ақшалай қаражатты қайтару және букмекерлерге қатысты тексеру жүргізуге қатысты.Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты жоспардан тыс тексеруге жеке тұлғаның заң бұзушылық туралы өтініші болса, тиісті дәлелдер мен негізді айғақтар ұсынылуы қажет.«Комитетке өтініш берген кезде бәс тігу фактісін растайтын материалдар (мысалы, бәстігу тарихы, жеке кабинет скриншоттары және т.б.) қоса берілуі тиіс. Тиісті материалдар болған жағдайда, Комитет өтініштің мән-жайын зерттеп, заң бұзушылық жасаған ойын бизнесі ұйымдастырушыларына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесін қарастырады.Сонымен қатар Комитет Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес, ешкімнің заңсыз әрекеттерден пайда табуға құқығы жоқ екенін еске салады. Бұл ереже борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғалардың өтініштерін зерделеу кезінде ескеріледі», – деді Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділет Тұрғанбаев.Іс жүзінде, кейбір азаматтар тыйым салынғанына қарамастан, құмар ойындарға қатысуға тырысады. Мәселен, олар үшінші тұлғалардың шоттарын қолдана отырып немесе бәс жасалғаннан кейін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы өзін-өзі шектеу тізіліміне тіркеледі.Мұндай азаматтар ұтылған жағдайда ойын бизнесі ұйымдастырушыларына ұтылған қаражатты қайтару туралы шағымданады, бірақ ұтысқа ие болған жағдайда ешқандай шағым жазбайды.Комитет мұндай жағдайларда жауапкершілік борышкерлердің бірыңғай тізіліміндегі өзінің мәртебесі туралы білетін құмар ойындарға қатысушыға да, сондай-ақ мұндай адамды тиісті тексерусіз ойынға қатысуға жіберген ойын бизнесі ұйымдастырушысына да жүктелетінін атап көрсетеді.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы шілдеде қабылданған «Құмар ойындар туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, міндеттемелерін орындамаған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген азаматтарға құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынады.🔺Тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады: www.aisoip.adilet.gov Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/883910
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ КОНТЕЙНЕРЛІК ХАБ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ 16.11.2024
Биыл қарашада Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік беретін алғашқы контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Жобаны «Ляньюньган порты» АҚ және Ақтау теңіз сауда порты бірлесіп жүзеге асыруда.Бұл жоба - елдің халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырады және көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді. Нақтырақ айтсақ, хаб құрылысы Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағытында контейнерлерді тасымалдауды ұлғайтуға және Қытайдан Еуропаға келетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта 20-дан астам арнайы техниканың көмегімен жердегі учаскені вертикальды жоспарлау бойынша жұмыс жасалып жатыр.Айта кетейік, бүгінгі таңда теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар бойынша көрсеткіш 84% - ға артып, 58 мың ЖФЭ құрап отыр. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХТМ) бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 2,7 есе байқалады.Аталған жұмыстарды 2025 жылдың ортасында аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883926
Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
2024 жылғы 16 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер.Кездесу сағат 10:00-де «Оқушылар сарайы» ғимаратында өтеді (Талдықорған қаласы, Д. Қонаев көшесі, 51).Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін тел: WhatsApp +7 707 808 60 70 – Даулет СамбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883931
Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына Үндістан әскери делегациясы келді 16.11.2024
Қорғаныс министрлігінің мекемесінде Үндістанның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі полковник Панкадж Кумар Видьяртхи бастаған шетелдік делегация орталықтың қызметімен танысты.Брифингте орталық өкілдері үнділік әріптестеріне бітімгерлік контингентін дайындаудағы заманауи тәсілдер туралы айтып, шет тілдерін оқыту тәжірибесін бөлісті.Талқылау барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссиялары шеңберінде елдердің өзара іс-қимылы мен тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жоспарға сәйкес үнді әскерлері Құрлық әскерлерінің әскери институтына және Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/883951
Еңбек министрлігі НҚА-ға түзетулер енгізеді: Барлық мүгедектігі бар адамдарды бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық аяқ киіммен қамту, кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдерін қысқарту 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған, бұл олардың өмір сүру сапасына және қоғамға әлеуметтенуіне оң әсер етеді. Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 29 қарашаға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Мәселен, құжатта кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдерін қысқарту көзделген. Бұл түзетулер көбінесе балалардың арбаларына қатысты. Сонымен, 7 жасқа дейінгі балалар үшін арбалардың барлық түрлерін үш жылдан кейін ауыстыру жоспарлануда. 7 жастан асқан балаларға: бөлмеде жүріп тұруға арналғандарды – 5 жылдан кейін, әмбебап – 4 жылдан кейін ауыстыру. Сондай-ақ, ересектерге арналған бөлмеде жүріп тұруға арналған арбаларды ауыстыру мерзімі бір жылға қысқарады, олар әр 6 жыл сайын ауыстырылады.Айта кетейік, бүгінгі күні қолданыстағы заңнамаға сәйкес кресло-арбалармен қозғалатын балалар мен ересектер үшін бірыңғай ауыстыру мерзімі белгіленген: бөлмеде жүріп тұруға арналған кресло-арбаларға – 7 жыл, серуендеуге арналғанға – 4 жыл.Сондай-ақ маңызды өзгерістердің қатарында мүгедектігі бар адамдардың барлық топтарын протездік-ортопедиялық аяқ киіммен, аппараттарға (протездерге) арналған аяқ киіммен, емдеу-профилактикалық құралдармен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету болып табылады.Бүгінгі таңда бұл қызметтер мүгедектік тобына байланысты мүгедектігі бар адамдарға өз қаражаты есебінен құнының 50% немесе 100% төлей отырып ұсынылады.Бұдан басқа, бұйрық жобасын қабылдау веб-камерасы бар ноутбуктермен, сондай-ақ экрандық қол жеткізуді бағдарламалық қамтамасыз етуімен және сөйлеу синтезімен, сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерлермен, Брайль шрифтімен кіріктірілген ақпаратты енгізу/шығарумен, зейнеткерлік жасқа толған мүгедектігі бар адамдармен қамтамасыз ету бойынша шектеулерді алып тастайды. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған техникалық құралдар тек еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар азаматтарға ғана беріледі. Көру қабілеті бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін ойнатқышты үлкен техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін мамандандырылған тифлофлешплейерге ауыстыру көзделген.Ұзақ уақыт төсек режиміндегі мүгедектігі бар адамдар үшін декубитке қарсы матрацпен және функционалдық механикалық медициналық төсекпен қамтамасыз ету көзделген.Сонымен қатар ымдау тілі маманының қызметтерін онлайн форматта (байланыссыз) көрсетуге медициналық көрсеткіштер қайта қаралды, бұл оларға тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді.Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15293212 бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/883924
Көміртегі қорын құруға және көміртегі нарықтарының цифрлық трансформациясына арналған сайд-ивент 16.11.2024
2024 жылғы 14 қарашада Qazaqstan павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) көміртегі қорын құруға және көміртегі нарықтарының цифрлық трансформациясына арналған маңызды сайд-ивент өтті. Іс-шара Қазақстанның орнықты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес саласындағы негізгі бастамаларын талқылаған жетекші сарапшылар мен мемлекет қайраткерлерін, халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Іс-шараны «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.Кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын және барлық экологиялық төлемдерді шоғырландыру үшін негізгі оператор ретінде көміртегі қорын құру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ХЖТИЖО басқарма төрағасы Дидар Кәрімсақов өз сөзінде Қор тұрақты жобаларды қаржыландыру және жасыл технологияларға инвестициялар тарту үшін маңызды құрал болатынын атап өтті.Сонымен қатар, іс-шарада орнықты даму саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйледі, соның ішінде:• Самех Вахба, Еуропа мен Орталық Азиядағы тұрақты даму жөніндегі аймақтық директор, Дүниежүзілік банк.• Ян-Виллем ван де Вэн, Халықаралық климаттық саясат және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы, ЕҚДБ.• Виктор Коваленко, EY серіктесі, Кавказдағы және Орталық Азиядағы тұрақты даму тәжірибесінің жетекшісі, Ernst & Young.Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан қор биржасының (KASE), DeepRock Group және Khan Tengri Capital өкілдері қатысты.Іс-шараның модераторы UK Export Finance бизнес-ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бөлімінің жаһандық басшысы Мик Нур Шах болды, ол қызықты әрі нәтижелі пікірталас жүргізді.Әрбір презентация көміртегі нарықтарының маңыздылығына және олардың энергетика және өнеркәсіп секторларын жаңғырту үшін ашатын мүмкіндіктеріне назар аударды. Көміртегі нарықтарының тиімді жұмысының маңызды элементі ретінде цифрлық технологияларға ерекше назар аударылды. Мамандар цифрлық шешімдерді енгізудегі кедергілерді еңсеруге және цифрлық трансформацияны ынталандыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құруға бағытталған табысты бастамаларды талқылады.Іс-шарада көміртегі мен жасыл технологияларды дамытуға бағытталған маңызды келісімдерге қол қойылды, атап айтқанда:MZTIP және DeepRock Group (Қытай) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум. Ақпарат үшін, DeepRock еншілес компаниясы болып табылады Vesco Group (Қытай) - айналымы жылына 40 млрд. доллардан асатын құрылыс бизнесінің көшбасшысы.ХЖТОИЖ типі мен Tact Invest Group (Германия) арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Ақпарат үшін, TACT Invest Green Tech жобаларын, стартаптарын және венчурлық бағдарламаларын қолдауға маманданған. Amana Capital Investment & Advisory LLC және Alex Green Fund арасындағы 150 миллион долларлық инвестициялық келісім. Ақпарат үшін, ХЖТОИЖ Apex Fund-пен бірлесіп, осы қорды АХҚО платформасында жасыл қаржыландыруды тарту үшін құрды. Осы Бірлескен Қордың жарияланған капиталының мөлшері 500 миллион АҚШ долларын құрайды.Сондай-ақ, Planetary Carbon Standard көміртегі несиелерін верификациялау, жасыл энергетика, көміртегі іздері, орман екпелерін мониторингілеу саласындағы жобаларды сараптамалық сүйемелдеуге қатысты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ақпарат ретінде, Planetary Carbon Standard бас кеңсе Лондонда орналасқан. Өз қызметі аясында 8,6 млн көміртекті несие өндірді.Қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстанның тұрақты дамуына қол жеткізу және климаттық сын-тегеуріндермен күресу үшін мемлекет, бизнес және ғылыми топтар арасындағы одан әрі ынтымақтастық қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Сайд-ивент халықаралық аренада өзара әрекеттесуді тереңдетуге ықпал ететін тәжірибе алмасу және стратегияларды қалыптастыру үшін маңызды платформаға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883927
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр 16.11.2024
800 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын табуда.Акцияға облыс тұрғындары мен жастар да белсене атсалысып келеді. Тараз қаласындағы «Самал» шағынауданында №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.«Мемлекет Басшысының батамасымен жүзеге асырылып жатқан акция облыста жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары да белсене араласуда. Осындай шаралар үздіксіз жүргізілетін болса, тараздықтар тазалық жұмыстарын әдетке айналдырады деп ойлаймын. Баршаны туған қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын», - деді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Айғаным Арқабек.Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.Бұл жұмыстарға 1 056 бірлік техника қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/883886
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ ӘЗІРЛЕНДІ 16.11.2024
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының аясында «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы өтті. Шараға аудан әкімінен бастап, ақсақалдар кеңесі, белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан тұрғындары қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.Жалпы тазалық жұмыстарына 17 техника тартылып, 2000 дана қара ағаш түптері егілді. 3000-ға жуық адам қатысқан шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңғаров Сейітбек тек келіп, өз үлесін қосты.«Осы ауылдың ақсақалы ретінде біз де бүгін келіп, жастарға үлгі болайық деп шештік. Экологияны қорғау, жас ұрпақты туған жеріне тазалыққа баулу - біздің міндетіміз. Бүгін еккен жас тал ертеңгі күні саялы баққа айналып, ауылымызға көрік береді. Президентіміздің «Таза Қазақстан» бағдарламасы - туған жерімізді аялауға, тұрғындарға экологиялық мәдениетті үйретуге бағытталған кешенді бағдарлама деп ойлаймын”, деген ақсақал бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табу керектігін айтты.Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды.Атап өтейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңгеге айыппұл салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883884
ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ 16.11.2024
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 10 жыл» мерекесіне орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Облыстық білім басқармасы және «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит жастарға тілестігін білдірді.– Болашағымыздың іртетасы – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың қолында екендігі белгілі. Сондықтан, егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін жас буынның тәрбиесі тұнық, елге деген сүйіспеншілігі берік болуы қажет. Соның ішінде, бүгінгі іс-шараның берері мол. Әділдікті ту етіп, адалдықты биік қойған жастарымыздың әрдайым мерейі үстем болсын! – деді Превенция басқармасы басшысының орынбасары.Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Ешенқұлов сөз сөйлеп, «Адал ұрпақ» еріктілер мектебі клубтарының жас өрендеріне сәттілік тіледі.Патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында Түркістан қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде өткен слетке жалпы білім беретін ұйымдардың 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері және әскери жетекшісі қатысты.Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалалардан келген 16 команда екі кезең бойынша сынға түсті.Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Түлкібас ауданының клубы, ІІ орынды Түркістан қаласы мен Жетісай ауданының командалары иеленді. Ал ІІІ орыннан Бәйдібек, Сарыағаш, Төлеби аудандарының клубтары көрінді. Жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен грамоталар беріліп, дайындаған әскери жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883901
ТҮРКІСТАНДА АҚЫН БАҚЫТЖАН АЛДИЯРДЫҢ «АНАЛАРДЫҢ АНАСЫ» ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ 16.11.2024
Түркістанда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Бақытжан Алдиярдың «Аналардың анасы» әдеби-сазды кеші өтті. Алдымен көрермендер мерейтой иесіне арналған тақырыптық кітап көрмесін тамашалады.Мазмұнды жиынды ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ашып беріп, ҚР Президентінің алғыс хаты мен төсбелгісін табыстады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркі Мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет дарын иесінің шығармашылығына тоқталды.Шара барысында кеш иесі туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Кешті ақын, ҚР Жазушылар одағының Астана қаласындағы өкілі Дәулеткерей Кәпұлы жүргізіп отырды. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ақынға арнауын айтты.Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсек, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс қаламгерге ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы мен туған жері Қазығұрт ауданы әкімдіктерінің құттықтау хаты табысталып, ақынға құрмет көрсетілді.Кешке елімізге белгілі әнші, композитор Роза Әлқожа арнайы қонақ болып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірме оқушылары Бақытжан Алдиярдың өлеңдерін оқыды. «Жаңа леп» ұжымының өнерпаздары махаббат тақырыбындағы өлеңдерінен әдеби композициясы мен ел арасына кеңінен танылған «Ерке қыз» әнін орындады. Әдеби кеш көрерменге шабыт сыйлап, поэзияның абыройын аспандатты.Айта кетейік, Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. Өлеңдері 3 жинаққа енген, 4 жеке кітабы бар. Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883905
Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды 16.11.2024
Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті?Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-ші орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді.Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексі аясында жүйелерді 50-ден астам индикаторды қамтитын "Лайықтылық", "Тұрақтылық" және "Тұтастық" үш қосалқы индексі негізінде бағалау жүзеге асырылды. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелеріне толық және объективті бағалау жүргізу үшін ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесі сияқты т. б. ұйымдардың деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды.64,0 балл жинаған Қазақстан АҚШ, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сауд Арабиясы және басқа елдерден озып, "С+" бағасын алды.Қорытынды балл үлес салмағы бойынша өлшенген қосалқы индекстік бағалардың нәтижелерін жинақтау жолымен алынды:"Лайықтылық" қосалқы индексі бойынша - 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан, мысалы Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Индонезиядан, Оңтүстік Африкадан озып кетті);"Тұрақтылық" қосалқы индексі бойынша - 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан индексі Швейцария, Чили, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түседі);"Тұтастық" қосалқы индексі бойынша - 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Швеция, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және басқа елдерге қарағанда жоғары). Жоғарыда келтірілген сандардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның тұрақтылық (жалпы рейтингіде 8-орын) және тұтастық (16-орын) қосалқы индекстері өте жоғары бағаланды. Республиканың зейнетақы жүйесіндегі нығайтуды қажет ететін неғұрлым осал орны – лайықтылық қосалқы индексі бойынша (47 орынның 41-сі) сипатталды.Mercer CFA институты қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру және зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткішінің лайықтылығын арттыру бойынша мынадай ұсыныстар жасады:ең кедей қарт адамдарды/зейнеткерлерді қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру:зейнетақы жинақтарына қол жеткізуді шектеу арқылы зейнетке шығар алдындағы кезеңде жинақтардың шығыс ағынын қысқарту;өмір сүру ұзақтығы ұлғайған сайын егде жастағы адамдардың жұмыс күшіне қатысу деңгейін арттыру;зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жылдық үзінді көшірмелерінде болжамды зейнетақы төлемдерін көрсету бойынша талаптарды енгізу. Жаһандық зейнетақы индексінде бала туудың төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына қатысты жалғасып жатқан үрдістерді ескере отырып, зейнетақы жүйелерін жетілдіру қажеттілігі атап өтіледі. Ол туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да айтылды: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 және одан егде адамдар саны 5 және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек».Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет жыл сайынғы рейтинг - Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне енгізіліп, бірден 64,9 балл жинап, 20-орынға ие болды. 2024 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан тізімнің тура ортасындағы орынды иеленді. Ал бірінші орынды Нидерландының зейнетақы жүйесі сақтап, 84,8 балл жинады. Атап кетейік, Нидерландыда 2028 жылға қарай барлық зейнетақы жоспарларын жинақтаушы жүйеге (DC) толық көшіру жоспарланып отыр. Индексте бүкіл әлем бойынша зейнетақы жүйелері белгіленген төлемдердің (DB) жоспарларынан едәуір алшақтап, бекітілген жарналардың (DC) жүйелеріне ауысып жатқандығы атап көрсетілген.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883874
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз жаңа Су кодексінің жобасы туралы 16.11.2024
Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.Жаңа Су кодексі климаттың өзгеруіне бейімделуге және суды үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады.Құжат су ресурстарын басқарудағы үйлестіруді жақсарту үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді.Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі су объектілерінің жай-күйі туралы деректердің мониторингі мен есепке алынуын қамтамасыз етеді.Су ресурстарын қорғау мен пайдалануды жоспарлаудың жаңа тетіктері әр аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.Шағын су объектілерін, сулы-батпақты жерлер мен мұздықтарды қорғауға ерекше назар аударылады.Кодекске «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі, бұл – су объектілерінің экожүйелерін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі, сарқылудан және басқа да жағымсыз салдардан қорғайды.Елді мекендердегі сумен жабдықтау, су бұру және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін суды пайдаланудың қатаң нормаларын белгілейді.Су объектілерін қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және суды пайдалануды реттеуді жетілдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883903
Қазақстанда мойынтіректер өндірісі 50%-ға өсті 16.11.2024
2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елімізде мойынтіректер өндірісі сандық мәнде 1,5 есеге (50%) ұлғайып, 21,2 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 14,2 мың тоннаны құраған болатын.Өндірістің артуына негізгі себеп – Қазақстандағы жалғыз өндіруші – Степногорск мойынтірек зауыты шығаратын цилиндрлік роликті мойынтіректерге тұтынушылық сұраныстың артуы болып табылады. Зауыт өнімінің 85%-дан астамы ЕАЭО елдеріне экспортталады. Бұл өндіріс орнының жүктемесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді және осы жылдың соңына дейін өнім өндіру көрсеткіштері төмендемейді деп болжануда. Айта кетейік, цилиндрлік роликті мойынтіректер станоктарда, өндірістік редуктор жабдықтарында, көлік техникасында пайдаланылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883878
315 мыңнан астам әйел азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Астанада өткен «Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі» атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің VIІ Республикалық форумы аясында әйелдерді жұмыспен қамту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.Асқар Биахметов өз сөзінде Мемлекет басшысы биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын қоғамда ілгерілетуге бағытталған Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын атап өтті.«Қазақстандағы әйелдер негізінен қызмет көрсету секторында, әсіресе білім беру мен денсаулық сақтауда жұмыс істейді, онда әйелдердің үлесі жұмыспен қамтылғандар санының 70% - дан астамын құрайды. Сонымен қатар құрылыс, көлік және өнеркәсіп сияқты салаларда әйелдердің үлесі айтарлықтай төмен. Бұл гендерлік еңбек бөлінісінің жаһандық тенденцияларын көрсететін күтім мен оқытуға байланысты мамандықтардағы әйелдердің жоғары үлесін көрсетеді.Әйелдердің жартысы жоғары деңгейдегі дағдыларды қажет ететін позициялармен айналысады – бұл басшылар, кәсіпқойлар және мамандар. Кәсіпқойлар арасында әйелдердің үлесі 64% құрайды, бұл әйелдердің жоғары білікті қызмет салаларына қосқан үлесін көрсетеді», – деді вице-министр.Сондай-ақ, ол гендерлік жұмыспен қамтудың салалық ерекшелігін көрсететін техникалық дағдыларды талап ететін кәсіптерде әйелдер ең аз жұмыс істейтінін атап өтті. Біліктіліктің төмен деңгейі біліктілікті қажет етпейтін жұмыстармен айналысатын әйелдердің 17%-на тән.«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 315,5 мың әйел, оның ішінде 165,5 мың ауыл әйелдері қамтылды.Жыл басынан бері жалпы 239,9 мың әйел жұмыспен қамтылды, оның ішінде 131,3 мыңы тұрақты жұмысқа, 108,6 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 45%-дан астамын құрайды», – деді Асқар Биахметов.Форум аясында «Coca-Cola Belesteri-2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттау және Салтанат Рахымбекова атындағы грантты тапсыру рәсімі өтті.Сондай-ақ, «Әйелдер бастамаларын қолдау құралдары» панельдік сессиясы өткізіліп, «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі», «Ауылдық әйелдерге арналған цифрландыру және жаңа технологиялар», «Ауылдық жерлердегі әйелдердің білімі мен кәсіби дамуы» сараптамалық алаңдары ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/883841
Оқу-ағарту министрі Astana Hub технопаркінің білім саласындағы стартап жобаларымен танысты 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен бірге Astana Hub технопаркінде болып, білім саласында түрлі цифрлық шешімдер ұсынатын отандық EdTech-стартап жобалармен танысты.Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқытатын онлайн білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Ол бойынша бүгінде 300 педагог пен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттыруда.Министрге оқытушының қатысуынсыз және дәріссіз әдістеме бойынша стденттердің өзара оқыту қағидаттарына негізделген Tomorrow School жасанды интеллект мектебі таныстырылды. Ғани Бейсембаев жасанды интеллект мамандарын даярлауға арналған бұл жобаның мектеп оқушыларына бейімделген нұсқасын жасау мәселесін пысықтауды ұсынды.«Қазіргі даму үдерістері білім беру процесін цифрлық трансформациялау бойынша жаңа ұстанымды, тың әдіс-тәсілді талап етеді. Жас ұрпаққа заманауи талапқа сай сапалы, бәсекеге қабілетті білім беру үшін әрбір педагогтің ІТ-құзыреттілігін арттыруға, мектептер мен колледждерде цифрлық білім беру ортасын құруға, сапалы контент ұсынуға баса мән берілуі керек. Сонымен қатар білім алушылардың цифрлық қауіпсіздігі бірінші кезекте қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ министрге білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ортақ білім беру экожүйесін құруға, жасөспірімдерге кәсіптік бағыт-бағдар беруге, олимпиада қатысушыларын офлайн форматта қашықтықтан оқытуға бағытталған отандық IT-қызметтер мен өнімдерінің таныстырылымы ұсынылды.Айта кету керек, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру саласын цифрландыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстандық мектептерде интернет сапасы үш есе жақсартылды, барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшіріліп, ол 11 платформаға жүктелді. Білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру мақсатында eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» сервисі іске қосылды, сондай-ақ орта білім аттестаты, техникалық және кәсіптік білім дипломдары электронды үкімет порталындағы цифрлық құжаттардың тізбесіне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/883876
Астана көшелерін қар мен мұздан 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,3 мың арнайы техника тазартады 16.11.2024
Астана көшелерінің қарын күндізгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 2500-ден астам жол жұмысшы тазартуға кірісті. Жауын-шашынның салдарынан қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордадан 15 қарашаға қараған түні 27 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 136 мың ауыр жүк көлігіне тең.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 21 мыңнан астам рейспен 267 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883675
Қазақстан COP29 шеңберінде Ақмола облысында алғашқы «жасыл» курорттың құрылғанын жариялады 16.11.2024
Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына (COP29) қатысушылардың 29-конференциясы аясында Қазақстан елдегі алғашқы «жасыл» курорттың іске қосылғанын жариялады. Ақмола облысының әсем Ақкөл ауданында орналасқан жоба әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келетін тұрақты туризм инфрақұрылымын құруға бағытталған.Жобаның алғашқы кезеңдерінің бірі 2023 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан Wyndham Residences Aqkol қонақ үйінің іске қосылуы болды. Бұл жай қонақүй емес, экологиялық тұрақтылықтың жоғары стандарттарын ескеретін нысан. Оның құрылысында жасыл дизайн және пассивті құрылыс әдістері, соның ішінде энергияны үнемдейтін технологиялар мен суды сүзу жүйесі пайдаланылды, бұл энергия тұтынуды айтарлықтай азайтады және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтады.Сонымен қатар, курорттық аймақ жергілікті фермерлерінен өнімді сатып алу арқылы жергілікті экономиканы белсенді түрде қолдайды, бұл көлік шығындарын азайту арқылы көміртегі шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Бұл тәсіл сонымен қатар аудандағы шағын және орта бизнестің өсуін ынталандырып, жергілікті тұрғындарды қосымша табыс пен жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі қазірдің өзінде БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі жаһандық бастамасына қатысады, бұл жобаның халықаралық аренадағы маңыздылығын көрсетеді. Бірақ бұл тек бастамасы ғана: жобаның келесі кезеңі жаңартылатын энергия көздеріне толығымен көшуді жоспарлап отыр, бұл курортты толығымен экологиялық таза етеді және көміртегі ізін азайтады.Сонымен қатар, жобаның келесі кезеңі ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті халықты курортты дамыту үдерісіне белсенді түрде тартуға бағытталған. Бұл өңірдегі өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартып, жыл бойы тұрақты жұмыс үрдісін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасының артуына әкеледі.Жобаның маңызды аспектілерінің бірі демалыс орнының әзірлеушісі және инвесторы болып табылатын TӦR`RE компаниясы ұсынған инновациялық инвестициялық модель болып табылады. Дәстүрлі мемлекеттік субсидиялардың орнына жоба үкімет 10 жыл ішінде жобадан түсетін салық түсімдері арқылы қаражатты қайтаруды қамтамасыз ететін модельді қамтиды. Бұл тәсіл бизнестің мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттырып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.«Біздің жобаларымыздың маңызды ерекшелігі дәстүрлі көздерді баламалы инфрақұрылыммен алмастыру болып табылады. Біз мемлекеттік қолдау парадигмасын өзгертуді ұсынып отырмыз. Субсидиялаудың орнына қаражаттың қайтарылуына кепілдік беріп қана қоймай, экономикалық өсуді ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын ашатын инвестициялық модель бар», - деді TӦR`RE компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Жақсылықов.Ақкөл өңірінде аталмыш жобалардың енгізілуі Қазақстанның климаттық проблемаларды шешуде әлемдік аренада белсенді ойыншы болуға ұмтылысын көрсетеді. Туризмде экологиялық тұрақты инфрақұрылымды құру инновациялық және экологиялық жауапты тәсілдер тұрақты дамуға қалай әкелетінінің мысалын береді.Өз кезегінде, TӦR`RE компаниясы бұл жоба бізге шалғайдағы туристік нысандардың жыл бойы жұмыс істеуіне көшуге мүмкіндік беріп қана қоймай, білікті мамандарды тұрақты тартудың арқасында қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартатынына сенімді. Бұл өз кезегінде қосымша салық түсімдерін қалыптастырып, еліміздің туризм саласының дамуына маңызды үлес болмақ.Осылайша, Қазақстанда алғашқы "жасыл" курортты іске асыру экологиялық таза туризмді дамытуға және елдің "жасыл" экономикаға көшуіне маңызды қадам болады, бұл туризм сияқты ресурстарды қажет ететін секторда да тұрақты және экологиялық жауапты шешімдер мүмкін екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883765