Бүгін Рудный қаласында ұлы қазақ жазушысы және драматург Бейімбет Майлинге арналған мурал салтанатты түрде ашылды!
16.11.2024 18:57:38 3403
Ленина көшесі, 215 мекенжайындағы үйде енді Б.Майлиннің портреті бейнеленген мурал оның 130 жылдық мерейтойына орай жасалды. Бұл мурал жазушының шығармашылық мұрасына деген құрмет пен танудың символына айналды.
Іс-шараға қаланың зиялы қауымы, мектеп оқушылары, қала тұрғындары және танымал жазушының тікелей ұрпақтары қатысты. Мерейтой аясында Б.Майлин атындағы мектеп-гимназияға экскурсия ұйымдастырылып, мектептің театр үйірмесі «Би-ағаның биігі» атты қойылым қойды, ал «Бейімбет оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Осы өнер туындысын жасауға атсалысқан «QС holding» компаниясына және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/883611