Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ЭРУДИТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ 16.11.2024
Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық «Эрудит» интеллектуалды ойыны өтті.Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев, Сайрам аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудан мәслихатының депутаттары Асанәлі Каримов мен Дархан Айдарханов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Жобаның мақсаты – жастардың білімге құштарлығын оятып, ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара қарым-қатынас пен командалық жұмыстың маңыздылығын ұғындыру.Интеллектуалды ойынға облыс аумағындағы аудан, қалалардан және аудандағы түрлі мекемелерден келген түрлі сала өкілдері мен жас еріктілерден құралған 15 команда қатысты.Сайыс 5 кезеңнен тұрып, әр кезеңде қатысушылар тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрлер, логикалық тапсырмалар сияқты әртүрлі салалар бойынша сынға түсті.Тартысты да, қызықты өткен сайыстың нәтижесінде 1-орынды Созақ ауданының «Теріскей» командасы иеленіп, 300 мың теңгені қанжылады. 2-орыннан сайыста бірдей ұпай жинаған облыстық «Жастар ресурстық орталығының» «Алаш» және Келес ауданының «Келес» командалары көрініп, 200 мың теңгені еншілесе, Сайрам ауданының «Бәйтерек» командасы 3-орынды місе тұтып, 100 мың теңге сыйақыға ие болды. Сондай-ақ «Үздік талпыныс» номинациясын Сарыағаш ауданының «Конина Power» командасы жеңіп алып, 50 мың теңгені иеленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.«Эрудит» ойыны облыстың білімді жастарын бір ортада жинап, олардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтатын игі дәстүрге айналып отыр. Аталған бағыттағы іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883246
ТҮРКІСТАН: КӨЛІК МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары халықпен тұрақты кездесу тапсырылған. Осы ретте, бүгін ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына іссапармен келіп, өңір тұрғындарымен кездесті.Басқосуда автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берілді.Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде жол саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.Айта кетейік, биыл облыс бойынша 202 нысан немесе 1068,4 шақырым жол мен көшелер жөнделуде. Жыл қорытындысымен 135 нысан немесе 611,7 шқ. пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыста 5 автовокзал, 20 автобекет және 18 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді.Қазіргі уакытта әуежай 3 халықаралық және 6 республикаішілік рейстерге қызмет көрсетуде.Жиын соңында Марат Кәрімжанұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, министрліктің сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883249
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Мектептердің құрылыстарына «Ұлттық қордан» 139 млрд. теңге қаралып, құрылыстары басталған. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан ұсынған жоспар бойынша 2024 жылы 16 мектеп, 2025 жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуы тиіс. Аталған бағыттағы көрсеткіштер мен өзекті мәселелер облыс әкімдігіндегі мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылысқа тапсырыс беруші, мердігерлер, жергілікті әкімдіктер мен жауапты басқарма осы жобаны уақтылы жүзеге асырып, бірлесе жұмыс істеуі керек екенін ескертті.– «Жайлы мектеп» жобасы Президентіміздің тапсырмасымен қолға алынды. Жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар. Жобаны кешіктірген мердігерлерге заң шеңберінде шара көріледі. Облыс және аудан, қала әкімдіктері тарапынан инфрақұрылым тарту, нысан соғатын жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Ол міндетті орындаймыз. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен мердігерлер құрылысқа тікелей жауапты. Біз бүгін бұл жерге бір-бірімізге сын айту үшін емес, жұмысты жеделдету жолын талқылау үшін жиналып отырмыз. Мәселелерді осы жерде ашық айтыңыздар. Мердігерлер де, тапсырыс беруші де ұсыныстарын жеткізіп, жұмысты ширатуға күш салғаны дұрыс. Аудан, қала әкімдері тапсырылатын мектептердің құрылысын қатаң қадағалап, инфрақұрылым желісіне қосылуын реттеңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, Ұлттық жоба бойынша облыстық бюджеттен 4,8 млрд. теңге қаралып, мектептерге инженерлік инфрақұрылымдар тарту жұмыстары аяқталған (газ, су, электр, байланыс). 7 мектепке кірме жолдардың құрылысы бітсе, 22 мектептің кірме жолдарына ауыр техниканың жұмыстары аяқталған сон асфальт қабаттары төселеді. Қазіргі таңда өңірде «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 1 мектеп тапсырылды. Қараша айында тапсырылатын 3 мектептің негізгі қаңқалары көтеріліп, шатырлары жабылып, ішкі әрлеу, абаттандыру жұмыстары 90% орындалған, құрал-жабдықтар орнату жұмыстары басталған.Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары-басқарма мүшесі Ғабит Малғаздаров, Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев, Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысының орынбасары Асылан Өтепбергенов жобаны жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Әрбір мәселе назарға алынып, қаржыландыру, құрылыс қарқынын арттыру бағытында тиісті жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен бірге мердігерлердің пікірлері де тыңдалды.Мәжілісте құрылысы кешіккен мектеп мердігерлеріне сын-ескертпе айтылып, тиісті міндеттер жүктелді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдеріне құрылыс қаржысы, нысанды қабылдап алуға қатысты мәселелерді шешу жөнінде тиісті ұсыныстар берілді. Аудан, қала әкімдеріне де тиісті міндеттер жүктелді.Өңірде «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883257
КЕЛЕС АУДАНЫНДА БИЫЛ ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ 16.11.2024
Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің екі ауылында жыл соңына дейін қос жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы мен Көгерту елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Бұл жайында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық округте өткен халықпен кездесуінде мәлімдеді.Аудан әкімімен өткен кездесуде бұған дейін жергілікті тұрғындар Бозсу, Құйған, Қияжол елді мекендеріне баратын ағын су каналын механикалық тазартудан өткізу мәселесін көтерген болатын. Нәтижесінде «Келес аудандық су шаруашылығы» мекемесі тарапынан Таубай каналының 3 шақырымы тамыз айында механикалық тазалаудан өткізілді. Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі Р-28 каналындағы Ақболат және Найман шлюздарының құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда қолданысқа берілді.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883260
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ АТАНДЫ 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негіздеген ісқағаз» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Аталған республикалық жобаға Министрлікке қарасты ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Қарағанды медицина университеті Республикалық қан орталығы, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы және Алматы мен Астана қалалаларының, Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Абай, Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты медициналық ұйымдары өзара бақ сынасты.Байқау қорытындысымен Түркістан жоғары медициналық колледжі «Үздік медициналық білім беру ұйымы» атанды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883268
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтады.Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласындағы жеке логистикалық компанияда маман ретінде бастаған.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ цифрландыру офисінде маман, менеджер, бас менеджер, сервис бойынша басқарушы директор лауазымдарын атқарды.2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеген. «Цифрлық трансформация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директорының орынбасары болды.Тағайындалғанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сапаны бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.Ақмола облысының өңірлік кадрлық резервіне енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883306
Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамып келеді 16.11.2024
Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамуда. Бұл маңызды қадам өңірде инклюзивті бастамалардың одан әрі дамуына негіз болды, сондай-ақ тең мүмкіндіктер мен қоғамға интеграциялануды қамтамасыз етті. Облыста мүгедектігі бар 29 мыңнан астам адам тұрады. Бүгінде олар үшін өмірдің барлық салаларына толық қатысуға жағдай жасалуда.«Бүгінгі таңда біздің облыс – елдегі ауылдық округтерде кеңесшілері бар жалғыз өңір. Біз мүгедек жандардың өмірін жақсартуға бағытталған бағдарламаларды іске асырумен айналысамыз және халық пен мемлекет арасындағы «көпір» боламыз. Ай сайын «Ашық есік күндері» өткізіліп, онда мүгедектікті белгілеу, мемлекеттік қолдау, еңбек заңнамасы және басқа да мәселелер бойынша кеңестер беріледі. Жұмыс нәтижесінде өтініштер саны азайды», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімінің мүгедектік мәселелері бойынша кеңесші Василий Шиманский.Штаттан тыс кеңесшілер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға өз үлестерін қосуда. Мысалы, 2-топ мүгедегі Иса Қалиев Біржан сал ауданындағы Андықожа батыр ауылының негізгі жалпы білім беретін мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасса, 3-топ мүгедегі Үміт Махамбетова Көкшетау қаласындағы «Аяла» арнайы балабақшасына диеталық тағам бойынша медбике болып жұмысқа тұрды.Айта кету керек, 2024 жылдың 10 айында 487 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 379 адам тұрақты жұмыспен, 108 адам уақытша жұмыспен қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883312
Абай облысы әкімдігінің басқарма басшылары тікелей эфирде сұрақтарға жауап береді 16.11.2024
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай облысы әкімдігінің басқарма басшыларының қатысуымен брифингтер топтамасы басталады. Олар атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, журналистердің көкейтесті сұрақтарына жауап береді. Кездесу форматы гибридті: Instagram желісінде тікелей эфирде онлайн және офлайн режимде өтеді.Брифинг кестесі:Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы – 18 қараша;Абай облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы – 19 қараша;Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – 20 қараша;Абай облысының Білім басқармасының басшысы – 21 қараша;Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы – 22 қараша;Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы – 25 қараша;Абай облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы – 26 қараша;Абай облысының Құрылыс басқармасының басшысы – 13 желтоқсан;Абай облысының Ветеринария басқармасының басшысы – 18 желтоқсан;Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – 19 желтоқсан;Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы – 20 желтоқсан;Абай облысының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы – 23 желтоқсан;Абай облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – 24 желтоқсан;Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы – 25 желтоқсан;Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – 26 желтоқсан;Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы – 27 желтоқсан.Облыс тұрғындары жобалар мен бастамалар туралы, сондай-ақ өзекті мәселелер жөнінде өз сұрақтарына жауап ала алады. Сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирде қоюға мүмкіндік бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883298
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді2024 жылғы 15 қараша күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 11:30-да Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 97 мекен-жайы бойынша орналасқан «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» ғимаратында өтеді.Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883319
Мәдениет және ақпарат министрлігі театрларды реконструкциялау және сақтау бойынша жұмысты жалғастыруда: тарихи ғимараттарды жаңғырту жұмыстары басталды 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи театрларды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Соның ішінде ғимараты салынғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры да бар. Театрдың инженерлік желілері мен материалдық-техникалық базасының тозу деңгейі 90%-ға жеткендіктен өрт қаупі жоғары. Ғимараттың пайдалы аумағының тек 53%-ын пайдаланумен шектеліп отыр. Осыған қарамастан, реконструкция театрдың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Өйткені ғимарат жергілікті маңызы бар мәдени ескерткіш мәртебесіне ие.Сонымен қатар, демеушілер қаражатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде жеті бөлме, оның ішінде оркестр мен хор залдары, музей, грим бөлмелері, қабылдау залы және т.б. жаңартылды. Сондай-ақ театр негізін қалаушыларды еске алу мақсатында балауыз мүсіндер жасалуда.Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында да көп өзгеріс болады. Ғимараттың күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.Республикалық академиялық неміс драма театры да назардан тыс қалмайды. Бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан театрды жөндеу және газдандыру мәселесі Ұлттық экономика министрлігінің қарауында тұр.Министрлік сонымен қатар 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратына сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Сараптама барысында оның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша алдағы жұмыс көлемі анықталады.Айта кету керек, 2020 жылы еліміздің мәдени мұрасын қолдаудағы маңызды қадам – Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883311
ТМҰ елдері COP29 аясында Қоршаған орта және экология министрлерінің бірінші отырысын шақырды 16.11.2024
2024 жылғы 14 қарашада Түркі Мемелекеттер Ұйымы мүше мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелеріне жауапты министрлерінің бірінші отырысы өтті.«Біздің кездесуіміз ТМҰ аймағындағы экологиялық проблемалармен күресуде ынтымақтастықты нығайту және күштерді біріктіру жолындағы маңызды қадам болып табылады», - деді министр Е.Нысанбаев өз сөзінде.Ол өңірлік деңгейде экологиялық мәселелерді шешуде бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті, су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы мәселесіне, климаттық бастамаларды жүзеге асыруға, биоәртүрлілікті, әсіресе сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтауға және т.б.Іс-шара барысында Тараптар биржадан тыс аймақтағы экологиялық проблемалармен күресу мәселелері бойынша пікір алмасты және ТМҰ аясында бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін тұрақты кездесулердің маңыздылығын растады.Кездесу барысында тараптар экология, биоалуантүрлілік және климаттың өзгеруі саласындағы түркі мемлекеттерінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді стратегиялары мен саясатын әзірлеуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Декларацияға қол қойды. қорғалатын аумақтарды тиімді басқару бойынша ақпарат, тәжірибе және озық тәжірибелер және т.б.Сондай-ақ, Тараптар Декларацияда көрсетілген шешімдерді іске асыруды қолдау үшін сарапшылық деңгейде Жұмыс тобын құру ниетін білдірді. Кездесу соңында министр ТМҰ елдері министрлерінің келесі кездесуін 2025 жылы Қазақстанда өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883252
Көктемде еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды, оның 12 млрд-тан астамы – тасқын су 16.11.2024
Көктемде еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды, оның 12 млрд-тан астамы – тасқын су. Бұдан бөлек, соңғы 20 жылда алғаш рет Батыс Қазақстан облысындағы Қамыс-Самар көлдеріне 80 миллион текше метр тасқын суы жіберілді. Ұлытау облысынан Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 миллион текше метр су жіберілді.Жыл басынан Балқаш көліне 12 млрд текше метр, Каспий теңізіне 7,4 млрд текше метр су жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883189
Жаңа Су кодексінің артықшылығы: экономикаға зиян келтірместен су ресурстарын қорғауды күшейту 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі Үкімет, министрлік, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді. Бұл су ресурстарын басқару ісін үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді.Негізгі жаңашылдықтардың бірі - су нысандарының жай-күйі туралы деректердің мониторингі мен есепке алынуын қамтамасыз ететін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің құрылғаны болып отыр. Бұл жүйе суды пайдалануды бақылау және шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бас жоспары мен бассейндік жоспарын жасау талабы пайда болды, бұл әр аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Бас жоспардың қорытындылары мен ұсынымдары мемлекеттік жоспарлау кезінде ескерілетін болады. Бұл су шаруашылығы бассейндері деңгейінде ресурстарды неғұрлым ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарт.Жаңа Су кодексінде су объектілерін қорғау нормалары да енгізілді. Атап айтқанда, шағын су қоймалары, сулы-батпақты жерлер мен мұздықтар да қарастырылған. Алғаш рет экожүйелер мен биоәртүрлілікті сақтау үшін маңызды болып табылатын шағын су объектілерін қорғау іс-шаралары егжей-тегжейлі сипатталған. Сонымен бірге, «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі, бұл – су объектілерінің экожүйелерін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі, сарқылудан және басқа да жағымсыз салдардан қорғайды.Су кодексінің жаңартылған жобасы елді мекендердегі сумен жабдықтау, су бұру және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін суды пайдаланудың қатаң нормаларын белгілейді. Сондай-ақ, құжат су объектілерін қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және суды пайдалануды реттеуді жетілдіреді.«Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады. Құжат климаттың өзгеруіне бейімделуге және суды үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады. Алғаш рет жерасты және жерүсті суларын кешенді пайдалану қағидаты енгізілді, бұл Қазақстанның су объектілерін біртұтас жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді», − деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883194
Қарағандыда еліміздің барлық өңірінен келген батыр полицейлер марапатталды 16.11.2024
Қарағандыға түрлі жағдайда азаматтарды құтқарып қалған антына адал полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан өкілдері жиналды. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен еліміздің әр өңірінде “Қазіргі заман қаһармандары” республикалық акциясы өтеді. Оның мақсаты – ел үшін туған ерлердің нағыз патриотизмін үлгі ету. Акция “Халық қаһарманы” Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналады. Полиция қызметкері лаңкесті ұстау кезінде қаза тапқан.Акцияға қатысушылар қайтыс болған полиция қызметкерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Б.Бейсенова атындағы ҚР ІІМ академиясында өткен дөңгелек үстелге қатысты.Қазіргі заман қаһармандары – батылдық сабағында оқушылармен кездесті. Елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін жүзден астам “Жас сақшы” кадет сыныбы жұмыс істейді. Аталған кадет сыныптарына қаза болған қызметкерлердің есімі берілген. Акция Кеншілер мәдениет сарайында өткен салтанатты іс-шарамен аяқталды. Онда еңбегі еленген тәртіп сақшысына марапаттар табысталды.– Бүгін біз батылдық, ар-намыс және адалдықтарымен мемлекеттің күші мен әділдігіне деген сенімді нығайтатын азаматтарға құрмет көрсету үшін осында жиналдық. Сіздер батырсыздар, нағыз қорғаушысыздар. Көшелердегі қауіпсіздігі мен тұрғындардың тыныштығын сіздер орнатып жүрсіздер. Сіздер қазіргі заманғы полицияның қандай болуы тиіс екендігінің жарқын үлгісісіздер, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.– Акцияның діттеген мақсаты – полицейлердің батырлығын еске алып қана қоймай, қоғамға қызмет етудің шынайы құндылықтарын насихаттау. Күн сайын 10 мыңнан астам полиция қызметкері қоғам қауіпсіздігі үшін сапқа тұрады. Олар қызмет бабында халықтың қауіпсіздігі жолында өз өмірлерін қауіп қатерге тігіп қана қоймай, кей кездері жандарын беруге де дайын екенін атап өткен жөн, – деді ҚР ІІМ ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.Сахнаға 15 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан өкілдері шықты. Олар ерлік көрсеткені үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Денис Шемет өз өміріне қауіп төндіре отырып, жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбазды граната жарылысынан аман алып қалған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол “Айбын” орденімен марапатталды.Патрульдік полиция инспекторы Бүркіт Алшынбаев өз өмірін қатерге тігіп, автобус пен балаларды тасымалдайтын жүк көлігінің соқтығысуының алдын алды. Учаскелік инспектор Дамир Қорғанбаев өрттен адамдарды құтқарып қалған. Кездесуге сондай-ақ суға батып бара жатқан балаларға көмек көрсету үшін суға түсіп, құтқаруға талпынған азаматтар да қатысты.Салтанатты жиында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары да болды. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың кіші ұлы Әділжан Байтасов та болды. Оларға да естелік сыйлықтар табыс етілді. Тәуелсіздік жылдарында елімізде қызметтік борышын өтеу кезінде 819 тәртіп сақшысы қаза тапты.Кеш мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/883202
Халал өнімдерін таңдаған тұтынушыларды қорғау халықаралық деңгейде талқыланды 16.11.2024
Ыстамбұлда Ислам мемлекеттерінің стандарттау және метрология институтының (SMIIC) XIX Бас Ассамблеясы өтті. Ислам ынтымақтастығы ұйымының (OIC) қолдауымен өткен бұл шарада 2010 жылдың тамызында құрылған SMIIC институты Халал талаптарына сай аккредиттеу, стандарттау және сертификаттау жүйесін құру мәселесі талқыланды. Институттың негізгі мақсаты – діни талаптарды заманауи технологиялармен үйлестіре отырып, таза және қауіпсіз Халал өнімдер мен қызметтерді қамтамасыз ететін стандарттарды әзірлеу.Бұл шараға Қазақстаннан Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) өкілдері қатысты. Олар күн тәртібіндегі мәселелрді талқылау барысына қатысты. Онда ұсыныстарға дауыс беріп, SMIIC-тің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептерін бағалау, сондай-ақ 2025 жылға арналған даму жоспарларын қарау қарастырылды. ҰАО-ның қатысуы Қазақстандағы Халал сапа жүйесін халықаралық стандарттарға бағыттай отырып, бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді.2020 жылдан бастап ҰАО елде аккредиттелген Халал сертификаттау жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2023 жылы алғаш рет отандық өнімдер мен қызметтердің Халал сәйкестігін растау органына аккредитация берілді. Қазақстанның SMIIC қызметіне қатысуы Халал өнімдерін таңдаған тұтынушылардың мүддесін қорғауға және техникалық кедергілерді жою, техникалық реттеу саласындағы саясатты үйлестіру арқылы OIC елдері арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді.Бүгінгі таңда SMIIC құрамына 2 миллиардтан астам халқы бар 44 ел кіреді. Қазақстан 1995 жылдан бастап OIC-тың, ал 2018 жылдан бастап SMIIC-тің толыққанды мүшесі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/883219
Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады 16.11.2024
ҚР Ұлттық музейінде танымал британдық мүсінші Юнус Сафардиярдың «Екінші өрлеу» атты көрмесі өтіп жатыр.Астанаға арнайы көрме үшін Лондоннан 2 тонна экспонат жеткізілген. Оның ішінде металл инсталляциялар мен мүсіндер, кенеп суреттер, бейнепаннолар бар.«Менің шығармашылығым — әлемнің шексіз трансформациясының көрінісі. Көрермен ескі формалардың жойылғанын, жаңа формалардың пайда болып, тіпті ерекше дүниеге ұласып жатқанын көрсе деймін», — дейді көрме авторы.Юнус Сафардияр — Корольдік көркемсурет академиясының мүшесі. Оның көрмелері мен туындыларының аукциондары 1986 жылдан бері өткізіліп келеді. Мүсіншінің шығармалары Нью-Йорк, Лондон, Флорида, Санкт-Петербург және басқа да қалалардағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Бірнеше жұмысы ең көне аукциондардың бірі Sotheby’s-те сатылып, ал «Ояну» атты мүсіні Лондондағы әйгілі Regent’s Park-ке көрік беріп тұр.Ұлттық музейде көрмені 3,5 мыңнан астам адам тамашалаған. Экспозиция музейдің 5-қабатындағы көрме залында ұсынылған. Көрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883204
Қазақстандық мектептерде Буллингке қарсы бағдарламаның апробациясы қалай өтуде? 16.11.2024
Биылғы оқу жылының басынан бастап еліміздің тоғыз өңірінде оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы орта құруға бағытталған «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау жүргізілуде. Аталған бағдарламамен 70 мыңға жуық оқушы, 5 мыңнан астам педагог және білім беру ұйымдарының қызметкерлері қамтылды. Сондай-ақ барлық мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін бағдарламаны сәтті енгізу мақсатында нұсқаулық-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.Жобаға қатысушыларға арналған балалар арасындағы қақтығыстардың алдын алу және себептерін анықтау бойынша тренингтер мен практикалық іс-шаралар өтті. Ал ата-аналарға «ДосболLIKE» бағдарламасының мақсаттары мен әдістерін түсіндіретін арнайы іс-шаралар қарастырылған.««ДосболLIKE» бағдарламасы мектептерде әр бала өзін қауіпсіз сезінетін қолайлы орта құруға бағытталған бағдарлама. Ол оқушылар арасында өзара сыйластық пен бір-біріне жәрдемдесу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Пилоттық жобаның жетістіктері оның бүкіл ел бойынша таратылуына негіз болады деп күтілуде», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.Бағдарлама мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуді қамтиды, бұл мектепте достық ахуал қалыптастыруға, жалпы климатты жақсартуға және буллинг деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты жақында «ДосболLIKE» бағдарламасының визуалды стилін жасау бойынша байқау өткізді. Оған түрлі номинациялар бойынша 80 жоба ұсынылды. Үздік жоба авторлары жүлделі орындарды иеленді.Пилоттық бағдарлама 50 мектепте жүзеге асырылуда, олардың арасында Абай, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Астана және Алматы қалалары бар. Бағдарламаның тиімділігін бағалау және оны Қазақстанның білім беру ұйымдарында одан әрі таратуға дайындалу мақсатында апробация оқу жылының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/883216
СОР29-да Қазақстан жасыл технологияларды ілгерілетуді және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының жаңа серпінін талқылауға бастамашы болды 16.11.2024
COP29 алаңдарында Қазақстан Республикасы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) шеңберінде Жасыл климаттық технологиялардың жаһандық платформасын құру жолында» іс-шарасын өткізді. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) ұйымдастырған бұл маңызды іс-шара жасыл технологияларды халықаралық трансферттеудің тиімді тетігін талқылауға бағытталған.2011 жылы іске қосылған ЖКСБ Албания, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Ресей, Тәжікстан, Сербия, Финляндия, Черногория, Швеция сияқты 17 елді біріктіре отырып, ынтымақтастық және технологиялар алмасу жөніндегі диалог үшін негізгі платформа болды, сондай-ақ экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу үшін халықаралық ұйымдар. Қазақстан заманауи цифрлық шешімдерді қолдана отырып, бағдарламаға және оның дамуына жаңа серпін беру туралы ұсыныс жасады, бұл ынтымақтастықты едәуір жеңілдетуге, жасыл технологиялармен алмасуды қамтамасыз етуге және қатысушы елдердің тұрақты дамуына ықпал ететін болады.Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана ханым болды, ол технологиялық ынтымақтастықтың қажеттілігін және бұрыннан бар бастамаларды жаңарту үшін цифрлық шешімдердің рөлін атап өтті.Әрі қарай, Нобель сыйлығының лауреаты, климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшы-Рае Квон Чунг «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының құрылу тарихы және оны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы туралы презентация жасады.Іс-шарада Министрлер, халықаралық сарапшылар, WIPO Green және ctcn сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері, цифрлық алыптар (Google), сондай-ақ энергетикалық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Талқылау барысында технологиялар трансферті, Қазақстанның тұрақты экономиканы ілгерілетудегі және жаһандық технологиялық платформаны құрудағы көзқарасы ұсынылды.Іс-шараның шешуші сәті ҚР ЭТРМ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ЭСКАТО арасында ресми хат алмасу болды. Бұл алмасу қоршаған ортаны қорғау, цифрлық даму және ЭСКАТО саласындағы уәкілетті органдар арасындағы орнықты даму мәселелері бойынша ынтымақтастықтың, ол үшін цифрлық шешімдердің, сондай-ақ климаттық технологияларды трансферттеудің практикалық тетігінің және МЖӘ-ні ілгерілетудің негізін бекітеді.Іс-шара соңында жасыл технологиялар трансферті және тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған дөңгелек үстелдің тәжірибесі мен ұсынымдары ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883226
Паражүзуден АҚШ-тағы ашық чемпионат: жүлдегерлер елордаға оралды 16.11.2024
АҚШ-тың ашық чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен астаналық паражүзушілер елордаға оралды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Паражүзуден АҚШ-тың интеллектуалдық ерекшелігі бар параспортшылардың арасында беделді турнир саналатын USADSS & AWL 2024 OPEN NATIONAL CHAMPIONSHIP бәсекесінде астаналық Валерий Югай мен Алпамыс Әмір бақ сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша, 17 & Under санатында бақ сынаған Валерий Югай еркін жүзу сайысында 3 алтын, 1 күміс иеленсе, Алпамыс Әмір 18 & Over санатында 3 қола жүлде жеңіп алды.«Былтыр Францияда өткен атақты Virtus додасында паражүзушілеріміз нәтижелері төмен болып, жүлделі орыннан уақытымыз алшақ болып еді. Сондықтан бір жылдың ішінде АҚШ-тағы ашық чемпионатта осынша жүлде болады деп күтпедік. Оның үстіне паражүзуден интеллектуалдық ерекшелігі бар жандарға да көңіл аударылып жатқанына көп жыл болмады. Жоғары нәтижеге бапкер, федерацияның ұйымшылдығының арқасында жеттік», - деді паражүзуден жаттықтырушы Сайлаубек Ернұр.АҚШ-та ұйымдастырылған ашық чемпионатта Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Канада, Колумбия, Мексика, Жапония, Португалия, Аустралия, Польша елдерінен 100-ге жуық параспортшы бақтарын сынады.Отандастарымыз енді 2025 жылы Таиландта Virtus әлем чемпионаты мен Өзбекстанда өтетін жасөспірімдер арасындағы пара Азия ойындарына дайындыққа кіріседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883175
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН КҮРЕС КҮНІ: ДӘРІГЕРЛЕР ПАЦИЕНТТЕРДІ АУРУДЫ БАСҚАРУҒА ҮЙРЕТЕДІ 16.11.2024
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және инсулинді ашқан ғалым Фредерик Бантингтің құрметіне құрылған.Биылғы жылы бұл күн «Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою» тақырыбында атап өтіледі, бұл қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге және қолдауға тең қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді.Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар.Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанына қант диабеті диагнозы қойылған 516 564-тен астам тұрғын тіркелген, оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті ҚД-ның үлесіне тиесілі, 1-типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды.Диабет - бұл жай ғана ауру емес, мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін денсаулыққа елеулі қауіп, соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, аяқтың ампутациясы сияқты бірқатар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.Бұрын бұл ауру ересектерге тән, болатын, қазір өмір салты факторларына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында жиі кездеседі.Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтауға тексеруден өтеді, бұл ретте 10%-да гипергликемия белгілері анықталады.Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер тегін ем қабылдайды, консультациялық-диагностикалық қызметтер алады, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Олар сондай-ақ 46 атаудан тұратын дәрілік препараттардың кең спектрімен толық көлемде қамтамасыз етілген, оның ішінде бұл инсулиннің 20 атауы және медициналық бұйымдардың 14 түрі.Көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер қажетті стационарлық көмек алады, онда өткен жылы қант диабетімен ауыратын 56933 пациент емделді.Профилактика - қант диабетінің ауыр зардаптарын болдырмаудың ең жақсы жолы. 2-типті қант диабеті мен оның асқынуларының алдын алу үшін қалыпты дене салмағын сақтау, күн сайын кем дегенде 30 минут физикалық белсенділікпен айналысу, дұрыс тамақтану, қант пен қаныққан майды тұтынуды азайту, темекі шегуден толығымен бас тарту ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/883171