Enbekshi QazaQ

Қоғам

ХАБАРЛАНДЫРУ! 16.11.2024
Хабарландыру!Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Кеген ауданы әкімдігінің, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру конкурсы ұйымдастырылғандығын хабарлаймыз.Қосымша ақпарат алу үшін: 2-57-20 байланыс телефонынан біле аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-shyrganak/press/news/details/1153388?lang=kk
Асық атудан әлем кубогі: астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды 16.11.2024
Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты.Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қырғыз елінің спортшылары теленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/882294
Темір ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттер салынып жатыр 16.11.2024
Облыс әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ғалымжан Елеуов Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы қабылданған шаралармен танысты.Қазіргі уақытта аудан орталығында мердігер компаниялар - «Story Master Elite Group» ЖШС Шұбарқұдық кентінің кіреберісінде және «Stro Proekt» ЖШС «Задепо»аймағын су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында бөгеттер салып жатыр.Сонымен қатар, сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеттері құрылысы Саркөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши, Құмсай және Қопа елдімекендерінде де жасалуда.Шұбаршиде бас мердігер - «Story Master Elite Group» ЖШС, Құмсай елдімекенінде - «TAF Company» ЖШС, ал Қопа елдімекені бойынша бас мердігер - «Lider Invest» ЖШС жауапты.Бөгет құрылыстарын қарап шыққан Ғалымжан Елеуов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандарбек Қойшыбаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, оның уақытылы аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882341
Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды 16.11.2024
Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсіп, жалпы штат саны 242 адамға жетті. Нәтижесінде, әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімі ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/882356
Меморандумға қол қою 16.11.2024
Бүгін Бакуде COP29 аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі, COP29 Президенті М.Бабаевпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар экология және климаттың өзгеруі саласындағы елдер арасындағы ағымдағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Меморандум климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту және оған бейімделу, топырақ құнарлығын сақтау және қалпына келтіру, жерді, орманды және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану үшін елдер арасындағы ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бағытталған. Сондай-ақ табиғатты қорғау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылған.Бұл ретте Меморандум қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, қалдықтарды басқару, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібінде экологиялық қауіпсіздікті сақтау, оның ішінде қалдық қоймаларын, қалдықтар мен үйінділерді басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.Кездесу соңында тараптар бұл Меморандум екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/882352
Қостанайлық экологиялық жобалары қаржылай қолдау алды 16.11.2024
Бүгін осы туралы «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар қызметінің басшысы С. Қалиақбаров айтып берді.Ол «Жасыл даму» АҚ өңірлерде қалдықты қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бастағанын атап өтті. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 4 экологиялық жоба инвестициялық штабтың қолдауымен барлық іріктеу кезеңінен өтіп, қаржыландыру мақұлданды.Қостанай облысы бойынша екі инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың біріншісі - Рудный қаласында (Қостанай облысы) тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау жөніндегі технопарк салу және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу. Өтініш беруші «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС. Жобаның қуаттылығы жылына 50 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды және 70 мың тонна құрылыс қалдықтарын сұрыптауға мүмкіндік береді. 40-тан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.Екінші жоба - Рудный қаласында (Қостанай облысы) резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша өндірісті жаңғырту. «Волга және компания» ЖШҚ өтініш беруші компаниясы. 15-тен астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде, ал өндірістік қуаттар жылына 543 тоннадан 8300 тоннаға дейін қайта өңделеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/882366
Дарен Танг Қазақстанның Орталық Азиядағы зияткерлік меншік саласындағы көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті 16.11.2024
Үлгілер бойынша заңдар туралы шарт (ҮЗШ) жасасу жөніндегі дипломатиялық конференция аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангпен кездесті.Кездесуге Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Смадилұлы Менилбеков қатысты.Министр ҮЗШ қорытындысы тарихи оқиға және өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың халықаралық рәсімдерін оңайлату және үйлестіру жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ өткізілетін конференция шеңберінде ҮЗШ қабылдау мәселелерінде Қазақстан Республикасы тарапынан толық қолдау білдірді.Азамат Есқараев Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ДЗМҰ-ға алғысын білдіріп, зияткерлік меншік саласында құқықтық ақпарат алмасуға бағытталған WIPO Lex жобасына, сондай-ақ 2025 жылға жоспарланған «Шапағат» республикалық өнертабыстар конкурсы және Астана Халықаралық форумы сияқты алдағы іс-шараларға қатысу жөніндегі Қазақстанның жоспарларын белгіледі.Кездесуде Қазақстандағы ДЗМҰ-ның ағымдағы бастамалары, соның ішінде технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының табысты жұмыс істеуі, зияткерлік меншік және бизнес бойынша магистрлік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ әйелдер басқаратын ШОБ үшін зияткерлік меншікті басқару бойынша клиникалар құру және зияткерлік меншікті қорғаудың тұрақты тетігін құру бойынша жобалар талқыланды.Дарен Танг Қазақстанның тәжірибесі Орталық Азиядағы зияткерлік меншікті дамытудың негізгі факторы болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанның инновацияларды ілгерілетуде, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауда және озық құқықтық тәжірибелерді енгізуде өзін өңірлік көшбасшы ретінде танытқанын атап өтті.Ол сондай-ақ Қазақстанның халықаралық стандарттарды белсенді енгізу және инновацияларды қолдау үшін инфрақұрылым құру жөніндегі күш-жігері өңір елдері үшін үлгі және зияткерлік меншіктің жаһандық жүйесіне маңызды үлес болып табылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/882360
2024 жылғы 20 қарашада облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді. 16.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!2024 жылғы 20 қарашада сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 18 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Қаралатын мәселелер:1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Баяндамашылар:Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпараттар: 1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралыБаяндамашылар:Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы Баяндамашылар:Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/882239
Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі 16.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта еліміздің спорт саласында жаңа іріктеу жүйесін енгізу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, басым спорт түрлері олардың әлемдік рейтингтері негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командаларының көрсеткен нәтижелері бойынша іріктелетін болады. Бұл өзгеріс Қазақстанның спорттық құрамаларын дайындаудағы басымдықтарды нақтылайды және халықаралық деңгейдегі нәтижелерге негізделген жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің спортшыларын халықаралық ареналарда бәсекеге қабілетті ету үшін нақты және нәтижеге бағытталған саясат жүзеге асырылмақ.«Бұл заң жобасы спорт саласындағы жаңашылдықтарды енгізуді, тиімділікті арттыруды және Қазақстанның спорттық құрамасының халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарындағы нәтижелерді басты бағдар ретінде алып, еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы спортты дамыту жүйесін жетілдіріп, Қазақстанның әлемдік спорт аренада озық жетістіктерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882222
Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту бойынша заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасын әзірлеу барысында бірнеше маңызды мәселелер мен нақты статистикалық деректер негізге алынды. Қазақстанда қазірдің өзінде 180-нен астам спорт түрі дамуда. Алайда жыл сайын тек 13 жазғы және 5 қысқы Олимпиадалық спорт түрінен ғана медаль жеңіп алынады. 2018 жылы еліміздің спортшылары 370 медаль жеңіп алса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 105 медальға дейін төмендеген. Бұл жағдай спортшыларды даярлау жүйесіндегі бастапқы кезеңдер мен жоғары жетістіктер спортына дейінгі аралықтағы жетіспеушіліктердің нәтижесі деп бағаланады. Сондай-ақ, жыл сайын Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен мектеп-интернаттардың шығындары өсіп келеді, оның ішінде олимпиадалық емес спорт түрлеріне жұмсалатын қаражат көлемі үлкен үлесті құрайды. 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерін дамытуға 646 миллиард теңге бөлінген, бірақ оның 72 пайызы еліміз үшін басымдығы жоқ спорт түрлеріне жұмсалған. Жағдайды жақсарту үшін Туризм және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені зерттеді. Өзбекстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия және Норвегия елдерінің тәжірибесі заң жобасының негізіне алынды. Заң жобасы аясында жоғары жетістіктер спортына жататын спорт түрлерін нақты шектеу ұсынылады. Жаңа жүйе бойынша, тек Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпия, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына кіретін спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт түрлері ретінде қабылданады. Олардың ішінде медаль алған спорт түрлері басым спорт түрлеріне қосылып, республикалық және жергілікті деңгейде бірінші кезекте қаржыландырылады. Бұл шаралар еліміздің спорт саласын тиімді басқаруға және шектеулі ресурстарды мақсатты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. «Аталмыш өзгерістерді енгізу арқылы біз елімізде спортты дамытуға жаңа серпін беруді көздеп отырмыз. Қаржыландыруды нақты бағытта және нәтижелі спорт түрлеріне шоғырландыру арқылы Қазақстанның әлемдік аренада озық жетістіктерге жетуін қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы еліміздің спорттық жүйесін оңтайландырып, жоғары жетістіктерге жету үшін дұрыс қаржылық стратегияны қалыптастыруға жол ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882234
Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта еліміздегі жергілікті, өңірлік және республикалық спорт федерациялары жеке субъектілер ретінде әрекет етеді және бір-біріне бағынбайды. Бұл жағдай спортты дамытудағы тәуелсіз саясат жүргізуге, мүдделер қақтығысына және жауапкершіліктің бұлыңғырлығына әкеп соғуда, нәтижесінде спорттың дамуы баяулап отыр. Ұсынылып отырған жаңа модель жергілікті федерациялардың аккредиттелген республикалық (немесе өңірлік) спорт федерацияларына бағынышты болуын көздейді. Бұл өзгеріс спортты дамыту саласындағы басқаруды орталықтандыруды, тиімділікті арттыруды және жауапкершілікті айқындауды мақсат етеді. «Бұл заң жобасы спорт саласындағы басқару жүйесін ретке келтіріп, еліміздегі спортты дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз. Біз әртүрлі деңгейдегі федерациялардың үйлесімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға тырысамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжат қабылданған жағдайда, спорт федерациялары арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін жүйе құрылып, спортты дамытуға бағытталған тиімді саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882236
Туризм және спорт министрлігі кәсіби спортты қаржыландыру және спорт резервін даярлау жөніндегі заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта спорт резервін даярлау мәселелеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Заң жобасына сәйкес, спорт резерві тек жоғары жетістіктер спортының түрлері бойынша даярланатын болады. Спортшыларды даярлау уәкілетті орган бекітетін спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Бұл шара Қазақстанның ұлттық құрамасының әлеуетін арттыру және спорт саласындағы жүйелі даму үшін негіз болмақ. Сонымен қатар, кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылады. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, спортты дамытуға бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.«Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882249
Туризм және спорт министрлігі мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін және спорттық жарыстарға қатысу шарттарын ұлғайтуға бағытталған. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқа қатысуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.«Мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайы көмек көрсету жүйесін енгізу – бұл еліміздегі спортты барынша инклюзивті ету жолындағы маңызды қадам. Біз барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастырамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжаттың қабылдануы спорт саласындағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882256
Мәжіліс «Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді бірінші оқылымда мақұлдады 16.11.2024
Мәжіліс «Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді бірінші оқылымда мақұлдадыМәжіліс кейбір заңнамалық актілерге ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірленген «Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарастырылған.«Келешектің» негізгі моделі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қолданыстағы тұғырнамасы аясында жүзеге асырылатын болады. Әрбір ата-ананың кез келген банкте немесе өмірді сақтандыру компаниясында кез келген жастағы баласының атына шот ашуға құқығы бар. 5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК, жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді.Ата-аналар үшін баланың шотына жыл сайынғы ең төменгі жарна талаптары бар. Ол әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін – 12 АЕК және қалғандарына – 24 АЕК. Жинақ барлық бала үшін 5 пайыз, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін 7 пайыз. Сондай-ақ банктің немесе сақтандыру компаниясының белгіленген табыс көлемі үшін жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы алады.Ең төменгі жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылған жағдайда бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылуға тиіс.Жиналған қаражатты колледждер мен университеттерде оқуға жұмсауға болады. Егер сіз мемлекеттік білім грантын алсаңыз, жинақталған қаражатты басқа білім деңгейін алуға, ақшаны үшінші тұлғаның депозитіне/сақтандыру шартына аударуға, білім туралы құжатты ұсынған кезде капиталдандырылған сыйақымен қаражат алуға немесе қаражатты заңнамаға сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/882296
Конго Демократиялық Республикасында Қазақстан бітімгерлері оқушылармен кездесті 16.11.2024
Солтүстік Киву провинциясындағы Гома қаласының мектебінде БҰҰ бітімгерлері подполковник Алтынбек Жалмұханов пен майор Батыр Тұяқов мәдени-білім беру іс-шарасын өткізді.Сабақ барысында әскери қызметшілер қақтығыстардың алдын алудағы халықаралық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Конгодағы БҰҰ бітімгерлерінің міндеттері, олардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі туралы айтты.Бітімгерлер балаларға Қазақстан және оның мәдени дәстүрлері туралы айтып, ағылшын тілі сабақтары мен командалық рухты дамытуға бағытталған ойындар өткізді.– Біздің ел БҰҰ бітімгерлік миссияларына белсенді қатысып жатқанын мақтан тұтамыз. Балалар Қазақстанға қызығушылық танытып, тарихымыз бен мәдениетіміз туралы білді. Мұндай іс-шаралар халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті майор Батыр Тұяқов.Жергілікті тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Іс-шара елдер арасындағы мәдениетаралық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/882298
Орталық Азияда төмен көміртекті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін әлеует пен басымдықтар 16.11.2024
Qazaqstan ұлттық павильонында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл Академия» ҰБО-мен бірлесіп, ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен «Орталық Азияда төмен көміртекті инфрақұрылымды қалыптастырудың әлеуеті мен басымдықтары» тақырыбында сессия өткізді.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ЭЫДҰ тұрақты инфрақұрылым және «Жасыл өсу» бөлімінің басшысы, Freedom Holding Corp. Басқарма Төрағасы Тимур Тұрлов, сондай-ақ ЮНЕП халықаралық ұйымдарының, CTCN Хатшылығының, Agritech Nexigol navovar өкілдері, ғылыми ұйымдардың басшылары сөз сөйледі.Іс-шара соңында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты күшейту және төмен көміртекті технологияларды енгізу қажеттілігіне назар аудара отырып, Орталық Азия елдерінің үкіметтері үшін ұсынымдар ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/882306
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Жезқазғанда «QH» нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға арналған мемлекеттік оңалту орталығының ашылуы өтті.Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған және жылына 600-ге дейін бала қабылдай алады. Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді, кішкентай пациенттердің келуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды.Көрсетілетін көмектің жоғары деңгейін қолдау мақсатында орталықта мультидициплинарлық топ құрылды, оның құрамына неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, дефектологтар, еңбек терапевттері, психологтар кіреді.«Қамқорлық» қорының орталықтары «Қазақстан халқына» ҚҚ жобасының бас әріптесі қаражатына сатып алынған сараптамалық сыныптағы заманауи медициналық оңалту жабдықтарымен жарақтандырылған.Балалар жеңілдетілген санат ретінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен қалпына келтіру емі толығымен тегін ала алатынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882266
АЛМАТЫДА ЛАЗЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН БАЛАЛАРДАҒЫ КҮРДЕЛІ КӨЗ ПАТОЛОГИЯСЫН ЕМДЕЙ БАСТАЙДЫ 16.11.2024
Қазақстанда балалардағы күрделі көз ауруларын емдеу әдістері белсенді түрде жетілдірілуде. Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде Constellation Vision лазерлік хирургиялық жүйесінің көмегімен күрделі витреоретиналды патологиялар кезінде операциялар жүргізіле бастайды.Витреоретиналды хирургия жоғары технологияны қажет ететін торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауыр ауруларына арналған операцияларды қамтиды. Бұл бағыт бүкіл әлемде белсенді дамып келеді.«Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде біздің кішкентай пациенттеріміз шала туған нәрестелердің ретинопатиясын, отбасылық экссудативті витреоретинопатияны, Коатс ретинитін және көздің басқа да ауыр ауруларын емдеу бойынша операциядан өте алады», — деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.Бұрын мұндай патологиясы бар балалар квота бойынша шетелге жіберілетін. Енді олар Алматыда қажетті көмек ала алады. Соңғы жылдары Қазақстанда балаларда торлы қабық пен шыны тәрізді дене патологиясы жағдайларының өсуі байқалады.«Гаджеттердің кеңінен қолданылуын ескере отырып, визуалды патология мәселесі өзекті бола түсуде және лазерлік көруді түзету балалар офтальмологиясының маңызды міндеті болып табылады. Біздің орталықтың базасында лазерлік микрохирургияны енгізу емдеуге қолжетімділікті жақсартады және мамандарымыздың біліктілігін арттырады», - деп атап өтті Орталықтың директоры Әлібек Смағұлов.«Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 57 қазақстандық бала витреоретиналдық операциялар үшін шетелге шығуға мәжбүр болды. Жаңа жабдықтың арқасында ата-аналар бұдан былай шетелдегі операцияларға қаражат іздемейді», - деп толықтырды AYALA қорының президенті Айдана Сүлейменова.Орталық «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қорының арқасында Constellation Vision заманауи лазерлік хирургиялық жүйесін алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882270
ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары қызметкерлері және мобильді топтар үшін республикалық оқыту-семинары басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстан бойынша 2024 жылдың 15 қазан мен 13 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Түркістан қаласында 12-15 қараша күндері Шымкент қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары өкілдерінің қатысуымен оқыту-семинарын өткізу жоспарланған.Дәрістің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Отбасы саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Іңкәр Тұрсын, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова арнайы қатысып, сәттілік тіледі.Тренингтердің мақсаты – қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіру барысында қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің сапасын жақсарту. Іс-шара аясында қатысушылар отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру, практикалық дағдыларын қалыптастыру, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін жақсартуды меңгереді. Жоспарға сәйкес теориялық және практикалық сабақтар оқытылады. Біліктілікті арттыру курсын «Qoldau» ҚБ сарапшысы, оқыту тренері Фарида Сағындық өткізуде.Семинарға үш аймақтан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларының мамандары, балалар қүқықтары жөніндегі уәкілдері, кәмелетке толмаған балалар, әйелдер істері мен отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылары мен жергілікті жерлерде құрылған мобильдік топтардың жетекшілері және өкілдері келді.Жалпы елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Оның төртеуі Түркістан өңірінде құрылған. Бүгінде Жетісай, Келес Шардара, мен Сайрам аудандарында «Отбасын қолдау орталығы» КММ ретінде ашылып, азаматтарға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан 9 «Отбасын қолдау секторы» құрылған.Аталған орталықтардың негізгі қызметі - мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.Жалпы облыстағы орталықтар мен секторларда 130-ға жуық маман жұмыс істейді. Онда бүгінге дейін 3400-ден астам адамға көмек көрсетілген. Орталықтарда аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға денсаулық сақтау мәселелері, жұмыспен қамту, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік төлемдер, тұрғын үйге кезекке тұру, сертификаттар алу, құқықтық және медиаторлық кеңес, материалдық көмек, психологиялық қолдау, түрлі психологиялық және мотивациялық тренингтер, өзге де оқу курстары, шағын кәсіп ашу, грант алу, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын қолдану және басқа да шаралар ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882204
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 16.11.2024
Бүгін Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық зират аумағын абаттандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Бұған дейін тұрғындар қала әкіміне мазаратты қоршау және қорғау жөнінде бірнеше өтініштер білдірген болатын. Тұрғындардың сұранысы негізге алынып, абаттандыру, қоршау жұмыстары басталды.Сенбілікке қала тұрғындары, діни қызметкерлер және мекеме қызметкерлері бірлесіп қатысып, аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарына қолғабыс етуде. Ал қоршауға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды «Жасыл Арыс» КММ мекемесі қамтамасыз етуде. Бұл өз кезегінде жұмыстардың тиімді әрі сапалы жүргізілуіне ықпал етеді.Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жұмыстардың барысымен арнайы танысып, сенбілікке қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Әкім өз сөзінде ортақ істе тұрғындардың ұйымшылдығы мен тазалықты сақтау жөніндегі үлесі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.Қоршау жұмыстарының аяқталуы мазаратты тәртіпке келтіруге және оны қорғауға мүмкіндік беріп, рухани орынның тазалығын сақтауға септігін тигізбек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882213