Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданындағы “Умаров Н» шаруа қожалығының қайта өңдеу цехын аралап, жұмысымен танысты.Кәсіпкер тамшылатып суғаруға арналған иілгіш түтік шығару үшін 2023 жылы Қытай елінен арнайы қондырғы алып, іске қосқан.Құрылғы сағатына 12000 метр өнім өндіруге қуатты. Кәсіпорында сонымен қатар, жылыжайға қолданылатын пленка және жіп шығарылады. Қолданыстан шыққан полиэтилен заттарын қайта терең өңдеу арқылы көшет егуге қажетті құтылар жасау да жолға қойылған. Цех 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Шаруа қожалығының басшысы Нұржан Омаров сондай-ақ, өз жылыжай кешенінде маусымдық кезеңде 25 азаматты жұмыспен қамтамасыз ететінін жеткізді.Мақтаарал ауданындағы «Cotton Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де шетелден жеткізілген автоматтандырылған қондырғылар орнатып, жаңа технологиямен мақта майын өндіруді бастады. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тонна шитті өңдеуге қауқарлы.Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылығын дамытуда жаңашылдық маңызды екенін атап өтті.– Терең өңдеу технологиясы мен оның пайдасы туралы шаруаларды кеңінен ақпараттандыру қажет. Заман талабына сай өнім ұсыну үшін технологиялық жетістіктерден шет қалмауымыз шарт. Осы бағыттағы жұмысты реттеу арқылы нарықтағы айналымды да бір жүйеге келтіруге болады, – деді ол.Облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға кәсіпкерлермен және шаруалармен келісе отырып, бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881112
Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы қызметіне кірісті 16.11.2024
Бүгін, 11 қараша күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримовпен кездесті.Жиын барысында тарапқа Маңғыстау облысының сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылып, өңірдің мүмкіндіктері мен болашағын, сонымен қатар екі ел арасындағы сауда саттық мәселелерін талқылады. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.Ербол Ізбергенов екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары екенін айтып, Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау болатынын жеткізді- Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара сенімді әрі серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Өзбекстанмен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтың әлеуетін арттыруға жұмыстанамыз, - деді Ербол Ізбергенов.Айта кетейік, соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай нығайып, өзара тауар айналымы 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 5,8 млн АҚШ долларын құраған. Экспорт көлемі 3,2 млн АҚШ долларын, ал импорт 2,6 млн АҚШ долларын құрады.Сондай-ақ, Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен 140 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындар сауда, логистика, құрылыс және басқа да экономикалық салаларда белсенді қызмет етуде.Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/881077
Париж Олимпиадасының «күміс» жүлдегері елордалық жастармен кездесу өткізді 16.11.2024
«SANA Sport» спорт кешенінде бокстан әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының «күміс» жүлдегері Нұрбек Оралбай мен бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Еркебаев жас спортшыларға арнап шеберлік дәрісін ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесу барысында 24 жастағы Нұрбек Оралбай ізінен ерген жас спортшыларға жетістікке жету үшін жаттығудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, спортпен айналысқан әрбір жан бос уақытын тиімді өткізіп, зиянды әдеттерден алыс жүретінін атап өтті. Артынша оған түрлі сұрақтар қойылып, Париж Олимпиадасындағы шешуші айқас қайсысы болғанын айтты.«Олимпиададағы ең қиын жекпе-жек алғашқы Каллум Питерспен (Аустралия) өтті. Себебі, бастапқы 2 раунд тең түстік. Жеңімпаз шешуші раундта ғана анықталып, жарысты одан әрі жалғастырдық. Бұл кездесу тіпті финалдан да қиын болды деп айта аламын», - деді Нұрбек Оралбай.Ал жеке бапкері Асқар Еркебаев 2009 жылы Оралбайлардың бастапқыда бокс емес, еркін күресті таңдағысы келгенін айтты.«Бапкер ретінде 1995-1996 жылғы боксшыларды жаттықтыратын едім. Ал Айбек пен Нұрбек Оралбай 2000 жылы дүниеге келгендіктен, өздерінен үлкендермен жаттықты. Олар ешкімнен жасқанбай, төзімділігін, мықтылығын көрсете алды. Сол сәтте ағайынды Оралбайлардың халықаралық аренада ел намысын қорғай алатынын байқадым», - деді бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Еркебаев.Жиында тек ақыл-кеңес берумен шектелмей, Нұрбек Оралбай рингте ашық жаттығу өткізді.Айта кетейік, Нұрбек Оралбай ересектер санатында 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының финалына дейін жеткен болатын. Айбек Оралбай болса, 2022 жылы Азия чемпионы атағына қол жеткізген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881029
Елордада колледж студенттеріне қауіпсіздіктің алдын алу бойынша дәріс өтті 16.11.2024
Астана қаласында Білім басқарамасы, қалалық прократура мен полиция департаменті, мәдениет және спорт саласы өкілдерінің қатысуымен қалалық мемлекеттік колледж студенттеріне арналған жеке қауіпсіздік сағаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиын студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат берілді.Сондай-ақ, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық орындарына бару, ұрлық, бопсалау, нашақорлық, ішімдік қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері айтылды.Айта кетейік, бас прократураның тапсырмасына сәйкес, 4-11 қараша аралығында 16 мобильдік топ қызметкерлері қаладағы бес аудан бойынша 115 мемлекеттік мекемеде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, жасөспірімдерге дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881032
Астанада интернет алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр? 16.11.2024
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді, оның 730-ы ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оның айтуынша жалпы алғанда, 120-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда.«Халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында біз қала өмірінің әртүрлі салаларында дәріс сабақтарын өткіземіз, онда алаяқтар пайдаланатын әдістер мен тәсілдер егжей-тегжейлі ашылады, сондай-ақ негізгі сақтық шаралары жеткізіледі.Сол сияқты адамдар көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық сипаттағы үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, жадынамалар мен буклеттер және аудио-бейне материалдар таратылады», - дейді Дастан Қалиев.Спикер өз сөзінде алаяқтардың негізгі қолданылатын әдістерін айтып өтті. Олар:- Банктердің немесе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атынан қоңыраулар – бұл әдісті алаяқтар күмәнді банктік транзакциялар немесе алаяқтарды ұстау мақсатында арнайы операциялар жүргізу сылтауымен жаңылыстыру үшін пайдаланады.- Онлайн сатып алу – бұл әдісті алаяқтар әртүрлі сауда алаңдарында және әлеуметтік желілерде жоқ тауарлар мен қызметтерді сату кезінде пайдаланады.- Фишингтік сайттарды пайдалану –алаяқтықтың бұл түрі дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар мен платформалар шынайы сайттарға ұқсас болуы мүмкін.- Инвестициялық жобалар – әдіс бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестициялармен байланысты. Қаскүнемдер сайттар жасап, онда платформалар ойдан шығарылған сауда-саттық өткізіледі, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі.- What'sApp мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру – бұл үшін алаяқтар зиянды сілтемені пайдаланады, сосын ол сіздің таныстарыңыздан келіп түседі, ол арқылы алаяқтар сіздің аккаунтыңызға өтеді. Содан кейін олар сіздің атыңыздан барлық контактілерге ақша қаражатын қарызға беруді сұрап, өздері ұсынған банктік шоттарға жіберуді өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881042
Қосшы қаласының әкімі қызметінен босатылды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов өз өтініші негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881005
Қосшы қаласының әкімі тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881016
Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулермен айыппұлдар күшіне енді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін хабарлайды. Кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға байланысты ведомство төмендегі мәліметтерді ұсынады.⠀🔺Жарнаманы орналастыруға тыйым салу:🔹Сыртқы жарнама: Көшелерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көлік құралдарында және сыртқы құрылымдарда жарнамаға толық тыйым салынған. Бұл ереженің букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне қатысы жоқ. Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен сауда белгілерін басқа бизнес салаларының жарнамасында қолдануға болмайды.⠀🔹Бұқаралық ақпарат құралдары: Еліміздегіспорт телеарналарын қоспағанда, кинотеатрларда, анықтама кітаптарында және жалпы БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады. «Хабар» және Qazaqstan сияқты жалпы мазмұндағы телеарналар халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей көрсетілімдері кезінде ғана букмекерлік кеңселерді жарнамалауға құқылы.⠀🔹Көлік: Көлік құралдарында жарнама орналастыруға толық тыйым салынған.⠀🔹Жарнама рұқсат етілгенСпорттық БАҚ: Букмекерлерді жарнамалауға тек спорт тақырыбына арналған және заң бойынша тіркелген спорт телеарналары мен БАҚ-қа рұқсат етіледі.⠀🔹Спорттық іс-шаралар мен киімдер: Букмекерлердің логотиптері мен сауда белгілері спортшылардың спорттық киімдері мен спорттық құрал-жабдықтарында орналастырылуы мүмкін.⠀🔺Ерекшеліктер:Халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей трансляциясы: Букмекерлердің жарнамасы жалпы мазмұндағы телеарналарда тек халықаралық спорттық жарыстардың тікелей трансляциялары кезінде ғана рұқсат етіледі. Трансляцияға дейін жәнекейін жарнамалауға тыйым салынады.⠀🔹Турнирлер мен объектілердің атауы: Букмекерлік кеңселердің тауар белгілерін заңнама сақталған жағдайда спорттық турнирлердің, объектілер мен жобалардың ресми атауларына енгізуге рұқсат етіледі.⠀🔺Ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарБукмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау туралы заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік айыппұлдарға әкеп соғады:⠀🔹Бірінші рет ереже бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 60 АЕК, лауазымды тұлғалар – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 120 АЕК, орта бизнес субъектілері – 170 АЕК, ірі бизнес – 400 АЕК.⠀🔹Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: Жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК.⠀🔺Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы жауапты болады.⠀Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі азаматтарға жарнама заңнамасын бұзу фактісін байқаса, Комитеттің онлайн қабылдауына шағым жолдай алатынын ескертеді. Ведомство қажетті шаралар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/881008
ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚАДАМ 16.11.2024
ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚАДАМ Есенов университетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне интеграциялауға бағытталған Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы белсенді түрде енгізілуде. Бұл маңызды бастама – барлық студенттерге, олардың ерекшеліктеріне қарамастан, тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Университет білім беру процесінің әрбір қатысушысының әлеуетін ашуға көмектесетін қолжетімді және қолдау көрсететін білім беру ортасын құруға ерекше назар аударады. Осы орайда «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының маңызды бөлігіне айналған инклюзивті білім беру кабинеті ерекше рөл атқарады. Бұл мамандықтың студенттері инклюзия кабинетінде практикалық сабақтардан өтіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгереді. Кабинет арнайы оқыту құралдарымен жабдықталып, оқытушыларға инклюзивті білім беру саласындағы біліктілікті арттыру мақсатында тренингтер мен кеңестер ұйымдастырылады. Оқу процесі барысында студенттер даму ерекшеліктері әртүрлі балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесінен өтеді. Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, арнайы мектеп дефектологы және педагог-эксперт Г.Жолдыбаева есту, көру қабілеттерінде ауытқулары бар, психикалық дамуы тежелген, сондай-ақ қарым-қатынас және мінез-құлық бұзылыстары бар балалармен жұмыс істейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу жоғары біліктілікті, сезімталдықты және ерекше назарды талап етеді. Инклюзивті білім беру ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге барлық білім беру процесінің қатысушыларының білімін кеңейтеді, сондай-ақ төзімділік, өзара түсіністік пен ерекше жағдайларға құрметті қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/881046
Самарқандта Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған «Алаштың асыл арысы» атты бірегей фотокөрме ашылды 16.11.2024
Самарқанд қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алаштың асыл арысы» атты бірегей фотокөрме ашылды. Көрме Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени бірегейлігінің қалыптасуына негіз болған ұлы тұлғаларға арналған.Келушілер Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Тынышбаев және тағы басқа көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін баяндайтын сирек архивтік фотосуреттер мен фотоқұжаттарды тамашалай алады. Бұл тұлғалар тарихта қалуымен қатар, болашақ Қазақстанның негізін қалаушылар, оның ұлттық мәдениеті және мемлекеттілігін қалыптастырушылар болды.Көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосады және Орталық Азияның жетекші музейлері арасында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайтын алаңға айналды.Көрме 15 қарашаға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/881063
Алматылық оқушылармен және ата-аналармен кездесуде еліміздің бас ұстазы балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігінің маңыздылығын атап өтті 16.11.2024
Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Ғани Бейсембаев алматылық талантты және дарынды балалармен кездесті. Оған 100-ден астам халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, балалар-жасөспірімдер ұйымдарының белсенділері қатысты.Айта кету керек, алматылық оқушылар соңғы 20 жылдан бері республикалық пәндік олимпиадаларда «ҚР ең үздік олимпиада командасы» тұғырынан түспей келеді. 160-қа жуық бала халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Олардың қатарында физика (IPhO), математика (IMO), информатика (IOI) бойынша ең беделді мектеп олимпиадаларының жүлдегерлері — Марғұлан Нұрсағатов, Досжан Бисімби, Ілияс Қасымбек, Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Максим Цой, Назар Сератзидинов бар.«Мектепте алған білімдеріннің арқасында жоғары жетістіктерге қол жеткізген талантты, мақсатшыл, көздерінде от жанған жастармен сұқбаттасудың сәті түскеніне қуаныштымын. Сендер отандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық деңгейде дәлелдедіңіздер. Бұл білікті ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың да ортақ жеңісі. Мемлекет әрі қарай да сіздердің тұлғалық қалыптасу, даму кезеңдеріңде қолдау білдіреді», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ Ғани Бейсембаев ата-аналар комитетімен жеке кездесу өткізді. Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие жұмысы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған ата-аналарды қолдау орталықтары арқылы мектептердің ата-аналармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басынан ата-аналарды қолдау орталықтарында 25 мыңнан астам дәріс өтті, оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/881065
«Колледждер креативті көшбасшылар мен еңбек нарығына икемді, білікті мамандарды дайындайтын алаңға айналуы тиіс»: Ғани Бейсембаев Алматының ТжКБ ұйымдарының жұмысымен танысты 16.11.2024
Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының колледждерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар колледж басшыларының қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау мәселелерін талқылады.Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі жеңіл өнеркәсіп, ІТ технологиялар, бизнес және қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлайды. Колледж ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың да мамандық игеруіне мүмкіндік беретін инновациялық технологиялармен және алдыңғы қатарлы әдістемелермен жадбықталған. Мұнда тігін өндірісі және киім үлгілерін модельдеу мамандығы бойынша дуальді оқыту жүзеге асырылуда, сондай-ақ бұл мамандық бойынша колледж биылғы жылы халықаралық салалық аккредитацияға қол жеткізді. Академиялық мобильділік енгізіліп, студенттер Қытайдың дизайн институтында білімін жалғастыруда.«Мемлекет басшысы 2025 «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, сондай-ақ еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында колледждер салалық көшбасшылар бірігетін, бизнеспен ынтымақтастықты арттыратын индустриялық алаңға айналуы тиіс. Бұл мақсатта техникалық және кәсіптік білім жүйесінде тиімді менеджментті қалыптастыру аса маңызды. Жастар колледждерден мамандықпен бірге кәсіпкерлік дағдысын да меңгеріп шығуы тиіс, біз олардың бизнес-стартаптары үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыруымыз керек», - деді министр.Сондай-ақ министр техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қаржылық моделін жаңарту, оның ішінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін ұлғайту туралы да айтып өтті.Жиналысты қорытындылай келе, Ғани Бейсембаев колледж басшыларына бизнеспен ынтымақтастықты дамыту, студенттердің сапалы жұмыспен қамтылуын арттыру, мамандықтар бойынша халықаралық сертификаттау енгізу, педагогтердің кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өнеркәсіптен мамандарды тарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/881083
Жетісуда аудан-қалалардың мәдениет күндері қорытындыланды 16.11.2024
Жетісу облысында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аудан-қалалардың мәдениет күні биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Оның іріктеу кезеңі телевизиялық жоба түрінде өтіп, соңы гала концертпен түйінделді. Атап өтсек, байқау атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді, рухани құндылықтарымызды заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау мақсатында өткізіліп келеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған өнер сайысы «Дәстүрлі ән», «эстрадалық ән», «күй», «би», «терме, жыр толғау», «ауылдың алты ауызы», «айтыс» сияқты бірнеше номинациялар бойынша өтті. Мұнда бақ сынасқан облыстың сегіз аудан, екі қаласының өнерпаздары алдымен іріктеу турларында өз өңірлерінде өнер көрсетті. Ал електен өткен мықтылар Талдықорғанда финалдық сайыста өзара жарысқа түсті.Осы күні табысты өнер көрсеткен термешілердің бірі – жаркенттік Нұржан Батбақбаев. Ол халық термесі «Дүние-айды» орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды:- Жыр-термелер қай кезде де көпшілікке жол нұсқайтын, ақыл беретін, ойландыратын сипатта болып келеді. Ол сонысымен де құнды. Менің мақсатым - ұлттық өнерді кәсіби деңгейде дәріптеп, көпшілікке паш ету. Оған осындай байқаулар мен концерттер көп мүмкіндік береді», - дейді ол.Байқауға әр номинацияның ерекшелігіне қарай, мәселен, «терме, жыр толғау» аталымында дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Ерболат Шалдыбеков, «айтыс» номинациясына айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, «би» номинациясына биші Талант Қылышбаев т.б. кәсіби мамандар төрелік етті.Мәдениет күндері шарасының қорытындысы ретінде І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мәдениет күндерінің гала концерті мен үздіктерді марапаттау салтанаты атқарылды.Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов марапаттады. Байқауда Панфилов ауданы Бас жүлдеге ие болса, бірінші орынға Талдықорған қаласы лайық деп танылды, екінші орын Ескелді ауданына, үшінді орын Кербұлақ ауданының өнерпаздарына берілді. Сондай-ақ Алакөл, Қаратал, Көску аудандары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлердің бәріне арнайы дипломдар, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/880999
СҚО-да алғашқы "жайлы мектеп" ашылды 16.11.2024
Петропавлдағы "Орман" шағын ауданында 600 орындық жайлы мектеп есігін айқара ашты. Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде ашылған алғашқы заманауи мектеп. Жаңа мектепте «Орман», «Борки», «Солнечный», "Юбилейный" және жаңа "Бірлік" шағын ауданының балалары үшін ыңғайлы әрі жайлы білім мекені жасалған. Мұғалімдер қауымын, ата-аналар, ардагерлер мен оқушыларды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов маңызды білім ошағының ашылуымен құттықтап, мектептің жабдықталуын қарады.Жайлы мектепте физика, химия, информатика, биологияға арналған арнайы кабинеттер, STEM зертхана, робототехника мен интерактивті тақталар қойылған. Оған қоса, 2 спортзал, заманауи шеберханалар, акт залы, көпсалалы спорт алаңы мен би залы бар. Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасалған, инклюзия және логопед кабинеті жұмыс істейді. "Заманауи технологиялар мен озық үлгідегі жабдықталу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сапалы білім алуына негіз болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – өңірдің білім жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Біздің өңірде заманауи мектептердің саны көбейе түседі. "Береке" шағын ауданында 600 орындық тағы бір жайлы мектеп салынуда", - деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/880973
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Қазақстанның ең үздік 100 студенті қатарына енді. 16.11.2024
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің 2-курс студенті Ибраһим Сайлаубек «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық беделді байқауының лауреаты атанды. Бұл байқауға оқу үлгерімімен ғана емес, спорт, өнер және қоғамдық қызметте де жоғары жетістіктерге жеткен студент жастар қатысты.Ибраһим университетте жылу энергетикасы мамандығы бойынша білім алуда. Оның ғылыми салада жетістіктері бар. Оның ғылыми жобасы факультет деканының марапатына ие болды.– Университеттегі толайым табыстарым жеңіске жетуіме көмектесті. Спорт пен өнерде де жетістіктерім де бар. Менің арманым – ғалым болу. Бұл жеңіс өз-өзімді жетілдіру жолындағы маңызды қадам болады», – деп бөлісті 19 жастағы қарағандылық.«Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауы жастар арасында ұлттық құндылықтар мен жетістіктерді насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ еліміздегі студенттердің білім, тәрбие және тұлғалық дамуының жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880738
Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салды 16.11.2024
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты.Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Б. Оразымбетов – осы оқу орнының түлегі.Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдардан өтті. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Офицер мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медалдарымен марапатталған.Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды.Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880845
Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды 16.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев 2024 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 512 дәрілік және медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті анықтағанын хабарлады. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру аясында ересектер мен балаларға 136 атау бойынша 417,7 млн.теңге және кепілдендірілген көлем шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне қосымша 1,38 млрд. теңге қаржы бөлінген.8 қарашадағы жағдайға сәйкес, Бірыңғай дистрибьютор облыстағы 41 медициналық ұйымға 8,11 млрд теңгеге 537 түрлі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жөнелтті.Сондай-ақ дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 548 млн теңге бөлінді. Дәрілер аурудың 29 түрі бойынша амбулаторлық емделуден өтіп жатқан 403 науқасқа арналған. Бүгінде 459 млн теңгесі игерілді.Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 47 науқас, оның ішінде онкологиялық науқастарға қайырымдылық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде.Басқарма басшысын тыңдаған облыс әкімі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауды, емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен тұрақты түрде толықтыруды жолға қоюды және дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880868
Ішкі туризмді дамыту аясында келесі жылдан бастап «Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарлануда. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды 16.11.2024
Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында ведомство басшысы министрлік құзыретіндегі сауалдарға жауап берді.Кездесу барысында белгілі болғаны:Келесі жылы «Қызылорда-Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жөндеу басталады. Жол I техникалық санатқа сәйкес және төрт жолақты болады. Жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласын айналып өтетін жолдан басталады. Қызылорда облысының аумағы бойынша жолдың ұзындығы 465 шақырымды құрайды. Сондай-ақ 2027 жылы жалпы ұзындығы 736 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы басталады. Сонымен қатар, биыл Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі. Кездесу соңында министр өзекті мәселелері бар өңір азаматтарын жеке қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880942
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: Бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» интернет-порталында 2024 жылғы 11 қарашада (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15284440) орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880976
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 11 қарашада Алматыда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қала тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыптары ғылым мен жоғары білім беруді дамыту мәселелері, сондай-ақ 2024 жылы іске асырылып жатқан негізгі жетістіктер мен инновациялар болды. Кездесу барысында ведомство басшысы Министрліктің бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындыларын ұсынды және жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген басымдықтарды белгіледі. Оның айтуынша, тұжырымдамадағы өзгерістер Жоғары білім сапасын жақсартуға және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыстың негізгі бағыттары: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, өмір бойы оқыту және ғылыми саланы дамыту. Министр сондай-ақ Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін нығайтуға бағытталған реформаларды атап өтті. «Ведомство ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл бастамалардың ішінде Орталық Азияда 2 миллиардқа жуық халқы бар өңірлерден жастарды тартуға ықпал ететін ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру бар», - деді С.Нұрбек. Министрліктің құрылуынан бастап, Қазақстанды өңірдегі академиялық білім беру және зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті. Министр шетелдік серіктестердің көмегімен өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарын халықаралық зерттеу университеттеріне айналдыруға ұмтылатындарын жеткізді. Сонымен қатар Саясат Нұрбек кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемінің өскенін атап өтті. 2024-2025 оқу жылында жоғары оқу орындарында оқу үшін 94 251 грант бөлінді. Жаңа Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін іске қосуды қоса алғанда, техникалық және инженерлік мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды. Министрліктің негізгі жетістіктерінің бірі – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында цифрлық университеттердің пилоттық жобасын енгізу болды. Сондай-ақ Coursera, «Huawei Technologies Kazakhstan» және Binance Kazakhstan сияқты әлемдік компаниялармен стратегиялық серіктестіктер жасалды. Google-мен бірге жасанды интеллект курстарын енгізу студенттерді қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды. Министр жас ғалымдарды қолдаудың және олардың ғылыми өсуіне жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Министрлік «Отбасы банк» АҚ-мен келісім жасасты, оның шеңберінде жас ғалымдарға арналған кредит беру бағдарламасы іске қосылды. «Біздің міндетіміз — қазақстандық жастардың ғылыми салада дамуы және өз білімдерін ел экономикасындағы маңызды міндеттерді шешу үшін қолдануы үшін жағдай жасау», - деп толықтырды министр. Кездесуде қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық жетістіктері талқыланды: биылғы жылы 21 қазақстандық жоғары оқу орны QS World University Rankings халықаралық рейтингіне кірді, ал 29 жоғары оқу орны Times Higher Education рейтингіне қатысты. Өз сөзінен кейін министр Алматы тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап берді. Талқылаулар тікелей диалог орнатуға, қызықты мәселелерді нақтылауға және тұрғындардан ұсыныстар жинауға мүмкіндік берді. Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті, онда Алматы тұрғындары білім беру және ғылыми бастамаларды дамытуға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесуді қорытындылай келе, министр қатысушылардың пікірлері ведомствоның алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/880914