Қоғам
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігі «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бұйрығының жобасын қоғамдық талқылаудың басталғандығы туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15466495 сілтемесі бойынша қол жетімді.Осыған байланысты, аталған жобаға қатысты талқылауға қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947197
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеті инновациялық IT-жоба гранттық қаржыландыру алды 16.11.2024
Алматыда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновациялық IT-шешімдерді дамытуға бағытталған стартап-жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Алты жеңімпаз команда өз идеяларын іске асыруға 1 млн теңге, тағы бір команда – 500 мың теңге көлемінде гранттар алды. Жақын арада олар өз жобаларының прототиптерін жасауға кіріседі.Іс-шара ITMlab жобасы аясында ұйымдастырылды, оны ITeachMe қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша стартап-жобаларды іріктеу бойынша хакатондар Алматы және Астана қалаларында өткен болатын.Финалдық таныстырылым барысында 18 команда өз жобаларын ұсынды, олардың идеялары бір ай ішінде кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен пысықталды.Барлық жобалар технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, коммуникацияларды жақсартуға, ұтқырлықты арттыруға және инклюзивті қоғам үшін жағдай жасауға бағытталған, бұл мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға ықпал етеді.Таныстырылымдар аяқталғаннан кейін қазылар алқасы 1 млн теңге көлемінде прототиптерді іске асыруға арналған гранттар алған 6 команданы таңдады. Қосымша тағы бір команда 500 мың теңге көлемінде көтермелеу наградасын алды. Shaka - көру қабілеті нашар адамдарға күнделікті өмірде бағдарлануға мүмкіндік беретін вибромоторлармен/сенсорлармен жабдықталған қолғап;Fenix Recovery - арнайы оңалту орталықтарында да, үйде де қолдануға арналған экзоскелет және локомоторлы тренажер;Bulan - мүгедектігі бар адамдар қолданатын арбаларға арналған оңтайландырылған электронды қорап;РиМы - Брайль шрифтында негізделген электронды кітап;ОО «Жан» - қолдану мерзімі ұзақ қолға ұстайтын таяқтар ұштарын өндіру;Техносила - нейрондық алгоритмдері бар қолдың бионикалық протезі;Procrastinators - нақты уақыт режимінде ымдау тілінен мәтінге және керісінше аудармашылық қосымшаҮш айдың ішінде барлық 7 команда өз жобаларының прототипін жасау үшін жұмыс істейді. Ақпан айының басында олар қол жеткізілген нәтижелер мен мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықтимал әсерін көрсете отырып, мүдделі тараптар мен инвесторларға дайын әзірлемелерді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/880524
Ғани Бейсембаев: «Сапалы білімге тең қолжетімділік - мемлекет саясатының басым бағыты» 16.11.2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық қауымдастықпен, оқушылармен, білім саласының ардагерлерімен және ата-аналар комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді.Ғани Бейсембаев Зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп интернатында жуырда ғана Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» мемлекеттік наградасын алған математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісованың сабағына арнайы бас сұғып, мұғаліммен, оқушылармен сұхбаттасты. Ұстаз миссиясына адал педагог ерекше балалармен жұмыс жасауды өз жүрек қалауымен таңдаған.Ғани Бейсембаев Гүлжанар Нұрпейісова сынды ұстаздардың еліміздің мақтанышы екенін, ал оның кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы көпшілікке үлгі-өнеге екенін айтты.«Барлық балалар үшін сапалы білімге тең қолжетімділік - еліміздің негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты арнайы және инклюзивті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда. Өз еңбек жолын осындай ерекше балаларға арнаған педагогтерге ерекше көңіл бөлінуде. Олардың кәсібилікпен қатар, шыдамдылық, өз ісіне адалдық танытуы - ең жоғары марапатқа лайықты. Гүлжанар Нұрпейісова сынды ұстаздар нағыз ағартушы, қоғам төрге оздыратын тұлғаның қандай болуы керек екенін өз үлгісімен дәлелдеп келеді», - деп атап өтті министр.Аталған мектеп-интернатта 236 ерекше білім беруді қажет ететін бала білім алады. Оқу процесі олардың ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылған, мұнда балалардың ерекшеліктеріне қарай бейімделген әдістемелік материалдар қолданылады.Елімізде 496 арнайы ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен барлығы 9 мың педагог жұмыс жасайды. Балаларды арнайы біліммен қамту 84%-ға жетті. Айта кету керек, биылғы жылдан бастап мүгедектігі бар балалар үшін колледжге түсу квотасы 1 пайыздан 10 пайызға ұлғайтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/880487
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР 16.11.2024
Түркістан облысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келіп, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге аудандарды аралап, шаруалармен кездесті. Министрге Ордабасы, Арыс және Шардара аудандарында жүзеге асып жатқан ірі жобалар таныстырылды. Облыс әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырып, су үнемдеу технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беріліп жатқанын жеткізді.Өңірде алдағы 5 жылда су үнемдеу технологияларын 216 мың гектарға жеткізіп, суармалы алқаптардың 40 пайызына ендіру жоспарланған. Бүгінде су үнемдеу технологиялары 50 мың гектарға ендірілді. Суару технологиялардың қолжетімділігін арттыру үшін, «BNK Group», «Тұран су» секілді 3 жергілікті кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде, осы кәсіпорындар арқылы су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етіледі.Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста «ақ алтынның» элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта- тоқыма кластерін құру қолға алынды. Жобаны іске асыру 141 млрд. теңге инвестиция тартуға және мақта өнімділігін 2,5 есе артуына мүмкіндік береді. 4 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.Биыл тәжірибе негізінде жаңа әдіспен 2 мың гектарға егілген мақта дақылы (суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып) 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өңірдің орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.ҚР Ауыл шаурашылығы министрі мен облыс әкімі Арыс қаласында болып, шаруалармен пікір алмасты. Арыста мақта шаруашылығын дамыту ісі басталды. «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС биыл қолға алған жобаға 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылған. 1600 гектар жерде жүзеге асатын жоба арқылы 9000 тонна өнім алынады деп күтілуде. 40 адам тұрақты жұмыспен, 120 тұрғын маусымдық жұмыспен қамтылған. Мұнда заманауи тамшылатып суару технологиялары қолданылып, жоғары сұрыпты мақта өсіріледі.Жұмыс сапары Шардара ауданында жалғасын тапты. Бүгінде Алатау ауылдық округінде орналасқан «International company of Cotton» ЖШС-інде мақта талшығы шығарылады. Аталған жобаға 5475,0 млн. тенге инвестиция тартылған. Жылына 60 мың тонна өнім шығаратын зауытта 200 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдерінің басым бөлігі ҚХР-ға экспортталады.Шаруалармен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су үнемдеу технологияларына көшу маңызды екенін айтты. Шаруаларға осы бағытта жұмыс жүргізу жөнінде ұсынысын жеткізді. Мемлекеттік қолдауларды түсіндірді. Аймақтың мақта кластері, ауыл шаруашылығын дамытуда мүмкіндігі жоғары екенін айтып, бастамаларға оң бағасын берді. Шаруалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, келесі жылы ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын, оның алғашқы 100 млрд. теңгесі биылғы желтоқсан айында дайын болатынын айтты. Ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10%-ға дейін жаңарту мақсатына қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіге кемінде 200 млрд теңге бөлу жоспарлануда.Облыс әкімі Дархан Сатыбалды каналдарды тазалау, мақта кластерін дамытуға қолдау көрсетіліп жатқанын, шаруалар да өз міндеттерін сапалы орындауы тиіс екеніне тоқталды. Су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы ғана су тапшылығы мәселесі шешілетінін атап өтті. Салық мәдениетін көтеру, аймақтың тазалығына мән беру мәселесі де назарда болуы тиістігін айтты. Кездесуде шаруалар тарапынан да ұсыныстар айтылып, олар бақылауға алынды.Жұмыс сапары аясында министрге сондай-ақ Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының жетістіктері таныстырылды. Еліміздегі үлкен жылыжайлардың бірі жылына 6 мың тонна көкөніс шығарады. Жер аумағы – 16 гектар. Министр жылыжай шаруашылығында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары екенін айтып, осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсу керектігін жеткізді.ҚР Ауыл шаруашылығы министрі аймақтағы жобалармен танысып, өзекті мәселелерінен де құлағдар болды. Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды ендіру жұмыстары жалғасады.Айта кетейік, биылғы 9 айда Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 747,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш бастап тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880392
ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен жиында басқарманың тоғыз айлық есебі, тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы жұмыстар, облыстағы кардиологиялық көмектің 9 ай қорытындысы туралы және туберкулез көрсеткіштерін талдау нәтижесі мен нәресте өлім-жітімінің алдын алу жұмыстары сараланды. Сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық қызметінің талдау қорытындысы тыңдалды.– Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осы салаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдарының алдында 2024 жылға бірқатар міндеттер қойылған болатын. Олардың ең бастысы – жұмыс көрсеткіштерін өткен жылмен салыстырғанда жақсарту және халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жыл қорытындысымен ішкі медициналық көрсеткіштерді жақсарту, медициналық қызмет сапасын көтеру, бағытында жұмыстар атқарылды. Әлі де ширата түсу керек. Мәселелер жеткілікті. Әрбір медицина мекемесінің басшысы жұмысты жүйелі үйлестіріп, сапаны жақсартуы тиіс, – деді Бейсенбай Тәжібаев.Айта кету керек, 2024 жылы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік медициналық ұйымдары тіркелген және жалпы халыққа қажетті медициналық көмек көрсету және жыл басынан бастап қойылған жұмыстың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.Алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысының және штаттан тыс бас мамандардың баяндамалары тыңдалды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев саладағы міндеттер туралы ой қозғады. Ана мен бала денсаулығын сақтау, жүрек-қан тамырлары, туберкулез және өзге де дерттердің алдын алу мәселелері талқыланып, тиісті ескертулер айтылды. Арыз-шағымдармен, өтініштермен жұмыс жүргізу мәселесі де сөз болып, тиісті тапсырмалар берілді.Түркістан облысындағы БМСК емханаларына 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1,7 миллионға жетіп отыр. Аймақта 49 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін көтеру, арнайы құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880393
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы елімізде жалғасын тауып жатыр. Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған жоба аясында тазалық шаралары ауданда тұрақты түрде өткізіліп келеді.Осы орайда, бүгін Төлеби ауданында кезекті жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілік барысында аудан тұрғындары көше бойларын, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартты. Елді мекендерді көгалдандыру бағытында жол жиектеріне, саябақтарға күздік ағаш бұтақтары егілді.Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, тұрғындар, БАҚ өкілдерімен бірге, «Төлеби баба» саябағының аумағына көшет отырғызды.Сенбіліктің қоғамның назарын, қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор екендігін ескерген тұрғындар өз аумақтарында жаппай тазалық шарасына қатысып, ауданды көркейтуге үлестерін қосты. Ауданның көркі мен дамуы үшін маңызды болып саналатын аталған шарада 4000 түп ағаш көшеті егілді. Жалпы сенбілік жұмыстарына 5000-нан астам азамат атсалысып, жол жиегі мен арықтарды қоқыстан тазартылып, 70 техниканың көмегімен шығарылған күл-қоқыс полигонға жеткізілді.Сенбілік барысында аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған жаңа екі техника, аудандағы мекемелерге бекітілген арнайы техникалармен танысып, сала басшыларына қысқы маусымға дайындық барысын пысықтауды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880395
ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ ТҰҚЫМБАҚТА ӨСІРІЛГЕН АЛҒАШҚЫ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Бүгінде Арыс қаласында «Таза Қазақстан» шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, қала сәулетін бұзатын, иесіз қалған ескі ғимараттарды сүруден бастап, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, жасыл екпе егу, оны күтіп ұстау секілді ауқымды жұмыстар атқарылуда.Арыс-Шымкент тас жолы бойына қаладағы тұңғыш ашылған тұқымбақта өскен жас көшеттер отырғызыла бастады. Арыс топырағына бейімделген ағаштардың дәнінен өсірілген көшеттердің жерсінуі мен өсуі жылдам екені анықталған.Бұдан бөлек, егілген жасыл екпені шарбақпен қоршау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары мен басқа да коммуналдық сала қызметкелері атсалысуда. Ондағы мақсат – қалаға кіреберіс көше бойындағы жасыл белдеуді қорғау әрі қаланың сәулеттік келбетін жақсарту болып табылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880397
ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 200-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күнін» жас ағаш көшеттерін отырғызу шарасымен атап өтті.Іс-шараға Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен оған қарасты «109 бірыңғай байланыс орталығының» 120 қызметкері қатысып, 200-ге жуық көшет отырғызды.«Бұл бастама жүйелі түрде жалғасып, алдағы уақытта цифрландыру қызметкерлерінің аллеялары облысымыздың әрбір аймағында пайда болады», дейді басқарма басшысы Марат Айнабеков.Бұл игі іс облыс орталығының экологиясын жақсартып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыратыруға оң ықпал етпек.Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылдың 9 айында ақпарат және байланыс саласында көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 113,4%-ға артып, 7,4 миллиард теңгеге жетті. Ал салаға тартылған инвестиция көлемі 11 миллиард теңгені құрады. Бұл – облысымызда цифрлық инфрақұрылым дамуының көрсеткіші.Келесі жылы Түркістан қаласында шетелдік IT компанияларымен бірлесіп Халықаралық технологиялық паркін, Корея университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. Осы жобалар тарихы Түркістан өңірін Орталық Азияның заманауи инновациялық және технологиялық орталығына айналдыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880398
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫС ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫ ДА АТСАЛЫСТЫ 16.11.2024
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Осындай сауапты істі жүзеге асыру, қаланы көркейту, жасыл желекке айналдыру мақсатында «Жасыл Арыс» КММ-сі қалаға кіреберістен бастап, ағаш отырғызу жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.Бүгінде игі іске әскери бөлім сарбаздары да атсалысуда. Атап айтқанда, қалада орналасқан №44859 әскери бөлім жауынгерлері сапқа тізіліп, жасыл желекті отырғызуға арналған 1500 шұңқыр жер дайындап, сауапты іске үлестерін қосты.Кезекті көшет отырғызу жұмыстары секторларда жалғасты. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала 17 секторға бөлінген-ді. Әр секторға әкімдік бөлімдері мен аппараты сондай-ақ мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген.Бүгінгі сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қураған шөптер шабылып, ағаш көшеттері отырғызылды.Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлерден бөлек әр көшеден белсенді азаматтар шығып, үйлерінің іргелес аумағын қоқыстан тазартты.Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілік шаралары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880401
ТҮРКІСТАН: ҚАТАРЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯМЕН ТҮЙЕ БАҒЫТЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан облысына инвестиция тарту жұмыстары жан-жақты атқарылып жатыр. Ол үшін шет мемлекеттердің ірі компания иелерімен кездесулер өткізіліп, келіссөздер жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қатар елінен келген «Trust for Trading Co» компаниясының бас директоры Салех Джабер Аль Маримен кездесті. Жүздесуде тараптар сүтті бағыттағы түйелерді Түркістан өңіріне алып келу, өсіру жайын талқылады. Нақтырақ айтқанда, инвесторлар Қатар елінен түйелерді алып келіп, бағуды, түйелерді жергілікті шаруаларға сатуды көздеп отыр. Әрі қарай, жоспар бойынша, шарулар түйе сүтін Түркістан қаласында орналасқан «Golden Camel» зауытына өткізеді. Осы ретте, жергілікті шаруаларға жеңілдетілген несие қарастыру жайы да қозғалды.Қазіргі уақытта «Golden Camel» зауыты түйе сүтін 850 теңгеден қабылдап, одан құрғақ өнім жасап, өнімдерін Қытайға экспорттауда. Зауыт қабылданатын сүт көлемін арттыруды көздеп отырғандықтан, бұл – жақсы ұсыныс.Облыс әкімінің орынбасары өңір экономикасына оң әсерін тигізетін, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болатын әрбір бастамаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жоба қолға алынған жағдайда толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер қарастырылатынын айтты. Алдағы уақытта бұл жоба жіті зерделеніп, қаралатын болады.Trust for Trading Co – Қатар мен Парсы шығанағы елдеріне мал мен етті экспорттаумен айналысатын Қатарда орналасқан компания. Бұл ірі халықаралық мал компанияларының бірінің еншілес кәсіпорны. Штаб-пәтері Австралия, Түркия, Бразилия, Уругвай, Румыния және Иорданиядағы көптеген фермаларға тиесілі. Сонымен қатар компания Парсы шығанағы елдеріне, Иорданияға, Түркияға, Индонезияға және Вьетнамға ірі қара мен салқындатылған ет жеткізуші болып табылады.Компания импорттық елдің талаптарына сәйкес мал, бұзау және қой тасымалдауға арналған тоғыз алып кемеге иелік етеді. Шамамен 90 000 бас қой мен 12 000 бас бұзауды тасымалдай алатын үш кемесі бар. Бұдан бөлек, әрқайсысы шамамен 30000 бас қой мен 4000 бас бұзауды тасымалдауға қабілетті алты кемесі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880403
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 300 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Сарыағашта аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен ауданды көркейту, көгалдандыру, мақсатында Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағына күзгі көшет егу жұмыстары жүргізілді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданымызда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде. Осы тұста, бүгін отырғызылған ағаштар, оған қоса, алдыңғы мезгілдегі егілген ағаштар жасыл желек саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады, — деді аудан басшысы.Игі шара барысында Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 100 түп бозарша, 100 түп қарағаш, 100 түп сән ағаштары отырғызылды. Игі шараға аудан басшысымен бірге қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер атсалысты.Сенбілік жұмыстары аудан аумағында да жүргізілді. Шара барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойына тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 1200 адам қатысып, 3,6 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 18 техника жұмылдырылды.Айта кетейік, ауданда әр апта сайын сенбілік шарасы өткізіліп келеді. Аталған жұмыстар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880405
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 25 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ 16.11.2024
Сауранда “Таза Қазақстан” республикалық шарасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды.Биыл күзгі ағаш егу науқанында ауданның климатына сай келетін түрлі 25 мың түп ағаш егу жоспарлануда. Игі шараға Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Сауран ауданына 25 мың түп ағаш берілді. Оның 20 мың данасы қарағаш, 3 мың данасы шаған және 2 мың дана жеміс ағашы жерсіндірілмек.Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы аудан тұрғындары қатысты. 5 бірлік техника, 130-ға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында арықтар қазылып, белгіленген аумаққа арнайы тал егілді. Ауданда күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, жасыл-желекке айналдыру жоспарлануда.Айта кетейік, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880412
Алматы облысы ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Алматы облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Темірғалиұлы Дарибаев Алматы облысының ветеринария басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Бауыржан Темірғалиұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институтын «ветеринариялық медицина», 2014 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1993 жылы Қарой ұжымдық кәсіпорынының мал емдеушісі болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш аудандық аумақтық басқармасының ветеринариялық қадағалау, Балқаш ауданының ветеринария, Балқаш ауданының ауыл шаруашылық бөлімдерінде басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.2017 - 2024 жылдар аралығында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.2024 жылдың мамыр айынан Алматы облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/880356
Каспий теңізіне соңғы жылдары жіберілген су көлемі 16.11.2024
Каспий теңізіне соңғы жылдары жіберілген су көлемі:2021 жыл − 3,6 км³2022 жыл − 5,47 км³2023 жыл−8 км³2024 жыл−16,7 км³2024 жылғы көрсеткішке көктемгі кезеңдегі су көлемі мен су дипломатиясы, яғни, көрші елдермен келісімдердің нәтижесінде қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/880358
Қазақстан Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер нәтижесінде 11 млрд текше метр су алады 16.11.2024
Қазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады. Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді. Министр Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысына еліміздің атынан қатысты. Отырыс Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтті. Кездесуге Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Ал, Қырғызстан елінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.Нәтижесінде, 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді.Айта кету керек, отырысқа қатысушылар Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының болжамды жұмыс кестесін бекітті, сонымен қатар 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне Орталық Азия елдеріне су беру көлемін айқындады.«Биыл келіссөздер мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз Сырдария өзені бассейнінде суды тиімді бөлуге қол жеткіздік. Сондай-ақ, 86-шы отырыс қорытындысы бойынша бірлесіп атқарылған жұмысқа оң бағамды бергім келеді. Атап айтқанда, Қырғызстанмен су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жүзеге асырылды, сондай-ақ биыл суару маусымында «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс кестесін үйлестіру бойынша іс-шаралар қабылданды»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.МСШҮК келесі, 88-ші отырысы 2025 жылдың бірінші тоқсанында Душанбе қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/880362
Көлік министрлігінде ИКАО-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды 16.11.2024
"Қазақстандағы ИКАО апталығы" аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ИКАО(EUR/NAT) Еуропа және Солтүстік Атлантикалық бюросының Аймақтық директоры Николас Ралломен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Авиация саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ИКАО-ның ресми іс-шараларын өткізуіне бағытталған бастамалары қаралды.Николас Ралло 2025 жылы Қазақстан Республикасында ИКАО тарапынан азаматтық авиация саласындағы гендерлік теңдік мәселелері және авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша екі өңірлік семинарды өткізуді ұсынды.Сонымен қатар, Николас Ралло биыл мамыр айында Қазақстан Республикасының ИКАО-да Тұрақты өкілдігін ашқанын ерекше атап өтті. Қазақстанның ИКАО-да Тұрақты өкілдігінің болуы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту және ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйыммен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.ИКАО EUR / Nat бюросының басшысы авиация инфрақұрылымын жақсарту және азаматтық авиация реформаларын енгізуде елдің елеулі жетістіктерін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880419
Қазақстанға Шаньдундағы «Қытай-ШЫҰ» сауда-экономикалық аймағында 600 шаршы метр алаң бөлінеді 16.11.2024
Қазақстанға Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан «Қытай-ШЫҰ» өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағында өтеусіз негізде 250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды. Аталған келісім Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды. Сондай-ақ, министр Шаққалиев бастаған делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Шаньдун арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды.Шаньдун өңірін 100 млннан астам халық мекендейді. Шаньдун Қытайдағы экономикасы әлдеқайда дамыған аймаққа жатады. Экономиканың негізін автомобиль, электроника, нефтехимия, металлургия және ауылшаруашылығы салалары құрайды. Маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне бидай, жүгері және көкөніс кіреді.Кездесу барысында сөз алған Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсян Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.«Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан Шаньдунға экспорт көлемі 8 млрд юаньді құрады. Шаньдундық 45 компания Қазақстанға 2 млрд юань көлемінде инвестиция құйды. Министр мырза сіздің бұл сапарыңыз Қазақстан мен Шаньдун провинциясыарасындағы қарым -қатынасты одан әрі нығайтуға серпінбереді деп сенемін» - деді ол.ҚР Сауда және интеграция министр Арман Шаққалиев Шаньдун губернаторының ыстық ықыласына ризашылығын білдіре отырып, екі ел Президенттерінің алға қойған тапсырмасына тоқталды.«Қазақстан мен Қытай мәңгілікке стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің қарым-қатынасымызда жаңа алтын отыз жылдықты аштық. Өткен жылдың қортындысы бойынша Қытай Қазақстанның нөмірі бірінші сауда әріптесі болды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларын құрады. Екі елдің көшбасшылары тауарайналымын 80 млрд АҚШ долларына дейін жеткізумақсатын қойды. Біз үшін экономикасы қарқынды дамыпжатқан Шаньдун провинциясы үлкен қызығушылық тудырып отыр», - деді министр.Одан әрі қазақстандық делегация Шаньдун провинциясының «Shandong Hi-Speed Group», «Shandong Energy Group», «G-WEIKE», «Lingong Heavy Machinery», «Tsingtao» сияқты жетекші компанияларында болды. Аталған компаниялардың өндірістік қуаттарымен танысып, тау-кен және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.«Tsingtao Beer Group» компаниясымен ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар шиікзаттық емес экспортты ілгерлітеу мақсатында Семейдегі сыра зауытын қайта жандандыру мәселесі сөз болды. Осы зауыттан шыққан өнім Қазақстан нарығын ғана емес, Орталық Азия және ЕАЭО кіретін елдерді де қамтуға мүмкіндік береді.Шаньдун Қытайдағы көлік жүйесі дамыған өңір болып табылады. Провинция Бейжің, Шанхай және тағы басқа қалалармен жоғары жылдамдықтағы теміржолдарымен байланысады. Әлемдік нарықтарға экспорттық өнімдерді жіберіп отырған Циндао мен Яньтае порттары халықаралық саудада маңызды рөл ойнайды.Ал Цзинань қаласының мэрі Юй Хайтенмен кездесу барысында жоғары жылдамдықты темір жол бағыты және өнеркәсіптік кооперация, жасыл энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/880320
Қазақстан АӨК өнімдері экспортын ұлғайтуда және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр 16.11.2024
Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстан бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылуда.Ауыл шаруашылығы дақылдары экспортының өсуі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) деректері бойынша елімізде жыл басынан бері астық экспортының өсуі тіркелді, бұл ретте жаңа тасымалдау бағыттары игерілуде. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артқаны байқалады.«Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастады. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға өсті», — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.Жүгері дәнінің экспорты биыл 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаны құрады. Тәжікстанға тасымалдау 38%-ға, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астамға өсті. Сондай-ақ биыл Иранға жүгері дәнін тасымалдау басталды.Жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жетті, басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілді.ҚТЖ мәліметінше, бұршақ тасымалы үш есеге артты. Қазақстаннан Ауғанстанға импорт көлемі екі есе, Өзбекстанға үш есе өсті. Сондай-ақ күріш өндірушілер Әзербайжан мен Беларусь жаңа нарықтарын игеру арқылы экспортты +47%-ға (52 мың тонна) арттырды. Сонымен қатар 2024–2025 маркетинг жылында Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр.Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының (МДӨҰҚ) басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі – Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр. Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде $56 млн-ға келісімшартқа отырды. Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, Шанхайда биыл қазақстандық 12 май зауыты май өнімдерін ұсынады.Бүгінгі таңда Қытай қазақстандық май өнімдері экспорты бойынша қаржылай көрсеткіште көш бастап тұр. Майлы дақылдар өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы қазақстандық 24 май зауытын Қытай кеден тізіліміне жедел енгізуге жәрдемдескен салалық министрліктер — ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан болған қолдаудың маңыздылығы атап көрсетті. Сондай-ақ өсімдік майларының ай сайынғы экспорттық көлемін біркелкі бөлу бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен үйлестірілген жұмыс маңызды аспект болып саналады. Май өңдеушілер екі жыл ішінде Қытайға өсімдік майы мен мал азығы экспортын $300 млн деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр.Қазақстанның CIIE–2024 көрмесіне қатысуы Қытай нарығына май өнімдері экспортын кеңейту мен еліміздің Азиядағы сауда позициясын нығайтудағы маңызды қадам болды.Қазақстандағы ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті айтарлықтай үлкен, бұл оның ірі нарықтарға: Қытай, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне жақын болуына байланысты.Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қолдау шараларыӨнеркәсіптік инвесторлар одағының деректері бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 млрд теңгені құрайды, 2025 жылы 300 млрд теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 8 кәсіпорында тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығарылады, бұл қазірдің өзінде шаруалардың осы техникаға деген жылдық қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Тағы 20-дан астам кәсіпорын тіркеме және аспалы ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын шығарып, импортқа тәуелділікті азайтуда. Бүгінде тракторлар мен комбайндардың, сондай-ақ аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасының әрбір шығарылатын үлгісіне дәнекерлеу, кесу, ию және бояу операциялары орындалады. Трактор кабиналарын дәнекерлеу және бояу, сондай-ақ энергиямен қаныққан тракторлар корпусы элементтеріне пластикалық бөлшектерін дайындау мерзімінен бұрын игерілді. Келесі жылы өндірушілер астық бункерлерін, көлбеу камераларды, ұсақтағыштарды және комбайн кабиналарын жасау бойынша операцияларды меңгеруді жоспарлап отыр. Еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы машина жасау локализациялау орталығы Қостанайда жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасы мен автоөнеркәсіпке арналған 25 мың бірлік торап, агрегат, компонент пен қосалқы бөлшек шығарады.Биыл отандық ауылшаруашылық техникасын сатып алғанда шаруаларды субсидиялау туралы шешім қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр: жетекші шетелдік өндірушілер біздің нарыққа қызығушылық танытуда. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, әлемге әйгілі John Deere компаниясы Қазақстандағы жергілікті қатысуын құрастыру кооперациясы арқылы кеңейтуді жоспарлап отыр.Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингі құрастыру ынтымақтастығы арқылы John Deere компаниясының Қазақстандағы жергілікті қатысуын кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл стратегиялық серіктестік инновацияларды ынталандыруға, жергілікті өндірістік қуаттарды нығайтуға, елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етуге арналған және Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, цифрлық трансформацияға және тиімділікті арттыруға бағытталады, деп атап көрсетті Ауыл шаруашылығы министрлігі.«Ең озық технологияларды пайдалана отырып және білім алмасуды қолдау арқылы біз экономикаға да, жергілікті қауымдастықтарға да пайда әкелетін тұрақты өсудің негізін қалап жатырмыз», — деді, John Deere ТМД және Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы және көгал жабындылары бизнесінің президенті Чаба Лейко.Eurasia Group – Қазақстандағы John Deere техникасының ресми дилері.Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қабылданған шаралар аясында биыл келесі бағдарламалар жүзеге асырылды:1. Ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялаудың жаңа тетіктері қабылданды:- инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде өндірісі Қазақстанда жолға қойылған техниканың импорттық аналогтарын субсидиялау мүмкіндігі алынып тасталды;- ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін несиелер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың сараланған тетігі қолданылды (отандық өндіріс техникасын сатып алу үшін сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін, импорттық техника үшін 15%-ға дейін субсидияланады).Жаңа тәсілдер қосымша бюджет қаражатын тартпай, отандық кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау көлемін екі еседен астамға арттыруға мүмкіндік береді.2. Биыл маусым айынан бастап алғаш рет сыйақы мөлшерлемесі жылына 5% болатын 120 млрд теңге сомасына отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингінің ауқымды бағдарламасы іске қосылды.Келесі жылы жеңілдікті лизинг бағдарламасының бюджетін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Шаруалардың техника сатып алу қабілетін арттыруда оң динамика байқалады. Мәселен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақпаратына сәйкес, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8 796 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен (5 795 бірлік) 52%-ға артық.Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының дамуына мультипликативті әсер ететінін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/880363
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 47,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 16.11.2024
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 ұйғарым берілді және 46,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,1 млрд теңге төленді.Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.2024 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 552 тексеру жүргізді, оның барысында 7 149 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 310; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 769; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.Жұмыс берушілерге 2 723 ұйғарым беріліп, 338,9 млн теңге сомасына 3 207 әкімшілік айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/880404
Астанада толассыз қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты 16.11.2024
Қардың мол болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсін құрайды.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт, кейде қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880345