Қоғам
Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салды 16.11.2024
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты.Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Б. Оразымбетов – осы оқу орнының түлегі.Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдардан өтті. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Офицер мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медалдарымен марапатталған.Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды.Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/880761
12 қарашада Demo Day өтеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 12 қарашаУақыты: 15:00Өтетін жері: Астана қ., Қонаев көшесі 6, 2-қабат, «ҚазақстанТемірЖолы» көрме залыDemo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Көлік министрлігі өткізеді. Министрлік тарапынан автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саласындағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс-шарасында көрсетіледі.Іс-шараға мемлекеттік органдар, жетекші көлік-логистика және теміржол компаниялары қатысады.Көлік саласындағы соңғы цифрлық трендтермен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 11 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/880777
«Таза Қазақстан»: Теміртауда талай жылдан бергі қоқыс алаңдары жойылды 16.11.2024
Теміртау қаласында Аманжолов және Подгорная көшелеріндегі ірі рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жалғасуда. Шара "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде.Аманжолов көшесіндегі қоқыс үйіндісі тамыз айының соңында тазартыла бастады. "Ботақара 2030" ЖШС мердігерлік ұйымы қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының көп мөлшері жиналған. Қалдықтардың арасында шыны ыдыстар, сынған плиткалар, автокөлік бөлшектері, пластикалық терезелер, сынған есіктер, тұрмыстық қоқыс жәшіктері және т. б. заттар бар. Сондай-ақ аумақта терең шұңқырлар пайда болды. Жол салу кезінде қиыршық тас қазумен байланысты болған, кейін олар тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындарға айналған.– Қоқыс көп. Шамасы, ұзақ уақыт бойы осында жиналған. Бұл негізінен тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, – дейді "Ботақара 2030" ЖШС өкілі Рахат Омаров. – Біз қазірдің өзінде 65 мың тоннаға жуық қоқыс шығардық. Осыдан кейін баумақты қалпына келтіруді бастаймыз, оны тегістеп, ретке келтіреміз.Қазір 6 адам және 8 арнайы техника жұмыс істейді. Күн сайын қоқыс артқан техникалар 30–40 рейс жасайды. Жұмыс аптасына 6 күн жүреді.– Қоқыс алаңдарын жоюға арналған шығындар облыстық мәслихат депутаттарымен келісіліп, Қарағанды облысының экологиялық шаралар жоспарына енгізілді. Біз бұл кешенді жұмыстың арқасмында қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз, – деді Теміртау қаласы әкімі орынбасары Ринат Қыдырбеков. Қоқыс алаңдарын жою жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880717
Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 11 қараша – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан-Бразилия парламентаралық достық тобының бірінші отырысына қатысу үшін Астанаға сапары аясында Бразилияның федералды депутаты – «Қазақстан-Бразилия» парламентаралық достық тобының төрағасы Клаудио Кажадумен кездесті.А. Рахметуллин бразилиялық депутатты ҚР-дағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен таныстырды, сондай-ақ жаһандық күн тәртібі мен халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл контекстіндегі еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты. Сондай-ақ ол Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америка құрлығындағы маңызды серіктесі болып қала беретінін атап өтіп, парламентаралық диалог екі елдің саяси ынтымақтастығының негізгі тетігі болып табылатынына және Қазақстан мен Бразилия арасындағы қатынастардың барлық кешеніне қуатты серпін беретініне сенім білдірді.Өз кезегінде К. Кажаду қазақ дипломатын Бразилиядағы қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және Оңтүстік Америка өңіріндегі соңғы үрдістермен таныстырды. Сонымен қатар федералды депутат Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі шешуші рөлін жоғары бағалады.Сондай-ақ келіссөздер күн тәртібінде Бразилиа қаласында алтыншы сімаралық саяси консультацияларды табысты өткізу контекстінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ биылғы жылы Порту-Алегри қаласында «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің III отырысы мәселелері тұрды. Сұхбат барысында 2025 жылы Бразилияда өтетін COP30 климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция аясында екі елдің тығыз ынтымақтастығы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу барысында тараптар «Қазақстан-Бразилия» достық тобының алдағы бірінші отырысының өзекті мәселелерін талқылады және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды кеңейту арқылы саяси өзара іс-қимылды дамытуға өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/880747
Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда 16.11.2024
Ақтау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» зауытында су тұщытатын үш қондырығының біреуін қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.Бұл жұмыстарға жауапты мердігер мекеме - «Каспиан Конструкторс Траст» компаниясы.Мердігер мекеменің жұмысты кешеуілдетуіне байланысты, қондырғыны іске қосуда іркіліс болды. Мердігер компания басшылары қараша айының соңына дейін 10 000 текше метрлік қондырғыны іске қосуға уәде беріп отыр.Жалпы зауытты модернизациялау жұмыстары үш жылдан бері жүргізілуде. Жоба бойынша зауыттың өндірістің қуатын 40 000 м3-қа дейін арттыру көзделген.-Технологиялық тәртіпке сәйкес, қондырғыларды іске қосқаннан кейін, он күндей су дайындалады. Оның ішінде қосу-реттеу және залалсыздандыру жұмыстары бар. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалаға 20 қараша күні бірінші 5000 м3 су беріледі. Ал қараша айының соңына дейін зауыт қондырғы арқылы 10 000 м3-қа жуық суды беруді жоспарланып отыр, - деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.Сондай-ақ, Ақтауда Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 15 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді.-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылында орналасқан «Ақтау» су тұщыту зауыты да қала тұрғындарын қосымша сумен қамтамасыз етуде.«Ақтау» су тұщыту зауытының құрылысы жеке инвестор тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Зауыт 2023 жылдың наурыз айында қолданысқа берілді.-Аталған зауыт тәулігіне 5 000 м3 ауыз су өндіреді. Зауыт өндірген ауыз суды ОСЖТ-4 арқылы қаланың жоғары шағын аудандарына береді, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының сумен жабдықтау және су бұруды дамыту бөлімінің бас маманы Жүсіп Мұхамед.Жалпы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы осыған дейін ОСЖТ-4 арқылы «МАЭК» ЖШС және «Ақтау» су тұщыту зауыты арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Биыл жаз айларында Сайын Шапағатов ауылында қуаттылығы тәулігіне 4 000 м3 ауыз су өндіретін қондырғы орнатылды. Бүгінде Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы аталған қондырғы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұл өз кезегінде босаған су көлемін Ақтау қаласына бұруға мүмкіндік берді.Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880679
Астанада жаппай жүгіріске 1000-нан аса әуесқой жүгіруші қатысты 16.11.2024
Астанада жаппай жүгіріс өтіп, қала тұрғындары Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауа райы қарлы жел болса да, елорданың көрікті жерінің бірінде 1000-нан аса әуесқой жүгіруші жиналды.«Бұқаралық жүгіру іс-шарасы - қала тұрғындарын ең көп жинайтын спорттың бірі. Сәуірден бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жүгірістерге уақыт өткен сайын қатысушылар қатары арта түсуде. Осы спорттық іс-шара - соның айқын дәлелі. Қандай мезгіл болмасын, спорттық жүгірістерді тоқтатпаймыз. 16 қараша күні «Отбасылық марафон» ұйымдастырылса, 21 қарашада түнгі жүгіріс жоспарланған. Желтоқсан айында да тұрғындарды бірнеше ірі жарыстар күтіп тұр. Нақтырақ айтатын болсақ, 8 желтоқсан күні Триатлон саябағында «Astana Run», желтоқсан айының ортасында жыл сайынғы «Qysqy jugiru» жарысы және 31 желтоқсан күні Ботаникалық саябақта жаңа жылдық кешкі мерекелік бұқаралық жүгіру өтеді. Жүгіруге деген қызығушылықтың арқасында іс-шаралардың саны да артып жатыр», - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.Жүгіріске жиналған қатысушылардың жасы ең кішісі 11-де болса, жасы ең үлкені - 65 жаста болды. Әуесқой жүгірушілер тек қана 4 шақырымды еңсеріп қана қоймай, арнайы естелік медаль алды.«Ауа райы 0 градусты көрсетті. Көпшілік үшін салқын болса да, мен футболкамен жүгіре беремін. Неге? Себебі біз «Морж бодрость» деген клубтың мүшесіміз. Арнайы суықта жүгіріп, суға түсуге денеміз шыныққан. Мысалы, 2021 жылы -27 градуста 21 шақырым қашықтықты еш киімсіз 1 сағат 48 минутта бағындырдым. Нәтижесінде Кинэс Қазақстан рекордтар кітабына кірдім. Барлықтарыңызды қандай спорт болса да, айналысуға шақырамын. Ауырмаңыздар!», - деп Руслан Мамбетов атты қатысушы өз ойын білдірді.Іс-шара соңында IPhone 15 Pro смартфоны мен 5 велосипед лотерея арқылы ойнатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880659
Ресми ақпарат 16.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті.Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/880705
Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды 16.11.2024
Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде маманның көмекшісі болып бастаған. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде компьютерлік техника операторы.2012 жылдан 2013 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімінің көмекшісі.2015 жылдан 2016 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-насихаттау жұмыс секторының меңгерушісі.2016 жылдан 2020 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. 2020 жылдан 2021 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2022 жылдың сәуірінен тамыз айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің басшысы. 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың маусымына дейін Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.2023 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.2023 – 2024 жылдың қарашасына дейін Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.2024 жылдың 6 қарашасында «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880701
Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды 16.11.2024
СҚО-да полицейлер мен депутат дропперлерден шығынды талап ету мәселесін талқыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/880672
Қарулы күштерде жас сарбаздар әскери ант берді 16.11.2024
Ақтау қаласында күзгі әскерге шақырылған 200-ден астам теңізші, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Қонаев гарнизондарында 1200 десантшы Отанына адал болуға ант берді.Әскери теңізшілер үшін салтанатты іс-шара Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Ақтауда Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола және Маңғыстау облыстарынан шақырылған 217 жас теңізші әскери ант берді.Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Серік Борамбаев жас теңізшілерді мерекемен құттықтады. – Жастарға әскерде қызмет ету қажет, өйткені мұнда ер мінездің негізі қаланады. Отанға, отбасы мен халыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді. Олар өмірлік тәжірибе алаып, жан-жақты жетіліп шығады, – деп атап өтті генерал-майор Серік Борамбаев.Оралдық Нұрлы Сапарованың осымен бесінші ұлы әскер қатарына шақырылып, сарбаз атанып отыр. Бұған дейін отбасының үш үлкені Отан алдындағы борышын өтеген. Төртінші ұлы қазір Атырауда қызмет өткеруде. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде 1200 әскерге шақырылушы ант берді. Алматыдағы Райымбек батыр атындағы десанттық-шабуылдау бригадасының плацына әскери қызметшілер, сарбаздардың туыстары мен жақындары көптеп жиналды.– Сіздер, жас десантшылар, аға буынның ерлік эстафетасын қабылдап отырсыздар. Ант беру арқылы толыққанды жауынгер атанып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға жауапты боласыздар, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Раджан Жанысов.Сымдай тартылған жас десантшылардың еңсесі биік, көңілдері көтеріңкі. – Бір ай ішінде ұлымыз нағыз жауынгер болыпты, әрі бойынан байсалдылық байқалады. Ол үшін командирлеріне рахмет. Бұл солардың еңбегінің нәтижесі деп білемін, – деді қатардағы жауынгер Руслан Бузенюстің анасы Ләззат Исмагулова.Жас сарбаздарды құттықтаған қатардағы жауынгер Әлинұр Тілеуқабылұлының әкесі Әсімхан Тілеуқабылов осыдан 31 жыл бұрын дәл осы плацта әскери ант бергенін еске түсірді. 1995 жылдың маусым-қыркүйек айларында Таулы Бадахшанда болып, тәжік-ауған шекарасын күзеткенін айтты.Әскерге шақырылуышылар бір айлық жауынгер курсынан өтті. Онда әскери жарғы талаптарымен танысып, сап дайындығына машықтанды. Сонымен бірге қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін зерделеді. Көздерін байлап, қаруды бөлшектеп-жинауды үйренді. Осының бәрін десантшылар салтанатты рәсім барысында көрсетті. Ал Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қонақтарға қару-жарақпен дефиле және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін ұсынды.Жақындары сарбаз ұлдарының жетістіктерін мақтанышпен бақылап отырды. Көрсетілімдерден соң қонақтарға әскери бөлімдер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің қызмет жағдайлары таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/880704
Аманғали Бердалин Түркістан облысында болды 16.11.2024
2024 жылғы 9 қараша ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты эпизоотиялық қауіпсіздікті талқылау, ветеринариялық-алдын алу шараларын жүргізу және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу болды.Жұмыс сапары барысында вице-министр кеңес өткізіп, облыстағы эпизоотиялық жағдайға ерекше назар аударды. Ол жергілікті жерлердегі жұмыс деңгейінің төмендігін, азық-түлік және биологиялық қауіпсіздікке бақылаудың жеткіліксіздігін, сондай-ақ шекаралардағы бақылаудың әлсіздігін атап өтті.Вице-министр ветеринариялық қызметкерлердің тәртіп деңгейінің төмендігін сынға алып, міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін 33 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Сонымен қатар бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды.Кеңес барысында Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы – Қалдыбеков Сүндетәлі ресми түрде таныстырылды. Вице-министр азық-түлік және биологиялық қауіпсіздік, экспортталатын малды карантинге қою, анықталған заңбұзушылықтарды жою және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу бойынша бақылауды күшейтуге тапсырма берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шараларын қабылдауды тапсырды.Бағдарлама аясында Аманғали Бердалин австралиялық ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау технологиясын қолдана отырып, бес инвестициялық жобаның іске асырылуымен танысты."Қайып Ата" ЖШС іске асыратын және Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау шеңберінде кредиттелетін жобалардың құны 55,2 млрд. теңгені құрайды.Алғашқы ауқымды жоба Арыс қаласы маңында іске асырылып жатыр және бастапқыда 15 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау кешенінің құрылысын қамтиды, кейіннен бұл сан 10 мың басқа ұлғайтылатын болады. Қазіргі уақытта 25 мың басқа арналған кешен жұмыс істеп тұр, оны 50 мың басқа дейін кеңейту жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Бұл кешенді Орта Азиядағы ең ірі ет өндірушілер қатарына қосып, өңірлік нарықтағы мал шаруашылығы саласындағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.Екінші жоба – 4500 га аумақтағы жем-шөп дақылдарын жаңбырлатып суару әдісімен өсіру. Жоба аясында кәсіпорын заманауи тракторлар мен қондырғыларды, John Deere тұқым себу кешенін және неміс өндірісіндегі Siloking жемшөп таратқыштарды сатып алды. Алайда, «Turkistan» ӘКК арқылы уақытылы бөлінбеген қаржы жобалардың табысты іске асырылуына елеулі қатер төндіреді. Уақтылы қаржыландырылмаса, кәсіпорын 2025 жылғы көктемгі егіс науқанына үлгермей, бөлінген жерлерге жем-шөп дақылдарын егуді жүзеге асыра алмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде бордақылау кешенінің тиімділігін төмендететін жем-шөп тапшылығына алып келуі ықтимал.Үшінші жоба – Сайрам ауданында сағатына 20 тонна гранулаланған құрама жем өндіретін зауыттың құрылысы. Құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.Аманғали Бердалин төртінші жоба – мал биржасының жүзеге асырылу барысымен де танысты. Барлық қажетті жабдықтар сатып алынған, ал құрылыс-монтаждау жұмыстары түрік «AgroFine» компаниясымен бірлесе жүргізілетін болады. Мал биржасы 4000 бас ірі қара малды, 5000 бас ұсақ малды және 3000 жылқыны қамтиды.Бесінші жоба – бір ауысымда 5000 бас ұсақ мал мен 1500 бас ірі қара малды союға арналған ет комбинатының құрылысы. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, облыс әкімдігімен бірлесіп жер учаскесі таңдалып, қажетті инфрақұрылым жүргізілуде.Сапар соңында вице-министр Сырым Ертаев басқаратын «Қайып Ата» ЖШС қызметін оң бағалап, кәсіпорынның мал шаруашылығы саласын дамыту мен инновацияларды енгізуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Барлық инвестициялық жобалардың табысты аяқталуы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/880730
Қазақстан Елшісі Нидерланд Короліне сенім грамоталарын тапсырды 16.11.2024
Гаага, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Ақан Рахметуллин Нидерланд Королі Ұлы Мәртебелі Виллем-Александрға сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін қысқаша әңгіме өтті, оның барысында Елші Корольге Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар аясында ақпарат берді.Сондай-ақ Корольге мемлекеттілікті нығайту, орнықты экономиканы қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқаты мен құқықтық мәртебесін арттыру мақсатындағы елді одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды. Елші Ұлы Мәртебеліні Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы сөйлеген сөзінің және «Turkistan» газетіне берген сұхбатының негізгі мазмұнымен де таныстырды.Король Виллем-Александр қазақстандық реформалар бағытына оң баға беріп, олардың Қазақстан мен оның азаматтарының игілігі үшін маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында қазақстан-нидерланд ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін, оның ішінде инновациялар мен жоғары технологиялар салаларында айтарлықтай әлеуеттің бар екені атап өтілді.Нидерланд Қазақстанның Еуропадағы негізгі инвестициялық және сауда серіктестерінің бірі болып қала береді, ал іскер топтардың өзара қызығушылығы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, соның ішінде энергетика, логистика, су ресурстарын басқару, орнықты технологиялар және «жасыл» экономика салаларында қолайлы жағдайлар қалыптастырады.Photo / Фото: © Jeroen van der MeydeАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1155467?lang=kk
Еңбекмині мемлекеттік еңбек инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілету мәселелерін талқылады 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілету мәселелері бойынша кеңес өткізді.Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. Мұрат Мұратбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, ҚР ЕХӘҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева, барлық өңірлерден 215 мемлекеттік еңбек инспекторы және өзге қызметкерлер қатысты.Ақмади Сарбасов алғы сөзінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және оларға жол бермеу Еңбек министрлігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама шеңберінде министрлік жыл сайын құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Мемлекеттік еңбек инспекция комитетінің аумақтық департаменттерінің барлық қызметкерлері мемлекеттік қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері туралы нақты білуі тиіс», – деп атап өтті ол.Мұрат Мұратбеков мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері туралы айтып берді, олар: ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау.«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 4552 тексеру жүргізілді (2023 жылы – 5834), 7146 бұзушылық анықталды (2023 жылы – 8936), оның ішінде 1769 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңды бұзу болды.Жұмыс берушілерге 2723 ұйғарым берілді (2023 жылы – 3741), 338,9 млн теңгеден астам сомаға (2023 жылы – 339,5 млн теңге) 3207 әкімшілік айыппұл салынды (2023 жылы – 2046).2024 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін департамент басшылары мен олардың тікелей бағынысты қызметкерлерін жауапқа тарту фактілері болған жоқ», – деді ол.Сондай-ақ, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабарлады.«Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі негізгі міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру болып табылады.Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 15 облыста жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер анықталды. Оларды болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді Мұрат Мұратбеков.Іс-шара соңында Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті пен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығына 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бекітуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/880734
Саран қаласындағы стадионынның футбол алаңы қайта жаңартылды 16.11.2024
Саран қаласындағы «Сұнкар» стадионындағы футбол алаңына жаңа көгал төселді. Бұл ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының жемісі. Қазақстан футбол федерациясы қаланың 70 жылдық мерейтойына осындай тосын сый жасауды жөн көріпті. Жаңа алаңда алғашқы жаттығу өткізілді. Жас футболшыларға арналған шеберлік сабағын жобаның амбассадоры, ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов өткізді.– Біз Саран қаласында футбол алаңын ауыстыру үшін ҚФФ-ға өтініш бердік. Барлық инстанциялар арқылы біздің өтінішіміз мақұлданып, армандаған итальяндық сапалы алаң салынды. Мұнда футболмен шамамен 300 бала айналысады. ҚФФ президентіне және қала әкімдігіне алғыс айтамыз. Олар стадионның күрделі жөндеуін де жүргізді. Біз мұнда тек қалалық, облыстық емес, республикалық деңгейдегі көптеген турнирлер өткізетін боламыз, – деді Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының төрағасы Николай Бублинский.Стадион 4 мың көрерменге арналған. Қайта жаңғырту жұмыстары тек 15 жыл бұрын жүргізілген.– Мен 2009 жылдан бері футболмен айналысып келемін. Ал Саран қаласынла менің жолым басталды. Қазақстан футбол федерациясына осындай шағын қалада тамаша алаң салғаны үшін алғыс айтамын. Бұны ұзақ уақыт көрмеген едік, бәрі өте жоғары сапада жасалынған. ALAÑ жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғасын тапса, балалар жаттығып, халықаралық аренада өздерін сынап көрсе деп тілеймін, – дейді әйелдер ұлттық құрамасының ойыншысы Анастасия Низамутдинова.ҚФФ-ның ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту жобасы УЕФА-ның қолдауымен 2023–2025 жылдарға арналған. Бұл Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – спорттық инфрақұрылымның сапасын жақсарту және футболды насихаттау.Қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар және Жетісу өңірдерінде 12 алаң жаңарланады. Жалпы, Қазақстан бойынша 20 футбол алаңы жаңартылмақ.qfl.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880429
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы тегін консультация өткізеді 16.11.2024
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы биылғы жылдың соңғы акциясы ретінде «Бақытты сағаттар» шарасын өткізуде. Қараша айы бойы, әр сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қала тұрғындары тегін медициналық қызметке қолжеткізе алады. Акция аясында акушер-гинекологтың қабылдауы, кіші жамбас ағзаларына гинекологиялық УЗИ (көрсетілімдер бойынша), күндізгі стационар жағдайында сауықтыру шаралары және отбасын жоспарлау бойынша консультациялар ұсынылады.Тегін қызмет алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Қабылдау кезек тәртібімен жүреді.Мекен-жайы: Щорс көшесі, 53 ("Майқұдық МҮ" аялдамасы).@ ragc_krg2017 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880434
«Ақтөбе» 2024 жылғы Футболдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды 16.11.2024
«Ақтөбе» футболшылары түркістандық «Тұранды» жеңіп, Қазақстан премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша топ-3 орынды сақтап қалды.Командалар соңғы 26-тур аясында кездесті. Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Нигериялық жартылай қорғаушы Уче Агбо (35 минут) және доминикандық шабуылшы Дорни Ромеро (90+4) қанжығасын майлады.Жеңіс «Ақтөбеге» 43 ұпай әкеліп, маусым қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды. Үшінші жыл қатарынан команда ҚПЛ тұғырында аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Қазақстан Кубогін жеңіп алды, соның арқасында 2025/26 маусымына еурокубоктерге жолдама алды. Кейінірек УЕФА-дағы ел рейтингісіне сәйкес, команданың іріктеу кезеңі қай лигада өтетіні белгілі болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880590
Ақтөбелік ұландық жауынгер самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды 16.11.2024
Астанада өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаев елімізге күміс медаль сыйлады. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлайды.Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген спортшы қатысты. Додаға қатысушылар спорттық және жауынгерлік самбодан әртүрлі салмақ дәрежесінде 31 медаль жиынтығы үшін күресті. Жарыстың екінші күні тоғыз түрлі салмақ дәрежесінде күрескен жеңімпаздар анықталды. Еламан Қойшыбаев 88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, сенімді түрде ақтық сынға өтіп, күміс медаль жеңіп алды.«Мен самбодан әлем чемпионатында дайындық пен табандылықтың жоғары деңгейін көрсеткен спортшыларымыз Еламан Қойшыбаев пен Болат Сапарды мақтан тұтамын. Мұндай жетістіктер оңай келмейді, оның артында қыруар еңбек, үздіксіз жаттығулар, үлкен күш-жігер мен мызғымас тәртіп жатыр. Еламан еліміздің намысын қорғап қана қоймай, өзін нағыз спорттық рухы бар мықты күрескер ретінде көрсетті. Алда әлі де көптеген жеңіске жететініне сенімдімін, олардың әрқайсысы ҚР ІІМ Ұлттық ұланның имиджін нығайтып, жас ұрпақты шабыттандырады», – деді ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Сатжан Әбішев.Еламан Қойшыбаев физикалық және моральдық сынақтарға негізделген жаттығулар рухты нығайтатынын және әскери қызметшілерді кез келген қиындыққа төзімді ететінін айтты.«Әрбір сайыс — нағыз сынақ. Кілемге шыққанда барыңды салып, назарың да, қайратың да толықтай жеңіске бағытталуы керек. Мені баптап, додаға дайындаған жаттықтырушыларыма және қолдап, қуат берген туыстарыма, сондай-ақ осындай дәрежедегі жарыста еліміздің атынан өкілдік етуге мүмкіндік берген Ішкі істер министріне және Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл – үлкен жауапкершілік. Спортшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуге көмектесетін керемет тәжірибе. Биылғы жыл мен үшін сәтті өтті: Макаода Азия чемпионы атандым және әлем кубогында жүлделі орынға ие болдым», – дейді ұландық спортшы Еламан Қойшыбаев.Еламан 2023 жылы Ереванда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Еламан оқуды бітіргеннен кейін 2017 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қатарына шақырылған. Құқықтық тәртіп әскеріндегі қызметі кезінде түрлі жетістіктерге жетті. Отан алдындағы бір жылдық қызметін өтегеннен кейін келісімшарт бойынша Ұлттық ұланда қалып, Ақтөбеде орналасқан 6655 әскери бөлімге әскери жасақ бастығы лауазымына тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880607
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымның жай-күйін тексеру барысында еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барды 16.11.2024
Кезекті жұмыс сапары аясында министр бүгін Қызылорда облысына келді. Мұнда Көлік министрі облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдауда.Министрдің сапары Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880562
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 16.11.2024
🔹Шахмат: Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Шымкентте өткен Гран-при жарысының екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды. Жерлесіміз 9 турда 2487 ұпай жинады.⠀🔹Шайбалы хоккей: Алматыда шайбалы хоккейден тұңғыш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды. Halyk Arena спорт кешенінде өткен шешуші матчта жерлестеріміз Жапониядан 5:1 есебімен басым түсті.⠀🔹Үстел теннисі: Италияның Линьяно қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды. Ол 13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында сынға түсті.⠀▪️Сондай-ақ Алан Құрманғалиев Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы WTT Youth Contender Szombathely 2024 халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды.⠀🔹Жүзу: Гонконгта мәресіне жеткен ашық айдында жүзуден Азия чемпионатында отандасымыз Лев Черепанов мәреге үшінші келіп, қола медаль жеңіп алды.⠀🔹Триатлон: Сауд Арабиясының Әл-Джубаил қаласында өткен триатлоннан U23 жас санатындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль иеленді.⠀🔹Арбадағы теннис: Грекияның Месин қаласында ұйымдастырылған арбадағы теннистен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирінде Жанна Үмітқұлова күміс жүлдегер атанды.⠀🔹Самбо: Елордада өткен спорттық, жауынгерлік және зағип жандар арасындағы самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880461
Аманғали Бердалин Алматы облысының ветеринариялық қызметтерімен кеңес өткізді 16.11.2024
2024 жылғы 8 қарашада ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша вице-министр Аманғали Бердалин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында эпизоотиялық жағдаймен танысу және барлық ветеринариялық нысандарды ауыл шаруашылығы жануарларының қадағалануы үшін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті әзірлеген модульдерге қосу мақсатында кеңес өткізді.Сапар барысында өткен кеңесте Аманғали Бердалин шұғыл шешуді талап ететін бірқатар мәселелерге назар аударды. Олардың ішінде азық-түлік қауіпсіздігін бақылаудың жеткіліксіздігі, тиісті мониторингтің болмауы және алдын алу шараларының уақытында жүргізілмеуі бар.Вице-министр сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері арасында ветеринария саласындағы цифрландыру модульдеріне (ВСЭ, карантиндеу және ИСЖ модульдерін қоса алғанда) барлық ветеринарлық нысандарды қосу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар кеңесте аумақтық инспекцияның жаңа басшысы – Дәурен Жапарғалиұлы Тойбаев таныстырылды.Вице-министр 2021-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында ветеринариялық пункттер, сою пункттері және мал қорымдарын салу бойынша индикативтік көрсеткіштер белгіленгенін еске салды.Алайда қазіргі уақытта Алматы облысы көрсеткіштердің орындалуы жағынан тиісті деңгейде емес, бұл эпизоотиялық жағдайды бақылау деңгейіне әсер етуде.Аманғали Бердалин тек кешенді тәсіл ғана өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/880537