Қоғам
QONAEV CUP 2024: Қаскелеңде халықаралық шахмат турнирі өтті 16.11.2024
10 ноября 2024 года в стенах университета «SDU University» в Алматинской области начался третий международный шахматный турнир «KONAEV CUP – 2024». Это престижное соревнование объединило 240 шахматистов в возрасте от шести до 60 лет и старше из 12 стран: США, Индонезии, Беларуси, Украины, Армении, России, Узбекистана, Таджикистана, Кыргызстана, Азербайджана, Грузии и Казахстана. В турнире принимают участие как именитые гроссмейстеры, так и начинающие спортсмены, что подчеркивает его статус значимого спортивного события международного уровня.Сегодня в Казахстане шахматами занимаются более 200 тысяч человек, а в Алматинской области для их поддержки создана инфраструктура, включая специализированную школу и филиалы почти в каждом районе. Турнир «KONAEV CUP» за три года стал значимым событием спортивного календаря региона и его визитной карточкой.Турнир проводится по правилам быстрых шахмат: соревнования проходят по швейцарской системе в 9 туров с контролем времени 10 минут плюс 2 секунды за каждый ход. Среди участников – мировые звёзды шахмат: Тимур Гареев (США), Моника Челси Игнесиас (Индоенезия), Дмитрий Бочаров и Илья Ильюшенок (Россия), Жахонгир Вахидов (Узбекистан), Михаил Никитенко (Беларусь), Леван Панцулая (Грузия), а также ведущие казахстанские гроссмейстеры, такие как Рамазан Жалмаханов, Алишер Сулейменов, Денис Махнев, Арыстанбек Уразаев, Рустам Хуснутдинов и Лия Курмангалиева. Регион на турнире представляет 98 шахматистов из Алматинской области, в том числе мастер спорта Имангали Акылбай.Особенностью турнира «KONAEV CUP – 2024» является участие не только профессионалов, но и любителей, что предоставляет начинающим шахматистам уникальную возможность состязаться с мастерами международного уровня, расширяя собственные знания и спортивный опыт.Третий международный турнир «KONAEV CUP – 2024» является значимой вехой в развитии шахматного движения и способствуют укреплению позиций Казахстана на мировой шахматной арене.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/880346
Қарағандылықтарды вальс кешіне шақырады 16.11.2024
21 қараша "Шалқыма концерт залында" Вальстың ғажап үні" атты концерт өтеді. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің орындауында Қазақ музыкалық классикасының жауһарлары орындалады.Дирижерлар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Әбдуғалисын Шоқанбаев, Мәдениет саласының үздігі оркестр дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілхайыр Сағымбаев.Солистер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және республикалық байқаулардың лауреаты Дулат Аханов.Басталуы 18: 30.Анықтама телефоны: (8-7212) 41-13-14, 41-22-30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880336
Астананың жанкүйерлері қазнет пен шетелдік қонақтардың ыстық ықыласына бөленді 16.11.2024
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жанкүйерлер трибунадағы қоқысты жинап, жұрттың ыстық ықыласына бөлінді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың тазалықты ұстануы мен бірлігі де қуантады. Чемпионат аяқталғаннан кейін олар бірден кетпей, айналасындағы қоқысты жинай бастады. Тазалық жұмысына белсенділер, «Астана Жастары» еріктілері, сондай-ақ жанкүйерлер қосылды.Көрермендер арасында елорда тұрғындарының белсенділігіне және олардың өз қаласына деген қамқорлығына таңданған шетелдік қонақтар да болды. Мұндай акциялар тазалыққа үндейтін, тазалық мәдениетін қалыптастыратын игі дәстүрге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880329
Астана жастары самбодан әлем чемпионатында шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті 16.11.2024
Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында 9 қарашада ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Қазақстан аумағында екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Чемпионатта қазақстандық спортшыларды Астана жастарының белсенді қолдауы шетелдік қонақтарды таң қалдырды. Жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетіп, плакаттар мен жалауларды желбіреткен олардың қатты дауыстары, ыстық ықыластары залды дүбірлетті."Бүгін біз осы беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Біз қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм халықаралық турнирлердегі бірліктің маңыздылығын атап өтіп. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880319
1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жұмысшы: Астанада коммуналдық қызмет қалай жұмыс істейді 16.11.2024
Қала көшелерін қардан тазартуға түнгі ауысымға 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы шықты. Қардан тазарту ауысымдық режимде жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.Қар тазалау, сондай-ақ маршруттарды түзету жұмыстары кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс пайда болмас үшін қарқынды қозғалыс учаскелері тазартылады. Әрі қарай орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Бүгін қаладан 20 мың текше метрден аса қар шығарылды, бұл - 1609 ауыр жүк рейсі.Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, жауын-шашын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880317
Колледж студенттері арасында қазақ күресінен турнир өтті 16.11.2024
Абай облысында колледж студенттері арасында қазақ күресінен «Колледж барысы – 2024» облыстық турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты қолдау және студенттердің спортпен белсенді айналысуына ықпал ету. Бұл жарыс жастарды шымырлыққа шыңдаумен қатар ұлттық құндылықтарға, өз мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған.Сайыста облыстың 13 колледжінен жиналған 30 студент бағын сынады. Ақтық сында он екі балуан 70, 90 және 90+ келі салмақ дәрежелерінде белдесіп, келесідей нәтижеге қол жеткізді. І орын – 3 студент, ІІ орын – 3 студент, ІІІ орын – 5 студент.Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен балуандарға «Ең жас балуан», «Жеңіске деген құштарлығы үшін», «Техникалық әдістер көрсеткені үшін» арнайы номинациялары табыс етілді.Спорттық шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880318
АҢДАТПА 16.11.2024
2026 жылғы 17 сәуірде Астанада «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында конференция өтеді.Шараны Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.Күні: 17 сәуір 2026 жылУақыты: 08:00 - 16:00Орны: Астана қ., Radisson Astana қонақ үйіКонференцияға тек АНК МҮШЕЛЕРІ МЕН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР- ШАҚЫРУ БОЙЫНША қатысады! +7 727 325 35 45, annk@annk.kz телефоны бойыншаТікелей трансляцияны www.annk.kz сайтында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің @kgd.gov.kz YouTube арнасында көруге болады.+7 7172 71 81 93 телефоны бойынша БАҚ-ты аккредиттеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1195197?lang=kk
11 қарашада Demo Day өтеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 11 қарашаУақыты: 15:00Өтетін жері: Астана қ., Республика даңғылы, 2 (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы)2024 жылғы 11 қарашада Қорғаныс министрлігінің цифрлық трансформациясы аясында жобалар мен өнімдер көрсетілетін Digital Army Day шарасы өтеді. Қазіргі уақытта қорғаныс секторының цифрландырылуы әскерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару жүйелерін автоматтандыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Министрлік процестерді оңтайландырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуде. 17 жастан бастап әскери міндеттілердің өмірлік циклі толығымен автоматтандырылған. БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 10 қараша сағат 17:00-ге дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/880309
11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 16.11.2024
⠀🔹9-12 қараша – Асық атудан ересектер арасындағы командалық Әлем кубогі. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады.▪️Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.⠀🔹9-13 қараша – Допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды.▪️Өтетін орны: Өскемен қаласы.⠀🔹9-16 қараша – Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады.▪️Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.⠀🔹10-16 қараша – Пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді.▪️Өтетін орны: Алматы қаласы.⠀🔹10-17 қараша – Белбеу күресінен әлем чемпионаты (барлық жас санаты бойынша)Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады.▪️Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы.⠀🔹13-17 қараша – Джиу-джитсу халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды.▪️Өтетін орны: БАӘ, Абу-Даби қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880307
Елордада қар тазалау жұмыстарына 1,2 мыңнан аса арнайы техника мен 2400 жол жұмысшысы шықты 16.11.2024
Елордада түні бойы жауын-шашын көп жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бүгін қар тазалауға 1200-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған.9-ынан 10 қарашаға қараған қаладан 2400 текше метр қар шығарылды, бұл - 188 ауыр жүк рейсі.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін көшеде жүргенде өте мұқият әрі сақ болуды сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880295
Маңғыстау облысының әкімі ҚР Президентінің кеңесшісімен кездесті 16.11.2024
9 қараша сенбі күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Бас қосудыңнегізгі мақсаты — өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту.Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында Маңғыстау облысында ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өңірлік ғылыми кеңес 2023 жылдың маусым айында құрылып, оның құрамына 30-ға жуық маман — ірі кәсіпорын басшылары, жергілікті профессорлар, экологтар және IT саласының өкілдері енді. Кеңес алдағы уақытта халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды көздейді.Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Ғылымға салынған инвестиция - болашаққа салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз — өңірдегі өзекті мәселелерді ғылыми әдістермен шешіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы Маңғыстаудың экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыру. Біз өз тарапымыздан ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, Маңғыстау облысына сапары барысында Күнсұлу Закария «Gasyr» инновациялық физика-математикалық лицейінің жұмысымен танысып, лицей оқушылары мен ұжымымен кездесу өткізеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880292
Қазақстан құрамасы - хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы 16.11.2024
Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешенінде хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты аяқталды.⠀Бүгін шешуші матчта Қазақстан командасы Жапониямен ойнап, 5-1 есебімен басым түсті.⠀1:0 - Рымарев (Борисевич, Гренц)2:0 - Рымарев (Александров)3:0 - Наместников (Королинский)3:1 - Ирикура (Ханзава, Кобаяши)4:1 - Гребенщиков (Волков, Королинский)5:1 - Королинский⠀Ал Оңтүстік Корея құрамасы овертаймда Қытайдан 2-1 есебімен басым түсіп, бізге басымдық сыйлады.⠀Азия чемпионатының турнир кестесі:Қазақстан - 6 ұпайЖапония - 6Оңтүстік Корея - 4Қытай - 2⠀Айта кетейік, құрлық бәсекесі Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880291
Ербол Мырзабосынов самбодан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады 16.11.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінің белдесулерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.⠀Бүгін жарыс жолына бірнеше отандасымыз шығып, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Атап айтқанда, 64 келіде өнер көрсеткен Есентай Иманханов финалда Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновты соңғы секундтарда жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) мен Еламан Қойшыбаев (88 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен әлем чемпионатында да Еламан күміс жүлде иеленген еді.⠀Айта кетейік, елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеде әлемнің 80 мемлекетінен келген 470 спортшы бақ сынауда. Ел намысын 28 спортшы қорғап жатыр.⠀10 қарашаға дейін жалғасатын айтулы додада 31 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880290
Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Қазан қаласында концерттік бағдарлама ұсынды 16.11.2024
С.Саид-Ғалиев атындағы мәдениет сарайында Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертті өтті. Оркестр дирижері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжегүл Ақшекина.Шара Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының мәдениетін, өнері мен дәстүрін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және татар музыкасының туындылары орындалды. Концерттік бағдарлама аясында қазақ, орыс және татар тілдеріндегі әндер шырқалды. Бұл халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізбек.Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Мапруза Утуленова, дәстүрлі әнші Гүлдана Ноғайбаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Төлеген Рахымбаев, эстрадалық-симфониялық оркестрдің бэквокал әртістері өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880288
Жерлесіміз әлем чемпионы атанды 16.11.2024
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты өтуде. Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Абай облысының балуаны Есентай Имаханов 64 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда өзбек балуанын жеңген жерлесіміз әлем чемпионы атанды.Абай облысының тағы бір балуаны Маратбек Рахметтолин Астана қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жауынгерлік самбодан қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880289
Астанада түнгі уақытта қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады 16.11.2024
Жауын-шашынға байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.600-ден аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.Елордада қар тазалығы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880284
«Алабұға» экономикалық аймағы: инвесторларға жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер 16.11.2024
Абай облысынан келген делегация 2006 жылы құрылған «Алабұға» арнайы экономикалық аймағында болып, инвесторларға жасалып жатқан жағдаймен, ондағы мүмкіндіктермен танысты. Бұл аймақ толық дайын өндірістік, инженерлік, көліктік және кедендік инфрақұрылымды, сондай-ақ салықтық және кедендік жеңілдіктерді ұсынады.Құрылыс алаңдары 2000 гектар аумақты алып жатыр. Барлық қажетті коммуникациялармен, жолдармен және инженерлік желілермен қамтамасыз етілген учаскелер делегация мүшелерін таң қалдырды. Резиденттердің өз нысандары орналасқан жер телімдерін ғимараттар пайдалануға берілгеннен кейін сатып алуға мүмкіндігі бар.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған делегация мүшелері салық салудың қолайлы шарттарымен танысып, соның ішінде резиденттерді мүлік, жер және көлік салығын төлеуден 10 жылға босату туралы білді.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған «Үш аю» саяжай қоғамдастығы мен 64 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Сондай-ақ олар бейнебақылау жүйесі орнатылған күзетілетін аумақтың бар екенін атап өтті.Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік беретін Alabuga International School білім беру жүйесі де делегаттардың назарын аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880283
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысындағы білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кеңестер өткізілді.Вице-премьердің назарына «Шаңырақ» бөбекжайында ата-аналарға балаларын дамыту және тәрбиелеуге көмектесетін SabiDamu платформасы ұсынылды. Оның негізгі міндеттері – ерте даму скринингі және өзін-өзі диагностикалау.«Біз жаңа платформа құрып жатырмыз. Бұл жоба балалары қандай да бір себептермен балабақшаларға бармайтын ата-аналарға арналған. Оларға баланы үйде қалай дамыту керектігі айтылады. Ата-аналар кез-келген проблеманы анықтау үшін тест тапсырады. Оларды түзетуге логопедтер, дефектологтар, психологтар көмектеседі», — деді «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова. Платформада қазақ және орыс тілдерінде баланы дамытуға арналған мультфильмдер, түрлі тапсырма бар. Мектепке дайындық процесі онлайн форматта автоматтандырылады. Жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен өткен кеңесте ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Оның басты қағидасы – ақша баламен қоса еріп жүреді. Бұл инновациялық жүйе қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балабақшалар арасындағы бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған. Пилоттық жобаға қатысушы – Тараз қаласындағы №9 балабақша меңгерушісі Жанар Оспанова жүйені енгізу тәжірибесі туралы баяндады.«Ваучерлік әдісті енгізу мектепке дейінгі ұйымның қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ. Керісінше, балабақшаға тағы 100-ден астам бала келді. Бұл әдіс бойынша ата-аналар балабақшаны өздері таңдайды. Осылайша, мекемелер арасындағы бәсекелестік пен жағдайды жақсартуға деген ынта арта түседі», – деп атап өтті Жанар Оспанова.Кеңесте Тамара Дүйсенова білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселесін көтеріп, балалар мектепке өткенде стреске ұшырамай, оқу үдерісіне тез бейімделуі үшін мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардың білім беру бағдарламаларын біріздендіру қажеттігін атап өтті. Маңызды рөл атқаратын дүние — баланың жеке даму картасы, оны ерте жастан бастап жүргізіп, кейін бастауыш мектепке тапсыру қажет.Мектеп директорларымен өткен жиында білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. «Қазақстан халқына» қоры мен білім беруді тұрақты дамыту қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан тірек мектептер жобасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Қарағанды облысында 10 мектеп қамтылып, тағы бір білім мекемесін қосу жоспарлануда. Жобаның мақсаты – ауыл балаларына қаладағыдай білім алуға мүмкіндік жасау.Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Бесаспап» бизнес-инкубаторы пилоттық жобасы таныстырылды. Студенттер өндірістік оқыту шеберлерімен бірге халыққа қызметтің төрт түрін: сантехника, ағаш ұстасы, жиһаз жасау және электр қызметтерін көрсетеді. Ілкімді бастама «Жас маман» жобасын коммерциаландыруға ықпал етеді. Колледжде инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше мән беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін қолөнер орталығы құрылып, олар мұнда шеберліктерін шыңдай алады. Вице-премьер бұл бағыттағы жұмысты оң бағалады. Колледж директорларының қатысуымен өткен кеңесте еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беруді түрлендіру қажеттігі талқыланды. Тамара Дүйсенова облыста дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесінің қалай жүзеге асырылып жатқанын да тексерді. Аталған жүйе дәрінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді, бұл контрафактілі өнімдер мен жеткізу тізбегіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.Вице-премьер Қарағанды фармацевтикалық кешенін аралап көрді. Бүгінгі күні мұнда 16 атаулы дәрілік зат өндіріледі. Кәсіпорын республикадағы пилоттық жобаға қатысқан. Дәрілердің таңбалануы мұнда екі жыл бойы тәжірибеден өтті. Заңды өндірушілер үшін бұл үлкен артықшылық, деп атап өтті «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон.Тамара Дүйсенова сондай-ақ ірі дәріхана қоймаларын аралап, емхана дәріханадағы жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрді.«Мемлекет басшысы білім беру мен медициналық көмек сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қарағанды облысында аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жемісті. Біз тағы қай бағыттарда жұмыс істеу керектігін талқыладық. Денсаулық сақтау саласында телемедицинаны дамыту — маңызды бағыттардың бірі. Бұл тек Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша дамитын болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880281
Қазан қаласында «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті 16.11.2024
Абай облысының мәдени күндері аясында Ғалиасқар Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрлан Төкейдің жетекшілігімен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерті өтті. Концертті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев, Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов тамашалады.Бұл мәдени шара Қазақстан мен Татарстан халықтары арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды нығайтуға, ортақ рухани мұраны сақтауға және дәріптеуге бағытталған.Концерттік бағдарлама аясында Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский және Нұрғиса Тілендиев сынды танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Оркестр «Абай» операсынан арияларды, сондай-ақ қазақ және татар халқының мәдениетін бейнелейтін халық билері мен композицияларды жұртшылық назарына ұсынды.Көрермендер оркестрден бөлек екі халықтың мәдени бірлігін айшықтайтын «Тұмар» халық би ансамблі бишілерінің өнерін тамашалады. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Мапруза Утуленова, сондай-ақ еліміздің Мәдениет саласының үздігі атанған солистер көпшілікті өнерімен тәнті етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880278
Көксу қант зауытында қант қызылшасын қабылдау қуаты артты 16.11.2024
Қант қызылшасының күтілетін рекордтық өніміне және өндірушілерге жақын орналасуына байланысты Жетісу облысының Көксу қант зауытының жанында автокөліктердің жиналуы байқалады.Осыған байланысты жаңа дақыл шикізатын үздіксіз және уақтылы қабылдауды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.Жағдайды реттеу мақсатында зауыттың өткізу қабілеті тәулігіне 3 мың тоннадан 4 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Жетісу облысы әкімдігі жанындағы жедел штаб қант қызылшасын қабылдаудың бұрын бекітілген кестесін жаңартты және қызылша тапсырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Жағдайды тұрақтандыру және зауытқа орнатылған технологиялық жүктемені сақтау үшін, сондай-ақ шикізат сапасының төмендеуін болдырмау үшін қызылша датчиктері белгіленген кестені қатаң сақтауы керек.Бүгінгі күні фермерлер мен зауыт арасында келісілген қант қызылшасын қабылдау кестесіне сәйкес Көксу қант зауыты жоспарлаған 250 мың тонна қант қызылшасынан 190 мың тонна қабылданды.Айта кетейік, қант зауыттары барлығы 647 мың тонна қызылшаны өңдеуге қабылданды: Меркі зауыты — 223 мың тонна, Көксу зауыты — 190 мың тонна, Ақсу зауыты — 234 мың тонна, оның 24 мың тоннасы Жамбыл облысынан түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/880277