Қоғам
Қазақстан мен Қытайдың әскери қызметшілері әскерлерді геоақпараттық қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасты 16.11.2024
Астанаға Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі Біріккен штабы жауынгерлік жағдайды қамтамасыз ету басқармасының бастығы генерал Ван Чао бастаған әскери топографтар келді. Кездесу аясында ҚР Қарулы күштері Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің мамандары, Қытай Халық азаттық армиясының әскери топографтары мен метеорологтары тәжірибе алмасып, одан әрі ынтымақтастық бағыттарын анықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/876954
Қорғаныс министрлігінің курсанты каратэ-до шотоканнан өткен Әлем кубогында жеңімпаз атанды 16.11.2024
Алматы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бесінші курс курсанты Сергей Ли Шымкентте каратэ-до шотокан «Мураками Кап»-тан өткен Әлем кубогында жеңіске жетті.Турнирге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Франция және Жапониядан 432 спортшы қатысты.Қазақстандық курсант Сергей Ли командалық ката және кумите секілді екі бағдарламада өнер көрсетті. 21 мен 39 жас аралығындағы командалық катада ол үшінші орынға ие болды.Оның әлемдік біріншіліктегі басты жетістігі 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумите бойынша жеке есепте жеңіске жетуі болды.– Мен үшін бұл жай ғана жеңіс емес, көп жылдық еңбек пен қажырлы жаттығулардың нәтижесі. Елімнің намысын халықаралық додада абыроймен қорғап, болашақ офицерлердің қалай дайындалып жатқанын көрсете алғанымды мақтан тұтамын. Жаттықтырушыларға, отбасыма және институтқа қолдау көрсеткені үшін рахмет. Онсыз бұл жетістік мүмкін болмас еді, – деп атап өтті спортшы.Әскери жоғары оқу орнының өкілдері қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болатынын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/876962
Үкіметте дәнді дақылдардың жаңа өнімін қабылдау және экспортқа жөнелту барысы қаралды 16.11.2024
Үкіметте егін жинау науқаны жөніндегі жедел штаб отырысында элеваторларда дәнді дақылдардың жаңа өнімін қабылдау және экспортқа жөнелту барысы қаралды.Дәнді және бұршақ дақылдарын жинау 99,8%-ға аяқталды. Орташа өнімділік 16 ц/га құрайды, 26,6 млн тонна астық бастырылды. Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, қазірдің өзінде 2,4 млн га жиналды, бұл астық жинау алаңының 83,1%-ына тең. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 2,7 млн тонна болды, орташа өнімділігі 11 ц/га.Биылғы қыркүйек–қазан айларында теміржол көлігімен 2,2 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл өткен жылғы аталған екі аймен салыстырғанда 42%-ға артық. Қазірдің өзінде 1,8 млн тонна экспортталды (2023 жылдың екі айына +48%).Ресей арқылы тасымалдау шектеусіз жүреді. Қазақстандық астықтың РФ экспорты екі ай ішінде 43 мың тоннаны, РФ арқылы транзитпен 104 мың тоннаны құрады. Ақтау порты арқылы Иран бағытында белсенді астық жөнелтілімдері – қыркүйек–қазан айларында 249 мың тонна болды. Орталық Азияның дәстүрлі нарықтарына жаңа өнімді тасымалдау былтырғымен салыстырғанда 36%-ға өсті: қазірдің өзінде 1,036 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы елдің астық нарығының операторы ретінде фермерлердің астық жөнелтілімдерін шоғырландыру арқылы фермерлерге өзінің «қолшатыр» брендімен астықты экспортқа тасымалдауға көмектеседі.Жедел штаб отырысында жекелеген фермерлердің астықты элеваторларға тапсыра алмайтындығы туралы шағымдары да қаралды. Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды, лицензияланған элеваторлар 42% жүктелген, бос орындар көлемі – 7,6 млн тонна. Осылайша, еліміздің негізгі астықты аймақтарында жаңа дақылды үздіксіз қабылдауға мүмкіндіктер бар. Премьер-министрдің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдеріне барлық туындаған мәселелер бойынша жедел хабарлау үшін нақты тұлғаларды көрсете отырып, бұл ақпаратты шаруаларға жеткізуді тапсырды.«Қазақстан әлемдік астық экспорттаушылардың ондығына кіреді. Егінді түгелдей дерлік жинап алдық, енді оны экспортқа шығарып, шаруаларға астықты кепілдікпен сатып алуға көмектесу керек», — деп қорытындылады отырысты Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876930
Елімізде алғаш рет «Егемендігім – елдігім!» атты республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті 16.11.2024
Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп «Егемендігім - елдігім» тақырыбында республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Оған еліміздің 20 өңірінен 12-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтыс ұлттық құндылықтарымызды ақындық өнер арқылы жас ұрпаққа насихаттау ғана емес, сондай-ақ оқушыларды адал, саналы, жасампаз азамат ретінде тәрбиелеудің рухани құралы деп атап өтті.«Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты екінші отырысында айтқан маңызды мақсаттарының біріне қол жеткізу үшін министрлік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, патриотизм мен еңбекқорлық қағидаттарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Кез келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуге байланысты. Айтыс – өнер сайысы ғана емес, жастарымыздың шығармашылық, рухани-мәдени әлеуетін дамытатын, эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіретін маңызды алаң», - деді Ғани Бейсембаев. Айта кету керек, айтыс «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бекітілген «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының алғашқы тоқсанын қорытындылайды.Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:Бас жүлде және «Қола домбыра» иегері – Ислам Әли Біржанұлы (Шымкент қаласы); I орынды Бейбіт Байжігіт (Маңғыстау облысы) иеленді; II орынды Арай Нұрадин (Ақтөбе облысы), Айғаным Мақсұтханова (Астана қаласы) бөлісті; III орын – Рауан Нұршабеков (Алматы облысы), Нұрислам Рогатов (Қостанай облысы), Ерасыл Сейітжанұлы (Алматы қаласы).Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табыс етіліп, жас ақындардың тәлімгер-ұстаздарына ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хаты берілді. Сондай-ақ жас ақындар арнайы жүлделермен де марапатталды. «Қола домбыра» оқушылар айтысының жыл сайынғы жеңімпазына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім гранты беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876939
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
ТАҒАЙЫНДАУЖетісу облысы әкімінің өкімімен Нұрбол Төлендіұлы Ботабеков Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.Нұрбол Төлендіұлы Ботабеков1989 жылы туған. Жоғары білімді. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиясы, Д. Қонаев атындағы көлік құқық гуманитарлық университетін құқықтану, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші маманы болып бастап, кейін бас маманы болды.Әр жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.2022 жылдың қаңтарынан – Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876855
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДЫ ЛАСТАҒАН АЗАМАТТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЮДЕ 16.11.2024
Жезқазғанда қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 916 бейнекамера қосылған. Бұл техникалық құралдар заңбұзушылықтарды анықтау және олармен күресуге үлкен мүмкіндік береді. Полиция басқармасы жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтарды анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде, қоғамдық орынды ластаған 495 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жол ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты да шаралар қабылдауда. Бүгінгі күнге дейін 900-ден астам көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/876860
АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Күн тәртібінде Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары және Ұлытау облысында «Ауыл ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы туралы сұрақтар қаралды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұржан Орынбаев ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға жасалған жағдайлар, қарастырылған мүмкіндіктер мен арнаулы қызмет көрсету орталықтарына жабдықтардың жеткізілуі жайында баяндады. Бұл ретте өңір басшысы мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік маңызы бар нысандарды бейімдеуді мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларымен бірлесіп шешуді тапсырды. Облыс әкімі қажетінше демеушілерді де тартудың маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ жиында экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимов «Ауыл-Ел бесігі» жобасының облыс көлемінде атқарылу барысы туралы ақпарат берді. Ұлытау облысының әкімі өз кезегінде аудан әкімдеріне жобаның маңызының жоғары екенін және іске асырылуын тікелей бақылауда ұстау қажет екенін жеткізді. Өңір басшысы жобалардың сапалы әрі халық игілігіне қызмет етуі тиіс екендігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/876875
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы мамандармен кеңес өткізді.Білім беру сапасын жақсарту мақсатында аймақтарда тірек мектептер желісін құруға көңіл бөлінуде. Бұл ретте Маңғыстау өңірінде «Отпан» жобасы қолға алынған. Оны жүзеге асыруда Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірге өңірдегі ірі компаниялар да атсалысып жатыр. Назарбаев зияткерлік мектептері мен «Білім-Инновация» лицей-интернаттары өздерінің озық тәжірибесі мен әдістерімен бөліседі. Ол үшін 50 мектеп таңдалды.NCOC, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры мектептерді қосымша жабдықтау арқылы жобаға қолдау білдірді. Демеу көрсеткендер қатарында «Ordabasy Group» компаниясы бар. Олар 45 оқу кабинетін жабдықтауға қатысты.«"Отпан" сынды жобаларды қолдау арқылы, біз ертеңгі күннің міндеттерін шешуге қабілетті білікті мамандар тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Білім беру мекемелерін жаңғырту және педагогтер біліктілігін арттыру біздің балаларымызға ең жақсы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Біз осы бастаманың бір бөлігі болып, Қазақстанның зияткерлік капиталын дамытуға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз», — деді «Ordabasy Group» компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі Жармұхамед Аппаз.Тамара Дүйсенова жобаға енген Ақтау қаласындағы №15 және №29 мектептердің тыныс-тіршілігімен де танысты. Облыс орталығындағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы біршама күшейтілген. Ал ұстаздары үшін түрлі тақырыптық курстар мен семинарлар ұйымдастырылып отыр.«Мемлекет басшысы білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Биылғы халыққа Жолдауында аталған бағытта нақты тапсырмалар жүктеді. Елімізде Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері секілді оқытудың озық әдістемесін пайдаланып жүрген білім мекемелері бар. Олардың тәжірибесі кеңінен таратылуы қажет. Тірек мектептер желісінің бұл ретте маңызы зор», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.Сапар аясында өңір мектептері басшыларының қатысуымен арнайы кеңес ұйымдастырылды. Жиын барысында облыстағы орта білім саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.Сондай-ақ өңірдегі мектепке дейінгі білім беру саласының келешегі қарастырылды. Атап айтқанда, мектептердегі бастауыш сынып пен балабақшалардағы бағдарламаларды біріздендіру жұмысы жалғасуда. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін Маңғыстау өңірінде 169 балабақша жанында кеңес беру орталықтары қызмет атқаруда. Мектепке дейінгі білім беру нысандары кезегін цифрландыру ісі де назарда қала бермекТамара Дүйсенова облыс орталығындағы «Балбұлақ» балабақшасы жұмысымен танысты. 300-ден аса бүлдіршін білім алатын мекемеде монтессори, логопед, психолог кабинеттері қарастырылған. Жиын барысында Тараз қаласында пилоттық түрде енгізілген ваучерлік қаржыландыру әдісінің нәтижелері таныстырылды. Аталған жүйе талапқа сай келетін барлық балабақшаларға бюджеттік қаржыландыруға жол ашты. Ата-аналар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігін беріп, қаржыландырудың ашықтығы арқасында қазына қаражаты үнемделген.«Жүйе өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Ваучерлік қаржыландыру әдісі Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілуде. Ата-аналар мен балалардың мүдделеріне сай келетін жүйе барлық өңірлерде енгізілуі тиіс», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.Мемлекет басшысы келер жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда елдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау міндеті тұр. Қазірде колледждерді бейіндеу жұмысы жүргізілуде. Мәселен, Маңғыстау туризм колледжінде қызмет көрсету саласына қажетті мамандар даярланады. Өңірдегі және шетелдегі ірі мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Дуалды оқыту ісі жолға қойылып, түлектердің жұмыспен қамтылуына жағдай жасалды.Колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты сауалдар ортаға салынып, арнайы кеңес ұйымдастырылды. Онда өңірдегі колледж директорлары қатысты.Аймақта техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 26 мекеме жұмыс істейді. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 72 пайызға жуықтайды. Облыстағы тірек колледждері айқандалып, өзара тәжірибе алмасу ісі қолға алынған.«Колледждердің жұмыс сапасына қатысты бағалау жүргізіліп, оларды лигаларға жіктеу жоспарланып отыр. Оқу процесіне халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Бұл даярланатын мамандардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін керек. Халықаралық салалық стандарттарды енгізген, түлектердің басым бөлігі жоғары мөлшерде еңбекақы алатын колледждерге ынталандырушы төлемдер қарастырылатын болады», — деді Тамара Дүйсенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/876867
Абай облысының оқушысы күн энергиясын тиімді пайдаланатын инновациялық жобасын ұсынды 16.11.2024
Бородулиха ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндіктерін зерттейтін құрылғы жасады. Бұл жоба арқылы оқушы көмір, отын және электр энергиясына деген тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді төмендетуді көздеп отыр.Жоба барысында Жеңіс күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерді таңдап, қондырғыны құрастырудан бастады. Ол күн коллекторы арқылы ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық ғимараттарды жылытуға және су қажеттіліктерін қамтамасыз етуге болатынын анықтады. 30-90°C аралығындағы суға қажеттілік, әсіресе, ауыл шаруашылығы үшін маңызды екенін ескерген оқушы, бұл жүйенің өңірдегі маңыздылығына назар аударды.Коллектордың құрастырылуында Жеңіс ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолданып, жүйенің қос қабатты шыны арқылы герметикалық тығыздығын жасады. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолданып, тиімділігін сынақтан өткізді. 0,33 шаршы метр көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энергия жинай алатынын көрсетті.Оқушының есептеуінше, 23 шаршы метр аумақты қамтитын күн коллекторы орташа үйді жылытуға және ыстық сумен толық қамтамасыз етуге жетеді. Мұндай құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру тиімді әрі кеңістікті үнемдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876866
Ғылым мен өндірістің өзара байланысы 16.11.2024
Ғылым мен өндірістің өзара байланысы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Рамазан, Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов және қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарынан құралған делегация KAZ Minerals тобының өндірістік нысандарында болып, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС бас директоры Джейми Караттимен кездесті. Тараптар ғылыми зерттеулерді интеграциялау мүмкіндіктерін, өндірістің өзекті қажеттіліктерін және оларды озық ғылыми жетістіктердің көмегімен шешу жолдарын талқылады. Сапар барысында руда өндіретін карьер, бастапқы ұсақтау алаңы, сульфидтік руданы өңдеу фабрикасы және қалдық қоймасы қаралды. Кездесу ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін басым бағыттарды қалыптастырудың жаңа механизмдерін әзірлеу, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу және ғылым мен бизнестің ынтымақтастығын жақсарту. Кездесудің жалғасы ретінде осы жылдың 5-6 қарашасында Астана қаласында ғылыми-технологиялық Хакатон өтеді. Оған еліміздің жетекші ғалымдары қатысып, компанияның нақты өндірістік мәселелерін шешумен айналысады. Хакатон ғылым мен өндірістің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған идеялар мен шешімдер платформасы болмақ, сондай-ақ Қазақстанның ғылымы мен өнеркәсібінің дамуына жаңа бағыт береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/876889
Брифинг: Қоғамда “заң мен тәртіпті” қамтамасыз ету туралы 16.11.2024
Спикер: Бауыржан Максимов – ІІМ ақпараттық саясат департаментінің басқарма бастығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/876879
ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды 16.11.2024
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды.Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған.Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.– Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/876890
Қанат Шарлапаев Қазақстан-Француз іскерлік Кеңесінің 13-ші отырысына қатысты 16.11.2024
2024 жылғы 4 қарашада Францияның Париж қаласында Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің 13-ші отырысы өтті. Іс-шара екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылысты растай отырып, екі елдің іскерлік және өнеркәсіптік топтарының өкілдерін жинады.Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сөз сөйлеп, онда Қазақстан-француз өнеркәсіптік әріптестігінің қарқынды дамуын, сондай-ақ Францияның еліміздің негізгі экономикалық және сауда әріптестерінің бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Франция 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасындағы ең ірі 5 инвестордың қатарына кіретінін, жалпы инвестиция көлемі 19 миллиард долларды құрайтынын атап өтті.Қанат Шарлапаев Қазақстанда белсенді жұмыс істейтін Airbus, Air Liquide, Alstom, Schneider Electric, Total Energies, Orano, PCM, Lactalis, Danone, Saint-Gobain және Vicat сияқты ірі француз компанияларының қызметін атап өтті. Ол осы серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар туралы, мысалы, электровоз зауыттарын (Alstom), цементті (Vicat) салу, сондай-ақ Air Liquide-дің 80 миллион долларлық сутегі өндірісін кеңейту жоспарлары туралы айтты. Өңдеу өнеркәсібіндегі ағымдағы жобалардың жиынтық көлемі 574,6 миллион долларға жетеді.Министр сондай-ақ Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселелерін қозғап, өңдеуші өнеркәсіп соңғы жылдары мұнай-газ секторымен салыстырғанда өсімнің жоғары қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Биылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанның өнеркәсіп секторы шамамен 5% - ға өсті, ал құрылыс саласы 10%-ға өсті. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл құрылыс материалдары мен жабдықтарына айтарлықтай сұраныс тудырады.Өз сөзінде министр Қазақстанның жаһандық құн тізбегі үшін қажетті аса маңызды пайдалы қазбаларды сенімді жеткізушіге айналу жолындағы жетістіктеріне ерекше назар аударды. Қазақстан аэроғарыш өнеркәсібінде жоғары сұранысқа ие бериллий, скандий, тантал және титанды қоса алғанда, Еуроодақ үшін аса маңызды тізімге енгізілген 34 пайдалы қазбаның 19 өндіреді.Қанат Шарлапаев Қазақстанның Француз бизнесімен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, еліміздегі шетелдік компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға жан-жақты қолдау көрсетуге және жәрдемдесуге дайын екендігін атап өтіп. Фото – Қазақстанның Франциядағы елшілігіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/876818
Қазақстан мен Франция сумен қамтамасыз ету секторындағы ынтымақтастықты нығату жөніндегі Меморандумға қол қойды 16.11.2024
Бүгін Парижде Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің 13-отырысы аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен сумен жабдықтау және канализацияны тұрақты басқаруда әлемдік көшбасшы - SUEZ International компаниясы Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Меморандум Қазақстанның негізгі қалаларының инфрақұрылымын жақсарту үшін сумен жабдықтауды басқаруда алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәжірибені енгізуге бағытталған стратегиялық серіктестік орнатады. Ынтымақтастық пилоттық жобадан басталады, оның орналасқан жерін Министрлік пен SUEZ бірлесіп анықтайды. Осы жобаның бір бөлігі ретінде SUEZ инфрақұрылымды жобалау, салу және пайдаланудағы өзінің көп жылдық тәжірибесін Қазақстанның бірегей қажеттіліктеріне бейімделген тұрақты шешімдерді енгізу үшін қолданады.Серіктестік қаржыландырудың әртүрлі үлгілерін зерттейді және жергілікті мамандар үшін дағдыларды дамыту және білім беру бағдарламаларына назар аударады. SUEZ-дің осы келісімге қатысуы екі тараптың да жергілікті қауымдастықтарға пайда әкелетін және Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты даму мақсаттарын қолдайтын сумен жабдықтау және канализация саласындағы инновацияларды дамытуға бейілділігін көрсетеді.Меморандумға Парижде SUEZ халықаралық даму жөніндегі аға вице-президенті Тимоти Каржилл мен министр Қанат Шарлапаев қол қойды, онда Қазақстан халқын қауіпсіз және тұрақты сумен және су бұру жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықтың халықаралық сипатын атап өтеді.SUEZ International туралы160 жылдан астам жаһандық тәжірибесі бар SUEZ бүкіл әлем бойынша қалалар мен өнеркәсіптерге тұрақты су және сарқынды су шешімдерін ұсынады. Инновациялар мен технологиялар арқылы SUEZ қоршаған ортаға, климатқа және қоғамдық денсаулыққа қатысты жаһандық мәселелерді шешуге ұмтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/876847
Астық, майлы және бұршақ тұқымдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 04.11.2024 16.11.2024
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдарАзық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы экспорттық келісімшарттар жасау аясында таңбалы еті бар 3 сыныпты бидайдың бағасы 28 өсті. Алайда «төрттіктің» құны да, ӨКК деректері бойынша, тиеп жөнелтіледі - өзгерген жоқ.Шаруалардың айтуынша, элеваторлар дәнді дақылдармен толтырылған, өз кезегінде, барлығының күтуге мүмкіндігі жоқ, сондықтан өзіндік құнына қарамастан трейдерлер ұсынатын бағамен сатады. Балауызы бар «Үштік» құны төмендеген.Трейдерлердің айтуынша, Өзбекстаннан келген сатып алушылар «4-сыныпты 5-сынып бағасымен, ал сапасы бойынша 3-сынып секілді сатып алғысы келеді».элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы орташа баға (элеватор)ӨзгерістерҰсынымЫқтимал ең жоғарыЫқтимал ең төменгіжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +110+5САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін77-3САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін66-3САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін61-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін52-САТУ6535арпа 2 сыныпты50-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІОІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)104-ТОҚТАТУ15090қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылауМайлы/Бұршақ ДақылдарыНарыққа қатысушылар болжағандай, майлы дақылдар тобында рапс, зығыр, күнбағыс және мақсардың бағасы өсті.Соя, бұршақ, қыша мен жасымық бағасы арзандады.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерісҰсынымЫқтимал ең жоғарыЫқтимал ең төменгіЗығыр194+7САТУ200170Рапс200+5САТУ250180Күнбағыс174+2ТОҚТАТУ190160Мақсары89+4ТОҚТАТУ11085Соя195-12САТУ285200Қыша қара/ақ215-35ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-3ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық (қызыл)**178-4САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **328-20ТОҚТАТУ450350* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп бердіТүсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ескерту:Бұл ұсыныстарды авторлардың субъективті пікірі ретінде бағалауды өтінеміз. Кітапша тек ақпараттық сипатқа ие. Кітапшаны алушылар бизнес пен оның активтерінің нағыз иелері болып табылады және оларды сату туралы шешімді дербес қабылдайды.Сондай-ақ осы кітапшаны үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. Біздің ортақ ісіміздің табысы осыған байланысты!QazagrobilimАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876743
Қазақстан ІҚМ терісін ҚХР на экспорттайтын болады 16.11.2024
Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Шанхайға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан ҚХР-ға экспортталатын ірі қара малдың терісіне инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.Бұл хаттама үш жылдық екіжақты келіссөздердің нәтижесі, елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Құжат елдің экспорттық әлеуетін, отандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.Ірі қара терісі Қытайға экспорты осындай келісімдермен реттелетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11-ші түріне айналады. Бұған дейін мұздатылған сиыр еті, қой еті, шошқа еті, бал, балық, сүт өнімдері, жүн шикізаты, асыл тұқымды және сойылатын жылқылар, сондай-ақ сойылған ірі қара малды экспорттауға хаттамаларға қол қойылған болатын.Жалпы, ҚР АШМ отандық агробизнес үшін экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл ретте қазақстандық өнімге жоғары сұраныс байқалатын Қытай нарығына ерекше назар аударылады.Ағымдағы жылдың шілде айында союға тірі ірі қара малды экспорттауға қатысты осындай хаттамаға қол қойылды.Құс шаруашылығы өнімдерінің, қосалқы өнімдердің, құрғақ бие сүтінің және басқа да тауарлардың экспортын кеңейту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876769
Қазақстандықтар жалпыұлттық жоба аясында 4 мыңнан астам игі іс жасады 16.11.2024
Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Дәстүрлі жалпыұлттық жоба қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған.«Игі істер марафоны» жобасы аясында 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» бағытындағы «Мейірімділік апталығы» өтіп жатыр.Мысалы, 5 қарашада Павлодар облысында өнер мен шығармашылықты пайдалана отырып, психотерапия мен психологиялық түзетуге бағытталған «ART-терапия» акциясы, 6-7 қарашада Алматы облысында мүгедектігі бар адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді.Бүгінгі таңда еліміз бойынша 38 мыңға жуық азамат марафон аясында 4 мыңнан астам игі істер жасады.Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876834
Маңғыстау облысында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру мәселелері талқыланды 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастыруда.Кезекті диалог алаңы бүгін Ақтау қаласында өтті. Іс-шараға өңірдің жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес сектор өкілдері, сарапшылар, волонтерлер және ҚХА мүшелері қатысты.Кездесуде қатысушылар еліміздегі азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі пайымдарын бөлісіп, сондай-ақ қоғамдық шарттың жаңа форматын талқылады.Алаңда ҮЕҰ-лардың жобалық қызметін қаржыландыруды жетілдіру, қоғамдық кеңестер мен волонтерлердің рөлін арттыру арқылы азаматтық қоғамды нығайтуға және орнықты жүйені қалыптастыруға ықпал ететін жаңа тетіктер ұсынылды.Естеріңізге сала кетейік, Тұжырымдама 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған. 2025 жылы оны бірінші іске асыру кезеңі аяқталады. Екінші кезеңі 2026-2030 жылдарды қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876896
Өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі жарияланды 16.11.2024
Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау жүргізу үшін тәуекелі жоғары объектілердің тізімін қалыптастырды.Өрт қауіпсіздігі саласындағы 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізудің цифрлық тізімі «электрондық үкімет» порталында орналастырылған.Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі саласындағы 2025 жылға арналған бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу кестесі жарияланды.Бұл тексерулердің мақсаты объектілердің азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың маңызды бөлігі ретінде өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.Толық тізіммен және кестемен сілтеме бойынша танысуға болады: rchl.govtec.kz.Естеріңізге сала кетейік, өрт қауіпсіздігі саласындағы критерийлерге сәйкес бақылау және қадағалау объектілері үш тәуекел дәрежесіне бөлінеді – жоғары, орташа және төмен.Тәуекел дәрежесі жоғары және орташа объектілердің профилактикалық бақылауы кестелер мен жартыжылдық тізімдер негізінде жүргізіледі.Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тәуекел дәрежесі төмен объектілер тексерілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/876840
Абайлық оқушы күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады 16.11.2024
9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев инновациялық жоба ұсынды. Оның өнертабысы күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді.Оқушының айтуынша, оның жобасы көмірге, отынға және электр энергиясына тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді төмендетуге арналған. Ол үшін Жеңіс әуелі күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерден қондырғыны құрастырудан бастады.«Коллекторды құрастыру кезінде ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолдандым. Осылайша, жүйенің қос қабатты шыны арқылы герметикалық тығыздығын қалыптастырдым. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолдана отырып, тиімділігін сынақтан өткіздім. 0,33 м² көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энергия жинай алатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы туған өлкемнің экологиясын жақсартуға үлес қосамын деп сенемін», – дейді жас өнертапқыш.Оның айтуынша, күн коллекторы арқылы ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық ғимараттарды жылытуға және су қажеттіліктерін қамтамасыз етуге болады. Ауыл шаруашылығы үшін 30-90°C аралығындағы су қажет екенін ескерген оқушы бұл жүйенің өңір тұрмысын жақсартуға септігін тигізетініне сенімді.Аталған құрылғы сынақтан өтті. Оқушының есептеуінше, 23 м² аумақты қамтитын күн коллекторы арқылы орташа үйдің ішін жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге болады. Мұндай құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру тиімді әрі кеңістікті үнемдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876858