Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстанға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келді 16.11.2024
Қазақстан Республикасына ресми сапармен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер келді. Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Алмас Әлсенов және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қарсы алды.Мариус Визер елімізге сапары барысында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын, көпсалалы «Барыс Арена» спорт кешенін аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ еліміздің даңқты спортшыларымен, жаттықтырушыларымен кездесіп, дзюдо спортының дамуы мен болашағы туралы пікір алмасады.М.Визердің Қазақстанға келуі отандық дзюдо үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық дзюдошылар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873978
Халықаралық дзюдо федерациясының президенті елордадағы спорт нысандарын аралады 16.11.2024
Қазақстанға ресми сапармен келген Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.Мариус мырза ең алдымен 2019 жылы пайдалануға берілген Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына барды. Жекпе-жек сарайы – күрес түрлері (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, аралас жекпе-жек) бойынша халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені. Жекпе-жек сарайынан кейін IJF басшысы құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталатын Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты.Бұдан бөлек мәртебелі мейман балғын палуан балалармен, белгілі қазақстандық спортшылармен кездесті. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек, әлем және Азия біріншілігінің жүлдегері Әбиба Әбужақынова, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков бар. Кездесу барысында Қазақстанда дзюдо спортын дамыту және халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі сөз болды.«Астанаға келгеніме және сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Бүгін бірнеше спорт кешенін аралап, тамаша спорт инфрақұрылымдарымен таныстым. Бұл нысандардың кез келгені халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысын көрдім. Бірегей білім ордасы Қазақстанның спорт саласындағы кәсіби мамандарын даярлауда маңызды рөл атқарары даусыз», – деп атап өтті Визер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/874246
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визерді қабылдады 16.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Мариус Визерге дзюдоны дамытуға және насихаттауға үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді. Президенттің айтуынша, Қазақстанда спорттың осы түріне қызығушылық зор. Әсіресе, балалар мен жастар арасында танымалдылыққа ие.– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасындағы өзара ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Бүгінде дзюдоның әлемдік спорт қоғамдастығында алатын орны зор. Дзюдо Қазақстанда да өте танымал спорт түрі. Елімізде көптеген секция мен жаттығу орталықтары жұмыс істейді. Онда 160 мыңнан аса адам, солардың ішінде балалар да жаттығады. Жақында өткен Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің жеңімпаз атанғанын мақтан тұтамыз. Сондықтан біз Халықаралық дзюдо федерациясымен қарым-қатынасты өркендетіп, ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.Мариус Визер Қазақстанда дзюдоны дамытуға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.– Қазақстанға келу – мен үшін үлкен мәртебе. Сізге және еліңізге дзюдоға ғана емес, әлеуметтік интеграцияның және бейбітшіліктің бірден-бір тетігі саналатын спорттық қозғалысқа қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Дзюдо қауымдастығының барлық мүшесі ортақ мақсатқа жұмылады. Бұл – қоғамда лайықты орны бар азамат тәрбиелеу, – деді Мариус Визер.Ол Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйытқы болуымен IJF академиясын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл аймақтағы жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлайтын орталықтардың бірі болмақ.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясымен ұзақмерзімді ынтымақтастығының перспективасы жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, 2027 жылы елімізде өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына дайындық мәселелерін пысықтады.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда дзюдоны ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Мариус Визерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/874260
Марат Қарабаев француздық CMA CGM көлік-логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев әлемдегі ең ірі теңіз көлігі операторларының бірі француздық CMA CGM көлік-логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында Қазақстанның Каспий теңізіндегі теңіз инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалары және халықаралық көлік дәліздері бойынша жүк ағынын арттыру үшін контейнерлік кемелер мен паромдарды сатып алу мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, француздық компания жергілікті кеме жасау және жөндеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру ниетін білдірді.Тараптар осы жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында талқылауды жалғастыруға келісті, бұл Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын және оның өңірдегі негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік бередіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871605
«SCAT» әуекомпаниясы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстерді іске қосады 16.11.2024
Биылғы жылдың қазантайынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосады. 24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, Алматыдан алғашқы ұшу 29 қазанда жоспарланған. Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871875
«Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады 16.11.2024
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871880
"Астана-Семей" бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды 16.11.2024
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды."Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872077
Еліміздің барлық өңірлеріндегі жолшылар республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге экопакеттер таратты. 16.11.2024
Шараның негізгі мақсаты - жүргізушілер мен жолаушыларды тазалықты сақтауға және жолға қоқыс тастамауға шақыру. Таратылған экопакеттер қоқысты жинауға арналған. Оларды жол бойындағы арнайы жабдықталған жерлерге тастауға болады.Жолшылардың "Таза Қазақстан" акциясына қатысуы автомобиль жолдары бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872341
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында ««Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15255683 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872902
Көлік министрлігінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту семинары өтті 16.11.2024
Көлік министрлігінде семинар өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.Семинарда келесі мәселелер талқыланды:Заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының нормалары мен талаптарын сақтау;Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының нормалары мен талаптарын сақтау;Проблемалық мәселелер.Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне байланысты проблемалар талқыланды.Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/873003
Тікелей әуе рейстері, жол құрылысы және қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы көлік министрлері кездесті 16.11.2024
Сеулде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрі Санг Ву Пак арасында кездесу өтті.Тараптар көлік инфрақұрылымы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ көлік бағыттарын дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейстерін көбейту мәселесі көтерілді. Қазір екі ел арасында аптасына 14 жолаушы және 6 жүк рейсі бар. Рейстер Астана мен Алматыдан орындалады. Енді Шымкенттен Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда.Сонымен қатар, Корея тарапы елімізде автожол құрылысы жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Естеріңізге сала кетсек, қазір Оңтүстік Кореяның Dongsung Engineering және ISAN Corporation компаниялары "Алматы-Астана" тас жолының құрылыс сапасын қадағалауда.Көлік министрі Марат Қарабаев Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік министрі бастаған делегациясын кез келген қолайлы уақытта Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды. Бұл сапар аясында Urban air mobility (UAM), яғни қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасын енгізу бойынша тәжірибе алмасу көзделіп отыр.Қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы дегеніміз қауіпсіз әрі тиімді әуе көлігі жүйесін және басқа да авиациялық технологияларды қолдана отыра адамдардың, тауарлар мен өнімдердің ірі қалалар мен облыстар арасында, тіпті қаланың ішінде де қозғалысын трансформациялау.Тұжырымдама алдымен жаңа Alatau City қаласында сынақтан өтеді деп күтілуде. Жоба Аlatau City-ді инновациялық хаб ретінде дамытуды қолдай отырып, қазақстандық және кореялық инвесторларды тартуға мүмкіндік бермек. Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында Hyundai Motor Group сияқты оңтүстік кореялық жетекші компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспарлануда.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея көлік ведомстволарының басшылары көлік-логистика және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдірді. Бұл елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/873992
2024 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстандағы Эстонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді 16.11.2024
Кездесу барысында тараптар порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін және қазақстандық тауарларды Эстония порттары арқылы транзитпен экспорттау мүмкіндігін талқылады.Көлік маршруттарын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874219
АСТАНАДА ҚАЗТЕСТ ЭЛЕКТРОНДЫ СЕРТИФИКАТТЫҚ ТЕСТІЛЕУІ БАСТАЛДЫ 16.11.2024
АСТАНАДА ҚАЗТЕСТ ЭЛЕКТРОНДЫ СЕРТИФИКАТТЫҚ ТЕСТІЛЕУІ БАСТАЛДЫ 2024 жылғы 23 қазанда Астана қаласында ҚАЗТЕСТ электронды сертификаттық тестілеуі басталды. Қазақстанда алғаш рет ҚАЗТЕСТ толықтай электронды форматта өткізіліп отыр. ҚАЗТЕСТ – электронды тестілеуі азаматтар үшін ыңғайлы және заманауи құрал. Ол ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді және жаңа форматтың негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады. App.testcenter.kz сайты арқылы өтініш берген азаматтар үшін тестілеу туралы барлық ақпарат (күні, уақыты және мекенжайы) жеке кабинетте қолжетімді. Астана тұрғындары үшін тестілеу нәтижелері жеке кабинетте 3 күн ішінде, ал басқа өңірлерде 15 күн ішінде қолжетімді болады. 2025 жылдан бастап электронды форматтағы тестілеу Қазақстанның басқа қалалары мен облыс орталықтарына кезең-кезеңмен енгізіледі. 2024 жылдың соңына дейін өңірлерде сертификаттық тестілеуі қағаз форматта жалғасады. Өңірлерде тестілеуге өтініш беру www.kazakhtest.kz сайты арқылы қолжетімді. Естеріңізге сала кетсек, ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді. ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/871032
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды 16.11.2024
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды Жалпы 439 өтініш келіп түсті. Бір жоба үшін гранттың максималды сомасы 350 млн. теңгені құрайды. Грант алатын барлық жобалар 2025-2027 жылдар ішінде іске асырылуы тиіс. Бүгінгі күні Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы тіркелген өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеруде. Тексерудің қорытындысы бойынша өтініш берушілерге ескертулерді жою үшін үш күн беріледі. Ескертулер жойылғаннан кейін пысықталған өтінімдер тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кезеңіне жіберілетін болады. ҰМҒТСО сараптамалар аяқталғаннан кейін жиынтық қорытындылар қалыптастыратын болады. Жобалардың сараланған тізімі мен құжаттар пакеті қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын Ұлттық ғылыми кеңеске жіберілетін болады. Экология, суды үнемдеу технологиясы және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасы, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, геологиялық барлау, тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, сандық және ғарыштық технологиялар, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, экологиялық, агро- және этнографиялық туризм, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік т.б. басқа да салалары бойынша жобалар іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/871382
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН BINANCE KAZAKHSTAN «КРИПТОМЕКТЕП» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА КУРСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 16.11.2024
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН BINANCE KAZAKHSTAN «КРИПТОМЕКТЕП» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА КУРСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Binance Academy қолдауымен Binance Kazakhstan «Криптомектеп» білім беру жобасы шеңберінде Қазақстанның озық пайдаланушылары үшін тереңдетілген курстың іске қосылғаны туралы хабарлайды. «Криптомектеп» жобасы 2024 жылдың басында іске қосылды және қолжетімді онлайн Модульдер жиынтығы бар негізгі білім беру курсынан тұрды, оның мақсаты жаңадан бастаушыларға блокчейн мен криптовалюта туралы білім беру. Жобаға оқудан өткен 1000-нан астам адам қатысты. Курс аяқталғаннан кейін оларға Binance Academy базалық курсынан өткені туралы NFT-сертификаттар берілді. Білім беру алаңына арналған оқу материалдарын Binance Academy ұсынады. «Криптомектеп» аясындағы жаңа курстың басты мақсаты – блокчейн технологиясы, орталықтандырылмаған қолданбалар (DApps), орталықтандырылмаған қаржы (DeFi), NFT, криптотрейдинг және т.б. мәселелерінде тереңірек білім беру. Курс 70 модульден тұрады және 2024 жылғы 22 қазанынан 22 қарашасына дейін жалғасады. Кез келген Binance қолданушысы оқуды бастай алады, білім беру бастамасы тегін. Курс соңында қатысушылар сертификат алады. Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық шеңберінде еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері үшін Binance Academy сарапшылары оқыту вебинарларын өткізетін болады. «Криптовалютаның маңыздылығын, әсіресе блокчейн технологиясы экономикалық өсудің шешуші факторы бола алатын Қазақстанда асыра бағалау мүмкін емес. Осындай бастамаларды қолдай отырып, біз халықты цифрлық активтер экожүйесінің жұмыс істеуін түсінуге шақырып, болашақтың инновациялық экономикасы үшін іргетас қалыптастырамыз», - деп түсіндірді ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов. «Білім беру бастамалары цифрлық активтерді ауқымды енгізуге бағытталған біздің стратегиямыздың негізі болып қала береді. Қазақстан криптовалюталарды қабылдау қарқыны бойынша сенімді көшбасшы орынға ие және біз пайдаланушыларды блокчейн технологиясы мен криптовалюталар туралы терең және өзекті біліммен қамтамасыз етуге тырысамыз», - деп ТМД өңіріндегі комплаенс басшысы Әсел Мырзабекова атап өтті. «Криптомектеп» сияқты жобалар аймақтағы криптосауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді, бұл пайдаланушыларға қауіпсіздік пен реттеудің күрделі аспектілерін түсіне отырып, цифрлық активтерді күнделікті өмірге сенімді түрде біріктіруге көмектеседі».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/871419
Министр Саясат Нұрбек Coventry University Kazakhstan студенттерімен кездесті 16.11.2024
Министр Саясат Нұрбек Coventry University Kazakhstan студенттерімен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы Coventry University кампусының студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында жүргізіп жатқан реформалары туралы айтып берді. Оның ішінде Орталық Азияда білім беру хабын құру жоспарлары туралы. «Астанада Сoventry University Kazakhstan ашылуы – тарихи оқиға. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске қосылған заманауи жаңа кампус Астана білім хабының қалыптасуына берік негіз қалайтыны анық. Жаңадан ашылған Coventry University Kazakhstan оқу орны жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытуға, үздік шетелдік оқытушылар, тәжірибелі мамандар мен дарынды студенттерді тартуға, елордада жаңа жұмыс орындарын ашуға тың серпін беретініне сенімдімін. Астанадағы Coventry университеті қазақстандық және шетелдік студенттерге жергілікті және халықаралық еңбек нарығының бәсекеге қабілетті маманы болу үшін британдық дипломмен расталған озық білім мен дағдыларды алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады», - деп атап өтті министр. Ведомство басшысының кездесуі «сұрақ-жауап» форматындағы дәріспен жалғасып, кездесуге қатысушылар министрмен диалогқа белсенді қатысты. Министр жастармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты жақсарту үшін студенттермен мұндай кездесулер мен диалогтардың қажет екенін, бейресми ортадағы қарым-қатынас жақсы өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектесетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872625
"Ғылым адамы" айдарымыздың алғашқы кейіпкері – биотехнология саласындағы талантты ғалым және оқытушы Асылай Құрманбаева! 16.11.2024
"Ғылым адамы" айдарымыздың алғашқы кейіпкері – биотехнология саласындағы талантты ғалым және оқытушы Асылай Құрманбаева! Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін үздік бітіріп, Израильде оқуын жалғастырды, онда генетика саласында маңызды жаңалық ашты. 2018 жылдан бастап ғылыми қызметін белсенді түрде жүргізіп, халықаралық жобаларға қатысты, 30-дан астам ғылыми мақаласын жариялап, жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде Асылай ғылыми салада, сондай-ақ болашақ мамандарды оқытуға өз үлесін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872711
«Ғылым адамы» айдарымыздың екінші кейіпкері – Дмитрий Анатольевич Афанасьев. 16.11.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың екінші кейіпкері – Дмитрий Анатольевич Афанасьев. Дмитрий Анатольевич – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің радиофизика және электроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ғылыми жолын 2005 жылы радиофизика және электроника кафедра оқытушысы болып бастаған. 2000-2005 жж. ҚарМУ-дың физика факультетінде оқып, инженер-физик біліктілігін алды. Кейін магистратура мен аспирантурада оқуын жалғастырды. 2021 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Дмитрий Анатольевич ғылыми және оқытушылық қызметті белсенді түрде жүргізеді, оның «Цифровые устройства», «Теория электрической связи», «Основы радиоэлектроники» және т.б. курстары бар. Дмитрий Афанасьев 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 30 мақала Scopus-та және 30 мақала Clarivate Analytics-те индекстелген. Оның зерттеулері наноэлектроника саласына қатысты, онда әртүрлі наноматериалдардың қасиеттері мен олардың заманауи технологияларда қолданылуы зерттеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872755
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов. 16.11.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов. Қалқаман Тұрсынұлы – тарих ғылымдарының докторы, танымал тарихшы-ғалым, ҚР ӘҒА, ГҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры. Ғылыми жолын 1972 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың жалпы тарих кафедрасында оқытушы болып бастаған. Содан бері ғалым өзінің туған университетінің қабырғасында ассистенттен профессорға, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және академикке дейінгі кәсіби өсуінің барлық сатыларынан өтті. 1997 жылы Қалқаман Тұрсынұлы «Ежелгі герман қоғамы халықтарының ұлы қоныс аударуына дейінгі дамуының негізгі мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Бұл оның ерте орта ғасырлар тарихы бойынша көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі болды. Профессор Қ.Т.Жұмағұлов Қазақстанда Халықаралық DААD грантының (Германия) жалғыз алты мәрте иегері: 1995, 1997, 1999, 2003, 2007, 2011 жж. Профессор Қалқаман Жұмағұлов – тұңғыш қазақ тарихшы-медиевист, 500-ге тарта еңбектердің авторы. Оның жетекшілік етуімен 16 кандидаттық диссертация, 8 докторлық диссертация (PhD), сондай-ақ көптеген магистрлік диссертациялар қорғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872777
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ASTRAZENECA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ASTRAZENECA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы AstraZeneca компаниясының директоры Мария Шипулевамен және директордың орынбасары Жалғас Данияровпен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздегі жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытуға бағытталған министрлік пен компания арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Ведомство басшысы Саясат Нұрбек министрлік Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Негізгі жобалардың бірі Орталық Азияда ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру екеніне тоқталды. «Бұл хабтың мақсаты – 2 миллиардқа жуық халқы бар өңірлерден жастарды тарту. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты құру маңызды, бұл ғылыми кадрларды тікелей өндірістік кәсіпорындарда дайындауға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – ғылыми ұйымдардың дамуына және ел үшін пайдалы инновацияларды құруға көмектесу», - деп атап өтті министр. AstraZeneca директоры Мария Шипулева компанияның Қазақстандағы денсаулық сақтау және ғылым жүйесін дамытуға көп жылдан бері қатысып келе жатқаны жайлы айтып берді. «AstraZeneca – 100 жылдан астам тарихы бар халықаралық биофармацевтикалық компания. Біз онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, аутоиммундық, тыныс алу, сирек кездесетін және басқа да ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттарды әзірлейміз. Біздің компания ғылым мен зерттеулерге инвестиция салатын үздік 5 фармацевтикалық компанияның қатарына кіреді», - деді ол. Компания диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізе отырып, өндірісті локализациялауға және адам ресурстарын дамытуға белсенді инвестиция салуда. Шипулеваның айтуынша, Орталық Азия елдерінің ішінде компанияның Қазақстанда орналасуы – компания үшін маңызды және бүгінде еліміздің 19 қаласында 220-дан астам AstraZeneca мамандары жұмыс істейді. Талқылаудың негізгі бағыттары өндірісті оқшаулау, ғылыми зерттеулер мен клиникалық сынақтарға инвестициялар, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық болды. Саясат Нұрбек сонымен қатар жасанды интеллект негізінде озық медициналық технологияларды енгізуді қоса алғанда, биотехнология, инженерия және медицина салаларында жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші шетелдік университеттердің филиалдары туралы айтып өтті. Кездесу барысында еліміздің жетекші білім беру мекемелерінде перспективалар ашатын компаниямен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, кадрларды оқыту ұсынылды. Жалғас Данияров министрлікпен ынтымақтастық болашақ мамандардың құзыретін арттыруға бағытталған білім беру, ғылыми жобаларды құруға және дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Кездесу соңында тараптар AstraZeneca мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық еліміздің денсаулық сақтау жүйесі мен ғылыми әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/873497